Құрастыру үдерісі кезінде буаттарды
механикалық өңдеуге рұқсат
етілмейді, ал құрастыру дәлдігі оймакілтекті параметрлер бойынша
түйісетін бөлшектерді іріктеумен қамтамасыз етіледі. Тартылысы
бар түйісетін
бөлшектерді қондыру кезінде, күпшегі бар бөлшекті
353...393 К температураға дейін қыздыруға болады, кейін тірелгенше
білікті кигізу қажет. Бөлшектердің
өзара қалпының дәлдігін,
жиналған қосылысты толық салқындатқаннан соң тексерген жөн .
Саңылауы
бар
түйісетін
бөлшектерді
қондыру
кезінде,
оймакілтектердің жанасу тығыздығын «бояуға» тексереді. Жиналған
бөлшектердің өзара жағдайын, 3.21, а суретінде көрсетілген білікте 5
күпшегі бар 3 бөлшектерді бекіткеннен соң тексереді.
5 білікті
1
центрлерде орнатады. Білікті бір айналымға бірқалыпты бұру кезінде
4 индикаторлық аспап түйісім
соққысының шамасын, ал 2
индикаторлық аспап радиалды соққы шамасын көрсетеді.
Оймакілтекті қосылыстағы бүйір саңылаудың шамасын
3.27, б
суретінде көрсетілген сызба бойынша тексереді. 5
білікті
бұрылыстан тоқтатады және индикаторды 6 нөл қалпына өлшеу
ұштығын 3 бөлшектің қандай бір элементіне тіреу арқылы теңшейді.
Бөлшекті 3 солға және оңға
тербелтумен өлшеу ұштығы
қондырғысының радиусын ескерумен 6 индикаторлық аспабы
бойынша оймакілтекті қосылыстағы бүйір
саңылаудың көлемін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: