Bіlіm berý qyzmetkerlerіne arnalǵan respýblıkalyq saıt Республиканский сайт для работников образования


Жаңартылған бағдарлама шеңберінде технология және көркем еңбек



Pdf көрінісі
бет58/67
Дата10.12.2022
өлшемі2,09 Mb.
#56377
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67
Байланысты:
сборник-материалов-НПК-qazan.info

Жаңартылған бағдарлама шеңберінде технология және көркем еңбек 
сабағында білім беру 
 
Мурзалин Ермек Мажкенович 
 
Көркем еңбек пәні мұғалімі 
 
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»,
Қостанай облысы 
 
СЕКЦИЯ: Өнер және техника 
 
Тұнғыш президенттіміз, Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік 
деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның 
әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- 
білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі 
оқушының болашағына жол ашады. 
Болашақ Қазақ мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Қазақ 
балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, 
жерін 
қастерлей 
білуге 
тәрбиеленіп 
өсуі 
қажет. 
Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс мазмұны 
едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан сабақтарды 
жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Қалай да оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын, ынтасын ояту керек. 
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақ - оқу үрдісіндегі
шешуші буын, күрделі еңбекті ізденуді талап ететін іс, сан алуан қызмет 


109 
атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі.
Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқу - оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп 
өтсе, сабақтың мазмұнын аша түседі. «Қызығу - әр қырынан алып қарауға 
болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-
әрекетіне қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар 
М. Беляев, Н. Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің 
жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан адамның қызығуы бір 
іспен шүғылданғанда, әр түрлі әрекеттерде көрініс табады. 
Ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ 
керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. 
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені оларсыз біліп 
болмайды» дейді. Бізге надандықтан құтылу қажет. Тәуелсіздік жылдарында мем-
лекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас 
бір буыны қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске 
берік – талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің 
еліміздің болашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!
Еңбек ер атандырады, Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Еңбек 
етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. Еңбек сөзі қасиетті сөз. 
Адамзаттың Ұлы жаратылыстан дәл бүгінге дейінгі кәсібі еңбек болып
келеді. Демек, адамды адам еткен – еңбек. 
Еңбек - адамның тұрмыс-тіршілігінің және дамуының тірегі. 
Қазақтың ойшылы, ақын Абай Құнанбаев «Егер мал керек болса, қолөнер 
үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» 
Орыс жазушысы Лев Толстой «Еңбектен басқа еш нәрсе адамның 
мерейін асырмайды» деп жазды. 
Бүгінгі мектептегі «Технология.Көркем еңбек» пәндерінің түп нұсқасы 
«Еңбек» 
сабағы «Еңбекке баулу» сабағы еді. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек 
құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда 
ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы 
технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған 
заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде . 
«Технология» сөзі - гректің «techne» (өнер, шеберлік, ептілік ) және 
«logos» (сөз оқу ғылым) сөздерінен шыққан. Демек, технология ғылымы –
шеберлік ғылым. Қазіргі таңда технология дегенде адамға қоғамға қажетті 
бұйымдарды жасаудың әдістері деген мағынаны түсіндіреді. Ұялы байланыс, 
ғаламтор, компютерлер бастысы осы. Технология түсінігі «Дизайн» түсінігімен 
тығыз байланысты. Ағылшын тілінен аударғанда «сызба, жоспар» деген 
мағыналарды береді. Ал, қазіргі «Көркем еңбек» пәнінде бейнелеу өнері мен 
сызбаларды жоспарды біріктіре отырып, заттың немесе бұйымның жасалуын 
үйрету болып табылады. 
Дизайн - бізді қоршаған ортадағы тартылымдылық қасиеттерді әдемілеу, 
көркемдеу болып табылады. Дизайннның графикалық дизайн, өндірістік 
дизайн, киім дизайны сияқты көптеген түрлері бар. «Технология.Көркем еңбек» 


110 
ғылымының бүгінгі таңдағы балаға берері технологиялық бұйымдарды жасау 
және өндіру кезіндегі ерекшелігі. Өндіру кезінде еңбек, қаражат, материал, 
уақыт шығындары аз және еш қиындықсыз көп данада өндіру мүмкін 
болатын бұйымдар технологиялық болып есептелетіндігін үйретеді. 
Сонымен қатар сенімділік - бұл барлық сапа талаптарына сай болуы. 
Үнемділік –өндіру шығынының төмен болуы 
Қолайлылығы –бұйымның жеңіл икемді болуы. 
Тартымдылығы- сыртқа көрінісінің ерекшелігі сияқты талаптарын 
үйретеді. 
«Көркем еңбек.Технология» сабақтары балалардың шығармашылық 
жігерін ашуға шеберлік деңгейінің шыңдалуына, әр жұмыста жетістікке жету 
жолын үйренумен қатар жасауға болады екен ғой деп толықтырады. 
Бұл сабақтардан шығармашылық жұмысқа кірісе отырып, бұрын қасиетсіз 
тастанды нәрселерден әдемілік пен әсемдікті сезінеді және өзі жасап көруге 
талпынады.Балалар оқу мен тәжірибені ұштастыра отырып, өз ойларын қорыта 
дамыта түседі.Балалар кез келген бұйымды жасаудан бұрын,оның құрылымы 
туралы техникалық жоба үлгісімен танысады. Бұндай құжатқа бұйымның 
сызбалары мен оның технологиялық картасы жатады. 
Сызба 
бұйымды 
жасауға 
бақылауға 
қажетті 
мәліметтерден 
(өлшемдері,пішіні) тұратын оның сызу құралдарымен орындалған бейнелері 
сызбаларды дұрыс оқу үшін нәрселерді жазықтыққа бейнелеудің ережелерін 
және сызбаларды білулері қажет.Сәндік қолданбалы (пирография өнерімен 
танысу).Пирография ағашты сәндеп-әрлеудің бір түрі.Сурет ағаш бетіне 
қыздырылған иненің көмегімен түсіріледі. Пирографиямен қобдишалар,ыдыс –
аяқ ,киім ілгіштер панно, қаріптер, суреттер сәндеп қол өнер туындыларын 
сәндейді. Бұл өнердің тарихы жүздеген жылдардан бастап күні бүгінгі күнге 
дейін өз құнын жоғалтқан жоқ. Пирография грекше отпен сурет салу дегенді 
білдіреді. Қазірде бұл өнер күйдіруге арналған гравирлеу күйдіруге арналған 
аппараттар қолданылады. 
Сондай-ақ ағаштың түрлі қасиеттерін тани отырып,қандай ағаштан 
қандай бұйым жасауға болатытына көз жетеді. Қазіргі таңда ағаш өндеу 
жұмыстары күрделі механикалық құрал көмегімен іске асырылады. Бұл ағашты 
өңдеу уақытын азайтып, еңбек өнімділігі мен бұйым сапасын арттырады. 
Шетелдік үлгіде жасалған ағаш өңдейтін мехникалық өңдеу құралдарының 
жұмыс әрекетіне қызығада таңдана да қарайсың. Бұл мехникалық құралдардан 
тез арадада шыққан өнімге балалар қызыға отырып, олардың шығармашылық 
ізденісін арттырады. Сабақ барысында балалар теориялық тұрғыда ағаштың 
физикалық 
қасиеттеерін 
(түрі,түсі,жылтыру, 
ылғалдылық,текстурасымен) 
танысып жатады. Ағаштың механикалық қасиеті оның қаттылығы,беріктігі, 
сыртқы күштерге мықтылығы жатады. Сондай-ақ шебер әрбір бұйым жасауда 
ағаштың физикалық, механикалық қасеиеттерін ескеру қажет. Әлемдегі ең 
қатты ағаш «Квебрахо» деп аталатын мәңгілік жасыл ағаш. Бұл ағаштың қазақша 
атауы «Балта қирайды» деген түсініктеме береді. Технология сабағы барысында 
әлемдегі қызықты мәліметтерді де біле отырады. Сабақтың ерекшелігі баланы 


111 
еңбек етуге, өмірдің ащы-тұщысына төтеп беруге , шеберлікке үйретеді, 
шыңдайды. 
Өмірге еңбекке қажетті материалдардың (ағаш,металл,полиметалл,тер т.сс) 
қадір-қасиетін танып біледі. Сабақ барысында балаларға сауал тастай отырып, 
балалар өзіміз тұрған үйіміздің ағаш металсыз көз алдымызға елестетіп 
көрейікші? Сонда балалар ағай фундаменті мен кірпіші ғана екен ғой деп таң 
қалып жатады. 
Елбасы жолдауында көрсетілген он бағыт бүгінгі күннің талабы: 
еліміздің әлеуметтік ,экономикалық өрлеуіне дамуына жаңа серпін беретін басты 
мәселелердің бірі-білім саласы бойынша мектептердегі кәсіби бағдар беру 
пәндерінің санын арттыру. (Агротехника. Ауылшаруашылығы. Машиналар 
технологиясы. Жер өңдеу. 
Құрылыс саласы мамандықтары т.с.с.).Мектепте осы салалар бойынша пән 
мұғалімдердің біліктілігін арттыратын қысқа мерзімді оқулар бойынша білімін 
жетілдіріп,шәкірт дайындауға даярлау қажет. 
Жамбыл Жабаев бабамыздың: 
Өнер,білім бар жұрттар, 
Тастан сарай салғызды. 
Айшылық алыс жерлерден. 
Жылдам хабар алғызды – деген, өткен ғасырларда жазған өлеңі
Еңбексіз өскен бала, ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер 
айтпаса
керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет