БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
частью 
профессиональной  подготовки  будущих  специалистов  в  области  бухгалтерского 
учета  являются  новые  компьютерные  технологии.  Появление  и  развитие  пакетов 
прикладных  программ  создают  огромные  возможности  для  их  использования  в 
бухгалтерском  учете.  Умение  эффективно  использовать  новые  информационные 
технологии при подготовке квалифицированных специалистов – одно из важнейших 
требований, предъявляемых к преподавателям современного вуза. 
Информационные  технологии  выполняют  одновременно  несколько  функций: 
визуализируют  учебный  материал,  экономят  учебное  время,  обеспечивают 
доступность  и  прочность  знаний,  способствуют  выработке  умений  и  навыков, 
позволяют  быстро  и  своевременно  контролировать  процесс  обучения,  делая  тем 
самым выпускника вуза конкурентоспособным на рынке труда [3]. 
Необходимо  чтобы  студенты  изучали  наиболее  распространенные  на  рынке 
программных 
продуктов 
автоматизированные 
бухгалтерские 
системы. 
Использование  пакета  прикладных  программ  «1С-Бухгалтерия»  -  удачный 
методический  прием.  К  несомненным  достоинствам  указанного  пакета  можно 
отнести: простоту освоения и приемлемую мощность (средств пакета достаточно для 
большинства, практически встречающихся задач). 
Следовательно,  при  изучении  бухгалтерского  учета  особую  актуальность 
приобретает  использование  современных  компьютерных  технологий.  В  результате 
обучения студенты приобретают умения: 
-      открывать аналитические счета к синтетическим; 
-       формировать  первичные  кассовые  документы  и  соответствующие  им 
проводки; 
-       формировать  платежные  документы,  регистрировать  выписки  банка  из 
расчетного счета с разноской сумм по счетам и занесением проводок в единую книгу 
хозяйственных операций; 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
188 
-       заполнять  карточки  персонального  учета,  формировать  и  корректировать 
лицевые счета сотрудников; 
-       составлять  всевозможные  ведомости,  осуществлять  расчет  заработной 
платы и отчислений в фонды; 
-      получать оборотные ведомости по счетам, синтетические и аналитические 
отчеты,  кассовую  книгу,  баланс,  отчет  о  финансовых  результатах  и  другие  формы 
отчетности. 
Таким  образом,  информационно-технические  средства  обучения  являются 
неотъемлемой составной частью учебного процесса вуза, в особенности при заочной 
форме  обучения  и  позволяют  четко  и  оперативно  решать  задачи  бухгалтерского  и 
налогового учета. 
Обобщая  изложенный  материал,  отметим,  что  преподавание  дисциплины 
«Бухгалтерский  учет»  предусматривает  формирование  основных  педагогических 
целей, которые определяют направленность педагогического процесса. 
В  результате  выполнения  педагогических  целей  достигается  конечная  цель 
преподавания учетных дисциплин– формирование у будущих специалистов твердых 
теоретических знаний и практических навыков: по организации бухгалтерского учета 
предпринимательской  деятельности;  подготовке  и  представлению  финансовой 
информации  различными  пользователями  для  выработки,  обоснования  и  принятия 
управленческих решений [4]. 
Литература: 
1  Смирнов  С.Д.  Педагогика  и  психология  высшего  образования:  от 
деятельности к личности. – М., 1995. 196 с. 
2  Профессиональная педагогика / Под ред. С.Я. Батышева. – М., 1997. – 512 с. 
3  Специфика  организации  учебного  процесса  в  заочном  вузе  (из  опыта 
подготовки  специалистов  экономического  профиля)  /  Под  ред.  к.ф.н.,  проф.                
В.П.  Матвеева,  к.и.н.  В.В.  Востриковой,  к.п.н.  С.Н.  Леоновой,  к.ф.-м.н.                     
Е.С. Филоновой. – Орел: Издатель Александр Воробьев, 2008. – 304 с. 
4   Якушин  В.А.  Психология  учебно-познавательной  деятельности  студентов. 
– М., 1994. – 365 с. 
*** 
Мустафина А.С. 
Бухгалтерлік есеп пәндерін оқыту әдістемесі 
Есеп пәндерін оқыған кезде, студенттер бухгалтер мамандығы, бухгалтерлік 
есеп  қызметі,  бухгалтерлік  есептің  мақсаттары,  бухгалтерлік  қызметтің 
қорытындыларын көрсету және бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастырудың 
жалпы теоралық және әдістемелік жолдары туралы  ақпаратты білу қажет. Бұл 
мақалада  студенттерге  осы  ақпаратты  білуге  көмектесетін  және  есеп  пәндерін 
оқытуда педагогикалық процестің мақсаттарының негізгі міндеттері көрсетілген.  
Тірек  сөздер:  Есеп  пәндері,  білімді  қалыптастыру,  педагогикалық  процесті 
ұйымдастыру қағидалары, есеп пәндерін оқыту. 
 
Mustafina A.S. 
Method of teaching of the accounting disciplines 
In  studying  the  accounting  disciplines  the  student  must  be  formed  ideas  about  the 
accountant as a profession, about accounting as an activity, for accounting purposes, the 
concrete  expression  of  the  results  of  financial  activity  and  about  general  theoretical  and 
methodological  approaches  to  the  organization  and  conducting  an  account.  The  article 
reveals  the  main  problem,  before  teachers  accounting  disciplines,  to  help  students  to 
develop these ideas, as well as the target orientation of the pedagogical process in teaching 
accounting disciplines.  
Keywords:  Accounting  discipline,  creation  of  knowledge,  the  principles  to  the 
organization of the pedagogical process, the target orientation of the pedagogical process. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
189 
*** 
 
  ӘОЖ 373.016: 811.512.122' 36 
Текесбаева Г.М. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  
университетінің PhD докторанты 
E-mail: guljantal@mail.ru 
 
СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  автор  синтаксисті  меңгерту  барысында  интербелсенді 
әдістерді қолданудың жолдарына тоқталады. Синтаксисті оқытуда интербелсенді 
әдістерді  тиімді  қолданған  жағдайда  күтілетін  нәтиже  ретінде  оқушылардың 
коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасады деп тұжырымдайды. 
Тірек  сөздер:  Синтаксис,  сөз  тіркесі,  құрамалас  сөйлем,  интербелсенді 
әдістер, ауызша, жазбаша, әдістеме, оқыту. 
 
Қазіргі  уақытта  елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер 
мен  заман  талабы  адам  тағдырына  жаңа  көзқараспен  қарауды,  осыған  сәйкес 
оқушылардың  таным  қажеттілігі  мен  пәнге  қызығушылығына  көңіл  аударуды, 
психологиялық  және  тұлғалық  қасиеттерін,  оның  ерекшеліктерін  дамытуды,  оның 
қабілеттерін  толық  ашуға  мүмкіндік  болатын  жағдайды  жасауды  талап  етіп  отыр. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 
Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  мен  рухани  дамыған  азаматын 
қалыптастыру,  оның  тез  өзгеретін  құбылмалы  әлемге  әлеуметтік  бейімделуін 
қамтамасыз 
ететін 
білім 
алудағы 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
болып 
табылатындығын  атап  өтеді  [1].  Білім  берудің  мазмұнын  жетілдіре  отырып,  үздіксіз 
білім беру арқылы  оқушыларды жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінгі күн тәртібіне 
қойылып  отырғанын  көріп  отырмыз.  Мұндай  әлеуметтік  сұраныстан  педагогикалық 
тұрғыдан  қамтамасыз  ету  мәселесінен  жалпы  білім  беретін  мектептің  төменгі 
сыныбынан бастап озық әдіс-тәсілдермен оқыту қажеттілігі туындайды. 
«Білім  –  тұл,  тілден  шығып  есілмесе»,-  дейді  Жүсіп  Баласағұн. Тілдік  білімді 
оқушының  саналы  әрекетін  дамытатын,  өмірлік  қажеттілігін  анықтайтын  тегеурінді 
тетікке  айналдыру  үшін  сол  білімнің  өзегінде,  біріншіден,  өзіндік  көзқарас, 
дүниетаным  мен  сенім  қалыптастыратын,  екіншіден,  ортаға  тез  бейімделу,  жаңа 
ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын 
компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. Сондықтан тәуелсіздік алған 
алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстанның білім жүйесін реформалауда оқушының дара 
тұлғалық қабілеттерін дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылды.  
Академик  И.Я.  Лернер  пікірі  бойынша  білім  мәліметтер  мен  деректер, 
икемділіктер  мен  дағдылар,  шығармашылық  іс-әрекеттер,  көңіл  күй  құндылықтары 
бағдарларынан тұрады [2, 89 б.]. Осы пікірді ескерсек, оқытудың озық, белсенді әдіс-
тәсілдеріне  негізделген  сабақтарда  осы  аталған  бағдарлардың    іске  асып,  нәтижесін 
беретіндігіне күмән болмайды.  
Қазіргі таңда ғалымдар интербелсенді әдістерді мазмұндық, қолдану жағынан, 
технологиялық сипаттары бойынша түрліше жіктеуде.  
Педагогикалық  әдебиеттерде  белсенділік  2  түрлі  мәнде  қолданылады:                   
1) оқу әрекетіндегі тұлға қасиеті; 2) әрекетті орындау жағдайы (қалпы). Тұлға қасиеті 
ретінде  қарастырған  ғалымдар,  оқушы  белсенділігін  көтеруді  үш  деңгейге  жіктейді:                
1) қабылдау белсенділігі – білімді қабылдау, ес-жадыда берік ұстау; 2) интерпретациялық 
белсенділік – білімді іс жүзінде қолдану; 3) шығармашылық белсенділік – өзіндік ізденісі, 
танымдық қызығушылығы.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
190 
А.Вербицкий    белсенді  оқытуды    таңбалы-контекстілік  немесе    контекстілік 
әдістер дей келе,  оған проблемалық ситуация, тренажер, ситуациялық жағдаят, рөлдік, 
іскери ойындарды жатқызады [3, 118 б.]. Ал М.Е. Вайндорф-Сысоева мен Л.П. Крившенко 
оқытудың  белсенді  әдістері  үйренушінің  өнімді  шығармашылық,  ізденушілік 
әрекетімен сипатталады дей келе, оған  дидактикалық ойындар, нақты жағдаяттарды 
талдау,  проблемалық  тапсырмалар  шешу,  алгоритмдік   және  миға  шабуыл  әдістерін 
жатқызады. [4, 99 б.]. 
Психолог  ғалым  Б.Ц.  Бадмаев  программалық  оқыту,  проблемалық  оқыту, 
интерактив  әдістер  деп  топтаса  [5,  122  б.],  Г.К.  Селевко    ойын,  проблемалық,  оқу 
материалын  сызба  және  таңбалық  модельдеу  деп  [6,  78  б.],  ал  М.В.  Буланова-
Топоркова    проблемалық  дәріс,  нақты  жағдаяттарды  талдау  (case-study),  ойын, 
дөңгелек  үстел,  ми  шабуылы  деп    топтайды  [7,  145  б.].  Е.Дайрабаев  оқытудың 
белсенді  әдістеріне  дидактикалық  ойындар,  нақты  ситуацияны  талдау  (case-stady), 
пікірсайыс, айтарыңды айтып сал (мозговой штурм, мозговая атака, брейнсторминг), 
синектикалық  әдістерді  жатқызады  [8,  71  б.].  Д.В.  Чернилевский  дидактикалық 
ойындар, модульдік, модульді-рейтингілік, проблемалық деп топтайды [9, 176 б.]. 
Қазақ  тілі  сабақтарында  синтаксисті  меңгертуде  интербелсенді  әдістерді 
қолданудың  маңызы  зор.  «Интерактив»  сөзі  бізге  ағылшын  тілінің  «interact»  деген 
сөзінен  келген.  «Іnter»-  бұл  «өзара»,  «act»  -  әрекет  ету  дегенді  білдіреді.  Яғни, 
интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында мұғалім 
мен  оқушының  өзара  әрекет  етуі  жүзеге  асырылады. Интерактивті  оқытудың  басты 
мақсаты  –  оқушыларды  өз  бетінше  ой  қорытып,  жауап  табуға  үйрету.  Әсіресе 
табиғатынан  тұйық,  өз  ойын  жеткізе  алмайтын,  өздеріне  сенімсіздеу  оқушыларға 
пайдасы  зор.  Ал  мұғалімнің  міндеті  –  оқушының  неғұрлым  белсенділік  танытуына 
жағдай  жасау,  қажет  кезде  жол  көрсету  болып  табылады.  Мұнда  мұғалімнің 
шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады. 
 Интербелсенді әдістің ерекшелігі - оқушыға жаттанды білім беру емес, керісінше әр 
оқушының  танымдық  қабілеттерін  және  танымдық  үдерістерді,  яғни  қойылған  сұраққа 
бірнеше  нұсқалы  жауап  беру,  ойлау,  ынта,  қабылдауларын,  коммуникативтік  қабілеттері 
мен сөздің қорларын белсенді түрде дамыту болып табылады. 
Қолданып жатқан әдістің нәтижесінде оқу үдерісі барысында оқушылар:  
-  мұғаліммен (оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап берген кезде); 
-  оқушылармен (жұптасып жұмыс істеу барысында); 
-  шағын топтармен (3-4 оқушымен); 
-  оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас/дебат барысында, сынып 
болып әлдебір мәселені талқылау кезінде); 
-  техниканың кейбір түрлерімен (мысалға, компьютермен,  интербелсенді 
тақтада жұмыс істеуде) белсенді қарым-қатынасқа түседі. 
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы: 
-  барлық  үйренушілерге  бірлескен  таным  процесіне  белсенді  араласуға 
мүмкіндік жасау; 
-  әрбір  үйренушінің  өзінің  үйренгені  мен  өз  білімі  туралы  түсініктерін  ортаға 
салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау; 
- үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру; 
- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; 
- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; 
- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, 
белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану; 
-  пікірталастарға  қатысып,  өз  ойы  мен  пікірін  дәлелдеу.  Бұл  тұлғаның  тұрақты 
қасиеттеріне  айналып,  тек  студенттердің  аудиториясында    ғана  орын  алып  қана  қоймай, 
сонымен бірге өмірдің басқа да жақтарынан тиянақты түрде көрінеді [10, 63-64 бб.].  
Синтаксисті оқыту барысында келесі интербелсенді әдістер қолданылады: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
191 
Кейс-стади  (саse-study)  –  таңдау  жасау  мен  шешім  қабылдау  дағдыларын 
қалыптастыратын  тиімді  әдіс.  Ол  нақты  жағдаяттарды  (ситуацияларды)  практикалық 
тұрғыдан  талдау  мен  оларды  өмірде  кезігетін  түрінде  қайталауға,  «ойнап»  шығуға 
негізделеді. Сол себепті кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды. 
«Миға  шабуыл»  әдісі  –  қойылған  мәселені  оқушылардың  шығармашылық 
белсенділігіне  сүйене  отырып  шешуге  бағытталған,  оқушыларға  мәселені  шешуде 
жауап  нұсқасын  таңдауға  еркіндік  беріліп,  оны  шешудің  неғұрлым  көп  жолдарын 
көрсетуге  негізделген.    Кейін  ең  жақсы  идеялар,  шешімдер  таңдалынып  алынады. 
Бұл  әдісті  кейінгі  кезде  «ойтүрткі»,  «ойшақыру»  деп  те  атап  жүр.  Бұл  әдісті  тіл 
білімінің  синтаксис  саласының  кез  келген  тақырыбын  өткен  кезде  қолдануға  болады. 
Әсіресе,  жаңа  тақырыпты  түсіндірер  алдында  қолданған  тиімді.    Мәселен,  «Сөйлем» 
тақырыбын  өтерде  «Сөйлем  дегеніміз  не?»,  «Сөйлем  түрлері  туралы  не  білесің?»  деген 
тәрізді сұрақтар қойып, жауап алуға болады. 
Кубизм – ойын арқылы оқытатын әдіс. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер 
бойынша  жұмыс  жасалады.  Қандай  да  бір  тақырып  бойынша  жан-жақты  талдау, 
талқылау  жұмыстары  орындалып,  сол  арқылы  оқушылар  білімдерін  тиянақтап, 
қайталайды, жаңа білім қосады. 
1. 
Дәлелдеңіз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  олардың  сөз 
тіркесі екенін дәлелдеңіз.  
Баянауыл  –  Ертістің  сол  жақ  жағалауында  орналасқан  Павлодар  өлкесінің  ең 
ірі ауданы. 
2. 
Анықтаңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөздерді  бір-бірімен  байланыстырып 
тұрған тұлғаларды  тауып, олардың қандай тұлға екенін анықтаңыз.  
Баянауыл – жаратылыстың қазақ халқына берген қастерлі бір мекені. 
3. 
Талдаңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды  сөз 
тіркестерінің айырықша белгілеріне қарай талдаңыз.  
Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің сұлулығына сөз жетпейді.  
4. 
Астын 
сызыңыз. 
Берілген 
сөйлемдегі 
сөздерді 
бір-бірімен 
байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызыңыз.  
Сол байлықты қорғау үшін республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауыл 
ауданының аймағы қорық болып жарияланды.  
5. 
Ажыратыңыз.  Берілген  сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды 
байланысу түріне қарай ажыратыңыз.  
Тау қойнаулары қалың жынысты орман-тоғайларға бай. 
6. 
Зерттеңіз.  Берілген  сөйлемді  оқып  шығып,  сөз  тіркестерін  тауып,  олар 
қандай  синтаксистік  қатынаста  жұмсалып  тұрғанын    анықтап,  сөз  тіркесінің 
түрлеріне, байланысу тәсіліне қарай талдаңыз.  
Бұл аймақта туризм жақсы дамып келеді. 
«Атаулар  кестесі».  Сабақ  басында  тақтаға  сөз  тіркесі  бойынша  негізгі 
атауларды (терминдерді) жазып, оқушыларға   төмендегідей кесте түрін ұсынамыз: 
Қиысу 
Матасу 
Меңгеру 
Жанасу 
Қабысу 
 
 
 
 
 
Әр  атаудың  астына  атау  туралы  білімдері,  мағлұмат,  түсініктері  жазу 
тапсырылады. 
Оқушылар  бұл  тапсырманы  алдымен  жеке  (2-4  минут)  орындап,  одан  кейін 
кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-5 минут). Содан 
кейін мұғалім тақтадағы кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырады. 
Сабақ  соңында  бұл  кестеге  қайта  оралып,  келтірілген  мәліметтердің  дұрыс 
немесе бұрыстығы анықталады, қажет жағдайда толықтырылады. 
«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып, яғни 
сөз тіркесі бойынша 2-3 терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты 
мынандай сұрақтарға жауап беруді тапсырады: 
1. 
Қайда? Бұл терминді сіз бұрын қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз? 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
192 
2. 
Қалай? Өз тәжірибеңізде осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба? 
3. 
Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз? 
Қос  жазба  күнделігі  –  тақырып  мазмұнына  білім  алушылардың  зейінін 
аударып,өз  көзқарасын,  қабылдауы  мен  түсінігін  жазатын  кесте.  Өтілген  тақырып 
бойынша  жұмыс  жасағанда  оқушы  қағазды  екіге  бөліп,  сол  жағын  «Мысалдар»  деп 
атап, оған мысалдар жазады.  
Қағаздың  оң  жағы  «Түсіндірме»  деп  аталады.  Мұнда  білім  алушы  сол  жақта 
келтірілген  жазбаларының  түсіндірмесін  келтіреді:  неліктен  бұлай  ойлайды?  Оның 
себебі қандай? Өз ойларын, түсінігін, пайымдаулары мен уәждерін, дәлелдерін жария 
етеді.  Бұл  баған  сол  жақтағыға  қарағанда маңыздырақ болғандықтан,  көлемді  түрде 
тұтас сөйлемдерден тұруы тиіс.  
Сөз тіркесін өткенде «Қос жазба күнделігін» былайша қолдануға болады: 
берілген мәтіннен сөз тіркестері мен күрделі сөздерді теріп жазып, олардың сөз 
тіркесі, күрделі сөз болу себептерін түсіндіріп жазу тапсырылады. 
Оқушыларға ұсынылатын мәтін үлгісі:  
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  ғұлама,  энциклопедиялық  білімді  ғалым  болды. 
Ол  шығыс  ұлттары  өкілдерінен  шыққан  алғашқы  академик  еді.  Қаныш  Сәтбаев 
барлық жиған білімі мен қайратын, бүкіл өмірін бір ғана жолға жұмсады. Ол – өмір талабына 
жауап  берерлік  көп  салалы  ғылыми  Орталық  –  Қазақстан  ғылым  академиясының  негізін 
қалап, нығайту мен геология ғылымының мамандарын тәрбиелеу еді.  
Мысалдар 
Түсіндірме 
 
 
 
Сұрақ  қою,  қайтадан  сұрақ  қою  –  сынып  оқушыларының  өтілген  тақырып 
бойынша бір-біріне немесе топ мүшелеріне белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Әр 
оқушы өз жұбына немесе басқа топқа қоятын сұрақтарын қағазға жазып алуы керек. 
Мұнда  басты  назарды  жауаптарға  емес,  сұрақтарға  аударылады.  Оқушылардың  бір-
біріне  қойған  сұрақтары  олардың  тақырыпты  қандай  дәрежеде  меңгергенінің  дәлелі 
болады.  Сол  себепті  мұғалім  сұрақтар  жазылған  парақтарды  сабақтың  соңында 
жинап алады, оқушы білімі қойылған сұрақтар мазмұнына сәйкес бағаланады. 
Үш қадамды сұхбат – тақырып бойынша  оқушылардың бір-бірінен кезектесіп 
интервью  алу  тәсілі.  Бұл  тәсіл  «Сұрақ  қою,  қайтадан  сұрақ  қою»  тәсіліне  ұқсас, 
алайда мұнда басты назарды жауапқа аудару керек. 
Шағын  топ  (3-4  адам)  ішінде  шәкірттер  тақырып  бойынша  бір-бірінен 
интервьюді келесі кезекпен алуы мүмкін: 
Үш оқушыдан тұратын топта: 
1. 
А оқушы В-дан интервью алады, ал С олардың сұрақ-жауаптарын жазып отырады; 
2. 
В оқушы С-дан интервью алады, ал А олардың сұрақ-жауаптарын жазып отырады; 
3. 
С оқушы А-дан интервью алады, ал В олардың сұрақ-жауаптарын жазып отырады. 
Төрт оқушыдан тұратын топта: 
1. А оқушы В-дан интервью алады, ал С оқушы Д-дан интервью алады; 
2. В оқушы С-дан интервью алады, ал Д оқушы А-дан интервью алады; 
3. Төртеуі де жауаптарды бірге талқылайды. 
Сөз тіркесі бойынша оқушылар мынадай сұрақтар қойып, бір-бірінен интервью 
алуына болады: 
1. 
Сөз тіркесі дегеніміз не? 
2. 
Сөз тіркесінің айырықша белгілері қандай? 
3. 
Сөздердің сабақтаса байланысуы дегенді қалай түсінесіз? 
4. 
Сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарларының ерекшелігі қандай? 
5. 
Сөз тіркесін құрауға тірек болатын сыңары қайсысы? 
6. 
Сөз тіркесінің күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерден айырмашылығы неде? 
7. 
Сөз тіркесінің түрлерін атаңыз, т.б. 
Үш қадамды сұхбатты жазбаша орындауға болады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
193 
Бұл тәсілді қолданғанда да мұғалімнің жұмыс ретін шығармашылық тұрғыдан 
өзгертіп тұруына болады. 
«Ойлан. Жұптас. Пікірлес» – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма 
берілгеннен кейін оларды орындауға бағытталған әдіс. 
Тақтаға сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жеке өз ойлары мен 
пікірлерін берілген уақыт (2-3 минут)  ішінде қағазға түсіреді. 
Мысалы:  Сөз  тіркестері  мен  тұрақты  тіркестердің  ұқсастығы  мен 
айырмашылығы  қандай?  деген  сұрақ  қойып,  осы  сұрақ  туралы  өз  ойларын  жазу 
тапсырылады. 
Содан  кейін  оқушылар  жұптасып  жазғандарын  талқылайды,  пікірлеседі. 
Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл ұжымға жариялауын сұрауына болады. 
«Жасырынған  тұлға»  –  берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестері  бойынша  қандай  
тұлғалардың жасырылғанын табуды қажет етеді. 
Тақтаға  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  жазып,  қай  тұлғаның  жасырынып  тұрғаны 
табу  тапсырылады  немесе  сынып  оқушыларын  бірнеше  топқа  бөліп,  әр  топқа  жеке 
парақтарға жазылған сөздер мен сөз тіркестерін беруге болады. Мысалы: 
1-топқа.  Құсмұрын  бекеті,  тұңғыш  ғалым,  саяхатшы,  Кадет  корпусы,  зерттеу 
экспедицияларына қатысты.  (Шоқан Уәлиханов) 
2-топқа.  Затобол  ауданы,  «Қазақ  хрестоматиясы»  тұңғыш  оқулық,  мектеп 
ашты, балалар әдебиетінің атасы. (Ыбырай Алтынсарин) 
3-топқа.  Бұрынғы  Семей  облысы,  ауыл  молдасынан  сауат  ашқан,  қазақ  жазба 
әдебиетінің негізін қалаушы, өз бетімен ізденген. (Абай Құнанбаев) 
«Синквейн»  тәсілі.  Мұны  бес  жолдан  тұратын  өлең  деп  те  атайды.  Мұнда 
оқушы  берілген  тапсырма,  мәтін  бойынша  өлең  құрастырады.  Бұл  тәсіл  ой  толғау 
кезеңінде қолданылады. Синквейн жазу ережесі: 
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде); 
2)   Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде); 
3)  Үшінші  қатарға  үш  сөзбен  осы  тақырып  төңірегіндегі  іс-әрекет  жазылады 
(етістік); 
4)  Төртінші  қатарға  төрт  сөзден  тұратын  осы  тақырыпқа  қатысты  сөйлем 
немесе сөз тіркесі; 
5)  Соңғы  қатарға  тақырып  мәнін  сипаттайтын  бір  сөзден  тұратын  синоним 
(метафора) жазылады. 
Кім? Ұстаз 
Қандай? Парасатты, білікті 
Не істейді? Оқытады, тәрбиелейді, бағалайды 
Сөйлем (түйін): Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы  
Синоним – Оқытушы 
Бұл  тәсілді  оқытушы  шығармашылықпен  дамытып,  1-қатардағы  сөз  бен  2-
қатардағы  сөзді,  1-қатар  мен  3-қатардағы  сөздерді  тіркестіріп,  сөз  тіркесін  құратып, 
олардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапқызуға болады (парасатты 
ұстаз, білікті ұстаз – есімді тіркес,  ұстаз оқытады, ұстаз тәрбиелейді, ұстаз бағалайды 
–  етістікті  тіркес).  4-қатардағы  сөйлемның  құрамынан  сөз  тіркестерін  тауып,  оларды 
байланысу  тәсілі  мен  түріне  қарай  талдату  да  оқушылардың  білімдерін  тиянақтап, 
пысықтауға септігін тигізіп, білімін тексеруге мүмкіндік береді. 
 
 
«Жұпта  талқылау»  –  оқушылардың  сөйлеу  мәдениеті,    бір-бірімен  қарым-
қатынас  жасау  дағдылары  дамиды,  ойлау  қабілеттері  артады.  Берілген  сөз 
тіркестерінің  құрамындағы  күрделі  сөздер  мен  тұрақты  тіркестердің  бағыныңқы  не 
басыңқы болып тұрғанын анықтау тапсырылады.  
Баласы зықысын шығарды; сөзіне құлақ аспады; күзге қарай оралады; жүз отыз 
бес бала; ақ боз ат; сәби құлап қала жаздады; жыл бойы еңбектенді. 
«Ойтолғау»  –  оқушының  сабақта  қарастырылған  тақырып  жөнінде  өз  ойлары 
мен түсініктерін келтіретін бағалау тәсілі.  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
194 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет