Г. С. Толықбаева
KazNU Bulletin. Journalism series. №1 (31). 2012
220
ISSN 1563-0242
шықпай-ақ үлкен ғалымдар мен педагогтердің
дәрістеріне қатысуына, өткен және қазіргі тарихи
оқиғаларға куә болуына, әлемнің ең белгілі
мұражайлары мен мәдени орталықтарына, жер
шарының ең алыс және қызық түкпірлеріне сапар
шегуіне мүмкіндік жасады.
Телеканалдық технологиялау білім алушы-лар
мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Жүргізілген мониторингтік бақылаулар бойынша,
компьютерлік жүйемен жұмыс білім алушылардың
әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін
арттыра түскені, телекоммуникациялық байланыс
арқылы білім алушылардың жақсарғаны, олардың
оқуға деген қызығуының артқаны, үлгерімдерінің
біршама жоғарылағаны байқалады.
Ақпараттық-коммуникациялық техноло-гиялар,
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, ақпаратты
өңдеу және сақтаумен айналысатын адамдардың
еңбегін тиімді ұйымдастырудың әдістерін зерттеуші
өзара
байланысқан
ғылыми
технологиялық
пәндердің кешені ретінде, тілді оқыту әдістемесін
құраушы маңызды компоненті бола алады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология-
ларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары
мынадай:
1.
Олар
білім
алушыларға
тақырып
шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2.
Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта
орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол
жеткізуге болады.
3.
Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі
олардың таралымдалуы мен оқу материалының
сапасын арттырады [5].
Жоғары
оқу
орындарында
гуманитарлық
пәндерді мультимедиалық оқытуда қолданыла-тын
құралдар біз жоғарыда атап өткен ақ-параттық
технологиялар жүйесімен оқыту қағидаларына
сәйкес
айқындалады.
Пәндерді
ақпараттық
технологиялар жүйесімен оқыту үдерісіне енгізілген
мультимедиалық, теледи-дарлық, компьютерлік оқу
құралдары арқылы оқу материалының білім
алушылар тарапы-нан игерілуі екі-үш есе артатыны
айқындалды. Оған әсер ететін басты фактор
синкретикалық оқытудың іске асуы екендігі
анықталды. Яғни білім алушы үшін бір мезгілде
мате-риалды көру, есту, арқылы қабылданып, ол
материалдың кез келген мезетте қайталануына
мүмкіндіктің болуы және интерактивті режим-дегі
білім
алушының
оқу
қызметінің
ұйым-
дастырылуының жүзеге асуы.
Еліміздегі оқытушы ұстаздардың ақпарат-тық
іскерліктерін дамыту, оқу үдерісінде ақ-параттық
технологияны қолдануға даярлау туралы мәселелері
бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Ж.Ж.
Жаңабаев, Г.О. Тәжіғұлова және т.б. ға-лымдардың
кітаптарында кеңінен талданады.
Дегенмен білім беру мен ғылымды дамыту
жүйесінде білімділік және ақпараттық техноло-
гияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда бірқатар
кемшін тұстары да жоқ емес. Сонымен қатар
ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені
қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім
беру технологиялары мен ақпараттық қарым-
қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда
педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген
техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы
жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша
ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп,
нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының
қалып-тасуына жол ашуы керек.
Қорытындылай келе, жоғары оқу орын-дарында
оқу үрдісінде жаңа ақпараттық тех-нологияны
пайдалану білім алушы оқушы, студенттердің
шығармашылық жұмысының өнімділігін, білім
сапасын көтеруге өз ықпалын тигізетінін айтқымыз
келеді. Дегенмен естен шығармау қажет, қандай
озық технология бол-масын оқытушының орнын
баса алмайтыны ақиқат. Жаңа дәуірде білім
жүйесіне жаңа формат, құрылым жасау үшін
телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы
қажет-ақ, сондай-ақ білім үрдісіне ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды үйлестіруде
білікті мамандар-дың ат салысқаны абзал.
Достарыңызбен бөлісу: