Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Әдеби KZ  
 
 
 
Онсыз  да  жүрегіне  тұнып  жүрген  бұл  сөздер  ханды  өзінің  тұңғиығына  батыра 
берген.  Әбілқайырдың  көкірегін  Рабиу-Сұлтан-Бегімге  деген  өшпенділік  уы 
жайлаған. Көзіне шөп салған, арын, намысын қорлаған жігітпен арасындағы қаңқу 
сөзді  былай  қойғанда,  бүкіл  елге  әйгілі  үш  жүйрігіне  мінгізіп,  оны  ажалдан 
құтқарып  жіберген  ерке  бәйбішесінен  енді  хан  Ақсақ  Темір  тұқымына  дақ 
салардай өш алуды ойлаған. Өш алуға келгенде Әбілқайыр, қайын атасының кеше 
бүкіл  әлемді  тітіреткен  аруағынан  да,  оның  ұрпақтары  билеп  отырған  елдердің 
қаһарынан  да  қорықпаған.  Рабиу-Сұлтан-Бегім  Ақсақ  Темір  немересі  болса,  мен 
ұлы  Шыңғысханның  әулетімін  деген.  Бұл  ашудың  үстіне  Рабиу-Сұлтан-Бегімнің 
тағы  бір  қылмысты  қылығы  жамалған-ды.  Тағы  сол  Бақты-Қожа  уәзірдің  айтуы 
бойынша,  батыр  Саянның  жанына  күзетке  Арғын  жігіттерін  қойдырған  ханның 
сүйікті кіші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің өзі болып шықты. «Күзет бастығын да 
сатып  алған  секілді.  Және  жоғарғы  мәртебелі  ханымның  Арғын  билерімен  де 
байланысы  бар  тәрізді»  деген  сол  баяғы  Бақты-Қожа  уәзір.  Арғын  билерімен 
байланысы бар деген сөз — ата жауы, бақ күндестері  өздерін Арғын сұлтандары 
санап  жүрген  Жәнібек,  Керейлермен  тілегі  бір  деген  сөз.  «Бұдан  артық  ханымда 
қандай күнә болуы керек? Мұндай күнә опасыз әйелі түгіл, пейіштегі қор қызын да 
дарға асуға жеткілікті емес пе! Бірақ дарға асу аз жаза! Оған бүкіл төркінін, атақты 
Ақсақ  Темірдің  ұрпағын  бар  әлем  алдында  қарабет  ететін  жаза  қолдану  мың  да 
бір сауап!» Хан қабағын қарс жауып алтын мен күміске бөленген кең сарайын тағы 
кезе бастады. 
 
Бірақ  Ұлы  ғалым  Ұлықбектің  қызы  Рабиу-Сұлтан-Бегім  Әбілқайыр  мен  оның 
уәзірі  ойлаған  қылмыстардан  мүлдем  ада  еді.  Мұндай  күнәға  қасиетті  ата-
анасынан алған үлгі-ілім, тәрбиесі де, өзінің мөлдір бұлақтай кірсіз таза жан сезімі 
де  оны  еш  уақытта  да  жуытпас  болар.  Батыр  Саянды  Сүйіншікке  аталық  етуге 
тырысқаны  да,  басына  ажал  қылышы  төнген  сәтте  жігіттің  құтылып  кетуіне 
жәрдем бергені де рас. Бірақ бұлардың бәрі де басқа мүдделерден туған-ды. 

99 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Хан  кенет  тоқтай  қалды.  «Рабиу-Сұлтан-Бегім  сұлудың  қаны  дәл  осылай 
төгілсе, бұдан сауапты жаза бар ма? Атасы Ақсақ Темірдің әділетті заңы енді өзінің 
немере  қызының  басын  алсын.  Кек  сөйтсе  ғана  қайтады!»  Әбілқайыр  бүгінге 
алғашқы рет езу тартты. 
 
Қазақ  жеріне  келген  шапқыншылардың  Шыңғысхан  мен  Батудан  кейінгі 
«қылмыстыларға деген заң-ережесі» қанқұйлы қатты болғаны Ақсақ Темірдікі еді. 
 
Солардың  ішінде  әсіресе  «Ана  алдында  қылмысты  балаға,  бала  алдында 
күнәлі анаға» деген жаза тәртібі ерекше сойқан болатын. 
 
Бала  алдындағы  күнәлі  ананың  жазасын  баласы  айтуы  керек.  Іштен  жарып 
шыққан, ақ сүтін  емізген, бауыр етіндей тәтті баласы айтқан жазадан ауыр, одан 
артық жанына батар үкім бар ма? әсіресе, егер ана бала алдында жазықсыз боп, 
тек оны қанішер жаулары ұйымдастырса бұдан асқан қиянат табылар ма? 
 
Аяулы  анаға,  тіпті  күнәсі  болған  күнде  де,  сол  баланы  өмірге  әкелген, 
«құлыным»  деп  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  аялай  сүйген  сорлы  анаға,  дәл  мұндай 
сұмдық  жазаны Ақсақ Темір қалай шығарған? Көреген 
1
  деген атақты оған неге 
берген? 
 
Әбілқайыр дәл бұл сәтте қатал әмір-Темірдің шығарған жазасының қиянаттық 
жағын ойлаған жоқ, ол тек кегінің қайтуын ғана көздеді. «Анасының күнәсіне көзі 
жеткен баласы Сүйіншік өзі айтады Рабиу-Сұлтан-Бегімге өлім жазасын. Өзі болып 
бірінші  тас  атады...  Содан  кейін  діншіл,  қанішер  мүрит,  мүзәйімдер  қарабет 
ханымды «лағнет» тасымен шөкелеп өлтіреді. Сонда ғана  Рабиу-Сұлтан-Бегімнен 
қату боп байланған кегім қайтады. Жоқ, жалғыз ғана Рабиу сұлудан емес, сондай 
қыз  тәрбиелеген  бүкіл  Ақсақ  Темір  әулеті  қара  жүз  болады.  Ақсақ  Темір  әулеті! 
Сол әулетке жиендік жағынан менің сүйікті ұлым Сүйіншіктің өзі де жатпай ма? 
 
Жатса  мейлі!  Шайбани  тұқымы  таза  болу  үшін,  бұл  арада  таспейілдік  жөн. 
Бастан  құлақ  садаға!  Иә  Рабиу-Сұлтан-Бегім  осылай  өлуге  тиісті!  Бұлай  өлу  тек 
әмір-Темірдің заңына ғана емес Мұхаммед пайғамбардың да шариғатына дәлме-
                                                 
1
 К ө р е г е н — Күрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген. 

100 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
дәл...  Туған  анасын  Сүйіншік  сұлтан  осылай  жазаласа,  осылай  өлтірсе,  түбі 
Сүйіншік  сұлтан  Көк  Ордаға  ие  бола  қалса,  мәңгі-бақи  нағашы  жұртының 
ықпалынан  кетеді.  Алдағы  уақытта  олардан  мүлдем  алыстайды.  Шайбани 
әулетінің Өзбек ордасындағы өмірі осылай таза сақталуы керек. Ал туған анасына 
мұндай  жаза  айтуға  Сүйіншік  көнбесе?  Онда  Күшкінші  сұлтан  бар  емес  пе?  Жоқ, 
Сүйіншіктің үкімімен өлуі керек! Сүйіншік жалғыз менің ғана емес, Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің  де  ең  жақсы  көрер  кенжесі!  Жақсы  көрер  адамның  сілтеген  таяғы  жау 
таяғынан анағұрлым ауыр тиеді». 
 
Әбілқайыр күміс қоңырауды қақты. Батыр Саяннан айрылып қалғаны үшін  хан 
үкімін  күтіп  Оспан-Қожа  дәйекші  зынданында  жатқан.  Үйге  Бақты-Қожа  уәзірдің 
өзі кірді. 
 
Хан  есік  алдында  әмір  күтіп  тұрған  уәзірді  жоғары  жақтағы  кілемнің  үстіне 
апарып отырғызды. Әбілқайыр енді бүкіл Дәшті Қыпшақтың әміршісі емес, түнде 
үй  тонауға  шыққан  ұрыдай  сыбырлай  сөйледі.  Бақты-Қожа  уәзір  хан  сөзін  кейде 
естіп,  кейде  естімесе  де,  оның  жұқа  ернінің  қимылдауынан,  көзінде  кенет  жарқ 
ете қалған рақымсыз оттан Әбілқайыр ойының бәрін түсінгені көрініп тұр. «Дұрыс, 
хан  ием,  дұрыс!»  деп  кеудесінде  тулай  жөнелген  қуаныш  толқынын  баса  алмай, 
кенет дауыстап жібере жаздайды да, дер кезінде өзін-өзі әзер ұстап қалады. Жан-
жағынан  діншіл,  есуас  топтың  таспен  шөкелеп  жатқан  Рабиу  сұлудың  қан-қан 
болған  суретін  бір  мезет  ол  көз  алдына  елестетеді  де,  ішінен  «Сол  керек  саған 
Темірлан қаншығы. Мені уәзір еткізбеймін деп бекер жанталаспаған екенсің, енді 
айыбыңның есесін өзім қайтарамын» дейді. 
 
—  Анасының  күнәкар  екеніне  баласының  көзін  жеткізу  керек.  Сөйткен    күнде 
ғана  өлім  жазасын  Сүйіншік  сұлтанға  айтқызған  лауазым,  —  деп  Әбілқайыр  хан 
сыбырлауын тоқтатты. 
 
— Құп, тақсыр, әміріңіз орындалады, — деп уәзір басын иді. Сөйдеді де бұ да 
сыбырлады.  —  Рабиу  ханым  жазасын  айттыңыз,  ал  Ақжол  биді  қайтеміз?  Батыр 
Саянды қашыруда оның да күнәсі бар... 

101 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Күні-түні  ақыл-ойын  кіші  бәйбішесіне  деген  өшпендік  билеп  кеткен  хан,  уәзір 
сөзін  бірден  түсінбеді.  Ұғып  еді,  көңілінде  үнсіз  жатқан  күдік  кенет  шағатын 
жыландай жиырыла қалды. 
 
Бақты-Қожа  бұл  сұрақты  бекер  бергенін  артынан  ұқты.  Көңілге  кірген  түйткіл, 
қылаң берген жаумен тең. Ақжол би де бұның бас уәзір болмауына көп ой салған. 
Бақты-Қожа:  «Ақжолға  өш  екені  ханның  өзіне  аян,  содан  сескеніп  Рабиу-Сұлтан-
Бегім  ханымға  деген  ойымның  беті  ашылып  қалмаса  нетсін?  Рабиу-Сұлтан-
Бегімнің де мені бас уәзір еткіздіргісі келмегені өзіне мәлім...» деді ішінен. 
 
Әбілқайырдың сезіктеніп қалғаны да рас еді. Рабиу-Сұлтан-Бегім мен Ақжолды 
осы  уәзірге  бекер  тапсырдым  ба,  қалай?  Өш  аламын  деп  тым  асығыс  кетер  ме 
екен? Бірақ әлгіде ғана жыландай, ой түкпірінде шумақтала қалған күдік бұдан әрі 
жазылып енді қимылдамады, сол жиырылған қалпында қала берді. Рабиу-Бикеге 
деген көптен көкірегінде ұялаған сенімсіздік бұрынғысынан да күшейе түсті. Енді 
ол:  «Бәсе,  Ақжолдың  тағдырын  қалай  шешу  керек?»  деп  бір  ашуға  бір  ашуды 
қосты.  «Батыр  Саянды  құтқарушының  бірі  Ақжол  би  екені  сөзсіз.  Және  Рабиу-
Сұлтан-Бегім  бәйбішеммен  байланысуларына  қарағанда,  Арғынның  бұл  жүйрігі 
дүбірді  алыстан  қозғаған  секілді.  Маған  деген  көрлерін  тереңнен  қазайын  деген 
бе,  қалай?  Иә,  солай  тәрізді.  Мұндай  жағдайда  Ақжолды  аяудың  қажеті  бар  ма? 
Ақжолды аямау деген сөз, Жәнібек пен Керейдің шаңырағын ортасына түсірумен 
бірдей. Арғын биінен алынған өш, Керей мен Жәнібектен алынған өш!». 
 
Орыс  хан  ұрпақтарының  есімі  аузына  түсіп  еді,  Мұхамед-Шайбаниға  қараған 
Бұрындықтың кейпі қайтадан көз алдында елестей қалды. «Біз Жошы тұқымының 
сұлтандары  бәріміз  де  осындаймыз.  Дәшті  Қыпшақ  тағына  ие  болу  үшін  мен 
Жошыдан  шыққан  қай  адамды  аядым?  Қолына  күш  тисе  Бұрындық  та  соны 
істейді. Ал күш тиіп қалуы да мүмкін. Қалың қазақ руларына олар текке иек сүйеп 
отырған  жоқ.  Рас,  бұл  руларды  Арғын  бастағысы  келгенмен  өзгелерінің  басы 
қосылмай жүр. Үйсін, Наймандар әлі де ауа жайылуда. Алдағы бір айла бұлармен 
Жәнібек  пен  Керейді,  қала  берді  олардың  балалары  Қасым  мен  Бұрындықты 

102 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
біріктірмеу  керек.  Ал  біріктірмеудің  жалғыз  жолы  баяғы  бір  кәрі  амал  —  ажал... 
Түбірімен жұлынған шөп қана қайта өспейді. Құр үстін шабудың қажеті жоқ: Өзбек 
ордасы Ақ Ордаға айналмасын десең, Жәнібек пен Керейді түп-тамырымен құрту 
шарт, бірақ Арғындармен ымдас руларға сөзін өткізе алатын Дайырқожа — Ақжол 
би тұрғанда ол мақсатқа жету қиын. Ақжол би Жәнібек пен Керей үшін отқа күйіп, 
суға батуға бар. Иә, ең алдымен Ақжол бидің өзін... 
 
Әбілқайыр хан Ақжол биді жоқ ету — жатқан жыланның құйрығын басу екенін 
дәл осы сәтте есепке алған жоқ. Баяғы көкіректі жайлаған өшпендік уы, баяғы хан 
тағын қорғау қаупі тағы жеңді. Бірақ уәзірге ол: 
 
—  Ең  алдымен  Рабиу-Сұлтан-Бегім  жайында  айтылған  әмірді  орында,  —деді, 
— Ақжол бидің тағдырын сосын шешеміз. 
 
Бақты-Қожа уәзір: 
 
—  Құп,  тақсыр,  —  деп  орынсыз  күмәнданғанына  көзі  жетіп,  тәжім  етіп  үйден 
шығып кетті. Бірақ ізін ала қайта кірді. 
 
—  Қара  Қыпшақ  Қобыланды  сіздің  алдыңызда  бас  имекші,  —  деді  шығыс 
ғұрпымен орағыта сөйлеп. 
 
—  Жақсы,  кірсін,  —  деді  Әбілқайыр,  үре  түрегелген  иттердей  өзіне  тарпа  бас 
салған қалың ойды қуа беріп. 
 
Иә, хан ойланатын іс қазір мол еді. «Өз әкесі Ұлықбекті өлтіріп, Самарқант әмірі 
болған  әбдуәли-Латиф  мырзадан  кейінгі  әміршісі  Ақсақ  Темірдің  екінші  баласы 
Шахрух  мырза  өзінің  Әбілқайыр  ханға  бағынышты  екеніне  қарай,  Үндістан  мен 
Иракқа  жорыққа  шығыпты.  Бұл  қай  саясаты?  Үндістан  мен  Иракты  өзіне  қаратса 
күшейемін  дегені  ме?  Иә,  солай  болар.  Шахрух  мырза  күшейсе  ең  алдымен 
Әбілқайырдың  құрығын  үзуге  тырысады.  Жоқ,  ол  болмас.  Шахрух  мырзаны 
біржолата  құрту  үшін  Самарқант  билігін  өз  ұлдарымның  біреуіне  беру  керек. 
Шахрухтың басын жоятын мезгіл жетті. Моғолстанның да қазір өрісі кеңіп алды... 
Исан Бұғы хан Жәнібек пен Керей сұлтандарға көңілдес. Бізбен кереғар. Бұл ханды 
да жөнге салар бір қайың құрық керек-ақ! Түбі Моғолстанмен бір айқасуым кәміл. 

103 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Мүмкін  қазір  айқасқан  жөн  бе?  Бүкіл  Дәшті  Қыпшақ,  Хорезм,  Моғолстанның 
солтүстік-шығыс  жағының  әжептәуір  жері  қолымда  тұрғанда,  ала  ауыз  Жағатай 
ұрпақтарына  күшім  жетуі  ғажап  іс  емес.  Бірақ  сондай  байтақ  елге  жорыққа 
аттануға  денсаушылығым  көтере  алар  ма  екен?  Ақсақ  Темір  Мауреннахрға 
бабаларын  Кавказдан  құл  етіп  айдап  әкелген,  қазір  ұрпақтары  мұсылман  болып 
кеткен,  атақты  балгер-дәруіш  әбдіразақ  Нахичевани  кешке  «хан  ием, 
буындарыңызға тұз ұялай бастапты. Сары ауруға шалдығып кетер қаупі бар. Бір-екі 
жыл  жорықты  қоя  тұрып,  Мауреннахрға  барып,  ыстық  бұлақ  суларымен 
емделгеніңіз  жөн  болар»  деді  ғой.  Бұл  ақылды  еске  алмасқа  бола  ма?  Жаулап 
алған  бүкіл  әлемнен  түбі  саған  тиері  екі  құлаш  қара  жер  ғана  ғой,  дүние  жүзін 
билеймін  деп  жанталаса  берудің  қандай  қызығы  бар?  Ханның  бұл  өлімнен  
қорыққаны емес. Адамның өзіне тимей кетпейтін бір үлесі бар. Ол бақыт та емес, 
тек  өлім!  Әбілқайыр  бұны  жақсы  біледі,  енді  өз  ойына  өзі  күлді.  «Дүние  шіркін 
қандай тәтті! Оның өлімнен күштілігінің өзі сонда ғой, қара жерге кіргеніңше сол 
үшін алысып өтесің! Үрім-бұтағым деп алысасың» кенет есіне Шыңғысханның ескі 
өсиеті  түсті.  Шыңғысханның  жер-жиһанға  аты  жаңа  тарап,  қырықтан  асып  бара 
жатқан кезі екен, жанында бір топ нояны бар аң аулап  келе жатыпты. Кенет жас 
ноян  Сүбітай  баһадур:  «Тақсыр  хан,  қараңызшы!»  деп  оң  жақтарындағы  биік 
жартастың  етегін  көрсетіпті.  Биік  құз,  етегі  қалың  көгал  шөп,  ортасында  селдір 
құрақты бұрала сылдырап аққан күміс бұлақ. Осы бұлақтан су ішіп бір топ киік тұр. 
Жел  қарсы  жақтан  болғандықтан  киіктер  Шыңғысхан  тобының  сыбдырын  естір 
емес. Ханның оң жағында келе жатқан ноян иығынан садағын жұлып алып, киіктің 
шеткі  марқа  қошқарын  іліп  түспекші  болып,  көздей  бастады.  Бірақ  Шыңғысхан 
«тұра  тұр!»  деп  қолын  көтеріп,  садағын  тартқызбай  қойды.  Ханның  қырағы  көзі 
дәл  осы  сәтте  басқа  бір  кереметті  шалып  қалған.  Ол  алдыңғы  жағына  ентелей 
қарады. Сөйткенше болған жоқ, нояндар киіктердің ар жағындағы көлден шығып, 
шың түбімен өрмелей келе жатқан ұзындығы бес құлаштай қара шұбар жыланды 
көрді.  Әлгі  ноян  енді  садағын  киіктерге  қарай  ақырын  жылжи  таяған  әп  жы- 

104 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ланға көздей бастап еді, Шыңғысхан қолын көтеріп тағы атқызбай қойды. Киіктер 
өздеріне  жақын  қалған  ажалды  сезді  ме,  кенет  құлақтарын  едірейтіп  жан-
жақтарына елеңдей қарады да, айдаһарды көріп ата жөнелді. Бірақ олар тым кеш 
қимылдады,  әп  жылан  лақтырған  бүйендей  кенет  жуан  шұбар  денесін  сопаң 
еткізіп  бір  ытқытты.  Сол  сәтте  шеткі  жас  киік  «бақ»  ете  қалды.  Жыланның  орала 
түскен  балуан  денесінің  бір  сығуынан  киік  қалмады.  Екінші  рет  бақыруға  да 
жарамады,  жас  сүйегі  сытыр-сытыр  сынып,  заматта  жан  берді.  Енді  жылан 
жазылған  арқандай  бес  құлаш  денесін  созып  жіберді  де  арандай  аузын  ашып, 
киікті  жұтпақ  болып  ыңғайлана  берді.  Жаңағы  ноян  үшінші  рет  садағын  кезенді. 
Шыңғысхан  бұ  жолы  да  оны  тоқтатты.  Жылан  киіктің  бас  жағынан  шығып  енді 
жұта  берем  деген  кезде,  кенет  «шаңқ»  еткен  дауыс  шықты.  Қайдан  келгені 
белгісіз,  кереге  қанат  ақ  иық  қыран  көктен  түскен  тастай  жарқ  етіп  айдаһардың 
үстіне  құлады.  Екі  алып  алай-түлей  жұлысты  да  қалды.  Қайсысының  қыран, 
қайсысының жылан екенін білу қиын, бірі қара шұбар, бірі тарғыл жүнді таудың ақ 
иығы.  Тек  бірін-бірі  құшақтай  жұлқыласқан,  жанталасқан,  жартас  етегінде  шыр-
көбелек  айналып  домалаған,  будақталған  түйін  ғана  көрінеді.  Көктен  түскен 
қыран,  сірә,  қанжардай  тырнақтарын  жыланның  ең  жанды  жерлерінен  салған 
болуы  керек,  анау  оны  қанша  орап  алып  сығып  құртам  десе  де  болмады.  Сүт 
пісердей  алысқаннан  кейін  айдаһар  иірілген  денесін  дірілдей  созып,  кенет  сылқ 
етіп  құлап  түсті.  Бүркіт  айдаһардың  шу  дегеннен-ақ  бір  аяғымен  көк  желкесінен 
ап,  екінші  аяғын  омыртқа  тұсынан  сап,  артына  қайырып  өлтіргенін  нояндар  енді 
көрді.  Адамның  басы  мен  аяғын  ұстап  артына  қайырып,  омыртқасын  сындырып 
өлтіретін  нағыз  Шыңғыс  жаналғышы  дерсің!  Қыран  жыланның  басын  денесіне 
дарытпапты.  Ананың  тек  ирелеңдеген  бөксе  жағы  ғана  қыранға  жабыса  беріпті. 
Қанжардай  өткір  сояу  тырнақтар  қойсын  ба,  көк  желкеден  түсіп,  тамағына  дейін 
бүріп, айдаһарды әрі тұншықтырып, әрі арқа сүйегін күйретіп жіберіпті. 
 
Ақ  иық  айдаһарды  өлтіргеннен  кейін,  нояндар  енді  оны  жас  бағлан  киіктің 
етімен  тояттанар  деп  ойлады.  Жоқ,  олай  болмады.  Бүркіт  киік  етіне  көз  де 

105 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
салмады. Әлі жаны шығып бітпей, ақырын ғана діріл қағып жатқан әп жыланның 
денесіне  қанжардай  сояу  тырнақтарын  салып  жіберіп,  әп-сәтте  күлпаршасын 
шығарды  да  бөлшектенген  етімен  қомағайлана  тояттана  бастады.  Әбден  тойып 
алғаннан кейін ғана барып, анандай жерде жатқан  киікті көтеріп алды да кереге 
қанаттарын жая, шаттана шың басындағы ұясына қарай шырқай жөнелді. 
 
әп  жыланның  бес  құлаш  ұзындыққа  жетуі  үшін  ең  аз  дегенде  жүз  жыл  өмір 
сүруі керек екенін білетін бір нояны Шыңғысханнан: 
 
— Ұлы хан, әлгі қыран жас бағлан киіктің етімен емес, кәрі әп жыланның сіңір 
етімен неге тояттанады? Сол жас бағлан еті үшін өзі әп жыланға түскен жоқ па еді? 
— деп сұрады. 
 
Сонда Шыңғысхан: 
 
—  Досыңнан  қасыңның  еті  тәтті. Ал қасыңнан  өзіңмен  алысқан жауыңның  еті 
тәтті, — депті. 
 
Әңгіме  бұнымен  бітпеген.  Шыңғысхан  қартайып  келе  жатқан  кезінде  тағы  да 
аңға  шығады.  Баяғы  өздері  көрген  шыңның  жанынан  өтіп  бара  жатқандарында 
қазір егде тартып қалған Сүбітай баһадур тағы да: 
 
— Ұлы хан, қараңызшы! — деп шың жақты көрсетеді. 
 
Нояндар жалт бұрылады. Бір жағын пышақпен кескендей баяғы қап-қара биік 
құз...  Осы  құздың  тұсынан  ұзындығы  үш  құлаштай  қара  шұбар  әп  жылан  жоғары 
өрмелеп  бара  жатыр.  Жартастың  орта  шеніне  таяп  қалған.  Қырағы  көздер  көріп 
тұр,  жартас  түстес  шұбар  жылан  жоғары  қарай  ақырын  қозғалады.  Құлар  болса 
өзінің де тамтығы қалар емес. Бұны осыншама қауіпке салар қандай күш? Күш — 
біреу. Ол ата кегі, мынау шұбар аждаһа баяғы қыран өлтірген аждаһаның ұрпағы 
екені  сөзсіз.  Сондағы  жартас,  сондағы  ұя,  атадан  әкеге,  әкеден  балаға  қалған 
өшпенділік.  Әр  жылжығаны  ажал,  осынау  қауіпті  сапарға  бұл  жас  аждаһаны  да 
аттандырған  сол  ежелгі  өштік.  Нояндар  шың  басына  қарады.  Ернеуіндегі  қуысқа 
жабыстыра  салған  қыран  ұясы.  Жаз  ортасы,  қыран  балапандарының  қанаттанып 
ұшып кете қоймаған кезі. Өздеріне жылжып келе жатқан ажалды сезгендіктен бе, 

106 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
олардың  үрейлене  шыққан  шаңқылы  еміс-еміс  естіледі.  Нояндар  жылан  сырын 
енді  түсінді.  Мынау  әп  жылан  ата  кегін  енді  қарт  қыранның  балапандарынан 
алмақ! 
 
Шыңғысханның  оң  жағындағы,  қазір  қартаң  тартқан  баяғы  мерген  бас  ноян 
садағын  қолына  тағы  алды.  Шыңғысхан  осыдан  жиырма  бес  жыл  өткен  әдетіне 
сай оны тағы тоқтатты. 
 
Жас  жылан,  келе  жатқанымды  көріп  балапандардың  күні  бұрын  зәресі  ұшып 
өлсін дегендей асықпай жылжиды. Ұяға міне, үш құлаш жер қалды. Тағы да жылан 
өрмелей  түсті,  енді  екі  құлаштай  ғана  єалды.  Жылан  енді  бір  өрмелесе  ұяға  да 
жетеді. Қарт қыранның балапандарының жас қанын ішіп, ол ата кегін қайтарады. 
Жылан  енді  ақырғы  рет  өрмелеп  ұя  аузына  да  жетті.  Қыран  балапандарының 
шырылдаған дауыстары енді анық шықты. Мерген ноян тағы да садағын қолына 
алды, Шыңғысхан тағы да тоқтатты. Жыланның басы қыран  ұясы салынған қуысқа 
кіре  берді.  Дәл  осы  кезде  кереге  қанаттары  суылдап  қыран  да  жетті.  Бұл  сөзсіз 
баяғы  қыран.  Бірақ  қанат  серпісі  баяғыдай  дауыл  тұрғызар  екпінді  емес, 
қартайған...  Әйтсе  де  жаратылысынан  жасқануды  білмеген  жау  жүрек  қыран, 
қартайдым,  алысар  қуатым  жоқ  деп  жас  жыланнан  сескеніп    шегінген  жоқ, алыс 
жолдан  талып  келген  қанатын  ең  ақырғы  рет  пәрменінше  сілтеп,  жартастың  дәл 
төбесінен  бауырлай  түсіп,  бір  аяғымен  жыланның  құйрығынан  іліп  төмен  қарай 
лақтырған  тасша  құлады.  Жыланның  басы  сопаң  етіп  шығып,  шұбар  денесі  бір 
мезет  жазыла  көрінді  де,  әп-сәтте  қайтадан  жиырылды.  Енді  оның  лақа  балық 
басындай  жалпақ  басы  жоғары  қарай  көтеріле  берді.  Бірақ  жылан  басы  қыран 
денесіне тиіп үлгермеді. Сын айқаста тәжірибе алған қарт қыранның бос аяғының 
мұқала бастаған, бірақ әлі де сояудай тарбиған тырнақтары жыланның тасырайған 
қос  көзіне  барып  қадалды.  Екі  алып  осылай  айқасқан  қалпында  жерге  келіп 
құлады.  Тағы  да  баяғы  жан  аяспас  жұлыс,  орала  жұмарланған  денелер.  Жастың 
аты жас, бұл жолы әп жылан қыранды ортан белінен орап алған-ды. Күші қайтқан 
қыранның  мұқалған  тырнақтары  аждаһаның  құйрық  жағын  босатып  жіберді.  Бұ 

107 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
жолы алыс ұзаққа созылған жоқ. Қыран бір мезетте жылан құшағынан босап шыға 
берді. Ол енді бір қанатымен жерді сабалай, ілби шоршып жанындағы кісі бойлы 
жартасқа  шықты.  Бұл  кезде  қыранды  қоя  берген  әп  жылан  құйрығымен  жер 
сабап,  иіріле  дөңбекши,  өзімен-өзі  әуре  боп  жатты.  Қыран  қырындау  жағынан 
шығып  тастың  басына  барып  отырды  да  жерде  тулап  жатқан  жыланнан  көзін 
алмай қатты да қалды. Шыңғысхан тобынан да сескенбеді. Өз денесін өзі тауға да, 
тасқа да ұрып тулап жатқан жылан әрі-беріден кейін әлсіреуге айналды. Қыран әлі 
қозғалған жоқ. Жылан өрім-өрім болған денесін, ақырғы рет бір мәрте жиырды да 
кенет  жазыла  бастады.  Тас  басында  тапжылмай  отырған  қыран  осы  сәтте  қуана 
шаңқ етті. Кереге қанаттарын жайып жіберіп көкке қарай талпынды, бірақ түбінен 
опырылған бір қанаты екінші рет қағуына жарамай ол төмен қарай жантая құлап, 
жаңа  ғана  өзі  көтерілген  жартастың  сүйір  ұшына  кеп  кеудесімен  ұрды  да, 
шалқасынан  түсті.  Екінші  рет  көтерілуге  жарамады.  Ақырғы  рет  қанталаған 
көздерімен  көк  аспанға  қарады  да,  бір-екі  рет  сау  қанатымен  дірілдей  жерді 
соғып,  тына  қалды.  Шыңғыс  тобы  шың  етегіне  таяды.  Қыран  бір  аяғының 
тырнағымен  жыланның  қос  көзін  ойып  түсіріп,  екінші  аяғының  тырнақтарымен 
кеңсірігін ет-метімен жұлып алыпты. Жылан әлсіреп барып жан тапсырыпты. Бірақ 
бұ  да  өз  есесін  жібермепті,  алып  денесімен  орап  қыранның  бір  қанатын 
топшысынан сындырыпты... 
 
Жыланның  өлгенін  көргенде  шаңқ  етіп  қуана  шыққан  қыран  даусы  әлі 
құлағында тұрған Шыңғысхан: 
 
— Мына қыранның арманы жоқ, — деді. — Ол алғашқы жолы өзінің қайратты 
кезінде  тайталасқан  жауын  алысып  жеңді.  Бұ  жолы  өзі  өлсе  де  балапандарын 
ажалдан құтқарып өлді. Мына аждаһаның балалары өсіп, өшін алғанша, анау шың 
басындағы  ұядағы  балапандар  да  қыран  болады.  Олардың  өз  тартыс- 
тары  басталады.  Ал  қарт  қыран  өз  борышын  атқарып  ажал  тапты.  Өзі  барда 
ұрпағына  қауіп  тудырар  жауын  құртып  кетті.  Осылай  ажал  тапқан  ақиық  ақырғы 
рет  көк  аспанға  қанат  жайып,  өлер  алдында  қуана  шаңқ  етті.  Сендер  де  осы 

108 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет