БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

-  интернетдүниежүзілік  музыкалық  жаңалықтарды  біліп  отыруға  мүмкіндік 
береді, ал жаңа Flash-технологиялар сабаққа қосымша материал жинауға көмектеседі; 
-  музыка  сабағында  караоке  арқылы  өлең  айту.  XX  ғ.  70-ші  жылдарының 
аяғында  Жапонияда  тез  таралған,  танымал  болған  караоке  деп  аталатын  құрылғы 
ойлап  табылды.  Бұл  сөзді  жапон  тілінен  аударса  «бос  оркестр»  дегенді  білдіреді. 
Сабақта  оқушылар  стандарттық  аспаптың  сүйемелдеудің  орнына,  караоке  арқылы  
эстрадалық ансамбль немесе симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өлең айтады.  
Музыкалық оқытуда АКТ қолданудың мынадай тәсілдері баршылық: 
- сабақ барысында бағдарламалық мультимедиа құралдарын қолдану:  оқыту 
бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды, видеороликтерді; 
-автоматтық  қадағалауды  жүзеге  асыру:  дайын  тестілерді,  өзі  жасаған 
тестілерді қолдану; 
-  әдістемелік  бағдарламалық  құралдарды  жасау.  Музыка  оқулығына 
мұғалімге 
әдістемелік 
жадығаттары 
бар, 
музыкалық 
жадығаттардың 
фонохрестоматиялық дискілері шығарылды; 
- әртүрлі белгіленген педагогикалық шығармашылық құралдарды жасау; 
- оқуға белгіленген web-сайттарды жасау; 
- internet-ресурстарды қолдану; 

компьютер 
арқылы 
коммуникациялық 
технологиялар: 
қашықтық 
олимпиадалар, қашықтық оқыту, тораптық әдістемелік бірлестіктер. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
84 
Электрондық  басылымдарды  сабақтың  әртүрлі  кезеңдерінде  қолдануға 
болатын объектілердің типтеріне сипаттама береміз: 
-сабақтың  түсіндіру  кезеңі.  Түрлі  түсті  суреттер,  фото-оқулықтар  және 
әдістемелік  құралдар  көптеген  иллюстративті  материалға  ие  емес.  Оның  негізгі 
себебі:  олардың  көп  болуы  басылымды  қымбаттады.  Ал  цифрлық  технологиялар 
орасан  көп  шығын  талап  етпей,  сабақты  көптеген  түрлі  түсті  иллюстрациямен 
қамтамасыз  ете  алады.  Түрлі  түсті  фотографиялар  иллюстративті  қатарды  кеңейтіп, 
оқылатын тақырыпты шынайы өмірге жақындата алады; 
-  слайд-шоу  –  бірін  бірі  ауыстыратын  иллюстрациялар  (фотографиялар, 
суреттер)  сабақтың  әртүрлі  кезеңдерінде  қолданылуы  эмоционалдық,  жарқындық, 
көрнекілік береді; 
-  видеофрагменттер  компьютерлік  технологиялармен  ұштастырыла  отырып, 
сабақтың  өткізілу  барысын  қарқындата  түседі.  Атап  айтқанда,  паузаны,  кадрдың 
көшірмесін  жасау,  жекелеген  фрагменттерді  үлкейту,  оны  мәтінмен  қоса  жүргізуді 
пайдалану мүмкіндіктері; кадр негізінде өзіндік объектіні құру және т.б.; 
-  қосымша  жадығаттар  –  бұларға  жалпылайтын  кестелерді  жатқызуға 
болады. Оларды сабақтың түсіндіру кезеңінде пайдаланып, бор мен тақтамен жұмыс 
істемеуге мүмкіндік береді; 
-  бекіту  кезеңі.  Жауабын  таңдауы  бар  тапсырмалар  –  компьютерлік 
технологиялар  тапсырмаларды  талдауға,  сақтауға  және  олармен  жұмыс  істеуге 
жағдай  жасайды.  Мұндай  тапсырмаларда  мәтінмен  бірге  суреттерді,  мелодияны, 
фотографияны, видео-анимациялық фрагменттерді қолдана алады; 
-  қадағалау  кезеңі.  Мұнда  викториналар,  жауабын  таңдайтын  тапсырмалар, 
фото, видео және анимация қолданылады. 
Ақпараттық-компьютерлік  технологияның  маңызды  бағыты  оқушыларды 
интернет-оқыту болып табылады.Оқулықтарда өнерді дамытуда отандық және шетел 
композиторларының  үлесі  туралы  жадығаттар  аз,  тарихи  мәлеметтердің  жоқтың 
қасы, қазіргі музыка туралы ақпарат жеткіліксіз. Осы бағыттағы ақпаратты оқушылар 
интернеттен  таба  алады.  Қазір  көптеген  оқу  орындары  интернетке  қосылды,  сондықтан 
оны білім беру процесінде тиімді пайдалану қажет. 
Психологиялық-педагогикалық,  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау  АКТ 
практикада қолдануда бірқатармәселелердің бар екендігін көрсетіп отыр. 
Біріншіден,  музыка  кабинеттері  АКТ  қолдануға  техникалық  жағынан 
жабдықталуы  әлі  де  жеткіліксіз.  Интерактивті  тақтаның  жоқтығы,  ноутбуктардың 
аздығы сабақта мультимедианы практикалық қолдануда қолбайлау болып отыр. 
Екіншіден,  музыка  мұғалімінің  өзі  дыбыс  және  бейнелеумен  байланысты 
бағдарламаларды  өзі  меңгеруі  тиіс.  Бұл  мұғалімге  оңай  шаруа  болмай  тұр. 
Сондықтан  біліктілікті  арттыру  курсында  музыкалық  бағдарламалауды  және 
редакциялауға оқытуды қолға алу қажеттігі бар. 
Үшіншіден,  оқыту  процесінде  АКТ  қолдануға  техникалық  жағынан  да, 
әдістемелік жағынан да    мұғалімдерге жан жақты қөмек қажет. 
Музыка  сабақтарында  ақпараттық-компьютерлік  технологияны  талапқа  сай 
қолдану оқушылардың білім сапасын арттыратынын көрсетті. 
 
Әдебиеттер: 
 
1. Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы  //  Егемен  Қазақстан. 
2007 жыл 15 тамыз. – Б. 5-7.  
2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 2010 жыл 14 желтоқсан. 
– Б. 5-8. 
3. 2015-2016  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының  жалпы  орта  білім 
беретін  ұйымдарында  ғылым  негіздерін  оқытудың  ерекшеліктері  туралы. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
85 
Әдістемелік  нұсқау  хат.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 
академиясы, 2015. – Б. 27. 
4. Лобанова Е.А. Использование информационно-компьютерных технологий в 
работе учителя музыки // Музыка в школе. – 2013. – №4. – C. 3-13. 
5. Тараева  Г.Р.  Компьютер  и  инновации  в  музыкальной  педагогике.  Книга  1: 
Стратегии и методики. – М.: Классика – XXI, 2007. – 128 с. 
 
*** 
Молдагалиев Б.А., Батырова А.У., Кенжегалиева А.Ж. 
Использование информационно-компьютерных технологий на   уроках         
музыки школы для повышения качества знаний у учащихся 
 
В  данной  статье  рассматривается  использование  информационно-
компьютерных технологий на уроках музыки школы для повышения качества знаний 
учащихся.  Показаны  широкие  возможности  компьютерных  технологий  в  процессе 
обучения музыке. 
Ключевые  слова:  Школа,  ученик,  учитель  музыки,  учебный  процесс, 
качество знаний, информационно-компьютерная технология. 
 
Moldagaliev B.A., Batyrova A.U., Kenzhegalieva A.Zh. 
The use of information is and computer technology in music lessons 
 
This article discusses the use of information is and computer technology in music 
lessons. The great opportunities of computer technologies are shown on the music lesson. 
Keywords: Music, learner, music teacher, educational process, knowledge quality, 
information computer technology. 
 
 
*** 
 
ӘОЖ 378.018.8:658.2:796.035.062(574) 
Андрущишин И.Ф. – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ спорт және туризм академиясы 
Дошыбеков А.Б. – Қазақ спорт және туризм академиясының PhD докторанты  
E-mail: Doshybekov@mail.ru 
 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГ БОЙЫНША МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ ҮЛГІСІ 
   
Аңдатпа. 
Мақалада 
авторлар 
ғылыми-педагогикалық 
әдебиеттерге 
сараптамалар  жасай  отырып,  дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметін  көрсету 
саласындағы    маркетинг  бойынша    мамандар  даярлаудың  теориялық  үлгісін 
құрастыруға  тырысқан.  Әдебиеттерге  жасалған  сараптама  көрсеткендей, 
маманның  әр  түрлі  үлгісін  жасауда  оның  болашақ  кәсіби  қызметі  мен  тиімді 
даярлықтың көрнекі және адекваттық түсінігіне бағытталған үдеріс байқалады.   
Тірек  сөздер:  Үлгі,  мамандар  дайындау,  маркетинг,  дене  шынықтыру-
сауықтыру қызметін көрсету. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2014  жылғы               
17  қаңтардағы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ» 
Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біздің  болашаққа  барар  жолымыз  қазақстандықтардың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
86 
әлеуетін  ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға  байланысты.  ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел 
дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деп атап көрсетілген [1]. 
Сондай-ақ  ҚР  «Дене  шынықтыру  және  спорт  туралы»  Заңында  «спорт 
клубтары  мен  секцияларын  ұйымдастыру,  дене  шынықтыру-сауықтыру  және 
спорттық  шараларды  ұйымдастыру  мен  өткізу»  арқылы  тұрғындардың  жаппай 
демалатын  орындарында  дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудың  негізгі 
бағыттары айқындалған [2]. 
Жоғарыда  айтылған  мәселелер  жастар  мен  тұрғындардың  бойында  өз 
денсаулығын  саналы  түрде  нығайту  мен  дене  жетілдірілуіне  қатысты  құнды 
бағдарлар мен пікірлерді қалыптастыру талаптарын өзекті етеді.   
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  индустриялды-инновациялық  саясат  жасалып  және 
жүзеге  асырылып  жатқанын  атап  өту  қажет,  елдің  тұрақты  экономикалық  және 
әлеуметтік  салада  өркендеуіне  қол  жеткізу,  экономиканың  түрлі  салаларын,  оның 
инфрақұрылымдарын 
дамыту, 
тұрғындардың 
нақты 
табыстарын 
арттыруға 
байланысты  міндеттер  қойылды,  басқару  саласында,  білім  беру,  ғылым,  денсаулық 
сақтау  және  басқа  да  салаларда  реформалар  жасау  белгіленді.  Оған  қоса  олардың  іске 
асырылуы  нарықтық  шаруашылықты  басқарудың  барлық  сатысында  маркетингтік 
қызметтің теориясы мен практикасының дамуына байланысты болады, ол біздің елімізде 
маркетингті дамытудың қажеттілігін көрсетеді.   
Қазақстан 
Республикасында 
нарықтық 
қатынастарды 
қалыптастыру 
жағдайында  басқарушылық  және  экономикалық  қызметтің  қарқындылығы  мен 
ауқымы,  ұйымдастырушылық-құқықтық  формасы  және  дене  шынықтыру-спорттық 
секциялардың  функционалдық  бағыттарында  ғана  емес,  сонымен  бірге  «Дене 
шынықтыру және спорт» саласының барлық қызметтерінде де жүруде.   
Жоғарыда  атап  көрсеткендер  дене  шынықтыру  мен  спорт  саласы  бойынша 
кәсіби мамандар даярлау талаптарын түбірімен өзгертеді, яғни жоғары мектепте білім алу 
барысында тек заманауи басқару мен нарықтық экономика теориялары мен практикасын 
меңгеріп  қана  қоймай,  сол  сияқты  оған  тиісті  ойлау  қабілетін  қалыптастыра  білуі, 
басқарушылық,  экономикалық  мінез-құлық  мәдениетінің  элементтерін  игеруі  және 
спорттық кәсіпкерлік саласында өзін-өзі айқындай білуі тиіс.  
Зерттеу жұмысының мақсаты дене шынықтыру-сауықтыру қызметін көрсету 
саласындағы  маркетинг бойынша  мамандар даярлау үлгісін жасау және теориялық 
тұрғыда айқындау болып табылады.   
Аталған мақсатты шешу жолында келесі зерттеу міндеттері алға қойылды:  
1.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметін  көрсету  саласындағы    маркетинг 
бойынша    мамандар  даярлаудың  үлгісін  жобалау  мәселесі  бойынша  ғылыми-
педагогикалық, арнайы-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;  
2.  Дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметін  көрсету  саласындағы    маркетинг 
бойынша  мамандар даярлау  үлгісін құрастыру.  
Ғылыми  зерттеу  барысында  біз  бірқатар  зерттеу  әдістеріне  сүйендік,  атап 
айтқанда: 
ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттердің 
материалдарына 
талдау 
және 
қорытынды  жасау,    арнайы  мерзімді  баспасөзде  жарияланған  ресми  құжаттармен 
танысу,  тарихи-логикалық  және  салыстырмалы  талдау,  жинақтау,  жүйелі  талдау, 
дене  шынықтыру-сауықтыру  қызметін  көрсету  саласындағы    маркетинг  бойынша  
мамандар  даярлаудың  үдерісін  үлгілеуге  жүйелі  көзқарас,  даярлау  мазмұнын 
жобалау, нормативтік құжаттармен танысу, сауалнама жүргізу.  
Ғылыми  әдебиеттерге  жасалған  талдау  көрсетіп  отырғандай,  соңғы  жылдары 
кәсіби білім беру жүйесінде  маманның әр түрлі үлгісін жасауда оның болашақ кәсіби 
қызметі  мен  тиімді  даярлықтың  көрнекі  және  адекваттық  түсінігіне  бағытталған 
үрдіс  байқалады.    Соңғы  кездері  маман  үлгісі  түлектің  жоспарланатын  сапасының 
нормативі ретінде қарастырылып келеді.  
Үлгілеу  тұлғаның  өзгермейтін,  дәріптелетін,  жинақталған  сипатын  маманның 
кәсіби  қызметінде,  оның  қалыптасу  үдерісінде  көрсетуге  мүмкіндік  береді. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
87 
Маманның  «эталонды»  сапалық-сипаттамалық  үлгісі  ретінде  нормативтік  үлгі,  яғни 
біліктілік  мінездемесі  негізінде  қаланатын  оның  кәсіпқойлығы  (профессиограмма) 
көрсетіледі.  Біліктілік  сипаттамасы  тұлғаға  және  оның  кәсіби  құзіреттілігіне 
қойылатын  талаптарды  айқындайтын  мемлекеттік  құжат  болып  саналады.      Соның 
арқасында  үлгі  үлгісін  кәсіби  білім  мен  тәрбие  мақсаттарының  мазмұнын  тұлғаның  
тексеруге  қолжетімді  сипаттарын  көрсете  отырып,  білім,  білік,  дағдының  қажетті 
деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді.   
Мәселен,    Е.Э.  Смирнова  [3]  маман  үлгісін  жасауда  негіз  етіп  үш  деңгейдегі 
нақты бір кәсіптің қызметін тасымалдаушы ретіндегі адамды  қарастыруды ұсынады:  
-  дүниетанымды  (оның  ішінде  кәсіби),  кәсіби  этиканы,  мәдени  деңгейді 
қамтитын  әлеуметтанушылық (социологиялық); 
-   нақты  міндеттерді  орындауға  қажетті  айрықша  қасиеттер  жиынтығын 
анықтайтын психологиялық; 
-  табысты  жұмыс  жасауға  қажетті  мүмкіндіктер  мен  қасиеттерді  бөліп 
қарастыруға тиісті  психофизиологиялық.  
Н.И.  Рейнвальд  [4]  қазіргі  кезеңде  маман  үлгісін  жасауда  үш  басты  мәселені 
көрсетеді.  Ерекше  кәсіби  талаптарды  жалпы  тұлғалық  қасиеттерді  (дүниетанымдық 
азаматтық  бағытты  қоса  отырып)  қалыптастыру  талаптарымен  маман  үлгісін 
үйлестіру  мәселесінде,  қазіргі  кезеңде  кез-келген  саланың  маманы  өз  қызметін 
толыққанды  орындай  алмайды.      Маман  үлгісін  есепке  алуда    барлық  мамандық 
өкілдерінің бүкіл кәсіби қызмет жасау кезеңінде қажетті болатын тек статистикалық 
құрылымдар-тұлғалық    қасиеттерінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  динамикалық  - 
қоғамдық  өндірістің  барлық  салаларында  ғылым  мен  технологияның  дамуымен 
байланысты  азды  көпті  жылдам  өзгеріп  жатқан    мәселесі.  Оқытушылардың  да, 
студенттердің де, соңғыларының таңдаған мамандықты табысты игеруге деген  қарқынды 
және адамгершіл салауатты мүддесін  қамтамасыз етуге қабілетті  басқарушылық ықпалын 
ұйымдастыру мәселесі.   
Дене  шынықтыру  және  спорт  саласында  мамандар  даярлау  мәселесін 
қазақстандық ғалымдар да өз зерттеулерінде ашуға тырысқанын атап өту қажет.  
В.И.  Лебедева  өз  еңбегінде  дене  шынықтыру  факультеті  студенттерін 
мамандыққа бейімдеу барысында - ересек тұрғындарды сауықтыру жұмысына қарай 
бейімдеу жолдарын, әдістерін айқындады [5]. 
Б.Т.  Елшиев  өз  кандидаттық    диссертациясында  дене  шынықтыру  саласындағы 
ЖОО  студенттерінің  дайындығын  педагогикалық    қызметке  қарай  қалыптастыру 
құралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтауға талпыныс жасаған [6]. 
С.Ж. Сыздықова бейімделген дене шынықтыру мамандарын даярлау жүйесінің 
ғылыми-әдістемелік негіздемесін жасау жұмысын жүргізуде [7]. 
Аталған  саладағы  зерттеулердің  біріне  И.Ф.  Андрущишиннің  спортшыларды  
психологиялық-педагогикалық  даярлаудың  кешенді  жүйесі  ұсынылатын  докторлық 
жұмысын жатқызуға болады [8]. 
Мамандарды  даярлау  мәселесіне    А.Қ.  Тшановтың  докторлық  диссертациясы 
арналады.    Ол  спорт  колледжі  жағдайында  мамандарды  даярлау  жүйесін  ашуға 
тырысады,  сондай-ақ    «Бапкер-оқытушыны  спорт  колледжі  жағдайында  кәсіби-
педагогикалық дайындаудың теориялық және әдістемелік негіздерін» қарастырды [9]. 
Жоғарыда  аталған  жұмыстарды  қорытындылай  келе,  маман  үлгісі  мамандық 
бойынша  білім  берудің    біртұтас  жүйесін    аша  отырып,  мамандар  даярлауда  іріктеу 
жасап  және  мазмұндық  құрылымдауды  қамтамасыз  етуге  сәйкес,  педагогикалық, 
психологиялық  ғылымдар,  әлеуметтік  тапсырыс,  тәжірибе  қажеттілігі,  мемлекеттік 
білім  беру  стандарты  дамуының  деңгейіне  маманның  кәсіби  қызметінің  сәйкестік 
дәрежесін сипаттайтын белгілердің жүйесін білдіреді.  
Маман  үлгісіне  сол  сияқты  оның  нарықтық  қатынастар  жағдайында  еңбек 
етуде,  нәтижелерге  қол  жеткізе  білуде,  қоғамдық  және  ғылыми-техникалық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
88 
прогрестің  сәйкес    талаптарында  оның  қабілеттілігін  айқындайтын  кәсіби,  әлеуметтік-
психологиялық, шығармашылық (креативті) және тұлғалық қасиеттер де жатады.   
Біздің зерттеудің аясында сондай-ақ маркетингтің мәнін ашу қажет, өйткені біз 
маркетинг бойынша маман даярлау мәселесін қозғап отырмыз.   
Соңғысы айтып тұрғандай, дене шынықтыру жүйесінде маркетингтің маңызды 
мақсаты  онымен  айналысушылардың  дене  шынықтыру  тұлғасын  қалыптастыру 
болып табылады.  
Маркетингтің  негізгі  міндеті  –  тұтынушының  егемендігіне  қиянат  жасамай, 
оның    сатып  алушылық  ісін  дене  шынықтыру  және  спорт  саласында  қызмет 
көрсетуде тұрақты, өмір бойы қолдаушы болатындай етіп және оған қоса маркетингті 
және  оның  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалана  білетін  дене  шынықтыру-спорт 
ұйымының қызметін жақтаушы ретінде қалыптастыру.  
Дене шынықтыру жүйесіндегі мақсатты қатынастағы маркетинг тұлғаның дене 
бітімін  жетілдірудегі  себептер    мен    қажеттіліктер,  салауатты  өмір  салтын  ұстану, 
дене  жаттығулары  мен  спортпен  айналысатын  жүйелі  сабақтардан  көрінетін,  дене 
шынықтыруды  қалыптастыру  мен  дамыту  арқылы  жүзеге  асырылатын,  негізгі 
қоғамдық игілік ретінде адам құндылығын белсенді молайтуға бағытталған.  
Дене  шынықтыру  жүйесіндегі  маркетинг  ашық,  әлеуметтік-этникалық  және 
коммерциялық  емес  теория  мәнмәтінінде  қарастырылуы  тиіс,  ол  оның  басқару 
жүйесіне тек коммерциялық қана емес, сонымен бірге тұрғындардың дене тәрбиесі жүйесінің 
мемлекеттік және қоғамдық сектормен тығыз байланыста енуіне мүмкіндік береді.  
Дене  шынықтыру  жүйесіндегі  маркетингті  ашық  маркетинг  теориясы 
тұрғысынан  қарастыру  заңдылығы,  оның  субъектілері  –  жекелеген  тұлғалар,  дене 
шынықтыру  ұйымдары  мен  дене  шынықтыру  және  спортты  басқару  органдары  – 
нарықта  жеке  жұмыс  жасамайды,  тек  ақпараттық,  қаржылық,  кадрлық,  материалдық-
техникалық  және  басқа  да  құндылықтардың    бір-бірімен,  оларға  қатысты  сыртқы  ортамен 
алмасу үдерісі арқасында қамтамасыз етіледі, яғни ашық жүйе болып табылады.    
Дене  шынықтыру  және  спорт  саласында  мамандарды  кәсіби  даярлауды 
үлгілеудің түрлі тәсілдеріне жүргізілген талдау бізге дене шынықтыру-сауықтыру қызметін 
көрсету саласында маркетинг бойынша маманның үлгісін құруға мүмкіндік берді.  
Үлгіні құрастыру барысында біз оның төмендегі қағидаларды қамтуын назарда ұстадық:  
- болашақ мамандардың кәсіби даярлығының сапасына қоғамның қоятын талаптары; 
-  дене  шынықтыру  ЖОО  студенттерінің  кәсіби  даярлығы  мәселесі  бойынша 
зерттеудің негізгі идеялары; 
 - студенттердің кәсіби даярлық үдерісін ұйымдастыру; 
  - студенттердің кәсіби қызметке дайындық деңгейінің негізгі критерилері мен 
көрсеткіштері.  
Зерттеу  нәтижелері.  1-кестеде  біздің  тараптан  құрылған    дене  шынықтыру-
сауықтыру қызметін көрсету саласында маркетинг бойынша маманның үлгісі ұсынылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
89 
 
1 кесте – Дене шынықтыру-сауықтыру саласындағы маркетинг бойынша 
мамандар даярлау үлгісі   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
,  
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                  
 
 
 
 
М
а
қ
с
а
т
т
ы
 б
ө
л
ім
 
 
Мақсат: Дене шынықтыру және спорт бойынша болашақ педагогтарда маркетинг бойынша теориялық 
білімдерін, сондай-ақ дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды ғылыми-негіздеуге және спорттық 
ұйымдарды басқаруға қажетті  маркетингтік қызметтің практикалық білік пен олардың дағдыларын
 
қалыптастыру.   
Міндеттер:  дене  шынықтырудың  болашақ  маманына  қажетті  арнайы  білім  мен  білік  жүйесін 
қалыптастыру; 
-дене шынықтыру және спортты басқару ғылымының заманауи жетістіктерін игеру;. 
-дене шынықтыру –спорттық қызмет көрсетуді жасау мен нарыққа шығаруда
 
маркетингтің рөлін 
түсіну;спорт маркетингінің кешені, қызметтері, мақсаты мен ұстанымдары туралы түсінік болу; дене 
шынықтыру-спорт фирмаларының маркетингтік ортаға ішкі және сыртқы әсерін бағалау;
  
 
М
а
зм
ұ
нд
ы
қ 
б
ө
л
ім
 
 
Ұстанымдар:- Нұсқалық және оңтайлылық ұстанымы 
- Ахуалдық басқару ұстанымы 

Икемділік және бейімділік ұстанымы 
 
Әдіснамалық негіздері:  
 Жүйелі  тәсіл,  біртұтас  тәсіл,  біліктілік  тәсіл,  акмеологиялық  тәсіл,  әрекетшілдік  тәсіл,    синергетикалық 
тәсіл 
 
Ұ
йы
м
д
а
с
т
ы
р
у
ш
ы
л
ы
қ

д
іс
т
е
м
е
л
ік 
б
ө
л
ім
 
 
Әдістер: оқытудың үлгілеу әдісі (іскери ойындар түріндегі сабақтар) (В.В.Гузеев),  case study әдісі 
(нақты жағдаяттарды шешу), жоба әдісі, ойын технологиялары, ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар (АКТ).  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет