Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

*   *   * 
 
 
Монғолдар  қарсы  жақтың  қаласын  алу  үшін  ештеңеден  де  тартынбайтын. 
Өлтірген адамдарының майын шыжғырып алып жауы тығылған үйлерге құйып от 
салу  (адам  майы  ұзақ  жанады)  не  бекініс  қабырғасы  берік  шаһарлардың  үстінен 
грек  отын  —  құм  аралас  мұнайдан  істелген  жанғыш  затты  лақтырып,  адам  көзі 
қимас  ғажайып  сұлу  мешіт,  шіркеу,  патша  сарайын  өртеу,  жан  түршігерлік 
зұлымдық, айуандық қаныпезерлік, алдау дегендердің бәрі де қатар жүретін. 
 
Шапқыншылар  әскерлерінің  тағы  бір  қасиеті  жылдамдығы  еді.  Құлынынан 
бастап ұшы-қиыры жоқ монғолдың құмайт даласында босып өскен жылқы мінген 
Шыңғыс атты әскерінің бір тәулікте елу фарсат алуы тіпті таң қаларлық іс емес. Бар 
ұрыс  саймандарын,  қазан-ошақ,  жататын  үйлерін  тиеген  арбалары  мен 
бекіністерді алатын катапульті ауыр көшінің өзі де күніне отыз-қырық фарсат жер 
жүретін.  Бұның  бәрі  монғол  жылқысының  төзімділігі  мен  жауынгерлерінің  салт 
атқа  жасынан  дағдыланғанынан  еді.  Осы  қасиеттерінің  арқасында  монғол  әскері 
күтпеген жерден жауының дәл қасынан пайда болып, не күндіз ұрысқан қолының 
бір түнде басқа жағынан шығып, керек болса қаша жөнеліп, қара үзіп кете беретін. 
Монғолдың бұл әдісіне тек Қыпшақ жігіттері ғана төтеп бере алатын. Бірақ олар аз, 
екі  жүз  мың  монғол  әскеріне    қырық  мыңға  жетер-жетпес  Қыпшақтың  салт  атты 
сыпайлары не істей алады? 
 
  әйтсе  де  сонысына  қарамай,  Қыпшақ,  Керей,  Найман  тәрізді  рулар  мон- 
ғолдарға оңайшылықпен көнбеді. Жерін, елін қорғап ұзақ күресті. Калка өзеніндегі 
айыбын  сан  мәртебе  ыстық  қанымен  жуды,  асыл  ұл-қызының  үзіліп  кеткен 
жүректерімен ақтады. 
 
Қазтуған жырау осы монғол шапқыншыларымен алысқан Қыпшақ әскерлерінің 
ерлігін  толғағанда  нағыз  бір  жүйрік  атқа  мінгендей,  көңілі  лепіріп,  ұшып-қонып 
қансорпа  боп  бір  орнында  отыра  алмады.  Бір  мезет  Бошман  жырына  келгенде 
тіпті аруақтанып кетті. Бошман — Қыпшақ батыры еді. Иран тарихшысы Джувейни 

76 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
айтқандай:  «Қисық  қылыштан  тірі  қалғанның  бәрі  тағдырдың  дегеніне  көніп, 
мойынсұнғанда  да»  Бошман  батыр  монғолдардың  ырқына  көнбеді.  Елінің 
тәуелсіздігін,  жерін,  суын  қорғап  шапқыншыларға  қарсы  шықты.  Өзі  секілді 
монғол  қолына  түспей  құтылып  кеткен  бірнеше  батырларды  жинап,  «Қанға  қан! 
Кекке  кек!»  деп  жауларының  жеңіл-желпі  жасақтарын  құрта  бастады. 
Басқыншылардан  кек  алуға  болатынын  ұққан  Қыпшақ  жігіттері  жүздеп  келіп 
Бошманға  қосылды.  Бұны  көріп,  Еділ  бойындағы  уақ  ұлттар:  башқұрт,  алан, 
бұлғарлар  да  бас  көтерді.  Бошманның  үлгісінің  өте  қауіпті  екенін  түсінген  Бату 
әскерінің  қолбасшысының  бірі  Мөңке  Бошманды  тез  ұстауды  бұйырды.  Бірақ 
Бошман  ұстатпады.  Оның  қатары  күннен-күнге  көбейе  түсті.  Бошман    қатары 
көбейген  сайын,  монғолдардан  да  береке  кете  бастады,  жоқ  жерден  шабылған 
көрен 
1
 , бүлінген жасақтар саны молайды. Бошманды ұстаймын деп енді Мөңке 
қаһарына  мінді,  ал  аяулы  ер  Еділ  бойының  қалың  ағашының  арасына  кіріп  ап, 
басқыншылар  шебіне  тиісумен  болды.  Ақырында  Мөңке  інісі  Бөшек  екеуі  әр 
кемеге  жүз  қарулы  жауынгер  отырғызып,  екі  жүз  желкенменен  Еділ  бойымен 
төмен ағып, өзеннің екі жағын бірдей қарап шықты. Бошман бұған да ұстатпады. 
Еділдің ортасындағы ат көрінбес анақурайлы бір аралға бекініп ап, жағасына жау 
желкендерін  жуытпады.  Мерген  Қыпшақтар  желкен    үстіндегілердің  басын 
көтертпеді.  Қарсы  жағы  Бошманды  ала  алмайтындарына  көздері  жетіп,  енді  әрі 
қарай жүрмек боп тұрғандарында кенет адам айтқысыз қатты жел тұрып, аралдың 
бір  жағындағы  суды  қуып,  біраз  жерін  қарайтып  тастады.  Мөңке  осы  күтпеген 
қара қатқақ жол арқылы аралға бар әскерін төкті. Мың қаралы жауынгерлерімен 
Бошман  батыр  қолға  түсті.  Монғолдың  бір  нояны  Мөңкенің  жарлығы  бойынша 
Бошманды балтамен қақ жарып өлтірді. 
 
Елін  шапқыншыларға  көтере  білген  Бошман  батыр  өз  ісін  істеп  кетті.  Оның 
көтерілісі  біткенмен  іле-шала  Баян  мен  Жықу  атты  бұқарадан  шыққан  кісілерінің 
бастауымен Қыпшақ жігіттері тағы күреске шықты. 
                                                 
1
 К ө р е н — монғолша, бекінген әскер, лагерь. 

77 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Қазтуған жырау осы көтерілістің барлығын еміренте, бір жалынды үнмен  жыр 
етіп мақтана толғай берді. 
 
Әбілқайыр  жыр  басталғалы  алтын  тағынан  қозғалмай,  қара  сұр  жүзі  сәл 
қуқылданып үн-түнсіз тыңдап отыр... Ашу қысып тына қалғанын хан сырын білетін 
дос-қасы  тегіс  түсінуде...  Тек  Қазтуған  жырау  ғана  өзгеріп  кеткен  хан  келбетін 
аңғарар  емес.  Ел  шапқаннан  гөрі,  елін  қорғаған  Қыпшақтың  ерлігін  жыр  еткенде 
дарыны енді шын ашылып, кісендеулі құлашы жаңа ғана жайылғандай, толғауын 
аңқылдап соғып отыр... 
 
Кезекті енді Қотан жырау алды. 
 
—  Құс  ұша  түзеледі,  бетің  жаңа  жөнделді,  Қазтуғаным,  —деді  ол,  —  сен 
бастаған әуенді мен ұлғайта түсейін... 
 
Ашына сарнаған қобыз үніне қосылып, қарт жырау енді бір алуан уақиғаларды 
бастап кетті... 
 
Шыңғысхан тағына Күйік отырған кезде Батудың қарамағында монғолдың бар 
болғаны  төрт  мың  ғана  жауынгері  қалған.  Бүкіл  Шығыс  Европаны  жаулап  алған 
айбынды  әскері  өзіне  бағынышты  елдердің  дені  Дәшті  Қыпшақ  жігіттерінен 
құрылған-ды.  Бұндай  әскермен  қарамағындағы  жұртты  билеу  де  қиын  және 
бұның  өлімін  күтіп  отырған,  жүз  мың  қолы  бар  Күйікпен  бетпе-бет  келу  де  оңай 
емес.  Сондықтан  Бату  сенімді  одақтас  іздеді.  Бұл  —  Алтын    Орда  ханының  сол 
кездегі  көкейтесті  арманының  бірі  еді.  Міне,  осы  тұста  Новгород  князьдары 
Александр  мен  Андрейдің  әкесі  Ярослав,  бұрыннан  уәделесіп  келген  Күйіктің 
ордасына  келісім  сөзге  барған  жерінде  монғолдардың  қолынан  қаза  табады. 
Батудың көктен сұрағаны жерден табылады. Новгород князьдары Александр мен 
Андрей  Күйіктен  ат  құйрығын  шарт  кесіп  бөлінеді  де,  Батумен  бітімге  келеді. 
Новгород князы Александр Батуға алым-салық төлеп, оның баласы Сартақпен өле-
өлгенше соғыспай өтуге ант береді. Осы күннен бастап Алтын Орда  хандары мен 
Новгородтың  ұлы  князьдарының  арасында  ғасырға  таяу  созылған  келісім 
басталады. 

78 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Ал  он  үшінші  ғасырдың  басынан  бастап  католик  дініндегі  Европа  кресшілері 
православ  дініндегі  гректер  мен  орыстарға  қарсы  шабуылға  шыққан.  Бір  мың  екі 
жүз  төртінші  жылы  олар  Стамбулды  алып,  Византия  патшалығын  жойып,  латын 
империясын  құрған.  Эсті  мен  латыштарды  жеңіп,  өздерінің  құлдарына  
айналдырған. Осындай қара түнекті орыс жұртының басына да тудырмақ болған. 
Бірақ Шығыс жағынан жау күтпеген Александр Невский оларды 1240  жылы Нева 
өзенінің, 1242 жылы Чуд көлінің үстінде жеңген. Демек, соғыс әлі бітпеген-ді, әлі 
де  орыс  еліне  әскери  көмек  керек  еді.  Бір  мың  екі  жүз  қырық  бірінші  жылы 
Лигницеде  Польша  мен  неміс  рыцарьларының  бірлестігінің  күл-талқанын 
шығарған  Бату  өзінің  уәдесін  бұзған  жоқ.  Бұл  жағдай  Алтын  Орда  хандары  Бату, 
Сартақ өлгеннен кейін де, Берке тұсында да сақталып келген. Ал 1269 жылы неміс 
кресшілері  өздеріне  қарсы  шығуға  Новгородқа  Алтын  Орда  қолының  келгенін 
естіп, бұл кезде күшейіп алған орыс князьдарынан бітім сұрады. Сөйтіп орыс жері 
кресшілердің шабуылынан мүлде құтылған. Алтын Орда хандары Бату саясатынан 
хан  Мамайға  (1362  ж.)  дейін  айырылған  жоқ.  Оған  себеп  Сарай  шаһарында 
отырған  хандар  бір  кезде  өздері  бағындырған  орыс,  болғар,  Дәшті  Қыпшақ 
елдерінің қолдарына енді өздері қарап қалған-ды. Ал бұл ортада осыдан екі ғасыр 
бұрын  алты-ақ  мың  болған  орыс  елі  әбден  әлденіп,  кемеліне  жетіп  үлгірген! 
Өйткені  оның  бұл  дәрежеге  жетуіне  Алтын  Орда  күншығысынан  келетін  жауына 
қалқан  болды.  Қотан  жырау  достықтың  қандай  ұлы  күш  екенін,  көршілес  елдер 
тату  тұрып,  жерлерін  бірге  қорғайтын  болса  қандай  апаттан  болса  да  құтыла 
алатынын білдірді. 
 
Жырау  сөзі  Әбілқайырға  ұнамағаны  хақ,  кезек  енді  Қазтуғанға  беріліп,  анау 
шырқай жөнелгенде хан кенет қолын көтерді. Жырауды қошаметтеп «Уай, пәле!» 
деп лепіре қызынған жұрт тына қалды. Қазтуған да шауып келе жатып аяң желіске 
түскен жүйріктей даусын төмендете түсіп, қарқынын әзер басып, сөзін кібіртіктетіп 
барып тоқтады. 

79 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Намаз мезгілі болып қалды, — деді  хан, — Қазтуған жырау толғауын содан 
кейін тыңдалық. 
 
Әбілқайыр мұсылман ханы болғанмен, Мұхаммет пайғамбардың жолын берік 
ұстамайтын.  Өзі  намазды  кейде  оқып,  кейде  оқымайтын.  Онысына  қарамай  хан 
орнынан  түрегелді.  Ханмен  бірге  жұрт  та  апыр-топыр  қозғалды.  Осы  кезде 
Найманның  бас  батыры  Қаптаған  шеткі  топтан  сытылып  шыға  берді.  Ол  асыға 
басып  Найман  руына  арнап  тіккен  өртеңнің  баурындағы  ақ  ордаға  келді.  Есік 
алдында  тұрған,  қолында  найзасы  бар,  елтірі  тымақты,  үстіне  шекпен  киген, 
күзетші сары жігіттен: 
 
— әлі келген жоқ па? — деп сұрады. 
 
— Келген жоқ. 
 
Қаптағай қобалжи қалды. 
 
— Япырай, бірдеме болмаса игі еді. Келер уақыты асып кетті. Әлде өзің барып 
қайтасың ба? 
 
— Құп. Барсам, барып қайтайын. 
 
Найманның  аты  шулы  бас  батыры,  атан  жілік  балуан,  айдаһарға  қарсы  барар 
жүрек жұтқан Қаптағай қара қасқа кедей болатын. Қарамағындағы он бес қараша 
үйді,  жаудан  түскен  олжа  мен  атып  алған  бұғы-маралымен  асырайтын.  Жау  жоқ 
жылдары  сауатын  сауын,  көшер  көлігін  ауқатты  ағайындарынан  алатын.  Осыдан 
екі жыл бұрын Ұлытауға арқар атуға бара жатып жұтаң қыстың аяғы қатты боранға 
айналып,  үш  күн  Тайкеткен  өзенінің  бойындағы  Айыртаудың  ық  жағындағы 
Әбілқайыр  ханға  жататын  қысырақтың  үйірлерін  бағып  жатқан,  маңайында 
тұлдыр  жоқ  қосқа  аялдаған.  Сонда,  қос  басы,  он  көкжал  қасқырды  бір  күнде 
жалғыз өзі түсіретін әйгілі аңшы және атпал батыр жылқышы Орақпен кездескен. 
Айлас қатын мұңдас, хан мен биге бейнет етіп жүрген қос батыр біріне-бірі ұнаған. 
Қаптағай  елуден  асып  кетсе  де,  ал,  Орақ  жиырма  беске  жаңа  жетсе  де,  өмір 
үндері  бір  жерден  шығып,  екеуі  достасып  қалған.  Осы  Орақ  мына  болып жатқан 

80 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
асқа  осыдан  үш  күн  бұрын  келуге  тиісті  еді.  Маңдайына  басқан  жалғыз  аты 
Ақбақайын бәйгеге қоспақ болатын. 
 
Ақбақайдың  қашқан  қасқырды  қалай  қуып  жететінін  бір-екі  рет  көрген  ат 
сыншысы Қаптағай: 
 
— Жүйрігіңді сынап көр. Мен бірдеме білсем, Ақбақай ұятқа қалдырмайды, — 
деп Ораққа өзі ақыл берген. 
 
Орақ атын бәйгеге қоспақ болған, бірақ әлденеге: 
 
— Жақсы, асқа келейін, — деген, тек біреу-міреу қастық етіп жүрмесе... 
 
Қаптағай  бұл  жолы  жылқышының  сөзіне  көңіл  аудармаған.  Тек  Орақ 
уәделескен  уақытында  асқа  келмегеннен  кейін  ғана  «со  шіркінге  біреу-міреу 
қастық  етіп  жүрмесе  еді?»  деп  қобалжи  бастаған.  Сондықтан  да  шыдай  алмай  
жылқыдағы Ораққа әдейі кісі жібергелі тұр. 
 
Жылқышының келуін тағы бір адам шыдамай күтуде еді. О да Орақтың жалғыз 
атын  бәйгеге  салатынын  білетін.  Бұл  күткен  —  бүкіл  Дәшті  Қыпшақтың  әміршісі 
қатігез хан Әбілқайырдың келіні, басына қара жамылып сонау төбе басына шығып 
күншығыстан көзін алмай телміре қалған, Шах-Будақ сұлтанның жесірі —  Аққозы-
Бегім.  Құса  болған  ажарына  қарасаң,  жүректегі  жұлдызы  өшкендей.  Жоқ,  Орақ 
пен  бұның  арасында  құдай  алдында  күнәлі  дер,  не  ауыл  арасында  өсекке  ілігер 
ештеңе  болған  жоқ.  Тек,  біраздан  бері  бір-біріне  құмартқан  ыстық  жүректер, 
көріскендерінше  шыдай  алмай  алас  ұруда.  Осыдан  төрт  күн  бұрын  асқа  мінетін 
атын алуға келген Аққозыға Орақ тағы өзінің өлердегі сөзін айтқан. 
 
Елінен бала жасынан еріп келген Ораққа Аққозы: 
 
—  Құдай  алдында  күнәкар,  жұрт  алдында  қарабет  болғым  келмейді.  Ерімнің 
асы  өтсін,  —  деген  аққұба  беті  балбұл  жанып,  —  содан  кейін  қайын  атамнан 
рұқсат сұраймын, көнсе шариғат алдында қосылам. 
 
— Көнбесе ше? — деген Орақ  қобалжи.  — Бар әлемнің тең жартысын билеп 
тұрған,  аузынан  жалын  атқан  Әбілқайыр  хан  келінін  есігінің  алдында  жүрген 
құлына береді дегенге сену қиын... 

81 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— О да адам емес пе? — деген жас сұлу қабағын сәл шытып. Сол сәтте көзінен 
ұшқын атып жігітке қараған:  — Көнбесе... Дүниеде екі тумақ  жоқ. Бәрібір... Онда 
да қосыламын! — деген. 
 
Кенет  құрыш  денесіне  қанат  бітіп,  көкке  ұшар  құстай  көңілі  шалқи  жөнелген 
Орақ: 
 
—  Қазір  өліп  кетсем  арманым  жоқ,  —  деген  даусы  қуанғанынан  сыбырлай 
шығып. — Асқа мен де барамын, Ақбақайымды бәйгеге қосып көрмекпін. Сонда 
көрісерміз! 
 
Бірақ Орақ асқа келмеді. Егер тірі болса келері күмәнсіз еді. Оны Аққозы жақсы 
білетін. Сол себептен өзге құрбы-құрдастары айтысқа кеткенде, ол шыдай алмай 
аулының  сыртындағы  мың  жусанды,  тырбақай  бетегелі  қырқаға  шығып, 
күншығысқа қарап Орақты сарғая күтумен болған. 
 
Хан  жырау  толғауын  Қыпшақ  руының  Шыңғысханға  қарсы  шығып  ерлік 
көрсеткені  үшін  тоқтатқан  жоқ.  Бұндай  толғауға  Сайбан  ұрпақтары  түгіл,  бүкіл 
Жошы  үрім-бұтақтарының  құлақтары  үйренген.  Ал  шыдай  алмағандары  кегін 
ішіне сақтап қалатын. Тікелей дау шығаруға халықтың қаһарынан сескенетін. 
 
Хан  қанын  ішіне  тартып  отырса,  ол  жырау  сөздеріне  шамданғандықтан  емес, 
бөтен  жағдайдан  Батуханның  ұрпағы  Бердібек  ханды  ағайын-туысы  өлтіріп, 
Сайбан ұрпақтары Сайын тағына отырғанға дейін Дәшті Қыпшақ Ордасы  әркімнің 
қолында  келген.  Бұл  кезде  болған  ханның  бәрі  дұрысын  айтқанда  не  Ноғай 
батырдың, не Ақсақ Темірдің дегенімен жүрген. Тек Орыс хан, Тоқтамыс пен Едіге 
ғана көнбеген. 
 
Сайбан  ұрпақтары  Көк  Ордаға  ие  болғаннан  соң  да  осы  жағдай  жойыла 
қоймаған. Әбілқайыр хан тағында отырғанмен де оның қолынан халықтың басын 
қосып,  Сайын  Ордасының  қызыл  туын  бүкіл  Дәшті  Қыпшақ  үстіне  желбірете 
алмаған.  Оған  себеп  бәз-баяғы  қазақ  руларының  өз  батырларына,  биіне  ғана 
бағынуы. Рушыл халық хан үстемдігін тек ру басшылары би, батырлар қабылдаса, 
сонда ғана мойынсұнған. 

82 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Тек  өзінің  дұшпандарын  жеңіп,  Әбілқайыр  Көк  Ордаға  билігі  өктеп  жүре 
бастағаннан кейін ғана бұл жағдай кілт өзгерді. Бірақ ол Орда төбесіне Сайын туын 
да емес, Ақ Орда туын да емес, Өзбек ханның туын тікті. Өлеріне он жыл қалғанда 
Қыпшақ,  Мауреннахр,  Қорасан  жеріндегі  «осыдан  бір  пәле  келеді-ау»  деген 
Жошының  басқа  ұрпақтарының  басын  қостырмай  тізе  көрсетіп,  құмдай 
бытыратып,  әрқайсысын  әр  жаққа  қуды.  Тек  Жошының  бір  буыны  Қасым 
сұлтанның  Астрахань  тағына  отыруына  жәрдемдесті.  Онда  да  Әбілқайырдың  өзі 
ғана білетін себебі бар еді. 
 
Әбілқайыр  Шығыстың  көп  жерін  алғанменен,  бұл  жеңіс  өзіне  қауіпті  қатер 
туғызуға  айналды.  Талан-тараж  болған  Жошының  басқа  ұрпақтары  Әбілқайырды 
жеңу  үшін  жапа  шеккен  руларды  біріктіре  бастады.  Әсіресе  Моғолстанды 
басқарып  отырған  Жағатай  ұрпақтарымен  енді  жаңа  хандықты  жанталаса 
көксеген  Жәнібек  пен  Керей  тіл  табуға  тырысты.  Егер  бұлар  тіл  тапса,  оңай  күш 
емес. Оны бұл жалғанның қыбыр-тықырына елеңдеп тұратын хан жақсы біледі. 
 
Моғолстан мен қазақ руларының басын біріктірмей құрту керек! Ал құртудың 
екі  жолы  бар,  бірі  —  Моғолстанды  шабу.  Екіншісі  —  Жәнібек  пен  Керейді  көп 
кешіктірмей жою. 
 
Үйелменді ел Моғолстанға аттануға әлі ертерек. Ол үшін Қорасанды өзіне тегіс 
бағындырып,  әбден  күшейіп  алған  абзал.  Қазір  осыншама  жерге  қанат  жайып 
кеткен  Жағатай  ұрпақтары  мен  Моғол  бекзадаларын  аяқ  астынан  құрта  
алмайсың.  Сонда  екінші  жол  қалады.  Әбілқайыр  хан  ордасында  туғалы  тұрған 
бүлікті  білмей  жүрген  жоқ,  біледі  және  сол  бүліктің  Барақ  балаларынан 
шығатынына  да  шек  келтірмейді.  Сөйте  тұрып,  оларды  бірден,  тіпті  бір  түнде 
нөкерлерін жіберіп, жоқ қылып жіберуге жүрегі дауаламайды. 
 
Ханның дәл өткір қанжардай алып түсетін кезінде де алып түсе алмауының да 
үлкен астарлары бар... 

83 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Шыңғысханның  тұсынан-ақ  ұрпақтарының  көбі  қарамағындағы  қалалар  мен 
қоныстанған  елдерді  тек  талау  үшін  керек  деп  қараған.  Тек  осы  жағынан  келіп, 
олар шауып алған қалаларды, қоныстанған елді тонаумен болған. 
 
Ал,  қанды  жорықтардың  осынау  тасқындары  басыла  бастағаннан  кейін, 
Шыңғысхан  ұрпақтары  Қарақұрым  хандығының  әкімшілік  ісін  басқаратын, 
Үгедейдің  оң  қолы  Елуй  Чусайдың  арқасында  бұл  істерінің  дұрыс  емес  екенін 
ойлай  бастаған.  Елуй  Чусай  Үгедейге:  «Ұлы  хандық  ат  үстінен  түспей  жаулап 
алынды.  Оны  енді  ат  үстінде  отырып  басқаруға  болмайды»  деген.  Ұлы  қидам 
ақылшысының бұл сөзін көп ойлаған әсіресе Мөңке хан. Егер әскерлер бұлай аты-
жөні  жоқ  бар  қалаларды  шауып,  қоныстасқан  елді  құрта  берсе,  көп  кешікпей 
тонайтын  жердің  де,  елдің  де  қалмайтынына  көзі  жеткен.  Сол  себептен 
Қарақұрымның  ордасына  ие  болғаннан  кейін,  өзіне  бағынышты  қалалар  мен 
қоныстасқан  елдің  қанын  сорудың  басқа  жолын  іздеген.  Жолын  тапқан  да, 
Шыңғыс ұрпақтары шауып алынған қалалардың бәріне даруға (Орта Азияда) мен 
басқақтар (Иранда) белгіленген. Ең алыс тұрған Иран жеріне бас басқақ боп Аргун 
батыр жіберілген. 
 
Бұл  даруға,  басқақтар  тікелей  Қарақұрымға  бағынған.  Бұлардың  міндеті 
қарамағындағы  жұртқа  санақ  жүргізіп,  сауда  жолдарын,  ақша  мәселелерін 
тексеріп,  жұрттан  дер  кезінде  салық  жинап,  Қарақұрымға  тікелей  жіберіп 
отыру. 
 
Шыңғысхан  заңы  бойынша  жаулап  алынған  көшпелі  елдердің  жері,  суы  хан 
ұрпақтарына  ұлыс-ұлысқа  бөлініп,  басыбайлы  берілген.  Бұл  елдердің  тағдырын, 
көшіп-қонуын,  шаңырақ,  мал  басынан  жиналатын  салығын  осы  хан  ұрпақтары 
өздері  шешетін.  Ал  отырықшы  ел  мен  қалалар  Ұлы  Орданың  астанасы  Қара- 
құрымның  өзі  тікелей  жіберген  әкімдерге  ғана  бағынатын.  Түскен  пайда 
(егіншіліктен, өнеркәсіп, салықтан) Қарақұрымдағы Шыңғысханның қазынасы мен 
оның толып жатқан ұрпақтарына бөлінеді. Сөйтіп басқарып отырған жерінде қала, 
отырықшы жұрты бар хан, бұлардан түскен салықты өзі жеке пайдалана алмайды. 

84 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Бұл  салықтардың  бәрі  Қарақұрым  қазынасына  бір  бағамен  түсу  үшін  Мөңке  хан 
бүкіл  Алтын  Орда,  Жағатай,  Иран  жерінде  салмағы  бір  алтын  ақша  —  динарлар 
шығартқан.  Бұл  динарлардың  құнды  болып,  бүкіл  Монғолия  патшалығында 
бірдей  бағалануын,  Мөңке  хан  саудагерлер  арқылы  жүргізіп  келген.  Бұқар, 
Самарқант,  Герат,  Алмалық,  Берке  ханның  кезіндегі  Алтын  Орда  астанасы  Сарай 
әрқайсысы өзінің алтын ақшасын құйған. Бірақ бәрінің де салмағы бірдей болып 
отырған. 
 
Мөңке  өліп,  Шыңғыстың  Ұлы  Ордасын  Қытайға  көшіргеннен  кейін,  бұл 
Орданың күйреуімен бірге ақша саясаты да бүлінген. Алтын Орда хандары алтын 
ақшаны  өз  аттарынан  құя  бастаған.  Бірақ  Ақсақ  Темір  Сарайды  шауып,  Қыпшақ 
даласында  бүліншілік  бастағаннан  кейін  бұл  жағдай  мүлдем  тоқталған.  Негізгі 
шаруашылығы мал бағу болған қазақтың көп руы енді қала салудан біржолата бас 
тартып,  өзінің  кең  байтақ  даласында  ру-ру  боп  көшкен.  Бұлардың  бар  байлығы 
малы  мен  жері  ғана.  Ал  осы  уақыттағы  Дәшті  Қыпшақтың  ханы  Әбілқайыр бөтен 
саясатты  ұстады.  Ол  Сейхұн  мен  Жейхұн  дариялар  бойындағы  Шыңғыс  шауып 
кеткен 
шаһарларды 
қайта 
тұрғызып, 
бұл 
араларға 
қо- 
ныстануға  бейім  елдерді  орналастыра  бастады.  Әбілқайырдың  бұл  саясаты  осы 
кездегі  қазақтың  мал  бағатын  руларының  бастылары  Арғын,  Қыпшақ,  Үйсін, 
Найман,  Алшын,  Керей,  Қаңлы,  Қоңыратқа  ыңғайлы  тимеген.  Бұлардың 
араларындағы Маңғыт, Бүркіт, Барлас руларының көп елі Әбілқайырға қыз беріп, 
қыз  алып  хан  жағына  ауып  кеткен.  Осының  арқасында  Әбілқайырдың  өзінде  де 
қазақ  руларына  деген  қырғи-қабақтық  пайда  болған.  Ал,  қазақтың  Найман, 
Қоңырат,  Дулат,  Жалайыр  секілді  руларының  кей  ауылдары  өздеріне  жақсы 
қарайтын  Моғолстан  жеріне  көшіп  те  үлгірген.  Бұны  да  істеп  жүрген  сол  баяғы 
Жәнібек пен Керей деп ойлайды хан. Ал қазақтың көп рулары оларды Ақ Орданы 
құрған  Орыс  ханның  ұрпақтары  деп,  өз  сұлтандары  санайды.  Мұндай  жағдайда 
Жәнібек пен Керейге тура бас салуға бола ма? әрине, болмайды. 

85 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Әбілқайырдың  ойы  бағанадан  бері  осы  өзіне  өш  қос  сұлтанның  тағдырын 
қалай шешсем деген дүрбелеңде еді. Және ұзаққа созбай осы ертең, күні бүгіннен 
қалмай шешу қажет. Өйтпесе күннен-күнге маңына ел үйірілуден  қалып барады. 
Қасына  берген  бір  күн,  көшінің  артыла  түсуіне  әдейі  арнаған  бір  жылмен  тең. 
«әрине  осыншама  жұрт  жиналған,  мына  ұлы  тойда  Жәнібек  пен  Керей  көп  би, 
батырлармен  тіл  тапты.  Қазақ  батырлары  Қаптағай,  Бөрібай,  Оңай,  Бекет, 
Қарақожа  босқа  топтанып  жүрген  жоқ.  Мен  асықпағанмен  олар  асығады. 
Сондықтан  күні  бұрын  қимылдау  керек.  Ертең  ас  бітеді...  Ас  бітісімен  ақ...» 
Осындай  ойда  іштей,  бұлқан-талқан  болып  отырған  Әбілқайыр  Қыпшақ  ерлігін, 
тарихын  тыңдаудан  көрі,  тезірек  осы  кездегі  өзінің  бас  уәзірі  Бақты-Қожа 
ұйғырмен ақылдасқысы келді. 
 
Хан  тағынан  көтеріліп,  нөкерлерін  ертіп,  өз  Ордасының  оң  жағынан  оқшау- 
лау тігілген төртінші бәйбішесі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің үйіне қарай жүре бергенде, 
Қыпшақ ерліктерінің ең қызық жерінде тыңдамай тұрып кеткен Әбілқайыр мінезі 
ұнамай қалған Асан Қайғы, отырған орнынан қозғалмастан: 
 
«Көлге үйренген қоңыр қаз, 
Шөл қадірін білмейді, 
Шөлге үйренген дуадақ, 
 
Көлге апарып қамасаң 
Шөлін аңсап шөлдейді», 
 
 
—  Хан  ием,  халық өз  тарихын  көптен бері  естімей,  сағынып  қалған  екен,  өзің 
намазыңа асықсаң, өзгемізге айызымызды қандыруға рұқсат ет, — деді. 
 
 
 
 

86 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет