Квалиметрия


Өнімнің сапасын басқару жүйесінің негізгі регламенттері -



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата10.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#56379
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
treatise8149 (2)

Өнімнің сапасын басқару жүйесінің негізгі регламенттері - 
стандарттау мен сертификаттау 
Стандарттау - ол нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің 
шығарылуына қойылатын талаптар, əдістемелер, құрылымдығы сияқты 
қызметтердің түрлері. 
Стандартаудың басты мақсаты - халық шаруашылығына қажетті өнімдер, 
жасалымдар, мемлекеттік қауіпсіздік, экспорт қажетіне дайындалатын өнімге 
(жұмысқа) тиісті прогресті талаптарын анықтайтын нормативті-техникалық 
құжаттарды құру, басқару. Сонымен қатар, осы бағытта құжаттардың дұрыс 
пайдаланылуы, орындалуы кіреді. 
Əрекет етуші стандарттау жүйесі мынадай өзекті мəселелерден тұрады 
жəне оларды қолдайды: 
• бірегей техникалық тіл; 
• өнімнің 
негізгі 
техникалық 
сипаттамаларының 
қатарларын 
белгілеу(рұқсаттау); 
• жалпы машина жасау жасалымдарын қолдану конструкцияларының 
түрлері(бекіту, кесетін инструменттер); 
• технико-экономикалық ақпараттар классификаторының жүйесі; 
• заттар мен материалдардың қасиеттері туралы анықтамалық мəндердің 
дұрыстығы. 
Сапаны басқару моделінің құрылымын үш құжаттық деңгейге бөлуге 
болады. Олар: 
1. Сапаны басқару
2. Сапаны басқару процедуралары; 
3. Сапа бойынша жұмыс құжаттары. 
Бір-бірімен байланысқан сапа жүйесінің компоненттеріне: Сапа жөніндегі 
басқарма, Жұмыс ережелері жəне сапа бойынша есеп беру. Яғни, сапа 
жөніндегі басқармада жұмыс ережелеріне сілтеме болу керек, ал олар Сапа 
жөніндегі құжаттарға негізделеді. 
Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары: 
• Ішкі жəне сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру; 
• Бизнес – үрдістерді оңтайландыру; 
• Түзету мен сақтандыру ісінің нəтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклы 
бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды болғызбау мүмкіндігі; 
• Міндеттерді қызметкерлер арасында үлестіру мен олардың тиімді əрекет етуі; 
• Кəсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу; 
• Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату; 


23
• Өндіріс мəдениетін жетілдіру; 
• Кəсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру; 
• Ақпараттық жүйені жетілдіру; 
• Кəсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінің бағдары; 
• Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою; 
• Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендерлерге 
қатыстырылу мүмкіндігі; 
• Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау; 
• Мекеменің несиеге қабілеттілігі; 
• Еуропа қауымдастығы талаптарын сақтау; 
• Тұтынушы түсініспеушілігі туындаған жағдайда өтемақы төлеу сияқты 
негізсіз шағым мен талаптардан сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет