БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
77
Литература:
1. Государственная программа развития образования и науки Республики
Казахстан на 2016-2019 годы / Утверждена Указом Президента Республики
Казахстан от 1 марта 2016 года – Астана, 2016. – 67 с.
2. Оценка насилия в отношении детей в школах Казахстана / Отчет
Др.Робин, Н.Хаарр – консультант ЮНИСЕФ. – Астана, 2013. – 245 с.
3. Электронный
словарь
Abby
Lingvo.
–
http://www.lingvo-
online.ru/ru/Translate/en-ru/bullying. Дата обращения: 24.11.2016 г.
4. Heinemann P.P. Mobbing. A whole curriculum approach to bullying. – Stoke-
on-Trent: Trentham Books, 1973. – 251 р.
5. Olweus D. Bullying or peer abuse in school: intervention and prevention //
Psychology, law and criminal justice: international development in research and practice.
– 1995. – P. 248-263.
6. Olweus D. Bullying at school. What we know and what we can do. – Oxford:
Blackwell Publishers, 1994. – 135 p.
7. Rigby K. Bullying in schools and what to do about it. – Camberwell: Acer Press,
2007. – 346 p.
8. Smith P.K., Sharp S. School bullying: Insights and perspectives. – London:
Routledge, 1994. – 165 р.
9. Swearer S., Espelage D., Napolitano S. Bullying prevention and intervention. –
New York: The Guilford Press, 2009. – 157 p.
10. Крейхи Б. Социальная психология агрессии. – СПб.: Питер, 2003. – 336 с.
11. Соловьёв Д.Н. Использование потенциала первичного коллектива в
профилактике буллинга среди школьников подросткового возраста / Дисс. … канд.
пед. наук: 13.00.01. – Тюмень, 2015. – 228 c.
12. Кон И.С. Что такое буллинг и как с ним бороться? // Семья и школа. –
2006. – № 11. – С. 15-18.
13. Петросянц В.Р. Психологическая характеристика старшеклассников,
участников буллинга в образовательной среде, и их жизнестойкость / Дисс…. канд.
психол. наук: 19.00.07. – СПб., 2011. – 210 с.
14. Селиванова О.А. Профилактика агрессивности и жестокости в
образовательном учреждении. – Тюмень, 2011. – 232 с.
15. Буллинг – школьное насилие. Форум. – http://www.psychforum.ru/archive/index.php/t-
4302.html. Дата обращения: 12.02.2009.
16. Roffey S. Addressing bullying in schools: organizational factors from policy to
practice // Educational and Child Psychology. – 2000. – № 17 (1). – Р. 6-19.
17. Heald T.R. Defining Bullying: Towards a Clearer General Understanding and
More Effective Intervention Strategies // School Psychology International. – 1996. – № 17.
– P. 317-329.
18. Tattum D., Lane D. Bullying in Schools. – Stoke-on-Trent: Trentham Books,
1988. – 117 p.
19. Salmivalli Ch. Bullying and the peer group: a review // Aggression and violent
behaviour. – 2010. – № 15. – P. 112-120.
20. Swearer S. Espelage D., Napolitano S., Swearer S. Bullying prevention and
intervention. – New York: The Guilford Press, 2009. – 157 p.
21. Жмуров
Д.В.
Словарь
терминов
агрессии.
-
http://www.vocabulum.ru/word/117/. Дата обращения: 18.11.2016 г.
22. Randall P. Adult bullying: Perpetrators and victims. – London: Routledge,
1997. – 258 р.
23. Лейн Д.А. Школьная травля. - http://www.supporter.ru/docs/1056635892/bullmg.doc.
Дата обращения: 12.11.2016 г.
24. Besag V. Bullies and Victims in Schools. – Milton Keynes: Open University
Press. – 1989. – 155 р.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
78
25. Hazier R.J. Breaking the cycle of violence: interventions for bullying and
victimization. - Washington: Accelerated Development, 1996. – 320 р.
26. Гребенкин Е.В. Социально-педагогическая профилактика агрессии и
насилия среди несовершеннолетних в ФРГ / Автореф. дис.… канд. пед. наук: 13.00.01
- Омск, 2005. – 21 с.
27. Лейн Д.А. Школьная травля (буллинг) // Детская и подростковая психотерапия /
Под ред. Д.Лейна и Э.Миллера. – СПб.: Питер, 2001. – С. 240-274.
28. Теоретико-методические основы деятельности педагога-психолога по
предотвращению буллинга: гендерно-возрастной аспект / Под общ. ред. К.С.
Шалагиновой. – Тула: ГРИФ и К, 2014. – 237 с.
29. Кутузова Д.А. Проблема травли детей в школе // http://pro-
psixology.ru/prakticheskaya-psixologiya-nauchno-metodicheskij/1094-problema-travli-
detej-v-shkole-obzor-zarubezhnyx.html. Дата обращения: 23.11.2016 г.
30. Кутузова Д.А. Травля в школе: что это такое и что можно с этим
делать // Журнал практического психолога. – 2007. – Вып.1. – С. 72-90.
31. Маланцева О. Буллинг в школе. Что мы можем сделать? // Социальная
педагогика. – 2007. – № 4. – С. 90-92.
***
Иргалиев А.С., Габдрахманова Ш.Т.
Мектепте буллингты зерттеу және алдын-алудың ғылыми-әдістемелік
тұғырлары
Буллингты әлеуметтік-психологиялық мәселесі ретінде түсіну және
түсіндірме беруде шетелдік ғалымдардың қозқарастары берілген. Казақстандық
мектептердегі зорлық-зомбылық көріністерінің статистикасы, жасөспірімдік
кезеңдегі буллинг процесіндегі жағымсыз іс-әрекеттер сипатталады, буллинг
түрлерінің
жіктелуі,
көрінстердің
ерекшеліктері,
мектептегі
буллинге
қатысушылары мен мотивтері сипатталған, мектептегі буллингтың алдын алудың
жекелеген әдіс-тәсілдері ұсынылады.
Тірек сөздер: Буллинг, моббинг, кибербуллинг, агрессия, қорлау, қатыгездік,
хейзинг, зорлық-зомбылық әрекеттері, булли, зорлық-зомбылық құрбаны, куәгер.
Irgaliyev A.S., Gabdrahmanova Sh.T.
Scientific and methodological approaches to the study and prevention of bullying in
school
Presents the scientific approaches of different foreign scientists to the understanding
and interpretation of the essence of bullying as a socio-psychological problem. The
statistics of violence in schools described negative actions in the process of bullying in
adolescence, classification of types of bullying, the specifics of its manifestation, is
characterized by motives and participants of bullying in school and offers particular
methods and techniques for the prevention of school bullying.
Key words: Bullying, mobbing, cyber bullying, aggression, violence, abuse,
Huizinga, acts of violence, bully, victim, witness.
***
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
79
ӘОЖ 373.2:78-057.87
Молдағалиев Б.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Батырова А.У. – №36 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі
Кенжегалиева А.Ж. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: sholpan_0201@mail.ru
МЕКТЕПТІҢ МУЗЫКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ
САПАСЫН АРТТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОМПЬЮТЕРЛІК
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Аңдатпа. Мақалада мектептің музыка сабақтарында оқушылардың білім
сапасын арттыруда ақпараттық-компьютерлік технологияны қолданудың
теориясы мен әдістемесі қарастырылады.
Тірек сөздер: Мектеп, оқушы, музыка пәнінің мұғалімі, оқыту процесі, білім
сапасы, ақпараттық-компьютерлік технология.
Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында, оны ақпараттандыру басым мәнге
ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі
болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті
өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды
қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі
мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми
ақпараттық орта құру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Бұл жөнінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп
атап көрсеткен [1]. Сондықтан білім беру саласындағы қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдына оқыту процесін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Теориялық ізденістерді және мектеп практикасын есепке ала отырып бұл
мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында
бірыңғай
ақпараттандыру саясатын және ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны
қолдану қажеттігін көрсетіп отыр [2].
Педагогика ғылымында компьютерлік, жаңа ақпараттық коммуникациялық
технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіруде көптеген іргелі зерттеулер
жүргізілуде:
- компьютерлік оқытудың нәтижелі құралдарын енгізу Ж.А. Караев,
Е.Ы. Бидайбеков, Ж.И. Сардарова және т.б. еңбектерінде;
- электронды оқулықтарды, бағдарламаларды жасау Г.Б. Ахметова,
С.С. Құнанбаева, Ш.Х. Құрманалина және т.б. еңбектерінде;
-
оқу
үдерісі
мен
ұйымдастыру
құрылымына
жаңа
ақпараттық
технологияларды интеграциялау арқылы енгізу Б. Бөрібаев, М.Б. Есбосынов,
Д.М. Жүсібалиева және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттеледі.
Көпшілік жағдайда қазір еліміздің мектептерінде білім, білік, дағды
парадигмасы негізінде оқыту үдерісі ұйымдастырылуда. Ал білім сапасын көтеру
үшін 12 жылдық мектепке өткенде нәтижеге бағдарланған, бала біліктігін
қалыптастыратын парадигма негізінде оқыту үдерісін жүзеге асыру керек. Оның
түпкі мақсаты - әр баланың алған білімін өмірдегі жағдаяттармен байланыстырып
қабылдауына қол жеткізу.
«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
80
нұсқау хатында
оқытудың әдістемелік жүйесі заманауи технологияларды
пайдалануға негізделген деп көрсетілген [3].
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі
оқушылардың өздігінен іздену және зерттеу жұмыстарында, бос уақыттарында және
қарым-қатынаста цифрлік технологияларды сенімді және шығармашылықпен
қолдана білуге үйретеді.
Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу, алмасужәне
онымен жұмыс жасау, идеяларды жинау,өз жұмысын бағалаужәнежетілдіру,алуан
түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.
«Музыка» пәні оқу бағдарламасында төмендегідей жұмыстар негізінде іске асырылады:
- музыкалық импровизациялар мен өңдеулер жасау барысында компьютерлік
цифрлік технологияларды қолдану;
- ғаламтор дерекқордан ақпарат іздеу, табу алынған дәйектерді
маңыздылығына қарай өңдеу және таңдау(мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер
оқиды, іздейді, керекті мәліметтерді таңдайды, көшіреді және оны сақтайды);
- слайдтік презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, нақты аудиторияға
көрсету және қойылған мақсатқа жету үшін, түрлі дерекқордан материалдарды жинақтау;
- мультимедиялық презентациялардағы мәтінді жасау үшін, дыбыстарды,
тұрақты немесе жылжымалы суреттерді біріктіріп, модель мен модельдеуді
қолдану мүмкіндіктерін зерделеу;
- оқытуды виртуальды ортада, онлайн форумына қатысу, электронды
байланысты пайдалану арқылы мұғалімдер және басқа оқушылармен ақпарат алмасу
және хабарлама жіберу, қызметтестік, ынтымақтастық;
- белсенді оқытуға техникалық қолдау жасау үшін интерактивті тақтаны пайдалану.
Ақпараттық технологияның техникалық базасының дамуына байланысты
жалпы білім беретін мектепте музыканы оқытуда, оларды пайдалануға мүмкіндік
пайда болды. Бүкіл компьютерлік технологияның қажеттілігі және әртүрлі болуы (үш
жақтылық, анимация, дыбыс, видео, дәстүрлі өнер техникаларын имитациялау)
музыка сабақтарында компьютерді оқушының және мұғалімнің шығармашылығын
және өздігінен білім алудың ашық оқыту – дамытушылық орта ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді.
Е.А. Лобанова музыка сабақтарында мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік
технологияны қолдануының мынадай деңгейлерін анықтаған:
- бірінші деңгей: қолданушы деңгейінде компьютерді білуі – музыкалық
дәстүрдің элементтерін бірізділікпен оқуға бағытталғандық – сабақ барысында оқу
бағдарламаларының жекелеген элементтерін пайдалану;
- екінші деңгей: бағдарламаны кең көлемде білуі және меңгеруі – осы
әлементтерді синтездеуге бағытталғандық және оларды әрі қарай дамыту – өзіндік
сабақ-презентацияларды жасау;
- үшінші деңгей: локальдық торапта жұмыс істеу іскерлігі – компьютерлік
сыныпта кіріккен сабақтарды өткізу [4, 8 б.].
Ақпараттық технологиялардың негізгі артықшылықтары:
- музыка сабақтарында мәтіндік, дыбыстық, графикалық, видеоақпараттық
және олардың құралдарын пайдалану;
- оқыту процесін қарқындату;
- сабақтың әдістемелік мүмкіндігін байыту, оны жаңа қазіргі деңгейге алып шығу;
- оқыту процесінің формаларын және әдістемесін жетілдіру;
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін белсендету;
- дамыта оқыту илеясын барынша жүзеге асыру.
Музыка мұғалімінің жұмысында ақпараттық-компьютерлік технологияны
қолданудың бағыттары:
- сабақта жаңа жадығаттарды меңгеруде көрнекіліктердің құралы:
мультимедиа, видео, компакт-диск;
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
81
- баяндалған жадығаттарды бекіту (оқытубағдарламалары);
- практикалық сабақтарды, өзіндік жұмыстарды өткізу;
- оқушылардың білімдерін қадағалау және тексеру (викториналар, тестілер);
-
электрондық
дидактикалық
жадығаттарды,
презентацияларды,
баяндамаларды даярлау;
- интернеттен алынған ақпаратты оқшылардың және мұғалімнің талдауы,
қолдануы, сөйтіп өздігінен білім алуы;
- өнер аясында компьютерлік бағдарламаларды қолдану;
- пән бойынша қашықтықтан білім алуға мүмкіндігі;
- музыка мұғалімінің жаңа инструментарияларды меңгеруі (интерактивті
тақта және т.б.);
- жеке кәсіптік сайтты құру немесе оқу орнындағы порталда мұғалімнің жеке
бетін ашуы;
- педагогикалық портал арқылы кәсіптік қауымдастықтардың жұмысына қатысуы;
- пән бойынша электрондық жүрнал жүргізу;
- виртуалдық педагогикалық кеңестерге, мониторингыларға қатысу;
- сабақтың интернет-технологиялық картасын құру;
- музыка бойынша қашықтық олимпиадаға қатысуға оқушыларды даярлау.
Музыка сабақтарында дәстүрлі оқытуға қарағанда ақпараттық-компьютерлік
технологияны қолданудағы артықшылықтар:
- ақпараттық технологиялар оқу ақпаратын беру мүмкіншілігін әлдеқайда кеңітеді;
- видеотехниканың қазіргі құралдары, түсті, графиканы, дыбысты қолдану
шындықтың шынайы жағдайын орнықтырады;
- ақпараттық технология оқушылардың оқуға деген мотивациясын мәнді
түрде арттырады;
- ақпараттық технология мұғалімдердің шығармашылық әрекетін кеңейтеді;
- әрекеттердің жаңа түрлері пайда болады (электрондық музыкалық
шығармашылық);
- ақпараттық-компьютерлік технология оқушыларды оқыту процесіне
белсенді түрде қатыстырады, шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді,
танымдық әрекетін белсендетеді
- ақпараттық-компьютерлік технология өзінің әрекетінің көрнекі түрде
көруге мүмкіндік береді, өз әрекетінің рефлексиясын қалыптастырады;
- оқушылардың білім алудағы жеке траекториясын тұрғызуға мүмкіндік береді;
- оқушыларға жеке қатынас жасауды кеңейтеді;
- оқытудың адаптивті жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Музыкалық-компьютерлік технологиялар оқушыларды оқытудың, олардың
интеллектуалдық және эмоционалдық-тұлғалық дамуының жетекші құралдары
болып отыр. Г.Р. Тараева осыған байланысты былай деп жазды: «компьютерлік эра
адамдарды ақпаратқа ғана өзінің қатынасын қайта қарап қоймай, сонымен бірге,
оның коммуникативтік параметріне де осындай жағдай туды. Бүгінгі күні ақпаратты
жаңаша беріп және қабылдауға, бағалауға және қолдануға тиістіміз» [5, 121 б.].
Ақпараттық технология заманында балаларда компьютерге деген қызығу
шылығы өте үлкен. Бұл қызығушылық ерте жастан басталып, осыдан бірнеше
жылдарға қарағанда әлдеқайда артық. Бұл ғылымдағы және техникадағы тез болып
жатқан прогреспен шартталған. Қазіргі кезде балалар компьютерді тез меңгеруде,
сондықтан бұл жағдай білім алуда және ақпарат құралдары ретінде көмекші болып
отыр. Осыған орай, ақпарттық технологияны бастауыш мектептен бастап қолдану әрі
қажетті және пайдалы. Музыкалық компьютерді (онда мыналар орнатылған:
дыбыстық карта, дыбыспен жұмыс істеуге арнайы бағдарламалар) қолдану оқушылармен
музыкалық сабақтарды қызықты және нәтижелі өткізуге мүмкіндік береді.
Компьютерге «Музыкалық сынып» бағдарламасы орнатылған, оның көмегі
арқылы балаларға теориялық мәлеметтер береді, әрбір өткізілген тақырыпқа
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
82
тренажерлер, тестілер, қызықты тапсырмалар дайындалған және осылардың бәрі
экранда бейнеленеді. Осылайша балалар сабақта аспаптармен танысады –
фортепиано және синтезатормен ноталық сауаттылықты меңгереді, ритмикалық
суреттермен жұмыс істейді, тестілерді орындайды, музыкалық жадығаттардың
құрылысын білетін болады және т.б. Осы жұмыстардың барлық түрлерін оқыту
процесінде компьютер арқылы орындауға болады.
Жаңа техникаларды қолдану сабақтарды қарқынды жүргізуге, әртүрлі
тапсырмаларды тез ауыстыруға мүмкіндік береді, сөйтіп оқушылар теориялық
материалды меңгеріп, оларды әртүрлі формада практикада бекітеді. Әртүрлі
пәндердің (музыкалық әдебиет, музыка тыңдау, сольфеджио және т.б.) сабақтастық
негізінде пәндерді оқыту тұрғысы тиімді өзгереді. Оқытудың ақпараттық
технологияның теориялық құралдарының қарқынды дамуы терең білім алуға
мүмкіндік туғызады.
Орта және жоғары сынып оқушыларына музыкалық-теориялық пәндерде
презентацияны құрудың, құрылымдаудың, дыбыстық материалмен жұмыс істеудің,
нота жазу және көркемөнер ақпараты, презентацияның мультимедияда ақпаратты
безендірудің технологиясы беріледі.
Музыка пәні бойынша оқушылар өткен жадығат бойынша презентациялар
жасайды: күйшілердің, композиторлардың биографиясына, шығармашылығына
интернеттің
көмегімен
аудио-видеоматериал
таңдайды.
Әрбір
оқушының
компьютерде жұмыстарды сақтайтын өзінің папкасы болады, тақырып және
компьютерлер бойынша музыкалық шыармаларды жинақтайды.
Қазіргі электронды музыкалық аспаптар, атап айтқанда, синтезатор,
музыкалық компьютер оқыту процесін жаңаша жүргізуге мүмкіндік береді, оқу
міндеттерінің диапазонын кеңейтеді, сөйтіп музыкалық-шығармашылық әрекетті
дамытуға септігін тигізеді, оқытудың бүкіл кезеңдерінде мотивацияның жоғары
деңгейін қамтамасыз етеді. Ақпараттың жиынтығын бүкіл форматта былайша
көрсетуге болады:
- электронды мәтіндері, аудио-видеодискалары бар кітапханалар;
- көрнекі иллюстрация құралдары;
- электронды оқулықтар;
- әдістемелік ресурстар;
- бағдарлама-тренажерлер және т.б.
Осы ақпараттар жиынтығы сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың
оқу-танымдық әрекетін дамытуға септігін тигізеді.
Музыка мұғалімі компьютерді оқыту процесінде электронды ассистент деп,
яғни қойылған міндеттерді шешуге көмектесетін құрал ретінде қарастырады. Мұндай
жағдайда мұғалімнің ролі мәнді түрде өзгереді. Ол ақпарат берудің көзінен, оқу-
танымдық әрекетті ұйымдастырушыға айналады.
Ақпараттық-компьютерлік технологияны (АКТ) қолдануда мынадай жетекші
идеяларды басшылыққа алудың қажеттігі бар:
- АКТ арқылы сабақта оқушының ролін өзгерту қажет: енжар тыңдаушыдан,
оны оқыту процесінің белсенді мүшесі қылу. Мұндай жағдайда оқушы педагогикалық
әсердің объектісінен, оқу әрекетінің субъектісіне айналады;
- оқу жоспары бойынша аптасына музыка сабағы бір рет қана өткізіледі,
сондықтан бұл жағдай оқушыны жан-жақты дамытуға жеткіліксіз. Осыған
байланысты сабақтың қарқындылығын, оның ауқымдылығын арттыру мәселесі
туындайды. бұл міндетшешудің бір жолы АКТ қолдану болып табылады;
- музыка сабақтарындағы оқыту табысты болу үшін, онда қолданылатын
аудио-видеоматериалдар сапалы болу керек. Оқытудың қазіргі техникалық
құралдарын (компьютер, видеомагниофон, музыкалық орталық және т.б.) пайдалану
қойылған мақсатты орындауға септігін тигізеді;
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
83
- музыка сабағының міндеттерін табысты шешуде интерактивті тақтаның
ролі баршылық.
Интерактивті тақта мультимедиалық жүйе бола тұрып, қозғалмайтын
бейнелермен және қозғалатын видеомен, анимацияланған компьютерлік графикпен
және мәтінмен, сөйлеу және жоғары сапалы дыбыспен жұмыс жасауға мүмкіндік
береді. Осылар арқылы оқушылар тақырыпты шығармашылықпен және терең меңгеруге
мүмкіндік алады. Ақпараттық-компьютерлік технологияны сабақта қолданудың тиісті
орындарын анық білгенде ғана, ол оқыту процесіне оң әсер етеді.
Психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді қарастыра отырып,
музыка сабақтарында АКТ қолданудың мынадай формаларын анықтадық:
- композитордың немесе күйшінің өмірі және шығармашылығы туралы
презентация.Онда оның портреті, фотографиялары т.б. көрсетіледі. Мұндай
презентация сабақтың бөлігі болып, ақпараттық анықтамалық ролін атқарады немесе
сабақтың құрылымының негізі болады. Осындай презентацияның аяғында ауызша
немесе жазбаша орындалатын тестілік немесе шығармашылық тапсырма берілуі
мүмкін. Егерде тапсырма ауызша орындалса, онда пікірталас, талдау, әртүрлі
ойларды ұштастыру жүзеге асырылуы мүмкін, сөйтіп тақырып бойынша басты
қорытынды жасалады, яғни оқушылар сабақтың көркемдік-эстетикалық идеясын
ұғынатын болады;
- операның, балеттің, концерттің, документальды фильмнің және т.б.
видеофрагменттерін көрсету.Осы материалдың сабақтың қай кезеңінде көрсетілуіне
байланысты, әртүрлі міндеттер шешіледі. Егерде фрагмент сабақтың басында
көрсетілсе, онда тақырыпты меңгерудің бастамасы болып, сабақтың басты идеясын
түсінуге ахкал жасап, негізгі образдардың шеңберіне балаларды бағыттап, күрделі
шығарманы қабылдауға көмектеседі;
- музыкалық аспаптар мұражайына виртуальды саяхат жасау. Мұндай
саяхатты жасауға «Музыканы түсінуге үйренеміз», «Музыкалық аспаптар
мұражайы», «Музыкалық үздік шығармалар» және т.б. электронды құралдар
көмектеседі. Компьютерлік дискада берілген ақпарат музыкалық аспаптар
мұражайында виртуальды экскурсия, музыкалық өнердің үлгілерімен, дүниежүзінің
үздік орындаушыларымен, музыкалық өнердің әртүрлі стильдерімен және
бағыттарымен, елдер мен дәуірлерге саяхат жасауға мүмкіндік береді;
Достарыңызбен бөлісу: |