Бердібек соқПАҚбаев



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата19.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#58165
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Berdibek Sokpakbaev Menin atym Kozha

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУДА 
Педсовет жайлы сөз болады. 
Жұмыр жер күндегі дағдысы бойынша тынбастан зырлап, кіндігін және 
бір айналып шықты. Тарих тағы бір тәулікке ұзарды. Осы бір тәуліктің, яғни 
жиырма тӛрт сағаттың ішінде мынау ығы-жығы күнәһар дүниеде кімнің 
басынан не кешіп үлгермеді дейсің. Қанша адам ӛмірге жаңадан келіп 
қосылды, қанша адам оларға орын босатып, о дүниедегі мәңгілік мекендеріне 
сапар шекті. Осы бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың 
оты маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін қайғының 
қара суығында бүрсеңдетпеді. Осы соңғы топқа мен де қосыламын. 
Мен ӛзімнің он үш жыл ӛмірімнің ішіндегі ең бір қатыгез күнді бастан 
кештім. 
Тыста қараңғы, ауыл үсті тыныштық. Ақымақ иттер ғана әр жерден әуп-
әуп үріп басылады. Кӛшенің басынан бір ит шәу ете қалса, соңынан оған 
басқа бір ит үн қосады. Сонан соң үшінші, тӛртінші иттер әупілдесіп, «о не, 
не боп қалды» дегендей ауылдың бүкіл иті улап-шулап кететін сәт те болады. 
Оның ішінде айбарынан да айғайы кӛп, шіңкілдек күшік үндері, маң 
тӛбеттердің қарлыққан қалың дауыстары, қаншық иттердің құлақ кесетін 
ащы шаңқылдаулары — бәрі аралас. О, иттер. Қалың иттер. Мұншама кӛп 
боларсыңдар ма. Түрлі-түрлі боларсыңдар ма. Бей-берекет үргенді, тақымнан 
үндемей келіп ала түскенді қашан қояр екенсіңдер. 
Мамам екеуіміз мектепке педсоветке келе жатырмыз. Күздің салқын 
кеші тоңазыта ма, жоқ әлде үрейленуден бе, іші-бауырым қалтырап келеді. 
Мектептің алдында біреу шылым шегіп тұр. Мен оны кӛкшіл аспан 
айнасындағы келбетінен анадайдан таныдым — Ахметов. Галифе шалбар 
киген, жіңішке аяқтары сидиып, шашы қақ жарыла желбіреп, қаздиып тұр. 
«Сізді күтіп отырмыз», — деп, мамамды қолтықтап дереу ішке әкетті. Маған: 
«Ӛзіміз шақырамыз, осы арада күте тұр», — деді. 
Саябанға кӛтерілдім де, сол арадағы тақтай орындықта тосып отырдым. 
Осы кезде үй пұшпағынан біреудің келе жатқан тысыры естілді. Тырп-
тырп басқан аяқ дыбысына тық-тық қадалған таяқ үні қабаттасады. Кӛп 
ұзамай аяқпен таяқтың қожасы да кӛрінді. Мектеп күзетшісі Сәйбек қарт. 
Сәйбек кілт тоқтай қалып, шекарадағы сақшыдай қатал үн қатты: 
- Бұл кім? 
- Мен ғой, ата. 
- Менің кім? 
- Мен, Қожамын. 
- Мұнда неғып отырсың? 
- Педсоветке келдім. 
- Онда сенің не шаруаң бар? 
- Мен жӛнінде мәселе қарап жатыр. 


66 
Sauap.org
- Мәселе? Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме? 
- Директор етеміз дейді. 
- Онда тіптен жақсы. Жалақың кӛп болады. — Сәйбек менің қасыма 
келіп отырды. — Әй, Қожа. Сенің әкең марқұм азамат еді ғой. Оған тартсаң, 
директор түгіл, одан үлкені боласың. Бірақ оған тарпағансың. 
Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиын емес, 
теңге емес, бақандай бір қарасы жүр. Қалай дейсің ғой. Міне, былай: алғаш 
колхоздасқан жылдың күзінде мен, — оның келіскен бір жорға күрең аты бар 
еді, — ол кезде жұрттың кӛбі қара жаяу, — соны диірменге мініп барып, 
сазға батырып, ӛлтіріп қойдым. Суып, қаңсып тұрған атты суармай, отқа 
қоям деп, ӛзімнен болды. Аяғы шідерлеулі еді. Су ішем деп барып, оппаға 
түсіп кетіпті. Ертесінде қарасам, суға сүңгіген үйректей арт жағы ғана 
кӛрініп, тоңқайып жатыр. Он шақты жігіт жабылып, арқан сап әрең суырып 
алдық. Міне, басқа біреу болса, соны қыңқ еткізбестен тӛлетіп алар еді ғой. 
Ал Қадыр марқұмның кеңпейілдігі соншалық: «Сіз қас қып ӛлтірген жоқсыз 
ғой, ажалы солай тура келген шығар», — деп, үнсіз қоя салды. Міне, әкең 
осындай парасатты, ақылды жігіт еді. — Сәйбек осыны айтты да, сәл 
ойланып барып: — Ал сен... сен ғана емес-ау, қазіргі осы оқып жүрген 
балалар, кӛбің ақымақсың, — деді. — Неге дейсің ғой. Ақымақ емей, немене, 
тәртіпті жүр, оқуыңды жақсы оқы, адам бол десе, сендер соның бәрін 
керісінше істейсіңдер. 
Осы кезде іштен Оспанов шығып: 
- Қадыров, қайдасың? — деп дауыстады. 
- Бар, әне, шақырып жатыр. Әй, сотанағым... 
Директор кабинетіне осы мектепте бір оқушы ең кӛп бас сұқса, сол мен 
болармын деймін. Майқанова талай сүйреп әкеп, ендігәрі қой аузынан шӛп 
алмай жүруге талай рет уәдемді берген үйреншікті орын ғой. Бірақ бұл жолы 
мен мұнда шын мәнінде күйзеліп, тебіреніп кірдім де, босағадағы суық 
голдан пешіне сүйеніп тұрып қалдым. Тӛрде сарғыш шашы қақ айырыла 
желбіреп Ахметов отыр. Түсі ӛрт сӛндіргендей, қасының арасындағы 
қатарынан тіке тартылып түскен екі сызық әдеттегіден терең де қалың. 
- Берірек кел, — деді ол қолындағы автоқаламымен бӛлменің ортасын 
нұсқап. 
Алдымда қақпан құрулы тұрғандай жыбырлап бір-екі аттадым. Екі жақ 
қабырғада тізіліп отырған мұғалімдердің барлық кӛзі жан-жағымнан 
найзадай түйреп, қадалып барады. Әсіресе, оң жақта, директорға таман 
отырған Майқанованың сұсы қатал да сұрапыл кӛрініп кетті. 
- Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе? — деді 
Ахметов. 
- Білемін, — дедім. 
- Не үшін шақырып отырмыз? 
- Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар. 
Екі-үш жерден мырс етіп күлген үндер естілді. 


67 
Sauap.org
- Сені мектеп ӛмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме? — 
деп сұрады Ахметов. 
- Жоқ, оқығым келеді. 
- Ендеше, неге қоймайсың тәртіпсіздікті! 
Ахметов «неге» деген сӛзді бар дауысымен шегелей айтып, столды 
үлкен ауыр алақанымен сарт ұрып, ұшып түрегелгенде, мен ғана емес, бүкіл 
отырғандар түгел селк ете қалды. 
- Қоямын енді... кешіріңіздер... 
- Бұл нешінші... Жүзінші рет уәде беруің бе? — деп киіп кетті 
Майқанова. 
- Бұдан былай ешқашанда тәртіп бұзбаймын... 
Менің қазіргі талқыға салып отырған тәртіпсіздік қылықтарымның қай-
қайсының да себебі бар еді. Қазды атқан мен емеспін, Сұлтан. Ал бақаны мен 
сумкаға Майқанова талып жығылып қалсын деп, оның соншалық шошымал 
адам екенін біліп салған жоқпын. Тіпті, бұның ақыры не болады деп ойлап та 
жатпадым, салғым келді — салдым. Осындай бір ақымақтық кейде ақылға 
мұрша бермей, дедектетіп әкететіні бар. Істеп алып, соңынан бармағыңды 
тістейсің. 
Осының бәрі осылай бола тұрса да, мен ӛзімді ақтап бір ауыз сӛз 
айтпадым. Ақталудың тіпті қисыны бар ма? Бәрін мойындадым. Бар 
айтқаным: 
- Кешіріңіздер. Соңғы рет тағы бір кешірім жасап, сынап кӛріңіздер. 
Бұдан былай қарай тәртіпсіздік істейтін болсам, қандай жаза қолдансаңыздар 
да ризамын! 
- Жоқ, Қадыров түзелмейді. Ол уәдесін бізге талай берген. Қадыровты 
оқудан шығару керек, — деді Майқанова. 
* * * 
Маңдайдан буым бұрқырап есік алдына шықтым. Сәйбек кӛрінбейді. 
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. «Не деп шешер екен? 
Мектептен шынымен-ақ шығара ма? Онда не істеймін?». 
Қайта барып, есіктегі кілттің орнына құлағымды тосып, мұғалімдердің 
не айтып жатқанын тыңдағым келеді. Әрине, Майқанова мені құрту, оқудан 
шығару жағында болар. Ал басқа мұғалімдер не айтады? Анфиса 
Михайловна, Оспанов, Дәуірбаев... бұлар мені жақсы кӛретін мұғалімдер 
емес пе? Ахметовтің ӛзі де осыдан он шақты күн бұрын ғана аудандық оқу 
бӛлімінен келген инспекторға мені: «Мынау біздің мектептің ақыны, 
болашақ Сәбит Мұқановымыз», — деп дәріптемеді ме? Сӛйте тұрып, мені 
оқудан қалайша шығарады? 
Есікке барып тыңдағаным жарамас, мұғалімдердің біреуі шыға келуі 
мүмкін ғой деген оймен, үйді айналып, педсовет ӛтіп жатқан бӛлменің 
терезесіне келдім. Үйдің бұл ойпаң тұсы, фундамент биік. Терезеге бойым 


68 
Sauap.org
түгіл, ұсынсам, қолым әзер жетеді. Форточка ғана ашық тұр, не сӛйленіп 
жатқаны күмбірлеп жӛнді естілмейді. 
Терезенің тұсында мектептің бағы бар. Осыдан бес-алты жыл бұрын ӛз 
қолымызбен отырғызылған қайың-теректер бұ күнде қолдың саласындай 
тізіліп, асқақтап тұр. Шарбақтың кӛп кетігінің бірінен зып беріп осы баққа 
кірдім де, бір теректің басына маймылша ӛрмелеп шығып алдым. О, бұл 
арадан мұғалімдер үйінде не болып жатқаны сайрап кӛрінеді: әне, Ахметов 
сӛйлеп тұр. Екі қолын кеңінен сермеп, ара-тұра жұдырығымен столды ұрып 
та қояды. Басын біресе оңға, біресе солға бұрып сӛйлейді. Егер мен оның 
желкесінен қарап отырмасам, не айтып жатқанын, мүмкін, емеурінінен 
түсінген болар едім. 
Ахметовтің сол жағында Оспанов столға жабысып алып сүйкетіп жазып 
жатыр. Бас алмай жазуына қарағанда, тегі, мәжіліс хат жүргізіп отырған 
болар. «Осындай да осындай, пәленінші жылы, пәлен айдың пәлені күні, 
пәлендей бір мәжіліс болды. Онда алтыншы класс оқушысы Қожа 
Қадыровтың тәртіпсіздік қылықтары туралы арнайы мәселе қаралып, пәлен-
пәлендер сӛйлеп, мынаны-мынаны айтты...». Бірнеше адамның қолтаңбасы 
қойылып бекітілген осы мәжіліс хат қатырма тысты жуан папкалардың біріне 
тігіледі де, тарихқа жӛнелтіледі. Архивтің алтын қорына айналады. Зырғып 
жылдар ӛтеді, дәуір кӛшіп, заман ӛзгереді. Мен жӛнінде жазылып жатқан осы 
мәжіліс хаты күндердің бір күнінде әдебиет зерттеуші ізшілердің бірінің 
қолына түседі. Сонда ол жерден жеті қоян тапқандай қандай мәз болып 
қуанады десейші. Газеттер ең семіз деген әріптерімен дүрілдетіп хабарлар 
басады: «Атақты жазушы Қожа Қадыров жӛніндегі жаңа деректер!». 
Кітаптар жазылады мен жӛнінде, кандидаттық, докторлық диссертациялар 
қорғалады: «Қадыров Қожа және оның ұстаздары», «Қадыров Қожа және 
Майқанова», «Қадыров Қожа және бақа оқиғасы», «Қадыров Қожа және қаз 
оқиғасы», т. т. с. с. Әдебиеттану ғылымының шалқар қорына мұншалық 
бағалы қазынаның қосылуына сонда осы жазылып жатқан мәжіліс хат 
мұрындық болады. Оспанов ағай! Сіз сондықтан да асықпай-саспай, 
тыңғылықты етіп жаза кӛріңіз. Тарих үшін қандай ұлы жұмыс атқарып 
жатқаныңызды біліңіз. 
Бұл айтылғандар менің басыма кейіннен келген ойлар еді. Ал қазір 
қонақтаған қарғадай ағаш басында секиіп отырып, қиырдағы келешекті 
шарлап, қиялданбай қалайын. Осы сәттегі менің назарым да, ойым да 
мұғалімдер бӛлмесіндегі кӛріністе. Ахметов әлі сӛйлеп тұр. Мылқау фильм 
тәрізді, мен оның қимылын ғана кӛремін, сӛзі естілмейді. Бірақ соның ӛзінен 
де не айтып жатқаны аңғарылатын тәрізді. Әне, ол столды тағы бір қойып 
қалды. Түсінікті — «бұл бұзақыны мектептен қуу керек!». 
Ахметов сӛзін бітіріп, отырды. Мамам түрегелді. Балажан байғұс анам, 
мен үшін отқа да, суға да түседі шырылдап. Оның қазіргі кейпі: 
«Айналайындар, баламды оқудан шығара кӛрмеңдер, тағы бір жолға кешірім 
жасаңдар», — деп жалбарына сӛйлеп тұрған тәрізді. 


69 
Sauap.org
Мен мамамды ғажап аяймын. Ойпыр-ай, неге мұндай тынымсыз, соғанақ 
болып тудым! Темір секілді жер қозғалса да қозғалмайтын, маңқиып жайына 
жүретін момын болып неге тумадым? 
Майқанова сӛз алды. Оның не айтатыны маған былай да белгілі: 
«Қадыровты шығару керек мектептен!», «Мұндай баукеспе оңбағанға біздің 
тату коллективіміздің арасында орын болмауға тиіс!». Отырғандардың бәрі 
күлді. Тісі жарқырап, мамам езу тартты. Неге күледі? Иығы селк-селк етіп, 
Анфиса Михайловна басқалардан ӛзгеше мәз. Мысыққа ойын, тышқанға ӛлім 
деген осы да. 
Тағы да мамам тұрып, басын изеп, мақұлдап бірдеңе айтты. 
«Шығарсаңдар, шығарыңдар мектептен! Кетсін қаңғып. Менің де жүйкемді 
жүн етіп, құртып бітті бұл оңбаған!». 
Сӛйлеушілердің не деп жатқанын мен ӛзімше осылай жорамалдаймын. 
Педсовет аяқталды, жұрт тарай бастады. Мен ағаштан тезірек түсіп 
кетпекші болып едім, бір бәтіңкем екі бұтақтың арасына кептеліп қалып
шыға қойсыншы. Жұлқи тартып қалғанымда, мәссаған, табаны дыр етіп 
қақырап түсті... 
Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, 
теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова 
оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен 
ӛтіп бара жатыр. 
- Қадыров түбінде адам болатын бала, — деді Майқанова. 
- Оты бар, — деп қостады Ахметов. 
Екеуі былай ұзай беріп, мен жӛнінде тағы бірдеңелерді сӛйлесіп бара 
жатты, бірақ мен анықтап ести алмадым. Әлгі естігенімнің ӛзі қолқа-
жүрегімді солқ еткізгендей әсер қалдырды. Мен Майқанованы қас дұшпаным 
санап жүрсем, ол мені «түбінде адам болатын бала» деп директорға мақтап 
бара жатқаны қалай? Ап-айқын тап осылай деді. Міне, жұмбақ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет