БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

 
Literature: 
1. Rock A.J., Coventry W.L., Morgan M.I., Loi N.M. Teaching Research Methods and 
Statistics in eLearning Environments: Pedagogy, Practical Examples, and Possible Futures 
// Frontiers in psychology. – 2016. – №7. – P. 86-92. 
2. Rudy  S.  Consultancy,  disruption,  and  the  pulse  of  pedagogy  //  Teaching  and 
Learning Together in higher Education. – 2014. – №11. – Р. 1-12.   
3. Sarkar S. The role of information and communication technology (ICT) in higher 
education for the 21st century // Science. – 2012. –  №1(1).  – Р. 30-41. 
4. Tondeur J., Van Braak J., Sang G., Voogt J., Fisser P. and Ottenbreit-Leftwich A. 
Preparing  pre-service  teachers  to  integrate  technology  in  education:  A  synthesis  of 
qualitative evidence // Computers and Education. – 2012. – №59(1). – Р. 134-144.  
5. Green  J.L.,  Camilli,  G.,  Elmore  P.  B.  Handbook  of  complementary  methods  in 
education research // New York: Routledge. – 2006. – №3. – Р. 279-295. 
6. Cohen  L.,  Manion  L.  and  Morrison  K.  Research  methods  in  education.  –  New 
York: Routledge, 2013. – 637 р. 
7. Mertens D.M.  Research and evaluation in education and psychology: Integrating 
diversity with quantitative, qualitative, and mixed methods. – Thousand Oaks: Sage 
publications USA, 2014. – 536 p. 
8. Dillon J.T.  Using Discussion in Classroom. Philadelphia evidence // Computers 
& Education. – 1994. –  №59(1). – Р. 134-144. 
9. Выготский Л. С. Педагогическая психология.  –  М.: Педагогика, 1991. –  367 c. 
10.  Коротаева  Е.В.  Обучающие  технологии  в  познавательной  деятельности 
школьников. – М.:  2003. – 174 c. 
*** 
Құлмағамбетова С.С., Томас В.В., Иманалина Г.М. 
Зерттеу технологиялары 
Зерттемелік 
оқыту 
үрдісіндегі 
бірден-бір 
беталыс 
студенттің 
өмірлік 
қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін мәселелерді зерттеу болып табылады. 
Аталмыш  мақалада  беріліп  отырған  тапсырманыц  мәселелігін  пәндік 
тұрғыда түсініп білуге көмектесу; туындаган мәселелерді сараптап, жеңіл шешімін 
таба білуге; туындаған мәселелерді реттеуде студенттерге жеке мәнді болуының 
айлаларын  қарастыра  білуге  үйрету  мақсатындағы  тапсырмалар  жүйесі  мен 
зерттеу  амалдары  нысанында  оқу  танымы  ретіндегі  оқыту  технологиялары 
қарастырылады. 
Ізденіс  жэне  зерттемелік  оқыту  үдерісі  тек  қана  білім  алуға  емес,  сонымен 
қатар  келесі  жалпы  оқу  біліктіліктерінің  қалыптасуына  да  бағытталган:  білім 
ізденісі;  ойлау  қабілетінің  негізгі  іс-әрекеті  мен  операциялары  -  сараптама, 
синтездеу,  жалпылау;  рефлексті  ойлау  қабілеті  мәдениетінің  қалыптасуы;  іс-
әрекет  бағыты  мен  шешім  қабылдау  қабілетін  қалыптастыру;  талқылау  рәсімін 
оқыту, пікірталас мәдениетін қалыптастыру; оқу барысы үдерісіндегі эмоционалды 
жэне  жеке  бас  дамуы;  еліктеу  жэне  рольдік  модельдеуді  қамтитын  оқу 
барысындагы эмоционалды және   интеллектуалды рефлексия. 
Тірек  сөздер:  Зерттеу  принциптері;  мәселеге  өзектелген  оқыту;    білім  беру 
таксономиясы; академиялық пікірталас. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
55 
Кулмагамбетова С.С., Томас В.В., Иманалина Г.М. 
Исследовательские технологии 
 
Основная  задача  образования  состоит  в  том,  чтобы  подготовить 
высококачественных  специалистов,  которые  смогут  реализовать  себя  на  рынке 
труда.  В  этой  связи  есть  реформа  образования  и  введены  технические  инновации. 
Однако  система  обучения    традиционная  –  учитель  передает  знание  студентам. 
Этот  подход  уменьшает  интерес  студента  к  образовательному  процессу  и 
креативное  мышление  не  формируется.  В  этом  отношении  необходимо 
представить принцип программы обучения исследования, в которой студент будет 
искать  решение  самостоятельно.  Это  позволит  студенту  развернуть  научные 
горизонты,  разработать  научные  исследования  и  креативное  мышление.  Поэтому 
эта  статья  обеспечивает  две  основные  методологии  обучения  исследованию. 
Достижение этой цели требует научных методов анализа и синтеза, полученного в 
итоге  опыта  отечественных  и  зарубежных  ученых  по  рассмотренным  вопросам. 
Первый тип обучения исследованию - основано на изучении проблемы. Этот метод 
основывается  на  использовании  эвристических  методов  и  состоит  из  восьми 
условий.  Изучение  проблемы  может  использоваться  в  качестве  части  курса, 
предмета  или  всего  академического  курса.  Второй  тип  обучения  исследованию  - 
обсуждение.  Обсуждение  включает  конференции,  дебаты,  форумы  и  симпозиумы. 
Таким  образом,  студенты  смогуть  решать  проблемы  коллективно,  обмениваться 
идеями  и  учиться  работать  в  команде.  Так,  обучение  исследованию  может 
увеличить  мотивацию  студентов,  чтобы  повысить  их  уровень  успеха  и 
разработать необходимые персональные и профессиональные навыки. 
Ключевые  слова:  Принцип  исследования;  обучение,  основанное  на  проблеме; 
таксономия образовательных целей; академическое обсуждение. 
 
*** 
 
ӘОЖ: 376.17 
Айтжанова Р.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Е-mail: rozaaitzhanova@mail.ru 
 
ФОРМАТИВТІ БАҒАЛАУ ҰҒЫМЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ 
 
Аңдатпа.  Берілген  мақалада  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалана 
отырып,  оқу  үрдісін  жетілдіруге,  жас  ұрпақты  жан-жақты  дамыту  мен    оның 
рухани  дүниесін  байытуға,  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасауына, 
тәрбиеленуіне,  қабілетін,  дарынын  ашуға  бағытталған  білім  сапасының  мазмұны 
жан-жақты қарастырылады 
Тірек  сөздер:  Педагогикалық  өлшем,  формативті  бағалау,  білім,  ақпарат, 
технология, құзыреттілік, креативтілік, шығармашылық әрекет. 
 
Қазіргі  жаһандану  заманында,  әсіресе,  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  мен 
түбегейлі  жаңарулар  дәуірінде  қоғам  алдында  тұрған  мақсаттар  мен    міндеттердің 
салмағы орасан зор болып тұр. Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық-
әлеуметтік  дамудың  өлшемі  мен  сол  қоғамның  негізін  құрайтын  басты  тетіктердің 
біріне  айналды.  Сондықтан  да  әлемдік  қауымдастыққа  айтарлықтай  ықпал  артып 
келе  жатқан  еліміздің  білім  сапасын  халықаралық  дәрежеге  көтеру  және  бәсекеге 
қабілетті маман даярлау мақсатында нақты қадам жасалуда.  
Осыған  орай,  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Әлеуметтік 
экономикалық  жаңғырту  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
56 
халқына  арналған  Жолдауында  айтылған:  «ХХІ  ғасырда  білімін  дамыта  алмаған 
елдің тығырыққа тірелетіні анық»,- деген сөзінің жаны бар [1]. Сондықтан да бүгінгі 
білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі 
дамытуға  ұмтылатын,  алғыр  да  ақылды,  ақпарат  көздерін  өз  бетімен  қолдануға 
қабілетті тұлға тәрбилеу.  
Демек,  еліміздің  қазіргі  мектептеріне  жаңа  заманға  лайық  «жаңа  мұғалім» 
дайындау  қажет.  Бұның  түпкі  мақсаты  –  мұғалімдердің  тәрбиешілік,  педагогтік 
әлеуетін, қабілетін кеңірек ашу. «Жаңа мұғалім» бүгінгі заманның жаңаша ойлайтын, 
уақыт ағымымен үндес жұмыс істейтін, ең бастысы, жас ұрпақтың нағыз тәрбиешісі 
болғаны  абзал.  Бұл  үшін  мұғалім  дайындауды  жаңаша  ұйымдастыру  біздің  басты 
мақсатымыз болуы қажет.        
Еліміздің ертеңі – сапалы білім мен озық технологияны игерген жас ұрпақтың 
қолында.  Білім  беру  ісін  дамыту  сол  себептен  де  әрқашан  бірінші  орында  болып 
келеді. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты 
дамыған маманды даярлау - уақыт талабы.  
Қазіргі жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер 
ететін  басты  конструктивті  фактор  болып  отыр.  Бұл  сөзсіз,  оқытудың  тиімді 
технологияларын  жасаудың,  жетілдірудің  мықты  стимулы  қызметін  атқарады.  Білім 
беру  жүйесінде  жеке  тұлғаның  шығармашыл,  креативтілік  жағынан  дамуы  үшін 
жағдай  жасау  Қазақстандағы  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды  міндеттердің  бірі  әрі 
негізгісі деп нақты айта аламыз [2]. 
Заманның  жаңа  даму  сатысында  білім  беру  жүйесі  қоғамның  жаңа 
экономикалық  саясат,  әлеуметтік  және  интеллектуалдық  деңгейіне  сай  келуі  тиіс. 
Осыған  орай  білімнің  мақсаты,  мазмұны  және  оны  оқыту  тәсілдері  қайта  қаралып,  оқу 
жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді. 
Жаңа  адамды  тәрбиелеу  мен  оқытуда  мектептің  алатын  орны  ерекше.  Оның 
қызметі  үнемі  дамуда.  Жаңа  заман  талаптарына  сәйкес  мектептің  дамуы  көптеген 
қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етуі керек. 
Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасырда тиімді білім беру жүйесін жасайтын жас 
ұрпақтың ақыл-ой және рухани потенциалын барынша  дамытуға мүмкіндігі бар ұлт 
қана озат бола алады. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  жаңа 
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауында республикадағы 
әлеуметтік,  саяси-мәдени  жағдайларға  кеңінен  талдау  жасап,  елдің  негізгі  даму 
басымдықтарын  атап  көрсетті.  Қол  жеткен  нәтижелер  –  Қазақстанның  әлемдегі 
бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елінің  қатарына  қосылуына  мүмкіндік  туғызатыны 
анық. Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – 
тиісті  білім  мен  білік  алған  еліміздің  әрбір  азаматы  әлемнің  кез-келген  елінде 
қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу» – деп атап көрсетілген [3]. 
Бүгінгі  ғаламдық  білім  беру  кеңістігіне  сай  білім  беру,  танымды,  ойлауды 
дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін 
сұрыптауға,  мұғалімге  өзінің  іс  әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  - 
көкейкесті  мәселе  болып  табылады.  Өйткені,  тек  жоғары  білімді  маман  ғана  қоғамның 
экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің көшбасшысы бола алады. 
В.С.  Аванесовтің  пікірінше  [4],  педагогикалық  өлшемдерді  әдіснамалық 
негіздеу  мәселесі 
 
пәнаралық  болып  саналады:  философиялық,  әлеуметтік, 
педагогикалық 
және 
логикалық, 
математикалық, 
статистикалық 
т.б. 
Оны 
философиялық-педагогикалық  деп  санаудың  себебі,  мәселені  шешу  дәстүрлі 
философиялық  ғылымның  (философия  және  логика)  жетістіктерін  қолданумен 
байланысты  болады.  Әлеуметтік-педагогикалық  деп  аталуының  себебі,  онда  тест 
бақылауы нәтижелерінің социумға – оқушылар мен ата-аналарға әсері, білім берудің 
тестінің  сапасына  тәуелділігі,  педагогикалық  мәдениет  деңгейіне,  қоғамның 
құндылықтарына тәуелділік сияқты қоғамдық мәселелерге тән белгілер қамтылады.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
57 
Педагогикалық  өлшемнің  тиімділігінің  әлеуметтік  шарттарына  мыналарды 
жатқызуға болады:   
- мемлекеттің білім беру саясатының әлеуметтік бағытталған векторы;  
- педагогикалық өлшем процесін қоғамдық-кәсіби мекемелердің басқаруы;  
- тестілеудегі еріктілік;  
-  сыналушылардың,  ата-аналардың,  мектептер,  ЖОО  және  білім  беру 
басқарамаларының өзара іс-әрекеті (серіктестігі).  
Педагогикалық  зерттеудің  нәтижелерінің  сапасын  негіздеу,  көп  жағдайда 
педагогикалықтан  тыс  ұғымдар  және  критерийлерді  –  философиялық,  логикалық, 
математикалық-статистикалық  критерийлерді  қаратыруды  талап  етеді.  Атап  айтсақ, 
педагогикалық 
өлшем 
теориясындағы 
философиялық 
элемент 
өлшемнің 
кемшіліктерінің  болуы  туралы  тезисті  нақтылайды.  Сыншылар  көп  жағдайда  осы 
тезисті өлшемнің дәлдігі  тұрғысында тестілердің принципиальды кемшілігін негізде 
ретінде  көрсетеді.  Мұнда  бұл  философиялық  скепсисті  жоюдың  формасы  ретінде, 
жеткілікті  қабылданған  дәлдігі  бар  өлшемнің  мүмкіндіктері  туралы  тезис  алынады. 
Тәжірибеде  соңғы  тезисті  қолдану,  мысалы,  физика  ғылымында  іргелі  нәтижелерге 
қол жеткізуге мүмкіндік берді.  
Педагогикалық  өлшемдердің  сапасын  әдіснамалық  тұрғыда  негіздеу  білімнің 
екі  қабатын  қамтиды:  1)  өлшем  процесін  ұйымдастыру  теориясы  және        2)  осы 
процесті  ғылыми  негіздеу  мәселелері.  Батыс  елдерінде  тестілердің  математикалық-
статистикалық  теориясы  жақсы  құрастырылған,  бірақ  тестілердің  педагогикалық  теориясы 
жеткілікті  зерттелмеген.  Оның  басты  себебі  –  тестілеудегі  америкалық  тұғырға  тән 
прагматизмнің және технократизмнің басым үлесі.  
Білім  беру  мәселелерінің  педагогикалық  аспектілері  –  бұл  педагогикалық 
өлшемнің  педагогика  ғылымымен  байланысы,  педагогикалық  өлшем  пәнін  анықтау, 
педагогикалық өлшемдердің педагогикасы мен теориясының ұғымдық аппаратының 
арақатынасы,  тест  және  тест  тапсырмаларын  құрастыруға  арналған  оқу  пәнінің 
мазмұнын таңдау әдістері.   
Педагогикалық 
принциптер 
деп, 
оқытушының 
өзіндік 
іс-әрекетінде 
басшылыққа  алатын  талаптары  аталады  [5].  Принциптер  озат  педагогикалық 
тәжірибені  жалпылауда,  сонымен  бірге  әдіснама  мен  теорияның  дамуы  процесінде 
пайда  болады.  Соған  сәйкес,  теориялық  және  практикалық  іс-әрекеттің  принциптері 
құрастырылады.  Педагогикалық  өлшемдердің  әдіснамасының  міндеттерінің  бірі  – 
бұл 
осы 
іс-әрекетті 
ғылыми 
ұйымдастырудың 
принциптерін 
құрастыру. 
Педагогикалық теория мен практикаға принциптер оқу процесінің тиімділігіне ықпал 
ететін  бастапқы  ережелердің  жиынтығы  ретінде  енгізіледі.  Әдебиеттегі  оқыту  мен 
әтрбиенің  жалпы  приницптерімен  қатар,  өлшем  процесін  реттейтін  спецификалық 
принциптер  тобын  құрастыруға  болады.  Педагогикалық  өлшем  процесі  спецификалық 
принциптер тобымен реттелетін болса, ғылыми негізделген болып саналады: объективтілік; 
білім берудің, оқыту мен тәрбиенің  бақылаумен байланысы; әділеттілік пен жариялылық: 
ғылымилық пен тиімділік; жүйелілік пен жан-жақтылық.   
Объективтілік  принципі.  Тест  процесінің  барлық  кезеңінде  объективтілік 
принципі педагогикалық өлшем мен педагогикалық процесінде субъективті әсерлерді 
азайтуға,  осы  процесте  бағдарламалық-педагогикалық  және  бағдарламалық-
инструменталды  құралдардың  рөлін  арттыруға,  бағалаудың  шарттары  мен 
ережелеріне 
ортақ 
стандарттарды 
қолдануға 
бағытталады. 
«Эксперимент 
продолжается»  атты  кітапта  В.Ф.Шаталов  объективтіліктің  талаптарына  қарама-
қайшы  келетін,  білімді  бағалаудың  қазіргі  заманғы  жүйесінің  бір  жағы  болып 
саналатын,  маңызды  себебін  айқындады  және  негіздеді  –  ол  оқытушының  асыра 
бағалауы. Бақылаудағы объективтілік алуан түрлі жолдар арқылы жүзеге асырылады.   
Бірінші, дәстүрлі жолы – коллегиалы бағалауды қалыптастыру, ол үшін алуан 
түрлі  комиссиялар  құрылады,  олардың  құрамы  мен  саны  атқарылатын  істің 
маңыздылығына  байланысты  болады.  Нәтижесінде  алынған  бағалар  көп  жағдайда 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
58 
объективті болып саналады, бірақ субъективті пікірлердің болуы әрдайым объективті 
ережені  көрсетпейді.  Бұл  біріктірілген  жеке  пікірлер  субъективті  пікірлер  болып 
саналады,  дәлірек  айтсақ  интерсубъективті  болды:  объективтілікке  жақындық 
комиссияның  сапалы  құрамына  байланысты  болады,  онда  комиисссия  мүшелерінің 
барлығын қосқанмен қарағанда, бір жоғары білікті маманның пікірі объективті болуы мүмкін. 
Осы  сәтті  болдырмауға  сараптама  процесі  ықпал  етеді,  оның  рөлі  білім  берудің 
мазмұнын қайта қарауда және бақылау материалының сапасын объективті бағалауда 
ерекше маңызды болып саналады.  
Объективтілікті  арттырудың  екінші  жолы  –  бұл  стандартты  тест 
бағдарламалары  мен  техникалық  құралдарды  қолдану.  Дайындықтың  белгілі 
кезеңінен  кейін,  мұндай  бақылау  әрбір  институтта  және  әрбір  кафедрада  жүргізілуі 
мүмкін.  Білімді  тексерудің  тестілік  құралдарына  деген  ерекше  қызығушылықты  басқару 
органдары  оқу  процесінің  сапасын  ЖОО-н  аттестациялау  және  аккредитациялау  арқылы 
жетлдірумен байланысты білдіре бастады.  
Объективтілікті  жетілдірудің  үшінші  жолы  –  бақылаудың  бұл  жолы 
психологиялық  болып  табылады.  Ол  тұлғалық  факторлармен  байланысты.  Мысалы, 
біздің  зерттеуімізде  студенттерге  әртүрлі  педагогтардың  талаптарындағы  жүйелі 
айырмашылықтардың  болуы  эксперименталды  түрде  анықталды  және  бекітілді. 
Кейбір  педагогтар  «мейірімді»,  кейбіреулері  «қатал»  болып  шықты.  Осыдан  келіп, 
әрбір  оқытушының  баға  қоюдағы,  аргументация  жасаудағы  психологиялық 
бейімділігін  анықтаудың  қажеттілігі  туындайды.  Шешім  қабылдай  отырып,  педагог 
белгілі  бір  бағаның  не  үшін  қойылмайтынын  түсіндіреді.  Сенімді  дәйектер  келтіру 
жағдайында, баға студенттердің белгілі бір білім деңгейінің объективті көрсеткіші болып 
көрінеді.  Мұнда  жалпы  бір  ережені  шығаруға  болады:  бағаны  студент  объективті  баға 
ретінде қабылдаған кезде ғана, өзіндік тәрбиелік функциясын  дұрыс атқарады.  
Сонымен формативті бағалаудың генезисі педагогикалық өлшемдер жүйесінде 
жатыр. Формативті бағалау ұғымы бастау болатын педагогикалық бақылау тарихына 
шетелдік  және  ресейлік  бірнеше  ғалымдардың  еңбектері  арналды.  Білім  беру 
cаласындағы бағалаудың негізі ретінде бақылаудың қалыптасуы мен даму қалыптасу 
кезеңдеріне тек қысқаша шолу жасалады.  
Ғалым  Ю.Н.  Каргиннің  пікірінше  формативті  бағалау  жөніндегі  жекелеген 
теориялық  түсініктер  XVIIІ  ғасырдың  аяғы  XIX  ғасырдың  басында  қалыптасты. 
Олар,  көбінесе,  мұғалім  ұсынған  үлгі  бойынша  еске  түсірген  білімді  тексеріп, 
бағалауға  қатысты  болды.  Жалпы  алғанда  XVIIІ,  XIX  ғасырлардағы  бақылау  оқуға 
мәжбүрлеу  түрінде  ғана  қаралды,  белгілі  бір  нәтижелер  бойынша  қорытынды 
жасалды, бағалаудың тәрбиелік функциясына назар аударылды [6].   
Көптеген  елдерде  XIX  ғасырда  оқушының  тұлғалық  жағына  баса  назар 
аударылды,  бағаның  әділ  қойылуы  өткір  мәселеге  айналды.  Соның  ішінде  Ресейде 
оқытудың  бастапқы  сатысында  бақылау  тәсілдері  мен  әдістерін  жүзеге  асырып, 
қабілеті  төмен  балаларды  анықтау  үшін  арнайы  сынақтарды  ғалымдар    Звоннников 
В.И.,  Челышковалар  М.Б.  [7]  ұсынылды,  сабақтан  тыс  уақытта  оқушылардың  өз 
бетімен жұмыс істеуі жағдайын), оқушы зейінін бағалауды  
В.С. Аванесов [8] тексеру жүзеге асырылды, оқушылар арасында қателері мен 
күрделі болған тапсырмаларды өз бетімен талдау мәселелерін ғалым Н.Ф. Ефремова 
[9] т.б. жүргізілді. 
Формативті бағалау процесі – бұл ғылыми өндіріс және жеке тұлғаның айқын бақылауға 
болмайтын қасиеттерін өлшеу әдістерін практика жүзінде қолдану.  
Кең,  тараған  анықтамаларға  сай  Э.Г.  Юдин  арқылы  ендірілген  бағалу  [10]  – 
бұл  объект  сипаттамаларына  ережеге  сай  сандық  мәннің  бepілyi.  Бұл  анықтама 
сандық  өлшеу  тәжірибелерін  жинақтау  нәтижесінде  жаратылыстану  ғылымдары 
арасында кеңінен таралып, жалпы өлшеу теориясының негізін калаған. 
Білімдегі бағаның бірегей болмауы, өлшенетін «белгісіздік» сипаттарын жабық 
түрде  болуы  тікелей  өлшеу  мүмкіндігінен  айырады.  Белгісіз  зат  сипаттарының  бip 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
59 
мәнділкте  берілмеуі  бғалау  үрдісінде  белгісіздің  өлшенетін  сипаттарының  орнына, 
байқалған  белгілерді  бағалаумен  шектелді.  Мысалы,  құзырлылық  (ақпараттық 
құзырлылық) өлшенетін бeлгiciз зат, ал оның мәні не деген сұраққа қанша бағалаушы 
болса,  соншама  жауап,  соншама  өлшем  бipлiгiн  алуға  болады.  Құзырлылықтың 
орнына  оның  бақыланатын  бeлгici  (ақпаратты  интернеттен  немесе  басқа  ақпарат 
көздерінен тауып алғаны) бағаланады. Қойылатын сапалық баға субъективті, тікелей 
мұғалімнің  көзқарасына  байланысты.  Сондықтан  да  белгісіздің  ішкі  сипаттары, 
эмпирикалық нәтижелерді өлшеу эксперттік, статистикалық талдауды қажет етеді. 
Сапалық  және  сандық  амалдар  арасындағы  қатынас  айырмасының,  күшеюi 
ұғымдарды  сапалық  тұрғыдан  классификациялау,  салыстырмалылық  тұрғыдан 
типтерге  жүйелеу,  сандық  тұрғыдан  өлшеу  секілді  жіктеулерге  әкелді.  Сандық 
өлшеуге  қарағанда  ұғымдарды  сапалық  тұрғыдан  классификациялау  субъективті 
түрде, 
теориялық 
деңгейде 
пайымдалады. 
Құзырлылықтың 
сапалық 
классификациясы төмендегідей жіктелген: 
– педагогикалық (бiлiмi, білiгі, дағдысы); 
– әлеуметтік-философиялық (тұлғалық қасиеттері); 
– психологиялық (генетикалық қасиеттері). 
Классификациялық  ұғымдар  бip  жазықтықтың  ұғымдары  емес,  олар 
құзырлылықтың  өлшенетін  жалпы  сипаттарының  негізінде  алынып  отыр.  Бұл 
ұғымдар  өлшенетін  сапалық  сипаттар  ретінде  алынып  отырғандықтан,  оларды 
салыстыру, абстрактілеу, жинақтау, тану, бірдейлікке келтіру қажет. 
Философиялық  зерттеулерде  бағалау,  өлшеу  процедуралары  танымның 
сападан  санға  ауысуын  білдіретін,  зерттелу  пәнi  аймағының  сапасы,  өлшеу 
процедураларының мәнін және оның негізгі қалаушы абстракциясы жөніндегі, өлшеу 
процедуралары  мен  оның  нәтижелерінің  гносеологиялык  қасиеттерi  жөніндегі 
білімнің
 
бар екендігін болжамдайтын өткел ретінде қарастырылады өлшем теориясы 
XX  ғасырдың  соңғы  онжылдығынан  бepi  аксиома  ретінде  біржактылық  ұстаным 
күйінде  зерттелуде.  В.С.Аванесов  педагогикалық  өлшемді  сандық  өлшем  бірлігін 
қолдануға байланысты ғылымның қолданбалы жаңа бағыты, ал өлшеудің негізгі әдісі 
тестілеу деп көрсетеді [11]. 
Мектептегі  білім  беруде  оқушы  білімін  бағалау  білім  үдерісінің  жеткен 
жетістіктер  дәрежесінің  және  оның  нәтижесінің  мемлекеттік  бiлім  стандарты 
бекіткен  талаптарға,  нормаларға  сәйкестігін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  сапаны 
басқару  жүйесінің  элементі.  Ж.А.  Караев  [12]  эмпирикалық  құрылым  мен  нәтиже 
негізінде  алынатын  бағалаудың  сандық  құрылымы  өз  қасиеттерін  сақтай  отырып, 
сандық мән арқылы бipiн-бipi шкалада көрсете алады деген пікірге тоқталды. Мұндай 
шкала  арқылы  өлшенетін  объектіге  тікелей  сүйенбей-ақ,  эмпирикалық  құрылымға 
тән  барлық  қасиеттерді  анықтауға  болады  деген  қорытындыға  келе  отырып,  ғалым 
«өлшем — изоморфтық түрде таңдап алынған эмпирикалық сандық құрылым арқылы 
сандық  функцияларды  конструктілеу»  деп  пайымдайды.  Автор  бағалау  бірнеше 
кезеңнен тұратын үдеріс деп, оны төмендегідей жіктейді. 
-  өлшеу  пәнінің  сапалық  жазбасын,  яғни  педагогикалық  құбылыстар  мен 
объектілердің белгілерін, сипаттамаларын анықтау; 
білімді  бағалауды  құрастыру  –  критерийлер,  көрсеткштер,  әдістерді  таңдау, 
(тест тапсырмалары, бақылау жұмыстары); 
шкалалау - нәтижелер сай келетін реттілікті конструктілеу; 
-  педагогикалық эксперимент арқылы бағалаудың алғашкы нәтижесін анықтау; 
-  алғашқы нәтижелерге математикалық-статистикалық өңдеу жүргізу; 
-  бағалау нәтижелерін мазмұндық өңдеуден өткізу. 
Формативті  бағалау  теориясы  статистикалық  әдістерді  қолдана  отырып, 
педагогикалық  тұрғыдан,  тікелей  өлшенілмейтін  қасиеттердің  бақылауға  жататын 
белгілерін  айқындау  арқылы  сапалық  көрсеткіштердің,  объект  сипаттамасының 
сандық жазбасын беруге мүмкіндік туғызады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
60 
Біз  қарастырып  отырған  педагогикалық  өлшемдер  мен  мектеп  мұғалімдерінің 
білімін формативті бағалау оқушыларға сапалы білім беруге негізделген.  
Біз бұл пікірмен толығымен келісеміз. Сапасыз берілген білім кімге керек? Не 
үшін  керек?  Сапалы  білім  бере  алмайтын  мұғалімнен  қандай  бәсекеге  қабілетті 
оқушы шығады?  
Сапа  түсінігі  көп  ғасырлы  даму  жолында  болды  әлі  де  даму  үстінде,  дами 
береді де. Қоғамдық қажеттіліктер дамып, олардың саны артқан сайын және оларды 
қанағаттандыратын  өндіріс  мүмкіндіктері  өскен  сайын  сапа  да  өз  кезегінде  дамиды. 
Әсіресе,  соңғы  он  жылда  сапаның  өзгеше  динамикалық  даму  процесі  мен  оның 
параметрлерінің  өзгерулері  байқалды.  Өйткені  мұғалімдердің  білім  беру  сапасын 
қадағалайтын орталықтар ашылуда.  
Қоғамның  және  экономиканың  қарқынды  даму  жолына  өтуін  жеделдетудің 
басты  негізінің  бірі  –  сапаны  жетілдіру.  Жоғары  сапа  –  еңбек  және  материалдық 
ресурстарды  үнемдеу,  экспорттық  мүмкіндіктерді  арттыру,  сондай-ақ  қоғам 
қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру болып табылады.  
Сапаны  жетілдірудің  тиімді  жолы  –  сапаны  басқару.  Сапаны  жетілдіруді 
жоспарлау,  бақылау,  ынталандыру  үшін  ең  алдымен  сапаны  бағалау  қажет,  яғни 
сапаны сипаттайтын барлық қасиеттер жиынын бағалау болып табылады. Объектілер 
мен  олардың  қасиеттерінің  маңызын  сипаттаушы  ретінде  сапаның  қоғам  үшін 
тәжірибелік маңызы өте зор.  
Сондықтан  адамзаттың  кез-келген  заттың  сапасын  бағалауда  туындайтын 
сұрақтары өз маңызын жоғалтқан жоқ. Сондықтан, қазіргі кезде ғылыми техникалық 
прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында білім, экономикалық, техникалық 
және  ғылыми  қатынастардың  дамуына  байланысты  барлық  салаларында  сапа 
ұғымына көп көңіл бөлінуде. 
Әлемнің  дамыған  және  дамушы  елдерінде  (Кембридж  университеті), 
халықаралық,  аймақтық,  ұлттық  ұйымдардав  білім  берудің  алдыңғы  қатарлы  озық 
идеялары мен тәжірибелерін негізге ала отырып  мектеп мұғалімдерінің оқушыларға білім беру 
сапасын  басқару  өте  қажет.  Ғылым  мен  техниканың  алға  басуына,  өндірістің  дамуына 
байланысты білім сапасын басқару өрісі күннен күнге кеңеюде.   
Жоғарыда  қарастырып  отырған  аталмыш  авторлардың  тұжырымдары  мен 
келісе  отырып,  формативті  бағалау  әдіснамасын  ғылыми  зерттеудің  негізгі 
қағидалары,  формалары,  әдістері  мен  принциптері  туралы  және  мұғалімдердің 
даярлық  деңгейінің  және  педагогикалық  іс-әрекеттінің  көрсеткіштерін  құрудағы 
тиімді практиканы ұйымдастыру туралы ілім ретінде анықтауға болады.   
Формативті  бағалау  мәселелерін  қарастырудың  біріші  деңгейі  теориялық 
деңгей болып саналады. Бұл рухани іс-әрекеттің формаларын тестілеу тәжірибесінен 
айрықшаланатын,  практиктер  жиі  қолданатын  деңгей.  Алайда,  педагогикалық 
өлшемдегі  іс-әрекеттің  материалдық  және  рухани  формаларының  арасындағы 
айырмашылықтар аса күшті болғаны сонша, ғылым мен тәжірибеде бірдей нәтижелі 
іс-әрекетті үйлестіру мүмкін емес.  
Формативті бағалаудың субмәдени формаларын құрудың қате тәжірибесі, теория мен 
ғылымды  теріске  шығарады,  ғылыми  теорияны  жалған  ғылыми  теориямен,  мазмұнды 
лексиканы жалпы және мазмұнсыз лексикамен алмастырады. 
Біз  мақала  жазуға  арқау  болып  отырған,  формативті  бағалаудың  мақсаты  – 
мұғалім  мен  оқушылардың  дайындығы  деңгейлерінің  сандық  эквиваленттерін  алу. 
Бағалау  алуан  түрлі  тестілердің  көмегі  арқылы  жүргізіледі.  Американдық 
ғалымдардың еңбектерінде келесі мақсаттар анықталған [13]:  
- оқушыға өзін және өзін қоршаған әлемді тануға көмек беру;  
-  оны  өмірге  даярлау,  қазіргі  жағдайларға  және  демократиялық  қоғамдық 
өмірге бейімделуге көмек беру;  
-
 дара қабілеттердің ашылуына ықпал ету;  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
61 
-
 интеллектуалды  және  эмоционалды  дамуға,  дәйектер  мен  алуан  түрлі 
ақпаратты біріктіруге көмек беру. 
Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының 
бақылау  қызметі  ретіндегі  іс-әрекет  болып  отыр.  Ол  сыртқы  бақылау–тестілеу,  бақылау 
үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге  асырылады. 
Білім  сапасын  бақылау  сол  оқу  орындарының  өзімен  жүргізіледі.  Атап 
айтқанда,  оқушылардың  күнделікті  және  жылдық  үлгерімі,  көшірілу  және 
мемлекеттік  емтихандар  қорытындысы,  оқу-тәрбие  үрдісінің  жеке  параметрлерінің 
жағдайын  талдау.  Тек  соңғы  жылдары  біздің  мемлекеттің  дүние  жүзілік  білім  беру 
кеңістігіне енуіне байланысты. 
Шет  елдің  тәжірбиені  зерттеу  және  білім  сапасын  бағалауда  білім 
сферасындағы  салыстырмалы  талдау  жүргізу  нәтижесінде  белгілі  бір  жүйелілік 
қалыптасып,  жаңа  әдістер  мен  іс-әрекеттер  қолданыла  бастады.  Осыған  орай  оқу 
мекемелерінің  өзін-өзі  бағалау  процедуралары  кеңінен  енгізіле  бастады.  Сонымен 
қатар  сыртқы  бағалаудың  жаңа  түрлері  енгізілуде,  ол  (4,9)  сынаптардың 
мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан 
кейін  оқушылардың  академиялық  білімдерін  (МАБ)  мемлекетаралық  бақылау  және 
орта білім мектептерінің түлектеріне арналған «Бірыңғай Ұлттық Тестілеу» (БҰТ). 
Осы  жоғарыдағы  аталған  мәселелерге  байланысты  мектеп  мұғалімдерін 
курстан  өткізу  кезіндегі  жұмыстар  аралығында  мектеп  мұғалімдерінің  білімдерін 
бағалауды білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептейміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет