Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования


Биология сабағында жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді



Pdf көрінісі
бет16/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Биология сабағында жаңартылған білім бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді 
пайдалану 
 
Татикова Галия Мырзабаевна
Химия-биология пәндері оқытушысы 
 
С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі, Ақтау қаласы, 
Маңғыстау облысы 
 
СЕКЦИЯ: Жаратылыстану-математикалық бағыт 
 
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру 
бағдарламасы 
- заман 
талабына 
сай, 
келешек 
ұрпақтың 
сұранысын 
қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында 
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу 
міндеті тұр.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын 
алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. 
«Ұрпағы білімді халықтың,болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа 
сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты 
талабы. 
Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі.Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – 
тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің 
шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім. 
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары 
оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны 
талдай және бағамдай білуді талап етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды 
әдістемелік тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу 
барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды, жүйелеуші және 
жинақтаушы кестелерді пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін 
арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай жасайды.Биологияны оқыту 
үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу материалының мазмұнын және шешілуге тиісті 
нақты оқу-тәрбие міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен 
жабдықталуын, 
үлестірмелі 
материалдың 
болуын, 
оқушылардың 
жас 
ерекшеліктерін, олардың дайындық деңгейін ескеру қажет.Оқу оқушылардың 
ойлауын дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау, жинақтау, 
салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше белгілерін анықтау, 
жалпылау, қорытындылар жасай білуді қалыптастыру қажет. 
Мысалы, мен өз сабағымда «Құрылысшы ойыны»,«Қораптағы сұрақ», 
«Серпілген сауал», « Температура өлшеу», «SVOT», «Сұраққа жылдам жауап», 
«Мұғалімге хат жазу», « Эссе жазу», «Сұхбат алу», «Қалың және жұқа сұрақтар», 
«Логикалық тізбекті ажырату», «Шырша немесе фишбоун», «Стикердегі диалог» 
әдіс-тәсілдерін 
қолдану 
барысында 
оқушылардың 
сабаққа 
деген 
қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды 
молынан қолдануға тырысамын. Яғни, қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі 
ұтымды пайдалану тиімді. Ал осы әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді 
пайдалану үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек.Өйткені 
сабақтағы ең маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс 


38 
қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс- әрекетке 
жетелейді. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін маңызды сабақ 
мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет