76
161-жаттығу. Оңашаланған мүшелердің
тыныс белгілерін қойып, оның
қойылу себептерін түсіндіріңіздер.
Шеткі үлкен ақ үйге Құдайменде болыстың үйіне ат басын туралап еңкілдеп
төніп қалды. (Ә.Н.) Жұмыртқадай ақ үйлердің ең үлкені Тәңірбергеннің үйіне
жұрт жиналып жатыр. (Ә.Н.) Артта қаусаған арба адыра қалды ал алдарында
күнбатыста қара жолдың үстін күлгін-күңгірт қараңғылық тұмшалап алған.
(Ш.А.) Баяғыда Базаралы жас шағында білетін Дәркембайдың інісі Көркембай
бар еді. (М.Ә.) Ел ішінде Абай айналасында осы ауылда жүрген аз ғана өнерпаз
жарыққұмар жастар болмаса Абайға қарсы арналған өштік араздық қызғаныш
қастық атаулы соншалық мол екенін Әбдірахман көп естіген. (М.Ә.) Долы
далада қатуланған суық жүзді өгей далада бұлар тағы да ұзақ жортты. (М.Ә.)
Қонақтарды түнде Сыздықтікіне жер үйге жатқызғанмен
тамақты бәйбіше өз
үйінде киіз үйде берді. (Д.И.) Келіссөз бейтарап алаңда қалалық демалыс
паркіндегі көлдің Арал ресторанында мейлінше
жылы шырайлы екі жақты
толық түсініскен жағдайда өтті. (Д.И.)
Оңашаланған айқындауыштың сызықшамен келуі
Оңашаланған айқындауыш ішінде
бірыңғай
мүше
келгенде,
екі
жағынан
сызықша қойылады
Оңашаланған айқындауыш айқындайтын сөзімен
септік, тәуелдік
жалғаулары жағынан қиыспай
тұрса,
араларына
сызықша
қойылады
да,
айқындауыштан кейін тыныс белгісі қойылмайды
Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де
–
бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана
да, тамашалай да қараған еді. (М.Ә.)
Жаңа жерге қонғанда жас төл – қозы,
лақ қандай
рахаттанады. (Ә.Н.)
Достарыңызбен бөлісу: