Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының



Pdf көрінісі
бет277/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының
этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы
Ойшыл адамдарда адамгершілік қасиеттердің төмендеуінің 
терең теологиялық негізін көрсетті және адамзат болашағын сақтап 
қалудың бірден-бір жолы дінге мойын ұсыну екенін табанды түрде 
дәлелдеді. Сондықтан да ол қазақтарды өле-өлгенше Аллаға сенуге, 
қасиетті өсиеттерді сақтауға шақырды. Әлемнің діни негізін түсіну 
Шортанбай үшін ақиқатты ұғыну негізі болды деген қорытынды 
жасауға болады.
Ақын өз уақытының өзекті мәселелерін қарастырып, оларға 
өзінің қатынасын көрсетті. Дулат ақын сияқты Шортанбай да уақыт-
тың өзгергенін, зұлымдық пен жалғандықтың, туыстар арасындағы 
жаулықтың көбейгенін, тексіздердің халықты басқаруы, атақты 
билердің үнсіз қалуы, жаңа басшылардың ешкімге тыныштық бер-
меуі патша шенеуніктерінің дала халқына үстемдік етуі сияқты мәсе-
лелерді қозғады. Ол өткеннің қайтып келмейтінін қайғыра көрсете 
отырып, ақыр заманның келе жатқанын айтты. Адамзат болашағын-
да үміт жоқ дейді. Шортанбай: 
«Заман ақыр белгісі – 
Бірге туған бауырың 
Тату да болып жүре алмас…» – дейді [2, 284 б.]. 
Зар заман ағымының басқа өкілдері сияқты Шортанбай да Қазақ 
елінің Россияға қосылуына қарсы болды. Ол бұл қосылудың негізін-
де Қазақ даласына көптеген өзгерістер енді, олар қазақ халқының 
ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын бұзып, мұсылмандықтың 
қасиетті қағидаларын қорлады деген қорытынды жасады. Мұсыл-
мандық теоорталықтық тұрғысынан қараған Шортанбай өз заманын-
дағы әлеуметтік кемістіктерді сынады. Мысалы, ол қазақ шонжар-
ларының старшина мен болыстыққа мал, пара беріп жетуін, мұндай 
қылықтар мұсылман дінінің талабына сай еместігін, бұның Аллаға 
деген адал сенім мен шариғат заңдарын анық бұзу екендігін ашып 
көрсетті. 
Ойшыл қазақтардың бай, кедей болып бөлінуін, әсіресе олардың 
бай, кедей болып жіктелуін қатты сынға алды. Ол мұндай жағдайды 
Құран талаптарына сай емес деп қарады. Байлардың кедейлерді 
езіп-жаншуы олардың өздеріне түбінде қайғы мен бақытсыздық 
әкелетініне шәк келтірмеді:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,
Қызметін бір күн қылмаса


282 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет