Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Әдеби KZ  
 
 
 
Енді шешім өзінен өзі келді. «Хан ақылы — қарамағындағы елді айқастырмай 
ұстауда  ғой.  Айқаса  қалған  күнде  де,  хан  бұл  арада  төреші  болуы  керек!  Арғын, 
Қыпшақ бірін-бірі өзі өлімге қисын. Мен тек солардың жоюшысы болайын». 
 
— Біздің атамыздың замандасы, Үйсін Майқы бидің кезінен келе жатқан «өлім 
жазасын шешетін халықтың өзі» деген дәстүр бар емес пе еді. Бұл дәстүрді әлемді 
билеген ұлы Шыңғысханның өзі де бұзған жоқ. Мен қалай бұзам? Арғын, Қыпшақ 
игі  жақсылары  мәжіліс  құрып,  батыр  Саян  тағдырын  өздерің  шешіңдер. 
Өздеріңнің  ұйғаруларың  хан  үкімі  болсын,  —  деді  іші  қатпар-қатпар  Әбілқайыр, 
кенет асасымен жерді бір ұрып. 
 
Хан  сөзі  —  бұзуға  жатпайтын  шешім.  Жайшылықта  бұйда  бермес  екі  жақ 
бірдей басын иді. 
 
— Құп, хан ием, сөйлесіп көрелік. 
 
Міне,  осы  дау  Арғын,  Қыпшақ  арасында  үш  күн  сөз  болған.  Талай  ділмарлар, 
сөзуарлар суырылып шықты, талай қызыл өңеш, бұлбұл тілдер сайрады, бірақ еш 
шешімге келе алмаған. Ашу, ыза, кек қуысқа ұйлыққан қар секілді оңай жібімеген. 
Бұл  долы  талас  кейде  сойыл  күшімен шешілуге  де  таяп  қалған. Бірақ  екі  жақтың 
күші  бірдей  түскендіктен,  жағаны  босқа  жыртуды  екі  ру  мықтылары  мақұл 
таппаған.  Ақырында  Майқы  би  мен  Ұлы  хан  Шыңғыстың  тастап  кеткен  дәстүрін 
бұзып, бұл таласты ханның өзі шешсін деп тарасқан. Хан не айтса екі жағы бірдей 
соған көнбек болған. 
 
Ал  бұл  дауға  шешім  таба  алмай,  Әбілқайыр  іштей  алай-түлей.  Арғын  мен 
Қыпшақтың  қазіргі  таласы,  ұйқы-тұйқы  жұлысып  жатқан  арлан  төбеттердің 
айқасына  ұқсайды.  Дәл  қазір  бұларды  айыру  екіталай.  Не  болса  да  қолындағы 
темір  сүңгіні  біреуіне  жіберуі  керек.  Алысып-жұлысып  жатқан  қос  арланның 
қайсысын  қалайды?  Арғынға  деп  сілтегенің  Қыпшаққа  тиіп  жүрсе  қайтесің? 
Қыпшаққа  тиюі  өзіне  тиюімен  бірдей.  Хан  саясаты  кейде  жазғытұрымғы  желдей. 
Беталысы  ел  райына,  хан  Ордасының  арманына  қарай  өзгеріп  тұрады.  Ал  бүгінгі 
таңда Қыпшақ пен Әбілқайыр ханның алар демі бір төбеден соғып тұр. 

43 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Кенет  хан  бұл  дауды  екі  ру  арасындағы  саясатпен  емес,  әділетіне  қарай 
шешпек болды. «әділетті шешсең — импрам риза болады. Ал импрам ризалығы — 
дәл  бүгін  Қобыланды  мен  Ақжол  бидің  мүддесінен  жоғары».  Бұны  отыз  жыл 
хандық құрған тіршілігінде Әбілқайыр хан соңғы кезде жақсы ұға бастаған. 
 
Ол ең алдымен оқиғаның қалай болғанын тұтқын жігіттің өзінен сұрауды  жөн 
көрді.  Тақ  жанында  тұрған  күміс  қоңырауды  алып  ақырын  қақты.  Таза  күмістен 
сыңғырлай  шыққан  сұлу  үн  құлағына  еркелей  жетіп,  қобалжыған  көңілін  сәл 
орнықтырғандай болды. Үйге ашаң жүзінде қан жоқ, сөл жоқ, ұзын бойлы арықтау 
келген  дәйекші  Оспан-Қожа  кірді.  Ол  ләм-мим  демей  екі  қолын  кеудесіне  ұстап, 
басын төмен түсіріп, әмір күтіп, қозғалмай тұра қалды. 
 
— Тұтқын жігітті алып келсін. 
 
— Қай тұтқын жігітті, хан ием? 
 
«Бәсе,  қай  тұтқын  жігітті?  —  Әбілқайыр  мырс  етіп  күлді  —  Чинга  Тұра 
1
  қаласынан алғашқы хан тағына мінген күннен бастап, сонау Батудың әскерінің 
бас қосқан жері  — Кеңгірдегі Орда Базарды өзінің астанасы етіп, артынан Бұқар, 
Самарқант,  Сығанақтарды  алып,  оларға  өзінің  ұрпақтарын  не  әйелдерінің 
жақындарын  хакім  ғып  отырғызғанша  қаншама  адамды  тұтқын  етпеді?  Нелер 
жайсаң жігіттерді шынжыр кісен кигізіп, зынданға тастамады. Қайсының аты есте? 
Ал бүгінгі тұтқын жігіттің аты кім еді?» Әбілқайыр ойлана қалды. «әйтсе де осы дау 
болып жатқан жігіттің есімі кім еді? Аян ба, Шаян ба, Баян ба?» Жігіттің аты кенет 
есіне  түсті.  «Иә,  иә,  Саян  екен  ғой.  Бұл  атты  бұрын  қайда  естідім?  Иә,  иә,  солай 
екен-ау,  маған  оның  атын  Рабиу-Сұлтан-Бегім  айтқан  еді  ғой.  Бәсе,  не  деп  еді? 
Өзімнен туған екінші балам Сүйіншік сұлтанға көзінің  тірісінде осы Саянды аталық 
2
  етіп қой деп сұрады ғой? Неге олай өтініп еді? Жадымда жоқ. Бірақ мен: «әлі 
тірімін  ғой»  деп  ханымның  өтінішін  жорта  орындамай  қойғам.  «Неге 
орындамадым?»  Ханның  қабағы  тағы  түйіліп  кетті.  «Иә,  иә,  баяғы  бір  Орда  өсегі 
                                                 
1
 Ч и н г а Т ұ р а — қазіргі Тюмень қаласы. 
2
 А т а л ы қ, а т е к е — әке орнына әке болып, баланы тәрбиелейтін адам. 

44 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
себеп болған. Ханымның сүттен ақ, періштеден таза екенін білсем де, сол бір өсек 
маған  да  әсер  ете  жаздаған.  Тек,  әйтеуір,  жалған  болып  шықты  ғой...  Бәсе,  сол 
жігіттің  де  аты  Саян  еді...  Со  кез  ол  жорыққа  аттанып,  көре  алмай  қалғанмын. 
Артынан  бұл  әңгіме  тіпті  есімнен  шығып  кеткен-ді.  Ханым  да  өзінің  өтінішін 
қайталаған  жоқ...  Иә,  ол  әңгімеге  де  жеті  жылдан  асып  кетті.  Өтіп  бара  жатқан 
өмір!». Хан есік алдында тұрған дәйекшіге кілт бұрылды. 
 
—  әлгі  Арғын,  Қыпшақ  арасында  дау  шығарған  жігітті,  —  деді  ол,  атын  атауға 
әлденеге аузы бармай. 
 
— Құп, тақсыр, хан ием. 
 
Әбілқайыр тағы да ойға шомды.  
 
Он жеті жасында «Бату тағы», «Өзбек тағы» деп аталған Дәшті Қыпшақ тағына 
отырды. Ол кезде хан ордасы сонау шығыстағы Ертіс өзенінің қойнауындағы Чинга 
Тұра  қаласына  ту  тіккен,  майданды  сол  тұстан  ашып,  жеке-жеке  ұлыс  болып 
отырған  қазақ  хандарын  жеңіп,  бірте-бірте  Есіл,  Тобыл,  Нұра  өзендерінің  бойын 
тегіс  өзіне  қаратты.  Сол  қарқынмен  ол  бір  кезде,  Жошының  ордасы  тігілген, 
Ұлытау  бойына  жетті.  Енді  өзінің  астанасын  Батуханның  әскері  екі  жүз  жиырма 
жыл бұрын бас қосқан Кеңгір бойындағы Орда-Базар деп аталатын қалаға көшірді. 
Ұлытау Дәшті Қыпшақ даласының кіндік ортасы. Батысы — Еділ, Жайық, солтүстігі 
— Есіл, Тобыл; шығысы — Ертіс, оңтүстігі — Сыр бойы. Осы Дәшті Қыпшақ жеріне 
тегіс  ие  болғаннан  кейін,  ол  Мауреннахр  жеріне  көз  сала  бастады.  Отыз  жыл 
хандық  құрған  өмірінде  Үргеніш  пен  Самарқантты  да  шапты.  Мауреннахрдан 
Сығанақ,  Созақ,  Отырар,  Ақрұқ,  Ақ-Қорған  тәрізді  Дәшті  Қыпшақ  елінің  көне 
шаһарларын қайтарып алды. Сөйте жүріп ол бір жағынан Ақсақ Темір ұрпақтарына 
қыз  беріп,  қыз  алып,  әбден  қандасып  кетті.  Ақырында  Әбілқайыр  бұл  кездерде 
түркі,  иран  елдері  «Көк  Орда»  ал  орыс  шежірелерінде  «Ақ  Орда»  деп  аталған 
кешегі Алтын Орданың кең байтақ алып даласына толық ие болды. 
 
Тоқтамыс  хан  жеңіліп,  Сарайдағы  хандар  сарайы  Гүлстанды  Ақсақ  Темір 
біржолата қиратқаннан бері бұрынғы күшті Алтын Орда мүлдем жойылған. Қазір 

45 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Әбілқайыр өзін Сайын ханымын десе,  тек онысы Бату ханның орнында отырмын 
деп  өзге  елге  сес  беруі.  Бір  кезде  көне  түркі  елінен  таралған,  қазір  өзбек,  қазақ 
болып  бөліне  бастаған  екі  елдің,  Әбілқайыр  шынында  Өзбек  ханы  болуға 
айналған. Бұл оның қазір әлсіреген кезі. Демек, Шахрук әмірдің ұлдары Қорасан, 
Иракқа  көз  тіксе,  ал  Әбілқайырдың  әлі  де  болса,  Дәшті  Қыпшақ  жеріне  қоса, 
Моғолстанды алмақ ойы бар. 
 
Моғолстан! Бұл бір Әбілқайырдың әзірге тісі бата алмай келген, көлденеңі мен 
ұзындығы жеті айлық кең алқап, күншығыс жағы қалмақ жерімен шектесіп, Барыс 
көл,  Алтын  Емел,  Ертіс  өзендерімен  бітеді.  Солтүстігінде  Көкше  теңіз  (осы  күнгі 
Балқаш  көлі)  бен  Қаратал  өзені  жатыр.  Күнбатысында  Ташкент  пен  Түркістан, 
Оңтүстігі  Қашқар,  Ферғана,  уәлиеті  мен  шығыс  Түркістандағы,  Тұрфан  қаласы. 
Билеп тұрғандар Иса Бұғы, Шир Мұхамед, Уаис секілді Жағатай ұрпағынан шыққан 
хандар. Қарамағындағы елдердің көпшілігі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Ұйғыр, 
Найман, Қоңырат. 
 
Әбілқайыр  ханның  ордасындағы  Арғын  билерінің  де  көз  тіккені  —  осы 
Моғолстан!  Жеке  ел  боламыз  деп  Орыс  хан  ұрпақтары  Жәнібек  пен  Керей 
сұлтанның да көше қалса, барар жері осы Моғолстан. 
 
«Мұндай  жағдайда,  Иран  ханы  Смайылдың  да  бас  көтеріп,  Ақсақ  Темір 
балаларының тізгінін үзіп кетпек боп тұрған кезде, ел билігін мықты ұстау қажет. 
Қыпшақтың дегенін істеймін деп өз ордамда бүлік шығарсам, өзгелердің ордасын 
қалай жаулап алам?..» 
 
Дәл осы кезде дәйекші екі нөкермен тұтқын жігітті алып кірді. 
 
— Хан ием, бұйрығыңыз мүлтіксіз орындалды. 
 
Әбілқайыр әлі де терезеге қарап тұрған-ды. Енді ол ақырын бұрылды. Тұтқын 
жігітке  көз  қырын  салар-салмастан  сұп-сұр  болып  өзгеріп  кетті.  Батыр  Саянды  ол 
бұрын көрмеген-ді. Ал мынау қарсы алдындағы жиырма бес жасар батыр... Өзінің 
Ұлықбектің  қызы  Рабиу-Сұлтан-Бегім  сұлудан  туған  үлкен  баласы  Сүйіншіктен 
аусайшы! Жоқ, Сүйіншік бұдан аумайды. Алғашқы көзі түскенде Сүйіншік екен деп 

46 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
те қалды. Қалың қабақ, қыр мұрын бозғыл түс, құмай көз... Өз баласындай еңселі. 
Қимылы да барыс тәрізді шапшаң, епті болуы керек. Тек Сүйіншіктен айырмасы — 
қою қара мұрты бар... 
 
Әбілқайыр  хан  Рабиу-Сұлтан-Бегім  ханымның  қабырғасы  қайысып  мұны  неге 
«аталық»  етуін  сұрағанын    бірден  түсінді.  Бойын  кенет  орасан  ашу  билеп  кетті. 
Шешім өзінен өзі келді. «Бұл жігіт, өлуі керек! Бүгін! Қазір! Дәл осы арада!». 
 
Әбілқайыр құндыз жағалы, алтын зерлі көк мақпал шапанының ішінен байлап 
алған  қорасан  құрышынан  жасалған  болат  қанжарының  сабына  қолының  қалай 
барып қалғанын өзі де аңғармады. 
 
Ханның құбылған түр келбетінен, оқыс қимылынан, оның қандай қатал әрекет 
жасамақ болғанын жас жігіт сезіп тұрса да, орнынан қозғалмады. Тіл қатып өтініш 
те  айтпады.  Тек  екі  қолы  артына  кісенделген  қалпында  арыс  кеудесін  сәл 
шалқайта, Әбілқайырдан өткір көзін аудармай тістене бекініп,  қатты да қалды. 
 
Хан түксие қарады. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек  жоқ» тұтқын жігітпен тіл 
қатысуды жөн көрді. 
 
—  Өзіңе  қойылған  айыпты  мойныңа  аласың  ба?  —  деді  ол  тамағына  келіп 
тығылған ашуы мен күдік кірбеңін әзер басып, даусы дірілдеп кетіп. 
 
Жігіт сол тұрған қалпынан титтей міз бақпады. Тек басын сәл иді. 
 
—  Жоқ,  өзге  айыбым  болғанменен,  Қобыланды  батыр  айтқандай  күнәм  жоқ, 
иланыңыз, хан ием... 
 
«Өзге  айыбым  болғанменен»  деген  сөзден  хан  бұрынғысынан  да  бетер  күйіп 
кетті.  «Өзге  айыбыңның  қандай  айып  екенін  білемін.  Жасырмай  менің  бетіме 
айтуға қалай тілің барды? Сәл шыда, ол тіліңді де шоқ басылғандай күйдіргенімді 
көрерсің!..» Бірақ ханның «өзге айыбың қандай айып?» деп сұрауға дәті бармады. 
Бойын  билей  жөнелген  ашу,  нағыз  бір  аузы-мұрнын  кигізбен  қаптағандай 
тұншықтырып әкетіп барады. Ойды алып, жүректі өртеген ызаны ықтай берді. Хан 
даусы шағатын жыландай енді ысылдай шықты. 
 
— Қара Қыпшақ Қобыланды жала жапқаны ма? 

47 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Жігіт қысталаң мінез көрсетпеді. 
 
—  Қара  Қыпшақ  Қобыланды  неге  былай  дейтіні  менен  көрі  сізге  мәлімірек 
болар, хан ием. 
 
Ол осы сөзімен бар жайды бір-ақ жайып салды. 
 
«Бұл  не  дегені,  ә?»  Әбілқайыр,  екі  көзі  қанталап  сүзетін  бұқадай,  түйілген 
қабағының  астынан  қарады.  «Жоқ,  бұл  жігіт  осал  жігіт  емес.  Өзіне  жабылған 
жаланың неден туып тұрғанын біледі. Бұл білгенді бөтен Арғындар да біледі ғой. 
Бәленің  бір  ұшы  өзімде  жатқаны    өзге  жұртқа  да  аян  болар.  Арғынға  ала  көз 
қарайтындығымнан Қобыланды батыр бұл оқиғаны әдейі шығарғансыды. Әрине, 
содан соң бүкіл Арғын болып кеше мына жігітті өлімге бермей қалған екен. Сірә, 
төбелеске түсуге де бар тәрізді ғой өздері. Сол екен ғой Жәнібек пен Керейдің де 
миығынан  күліп  жүргендері.  Жоқ,  жоқ,  ашу  тасыған  дария  тәрізді,  алғашқы 
екпінімен жар  бұзады,  ал  уақыт  өткен сайын  қарқыны  бәсеңдей  түседі.  Шешімді 
бірден алмау керек...» 
 
Хан қолын қанжарынан босатты. 
 
— Қай рудансың? 
 
— Маңғыт, Барлас руынанмын. 
 
Жігіт  бетіне  хан  тағы  да  үңіле,  байыздай  қарады.  Көзінде  бір  жан  түсінбес 
ұшқын  пайда  болды.  О  да  мүмкін...  Рабиу-Сұлтан-Бегім  «Сүйіншік  сұлтан 
нағашыларына  тартқан»  деуші  еді  ғой...  «Барлас  руының  жігіттерінің  бәрі  бірдей 
осындай  қалың  қабақ,  арыс  кеуде  келеді.  Сонда  бұл  батырдың  қандай  айыбы 
бар?  Жазығы  қалың  қабақты  болғаны  ма?  Нағашы  жұртына  жиенінің  тартуы 
табиғи жүйе ғой. Мені де өзбек нағашыларына тартқан демей ме?» Әбілқайыр хан 
өзінің ойының жалған екенін біледі. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». 
Естіген  өсегіне  сонда-ақ  сенген.  Бірақ  Сарғыт-Шиман  Маңғыт  уәзір:  «Қуаныштың 
теңізі, адамгершіліктің күні, Фаридундай қасиетті Әбілқайыр ханның әйелі, Ақсақ 
Темір  немересі  Ұлықбек  мырзаның  қызы  Рабиу-Сұлтан-Бегім  ханым  өсек-аяңнан 
тыс тұруы фатиқа. Бұлай ету екі жұртқа бірдей тәлім. Әсіресе үлкен балаңыз Шах-

48 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Хайдарды  Самарқантқа  хан  еткелі  тұрғаныңызда»  дегеннен  кейін  ханымның 
қылығын қазбалай бермеген-ді. 
 
«Сол  өсекті  қазір  қайта  шығарғанда  не  таппақ?  Ондағы  күннен  қазір  Ақсақ 
Темір  немерелерімен  арасы  жақын  тұр  ма?  Мен  мұны  өлім  жазасына  бұйырсам 
жұрт не дейді? Күнәсі ашылмаған батырды өлімге қиды... Бұны хан баяғы өсектің 
салдарынан істеп отыр демей ме? әрине, сөйдейді. Өсек те бір, күйе де бір. Көзіме 
айтпағанмен жұрт солай жориды. Одан да өз басыма кір келтір-мегенім жөн емес 
пе?  Иә,  сол  жөн.  Бірақ  мына  жігіттің  күнәсін  қалай  кешем?  Білмеген  болып 
үндемей  қалуым  жөн  бе?  Қара  қазаққа  намысымды  таптатып  қойсам,  жұрт  мені 
батылы бармады дейді ғой! Жоқ, жоқ бұл жігіт өлуі керек!». 
 
— Бұл жігіттің тағдырын Шах-Будақ сұлтанның асы өткен соң шешеміз, — деді 
дәйекші мен жігітті алып келген нөкерлеріне,  — қайғылы ас алдында... қаһардан 
қайта тұралық. Әкетіңдер! 
 
Жігіт  сәл  басын  иді  де  кілт  бұрылды.  Жендеттер  оны  тысқа  қарай  айдай 
жөнелді. Ең соңынан шығып бара жатқан дәйекшіге естірте хан: 
 
— Сақ болыңдар. Көздеріңнің қарашығындай күзетіңдер, — деді. 
 
Дәйекші басын иді. 
 
— Құп, тақсыр. 
 
Ханның айтқаны шындық еді. Шығыс халқының әдеті бойынша «он бесте отау 
иесі».  Әбілқайырдың  Маңғыт  әйелінен  туған  тұңғышы  Шах-Будақ  өткен  жылы 
дүние салған. Хан осы сүйікті ұлының үш күннен кейін асын бермекші. Ас беру — 
жерлеу  емес,  Дәшті  Қыпшақ  елінің  дәстүрі  бойынша  үлкен  той.  Асқа  Дәшті 
Қыпшақ пен Мауреннахрдың игі жақсылары қатысады, сайысқа атақты батырлар 
түспек!  Қыпшақтың  от  ауызды,  орақ  тісті,  қарға  бойлы  Қазтуған  жырауы  мен 
Арғынның  ақсандақ  жүйрігі,  сексеннен  асып  кеткен,  Ақжол  бидің  әкесі  Қотан 
жырау айтысады. Төрешіге Үйсін Майқы бидің алтыншы буыны ұлы сыншы, халық 
ардагері, жүзден асып кеткен Асан Қайғының  өзі келмекші. 

49 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Хан  саясаты  тынып  жатқан  көл  секілді,  қай  жері  тұңғиық,  қай  жері  тайыз 
білмейсің. Тағы да күміс қоңырау шылдырлады. 
 
Ордаға әлгі қан-сөлсіз дәйекші кірді, үн-түнсіз басын иіп, тұра қалды. 
 
Хан жайшылықтағы тапсырмаларының бірін бергендей жайбарақат сөйледі. 
 
Ас біткен күннің ертеңіне әлгі жігітке үкім айтылады. Бірақ оған дейін... 
 
Дәйекшінің жарғақтанған жұқа ерні ақырын ғана қимылдады. 
 
— Құп, тақсыр. 
 
ІІ 
 
 
Әбілқайыр  Ордасы  бұл  кезде  Кеңгір  өзенінің  жағасындағы  Орда-Базар 
қаласында еді. Ұлы асқа бүкіл Дәшті Қыпшақ пен Мауреннахрдың бек, сұлтандары  
тегіс  келетінін  білген  хан,  асты  кең  жайлауда  —  Ұлытаудың  күнбатыс  жағындағы 
Ақкөл  жағасында  өткізбек  болды.  Шілденің  бас  кезі  еді.  Бір  шеті  мен  бір  шеті  ат 
шаптырым  күміс  толқынды  Ақкөлдің  кең  алқап  жазира  даласы  ат  бауырынан 
келген көк шалғынға бөленген. Қыратты бауырлай біткен хош иісті көде-көкпектің 
өзі тізеге жетеді. Алыстан мұнарлана Едіге батыр мен Тоқтамыс ханның сүйектері 
қойылған  Ұлытау  мен  Кішітаудың  сүйір  бастары  көрінеді.  Көк  шалғынның 
арасындағы 
бармақтай-бармақтай 
боп 
өскен 
бүлдірген 
мен 
жи- 
дектен  көз  тұнады.  Аласа  бұталарға  сыңси  біткен  қарақаттың  да  піскен 
кезі...  Көл  үстінде  күндіз-түні  тынбаған  құс  қиқуы...  Ортасындағы  ақ  айдында 
қанаттана  бастаған  көгілдірлерін  ертіп  бір  топ  аққу  сыбызғы  үніндей  қоңырқай 
дауыстарымен  сыңсып  ән  салады.  Сабағы  сояуланып  қалған,  қызғалдақ,  лала 
жаушымылдық,  раушан  гүлдерінен  жұпар  аңқиды.  Осынау  қызылды-жасылды 
өрнекпен  безелген  жасыл  кілем  ұшы-қиыры  жоқ  кең  даланың  ортасында 
төңкерілген  күміс  кеседей  жарқырап,  ақ  айдын  Ақкөл  жатыр.  Жан-жағы  сонау 
көкжиекке  дейін  мидай  дала.  Ұшқан  құстан,  жүгірген  аңнан  бөтен  тірі  жан 
көрінбейді. Тек көлдің батыс жағында көгілдір белес бар. Белестің үстінде сұрғыт 

50 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
оба  тас  пен  бірнеше  балбала  тұр.  Оба  тас  мұрты  салбыраған,  оң  қолына  қымыз 
ішетін тостаған тәрізді ыдыс ұстаған келсаптай шомбал бір ғажайып бейне... 
 
Бұл  тастар  жөнінде  халық  арасында  екі  аңыз  бар.  Бірі  —  көне  Қыпшақтарда 
өлген адамды жаназалағанда, не жетісін, қырқын, асын бергенде оның бейнесіне 
сәйкестей  ағаштан  қуыршақ  ойып,  үстіне  бұрынғы  киімдерін  кигізіп,  өздерінің 
ортасына  отырғызатын  дәстүр  болған.  Өйткені  көне  Қыпшақтардың  түсінігінше, 
адам  жаны  өлмейді,  үнемі  туыс-туғандарымен  бірге  жүреді.  Жоқтауға  жиналған 
кісілердің  бәрінің  де  денесінде  өз  жаны  болғандықтан,  өліктің  жаны  өзінің 
қуыршақ бейнесіне барып орналасуға тиіс. Қуыршақ боп ол өзінің  жерлеу тойына
жетісіне,  асына  қатынасуы  керек.  Ағайын-туыстарымен  бірге  отырып,  өз  ажалын 
өзі  тойлайды.  Ал  жақындары  оған  керемет  құрмет  көрсетуге  борышты.  Қолына 
ыдыс беріп, қымыз құйып, алдына ас қойылу міндет. Өлген адамның дәрежесіне 
қарай  ақсарбас  қошқардан  бастап,  үш  тоғызға  дейін  оның  құрметіне  құрбан 
шалынған. Араб жазушысы Абу әль-Фидің айтуынша, құрбандыққа Қыпшақтар кісі 
де  бауыздаған.  Мынау  оба  тас  пен  балбалалар  сол  дәстүрдің  ескерткіші-міс. 
Қолына ыдыс ұстаған оба тас — ас ішуге ыңғайланған, сол өлген адамның өзі, ал 
қасындағы 
балбалалар 
жанында 
жерлеп 
отыр- 
ған оның туыс-туғандары-мыс. Екінші аңыз бойынша, адамның  тірісінде өлтірген 
жауы  о  дүниеде  соның  құлы  болады  екен.  Мына  тас  мүсіндер  осы  аңызды 
бейнелейді  делінеді.  Мынау  оба  тас  —  қожасына  ас  дайындап  тұрған  сол  өзі 
өлтірген бас жауы, ал балбалалар бас жаудың серіктері, ағайын-туыстары-мыс. 
 
Осы  тас  бейнеден  бөтен  жасыл  шалғынға  оранған  кең  далада  ешбір  мола, 
зират,  қорған,  бекініс  жоқ.  Желмен  ойнап  шулаған  қалың  көгал,  күміс  толқынын 
тынбай тербеткен шалқар көл... 
 
Көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ кигізден басылған он екі қанат 
үш  жүз  үй  тігілген.  Іштері  Самарқант  пен  Бұқарадан  тоғыз  керуенмен  тасылған 
қырмызы  қызыл  кілем,  дүрия,  торқа  жібектен  тысталған  мамық  жастық,  түбіт 
көрпелермен  безенген.  Көлдің  төрі  батыс  жағында,  қырқа  өңіріндегі  оба  тас, 

51 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
балбалалардан сәл төмендеу. Алыстан көгілдір тартып көрінген жасыл шалғында, 
көк  теңіз  үстінде  ұшқан  ақ  шағаладай,  сүттей  аппақ  кигіз  үйлерді    үштен-төрттен 
қосарлап  тіккен  хан  ордасы.  Көлдің  оңтүстік  алқабында  хан  ордасына  жақын 
уәзір,  Жошы  ұрпақтарының  ақ  шатырлары  мен  ақбоз  үйлері.  Әсіресе  солардың 
ішінде  ортадағы  он  екі  қанат  ақ  боз  үйдің  басына  ақ  жалау  орнатқан,  қатарлас 
тұрғызылған  оюлы  төрт  кигіз  үй  —  Жәнібек  пен  Керей  сұлтандардың  ордасы. 
Бұлар өзінің еңселі мүсіндерімен алыстан-ақ ерекше көзге түседі. 
 
Көлдің  күншығыс  жағында  Мауреннахрдан  әкелінген  аспазшыларға,  Арғын, 
Қыпшақтан  келген  той  дәйекшілеріне,  қаршыға,  сұңқар-лашынға  арнап  тігілген 
жүз  қоңыр  кигіз  үй...  Осы  ауылдан  қозы  көшіндей  жерде  қонақтарға  әдейілеп 
байланған үш мың биенің құлындарына тартқан жиырма қатар қыл арқанды желі. 
Күніне  үйірленіп  сойылған  семіздіктен  мамырлаған  жылқы,  құйрығын  көтере 
алмай  жатып  қалған  қотандаған  қой...  Хан  ордасының  ар  жағында  бес 
шақырымдай  жердегі  тулай  аққан  мөлдір  сулы  кішкентай  Мойылды  өзенінің 
жағасында  Шах-Будақтың  жесірі  —  Алтын  хан  батыры  Домбалықтың  Аққозы 
қызының келіп қонған ауылы. 
 
Ас басталғалы жеті күн болған. Алғашқы күні осы арадан көшкен ел бір күн, бір 
түнде жетер Арғынаты тауының ең шетіндегі Шойынды көлден жіберілген үш жүз 
сайгүлік  жүйріктен  Әбілқайырдың  Тарланкөгі  озып  келген.  Атқа  шапқан  ханның 
жеті жасар немересі, Шах-Будақ сұлтанның баласы Мұхамед-Шайбанидің өзі еді. 
Хан  немересінің  жүлде  алғанына  арнап  жеке  той  жасамақшы.  Келесі  күндері 
күрес,  сайыс  басталған.  Күресте  Найман  Қаптағай  батырдың  немересі,  кереге 
жаурын,  жалаң  төс  Қаражал  батыр  бар  балуандарды  жығып,  үстіне  қырмызы 
фарсы  кілемі  жабылған  араби  қызыл  аруананы  бас  етіп,  үш  тоғыз  бас  бәйгесін 
алған. 
 
Сайыста Қара Қыпшақ Қобыланды жан шыдатпаған. Екі бие сауымындай мезгіл 
оған  тек  Арғын  биі  Ақжол  ғана  төтеп  берген.  Бірақ  ошақ  тұяқ  Көксеңгірдің 
тегеурініне  шыдай  алмай  бір  сайыста  астындағы  құшақ  құйрық  Ақжамбасы 

52 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет