«Қоңырау» топтамасы - сапалы оқытудың
жаңа әдістерін қамтып, бүлдіршіндерді мектеп-ке
даярлаудың негізгі құралы. Оның мазмұны
дидактикалық ойындар менбалалардың ақылойын,
танымын дамытатын тапсырмаларға бай. Кешен
балалардың Отан, тарих, мәдениет, ата дәстүр
туралы деректермен сусындап өсуіне ықпал етеді.
Отбасында да пайдалануға қолайлы осы кітаптардың
тәрбиелік мәні зор.
Кешендер
әліппе-дәптерден,
дидактикалық
материалдан, хрестоматиядан және әдістемелік
нұсқаудан тұрады.
«Көркем әдебиет» бұл оқу кешені бала-ларды
көркем әдебиеттің ғажайып әлеміне саяхатқа
шақырады. Ертегілер, жаңылтпаштар, жұмбақтар,
мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, ақын-жазушылардың
шығармалары оқырманды өзіне тарта түседі.
«Алақай» - орыс тілді балалардың қазақ тілін
жеңіл игеруіне көмектесетін құрал. Негізгі мақсаты
ауызекі сөйлеуге үйрету, дыбыс және әріптермен
таныстыру. Олар танымын дамыта-тын ойындар
арқылы жүзеге асырылады.
«Бейнелеу өнері» бейнелеу өнерінің оқу-
әдістемелік кешені балалардың эстетикалық талғамы
мен шығармашылық қабілетін артты-рып, ой-
қиялын дамытады.
«Тіл дамытудың ғажайып әлемі» бала-лардың
тілін дамыту үшін сөздік қорын бай-ыту, дұрыс
сөйлеуге, ойын толық жеткізуге дағдыландырады.
Олар өлең, әңгіме, ертегі ойындар мен танымдық
жаттығулар арқылы жүзеге асырылады.
«Боямақ» топтамасында әсем суреттер мен
балалардың
танымдық
қабілетін
арттыратын
тәрбиелік маңызы бар ертегілер, санамақтар,
өлеңдер жинақталған.
«ӨҚСН» - бұл елімізде тұңғыш рет жарық
көрген Өмір Қауіпсіздігін Сақтау Негіздері кітабы.
Кітапта баланы табалдырықтан не күтіп тұр.Тіпті
үйдің ішінде қандай қауіп бар:Тазша баланың
басынан кешкен оқиғалар арқылы ав-торлар осы
мәселелердің алдын алуға, қауіп бола қалған
жағдайда дұрыс шешім табуға үйретеді.
«Балақай» топтамасы. Бұл - бүлдіршін-дерге
арналып шығарылған қазақ тіліндегі танымдық
кітапшалар.Топтамаға енгізілген өлеңдер, тақпақтар,
жаңылтпаштар, санамақ-тар, қысқаша ертегілер
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып
жинақталған. Топтама көркем безендірілген.
«ӘйӘй» топтамасы(картон-кітапшалар) -
атына сай бүлдіршіндерді әсем әрі қанық боя-
уларымен, көркемдігімен, әсерлі мазмұнымен
қуантады. Балалар жұмбақ дүниеге саяхат жа-сап,
кітап әлемінің сиқырлы сырына қанық бола-ды. Бала
қоршаған ортамен танысып, көптеген сұрақтарына
жауап алады.
«Сырсандық» топтамасы. Бұл топтама халық
ауыз әдебиетіндегі танымал кейіпкер Алдар Көсенің
басынан кешкен қызықты оқи-ғаларына толы.
Мұндай
ертегілер
жақсы
мен
жаманды,
қайырымдылық пен қатыгездікті ажы-рата білуге
баулиды.
«Ғажайыптар әлемі» - балаларға арнап
құрастырылған орыс тіліндегі хрестоматия. Бұл
оқулық бүлдіршіндерді мектепке даярлау ісінде көп
көмегін тигізеді. Xрестоматия ата-аналарға және
тәрбиешілерге арналған. «Аруна» баспасында
А. Абсеитова
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
207
ISSN 1563-0242
көптеген кітаптар мен оқулықтар, көмекші құралдар
мен оқу-әдістемелік кешен-дер жарық көрді.
Әдебиеттер:
1
Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. -
Алматы: Білім, 2005 ж.
2
www.Aruna.kz
В статье исследуются проблемы детского книгоиздания Казахстана, роль литературы в образовании и воспитании мо-
лодого поколения. На примере анализа продукции издательства «Аруна», жанровой и содержательной моделей литературы
для детей автор предлагает пути решения некоторых проблем детского книгоиздания республики. Предлагается комплексная
оценка детского издания, включающего не только качество полиграфии бумаги, но и ценовую политику.
In this article we research the problems of child publishing in Kazakhstan, and the role of literature in the education and
upbringing of the younger generation. By the example analysis of publishing production of «Aruna», models of genres and contents of
children's literature, the author suggests ways to solve some problems of children's book publishing of the country. Proposed that a
comprehensive assessment of children's publishing, which includes not only the quality of printing and paper, but also price policy.
А. Тілепберген
Авторлық құқықтың маңыздылығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
УДК 316.77:001.12/.18; 070:001.12/.8
Аңдатпа. Бұл ғылыми мақалада, автор, авторлық құқықтың тарихына тоқталып, оның біздің өмірімізде алатын орны
туралы жазған. Авторлық құқықтың біздің елде дұрыс сақталмауын, олардың аяқ асты-на тапталуын жазады.
Авторлық құқық неден, қандай ережеден тұратынын толығымен түсіндіруге тырысады. Олардың қорғалуы қолға
алынса екен деген арманы бар. Авторлық құқықтың сақталуы, оның орындалуы біздің елде әлі де шалыс
қалуда,осыны ойды жете түсіндіруге тырысқан.
Авторлық құқық. Санаткерлік меншік.
Егеменді ел болып, тәуелсіз туымыз көк ас-
панда желбірегеннен бастап, еліміздің рухани асыл
қазыналарын көзіміздің қарашығындай қорғап,
олардың қадір-қасиетін жоғалтпай, ке-лер ұрпаққа
сол қалпында жеткізу - біздің басты міндеттеріміздің
бірі. Елімізде тамыры тереңге жайылған көне
жәдігерлеріміз аз емес. Мұның барлығы -
халқымыздың теңдесі жоқ рухани байлығы, ұлттық
мұрасы.
Қай кезде де болмасын, әр туындының өз ав-
торы, яғни, иесі болғаны хақ. Сонау бағзы за-манда,
автордың туындысына қатысты қандай да бір дау-
дамай туа қалса, сол дауды тез арада сол елдің
билері шешіп отырған. Осы сияқты қазіргі таңда да
автордың құқығын жерге таптат-пай, мемлекеттік іс
жүзінде, түрлі заңнамалық акт ретінде қарастырып
келеді. Қазақстан Ре-спубликасы қолданысындағы
заңнамада автор-лық құқықты деп автордың
мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары
түсініледі. Ал автор - өз кезегінде шығармашылық
еңбе-гімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жа-
саған жеке тұлға, олардың бәрі міндетіне,
мазмұнына және қасиетіне олардың білдіру әдістері
мен нысандарына байланысты емес, зияткерлік
меншіктің объектілері бо-лып саналады. Қазақстан
Республикасында
авторлық
Қазақстан
Республикасының Конс-титуциясымен, Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексінің 971-984
баптарымен, Қазақстан Республикасының 1996
жылғы 10 маусымдағы N 6-I «Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы» Заңымен (бұдан әрі -
Заң), 1942 жылғы 6 қыркүйектен Дүниежүзілік
(Женева) авторлық құқықтар туралы Конвен-ция
нормаларымен (Қазақстан оны бұрынғы КСРО-ның
халықаралық
міндеттемелерін
және
келісімшарттарын заңды мұрагері ретінде таныған
болатын), 1996 жығы желтоқсанның 20-нан
авторлық
құқықтар
және
орындау
және
фонограммалар бойынша Дүниежүзілік зияткерлік
меншік ұйымының Женевадағы келісім шарттың
А. Тілепберген
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
208
ISSN 1563-0242
ережелерімен (Қазақстан оларға 2004 жылғы
сәуірдің 16-нан №545 және №546 Заңдарымен
қосылды)
және
тағы
басқа
Қазақстан
Республикасының
нормативтік
құқықтық
актілерімен реттелінеді[1].
Қазақстан Республикасының авторлық құқық
саласындағы заңнамасы басты мақсаттарға және
міндеттерге жетуіне бағытталған. Біріншіден,
авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер ту-
ындыларды жасау бойынша қызметін ынта-
ландыруы қажет. Осы мақсаттарда авторлық құқық
шығармашылық еңбекпен айналысуға жағдай жасап
мүмкіндік туғызады, жет-кен шығармашылық
нәтижелерінің қор-ғауын, құқықтық тануын және
авторлардың соңынан олармен жасаған туындылар-
ды қолдануына құқықты бекіту және табысты алуын
қамтамасыз етеді. Екіншіден, авторлық құқық
қоғамның
мүдделерінде
туындылардың
кең
қолдануына жағдай жасайды. Басқа сөзбен айтсақ,
авторлық құқықтың қорғауын күшейтуі және оны
бұзғаны үшін жазаның қаталдануы адамның
күнделікті
өмірінде
авторлық
құқықтардың
объектілерін қолдануға ешқандай бөгет жасамауға
тиіс.
ҚР АК 3т. 963 бабында, зияткерлік меншік
ережелеріне қатысты және «Авторлық құқық»
тарауына өз қолданысын тарататын, автордың
құқығы ажыратылмайды және берілмейді, тек қана
шығармашылық
еңбекпен
зияткерлік
шы-
ғармашылық қызметімен нәтижені жасаған тұлғаға
тиесілі болуға мүмкін екенін анықтайды. Авторлық
құқық идеяларға, қағидаларға, прин-циптерге,
әдістерге, жүйелерге, процестерге және фактілерге
өз ықпалын таратпайды. Егер туынды екі немесе
бірнеше
жеке
тұлғалардың
бірлескен
шығармашылық еңбегімен жасалған болса, олар
өзара тең авторлар болып саналады және бірдей
құқықтары бар. Тең авторлардың әрбірі өз қалауы
бойынша онымен жасалған туындының дербес
мағынасы бар бөлігін қолдануға құқылы, егер
бағасы
олардың
арасындағы
келісіммен
қарастырылмаған болса. Тең авторларға туын-дыны
толық қолдану құқығы бірлесе жатады. Заңды
тұлғалалардың
соңынан
авторлық
құқық
мойындалмайды, олар заңнамамен көзделген не-
месе авторлық келісім шарт негізінде туындыны
қолдануға алғанда тек қана құқық иеленушілер
ретінде бола алады.
Қазақстан
Республикасының
Азаматтық
Кодексіне
және
Қазақстан
Республикасының
авторлық құқықтар туралы Заңның 7-бабына сәйкес
авторлық құқық объектілері мыналар бо-лып
табылады:
1)
әдеби туындылар;
2)
драмалық және музыкалық-драмалық ту-
ындылар;
3)
сценарий туындылары;
4)
хореография және пантомима туындыла-
ры;
5)
мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық
туындылар;
6)
дыбыс-бейне жазу туындылары;
7)
кескіндеме, мүсіндеме, графика және бей-
нелеу өнерінің басқа да туындылары;
8)
қолданбалы өнер туындылары;
9)
сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ
өнері туындылары;
10)
суретке түсіру туындылары және суретке
түсіруге орайлас әдістермен жасалған туынды-лар;
11)
карталар, жоспарлар, нобайлар, безен-
дірулер және географияға, топография мен басқа
ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12)
ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13)
өзге де туындылар.
Авторлық құқық объектілеріне мыналар да
жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өңделген
дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйіндер,
шолулар, инсценировкалар, музыка-лық
өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен
өнер шығармаларын өңдеу);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антология-лар,
деректер базалары) және материалдарының іріктелуі
және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып табы-латын басқа да
құрама туындылар.
Авторлық құқық объектілерінің авторла-ры
оларға өте мәнді мүліктік (айрықша) және жеке
мүліктік емес құқықтары бар, авторлық құқық
автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс
болғаннан кейін, автор қайтыс болғаннан кейінгі
келесі жылдың бірінші қаңтарынан есеп-тегенде,
жетпіс жыл бойы күшінде болады. Бүркеншік атпен
немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан
туындыға авторлық құқық туынды жарыққа
шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан
есептегенде жетпіс жыл бойы күшінде болады.
Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзімі
А. Тілепберген
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
209
ISSN 1563-0242
біткеннен кейін ол қоғамның игілігіне айналады.
Қоғамның игілігі болып табылатын туындыларды
кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркін
пай-далана алады. Дегенмен бұл орайда авторлық
құқық, автор есіміне құқық және туындыға қол
сұқпаушылық құқығы сақталуға тиіс, өйткені осы
құқықтар ҚР АК 6 т. 982-бабына сәйкес авторлық,
автордың есімі және туындыға қол сұқпаушылық
мерзімсіз қорғалады.
Айрықша авторлық құқық иесі өз құқықтары
туралы мәлімдеу үшін туындының әрбір данасы-на
салынған және үш элементтен:
1)
қоршауға алынған латынша «С» әріппен;
2)
айрықша авторлық құқықтар иесінің есі-
мімен (атауынан);
3)
туындының бірінші жарияланған жылы-нан
тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін
пайдалануы мүмкін.
Авторлық құқықтың және сабақтас құқық-
тардың объектілерін пайдаланатын жеке және заңды
тұлғалардың
қызметін
бақылайтын
уәкілетті
мемлекеттік орган - Қазақстан Ре-спубликасы Әділет
Министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары
жөніндегі
Комитет,
ал
авторлардың
және
орындаушылардың құқық-тарын белсенді қорғайтын
ұйымдар - олар «Қазақстандық авторлық қоғамы»
РҚБ және «Авторлық және сабақтас құқықтарды
қорғау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы» ЗТБ.
Одан басқа, Қазақстан Республикасы №1141
2003 жылғы қарашаның 13-і күнгі Қаулысымен
Қазақстан Республикасы 2001 жылы 11 мамы-рында
бекітілген Зияткерлік меншік саласында құқық
бұзушылықтарды
жолын
кесу
бойын-ша
ынтымақтастық туралы Келісімді орын-дауды
міндетті
органдардың
тізімін
бекітті,
олар:
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі,
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі,
Қазақстан Респуб-ликасының Бас Прокуратурасы,
Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы
және Ке-ден органдары.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның қорытын-
дысын шығарсақ, келесіні айту қажет, авторлық
құқықтарды және сабақтас құқықтарды заңсыз
пайдалануы үшін азаматтық (ҚР АК норма-лары),
әкімшілік (ҚР ӘҚБК 129-бабы) және қылмыстық (ҚР
ҚК 184 бабы) жауапкершілік көзделген[2].
Қазіргі уақытта зияткерлік меншікті қорғау
мәселесінің өзектілігі күннен-күнге артып келеді.
Қазақстандағы авторлық құқықтың қалыптасу
тарихына келсек, 1917 жылы 29 желтоқсанда
«Мемлекеттік баспа туралы» заң қабылданды.
Осылай төңкерістен кейін одақ құрамындағы
елдерде автор құқығы азды-көпті қорғала баста-ды.
1928 жылы арнайы заң кодексі қабылданды. 1977
өмірге келген БАҚ жөніндегі агенттіктің ҚазКСР-да
арнайы бөлімі ашылды. Оны Әнуар Әлімжанов,
Сағат Әшімбаев, Қалдарбек Най-манбаев сияқты
қайраткерлер басқарды. Одақ тарап, аталған мекеме
заңдық күшін жойған соң, 1991 жылдан Қазақстан
авторларын қорғайтын мемлекеттік агенттік сол
кездегі
жүйеге
орай,
бірнеше
министрлік
қарамағына өтіп отырды. 1996 жылы авторлық
құқықты қорғайтын заң қабылданған соң, елде
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарын
топтастыру туралы» заңы қабылданып, мекеме
Әділет министрлігі қарамағына өтті. Ол қазір
санаткерлік меншік жөніндегі комитет деп аталады.
Қызметі -авторлық меншік нысандарының жалған
данала-рын жасаушы алаяқтармен күрес. Оны
Нұрғайша Сахипова басқарды. Ал Қазақстан
Авторлары Қоғамы 1997 жылы наурыз айында
құрылды. Оны қазірге дейін Марал Ысқақбай
басқаруда.
ҚР Әділет министрлігінің санаткерлік меншікті
қорғау комитеті белгіленген тәртіп бойынша
мекемелерді мемлекеттік тіркеуден өткізеді, оларға
тіркеу куәлігін береді. Санаткерлік меншікті қорғау
заңына сәйкес, оны бұзған азаматтар әкімшілік,
азаматтық,
қыл-мыстық
жауапкершіліктерге
тартылады. 1996 жылғы 10 шілдеде қабылданған ҚР
«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы»
заңына сәйкес және халықаралық міндеттерді
орындау мақсатында санаткерлік меншіктерді
қорғау жүктелген.
Құқықтарды қорғау - ол тек бұзылған
құқықтарды қорғаудан тұрмайды. Соны-мен қатар
жай авторлық құқық субъектілері үшін күнделікті
жүзеге асыру барысында да қорғалуы қажет деп
көрсеткен. Құқықтарды қорғау жүйесі азаматтар мен
ұйымдардың
субъективті
құқықтарын
жүзеге
асырудан құралады. Жарияланған құқықтар тек
олардың жүзеге асырылуына кепілдік бергенде ғана
шы-найы болмақ. Құқықтарды қорғау жүйесінің
негізгі бөліміне - субъективті құқықтарды бұзу орын
алған жағдайда, оларды қорғау шараларын қолдану
кіреді.
1996 жылғы 10 шілдеде қабылданған ҚР
«Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы»
А. Тілепберген
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
210
ISSN 1563-0242
заңның 1-бабында аталмыш заң ғылым, әдебиет
және өнер туындысына қатысты хабар тарату-шы
ұйымдардың хабарларын құрумен байла-нысты
болатын
санаткерлік
меншік
арасындағы
қатынастарды реттейді делінген. Бірақ бапта қандай
қатынастар
авторлық
құқық
пәні
болып
табылатындығы анықтап көрсетілмеген.
Осы бапқа сай азаматтық заңдар мен тауар ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне
негізделген
өзге
де
мүліктік
қатынастарға
байланысты мүліктік емес қаты-настар реттеледі.
Авторлық құқыққа автордың шығармашылық
нәтижелерін пайдаланатын тұлғалар мен автордың
арасындағы өзара қатынастардың шартты нысаны
негіз болып табылады. Бұл құқықтық құрылым
автордың мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтарын жүзеге асыруды және қорғауды
қамтамасыз етеді.
Авторлық құқық - Азаматтық құқықтың
құрылымдық бөлімшесі. Ал авторлық шарт
азаматтық құқықтық шарттың бір түрі. Қазақ-стан
Республикасы
Азаматтық
кодексі
бойын-ша,
азаматтық құқықтық шарт бұл екі немесе одан да
көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді
белгілеу, өзгерту немесе тоқтату ту-ралы келісімі
(378-баптың бірінші бөлімі) [3].
Мемлекетімізді,
әлеуметтік-экономикалық
жағдайды дамытуға байланысты жүріп жатқан ре-
формалар қоғамдық қатынастардың өзгеруін, ең
алдымен, құқықтық қатынастардың, оның ішінде
авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласын
жаңаша бағалауға және құруға бағыттайды. Өйткені
Қазақстан
Республикасының
ұлттық
заң
кесімдерінен өзге авторлық құқық және сабақтас
құқықтардың
республикадағы
заң
негіздері
халықаралық шарттардан құралатындығын ес-тен
шығармауымыз керек.
Біздің елімізде, шығармашылық жұмыс-тармен
айналысуға толықтай кепілдік бе-рілген. Ол
Қазақстан Республикасының Не-гізгі Заңы -
Конституциясының
20-бабын-да
«Сөз
бен
шығармашылық еркіндігіне ке-пілдік беріледі.
Цензураға тыйым салына-ды» деп тұжырымдалған.
Дей тұрғанмен сөз бостандығын місе тұтып, ойдан
шыққан мағы-насыз жай сөз тізбегіне әуен қосып
мәз болып жырлап жүрген халқымыз да аз емес.
Қазіргі таңда басылымдарымыз да, өзге де
туындылары-мыз да цензурадан өтіп жатқан жоқ.
Баспаларда келген қолжазбаға табыс көзімен
қарайды да, еш тексерусіз баса береді. Өйткені
баспаларда тапсырыс аз, олардың қолжазбаларды
тексеріп, саралап басатын жағдайы болмағандықтан
осы-лай істеуге мәжбүр. Ал телеарнадан беріліп
жатқан анайы бейне баяндар, радиолардан ай-тылып
жатқан сапасыз әуендер еш кедергісіз, еш мүлтіксіз
халыққа таратылып жатыр. Олардың қайсысы
цензураға тексеріліп өтіп жатыр дейсіз? Ешқайсысы.
Қазіргі тілмен айтқанда, «Танысы бардың, шансы
бар» дегендей, та-ныс пен ақша маңызды рөл
атқаратын біздің заманға баяғы қабылданған
заңдардың орын-далуы қажет. Тағы да айта кететін
бір жайт, ол біздің авторларымызға қаламақының
төленбеуі. Көптеген даулар осыдан бастау алып
отыр,
шет
елдегідей
авторға,
туындыны
орындаушыға
радиодан,
телеарнадан
соның
туындылары жа-рияланып жатса қалам ақысы
төленіп отырады, ал бізде ондай жоқ. Тіпті автор көз
жұмғаннан кейін де 70 жыл бойы соған қаражат
бөлініп тұрады. Осыған байланысты осы жылдың
сәуір айында «Заң» газетінде жарияланған, Алтынай
Жолдыбекованың «Авторлық құқық мәселесі -әлі
өзекті» мақаласына тоқталып өтсем.
Алматы қаласы Әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқығы бөлімі «Заңдық және
жеке тұлғалармен ойын-сауық орталықтарында
музыкалық шығармаларды және әуендерді
пайдалану жұмысының өзектілігі» тақырыбында
жиын өткізді.
Шараны Алматы қаласы Әділет департаменті
бастығының орынбасары Ардақ Қаңтарбаев ашты.
Сонымен қатар жиынға әділет саласының, қаладағы
мейрамханалар
мен
кафелердің
басшы-лары,
авторлық құқыққа қатысты бірлестіктердің өкілдері
қатысты. Онда заңды және жеке тұлға-лармен ойын-
сауық орталықтарында музы-калық шығармаларды
және әуендерді пайда-лану жұмысында туындаған
өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме қозғалды.
Қазақстан бой-ынша жеті авторлық қоғам бар дейтін
болсақ, ойын-сауық орталықтарының басшылары
өздері қалаған авторлық қоғамдармен келісімшартқа
тұруы қажет. Алайда кейбір жоғарыдағы орталықтар
тарапынан бұл шартты орындамай-тындар бар
көрінеді. Оған дәлел, өткен жылы авторлық
құқықтың бұзылуына байланысты 244 тексеру
жүргізілсе, соның ішінде 50-ден астам кафе-
мейрамхана заң бұзушылық жасап, әкімшілік
жауапкершілікке тартылыпты.
А. Тілепберген
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
211
ISSN 1563-0242
Аталған
кәсіпкерлер
қалаған
авторлық
қоғамдармен келісімшартқа тұруы қажет болса,
орталық иелері шығармаларды пайдаланғаны үшін,
авторларына келісімшартта көрсетілген көлемде
қаржы төлеуі тиіс. Ал келісімшартта оның көлемі
нақты көрсетілген. Біздің жиын-нан байқағанымыз -
қалада әлі күнге дейін жоғарыдағы кәсіп иелері
тарапынан
тиісінше
міндетін
орындамай
жүргендердің бар екендігі. Ардақ Қаңтарбаев:
«Жалпы бұл құқықтық түсін-діру жұмысы түрінде
жүргізіліп
отырғандықтан,
келген
қонақтар
көкейінде жүрген толғақты сұрақтарын қойып, тиісті
жауаптарын алды деп ойлаймын», - деді.
Ал «Ұлытау» мейрамханасының әкімшісі А.
Рамазанованың «Мейрамханамызда үлкен теледидар
орналасқан. Теледидарда айтылған әндер үшін де
ақша төлеуім тиіс пе, мейрамхана-да орындалған
әндер мен музыкалық әуендерге төлеп жатырмыз
ғой» деген сауалына «Абы-рой» қазақстандық
авторлық қоғамының өкілі Темірлан Төлегенов:
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»
заңның 12-бабы-на сәйкес, төлеуіңіз тиіс», - деп
жауап берді[4]. Мәселенің көтеріліп отырғаны
дұрыс. Кез кел-ген автор өз шығармасының
қаламақысын алып отыруы заңды. Шетелде бұл
жүйе ашық әрі өз деңгейінде нәтижелі жұмыс
атқарып жатыр. Егер біздің елімізде де дәл солай
жұмыс жүргізілсе, құқығым бұзылды деген әңгіме
естілмес еді.
Дөңгелек
үстелде
көтерілген
мәселе-
лер,жауабын таба алмай келеді. Осындай дөңге-лек
үстелдер көптеп өтіп жатқанымен, әкелер пайдасы
аз. Қаншама мәселелер көтеріліп, сол жерде қалып
қойып жатады. Осының шешімі тезірек табылса екен
деймін. Автормен толықтай келісуіме болады.
Расында да, автор-лар өз қаламақысын уақытымен
алып отырған жағдайда ғана, келеңсіз жайттар
туындамас еді.
Ойымды қорытындылай келе, «Авторлық
құқық» саласының ісін әрі қарай жетілдіру үшін, осы
саладағы олқылықтардың орнын толтыру біздің,
яғни жас ұрпақтың міндеті. Бар жүкті М. Ысқақабай
басқарып отырған «Авторлар Қоғамына» артып
қоймауымыз керек. Құқық бұ-зылған жағдайда оны
тез арада реттеуіміз керек. Өз құқығын білмейтін
авторларымыз көп, оны жасырып қайтеміз?
Сондықтан құқық саласынан өз сауатымызды аша
түсейік. Сонда ғана, өзімізге-өзіміз сенімді әрі нақты
жауап бере аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |