Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Әдеби KZ  
 
 
сұлтанға  көп  қол  беріпті-міс.  Жұныс  сұлтан  көп  кешікпей  Яссы,  Сауран,  Сығанақ 
қалаларынан  бері  қарай  Шу,  Талас  өзендерін  қуалай  отырып.  Алмалыққа 
аттанбақшы-мыс. 
 
Жайшылықта  «ел  шетіне  жау  тигелі  жатыр»  дейтін  хабарлардан  айылын  да 
жимайтын Исан-Бұғы бұ жолы шошып қалған. Өйтпеске амалы жоқ. Еліне сырттан 
келер  жаудың  қаупі  бір  бөлек  те,  өз  ішінен  шыққан  жаудың  қаупі  басқаша. 
Сырттан  келер  жауға  жұртыңды  қарсы  қоюға,  ұран  сап  халқыңды  біріктіруге 
болады.  Ал  өз  ішіңнен  шыққан  жау,  ол  халқыңның  жауы  емес,  тағыңның  жауы. 
Мұндайда  «отаным,  елім!»  деп  ұран  салу  да  қиын.  Жұныс  сұлтанның  әбусейіт 
әскерімен  Исан-Бұғыға  қарсы  шығуы,  әкесінің  тағы  үшін  күресуі  Жағатай 
ұрпақтарын  екіге  бөлу  еді.  Ал  жалғанда  үйіңнен  өрт  шыққаннан  асар  жамандық 
жоқ. Өрт шығатыны тағы белгілі. 
 
Исан-Бұғының  мазасын  алған  осы  ойлар  еді.  Ол  бүгін  құмсағаттың  үшінші 
аударылуына  хан  кеңесін  шақырған.  Сол  хан  кеңесі  жиналғанша  жанын  қоярға  
жер таппады. Нөкерлерін ертіп көне Алмалыққа барды. Алтын Емелден әкелінген 
құм  алтынды  уыстап  біраз  отырды.  Бірақ  көңіл  тұманы  бірде-бір  селт  етпеген. 
Тұнған  желімдей  жан  сезіміне  жабысып  алып  тұрған  да  қойған.  Жайшылықта 
алтын  көрсе  рақаттанып  қалатын  көңілі  бұ  жолы  Исан-Бұғыны  шошыта  берген. 
Бұдан өз басына төнген қатердің қаншалық қауіпті екенін түсінген. 
 
Бату ұрпақтары Алтын Орда тағынан айырылғаннан бері қазақ рулары Жағатай 
хандарына достық ілтифат көрсетіп баққан. Бұл екі жағдайдан туған. Бірі Жағатай, 
Моғол хандарына қазақтың Үйсін, Жалайыр, Найман, Керей, Қаңлы секілді басты 
руларымен  тізе  қосып  үнемі  Қытай,  Ойрат  секілді  көршілерін  тонауды  мақсат 
еткен  сырт  жаумен  көбірек  алысуға  тура  келген.  Бұл  қазақ  пен  Жағатай,  Моғол 
хандарының  бір  ойдан  шығуына  себеп  болған.  Екіншісі  —  Жағатай,  Моғол 
хандары  да  қазақ  рулары  тәрізді  көбінесе  көшпелі  өмір  сүрген.  Мал  қамы  кейде 
жер қамына айналып, амалсыз бірлесулеріне мәжбүр еткен. 

185 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Ал Ақсақ Темір мен Көк Орда хандарының басқа жұртқа үстемдіктерін  жүргізу 
әрекеттері,  өздеріне  қорқыныш  тудыратын  елдерден  емес,  өздері  қор- 
қыта алатын елдерді жаулап алудан басталған. Осы екі жақтың ортақ құрбаны ең 
алдымен  Дәшті  Қыпшақ  болған.  Ақсақ  Темір  де  өзінің  Алтын  Ордаға  қарсы 
жорығында,  ең  алдымен  жолай  қазақтың  алғашқы  ханы  Алашаның  балалары 
Мәмет  пен  Сәметтің  ұлыстарын  шапқан,  өздерін  өлтірген.  Бертін  келе  қыз  алып, 
қыз берісіп кеткен Ақсақ Темір ұрпақтары мен Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 
саясаты екеуара бірігіп қатар тұрған Моғолстанды шабу болған. Қасыңның досы — 
о  да  қасың.  Қазақтың  көп  рулары  Моғол,  Жағатай  ұлыстары  жағына  шығып 
кеткендіктен,  бұл  рулар  Әбілқайыр  хандығы  мен  Самарқант  әмірлігіне  қас 
саналатын. Реті келсе оларды ел етіп біріктірмей, бағынышты жағдайда ұстау үшін, 
әлсін-әлсін шабуды саясат еткен. 
 
Осы  саясат  әсіресе  соңғы  кезде  Әбілқайыр  мен  оның  күйеу  баласы  —  
Самарқанттың әмірі әбусейіттің кезінде өрши түскен. Бұл мезгілде Моғолстан мен 
Дәшті  Қыпшақтың  ортасындағы  бүкіл  Түркістан  өлкесі  Әбілқайырдың  қолында 
тұрған.  Моғолстанға  жаны  қас  әбусейіт  Әбілқайырдың  арқасында  осы  өлкенің 
Яссы,  Сауран,  Сайрам,  Сығанақ  секілді  мединелеріне  арқа  сүйеуге  толық 
мүмкіншілік алған-ды. Оның үстіне әбусейіт Жағатай Ордасының ішіне суық қолын 
бөтен жолмен де кіргізуді ойлаған. Жұныс сұлтанның фарсы әйелінен туған қызы 
Сұлтан-Нигар-Бегімді  баласы  Омар-Шейх  мырзаға  алып  бермек-тін.  Мұнда  тағы 
саясат  бар.  Исан-Бұғының  орнына  өзінің  туған  құдасы  Жұныс  сұлтанды  отырғызу 
үшін,  әрине  әбусейіт  әскерін  аямайды.  Жұныстың  күшеюі        және  оның  әбусейіт 
жағында    болуы  —  Самарқант  әмірінің  айбарының  ұлғая  түсуіне  көп  жәрдем. 
Соңғы  кездері  әбусейіттің  Әбілқайырдан  алыстауы  Ақсақ  Темір  ұрпағы  мен 
Жағатай тұқымдарының тізе қоса бастауынан шыққан. Семіздікті тек қой көтереді. 
Атасы Ақсақ Темірдің ауыр тәжінің салмағын ұрпағы әбусейіт көтере алмай жүр. 
 
Жоқ,  олай  емес.  Әбілқайырға  Самарқант  әмірлігі  құлақ  сала  берсе,  түбі  Ақсақ 
Темір хандығынан дым да қалмайды. Бұны әбусейіт жақсы біледі. Осыдан барып 

186 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ол  жанталасады.  Уайс  ханның  баласы  Жұныспен  бірігіп  Моғолстанды  алып,  түбі 
Әбілқайырға қарсы Темурлан хандығын күшейтпек. Ал өзге сұлтандарға не керек? 
Олар  тек  «Ұр-рит  соқ,  соқ!,  Ұр-рит  соқ,  соқ!»  Әбілқайыр  мен  әбусейіт  секілді  екі 
азбан  қошқар  сүзіссе  екен  дейді.  Тек  сонда  ғана  Моғолстанды  алып  күшеймек 
түгіл,  өз  хандықтарын  сақтап  қалулары  да  бұлардың  екіталай  болар  еді  деп 
ойлайды мықты біткеннің бәрі-бәрі. 
 
Моғолстан! Бір кезде қандай күшті тайпа еді! Батысындағы Тоқай-Темір ұрпағы 
Астрахань хандарына, күншығысындағы — Қытай богдахандарына, солтүстігіндегі 
—  Ойрат  қонтайшыларына,  оңтүстігіндегі  —  Ақсақ  Темір  мен  Сайбанның  қанды 
балақ  әмір,  сұлтандарына  бой  бермей  келген.  Ал  қазір  ше?  Қазір  де  жаралы 
жолбарыстай  бір  шабатын  күші  бар.  Бірақ  сол  күші  ұзаққа  жетер  ме?  Ай,  жетуі 
екіталай.  Оны  жаралаған  сыртқы  жаулары  емес,  ішкі  жаулары.  Жете 
1
   мен 
Қарбанас 
2
  хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы. Моғолстанды ішінен жегі 
құрттай жеп, әлсіретіп келе жатқан осы бірікпестік. 
 
Исан-Бұғы тағы ойға шомды. 
 
Мұндай жағдайда өзінің Моғолстанға хан болуы оңайға түсті ме? Екі көз бірін-
бірі  шұқымас  үшін,  алла-тағала  ортасына  мұрын  жаратыпты.  Ал  бұдан  отыз  жыл 
бұрын,  бір  мың  төрт  жүз  жиырма  сегізінші  жылы  әкелері  атақты  Уайс  хан  өліп, 
артында  қалған  ағайынды  екі  жігіт  Жұныс  пен  Исан-Бұғы  Моғолстан  тағына 
таласар  күн  туа  жаздағанында  кім  араша  тұрды?  Ешкім  де  тұрған  жоқ.  Қайта 
ағалы-інілі  сұлтандарды  өшіктірумен  болды.  Әсіресе  бұны  бұрын  Уайс  ханға 
бағынып 
келген 
Моғол 
әмірлері 
істеді. 
Осы 
әмірлердің 
ар- 
қасында  Исан-Бұғы  Жұныстан  Жағатай  хандығын  тартып  алды.  Бірақ  артынан 
жастығы  ма,  мастығы  ма,  хан  болғаннан  кейін  өзін  хан  тағына  жеткізген  осы 
әмірлерге  қиянат  істей  бастады.  Ең  алдымен  бас  наип 
3
   етіп  Тұрфан  қаласынан 
шыққан Темір деген ұйғырды белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің 
                                                 
1
 Ж е т е,  я ғ н и  ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған. 
2
 Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған. 
3
 Е с к і  ш а ғ а т а й  т і л і — уәзір деген мағынада. 

187 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қаққанда  қанын,  соққанда  сөлін  шығарды.  Өзі  қарадан  туа  әсіресе  Моғол 
әмірлеріне  жайсыз  тиді.  Қарадан  наип  еткен  хан  ісіне  наразы  Моғол  әмірлері, 
Темірдің  қорлығы  әбден  асқан  кезде,  бір  күні  түнде  жиналып  кеп  оның  басын 
шауып,  бүкіл  денесін  кескілеп  өлтірді.  Өздері  де  енді  хан  қарамағынан  шығып 
жан-жаққа тарап кетті. Дулат руынан шыққан әмір Мір Кәрімберді Моғолстан мен 
Ферғана,  Андижан  шекарасына  бекініс  салып,  маңындағы  Мауреннахр 
диқандарын  шабуға  кірісті.  Қоншы  руынан  шыққан  Мір  Хақберді  бек  Ыссықкөл 
жағасындағы  Қой  Сойды  деген  аралға  бекініс  тұрғызып,  жүздеген  қарақшы 
жігіттерімен  Түркістан  мен  Сайрамды  тонауға  аттанды.  Моғолдың  Шорас  пен 
Барын руларының әмірлері түбі бір елден шыққандары есіне түсіп, Уайс хан мен 
әкесі  Исан-Тайшы  сан  айқасқан  ойраттардың  қонтайшысы  Амансанджи  жағына 
ауып  кетті.  Қалушы,  Бұлғашы  руларының  әмірлері  Әбілқайыр  қарамағына,  Дәшті 
Қыпшаққа көшті. Ал, моғолдардың ең негізгі көп руы Қоңшының бек, әмірлері еш 
жаққа кетпегенмен де Моғолстанның кең даласында бүліншілік ұйымдастырумен 
болды.  Темір наиптың  өлімінен  шошып  қалған  Исан-Бұғының  өзі  де Алмалықтан 
қашты. Бірақ бұны бір кезде Исан-Бұғының әкесі Уайс ханның күшімен Қашқарды 
қолына алған Сейтәлі әмір Іле өзенінің жағасындағы Аққұйын деген жерден тауып 
алып,  Ақсу  қаласына  әкеп  хан  етті.  Осы  бүлінуден  бастап  Моғолстан  бір  ханға 
бағынудан қалды. Толып жатқан әмірлер, бектер, хакімдер бір тайпы мемлекетті 
быт-шыт қып бөліп алды. Тек ел шетіне жау келсе ғана бас қосатын күйге жетті. 
 
Исан-Бұғы  Ақсуда  әбден  орнығып  алғаннан  кейін,  көп  қол  жинап  хаджири 
есебі  бойынша  сегіз  жүз  елу  бесінші, жаңа  есеппен  бір  мың  төрт  жүз  елу  бірінші  
жылы  Ташкент,  Яссы,  Сайрам  шаһарларын  шапты.  Аямай  тонап,  қайтадан  Ақсуға 
қайтты.  Алдыңғы  жылы  екінші  рет  Исан-Бұғы  тағы  Мауреннахр  жеріне  аттанды. 
Бірақ бұ жолы жауды өз жерінде күтіп алған әбусейіт жеңістік бермеді. Исан-Бұғы 
әскерін бетпе-бет келіп, ұрыста тойтарып, Талас өзенінің бойындағы Тараз-Жаңғы 
қаласына  дейін  қуып  салды.  Исан-Бұғы  дәл  осы  жолы  астанасын  қайтадан 
Алмалыққа  көшірді.  Ондағысы  Қытай  мен  Жоңғар  қаупінен  мединесі  алыстау 

188 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
болсын дегені еді. Сөйтіп жүргенінде қауіп енді кенет оңтүстік өкпе тұсынан туды. 
Сырт  естуіне  қарағанда,  Мір  Кәрімберді,  Мір  Хақберді  әмірлер  Жұныс  сұлтанға 
барып  қосылған  тәрізді.  Бұ  да  Исан-Бұғының  қобалжуын  күшейте  түсті.  Өз 
жағында  табжылмай  жиені  —  Мір  Сейтәлі  мен  Мір  Мұхамед-Шейх  әмірлер  ғана 
қалды.  Қысқасын  айтқанда,  Исан-Бұғы  енді  өз  үйінде  өрт  шыққанын  анық  ұқты. 
Бұл  қиындықтан  құтылатын  қандай  жол  бар?  Мединесін  қайтадан  Ақсуға  көшіру 
керек  пе?  Одан  не  табады?  Алмалыққа  жетер  Жұныс  пен  әбусейіт  мырза  Ақсуға 
жете  алмай  ма?  әрине  жете  алады.  Бірақ  Ақсуда  Мір  Мұхамед-Шейх  пен  ар 
жағындағы  Қашқардағы  жиені  Мір  Сейтәлі  әмірлер  бар  емес  пе,  Исан-Бұғының 
басына шын қауіп туса, бұлардың үндемей қалмайтыны кімге болса да аян. Содан 
сескеніп Жұныс атының басын кейін тартар? О да мүмкін. Бірақ бір әкеден туса да, 
бір  анадан  тумаған,  өзі  Жұныспен  қан  майданда  бетпе-бет  бір  кездеспей,  күні 
бұрын  қашқаны  қалай  болады?  Жұныс  осы  Моғолстаннан  кеткелі  жиырма 
жылдың  ішінде  Исан-Бұғыға  қарсы  екі  рет  қол  жиып  майданға  шыққан.  Бірақ 
екеуінде  де  жеңіліп  кейін  шегінген.  Бұл  жолы  да  сөйтер?  әй,  оған  сену  қиын.  Бұ 
жолы  күш  Жұныс  жағында.  Жұныс  жағында  емей  немене,  оны  жақтап  Дәшті 
Қыпшақтың айбынды ханы Әбілқайырдың туған күйеу баласы, Жұнысқа ең жақын 
бел  құда  болып  Ақсақ  Темірдің  алтын  тағындағы  әбусейіт  отыр.  Жоқ,  іштей  іри 
бастаған  Моғолстан  оған  дәл  қазір  қарсы  тұра  алмайды.  Сонда  не  істеу  керек? 
әлде торғауыттың қонтайшысы Амансанджидың өзінен жәрдем сұраса ма екен? 
 
Исан-Бұғы  екі  қолын  артына  ұстап  гүлі  төгілген,  түгі  екі  елі  жібек  фарсының 
қырмызы қызыл кілемін көк шалғынды басқандай аяғымен жайпай аттап, ерсілі-
қарсылы жүре бастады. Оның қалмақ қонтайшысынан жәрдем сұрасам қайтер еді 
деген үмітінің де сыры бар еді. 
 
Жағатайдың  бесінші  буыны,  Мұхамедтің  шөбересі  Уайс  сұлтан  ер  жеткен 
кезде,  Моғолстан  тағында  әкесі  Мірәлі  оғыланның  інісі  Мір  Мұхамед  отыр- 
ған-ды. 

189 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Мір Мұхамед хан мен Уайс сұлтанның арасы өте нашар болды. Уайс сұлтан өзі 
секілді кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, Қашқарияда 
біраз  уақыт  аламандық  құрып  жүрді  де,  Түркістанға  келген.  Бұл  кезде 
Түркістанның  хакімі  Ақсақ  Темірдің  атақты  серігінің  бірі  Қыпшақтан  шыққан  Сар-
Бұғы  әмірдің  баласы,  Шайх-Нұридин  болатын.  Ол  Мір  Мұхамед  ханмен  өте  араз 
еді. Шайх-Нұридин әмір Уайс сұлтанды құшағын жайып қарсы алды. Өзінің қызы 
Дәулет-Сұлтан-Сақынажды  қосты.  Одан  Уайстың  тұңғышы  Жұныс  сұлтан  туды. 
Шайх-Нұридин  әмір  Уайсқа  әскери  жәрдем  беріп,  сан  мәртебелі  Мір  Мұхамед 
ханға  қарсы  салды.  Бірақ  қандай  айқас  болса  да  күші  мол  Мір  Мұхамед  жеңе 
берді.  Тек  осы  хан  өз  ажалынан  өлгеннен  кейін  барып,  Уайс  бір  мың  төрт  жүз 
жиырма  бесінші  жылы  ғана  Моғолстан  тағына  отырды.  Бірақ  оның  хандық  өмірі 
өте  аз  болды.  Моғолстан  тағын  бар  болғаны  үш-ақ  жыл  биледі.  Қашқар  ханы 
Қарахан  ұрпағы  Сатуқ-Бограның  қолынан  майданда  қаза  тапты.  Бірақ  осы  аз 
өмірінде  Уайс  хан  көп  іс  істеді.  Ең  алдымен  ол  мұсылман  дініндегі  елдермен 
жауласуды  тоқтатты.  Бар  күшін  Қытай  мен  Ойрат  қонтайшыларымен  күреске 
жұмсады. Осы кездегі Ойрат қонтайшысы Исан-Тайшымен майданда сан мәртебе 
кездесті.  Қытай  богдаханынан  үнемі  әскери  жәрдем  алып  отырған  Исан-Тайшы 
оған  жеңгізбеді.  Бір-екі  рет  тұтқын  да  етті.  Бірақ  Шыңғысханның  ұрпағы  деп 
босатып  жібере  берді.  Уайс  сұлтан  ең  ақырғы  мәртебе  Тұрфан  қаласының 
жанындағы ұрыста тағы Исан-Тайшаның қолына түсті. Бұл жолы торғауыт әміршісі 
оны  текке  босатқысы  келмеді.  «Егер  қарындасың  Мақтұм  ханымды  маған 
әйелдікке  берсең  босатам»  деді.  Амал  жоқ,  Мақтұм  ханымды  Исан-Тайшыға 
беруге  тура  келді.  Одан  ойраттың  осы  күнгі  қонтайшысы  Амансандж  туды. 
Қасқырдың  бөлтірігі  өсе  келе  енесіне  шабады.  Амансандж  Исан-Тайшы  секілді 
көкжалдан  туған  арлан  бөрі  еді.  Ол  шешесінің  ақ  сүтінен  әкесінің  алтын  тағын 
артық көрді. Сол тақты күшейту жолында «Моғолстанды нағашы жұртым» демеді. 
Кере  қарыс  аузын  қазақ  руларының  қанына  толтыра  ұрттады.  Көршілес  Найман, 
Керей  ауылдарына  маза  беруді  қойды.  Тек  бұл  руларды  ойраттың  қисық 

190 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қылышынан қазақтың қара сойылы мен қайыспас ерлігі, табан тіреп қарсы тұрар 
қайсарлығы ғана құтқарып жүрді. 
 
Исан-Бұғының  Амансанджидан  жәрдем  сұрасам  қайтеді  дегені  —  сасқан 
ханның  «түбі    жиенім  ғой»  деген  құр  далбасасы  еді.  Бірақ  сасқан  ханға  жәрдем 
басқа жақтан келді. 
 
Хан  осылай  ерсілі-қарсылы  қалың  ойда  жүргенінде  үйге  бас  найыбы  Үйсін 
Қастек кірді. 
 
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан, хан кеңесі тегіс жиналды. 
 
— Мір Сейтәлі әмір де келді ме? 
 
— Иә, тақсыр хан, кеше оған ат шаптырылған. 
 
— Мір Мұхамед хан ше? 
 
— О да. 
 
Хан  сүреде  тұрған  гауһар  тас  орнатылған  алтын  тәжін  киді  де,  қолына  асыл 
тастардан  безелген  күміс  асасын  ұстап  кеңес  сарайына  қарай  беттеді.  Бас  найп 
Қастек  би  мен  ауыз  үйде  күтіп  тұрған  басқа  паруалар 
1
   үн-түнсіз  соңынан  ере 
берді. 
 
Хан  кеңес  сарайына  кіріп  келгенде,  үйдегі  әмір,  сұлтан,  бек,  хакімдер  тегіс 
түрегеліп, иіліп сәлем берді. 
 
— Арсыңдар ма, бек-задалар? — деп хан есік алдында сәл кідірді. 
 
— Барсыз ба, хан иеміз? — деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті. 
 
— Құп келіпсіздер, асыл бауырлар, — деді хан төрдегі өз орнына бара жатып, 
— отырыңыздар. 
 
Хан  алтын  зерлі  барқытпен  безенген  кеңес  сарайының  төргі  жағындағы  күміс 
сәкіге  барып  отырды.  Хан  отырғаннан  кейін,  өзге  жұрт  та  дәрежесіне  қарай 
орналаса бастады. Үй іші толған ақ сәлделі, көк шапанды, көк сәлделі, ақ шапанды 
софы,  хакім,  әмір,  даруғалар  мен  күміс,  алтын  кіселі,  кең  қоныш  етікті,  бұлғын 
тымақты,  сусар  бөрікті  Дулат,  Үйсін,  Жалайыр,  Найман  билерімен  лық  толы. 
                                                 
1
 П а р у а — көне түркі тілі, хан соңындағы адамдар. 

191 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Жағатай  ордасында  Маймене,  Майсары  дәстүрі  жоқ.  Хан  жеке  отырады.  Одан 
төмендеу  тек  бас  наип  қана  орналасады.  Өзге  жұрт  өзінің  шен-шекпеніне  қарай 
орын алады. Алдыңғы жағында ханға жақын, Қашқар, Ақсу, Тұрфан, Жаңғы секілді 
үлкен әмірліктің хакімдері, олардан сәл кейініректеу Моғолстан хандығының тірегі 
Үйсін, Жалайыр, Дулат, Найман, Керей, Қаңлы тәрізді қазақ руларының белгілі ру 
бастықтары,  билері,  батырлары,  бұлардан  соң  барып,  Шолақ,  Қорған,  Жаркент 
тәрізді шет қалалардың әкімдері, діни адамдар, софы, ишан, мүриттер... 
 
Исан-Бұғы  бірден  сөзге  кірісті.  Ол  Моғолстанның  солтүстігінен  Ойрат, 
күншығысынан  Қытай,  оңтүстігінен  әбусейіт  пен  Жұныс  сұлтанның  шабуылға 
шықпақ боп жатқанын айта келіп, хан кеңесінің шешіміне екі жарғы қойды. 
 
—  Бірінші  айтарым,  —  деді  ол,  —  бүкіл  Моғолстан  боп  әскер  жинап  жауға 
қарсы  шығамыз  ба?  әлде  әр  хакім,  әр  әмір  өз  қаласын,  өз  ұлысын  қорғай  ма? 
Осыны шешіңдер. 
 
Екінші  айтарым,  қазіргі  жағдайда  Моғолстан  мединесін  бекінісі  нашар 
Алмалыққа қалдырамыз ба, әлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта 
көшіреміз бе, соны шешіңдер. 
 
Түскелі  тұрған  ауыртпалық  иықтарынан  жаншып  жібергендей,  үйде  отыр- 
ғандар  мықшия  жерге  қарай  қалды.  Бәрінде  де  үн  жоқ.  Уайс  ханнан  бері 
әрқайсысы өзіне жеке отау тігіп, бүкіл Моғолстанды талан-тараж етіп меншіктеніп 
алған  Моғол  әмірлері  енді  қалың  ойға  кетті.  Бастарын  біріктіріп  жауға  қарсы 
шығар  болса  қандай  пайда-зиянға  қаларларын  есепке  алды.  Хан  қойған 
сұрақтарға  тікелей  жауап  беруге  әрқайсысы  өз  жағдайын  ойлап  қиналды.  Егер 
бастары  қосылмаса,  бүкіл  хандықтарынан  айрылатыны  бұл  сәтте  ешқайсының 
жанын  күйдірер  емес.  Қазаны  басқаның  жаны  басқа,  бәрінің  де  ойлағаны  өз 
пайдасы,  өз  қамы.  Бұлар  түбі  әскер  жиналатын  болса,  қайтсем  өз  ұлысымды,  өз 
қаламды  күшті  қалпында  сақтаймын,  қайтсем  кісіні  аз  берем,  әскерге  керек 
қаржы-қаражатты  аз  төлеймін  деп  толғануда...  «Ал  өз  қаламды,  өз  ұлысымды 
жеке  қорғаймын  десем,  одан  қандай  зиян  көремін?  Жұныс  пен  әбусейітке 

192 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қарсыласуға  күшім жетпей-ақ қойсын, Уайстың  қай  баласына  бағынсам  да  маған 
бәрібір  емес  пе?  Мүмкін  жауласпай-ақ  Жұныс  жағына  шыға  салғаным  тиімді 
болар?» Қытай мен Ойраттан бәлендей қауіптің дәл бүгінгі күні жоқ екенін бұлар 
да  жақсы  біледі.  Өйткені  оларға  қарсы  қазақтың  жауынгер  рулары  тұр.  Осы 
себептен  «ортақ  өгізден,  оңаша  бұзау  артық»  деп  әдеттеніп  қалған  Моғол 
әмірлері  әлі  үн-түнсіз...  Ел  қамын  ойлап  қиналып  отырғандай  құр  жерді  шұқи 
береді. Қайтсек хандығымызды жаудан аман алып қаламыз деп ешкім мүнәзараға 
1
  барар емес. 
 
Исан-Бұғы  түбі  өздері  оралар  деп  Моғол  әмірлерін  беттеріне  қоя  берген  
қатесін  енді  ұқты.  Ел  басқарам  деген  адамға  ең  алдымен  ел  бірлігін  ұстай  білу 
керек. Ел бірлігі деген ұғым сол елді басқаратын сұлтан, хакім, әмір, би, батырлар 
бірлігі деген ұғым. Бұны бабасы Шыңғысхан өзінің атақты Ясысында жақсы айтқан. 
Сол  Шыңғыстың  ақылын  неге  алмаған?  Жиырма  бес  жыл  хан  асасы  қолында 
тұрғанда,  бірігуге  көнбеген  әмірлерді  неге  түйреп-түйреп  тастамаған?  Енді  міне, 
қиын кезең туып еді, артына қарай жүзген шаян тәрізді, біреуі алға шығатын емес. 
Мұндай жұртпен Моғолстанды қалай жаудан қорғап қаларсың! 
 
Жұрт үні жуырда шықпаған соң, Мір Сейтәлі әмір қабағын шытты. 
 
— Хан ием, — деді ол сәл ашулы үнмен тыныштықты бұзып, — айтқан сөзіңіз 
мына  пенделеріңізге  әзірейілдің  гүрзісіндей  қатты  тиіп  отыр.  Ақылға  салуға  аз 
уақыт мұршат беріңіз. 
 
— Болсын. 
 
Дәл  осы  сәтте  үйге  қияқ  мұртты,  шоқша  сақалды,  ұйғырша  киінген  дәйекші 
кірді. 
 
—  Хан  ием,  теріскей  жақтан  шабарман  келіп  тұр.  Асығыспын  дейді.  Түнімен 
тұтғақ 
2
  бастығы сізге жібермепті. 
 
— Айтары құпия ма екен?   
                                                 
1
 М ү н ә з а р а — көне түркі тілі, талас, өзара шешім табу. 
2
 Т ұ т ғ ақ — көне түркі тілі, түнгі күзетші тобы. 

193 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді. 
 
— Кірсін. 
 
Үйге «ассалаумағалейком» деп басын иіп, тобылғы қамшысын кеудесіне ұстап, 
қоңыр  жүзін  жел  сорған  қаба  сақалды,  түйе  жүн  шекпенді,  белінде  күміс  кіселі 
жалпақ белбеуі бар, кең қоныш етікті, орта бойлы адам енді. Ол сәлем беріп, есік 
алдында  ханға  кішіпейілдік  ишарат  көрсетіп,  бір  тізерлеп  отыра  қалды.    Шаң 
шалған жүзінен алыстан келген жолаушы екені бірден көрініп тұр. 
 
— Қай рудансың? — деді хан ананың сәлемін алып болғаннан кейін. 
 
— Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын. 
 
— Сөйле! Не айтайын деп едің? 
 
—  Сүйіндік  хакім  хабарымды  ұлы  мәртебелі  Исан-Бұғы  ханға  тез  жеткіз  деді. 
Байтақ  жеріңіздің  теріскей  шетіне  Барақ  хан  мен  Болат  сұлтанның  балалары 
Жәнібек  пен  Керей  ерткен  қалың  ел  келіп  тұр.  Дені  Арғын,  Уақ,  Найман,  Керей, 
аздаған  Қоңырат,  Алшын  да  бар.  Әбілқайыр  ханмен  келісе  алмай  көшіпті.  Қоныс 
сұрайды.  Жәнібек  пен  Керей  сұлтан  өзге  жұртын  Талас  өзенінің  арғы  бетіне 
қалдырып,  өздері  бес  жүз  сойылды  салт  атты  нөкерлерімен  төте  жолмен  сіздің 
мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі жеттім. 
 
Хан  көзінде  кенет  қуаныш  ұшқыны  жарқ  етіп  тұтанды  да,  сол  сәтте  ғайып 
болды. 
 
— Жәнібек пен Керей сұлтан қай мезгілдерде жетер екен? 
 
— әрі кетсе ертең күн шыға. 
 
— Өздері қанша жұрт? 
 
—  Қыруар  ел.  Алды  келіп  өзеннің  кең  алқабында  қазан  көтеріп  жатқанда, 
көштерінің  соңы  түйелерінің  қомын  алып  та  үлгерген  жоқ.  Оның  үстіне  жан-
жақтағы  қазақ  жерінен,  тіпті  алыстағы  ауылдардан  соңдарынан  іздеп  келіп 
қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірә, Әбілқайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан  
етін жұлып алуға айналған болуы керек... 

194 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Исан-Бұғының қабағы қарс жабыла қалды. Шабарман хан алдында хандардың 
халыққа  істеген  қиянатын  тәптіштеудің  үлкен  қылмыс  екенін  тез  ұқты.  «Қарға 
қарғаның  көзін  шұқымас  деген  міне,  осы  екен»,  —  деді  ол  ішінен.  Қарапайым 
адамның  тілі  тым  ұзын  болса,  хан  әмірі  қалай  қысқарта  қоятынын  бұрыннан  да 
білетін шабарман, тым қысылып қалды, бірақ сол сәтте жол тауып кетті. 
 
—  Кешіріңіз,  хан  ием,  —  деді  ол  тағы  басын  төмен  иіп,  екі  қолын  кеудесіне 
қойып. — Сүйіндік хакім, бүкіл Моғолстан халқының қамқоры әділетті Исан-Бұғы 
ханға  Дәшті  Қыпшақтың  көп  руларының  көшу  себебі  Әбілқайыр  ханның 
қиянатынан деген жайды айт деп еді. 
 
Шабарманның қулығын ұққан кей хакім, әмірлер кекете езу тартты. Бірақ өзін 
«ел қамқоры» деген сөз құлағына жылы тиген Исан-Бұғы қабағын қайта ашып: 
 
—  Жақсы.  Қонақ  үйге  барып  тынық.  Хакім  Сүйіндікке  біздің  айтарымызды 
ертең естисің... 
 
Басын  аман  алып  қалғанына  қуанған  шабарман  «құп,  тақсыр»,  деп  үйден  ата 
жөнелді. Далаға шығып «Уф» деп демін алды. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» 
деген  міне,  осы.  Егер  басыңды  аман  алып  жүргің  келсе,  аузыңа  ие  бол.  Тым 
ақылси берме». 
 
Шабарманның  Исан-Бұғыға:  «Қыруар  ел,  оның  үстіне  жан-жақтарынан  көшіп 
келіп қосылып жатқан жұрт та ығы-жығы» дегені бірде-бір жалған емес еді. 
 
Жәнібек пен Керей Қаракеңгір мен Сарыкеңгірді  кейін тастап, Қарақұмнан үш 
күнде жедел көшіп өткен соң, соңдарынан ерген елдердің ақсақал, батыр, билерін 
жинап кеңес құрған. Барар жеріміз алыс және жат жер. Ағайын жоқ болсаң бере 
алмайды,  бар  болсаң  көре  алмайды.  Моғолстан  елі  бізді  қалай  қабылдайтыны 
белгісіз.  Сондықтан  түйенің  қомын,  аттың  жалын  алдырмай,  ағайынға 
сорлылығымызды  көрсетпей  жетелік.  Күшті  екенімізді  көрсе  сыйлар,  күшсіз 
екенімізді  көрсе  аяр,  «кет  кейін»  дей  қоймас,  туыстығымызды  қимас...  деп 
шешкен. 

195 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Осы  күннен  бастап  сыңсыған  қалың  ел,  малдың  күйіне  қарай,  асықпай  көшіп 
отырған.  Бір  аптадай  өткен  шақта  Жәнібек  пен  Керей  өздерінің  он  бес  ұл,  жеті 
немере, көптеген, аға-інілерін жинаған. Жәнібек, жолай «Қызыл жыңғылдан» өтіп 
бара  жатқанда  жігіттеріне  кестіріп  алған  жуандығы  қамшы  сабындай  бір  құшақ 
қызыл  күрең  тобылғыны  алдына  қойып,  үлкен  баласы  әдік  төре  мен  Керейдің 
тұңғышы Бұрындыққа: 
 
— Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар, — деген. 
 
Аналар алған. 
 
— Енді сындырыңдар, — деген. 
 
Аналар қолдарындағы тобылғыларын шытыр-шытыр сындырған. 
 
— Енді үшеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек. 
 
Аналар  үш  тобылғыдан  алып  бәлендей  күш  жұмсамай  бұ  жолы  да  сындыр- 
ған. 
 
— Енді бесеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек сұлтан. 
 
Аналар бес-бестен тобылғыны алып, әжептәуір күш жұмсап сындырған. 
 
— Енді сегізден алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек. 
 
әдік  пен  Бұрындық  тобылғыны  сегізден  алған.  Тізелеріне  де  салған, 
табандарына да салған, маңдайларынан сорғалап тер де аққан, әйтеуір қиналып 
барып, балуан тұлғалы қос арлан әзер дегенде сындырған. 
 
— Енді оннан алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек сәл күлімсіреп. 
 
Сындыра  алмайтындарын  білсе  де,  әдік  пен  Бұрындық  тобылғыны  оннан 
алған. Сындырмақ боп әрі-бері мықшыңдап көрген. Күштерінің жетпейтінін білген 
соң «құрып қалғыр, болатын емес» деп тобылғыларын лақтырып жіберген. 
 
Жәнібек үндемей сәл ойланып отырған да: 
 
—  Міне,  ел  бірлігі  деген  осы,  —  деп  сөзін  бастаған,  —  жалғыз  адамды    жау 
алады.  Ал  көп  біріксе  ешкім  де  жеңе  алмайды.  Көп  қорқытады.Терең  батырады. 
Егер  екі  қолдың  он  саусағындай  қазақтың  бар  рулары  қос  жұдырық  боп  түйілсе, 
қандай жауына болса да қауіпті күш... 

196 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Жәнібек  пен  Керейдің  өзге  балаларынан  жасы  үлкен  және  өзін  өзгелеріне 
қарағанда еркіндеу ұстайтын, ұр да жық мінезі бар Бұрындық: 
 
—  Басқа  рулар  қайда  қалады?  —  деген.  —  Мысалы,  найзасының  ұшы  алтын 
Алшын... 
 
— Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын... 
 
Еш  уақытта  да  хан  мен  билердің  бірігуімен  ғана  хандық  құрылмаған.  Орда 
шаңырағын  халық  көтерген.  Қазақ  елі  егін  еккен  отырықшы  жұрт  емес.  Бар 
шаруашылығы  мал  өсіру.  Мұндай  көшпелі  елдің  халқы  —  рулары.  Олардың 
көсемдері — батыр, билері болғанменен, дені жай шаруа, кедейлер. 
 
Жәнібектің ойы, ісін сәтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. 
Қазір ол соның жолын іздеп отыр. 
 
— Жақсы, — деді Бұрындық, — Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не 
болмақ? 
 
Жәнібек Бұрындыққа ойлана қарады. 
 
—  Түсінсең  борышыңды  өзің  айт.  Тісі  шыққан  балаға  шайнап  берген  ас 
болмайды. 
 
— Білмеймін, — деді Бұрындық. — Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз ба, 
қайтеміз... 
 
Тұңғышының  ойланбай  айтқан  сөзінен  намыстанып  қалса  да,  оның  тез 
шамданатын мінезін еске алып, сөзге сараң Керей: 
 
 
— Ұлым, ел шабуға асықпа, — дей салды. 
 
— Өзгелеріңде қандай ой бар? — деді Жәнібек. 
 
Аға  тұрғанда  іні  сөйлеу  сөкет  іс  қазақ  дәстүрінде.  Тіл  ұшына  келіп  тұрған 
айтары  болса  да  осы  дәстүрден  шыға  алмай,  Жәнібектің  ортаншы  ұлы  Қасым 
сұлтан төмен қарап тыпырши берді. 
 
— Қасымжан,  сен бірдеме демексің бе? — деді Жәнібек баласының сөйлегісі 
келіп отырғанын сезіп. 
 
— Иә, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім. 

197 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Айт, рұқсат... 
 
— Өзіміз әне шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз 
деуіміз  ағаттық  болар...  Және  көке,  өзіңіз  айттыңыз  ғой,  ағайын  күшіңді  көрсе 
сыйлайды деп... 
 
— Сөйле, сөйле. 
 
— Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тәрізді емес, 
көшкен  ел  тәрізді  болып  баруымыз  керек.  Жағатай  ұрпақтары  да,  Сайбан,  Ақсақ 
Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай  шұбыра көшкен 
ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс 
бермесе күшпен тартып ала алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Қазір 
осы  отырғандарымыздың  ес  білетіндеріміз,  сойыл  соғып  сөз  сөйлей 
алатындарымыз, қасымызға бес-алты қазақтың ер жігіттерін ертіп, ермей қалған, 
не еру-ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал. «Бізге еріңдер, бірігіп ел 
болып,  қазақтың  Ақ  Ордасының  туын  қайта  көтерелік»  деуіміз  орынды.  Ерген 
жұрт ерер, ермеген жұрт ойға қалар. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп ерсе, 
соғұрлым ісіміздің сәтті болары айқын. 
 
Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті. 
 
—  Дұрыс  айтасың  балам,  —  деді  ол,  іштей  түбі  Қасымнан  ұлы  адам  шығар 
деген  бұрынғы  үмітінің  бұ  жолы  бір  дерек  тастағанына  қуанып,  —  біздің  бүгінгі 
аттанысымыз  құр  Әбілқайырға  өкпелеуден  туған  аттаныс  емес,  бұдан  жүз  жыл 
бұрын  бабамыз  Орысхан  тіккен Ақ  Орданы қайта  тұрғызып,  Қазақ  деген  жеке  ел 
болу аттанысы. Ал Орысхан бабамыздың ақ туын тігетін бізде екі-ақ жер бар. Бірі 
—  Алтын  Орда  жұрты,  Еділ  мен  Жайықтың  ортасы.  Бірақ  ол  жақтың  жері  малға 
жайлы болса да, елі бізге жайлы емес. Түкпірінде Қазан хандығы мен Түркияға көз 
тіккен  Қырым  сұлтандары  бар.  Бұған  Еділ  мен  Жайыққа  бізді  жолатқысы 
келмейтін Қасым сұлтанды, Темір биді қос. Олар кімді ел еткізеді? 
әрине,  ар 
жағындағы  орыс  жұртына  арқа  сүйеп  көрер  едік,  бірақ  ол  жұрттың  өзі  де  қазір 
әбден  қанаттанып  жетпеген  қыран  балапаны  тәрізді.  Екінші  жер  —  ол  Орысхан 

198 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
бабамыз кеше туын тіккен Сығанақ шаһарының маңайы. Бұл ара бізге қолайлы. Ар 
жағында Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қоңырат, Қаңлы мен Найманның, Керейдің біраз 
елі  жатыр.  Бұ  жақта  да  аздаған  Арғын,  Қыпшақ  бар.  Сығанақ  бұл  күнде 
Әбілқайырдың  қолында.  Түбін  көрерміз.  Ал  әзірге  барар  жеріміз  Жағатай 
ұрпағының Түркістанмен шектескен тұсы. Ағайын сыйласын десек, ол араға біз ел 
болып  баруымыз  керек.  Қасым  баһадур  жөн  айтады.  Қазір  әрқайсың  қастарыңа 
бес-алты 
жігіттен 
ертіп 
алып, 
қозғалмай 
отыр- 
ған  ауылдарға  аттаныңдар.  Соңымыздан  жұрт  көп  ерсе,  халықтың  тілегіне  біздің 
тілегіміз сай келгені. Онда ісіміздің игілікті болуы хақ, — деген. 
 
Жәнібек  пен  Керей  балалары  жан-жаққа  тараған.  Солардың  айтуымен 
Әбілқайырға  наразы  біраз  рулар  Моғолстан  жеріне  көшіп  бара  жатқан  қалың 
көшке келіп қосылған. 
 
Әбілқайыр  әскерінің  Сейхун  дарияның  арғы  бетіндегі  көрген  көш  орны  да, 
шабарманның  айтқан  Талас  өзенінің  бергі  бетіндегі  қонып  жатқан  қалың  ел  де 
бәрі бір осы Жәнібек пен Керейге келіп қосылып жатқан қазақ рулары болатын. 
 
Шабарман шығысымен Исан-Бұғы хан кеңесін таратты да, Мір Мұхамед-Шайх, 
Мір Сейтәлі әмірлерімен, бас найыбы Үйсін Қастек бимен өзі оңаша қалды. Қазақ 
руларының  Моғолстан  шекарасына  көшіп  келуі,  егер  оларды  Моғолстан  жерінің 
шетіндегі  Шу,  Сарысу  өзендерінің  бойы  мен  Талас  өзенінің  арғы  бетіне 
орналастырса,  өздерін  Әбілқайыр  мен  Ақсақ  Темір  хандықтарының  шабуылынан 
қорғайтын  қалқан жасайтындарын  бұл  төртеуі  бірден  ұғысты.  Және  қазақтардың 
күштерін  Қытай  мен  Қалмаққа  да қарсы  пайдаланбақ  болды.  Исан-Бұғы Жәнібек 
пен Керейдің алдынан ат шаптырды. Ақ Орда хандарының ұрпақтарын, олармен 
бірге  келген  қазақтың  басты  руларының  игі  жақсыларын  құшағын  жайып  қарсы 
алды. 
 
Жәнібек  пен  Керей  Моғолстан  ханымен  бір  ай  бірге  болып,  бір  ыдыстан  ас 
ішісіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Исан-Бұғы көшіп келген 
қазақ  руларына  бүкіл  Шу,  Сарысу,  Талас,  Бадам  өзендерінің  бойы  мен  Қозыбас, 

199 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Қаратаудың  Моғолстанға  қарайтын  теріскей  жағын  тегіс  қонысқа  береді.  Бұл 
қоныстың шеті Қаратал өзенімен, Әбілқайыр қарамағындағы Түркістан өлкесімен 
бітеді.  Жақсылыққа  жақсылық,  осыншама  қоныс  алған  қазақ  рулары,  екі  елдің 
бірдей  жауы,  Моғолстанды  шабуға  дайындалып  жатқан  Қытай  богдаханы  мен 
Ойрат  қонтайшысына  қарсы  бір  мың  жақсы  жарақтанған  салт  атты  жауынгер 
шығарады. 
 
Жәнібек пен Керей Исан-Бұғының шартын қабыл етті. «Түпкі арманымыз қазақ 
хандығын құрып ел болу ғой, біздің қорған екенімізді Қытай, Ойратпен шекаралас 
қазақ рулары біле берсін. Күшіміздің мол екеніне көздері жетсе, өздерінің де бізге 
тез  қосылуларына  себеп  болар»  деп  ойлады  олар.  Бұл  ойларының  дұрыс 
болғанына бес-алты жыл өтпей өздерінің де көздері жетті. 
 
Жәнібек  пен  Керей  нөкерлерін  ертіп,  күтіп  отырған  жұртына  қайтты.  Қос 
сұлтанның  бұйрығы  бойынша,  көшіп  келген  ел  ру-ру  боп,  адамының,  малының 
санына  қарай  өздеріне  берілген  жерге  орналаса  бастады.  Бір  ай  өткеннен  кейін 
кілең  майданға  салар  бөрте  жүйрік  мінген  бес  жүз  Арқаның  батыр  жігіттерін 
басқарған әдікті Қытай шекарасына, Қашқар жеріне жүргізді. Тағы бір ай өткенде 
екінші  ұлы,  соңынан  ерлігімен  қазақ  аузында  аңызға  айналған  Қамбар  батырды 
бес  жүз  кілең  қайың  сойыл  ұстаған  салт  атты  жауынгерімен  Тарбағатай  тауын 
жайлаған  Керей,  Найманды  Ойрат  қонтайшысы  Амансанджидан  қорғауға 
аттандырды.  Қос  сұлтан  өздері  енді  Шу,  Сарысу,  Қаратал,  Бадам,  Талас 
өзендерінің бойына жайғасқан елдерін басқару әрекетіне кірісті. 
 
Осы  кезде  Жұныстың  аулына  Күншығыс  Қашқардың  ханы,  Жағатай  ұрпағы 
Сант-Сұлтаннан  туған  әбдірашит  сұлтан  келді.  Ол  бір  көргеннен  Жұныстың  кіші 
қызы  ерке  шора  Нигер-Сұлтан-Бегімге  ғашық  болып,  сұлу  қызын  тоқалдыққа 
сұрады.  Самарқант  әміршісі  әбусейітпен  жақындаспақ  ойы  бар  Жұныс,  Нигер-
Сұлтан-Бегімнің  өзі  білсін  деді.  Әбдірашит  қызға  кісі  салды.  Ерке  шора  Нигер-
Сұлтан-Бегім  құда  түспек  жігітті  өзі  іздеп  келді.  Келбетті,  бірақ  тым  семіз 
әбдірашит, хан ұлы болса да, қызға ұнамады. Нигер-Сұлтан-Бегім әкесіне: «Анаған 

200 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
күйеуге  шықпақ  түгіл  жанынан жүруге адам  жеркенер», —  деп  жауап  берді.  Қыз 
жауабын  естіген  әбдірашит  енді  Жұныспен  сөйлеспеді.  «Бәлем,  осы  сөзіңді 
ұмытпа,  түбі  бүкіл  малымды  саған  төксем  де,  мес  қарнымның  астына  бір 
салармын» деп ашуланып жүріп кетті. 
 
әбдірашит  сөзін  естіген  сұлу  Нигер-Сұлтан-Бегім:  «Сенің  астыңа  түскенше, 
өлгенім артық», — деп күліп қала береді. Өмірдің есігін әлі дұрыс ашып көрмеген 
жас  сұлу,  бұл жалғанда  тек  өлі  жандар  ғана  кездеспейтінін,  өмір  деген  сұрқияда 
адамның  түсіне  кірмейтін  ғажайыптар  болып  жататынын  қайдан  білсін!  Адамды 
қақпақыл етіп ойнайтын тағдырдың асау сырын жас сұлу еске ал-мады. 
 
Қашқар  ханының  ұлы  әбдірашит  кеткеннен  кейін,  Жұнысты  балаларымен 
Бұқарда  саяхаттап  жүрген  Самарқанттың  әміршісі  әбусейіт  қонаққа  шақырды. 
Жұныс азамат ұлдарын ертіп, үлкен салтанатпен Бұқарға аттанды. 
 
әдейі  осы  мезетті  аңдып  тұрғандай  Жәнібек  Ферғана  өңірінде  жатқан  Жұ- 
ныстың  үш  мың  жылқысын  айдап  әкелуге  бір  топ  жігіттерімен  ортаншы  баласы 
Қасымды аттандырды. 
 
Қасым  тайлы-таяғына  дейін  қалдырмай  Ферғана  өңірінде  жайылып  жатқан 
Жұныстың  жылқысын  тегіс  айдап  әкетеді.  Бүкіл  ауылдан  жылқыны  қуып  барып 
алып  қалар  жан  шықпады.  Сонда  атқа  он  бес  жасар  ерке-шора  Нигер-Сұлтан-
Бегімнің  өзі  мінеді.  Бар  жылқысынан  айырылса  әкесінің  тақыр  кедей  болып 
қалатынын  білетін  саналы  қыз,  тәуекел  деп  еркекше  киініп,  қолына  найза  алып 
шапқыншыларды қуып береді. Жылқы Талас өзеніне таяған жерде, Нигер-Сұлтан-
Бегім  орағыта  Қасымның  алдынан  шығады.  Жылқыны  айдап  келе  жатқан  қол, 
алдарынан  шыққан  найза  ұстаған  жалғыз  жігітті  көріп,  садақпен    тартып  қалып 
жайратып кетудің орнына, оны ұстап алып мазақ еткілері келеді. Жақындай келіп 
олар  жігіт  дегендері  еркекше  киінген  қыз  екенін  аңғарды.  Жау  жылқысын  алып, 
көңілдері  судай  тасыған  кілең  жас  қыршындар  енді  «жігіттері  тығылып  қалып, 
қыздарын  жауға  аттандыратын  бұл  неткен  батыр  ауыл?»  деп  күлкі  етеді.  Сонда 
Қасым сұлтан қызды сықақтай бір ауыз өлең айтады:   

201 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
 
Мен сұрасам жөніңді сен айтарсың, 
Жөн айтпасаң ізіңмен тез қайтарсың. 
Қай айғырдың үйірінен қашып шыққан, 
Мен көрмеген бұл маңнан қай байталсың? 
 
дейді. 
 
 
Сонда қыз: 
 
 
Сөз тұрғыңнан, сұлтаным, қалдым біліп, 
Жан екенсің үйренген байтал мініп. 
Құлынымын Жұныстың, өңім түгіл 
Түсіме де көрмеген айғыр кіріп. 
Туғандарым кезінде Бұқар кеткен. 
Жай оғындай жарқ еттің түскен көктен. 
Еркегі жоқ ауылды шабатұғын 
Кәсібің бе, сұлтаным, әдет еткен? 
Сол жылқымның соңынан келдім іздеп, 
әке үшін бар қорлыққа қызы төзбек, 
Табалатпай қасына малын қайтар. 
Өз басымды кетсең де келемеждеп... 
 
дейді. 
 
 
Сонда  Қасым  сұлтан  айдап  келе  жатқан  жылқысын  тоқтатып,  су  жағасына 
жібек шатыр тігіп, Нигер-Сұлтан-Бегімді көтеріп аттан түсіріп, аппақ айлы түнде ақ 
шатырға кіргізді. Аппақ айлы түнде ақ шатырға төселген ақ кигіздің үстінде әлі жан 

202 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
сипап  көрмеген  қыздың  ақ  төсінен  Қасым  сұлтан  тоят  алды.  Таңертең  ел 
басқаратын адам мал санын емес, ел санын арман етеді. «Ел өссе ер өседі. Ер өссе 
шер  өшеді»,  деген  әке  сөзін  өсиет  тұтқан  ер  көңіл  батыр  жігіт  қыздың  үш  мың 
жылқысын қайтарып берді. Бұдан өзінің даңқы өсетініне сұлтан күмәнданбайды. 
Қасымның қылығына риза болған Нигер-Сұлтан-Бегім ат үстінде тұрып, жарылған 
жұмыртқа  тәрізді  құны  түсіп  кететінін  айтып,  түндегі  болған  оқиғаны  мақтан  етіп 
бөтенге жарияламауын өтінді. 
 
Қасым:  «Бұ  жалғанда,  амал  жоқ,  көп  нәрсені  құпия  ұстауға  тура  келеді»  деп 
қыздың өтінішін орындауға уәдесін берді. 
 
Осылай Қасым сұлтан, олжадан қағылған серіктерін ертіп еліне беттеді. Не қыз 
жоқ,  не  олжа  мал  жоқ,  іштей  күйінген  жігіттер  Қасымға  өкпелерін  айта  алмай, 
қалжың-әзіл өлең шығарады. 
 
 
Шақпақ тас о да мүлік от жаққанға, 
Қоймен тең қотыр ешкі мал баққанға. 
Төледі үш мың  жылқы қалай ғана 
Қасекең қыз қойнына бір жатқанға? 
Дүние алдап кетер қызыл түлкі 
Қызығы бұл жалғанның ойын-күлкі. 
әйтсе де сол қыздікі алтын ба екен, 
Төлейтін бір түніне үш мың жылқы?, 
 
Бір  қу  жігіт  ат  шалдырып  отырғандарында  осы  өлеңді  сұлтанға  айтып  береді. 
Қасым күледі де қояды. Бірақ жолай ғажайып ерлік көрсетіп, Қаратау жайлауында 
жатқан  Мұхамед-Сұлтан-Мазиттің  бір  топ  жылқысын  шауып  алады.  Жігіттеріне 
үлестіреді.  Нигер  сұлумен  болған  оқиғаны  айтпауларын  сұрайды.    Жігіттер  уәде 
береді.  Бірақ  әзіл  сөз  қолға  тұрмайтын  сынап  қой,  бертінде  әлгі  өлең  жұрт 
арасына тарап кетеді. 

203 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Жыл  өте,  Жұныс  қызын  әбусейіт  мырзаның  баласы  Андижанның  әміршісі 
Шайх-Омарға  берді.  Әбілқайыр  рұқсатымен  Мауреннахрға  төркіндеп  келген 
Рабиу-Сұлтан-Бегім,  Шайх-Омар  сырқаттанып  қалған  соң,  Нигер-Сұлтан-Бегімді 
алып кетуге бір топ нөкерімен Яссыға өзі керуен салды. Бұл жайды естіген Жәнібек 
Қасымның үш мың жылқыдан қалай айырылып қалғанынан хабардар бола тұрса 
да,  баласын  тағы  шақырады.  «Нигер-Сұлтан-Бегімді  қалай  босатып  жібересің, 
онда менің шаруам жоқ, бірақ көшін аңдып тұрып Әбілқайырдың ерке бәйбішесі 
Рабиу-Сұлтан-Бегімді  ұстап  алып  келесің»  деді.  Бұ  да  жау  жағын  мұқатудың  бір 
жолы еді. 
 
Қасым жігіттерімен жолда аңдып жатқанында әбдірашит сұлтанның да Нигер-
Сұлтан-Бегім  көшін  өздеріндей  күтуде  екенін  естіді.  Жағатай  ұрпағымен  дос 
болғанмен де, Жұныс қызы мен көзі көрген, қолынан жас кезінде сан мәртебе дәм 
татқан  Рабиу-Сұлтан-Бегімді  оларға  қимады.  Аналар  көшке  шапқан  кезде  қарсы 
шығуға  тура  келді.  Бір  абырой  болған  жері,  бұл  айқаста  әбдірашиттің  өзі 
қатынаспады.  Ол  тек  жігіттерін  жіберген  боп  шықты.  Жағатайдың  бейбастақ, 
нәпсіқұмар қарақшыларынан аман алып қалып, тағы да өзі Нигер-Сұлтан-Бегімнің 
құшағында бір күн түнеп, ертеңіне қос сұлуды елдеріне қоя берді. Жау олжасынан 
құтқарған  Қасым  сұлтанды  Рабиу-Сұлтан-Бегім  өле-өлгенше  сыйлап  өтті.  Екі 
жақтың  бір-бірімен  татуласуына  да  сан  мәртебе  қызу  кірісті.  Бірақ  ел  намысына 
айналған  жанжалды  басу  оның  қолынан  келмеді.    әйтсе  де  Қасым  алдында 
борышты  болып  қалмады.  Бертін  келе  Мұхамед-Шайбани  әбден  күшейіп,  Яссы 
әміршісі — баласы Сүйіншік қаннен-қаперсіз күйдегі Қасым ханның әскерін түнде 
басып  алмақ  болып  дайындалып  жатқанда,  арнаулы  кісі  жіберіп,  Қасымды  бір 
ажалдан  құтқарды.  Сөйтіп  өзіне  істелген  жақсылықты  ақтады.  Ал,  Нигер-Сұлтан-
Бегім болса Қасым ханды он жыл аңсап күтті. Он жылдан кейін барып ең алғашқы 
ақ төсінен тоят алған қыран бүркіттің құшағына қайта кірді. 

204 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Бос  қол  қайтқан  себебін  сұраған  әкесіне  сұлтан:  «Итаяқтағы  жуындыдан 
бұралқы  төбетті  қуып  жіберіп  өзі  жалай  бастаған  арлан  тазыдай,  біреудің  бауыр 
баспақ аруын әбдірашит сұлтаннан тартып алып өзім иемденгім келмеді» деді. 
 
— Ал, Рабиу-Сұлтан-Бегімді неге босаттың? — деді Жәнібек. 
 
— Ұлықбек мырзаның аруағын сыйладым. 
 
«Түсіп қалған мұзалимның 
1
  биігі жаман. Тоят ала алмай қалған әйелдің күйігі 
жаман»  деп  қарайтын  сорақы  заманның  Жәнібек  те  бас  иген  перзенті.  Бірақ 
баласының жауабы миына қона кетті. 
 
—  Дұрыс  еткен  екенсің,  адам  қартая  бастағанда  жауымнан  кегім  қайтпай 
қалады-ау  деп  көп ойлайды  екен.  Менікі  де  сол  болар... —  дей  салды.  Сөйтті  де 
Қасымға  тағы  қарады.  —  Көзім  тірісінде  өмір  деген  өткелдің  қыл  көпірдей 
сынынан  өте  бер...  Істеп  жүргендерің  теріс  болса  да  өзің  пішіп,  өзің  сөккенің 
ұнайды... Оқасы жоқ, құс ұша түзеледі. 
 
— Құс дұрыс қанаттана алса, түзу ұша алады. 
 
— Дұрыс айтасың, — Жәнібек баласына тағы тесіле қарады да қойды. 
 
Осылай талас-тартыста тағы төрт жыл өтті. Қазақ елі Шу, Сарысу бойын әбден 
мекен  етіп  алды.  Әдеттегідей  жұрт  жайлауға  көшкелі  жатқанда,  бір  күні  Жәнібек 
Қасымды тағы шақырды. 
 
—  Мүмкін  Мұхамед-әкім  эль  Таразидың  тойына  Бұрындық  ағаңмен  сен 
барарсың? — деді ол. 
 
— Барсам барайын. 
 
Мұхамед-әкім  эль Тарази Жаңғы шаһарында тұратын аты-шулы саудагер. Түбі 
араб. Бір шеті Үнді, Қытай, Монғолия, Тибет, екінші шеті Византия, Түркия, Мәскеу, 
Киевке дейін жүздеген түйемен жылда екі-үш рет керуен жүргізетін, қытай жібегі, 
манат,  шағиы,  үнді  шайы,  жемісі,  Киев  кендірі,  қызыл  бидайы,  Дәшті  Қыпшақ 
малы, тері-терсек, жүн-жұрқасы, Стамбулдың қолөнершілері істеген білезік, жүзік, 
күміс ыдыс, алтын жалатқан құман, зер жүргізген жайнамазына дейін сатып, сауда 
                                                 
1
 М ұ з а л и м — көне түркі тілі, қызмет дәрежесі деген мағынада. 

205 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
арқылы  күншығыс  пен  күнбатысты  байланыстырып  тұратын.  Әр  ханның  өзіне 
бағынатын хандығы болса, бұның сол хандықтарды да өзіне бағындырар байлығы 
бар  адам.  Жеке  сауда  патшалығы  бар.  Алтын  ақшаны  сандықтап  жинаған 
саудагер,  Әбілқайыр  ханнан  кезінде  ишік-ата  атағын  алған.  Осы  мал-мүлкі 
бықыған байдың бар тілегі жалғыз ғана бала болатын. Бірақ жаратылыс осыншама 
байлықты  мұрагерсіз  қалдырайын  дегендей,  оған  бала  бермей  қойды.  Сөйтіп 
жүргенінде отызыншы әйелі былтыр екі қабат болып, биыл бір ұл тапқан. Жиырма 
тоғыз  әйелінің  қағанағын  қарық  ете  алмаған  саудагер,  отызыншысына  келгенде 
ұрық берер қуатты қайдан тапқанын кім білсін, әйтеуір қайқы төс, саулық құйрық 
жас  тоқалынан  аппақ  сазандай  ұл  көрген.  Кейбіреулердің  «япырмай,  Мұхамед-
әкім  эль  Таразидың  мына  баласы  інісі  Махмуд-Рақым  эль  Таразидан  қалай 
аумаған.  Туған  әкесі  өзі  болса  мұндай  ұқсас  тумас»  деген  күңкіл  сөзіне  қарамай, 
Мұхамед-әкім  эль  Тарази  бүкіл  Тибет,  Қорасан,  Мауреннахр,  Дәшті  Қыпшақ, 
Қырым,  Қазан  жерлеріне  жар  салып,  ұлан-асыр  той  істемек  болған.  Мұндағысы 
оның  атақты  саудагер  Көк  Орда  ишік-атасы  —  Мұхамед-әкім  эль  Таразидың 
мұрагері  бар  екен деп  жер-жиһанға  дәріптеп,  айды  аспанға  шығарған  той жасау. 
Тойға  жүлде  етіп,  Стамбулда  сом  алтыннан  құйылған  үш  алтын  құс  белгіледі. 
Әрқайсысы  сегіз  батпаннан.  Жүлде  тиген  адам  егер  бұл  алтын  құсты  алғысы 
келмесе, бағасы содан артық емес, тілеген затын беремін деп жариялады. Жүлде 
беретін шарты да таңғажайып. Бірінші жүлде — кімде-кім жаяу жарыста он фарсат 
жерден  озып  келсе,  соған  беріледі  деді.  Мұнысы  жиһанкез  саудагердің  рум 
халқынан  алған  өнегесі.  Екінші  жүлде  —  кімде-кімнің  түйесі  жиырма  фарсат 
жерден  озып  келсе  соған  беріледі  деді...  Мұнысы  сонау  Мысыр  арабтарынан 
алған үлгісі. Үшінші жүлдені — кімде-кімнің аты отыз фарсат жерден озып келсе, 
сол алады деді. Бұл Дәшті Қыпшақтың ежелден келе жатқан көне салты. 
 
Жәнібек сұлтанның айтып отырғаны осы той еді. 

206 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
—  Барар  болсаң,  жаяу  жарыс  сұлтандарға  лайықсыз,  ат  жарысы  мен  түйе 
жарысына  дайындалу  жөн,  —  деді  Жәнібек,  —  Қырым  менен  Қорасаннан  да 
кісілер келуі ғажап емес. 
 
Жәнібектің айтқаны оң келді. Той болар күні бір шеті Қорасаннан, екінші шеті 
Қырымнан қадірлі қонақтар, бұл жалғанның тетігін қолына ұстап тұрған сан алуан 
саудагерлер жиналды. Талас өзенінің жағасында тігілген жүз ақ боз үй кісіге лық 
толды. 
 
Жаяу бәйгеден Египеттен қашып келген ғалым, жараған арғымақ аттай сидиған 
ұзын  бойлы,  күйген  кірпіштей  қара  қошқыл  отыз  бес  жасар  араб  жігіті  эль  Мүлік 
ибн Зархум келді. 
 
Бұл  бәйгеге  сұлтан,  бек,  шынжыр  балақ,  шұбар  төс  қазақтың  мырза  жігіттері 
қорланып қатыспады. 
 
Екінші бәйгені қарасына бірде-бір түйе ілестірмей, Бұрындықтың қара бурасы 
алды. Үшінші бәйге Әбілқайырдың Тарланкөгінің тұқымы, он бес жасар Мұхамед-
Шайбанидың әзірге маңдайына басқан жүйрігі Ақтанкерге тиді. 
 
Бірақ  бұл  үшеуі  де  салмағы  сегіз  батпан  тартатын  сом  алтын  самырұқ  құсты 
жүлдеге алудан бас тартты.  
 
Эль Мүлік ибн Зархум: 
 
—  Алтын  құс  тек  мені  ғана  байытады  —  деді,  —  Мұхамед-әкім  мырза,  егер 
қарсы болмасаңыз, бұл алтын құстың орнына Мауреннахр диқандары мен Дәшті 
Қыпшақ  малшыларының  тұрмыстарына  жәрдем  беретін  және  екі  елдің  қарым-
қатынасын  жөндейтін  Сейхун  дарияның  үстінен  көпір  салайын.  Бұл  көптен  бері 
ойлап  жүрген  арманым.  Ніл  өзеніне  осындай  көпір  саламын  деп  үлгісін 
істегенімде  өздеріне  пайдасы  жоқ  болған  соң  фараондар  мені  қуып  жіберді.  Ал 
Сейхун дарияға бұл өте қажет. Осыны салуға қаражат беріңіз. 
 
Мұхамед-әкім эль Тарази сәл ойланды да: 
 
—  Жақсы,  —  деді,  —  бұл  сұраған  қаражатыңды  берейін.  Тек  менің  ғалым 
есепшілерім қанша пұл керек, соны санасын. 

207 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Бірақ сол күні түнде Мұхамед-әкім эль Таразидың жігіттері «сен халық қамын 
ойлап,  Сейхун  дарияға  көпір  салмақ  сабазсың  ғой,  олай  болса  сол  Дарияның 
қызығын алдымен өзің көр» деп қосында ұйықтап жатқан жерінен эль Мүлік ибн 
Зархум  ғалымды  ұстап  алды  да,  түнімен  жедел  жүріп  отырып,  мойнына  тас 
байлап, Сейхун дарияның сарғылт толқынды суына лақтырып жіберді. 
 
— Байлығым өз басыма жетеді. Алтын құсты басыма қоямын ба, маған алтын 
құсыңдай қымбат ұл тауып берген тоқалыңның өзін бер, — деді Бұрындық өзінің 
қиқар  мінезіне  салып.  Ондағы  ойы  «бәлем,  бермесіңді  сұрайын,  қалай-қалай 
ыршыр  екенсің!»  деген  қияңқылығы  еді.  Бірақ  «Баласы  інісі  Мұхамед-Рақымға 
тым ұқсас екен» деген сөзді ішіне түйіп алған саудагер қуана-қуана Бұрындықтың 
тілегіне көне кетті. 
 
—  Айтқан  сөзімді  қайтып  алмайын,  қатын  бүгіннен  бастап  сенікі,  бірақ  балам 
емшектен шыққанша менің үйімде тұра тұрсын, — деді. 
 
Бұндай  шешімді  күтпеген  Бұрындық  сасып  қалды.  Бірақ  бұ  да  сөзін  қайтып 
алмады. 
 
— Болсын, — деді. 
 
Со күні ымырт үйіріле ол Мұхамед-әкімнің жас тоқалын өзінің шатырына алып 
келді. Отыз қатынның бірі болып, ебін тапқанда ғана бөтен еркек көріп,  гаремде 
сары  қазыдай  сақталып,  әбден жас  денесі  күйіп-піскен жас  тоқал,  кәрі  Мұхамед-
әкімнен құтылғанына өкінген жоқ. Жаңа қожасының көңілін табуға тырысты. 
 
Ал үшінші жүлде тиісті Мұхамед-Шайбани тіпті басқа тілек етті. 
 
—  Алтын  құсыңыз  ханға  лайық.  Мен  хан  емеспін,  тек  хан  тағындағы  атама 
жәрдемші жауынгермін, — деді, — маған алтын құстың орнына бес жүз адамыма 
сауыт-сайман, қару-жарақ бер... 
 
Мұхамед-әкім сұлтанның бетіне ұзақ үңіле қарады. Әлден уақытта барып: 
 
—  Сіз  тілесеңіз,  мың  адамға  да  сауыт-сайман,  қару-жарақ  беруге  бармын,  — 
деп басын төмен иді... 

208 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Әбілқайыр  Ордасының  сайыпқыран  ханды  жоқтатпас  бәлендей  мұрагері  жоқ 
деп ойлап жүрген қастары, бұл тойда атасының туын құлатпас артында ұрпағы бар 
екенін  бірден  көрді.  Әбілқайыр  ханға  көкілташ  болған,  қазір  Мұхамед-Шайбани 
мен Махмуд-Сұлтанның атакесі Дарвиш-Хұсайын батыр күзеткен, ақылға бай, бой-
тұрпаты  бірден  адамның  ықыласын  аударар  Мұхамед-Шайбани  осы  күннен-ақ 
көзге түсті. 
 
Сол күні қастар Ордасына Айбақ оғлан, Береке сұлтан, Аббас бек, Мұса бектер 
жиналып,  Мұхамед-Шайбаниды  ұйықтап  жатқан  жерінде  түнде  шауып  өлтіруге 
кісі  жібермек  боп  келісті.  Бұл  мәжіліске  Бұрындық  пен  Қасым  сұлтан  да 
шақырылды. Бұрындық көнсе де, Қасым: 
 
—  Хан  тағын  сақтар  жанды  қан  майданда  өлтіру  керек.  Ұйықтап  жатқан 
жерінде  шауып  тастау  бұл  ұры,  қарақшылардың  ісі.    Біз  хан  тұқымымыз,  мұндай 
қылмысқа баруымыз күнә! — деп көнбей қойды. 
 
Оның  көнбегеніне  қараған  жоқ.  Әбілқайыр  Ордасына    өш  сұлтан,  бектер 
басына алтын орда тұрғызбақ боп, аты-шулы жан алғыш Құрыбайды жіберді. 
 
Бірақ  сұлтан  жатқан  үйге  жыландай  сыбыр  шығармай  кірген  Құрыбайды, 
Қасым  сұлтанның  кісі  жіберуімен  күні  бұрын  хабардар  болып,  өтірік  ұйықтап 
жатқан Мұхамед-Шайбани, алдаспанын жарқ еткізіп, құлаштай сермеп қақ бөлді. 
 
Жазмыш деген қызық. Халық үшін көпір салам деп арман еткен эль Мүлік ибн 
Зархум,  халықтың  өз  арасынан  шыққан  жендет  жігіттердің  қолынан  қаза  тапты. 
Ал, төрт жылдан кейін бұқара халықты қанға бояп, бүкіл Орта Азияны  жаулап ала 
бастаған, атақты Мұхамед-Шайбани хан бір ғана сұлтанның ерлікті  көксеген адал 
көңілінің арқасында аман қалды. 
 
Еліне  қайтып  келіп,  Қасым  сұлтан  әкесіне  тойда  болған  оқиғаның,  көрген-
білгенін бәрін айтып болғанында Жәнібек ұзақ ойланып отырды да, ауыр күрсінді. 
 
—  Түбі  біз  Әбілқайырдың  орнына  отырар  Шайх-Хайдарды  емес,  Мұхамед-
Шайбани сұлтанды көзімізден таса етпеуіміз керек, — деді. 

209 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Бұл  сөзімен  Жәнібек  егер  Әбілқайыр  тағына  Мұхамед-Шайбаниға  отырар  күн 
туса, аса бір қиын күрес басталатынын білдірген еді. 
 
Мұхамед-әкім эль Таразидың тойында тағы екі оқиға болған. Балаларының бұл 
тойға  қатынасатынын  білген  соң,  алтындатқан  ер-тоқымды,  жүген-құйыс- 
қанды  қос  күлсары  жорға  мініп  Рабиу-Сұлтан-Бегім  мен  келіні  Аққозы  келген. 
Жаңғы саудагері бұларға арнап қос орда тіккен. 
 
Бәйгеден Тарланкөктің баласы Ақтанкер озып келіп, Мұхамед-Шайбаниға жұрт 
көңілі ауа бастағаннан-ақ бақ құмар Сүйіншік сұлтан жанын қоярға жер таппаған. 
Бірақ баяғы он үш жасар күніндегі қылығы есте қалған Рабиу-Сұлтан-Бегім сол күні 
Сүйіншікті  оңаша  шығарып  ап  ұзақ  сөйлескен.  Ақылы  да,  ерлігі    де  Мұхамед-
Шайбанидың өз теңдестерінен артық екенін бүкіл ел біліп қалған тәрізді және оны 
қостайтын  Дарвиш-Хұсайын  Қарашың  батыр  мен  Бахтияр  сұлтан  тәрізді  Көк 
Ордаға  тірек  болған,  бүкіл  Дәшті  Қыпшаққа  әйгілі  адамдар  бар,  қандай  бақытқа, 
таққа  жетсең  де  Мұхамед-Шайбанимен  бірге  жетесің    деген.  Әкесін  өлтірген 
нағашың әбді-Латиф әмірге ұқсама, қызғаншақтың жолы күнә жол, онымен адам 
мұратына  жете  алмайды,  ағаң  Шах-Будақтың  балаларына  кең  пейіл  келіп, 
солардың  соңынан  еруін  сұраған.  Өздері  быт-шыт  боп  қырылысып  жүрген 
нағашысы Темір тұқымының бұған әке тағына отыруға жәрдем бере алмайтынына 
көзі  жете  бастаған  Сүйіншік,  әлі  де  Самарқант  әмірлігіне  қадірі  бар  шешесінің 
ақылын алған, өн бойын қанша мансапқұмарлық билегенмен, аталы сөзден шыға 
тартпаған.  Бұл  Әбілқайыр  балаларының  әр  жаққа  бұрылмай,  бір  одақтас 
болуының басы еді. 
 
Екінші  оқиға  тіпті  адам  күтпеген  жерден  кездесті.  Түйе  бәйгесі  біткен  күні 
іңірде Аққозы бике өз ордасында жалғыз отырған кезінде, үйге бет-аузын көшпелі 
елдің бұзауындай тұмшалап алған, жалғыз көз, еңгезердей қара жігіт кіріп келді. 
 
Тойдан  шаршап  келіп  қисайып  жатқан  Аққозы,  осынау  кірген  адамның  дене 
құрылысынан,  қимылынан  өзінің  Орағын  көргендей  шошып  кетіп,  дауыстап  
жібере жаздады. 

210 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Қорықпа, — деді кірген кісі, — мен Орақпын. Өлді дегендері бекер, тірімін. 
Бірақ өлген адамнан да қорқыныштымын. Егер менің бетімді көрсең, қазір талып 
құлар едің. — Ол асыға өзінің қалай тірі қалған оқиғасын айтып берді де — қолыңа 
құран алып, «өмір-бақи ерге шықпаймын» депсің, соныңды естіп келдім, — деді, 
— маған деген жүрегіңді адал сақтағаның үшін рақмет, бұл құрметіңді қара жерге 
кіргенше ұмытпаспын. Ал енді айтарым: өлген адам үшін өлмек жоқ. Мен патша, 
хандарға  ғана  тірі  адаммын.  Саған  өлікпін.  Ерге  шық,  қызық  көр.  Құран  ұстап 
құдайға берген антыңды мен алдым. Ал енді қош бол. — Ол үйден шыға берген. 
 
— Тоқтай тұр... — деді Аққозы. 
 
Бірақ  Орақ  тоқтамады.  Шығып  кетті.  Аққозы  көзі  қарауытып,  жанындағы 
төсекке ақырын қисая беріп, жылап қоя берді. 
 
Келесі  күні  түнде  Орақ  қырық  жігітімен  Мұхамед-әкім  эль  Таразидың  Талас 
өзенінің  етегінде  жатқан  көп  жылқысын  «өзің  өлтірген  эль  Мүлік  ибн  Зархум 
шебердің  құны»  деп  айдап  әкетті.  Оны  Сырдың  төменгі  жағындағы  кедей 
ауылдарға  апарып  бөліп  берді.  Осы  күннен  бастап  «Жалғыз  көз»  батыр  кедей 
жұрттың  қорғаны»  деген  лақап  бүкіл  Дәшті  Қыпшаққа  тарады.  Орақ  кедей 
жұрттың қорғаны екенін сан айқаста көрсете алды. 
 
Ал  бұл  кезде  Исан-Бұғы  мединесін  қайтадан  Ақсуға  көшірген.  «Сыртқы 
жауынан  қазақтар  қорғайды,  ал  олардың  күші  жетпей  қалса,  өз  қалаларыңды, 
ұлыстарыңды  өздерің  қорғаңдар»  деп  хан  кеңесін  мүлдем  таратқан.  Осылай 
әмірлерінің ойынан шыққанына ол өте қуанышты еді. Өйткені айтқандарын істеп 
отырған  ханға  енді  ешқайсысы  қарсы  бүлік  шығармайды  деп  ойлаған.  Қой  да 
аман,  қасқыр  да  тоқ.  Бірақ  Исан-Бұғы  өз  қолымен  өзі  Моғолстанның  болашақ 
көрін  қазып  қойғанын  білмеді.  Моғолстан  әмірлерінің  өз  ұлыстарын  жеке-жеке 
қорғауы,  ал  қазақ  руларының  бірігіп  сыртқы  жауларына  қарсы  шығуы,  бұл  елдің 
мемлекет  болуының  алғашқы  адымдарына  айналатынын  ол  ойламады.    Исан-
Бұғы  тағы  екінші  жағдайды  аңғармады.  Ол  мединесін  Ақсуға  көшіргенде  енді 
Әбілқайыр,  әбусейіт,  Жұныстың  шабуылынан  біржолата  құтылдым,  олар  маған 

211 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қылышын ала ұмтылса, жолында найзасын төсеп тұрған қазақ елі бар деп сенген. 
Жоқ жерден Түркістанның күнбатыс күнгей жағынан пайда болған жауынгер қазақ 
руларынан  расында  да  әбусейіт  пен  Жұныс  қатты  сескеніп  қалған.  Енді  бұл 
елдерді  басып  Моғолстанға  өте  алмайтындарын  бірден  ұққан.  Сондықтан  олар 
Исан-Бұғыға тікелей апаратын жол іздеген. Желісі алыс, қиын да болса сол жолды 
тапқан.  Жұныс  пен  Омар-Шейх  сұлтан  Түркістан  өлкесінің  күншығыс  жағымен 
құмайтты,  шөлді,  кісі  түгіл  керуен  жүрмеген,  тек  сініш  құсы 
1
   ғана  ұшып  өтетін 
сахараларды басып отырып, Іле өзеніне шыққан. Сол Іле өзенінің бойымен Алтын 
Емел тауларын бөктерлей отырып, Жаркент қаласына жеткен. Ал Жаркенттен төте 
жолмен Ақсуға әрі дегенде үш күнде барады. Жауының Жаркентке келіп қалғанын 
Исан-Бұғы  білген  де  жоқ.  Ол  кенет  төсек  тартып  ауырып  қалып,  дүние  оған  енді 
қайта  оралмас  түске  айналған.  Тілі  күрмеліп  бар  әлем  су  қараңғы  бола  бастаған. 
Тек көз алдына жарық сәуле болып, баяғы бір су перісі тәрізді, кәпір қыз елестей 
берген.  Отыз  жылдай  екеуін  бөлген  арасындағы  тамұқ  өмірден  енді  құтылып, 
жаныңа  барам  деп  кәпір  қызға  төсегінен  әлсін-әлсін  қолын  жая  ұмтылып,  тек 
аузына «Федосья» деген соның ғана аты түсе берген. Тілі күрмеліп, құр ерні ғана 
жыбырлап  жатқан  ханның  қасында  отырған  наип,  муфти,  ишан,  қожа-молдалар, 
хан даусын естімесе де кімнің атын атап жатқанын түсініп іштерінен «астапыралла, 
астапыралла,  хан  иеміздің  «күнәсынан  аулақ  ет»  деп  құдайтағалаға 
жалбарынумен болған. 
 
Алтын  таққа  отырып  ел  билегелі  көрінген  әмірден,  хан,  сұлтаннан  қауіптеніп 
құса тартқан Исан-Бұғының кәрі жүрегі, қас жауы Жұныстың келіп жетуіне шыдай 
алмады.  Бір  күндерде  бүкіл  Моғолстанға  қожа  болған  Исан-Бұғы,  төсегіне 
құлағанына бір апта өткен шақта жеті қатыны мен он бес ұл-қызының біреуінің де 
атын атай алмай, тек «Федосья» деп ерні жыбырлап дүние салды. 
 
Ақсуды  шабуға  Жаркентте  дайындалып  жатқан  Жұныс  сұлтан  бұл  хабарды 
естісімен  кейін  шегінуге  бел  буды.  Күйеу  баласы  Омар-Шейх  мырзаның    «келіп 
                                                 
1
 С і н і ш  қ ұ с ы — шөл құсы. 

212 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қалдық  қой,  қазір  олар  ұрысқа  дайын  емес,  хан  тағын  алуыңызға  бұдан  артық 
мезгіл  болмайды,  шабайық»  дегеніне  көнбеді.  Ханы  өліп,  қаралы  болып  жатқан 
елді  шапса,  түбі  бар  халық  қарғыс  айтып,  хан  сайламай  қоюынан  қорықты.  Өмір 
бойы  арман  еткен  тағын  енді  бөтен  жолмен  алу  керек  екенін  ұқты.  Ол  атының 
басын  кейін  бұрды.  Демек,  бұнысы  дұрыс  болды.  Моғол,  Жағатай  әмірлерінің 
шешуімен  Исан-Бұғының  қырқы  өтпей,  Жұныс  сұлтан  Моғолстан  ханы  тағына 
отырды. 
 
Бүкіл Нарын, Қашқар, Құмнат, Қастек, Сары ұйғыр маңындағы Үйсін, Жалайыр, 
Ұйғыр,  Албан  елдерінен  өзінің  бес  жүз  атты  әскеріне  бес  мың  салт  атты 
сойылгерлерін қосып, Қытайдың қалың жаяу әскерімен қан майданда үш мәртебе 
кездесіп,  ақырында  өздерінің  шыққан  жері  —  «Қытай  қабырғасынан»  әрі  асыра 
қуып  тастап,  Шу  бойынан  әдік  Моғолстан  шекарасына  екі  рет  барып  қайтты. 
Сондай-ақ  Ойрат  қонтайшысы  Амансанджиға  «байқа,  бұл  араның  Керей, 
Найманының  қорғанышы  бар»  деп  ығай  мен  сығайдан  құрылған  бес  мың 
әскерімен  қыр  көрсетіп  еріксіз  бітімге  көндіріп,  Қамбар  батыр  да  Ойрат  жерінде 
екі рет болған. Осындай жағдайда тек Әбілқайыр жағына сескене қараған Жәнібек 
пен  Керей,  қазақ  хандығының  туын  көтеріп,  енді  еркін  қимылдай  бас- 
тады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет