Әдебиеттер:
1
Сәрсенбаев А. Кітап - тәуелсіздік пен демократия
тұғыры. - Алматы, 1995.
2
Комаров Е.И., Маковеев Н.П. Эффективное из-
дательство: оқу-әдістемелік құрал. - М.: Логос,
2000.
3 Гитис Л. Х. Современное университетское
издательство. Часть 2. - М., 2001.
4 Энциклопедия книжного дела / под ред. Ю. Ф.
Майсурадзе. - М.: Юристь, 2004.
Автор статьи рассматривает особенности издательского менеджмента, в частности поднимает вопросы об
эффективности организационно-функционального и кадрового менеджмента, а также об управлении прибылью издательства.
Плодотворные идеи издателей, правильно выбранные механизмы их реализации в конкретной ситуации приведут к
повышению эффективности книгоиздания. Человеческий ресурс является самым важным звеном в системе менеджмента.
The author of article considers features of publishing management, in particular about efficiency of organizational and
functional and personnel management, and also about management of publishing house profit.
Fruitful ideas of the publishers, correctly chosen mechanisms of their realization in a concrete situation will lead to increase
of efficiency of book publishing. The human resource is the most important link in management system.
Б. Омарова
Баспа-полиграфия саласының өзекті мәселелері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 002.2
Аңдатпа. Мақалада қазіргі баспа-полиграфия саласындағы мәселелер - қолжазбаларды даярлаудағы баспа ісі
мамандарының біліктілігі, жарыққа шығаруға дайындалатын кітаптың тақырыбы мен мазмұны, баспа-полиграфиялық
Б. Әсембаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
132
ISSN 1563-0242
кешендерді мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың төмендігі, нормативтік құқықтық құжаттардың жоқтығы,
полиграфиялық материалдармен қамтамасыз етуде шешілетін мәселелер, баспа өнімдеріне қойылатын стандарт
талаптарының сақталмауы, кітап тарату ісінің өзекті мәселелері қарастырылды.
Полиграфия. Қолжазба. Кітап.
Баспа ісінің болашақ мамандары оқып, білім
алып жатқан саладағы өзекті мәселелерді жете
зерттеп, оларды шешу жолдарын қарас-тырып
жүргені
жөн.
Мысалы,
баспа-полиграфия
саласындағы мәселелердің біріне қолжазбаларды
даярлайтын баспа ісі мамандарының біліктілік
деңгейінің төмендігі жатады. Бұл, әрине, барлық
мамандар деген сөз емес, дегенмен жиі болып
жүрген жағдай.
Кітапты жарыққа шығару үдерісінің - ре-
дакциялау, өңдеу, басылымның болашақ макетін
дайындау сияқты технологиялық кезеңдерінде
шешімін талап етіп отырған кең таралған өзекті
мәселелердің
бірі
-
баспа-полиграфия
ісі
мамандарының біліктілігі. Мысалы, бас-падағы
редакторлық және корректуралық түзетулердің
төмен
деңгейлігі,
басылымдарды
даярлауда
қабылданған
мемлекетаралық
стандарт
талаптарының
сақталмауы,
кітаптың
шығу
деректерін рәсімдеу тәртіптерінің орындалмауы,
анықтамалық аппараттың мүлде жоқтығы, бекітілген
тәртіп бойынша дайын өнімнің міндетті даналарды
тарату
ережелерін
сақтамау,
халықаралық
анықтамалық ақпараттық қорға басылым өнімдері
жайлы мәліметтер енгізуді ұмыту және полиграфия
өндірісінде кетіп жатқан ақаулар жайлы мәселелерді
келтіруге
болады. Осы өзекті мәселелердің
барлығын басылым мәдениетіне және кітаптың
сапалық көрсеткіштеріне жатқызуға болады.
Нарықтық
арақатынастың
редакторлық
жұмыстарға мынадай кері факторлары әсер етеді:
баспа
ісі
коммерсанттарының
редакторлық
жұмыстың маңыздылығына мән бермеуі,
редакторлық еңбектің төмен бағалануы. Олар штат
құрамындағы
редакторларды
көбіне
ұйымдастырушы немесе менеджер ретінде іске
салып, олардан өнімдердің нарықтық бағасын
зерттеу, ұтымды тапсырыстарды табу сияқты
редактор мамандығына тән емес жұмыстарды талап
етеді.
Сол
себептен
редакторлар
бұрынғы
эстетикалық көзқарастарына қарама-қайшы келетін
адамның ішкі дүниесінің талаптарын ғана емес,
нарықтың
ерекшеліктерін
ескеру-ге
мәжбүр.
Кәсіпкер коммерциялық пайда табу мақсатында
редакторлардың еңбегін арзан бағалап, төмен
жалақы тағайындап қана қоймай, оларды жұмысқа
штаттан тыс қабылдайды. Со-нымен қатар әдеби
редакторлардың жұмысына тым аз уақыт бөлінеді.
Нәтижесінде
редакторлық
жұмыстың
сапасы
төмендейді. Осыны ескере отырып, Кеңес үкіметі
кезіндегі
қолжазбаны
редакторлық
даярлауға
қабылданған нормалар-ды еске түсірсек, айына
ғылыми техникалық әдебиеттерді редакциялау он
авторлық табақ, әлеуметтік әдебиеттер сегіз
авторлық табақ, қоғамдық-саяси әдебиеттер алты,
көркем әдебиеттер екі-төрт авторлық табақтар норма
бойынша редакторлық өңдеуден өтетін. Сол кездегі
баспа директорлары редакциялаудың са-пасын
арттыру
мақсатында
Мемлекеттік
баспа
ісі
комитетінен осы нормаларды төмендетуді та-лап
ететін. Ал қазіргі кезде кейбір баспа иелері
редактордан үш күннің ішінде жиырма авторлық
табақты әрі редакциялық, әрі корректорлық өңдеуді
талап етеді. Бұл жағдайда қандай сапа жайлы айтуға
болады? Корректорлық жұмыс жайлы да тура
осылай айтуға болады.
Тоқсаныншы жылдары дизайнер деп ата-лып
кеткен, жаңа компьютерлік технологиялар-мен
техникалық және көркемдік редакциялау жаңа сынға
ұшырауда. Тәжірибелі техникалық және көркемдік
редакторлар өз жұмыстарын жаңадан еніп жатқан
үстел үстіндегі бас-па жүйелерін іске қосу
барысында мәтінді теру және беттеудің отандық
дәстүрлері мен мамандықтың әрқилы қыр-сыры
ескерілмеген шетелдік бағдарламаларымен жұмыс
істейтін бағдарламашыларға тапсыра салды. Баспа-
полиграфиялық институттар мен колледждер-де
алған мамандықтар қажетсіз сияқты болып қалды.
Осы жіберілген қателіктер кітаптың терілген
беттерінің сапасын төмендетіп жіберді. Себебі
қазіргі беттеушілер мен дизайнерлердің беттеулері
сырттай ұтымды көрінгенімен, бас-па саласының
мамандары болмағандықтан, басылымның түрін,
қолданылуын, пайдалану мақсатын ескере отырып,
терілген жолдың енін, олардың арақашықтық
өлшемін таңдау, мәтінді ерекшелеп белгілеу,
әріптердің өлшемдері мен гарнитураларын таңдауда
ескерілетін психологиялық және психотерапевтік
талаптар жайлы білімдері жоқ. Баспа саласындағы
осын-дай мәселелер кітаптың терілген беттерінің
сапа-сын тым төмен түсіріп жіберді. Осы күнге
дейін
көптеген
техникалық
және
әдеби
Б. Омарова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
133
ISSN 1563-0242
редакторлардың біліктілік деңгейлері жоғары
сапалылықты
қажет
етеді.
Компьютерлік
техникалардың соңғы жетістіктерін жете меңгерген
техникалық
және
көркемдік
редактор
мамандарының біліктілік дайындығы әлі де өз
деңгейіне жеткен жоқ. Ма-мандар баспадағы
технологиялық үдерістермен қатар экономикалық
есептеу тәсілдерін де жете меңгергені дұрыс болар
еді. Мысалы, белгілі бір баспаның бас редакторы
кітапқа кететін қағаз шығынын есептеу үшін
сырттан адам жалдап, оған ақша төлеп қағаз
шығындарын
есептететінін
айтып,
білікті
мамандардың
жетіспеушілігіне
наразылығын
білдірді.
Баспа ісінің полиграфиялық базасы Баспа және
полиграфия саласының үздіксіз дамуы барысында
баспа өнімдері де арта түсуде. Шығып жатқан баспа
полиграфиялық өнімдер қағаз, бояу, картон және
тағы
да
басқа
көптеген
полиграфиялық
материалдарды қажет етеді. Бұл полиграфиялық
материалдар базасының артта қалып қоюына әкеліп
соқты. Ұдайы шығып жатқан баспа өнімдері
көптеген баспаполиграфиялық материалдар мен
шикізаттардың тапшылығына себеп болды.
Қазақстанда баспаханалар жеткілікті, бірақ
тапсырыс жетіспейді. Баспаханалар арасында бәсеке
бар, ал бәсеке бар жерде баға өспейді. Бұрын бағаны
көтеріп келген баспаханалар да бағаны түсіруге
мәжбүр болды. Полиграфиялық материалдардың
барлығы дерлік импортпен келеді. Баспаханалар
Үндістанның
жаңа
маши-насымен
немесе
Еуропаның
күрделі
жөндеуден
шыққан
машиналарымен жұмыс істейді. Бұл машиналарда
аса сапалы, көлемді және үлкен таралымды
өнімдерді басып шығару мүмкін емес болғандықтан,
жалпы баспаханалардағы пайданың кірісі де төмен.
Еуропалық қымбат әрі сапалы полиграфиялық
жабдықтарды са-тып алуға көптеген кәсіпкерлердің
қалталары көтермейді. Несие алған күннің өзінде
табы-сы жоқ баспаханалар қаржыны қайтара алмай-
ды. Баспаханалардың осындай тұйықтан шыға алмай
отырған жайы бар. Газет қағазы Ресей-ден сатып
алынады. Егер Қазақстанда қағаз өндірісінің
мәселесі шешілсе, онда қағаздың да құны төмендеп,
басты бір мәселе шешілетін еді.
Кітап тарату ісінің мәселелері
Шешімі қиындық тудырып жүрген басты
мәселеге - кітап тарату ісі жатады. Жарыққа шыққан
кітаптарымыздың таралымы өте төмен. Мемлекеттік
тапсырыстың өзі 2000 данадан аспайды. Кітап сату
дүкендері сатылатын кітаптардың бағасына 35 пайыз
немесе одан да жоғары үстеме ақы қосатындықтан,
кітап бағасы аспандап кетеді. Пошта және
тасымалдау жұмыстарына қойылатын үстеме баға
кітаптың жарты бағасынан асып кетеді. Бұл да кітап
бағасының арта түсуіне әкеп соғады да, кітаптарды
шеткі аймақтарға жеткізуді қиындата түседі. Жеке
таратушылар
мен
сатушылардың
жұмысы
ұтымдырақ болғанымен, олар көлемді жұмыстар
жасай алмайды. Кітап саудасын жандандыру
мәселесі де шешімін талап етеді.
Баспа өнімдерінің тақырыптары мен маз-
мұндары
Қазіргі кезде дүкен сөрелерінде сатылып жатқан
әрқилы кітаптардың сапасы, мазмұны, мәтінінде
жіберілген
грамматикалық
қателері
-баспа-
редакциялық жарыққа шығаруға дайында-лып
жатқан
басылымдардың
тақырыптары
мен
мазмұндары мұқият назар аударып, жете талдау
жасап, өңдеп, сапасын арттыру қажеттілігін ту-
дырып отыр. Ондаған жылдар бойы орталықтан
жоспарланып келген баспа ісі жүйесінің еркін
нарыққа енуі коммерциялық жағынан ұтымды
болғанымен, дүкен сөрелері мен базарлардағы
көптеген мәні мен мағынасы түсініксіз, сапасы
төмен, мәнсіз кітап өнімдерінің қаптап кетуіне
әкелді. Әрине, сонымен қатар нарық талабына қарай,
қысқа мерзімде ондаған жылдар бойы сұраныста
болып келген, жалпы танымдық, шым-шытырман
қызық оқиғалы және діни кітаптармен қамтамасыз
етілді.
Бұл үдерістің теріс мәселелі жағына кейбір
кітаптардың оқырмандарға беретін теріс әсерімен
қатар, кітап таралымдарының шұғыл төмендеуі және
классикалық, балалар әдебиеті, ғылыми және арнайы
әдебиеттердің азайып кеткені жатады. Мұндай
әдебиеттерді басып шығару экономикалық жағынан
ұтымсыз, себебі көлемі үлкен, таралымы аз, түрлі-
түсті болғандықтан, кітаптың өзіндік құны өте
қымбаттап кетеді де, оларды сатып алу қарапайым
оқырмандардың қалтасына ауыр тиеді, кейде тіпті
қол жетімсіз болып қалады. Бірақ балалар әдебиетін
де, ғылыми кітаптарды да шығару керек. Ол үшін не
істеу керек? Кейбір мазмұны күдіктілеу басы-
лымдарды шығаруға тиым салу керек пе? Себебі
жастарға, кейбір психикасы әлсіздеу адамдарға теріс
бағыт беріп, түсініксіз жайттар айтылған, күдік
тудыратын секталардың кітаптары қауіп төндіреді.
Б. Омарова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
134
ISSN 1563-0242
Кезінде Мемлекеттік баспа ісі комитеті мен
баспаларда жүргізілетін сыртқы рецензиялау жүйесі,
цензура төмен сапалы, қоғамдық санаға зиянды,
кездейсоқ немесе әдейі жіберілген қате фактілерді,
жалған ғылыми немесе басқа да оғаш мазмұнды
басылымдардың
жарыққа
шығуына
тосқауыл
болатын. Мұндай басылымдардың білім және ғылым
саласында шығып кетуі қауіп тудырады. Себебі осы
күнге дейін оқу құралы ретінде қолданылып жүрген
кітаптарда елдің тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті
бұрмалап көрсетілген немесе әртүрлі секталарды
жасырын түрде уағыздайтын кітаптар жарыққа
шығып кеткен немесе әлі де шығуда.
КСРО Мемлекеттік баспа ісі комитетінде елдің
әр аймақтарында бір рет шыққан басылымның
қайталанбауын, кітаптың тақырыбы мен мазмұнын
қадағалап
отыра-тын,
кітаптың
мазмұнында
мемлекеттік ғылым, мәдениет және білім саласына
көбірек көңіл бөлінуін қамтамасыз етіп отыратын
арнайы бөлім жұмыс істейтін. Ал қазіргі кезде
жарыққа шығып жатқан басылымдардың тақырыбы
мен мазмұнын қадағалап, реттеп отыратын механизм
жоқ.
Қазіргі баспа ісі мамандарының басты мақсаты,
тіпті тарихи борышы - жаппай бұқаралық кітап
оқырмандарын отандық және әлемдік мәдениеттің
ұлан
ғайыр
қазынасын
оқып
игеруге
қызығушылығын
арттыра
түсу,
талант-ты
авторларды тауып, олардың шығармаларын жарыққа
шығаруға көмектесу, демеу беру. Әлеуметтік мәдени
алға басуды дамыта түсу мақсатында қоғамдық сана
сезімді қайта ояту. Баспа және шығармашылық
ісінде осындай игі істер алғашқы қадам жасай
бастады. Өкінішке орай бұл қадамдар баяу жүруде.
Баспалардың нарықтық жағдайдағы ком-
мерциялық іс-әрекеттері
Баспалардың еркін нарыққа ауысуына байла-
нысты туған түрлі жағдайларға қарай, әр өнімнің
сапасына қойылатын талаптарды, кітапқа де-ген
қоғамдық сұраныстарды ескере отырып, олардың
экономикалық көрсеткіштерін талдау қажет болды.
Осылайша, баспа өнімдерінің нарықтық құрылымын
талдау, оның бағасы мен өзіндік құнын, қажетті
баспа-полиграфиялық
материалдардың
бағасын
зерттеп, талдап оты-ру қажеттілігі туды. Белгілі бір
себептермен
үлкен
шығынды
талап
ететін,
экономикалық пайда түспейтін, бірақ үлкен
сұраныстағы бала-лар әдебиеттері мен аз таралымды
ғылыми оқу құралдарын шығару үлкен мәселелер
туғызады. Стандарт талаптары бойынша балалар
әдебиеті сапалы әрі түрлі-түсті болатындықтан, оған
кететін шығын да үлкен болады. Бұл кітаптың
өзіндік құнының қымбаттай түсуіне алып келеді. Ал
таралымы аз, көлемі үлкен өнімдерді басу көп
материалдық шығындарды тудыра-ды. Таралымы
төмен болғандықтан кітап өз құнын ақтамайды, бұл
да кітаптың бағасын қымбаттата түседі. Жоғарыда
айтылып
кеткен
себептерден
кітаптың
қымбаттылығы көпшілік сатып алушыларға ауыр
тиеді, ал қалтасы таяз халықты кітап сатып алу
мүмкіндігінен мүлдем айырады. Бұл бірден-бір
шешімін күтіп жүрген мәселелердің бірі. Мысалы,
Кеңестік
дәуірдегі
әлеуметтік
маңызы
зор
әдебиеттерді шығаруда мемлекеттік дотация бөлу
сияқты іс-шаралары жасалса, үлкен көмек болады.
Кеңес үкіметі кезінде шыққан қазақстандық
авторлардың шығармалары өте үлкен таралымда
шығатын. Өкімет оқушыларды оқулықтармен ғана
емес, қазақ халық ертегілерімен, эпостарымен,
көркем әдебиет туындыларымен миллиондаған тара-
лыммен қамтамасыз ететін.
Авторлық құқықтардың сақталмауы Авторлық
құқықты сақтау заңы авторларды плагиатшылар мен
жауапсыз
баспагерлерден
толығымен
қорғай
алмауда. Мұның негізінде екі себеп бар. Олар: құқық
талаптарын орын-дамау және заңның солқылдақтау
тұстары. Көркем және түрлі басқа да әдебиеттер,
әсіресе
білім-ғылым
саласы
авторларының
интеллекту-алды еңбектерінің авторлық құқықтары
көбіне сақталмайды. Әртүрлі плагиаттық әдебиеттер
қаптап кетті. Бұл санасыз, ұждансыз авторлар
тарапынан
біреудің
шығармасынан
алынған
мәтіндерді немесе өзгенің ой-саналарын өз атынан
басып шығару сияқты мәселелер. Ал жауапсыз баспа
иелері
пайда
табу
мақсатында,
автордың
рұқсатынсыз оның кітабын қайта ба-сып шығаруы
болып табылады. ТМД елдерінде авторлық құқық
қорғалмауының кеңінен тараған түріне кітапты
басқа қалада, тіпті басқа елде басып шығарып пайда
табу болып тұр. Авторлар кей жағдайда бұл жайлы
білмей де қалады, кейде көп уақыт өткеннен кейін
біліп жатады. Бәрібір өз құқығын қорғау, заңға
жүгіну үлкен шығындар мен көп еңбекті қажет етеді.
Авторлық құқықтың сақталмауының бір түріне -
авторға кішігірім қаламақы төленеді де, аздау
таралым есебінен кіші пайызда ақша төлеуге
келісімшартқа тұрады. Іс жүзінде шығу деректерінде
көрсетілген таралымнан он тіпті жүз есе көп кітап
Б. Омарова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
135
ISSN 1563-0242
басылып шығады да, пайда-сын, әрине, баспа иесі
көреді. Басылымды басқа, шет аймақтарда өздерінің
өкілдері арқылы қайтадан басып шығарады да
пайдасын көріп отырады. Қосымша таралымдардан
авторға қаламақы төленбейді, себебі бұл жайлы
автор хабарсыз болады.
Кейбір баспалар бұрын басылып шыққан, бірақ
кішігірім өзгеріс енгізілген кітапты ағынды түрде
шығаруда. Алғашқы авторларына, әрине, ешқандай
төлем түспейді. Баспа қызметкерлері арнайы автор
жалдап,
үлкен
сұраныс
тудырып
жүрген
басылымдарға аздап өзгеріс енгізіп, кітапты соның
атынан
басып
шығарады.
Осы-лайша,
интеллектуальды құқық бұзушыларды тексеріп
қадағалап отыратын авторлық қоғам керек.
Плагиаттан немесе жауапсыз баспалардан зардап
шеккендер сондай фактілерді анықтап, сотқа беру
үшін келісім шартқа тұрулары ке-рек. Бірақ авторлар
көбінесе ол фактілер жайлы білмей де қалады,
екіншіден, бұл жұмыстарға олардың қаржысы
жетпей жатады.
Оқу құралдары, ғылыми монография-лар және
сол сияқты тағы да басқа көптеген кітаптарды
авторлар өз есебінен басып шығарып жатады. Бұл
шығармалар студенттер мен маман-дар арасында
үлкен сұранысқа ие болып, заңсыз көбейтіліп
таратылады немесе Интернет арқылы сатылып
жатады. Бұл мәселелердің көптеген вариациялары
бар.
Кіші және орта баспаханаларды ұйым-
дастырудың өзекті мәселелері
Полиграфиялық өнімдердің - газет, журнал,
кітап,
телебағдарламалар,
және
жарнамалық
басылымдардың күнделікті өмірімізге ететін әсері
өте зор. Кіші және орта полиграфиялық баспа
өндірістері түсетін тапсырыстардың мерзімділік
ерекшеліктерімен санасуға тура келеді. Жаз
айларында
тапсырыс
тіптен
азайып
кетеді.
Тапсырыстардың жиілігі күз-қыс ай-ларына келеді.
Сондықтан
жаз
айларында
ба-спаханалар
жабдықтардың тоқтап қалмауын қамтамасыз ету
үшін және жаңа клиенттерді тарту мақсатында өз
қызметтерінің бағасын төмендетуге мәжбүр. Кейде
адамдарды тара-тып жібермей, шыққан шығынды
қыста өндіріп алу мақсатымен табыссыз да жұмыс
істейді. Осылай дұрыс ұйымдастыру арқылы
мерзімге тәуелділікті төмендетуге болады.
Бұл мәселені техникалық және еңбек ресурс-
тарын дұрыс та ұтымды пайдалану арқылы ше-шуге
болады. Этикетка, орама өнімдерін шығаратын
өндірістерде мұндай қиындықтар болмайды.
Қорыта келгенде, баспа - полиграфия сала-
сының шешімін күтіп жүрген мынандай өзекті
мәселелерін атап кету керек:
-
қолжазбаларды даярлаудағы баспа ісі ма-
мандарының біліктілігі;
-
авторлық құқықтардың сақталмауы;
-
жарыққы шығаруға дайындайтын кітаптың
тақырыбы мен мазмұны;
-
баспа-полиграфиялық
кешендерді
мемле-
кеттік тұрғыдан қолдаудың төмендігі;
-
баспа-полиграфия
саласының
жұмысын
реттеуде нормативтік құқықтық құжаттардың
жоқтығы;
-
баспа-полиграфия салаларымен өзара тығыз
байланыстағы кешенді бағдарламалардың жоқтығы;
-
баспа-полиграфиялық
материалдармен
қамтамасыз етуде шешетін мәселелер (Қағаз және
полиграфиялық
материалдардың
шетелдер-ден
алынатындықтан құнының қымбаттылығы немесе
оларды жеткізуде шекарада туындайтын мәселелер
және отандық полиграфиялық мате-риалдар мен
жабдықтардың жоқтығы):
-
өндірістердегі
көптеген
полиграфиялық
жабдықтардың ескіруі және тозуы;
-
баспа өнімдерін шығаруда кететін шы-
ғындардың үздіксіз арта түсуі, тиімділіктің
төмендеуі нәтижесінде көптеген кәсіпорын-дардың
шығынға ұшырауы;
-
баспа
өнімдеріне
қойылатын
стандарт
талаптарының сақталмауы;
-
баспа-полиграфия саласына негіздел-ген
бірыңғай шығындар мен өнімділік норма-ларының
жоқтығы;
-
еңбек ақысын төлеуге арналған бірыңғай
нормаланған жүйенің жоқтығы;
-
кітап дайындаған және тапсырыс берген
адамдар арасындағы баспа-полиграфия өнімінің
сапасы жөнінде туындаған дау-таласты реттейтін
жүйе мен эксперттердің жоқтығы;
-
дайын болған баспа өнімінің төлемін өтемей
кету;
-
аймақтарды мамандардың біліктілігін арт-
тыруға арналған қайта даярлау жүйелерінің
жоқтығы;
-
кітап тарату ісінің өзекті мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |