39
оқушының шапшаңдығын, аңғарымпаздығын тануға болады. Сонымен қатар, бұл
әдіс сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын орнатуға да мүмкіндік береді.
Оқушылар өз сұрағының жауабын естуге тырысады және өзіндегі жауаптың
сұрағын тыңдауы тиіс. Осы жерде сынып оқушыларының арасында сыйластық
қалыптасып,бір- бірінің сөзін тыңдауға бейімделе бастайды.
Кез келген сабақ өз мақсатына толық жету үшін
оған белгілі бір әдіс-
тәсілдерді таңдап, саралап қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сол себепті
сабақтарымда мен курс барысында игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану
арқылы, оқушыларымның өз бетімен білім алуға дағдыландыра отырып,
шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру
үшін, 7 модульді өз сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді
пайдалана бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып
оқушыларының бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін
табуға мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында
қолданған бірнеше
әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой бөліспекпін.
«Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модуліндегі «Ойлар бұлты» әдісінің
жаңа тақырыпты бекіту , үй тапсырмасын сұрау мақсатында тиімді екендігіне көз
жеткіздім. Себебі, біріншіден, жадыны дамытады. Оқушы жаңа тақырып
бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді
жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол
сөздің жаңа
тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді.Екіншіден, бұл әдіс
оқушының өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді. Егер оқушы бір сабақта
тақырыпты меңгермеген болып, басқа сөз жазса, келесі сабақта ол
сыныптастарынан қалмай, түйінді сөз жазарда ойланып жазады.
Сол сөздің
мағынасын өзі айтып түсіндіретін болған соң, оқушы ойланып жазады,
жауапкершілігі артады.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың
оқуы үшін жағдай жасаймын» — деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бұл
бағдарламаның басты мақсаты — сабақты жаңа әдіс — тәсілдерді қолдана
отырып, дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу.Ал
оқушылардың сыни ойлауын
дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін , сөйлеу, жазу
дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету»
модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын тұрғысынан ойлау деген
тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың мәселені шешу үдерісінде
шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе
«теріске шығаруды» білдірмейді. « Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану
» деп сипатталады. Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен
өткізуді қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ
қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай
дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол өзіне- өзі сыни
көзқараспен қарайды деген сөз.
«Ұстаздың биігі
ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей
береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» — деп Сократ
айтқандай бәрі өз қолымызда.Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы
40
білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және
оқушының жекелей дамуы,
жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және
қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру.
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие үрдісінің
сапасын жоғарлатуды көздейді.Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның
тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру
мұғалімнің басты міңдеті.
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында
өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің
алғашқы баспалдағымен
танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып
жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамыта отырып
оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: