ОН БЕСІНШІ ТАРАУДА
Менің Жантасты құйрыққа бір
тебуімнің жай-жапсары айтылады.
Бүгін сентябрьдің бірі. Парадтағы солдаттай жаңа формамды қатып
киініп, мектепке келе жатырмын. Қолымда су жаңа сары портфель,
мойнымда желбіреген қызыл галстук. Кепкамның қалай тұрғаны тәуір болар
екен деп, әлгінде айна алдында бірталай машақат шегіп, ақыры, оң жақ
шекеме таман сырғытып киіп едім. Соны байқамаққа кӛлеңкеме кӛз
қиығымды салып қоям. Кӛлеңкем ұп-ұзын болып созыла түсіп, қалмай келе
жатыр. Оның бір аяғы екінші аяғынан қысқа. Кепкамның сиқы да пәлендей
әсерлі емес, тӛбесі қодырайып шығып кеткен. Әне, алдымда Жанар үйі
кӛрінді. Жүрегім лүпілдеп бұлқына соғып кеткендей болды. Жанар мектепке
кетті ме екен, кетпеді ме екен? Бұл үйдің алдынан үкімет басшылары тұрған
трибунаның қасынан ӛткендей кеудемді кере түсіп, сіресіп ӛтіп барам.
Қайдан білейін, мүмкін, терезеден Жанар қарап тұрған шығар. Жоқ, кӛз
қиығымды тастап байқаймын, Жанардың қарасы кӛрінбейді.
Алдымдағы кӛлденең кӛшеден папка қолтықтаған ақ кӛйлекті бір қыз
шыға келді. Майқанова. Ойламаған жердей кездескен соң, абдырап қалдым.
Күзге дейін кім бар,
Кім жоқ деп, елемей кететін оқу жылының аяғы емес. Басымдағы
кепкамды жұлып алып, амандастым:
- Сәлеметсіз бе, тәтей.
- Қалай, Қадыров, жақсы демалдың ба? — деп сұрады Майқанова.
Ішім қып ете қалды. Қазір ол Сұлтан екеуіміздің жайлаудағы масқара
қылықтарымыз жайлы айтатын шығар.
- Жаман емес, — деп күмілжідім.
- Сен жаздай қайда болдың?
- Жайлауда болдым.
- Бәсе, жайлаудан келгенің кӛрініп-ақ тұр. Күнге жақсы күйіпсің. —
Майқанова күле сӛйлеп: — Нағыз Қара Қожа енді болыпсың, — деді.
«Уһ» деп демімді қайта шығарғандай болдым. Майқанова ештеңе
сезбейтін тәрізді.
Мен онымен қатарласып келе жатып, ӛзімнің мықтап ӛсіп кеткенімді
байқадым. Бойым Майқанованың бойымен деңгейлесіп қалыпты. Әлде
Майқанова аласарып кетті ме? Жоқ, мүмкін емес. Қайта оның қазіргі киіп
келе жатқаны биік ӛкше туфли. Жіңішке қисық аяқтары маймаң-маймаң етіп,
кӛйлегінің етегі сирағына оралғыштап келеді.
Мектепке кірдім. Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп
маған туған анамдай ыстық та бауырмал. Жаңадан сырланған мұнтаздай
еден, терезе жадырап күліп тұрған тәрізді. Мынау біздің класс, әлі ешкім
келе қоймаған түрі бар. Орынды қай жерден алсам екен деп, біраз ойланып
44
Sauap.org
тұрдым. Мұғалімнің қарсы алдына отырсам, қалай болады? Жоқ, одан да ең
арты тиімді. Сабақ зеріктіріп жібергенде, партаны ашып қойып, кітап оқып
отыруыңа немесе ӛлең жазуыңа болады. Бірақ әдетте, артқы парталарға
сабақты нашар үлгеретін балалар әуес келеді. Ӛзіне сенімі күштілер
қасқайып алда отырады. Немене, мен солардан кеммін бе? Ең алға,
мұғаліммен бетпе-бет отырайын деген шешімге келдім.
Менің ендігі күткенім Жантастың (тфу, бұл оңбағанның аты аузыма
қалай түсіп кетті), Жанардың келуі. Қасымдағы орынды отан ұсынбақпын.
Сосын жыл бойы Жанар екеуіміз қатар отырамыз. Балалар біртін-біртін келіп
кіріп жатыр. Жанар жоқ. Есік алдынан қыздардың үні естілсе, сол шығар деп
ойлап қалам. Бірақ ол болмайды.
Бір кезде Жантас. оңбаған кіріп келді. Оның үстінде де жаңа форма,
кӛрдіңдер ме дегендей аяғын ширатыла басады. Жантас қолын кӛтеріп:
- Сәлем еңбек еріне! — деді. «Қазақстан пионеріне» суретім басылғалы
бері ол мені ӛстіп тәлкек етуді шығарған. — Қасың бос па, Қара Кӛже?
Кекесін дауыспен:
- Саған сақтап отырмын, — дедім.
- Қамқорлығыңа рақмет! — деп Жантасым елпеңдеп келеді. Партаның
шетіне қарай сырғып, тосқауылдай қалдым:
- Бос емес.
- Кім бар мұнда?
- Түсінемісің қазақша айтқанды? Бос емес.
- Жанарға сақтап отырмысың?
Ал енді, қымбатты оқушым, кінәласаң, кінәла, кінәламасаң, ӛзің біл, мен
ӛзімді бұдан әрі ұстай алмадым. Жантастың шақпа тілі бір ғана сәттің ішінде
мені үш рет түйреп үлгерді. «Еңбек ері» деп бір кӛкітті. Оның артынша
«Қара Кӛже» деп атымды тәлкек етті. Жанарды және сӛзге қыстырып отыр.
Зығырданым қайнап кеткені соншалық, орнымнан ұшып түрегелдім де,
Жантасты иығынан ұстап, жалт бұрып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім.
Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей
істесе, әлім келсін-келмесін, сол арада қолында ӛлем. Сондай бір
ашынғандық Жантастан да шығар деп ойлап едім. Мен онда бәлемнің түте-
түтесін шығарып, жеп жіберуім хақ еді. Бірақ Жантас ӛйтпеді, сазарып
үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны:
- Мен ойнап айтсам... — дейді. Байғұстың дауысы да біртүрлі
бейшараланып шықты. Қайрат, қарсылықтан жұрдай еді.
Осы кезде класқа Жанар кіріп келді. Басында маған ғажап ұнайтын
қызыл береткасы. Менің онымен мынадай әбігер халде тұрып амандасуға да
мұршам келмеді. Жанар орта шендегі басқа бір партаға отырғалы жатыр.
Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күлпарша болды.
45
Sauap.org
Достарыңызбен бөлісу: |