Әдебиеттер:
1. Петровский А.В. Общая психология. – М., 2007. – 300 с.
2. Вуд Г. О дирижировании. – М., 1998. – 88 с.
3. Мусин И. О воспитании дирижера. – М.: Музыка, 1987. – 247 с.
4. Гевич С.Н. Некоторые вопросы самостоятельной работы студентов по
хоровомудирижированию. – Алма-Ата: Кітап, 1990. – 80 с.
5. Хамиди Л., Тастанов Х., Дирижерлық негіздері. – Алма-Ата: «Өнер»
баспасы, 1980. – 231 б.
***
Алимбаева Г.Б.
Организация самостоятельной работы будущих дирижеров
В
статье
рассматривается
теория
и
методика
организации
самостоятельной работы будущих дирижеров в учебном процессе высшего учебного
заведения.
Ключевые слова: Высшее учебное заведение, студенты, учебный процесс,
дирижер, техника дирижирования, самостоятельная работа.
Alimbayeva G.B.
Organisation of independent work of future dirizhers
This article reviews theory and methodic of independent work organization of future
dirizhers in studying process of acdemy.
Key words: Academy, students, study process, dirizher, technic of dirizher,
independent work.
***
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
202
ФИЛОЛОГИЯ
ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLOGY
ӘОЖ 81'271; 82.085; 808.5
Күдеринова Қ.Б. – филология ғылымдарының докторы,
доцент, Сулейман Демирел университеті
Е-mail: kuderinova_70@mail.ru
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Аңдатпа. Мақалада қазақ тіл білімі деңгейлерін оқытуда жете мән берілмей
жүрген тілдің ауызша формасындағы өзгерістерді тіркеу, талдау және тіл
теориясын оқытуда пайдалану деген мәселелерге нақты материалдар негізінде
талдау жасалады.
Тірек сөздер: Ауызша тіл, фонетикалық жүйе, сөйлеу тілі, синтаксистік
жүйе, машықсыз сөз, редукциялану.
Қазіргі қазақ тілі білімі деңгейлері терең зерттелген, теориялық негізі айқын,
бірліктері мен терминологиялық жүйесі сараланған академиялық сипаттағы
еңбектерінде бекітілген, ЖОО-ның типтік бағдарламалары мен оқу жоспарларында
базалық пән түрінде жеке-жеке оқытылып келеді. Бірақ біз кітаби қазақ тілінің
құрылымдық
жүйесін
оқытып
келе
жатқанымызды
аңғармаймыз.
Өмірде
қолданыстағы қазақ тілін емес, жазба тілде ғана көрініс тапқан тілді зерттеп келеміз.
Табиғи қазақ тілі жанды тіл – ауызша сөйлеу тілінде. Сондықтан зерттеуіміздің басты
нысаны қазіргі қазақ ауызекі сөйлеу тілі болып отыр.
Қазақ тіл білімінде ауызша сөз, ауызша коммуникацияға, шынын айту керек,
жете назар аударылмай келді. 1973 ж. проф. Р.Әміровтың “Сөйлеу тілінің
синтаксистік ерекшеліктері деген бұл саладағы алғашқы зерттеуінен басқа еңбектер
жоқ деуге болады. “Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі” деген ұжымдық монография да
негізгі нысан жазбаға түскен мәтіндер, яғни жазба тілдің сүзгісінен өтіп, нормасына
салынған мәтіндер болып табылады. Қазақ тілінің дыбыстық қорын, үндесім заңын,
екпін, интонемаларын түгендейтін ізденістердің дені жазба мәтіннің дыбысталуына
эксперимент жүргізу арқылы зерттеу нәтижелерін беріп отыр.
Алайда тілдің ауызша түрі мен жазба түрі өзара параллель жатқан кеңістіктер.
Өзара беттесе алмайтын, беттескен жағдайда да белгілі мақсат көзделген
коммуникация жағдайында, жасанды жүзеге асатын, (мысалы лектор студенттердің
ауызша айтылған дәрісті жазба мәтінге айналдырудағы қиындығын болдырмау үшін,
жазба мәтіннің нормасына салып, баяндауы) параллельдер. Сол параллельдің жазба
түрі ғана басты зерттеу нысанына айналуы, жазба тілдің нормасы мен жүйесі ауызша
тілдің де нормасы мен жүйесіне таңылуы жалпы қазақ тіліне, әсіресе қазақ тілінің
сөйлеу мәдениетіне үлкен нұсқан келтіріп келеді.
Ауызша тіл – жалпы тілдің жаны. Ауызша тіл жазба мәдениеттен әлдеқайда
бұрын пайда болған. Адам санасындағы түйсіктің ойға, ойдың ішкі сөйлеуге
(внутренняя речь), ішкі сөйлеудің сыртқы шығуы ауызша тілдің көмегімен жүзеге
асады. Сонда адам бір қарағанда автоматты түрде таңдайтын тіл бірліктерін аң
алдымен тілдік жағдаятқа қарап екшейді. Тілдік жағдаят ауызша тілде үлкен
маңызға ие. Ал тілдік жағдаят өте өзгерімпаз, алуан түрлі деңгейде болады. Сонда
ауызша тілдің де өзгерімпаз, өте құбылмалығына негіз бар. Осы өзгергіш ауызша
тілдің мәтіндерін тап басып “ұстап” зерттеудің қиындығы көпке дейін
зерттеушілердің қолын байлап келді. Бұл ауызша мәтіндерді типтендіру, тілдік
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
203
қоғамдық, әлеуметтік қызметіне қарай, аудиториясына қарай салаларға жіктеу деген
мәселелерді қояды. Осыған орай зерттеу тақырыбымыздың басты терминдерін
анықтап алу қажет.
Бүгінде қазақ тіл білімінде сөйлеу тіл (Р.Әміров), жазба сөз (Н.Уәли), аузшы
сөз (Н.Уәли), жазба тіл (Қ.Күдеринова) деген терминдер қолданысы басталды.
Аталған ұғымдардың терминдік бекітілуін, әрине, уақыт көрсетеді, бастысы осы
ұғымдардың қалыптасып, ажыратылу бізді көбірек қуантады.
Осыдан біраз уақыт бұрын тіпті кейде қазір де тілдің ауызша және жазба сөз
болып бөлінуін қатеге санаған, сондықтан бұл бағыттағы зерттеуін Р.Әміров
еңбегінен кейін ұмыт қалған, қайта қолға алына бастаған. Зерттеулерге “жер астынан жік
шықты” деп қаралған, немесе ауызша сөз бен жазба сөздің айырмашылығын шын
мәнісінде тани алмай жүрген пікірлер, кезеңдер болды, болып та келеді. Бірақ “сең жүрді”.
Сонымен біздің байқауымызша, бүгінгі қазақ тілі өзінің реализациясы
бойынша екіге бөлінеді: 1) ауызша; 2) жазбаша. Қазақ тілінің байлығы,
нормалылығы, жүйесі, мәдениеті ең алдымен ауызша түрінде көрінеді. Өзге тіл
өкілдері бірінші ауызша қарым-қатынас тілін меңгергенді дұрыс көреді, ауызша тілді
білген тілтұтынушы сол тілді білген болып саналады. Сондықтан ауызша қарым-
қатынас тілінің нормасын тану үшін бүгінгі ауызшы тілдің жүйесін, құрылымын
айқындау қажет. Қазақ тілінің ауызша жүйесі мен құрылымы жазба мәтінде жоқ, оны
ауызша аудиториядағы диологтерді таспаға түсіру арқылы аламыз.
Қазіргі қазақ сөйлеу тілін зерттеуге бүгінде толық мүмкіндік бар. Айтылған,
сөйленген сөзді кез келген жерде таспаға жазып алуға, оны қағазға сол күйі
таңбалауға болады. Және бұл машықсыз сөзді (Нұргелді Уәлидің термині) екі
аспектіде зерттеудің қажеттілігі бар. Оның бірі құрылымдық-жүйелік, екіншісі
коммуникативтік-функционалдық. Бұл зерттеудің теориялық табан тірейтін
тұғыры 20 ғ. басында Л.В. Щербаның «Тіл үнемі өзгеру үстінде болады. Сонда ең
бірінші өзгеретін – сөйлеу. Ал бізде зерттелмей жатқан осы ара» деген сөзінен бастау
алады [1, 33 б.]. Ғалым тіл арқылы қарым-қатынасты «речевая деятельность –
языковая система – язык материал» триадасына бөлген. «Ведь надо иметь в виду,
что «в текстах» лингвистов обыкновенно отсутствуют неудачные высказывания,
между тем как весьма важную составную часть языкового материала образуют именно
неудачные высказывания с отметкой «так не говорят», которые я буду называть
«отрицательным языковым материалом» Роль этого отрицательного материала
грамотна и совершенно еще не оценена в языкознании, насколько мне известно» [1, 33 б.].
Л.В. Щерба индивидтердің сөйлеу жүйесін зерттеу ең дұрыс зерттеу деді [1, 34 б.].
«Егер ауызша тілді сол қалпында жазуға түсірсек біз, фонетика, морфология,
синтаксистен қаншама қате жібергенімізді көрер едік [1, 36 б.]. Өз сөзін қайталап оқыған
адам «қалай ғана қате жібергем» деп таң қалар еді» деген де осы ғалым. «Этот факт
объясняется тем, что все эти ошибки социально обоснованы» их возможности
заложены в данной системе» [1, 36 б.]. Және мына сөздерін біз бүгінде ұмыттық:
«Идеалом была для меня всегда замена схолостики, механического разбора – живой
мыслью, наблюдением за живыми фактами языка, думаньем над ними. Я знаю
думать трудно, и тем не менее думать надо и надо, и надо боятся схоластики,
шаблона, которые подстерегают на каждом шагу всякий раз, как мысль полна
слабеет» [2, с. 10]. «...Вне человека и без человека понять язык невозможно»
[2, с. 12]. Ол ұстазы Б.Куртэненің ізімен тіл білімінің негізгі нысаны жазба тіл емес,
ауызша тіл болу керек деді. Сөйлеу, түсіну процесін – сөйлеу әрекеті (речевая
деятельность) деп атады. Ал сөздіктер мен грамматикалардағы сұрыптау – тілдік
жүйені (языковая система) құрайды деді. Мәтін – тілдік материал. Л.В. Щерба жеке
адамдардың тілін зерттеуге көп көңіл бөлді. Жеке сөйлеу жүйесі - тілдік жүйенің
нақты көрінісі, сондықтан жеке сөйленісті зерттеу арқылы тілдік жүйені тануға
болады деген [2, 17 б.]. Бірақ бұл бағыт орыс тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де
мән берілмей қалды. Қазақ тіл білімі нысанға алатын тілдік бірліктер тек қана жазба
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
204
тіл мәтіндерінен алынған. Фонетикалық талдау жазылған сөздегі әріптер тіркесін
талдады. Синтаксистік талдаужазба мәтіндердегі сөйлемдерді талдайды, т.т. Ал
академиялық сөздіктер мен грамматикалар жазба мәтіндегі лексика-фраеологиялық
мағыналар мен грамматикалық мағыналарды тіркейді. Сөйтіп, мағыналар шектеле
бастады. Қазақ тілін үйренуді бастаған өзге ұлт өкілдері «оқулығында жоқ» сөздердің
күнделікті өмірде көбірек естілетінін, оның мағынасы сөздіктерге сәйкес келмейтінін, бұл
сөздердің мағынасын не деп түсінуге болатынын білмей дал ұрып жатыр. Сондықтан
күнделікті машықсыз сөйленген сөздердің құрамы мен құрылымын, жүйесін тұрақты
зерттейтін уақыт келді.
Кісі сөзіне жағдаяттың таныс орта болғаны жайлы, жағымды, орысша
айтқанда, «комфортно». Сондықтан жайлы сезінген ортадан адамның бар болмысы
танылатын сөз туады.
Сөйлеу тілінің ішінде таныс ортадағы ауызекі сөйлеу стилін қарастырып
көрелік. Ауызекі стиль
1) кітаби тілден гөрі сөйлеу тіліне машықтанған ауыл қарияларының сөзі;
2) жазба тілді білмейтін, отбасы мүшелері қазақша сөйлейтін, балабақшаға
баратын 2 және 4 жастағы баланың сөзі;
3) кітаби тілді меңгерген, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардардың ұрпағы,
25-30 жастағы қазақ отбасы мүшелерінің үй ішіндегі ауызекі сөзі ретінде мақсатты
таңдалып алынды. Талдау алдында қандай мақсат тұрды?
Басты мақсат: машықсыз сөйлеген қариялардың, мектепке дейінгі бала және
іскери, кітаби стильді меңгерген жастардың сөзіндегі жазба тілден құрылымдық-жүйелік
ауытқуларды, ерекшеліктерді және жазба тілге сәйкеспейтін құрылымдар мен бірліктерді
анықтау болды. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1) сөзді таспаға сөйлеушінің өзіне білдірмей жазып алу;
2) таспадағы сөзді өзгертпестен жазбаға түсіру, ол үшін нүкте, үтір, сызықша,
сұрақ, леп белгісі сияқты жазба тілдің құралдарын пайдаланбау, кіші тынысқа екі сызық
(//), үлкен тынысқа үш сызық (///), жай тынысқа бір сызық (/) шартты белгі етіп алынды;
3) бас әріпті, кісі есімдері мен жер-су аттарына болмаса, пайдаланбау;
4) үзілген, түсірілген сөз, тіркес, сөйлемді жақшадағы көп нүктемен ([...]) белгілеу;
5) фонетикалық транскрипцияны пайдаланбау.
Жазба тілді білетін, бірақ жазуға машықтанбаған 73 жастағы қарияның ауызекі
сөйлеу стилі:
Жаңағы // Төкөңдөр құда болұп келді, Төкө [...] Төкөннүң астында нәән қарат
бар / ақ жаулұлаған /// сосұн жерде / күндүз [...] түндө келді /// сосұн ертең / күндүз /
кеттік // Кійізғараға ғарай ///қызды таныстырұу герек /// бүкүл ауұлдұң балашағасы
атқа мініп / бестеңгеміз бар / орамалға байлаған // содан тұұұу ауұлдұң бәәарлығын
жолшұбай шауұп, ар жағында Ұшбауұр гійізғара деген жерде шөбшауұп отқан ауұл
бар, соғам бардық /// көп ағашүй тіккеңғой //жыйырма / болады енді, жыйырма
шақты үй тіккен //сонұң шетінем бастап кіріп шығып келатыр // жаңағы // біз нөкөр
соңұнда балашаға шауұп жүрмүз //қасында сол // білмейм естияр / осұ жеңге болұб
жүргөң кім екенін білмейм сонда / Балгенженің ғасында // бір үйгө барсақ көрүсөдү-
жылайды // жаңағыдай і.. і.. і.. со барған үй шығып, сол үйдің адамы гөрүсөд
//сонұмең негерек кешкісін келдік //сабылып бәрлығымыз.
фонетикалық жүйе: а~ә, а~әа, е~ө,
лексикалық жүйе: нән (диалектизм), жаулылау (жаңа сөз), ағашүй (диалектизм),
синтаксистік жүйе:
- анықтауыш, пысықтауыш баяндауыштан кейін айтылады;
- баяндауыш алдыңғы сөйлеммен де, кейінгі сөйлеммен де ортақ болуы мүмкін;
- бастауыштың айқындауыштары көп болуы мүмкін;
- морфологиялық: мезгіл үстеулері қате-нақты айтылуы норма;
- сан есімдер қайталанып айтылуы норма;
- сілтеу есімдіктер назарды ішке аударады, сөзді интимдендіру қызметін атқарады;
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
205
- ойды үзбеуге қызмет ететіндер: жаңағы (2), сосұн жерде, сосұн, содан, енді,
ғой, сол, осұ, сонда, жаңағыдай, і.. і.. і.. со, сонұмең негерек
Жазба тілді білмейтін 76 жастағы қарттың ауызекі сөйлеу стилі:
Содамбір еврей жатыр екен // менің комтымда / еккісілік комты екен // сонан //
еврей бар екен / еккісілік бөлме ғой / еврей бар екен / сен тамақтан кеш келдің /
мынада бір кафеге бар / тамағже енді деп / алыппарды / тамағіш деп алыппарды /
алыппарғасын / тек есіктен кірібедім / киіготұнұң ійісі бұрқете ғалды // содам бізге
шәйбер деді / тамақ бер деді / әрғайсына еккісі / үшкісіден / адам санына ғарай
шымылдыққылып / неменен / бөлүпқойған / ақшүбөрекпенен /// екөуміз
барыботұрдұқ / содам бізге екі аққұман әкелді / әзербайжаң ғой енді / негізгі қалқы /
киіготұ / іштім / қыпқызыл/// кійіготұнұң кейде несібжолұна / бөтөкөге пайдасы бар /
сосұн / жаңағы Іскендірден үйрөңгөн орұшшамменен [...] // әзірбайжан да орұшша
білмейд / онұңда жетісіп тұрған дымы жоқ / менің аз-ағ алдымда / жаңа маған
шәйғылып пергеніңді әкелш дедім / [!] кійіготұ // [!]кептірген / несібжолұна пайдасы
[...] деп / бүйрөкке пайдасы [...] деп / ойақта шәйғә сонұ бередекееен // сапсары /
қызғышсары болұп шығады / онұң енді мына үйдө бір/екі түйүрү тұрса // осұ үйдө
араматный біртүрлү ійіс шығарады // сосұн отқа жағып етті ыстасаң / етінің дәмі
мынау болады / сондай біртүрлү кеуболад / мына шәйғә қалампыр салып ішіпкөрдүң
бә? Тап сондай болад адамға біртүрлү / кеуүлүңді ашып / көкүрегүңді [...] // ійісінің
өзү [...] // мына-анаа бұрұшта тұрса / осүйгө гелгенде бүртүрлүбір жахсы ійісберіп
тұрад // хош ійіс беріптұрад / бұл кезгелген жерде өспөйд / түүү шағанның бойұнда
үлкөнсайларда өсөд / Әбійдүлләғә әкеліпбергем байағыда // Әбійдүлләдан сұрап
көрөйүн // Әбійдүлләғә әкеп берібедім.
фонетикалық жүйе: а~ә: шәй, бә, а~әа, е~ө, і~ү, е~и: иврей, д~н: сонан, е~і:
несібжолы, ж~й: ойақ
орыс сөзін сындыру: комты Л.В. Щербаның «Сөздің идеалды фонетикалық
құрамы өте аз кездеседі. Ол сирек кездесетін сөздерді айтқанда, бірдемені анықтап
дауыстағанда ғана айтылады» деген сөзі еске түседі Л.В. Щерба [3].
лексикалық жүйе: бөтеке (диалектизм), несеп жолы (медицина термині),
араматный (варваризм),біртүрлі- жағымды реңкте, комты (варваризм)
синтаксистік жүйе:
- пысықтайтын, анықтайтын ойлар жалпы ақпараттан кейін бөлшектеліп
беріледі;
- бөлшектеліп берілгендіктен артық сөйлем мүшелерініңартықтығы білінбейді;
- қайталаулар артық емес, ойын бекітуге, ойын баяулатуға (бірнеше жыл бұрын
өткен оқиғаны еске түсіруде), назарды тоқтатуға жәрдемдеседі: / осүйгө гелгенде
бүртүрлүбір жахсы ійісберіп тұрад // хош ійіс беріптұрад/; Әбійдүлләғә
әкеліпбергем байағыда // Әбійдүлләдан сұрап көрөйүн // Әбійдүлләғә әкеп берібедім.
- нысан редукциялана береді: әрғайсына еккісі / үшкісіден / адам санына ғарай
шымылдыққылып / неменен / бөлүпқойған / ақшүбөрекпенен ///
- атау сөйлемдер ойдың жинақылығы мен пауза жасағаны үшін әсерлілілін
күшейтеді;
- редукцияланатын мүшелер көбіне баяндауыштар: жаңағы Іскендірден
үйрөңгөн орұшшамменен [...] //; несібжолұна пайдасы [...] деп / бүйрөкке пайдасы
[...] деп /
- басы артық сөйлемдер қысқартылады: жаңа маған шәйғылып пергеніңді
әкелш дедім / [!] кійіготұ // [!] кептірген /
- түсіндірмелі салаластың үнемді түрі бар: бұл кезгелген жерде өспөйд / түүү
шағанның бойұнда үлкөнсайларда өсөд /. И.А. Бодуэн де Куртенэ айтқандай, «айту-
есту тілі үздіксіз айтылады, бөлінбейді. Ал жазу-оқу тілі бір-бірінен бөлінетін,
үзілген бірліктермен көрінеді» [4, 213 б.].
морфологиялық:
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
206
-
содан сілтеу есімдігінің бұл мағынасы сөздіктерде тіркелмеген. Жазба
тілдегі грамматикалық мағынасы «Онбестомдықта» 1 мағынасы «Сол уақыттан, сол
кезден деген сөздердің қысқарған түрі», 2-мағынасы «сол нәрседен, сол заттан деген
сөздердің қысқарған түрі» деп берілген [5] Ал сөйлеу тілінде тағы «сөйтіп», «солай»
«сөзімді жалғасам» деген функционалдық мағына қосылған.
-
Мекен-мезгіл жалғаулары қызмет айырмай жұмсау бар: тамақтанкеш
келдің, ішкі сөздегі логикалық құрылым «тамақ [ішіп алған]нан кейін келгені»
туралы еді, бірақ сыртқы сөзге айналғанда синтаксистік құрылымға сәйкес шығып
үлгере алмады. Сондықтан «тілдің ұшында тұрған» кеш үстеуі қолданылған.
-
тек шылауы қазіргі жазба тілде тежеу мәнді демеулік [6, 563]. Мысалы:
Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды [6, 563].
Ал жоғарыдағы ауызекі сөйлеу стилінде «сол-ақ екен» деген тез арада болған істі
білдіретін грамматикалық мағынада тұр.
-
енді мезгіл үстеуінің «Онбестомдықта» 12 лексика-грамматикалық
мағынасы, 7 тіркестік мағынасы көрсетілген. Оның ішінде 3 сөйлеу тіліндегі
мағынасы да бар. Алайда біз талдап отырған сөйлеу стиліндегі сөзде бұл үстеу
«білесің», «айттым», «солай болатыны белгілі» деген қосымша грамматикалық
мағынада жұмсалып тұр. Бұл жазба тіл грамматикалары мен сөздіктерінде
көрсетілмеген.
-
жаңағы сөзі қазіргі қазақ ауызша сөзінде қыстырынды паразит элементке
айналған еді. Айтылып отырған ойға байланысы жоқ болса да, қыстырып айту қазіргі
қазақ сөзінде өте жиі. Алайда бұл қарияның тілінде ол «әлгі» деген грамматикалық
мағынасымен сөйлемнің бір мүшесі (қай Іскендір? Әлгі Іскендір) болып тұр.
-
мына сілтеу есімдігінің жазба тілдегі грамматикалық мағынасы «осы»,
«мынау» болса [5, 409], жоғарыдағы сөйлеу тілінде «кәдімгі» деген мағынада
қолданылады: мынашәйғә қалампыр салып ішіпкөрдүң бә?
-
мынадай үстеуінің жазба тілдегі грамматикалық мағынасы «мына
сияқты», «осындай» [5, 409] болса, бұл сөйлеу тілінде басбармағын жоғары
көрсеткен сөйлеушінің осы басбармаққа анық сілтеп көрсеткен мағынасы бар.
Ойды үзбеуге қызмет ететіндер
:
жазба тілді білмейтін қарттың сөзінде, бір
таңғаларлығы, бос қыстырындылар болмады, сосын, содан сөздері осы қызметті
атқарды ма десек, бұл сөздер «сонымен», «сөйтіп» деген мағынада құрылым мен
жүйеге сай қолданылған болып шықты.
Сөйлеу тілі мен әдеби тілінің беттесетін қабаты лексикалық деңгей болып
шықты. Ал ең көп ассимметрия грамматикасында, яғни дыбыстық, морфологиялық
және сөйлем құрылысында болып отыр. Оның себебі мынада деп ойлаймыз: қазақ
ауызша сөзіндегі төл сөздерде фонетикалық позицияға тәуелді дыбыс реңктері –
өздік реңктер мен өзгелік реңктер (варианттар мен вариациялар) сөз мағынасын
ажыратпайды. Сондықтан сөйлеуші сөзінде өзара уақытша үйлесуден (ассимиляция)
және үндесуден (сингармонизм) туған өзгерістер көп болады. Ол өзгерістерді
тыңдаушы да, айтушы да аңғармайды. Өз фонологиялық санасындағы –
парадигмадағы фонемаларға сәйкестендіріп, мағына ажыратып алады. «Ответ очень
прост: потому что это различия вовсе не семантизованы...» [4, с. 18].
Ал морфологиялық тұлғалардың грамматикалық мағынасы мен қызметіндегі
сәйкессіздіктер сөйлеу тіліндегі жағдаят пен сөздің синкреттелуі, синтезделуі,
біртұтастық, тілдік пен тілдік емес бірліктердің араласуы дегендерден шығады. Ал
сөйлеу тілі мен әдеби тілдің сөйлем құрылысындағы айырмашылық алдыңғы
зерттеуімізде айтылғандай «... ауызша тіл ойлауға қарағанда баяу болғанымен, жазба
тілге қарағанда тез. Сондықтан ішкі сөйлеу кодына келген ой сол қалпында сыртқа
шығады. Сыртқы тіл ойды өзіне кодтап үлгере алмайтындықтан ауызша тіл
синтаксистік құрылымға қарағанда логикалық құрылымға көбірек бағынады, себебі
ауызша тілде коммуниканттың өз еркілігі, өз меншігіндегі сөйлеу мәнері,
коммуникативтік актке дайындықсыз кірісіп кетуі бар» [7].
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
207
Ауызша тілде жаңа сөздер, грамматикалық формалардың жаңа жұмсалымы көп
болатыны жөнінде орыс тіл білімінде көп айтылды [8]. 80 жж. орыс тіл біліміндегі
зерттеулер тіл деңгейлері бойынша біраз нәтижелер берді. Қазақ тіл білімінде бұл
бағыттағы іс енді басталмақ. Әзірге біз мақала көлемі көтермейтіндікте екі қарияның
сөзін талдаумен аяқтаймыз. Ендігі кезекте балабақша балаларының тілі мен жазба
тілді меңгерген коммуниканттардың тілі зерттелмек.
Қорыта келгенде, айтпағымыз: бұл бағыт И.А. Бодуэн де Куртенэ,
Л.В. Щербаның әу бастан жазба тіл мен ауызша тілді айырып алу керектігін
ескертулерінен [4, 13 б.] басталғанмен еш қай тіл білімінде түбегейлі бағыт алып,
зерттеулер жалғасып жатқан жоқ. Жазудың консервативті дүние, ол ауызша тілге
икемделмей сол күйі қалып, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болатынын, ол
сәйкессіздік грамматика саласында көрінетінін біле отырып, жазба тілді зерттеуді
тоқтатқанымыз жоқ. Л.В. Щербаның мына сөздері бізге осы бағыттағы зерттеулерді
тереңдетуге жол сілтейді: «Төменгі кластарда грамматиканы оқыту оқулықсыз
жүргізілу керек [3, 20 б.]. «Если и изучать какую- либо грамматику ради грамматики
то следует изучать только грамматику живого, произносимого языка» [3, 14 б.].
«Язык не написанный является до некоторой степени мертвым языком и лишь
насильно вталкивается школой в наши умы» [3, 15 б.]. «Егер, осылай десек, онда
қазір қолда бар грамматикалық оқу құралдар ешқайда жарамайды, олар жазба тілге
негізделген» [3, 15 б.]. «Бодуэн звал от памятников к живым людям и всячески
возражал против механического объяснения языковых изменений. В этом его
основная и грамотная заслуга перед наукой о языке» [8, 92 б.]. Қазақ тілі деңгейлерін
оқытуда алдымен сөйлеу тіліне, қолданыстағы тілге назар аудартуды мақсат ету
керек. Өйткені «Ауызша тіл – тілдің жаны» деп тағы қайталағымыз келеді.
Сөйлеу тіліне маңыз беріп отырған себебіміз не? Егемендік тарихымызыдың
алғашқы жылдарына көз салайық. Біз қандай жағдайда отырып, қазақ тілін
мемлекеттік тіл еттік? Біз бірнеше ұрпақ ана тілім деп орыс тілін таныған, қазақ тілін
отбасы, ошақ қасында, ауылда сөйлеген, қалада естілсе, оның өзі ауылдан қалаға
келгендердің бөлмесінде, екеуара, үшеуара әңгіме арасында ғана, өз ішінде
құлыпталып сөйленетін, ал көшеге шыққанда тұншығатын, егер сөйлесе қалса,
өзгелер бажырайып қарайтын тілді әкеліп, көпұлтты, көпмәдениетті елге,
қазақтардан орыс ұлтының саны сәл ғана аз елге қоғамдық қатынас тіл еттік. Біз
«таза» орыстанған қазақ ұрпағы көбейген дәуірде (кезеңде), санасы, менталитеті
ауысқан, дүбәра болған кезеңде қазақ тіліне мәртебе алып бердік.
Қазақ тілінің қаймағы қай кезден бұзылып еді? ХХғ. басына дейін қазақ тілінің
жанына сызат түспеген. Қалай үкімет өзгерді, қалай өркениетке, сауаттануға, білім-
ғылымға ұмтылдық, солай орыс тілінің көмегінсіз болмайтынына көз жетті (бүгінгі
таңдағы ағылшын тілінің «мәртебесін» есіңізге салмай ма?). Алғашқы қазақ
зиялылары қазақ тілімен қатар орыс тілінде сауатты сөйлеп, жаза білді. Ғылым-
білімді орыс тілі арқылы алды. Өз ұрпағын да (баласын) орыс тілінде сауатын ашып,
оқыта бастады. Сөйтіп, қазақ тілінің бірегейлігіне жарықшақ түсті. Енді қазақ тіліне
қарағанда орыс тілін жақсы білетін, қазақ тілін сөйлеу тілі ретінде ғана қолданатын
ұрпақ келді. Кейінгі ұрпақтың қаладағысының өзі де орыс, баласы да орыс, айналасы,
араласатындары да орыстілді болды. Ауылдан келіп жоғары оқу орнына түскен
қазақтілділер оқу процесі кезінде, тіпті өз ұлты өкілдерінен көрген “қорлықтарын”
баласы көрмеу үшін баласын орыс бақшасына, орыс мектебіне берді. Тілдің жаны
болған ауызекі сөйлеу тілі орыстана бастады.
Сөйтіп, біз оқыған, қазақ ұлтының бет-бейнесін танытатын зиялы қауымның
ауызекі сөйлеу тілі орыстанған жағдайында қазақ тілін мемлекеттік тіл еттік.
Енді бүгінге қараңыз. Осыдан 10 жыл бұрын қазақ мектептерінде, қазақ бала
бақшаларында, жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінде сабақ қазақ тілінде
жүргізілгенмен балалардың ауызекі сөйлеу орыс тілі еді. Үзіліс кезі, мектептен соң
қыдыру кезінде орысша сөйлесетін. Бүгінде жас буынның күнделікті сөйлеу тілі
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
208
қазақ тіліне айналғанына құлағымыз үйренді, таң қалмайтын болдық. Кеңес дәуірінде
білім алған біз сияқты, орталау буын, орта, аға буын шошынып қарайтын аударылған
шетелдік терминдерді бүгінгі бала буын да, жас буын да еш жатырқамай
қабылдайды, тілінде қолданады. Сонда бұл бүгінде тұрмыста, күнделікті қарым-
қатынасында, мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілінде сөйлеп келе жатқан
ұрпақ, келесі ортасы – жұмысында, қызмет, іскери қарым-қатынасында қазақ тілінен
басқа тілде сөйлей алмайтын болады деген сөз. Жаңа ұрпақтың жасы қазір 17-де, енді
бір 16 жылда Қазақстандық кәсіп иелері қызмет барысында қазақ тілінде сөйлеседі, іс
қағаздары қазақ тілінде жүреді деген сөз. Сондықтан ендігі қадам іс қағаздарын қазақ
тіліне көшіруді аяқтау дұрыс жоспарланып отыр дейміз. Бұрындары және қазір де
қазақ тілінде бір-екі сөйлем айта білген, «нан тауып жейтін қазақшасы» бар
орыстілділер ойсыз жүретін. Енді жазуға келгенде тілдің бүкіл жүйесі мен
құрылымын білмесең, сол тілде жаза алмайтынын түсінді. Сөйтіп, қазақ тілін
шындап үйренушілердің саны көбейді. Жазуды балабақша, мектеп үйрететін болған
соң, бүгінде қазақ балабақшаларың әр топтарында бір-екі орыс балаларын көретін
болдық, олар ертең қазақ мектептеріне барады. Қазақ балабақшасындағы балалардың
шамадан тыс көптігі жаңа топтардың ашылуын күтуде. Қазақтар балаларын қазақ
мектебінен орыс мектебіне ауыстыруды қойды.
Сонымен, балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары қазақ бөлімдерінде
(ішінара қиындықтарымен, кедергілерімен оқытылып жатқан) қазақ халқының жаңа
қазақтілді ұрпағы өсіп келеді. Қазақ тілінің ауызекі қолданысы дүкен, емхана,
қоғамдық қызмет көрсeту салалары, әуе, теміржол кассалары, медициналық мекеме,
қоғамдық көлік, банк т.б. жерлерде кеңейгеніне, күшейгеніне куәміз. Бүгінде әсіресе
қоғамдық қызмет көрсету салаларында отырған өзге ұлт, орыс ұлты өкілдері немесе
орыстілді қазақтар өздерінің қазақ тілін білмейтіндерін мансап көрмейді, керісінше
қазақ тілінде қызмет көрсете алмағандарын кәсіби біліктілігіне тиген нұқсан деп
ыңғайсызданатын, қорқатын болды. Олардың санасында қазақ тілін білмеу атақ
(престиж) емес, қазақ тілін білу бедел болып танылатын болып жүр. Яғни қазақ тілін
екінші тіл ретінде меңгеру өзге тілділер үшін құндылықтар қатарында. Қазір екі тілде
өте сауатты кәсіби мамандарды, әсіресе бұрын қазақ тілін жолата бермейтін қаржы,
банк саласының қызметкерлерін көріп көз де, көңіл де қуанады.
Тіл - табиғи құбылыс. Табиғи құбылыстың бірте-бірте жүретіні белгілі.
1991 жылдан бергі 18 жыл – орыстанған тілдік орта, қазақ ұлты қалыптасқан елді
қазақ тіліне қайтарып алуға қажетті көп уақыт емес, аз уақыт. Біз өтпелі дәуірде
отырмыз. Болашақтағы қазақ тілінің іргесін қалап отырмыз. Уақыт керек. Ұрпақ
алмасу керек.
Қазақтілді ұрпақ келуін келді. Ол ұрпақ бүгін 18-де. Олар қазақ тілінің
өміршеңдігіне нық сеніммен келе жатыр. Орысша ойлап, қазақша сөйлесе де, әдеби
тілдің нормасын жетік меңгере қоймаса да, әдеби тілді жоғары деңгейде пайдалануға
тырысып, жалтақтамай сөйлейді. Иә, ең бастысы жалтақтамай сөйлейді. Олар
январь, февраль деген ай аттарын білмейтін, қаңтар, ақпанды ғана танитын, ағза, жасуша,
сынып, дәрумен сияқты сөздерден шошынып жүрген біз сияқты аға, ата ұрпаққа «жоқ, осы
қазақша атаулар дұрыс! Аударылатын шеттілдік терминдерді аудару керек» деген
ұлтжанды пікірі бар ұрпақ.
Бір мысал. 2007-2008 оқу жылы «Таугүл» ықшамауданындағы №175 мектептің
10 сынып балалары 1 күнді тек қазақ сөздерімен сөйлейтін күн етіпті. Ресми түрде
емес, өз ішінде ғана, өз бастамаларымен. Оқушылар бірде-бір шеттілдік терминдерді,
күнделікті тұтынатын, орысша аталатын зат атауларын атамауға уәделесіпті. Сөйтсе,
бір бала бақылау жұмысы үстінде қазақша аудармасы жоқ штрихты басқа баладан
сұрай алмай, біраз қиналыңқырап барып: «шытырыйқыңды бере тұрасың ба»деген
екен (балалар кейінге дейін мұны күлкіге айналдырып жүрді). Сонда екінші оқушы:
«жоқ, одан гөрі ақтағыш дейік» депті. Сөйтіп, оқушылар қазақша атауы жоқ
күнделікті тұтынатын заттарына қолма-қол атау жасаған екен. Қала балалары!
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
209
2000 жылғы көше, теледидардағы жарнамалар қандай еді, адам шошырлық
емес пе еді, қазір қандай? Енді қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін, өміршеңдігін
одан әрі қалай бекіте түсу керек? Ендігі қадам не болмақ?
Біздіңше, ендігі қадам – іс қағаздарының қазақ тіліне ауыстырылуы, тағы да
қайталап айтсақ, дұрыс жоспарланып отыр. Жазу ол – бекітетін құрал, ол – ойды
жүйелейтін, тілдің табиғатын танытатын құрал. Және жазу - тілді білудің, жүйесін
танудың жоғарғы сатысы. Ауызша тілде қалай болса, солай сөйлеп, әйтеуір ойын
жеткізетін орыстілді қазақтарды «жап-жақсы, үйреніп қалды» деп қол соғып мәз
болатын дәуір сонда келмеске кетеді. Ондай қазақтар енді қазақ тілінің жүйесін,
нормасын, әдеби тілдің нормасын меңгеруге мәжбүр болады. Жазба сауаты,
қолданыс деңгейі төмен әсіресе орыстілді қазақтар енді шын мәнінде қазақ тілін
үйрене бастайды. Өзге ұлт тілді үйренуді көбейтеді.
Бұл бір. Екіншіден, қазақ тілінің өміршеңдігі – оның әдеби түрін қолдануға
байланысты. Қазақ тілін тұтынушыларды шартты түрде жоғары, орта, төмен
деңгейлерге бөлсек, тіл өміршеңдігі үшін орта топ коммуникативтік тұлғаларының
рөлі маңызды. Өйткені жоғары топ пен төменгі топ өкілдері қай тілде де азшылық
дауысқа ие болады. Сонда шешуші дауыс осы орта топ өкілдеріне түседі.
Қазақстандағы қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ең басты проблемасы осы тұста
тұр. Себебі қазақ тілін ана тілім деп санайтын орта топ өкілдерінің тұтынуындағы
қазақ тілінің өзі - жарымжан. Осы жарымжан орта топтың жалпы картинасы
мынадай. Бір топ қазақ тілін ауызекі, ресми, бейтарап стильде қолданады, ойын
түгелдей қазақ тілінде жарыққа шығарады, қазақ тілінің нормасын біледі, бірақ
автоматты түрде қате қолданыстарға жүгіреді. Жүгіреді деп отырған себебіміз бар: өз
тілінің сапасына немқұрайды қарау, басты мәнділік санамаушылық - қазіргі орта топ
тілтұтынушыларының клиникалық «ауруы». Енді бір топ қазақ тілінің жүйесі мен
құрылымын біледі, бірақ нормасын білмейді, нормасын білетін-білмейтініне сенімсіз.
Сондықтан бұл тілұстармандар тілінде жасанды сөйлеушілік, ауызша тілдің нормасы
мен жазба тілдің нормасын шатастыру, ауызекі стиль мен ресми қатынас стильдерін
парықтамау, кітаби стильдердің бірліктерін, нормаларын араластыру сөйтіп, қазақ
тілінің коммуникативтік әлеуетіне нұқсан келтіретін тілдік жағдаятты тудыру, қазақ
тілі қазіргі коммуникацияға төтеп бере алмайды деген көзқарас-пікірлерді біржола
орнықтыратын сөйлеу тілі бар. Келесі топ қазақ тілін күнделікті бейресми,
тұрмыстық қатынас шеңберінде біледі. Қазақ әдеби тілін түсінеді, көркем әдебиет,
шаршысөз материалдарын оқиды, ойын әдеби тілде білдіргісі келеді, бірақ өз тілінде
қазақ әдеби тілін қолдана алмайды: сөйлеу тілінен арттыққа тілі жетпейді. Ең үлкен
топ - шалақазақтардың тілі. Шалақазақ деп біз бұл жерде қазақ тілінде ойлайтын,
сөйлегенде орыс тілі сөздерін автоматты түрде пайдалана беретін, және сол
жағдайды қалыпты деп табатын бүгінгі Қазақстанның қазақтілділерінің екісінің бірі
сөйлейтін топты айтып отырмыз. Олар орыс тілін де коммуникативтік құрал
көрмейді, бірақ орыс тілінің бірліктеріне жүгіруді оңай көреді. Сол варварлық
қолданыстардың қазақ тілінде бар бірліктерінің мағынасын біледі, біреу қолданып
отырса түсінеді, бірақ өзі қолданарда мағыналық реңктерін айыра алмайды, соның
кесірінен варварлық жолға барады.
Қазақ
тілінің
бар
лексика-фразеологиялық
байлығын
пайдаланып,
грамматикалық нормасын, орфоэпиялық нормасын сақтап, ойын дәл, айқын, нақты
жеткізетін орта бізде өте аз. Шағын топтың ғана аузында (жазушы, қайраткер,
ғылым-білім саласы өкілдерінде). Сондықтан бүгінде қазақ тілі ауылдың тілі, отбасы,
ошаққасының тілі, аграрлық тіл деген көзқарастар көрініп қалады. Орыс тілінің
өміршеңдігінің бірі сонда – орыс әдеби тілін кез-келген тұтынушы жақсы, еркін
пайдаланады («әне, қарашы, орыстың қаршадай баласына дейін орысшаға судай»
деген сөздің жаны бар). Өткенде О. Сүлейменов бір сұқбатында Ресейдің атақты
математигі жақсы математик болу үшін не істеу керек деген сұрауға, мектепте
әдебиет сабағының сағатын көбейту керек деп жауап бергенін айтады.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
210
Ендеше келесі бір үлкен қадам қазақ әдеби тілін орта топтың қоржынына салу,
орта топтың әдеби тілде ойын жарыққа шығаруын, қарым-қатынас құралы етуіне
жағдай жасау, міндеттеу.
Ол үшін қазақ әдеби тілінің қолданыс аясын кеңейтуді мектептен бастау керек.
Кеңес дәуірі кезіндегі мектептерде баланың тіл байлығын көтеру үшін шығарма
жаздыратын. Кейін, қазір реферат жаздыру сәнге айналды. Оны әр жерден,
интернет, кітап, журнал беттерінен көшіріп алып, әдемілеп безендіріп
өткізгендеріне мәзбіз. Шығармалар да солай. Бүгінде шығарма оқушының өз
сөзі ме, ақын-жазушы, қаламгерлердің сөзі ме, оған назар аударылмайды.
Шығарманың бас-аяғы - кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды сақталды ма - соған және
бет саны мен орфографиясына назар салынады. Жоғары оқу орны филология
факультеттерінде 1 бет болса да, өз ойларыңды жазыңдар деп берген өздік жұмыс
тапсырмаларын дұрыс орындап келетін бір студент шықпай жатыр бүгінде.
Сондағы біздің ойымыз, оқушының әдебиет пәнінен білімін бағалаудың бір
өлшемі ауызша түрде өз ойын дұрыс жеткізе білуге байланысты болса дейміз.
Тәлімгердің әдеби тілде сөйлеу мәдениетін көтеру, ойын ана тілінде дұрыс жарыққа
шығара білуді меңгерту - 10-11 сынып әдебиет пәні мұғалімінің басты міндеті болу
керек сияқты.
Бүгінгі мектеп бітіретін түлектің тілі, бүгінгі студенттің сөз саптауы –
болашақ маманның тілі. Тілімізді өшірмейміз десек, әдеби тілдің өміршеңдігін
ойласақ, қазіргі жастарымыздың тіліне бей-жай қарамауымыз керек. Тілдің
өміршеңдігі әдеби тіл лексикасын, нормаларын жалпы халықтық қолданысқа
айналдырумен байланысты. Біз мектепке бармаған орыс ұлтының баласы орыс әдеби
тілінде тақылдап, мүдірмей сөйлеп тұрғанын көп көреміз, оған кейде дағдылы
жайдай етімізді үйретеміз, өзге ұлт, орыс ұлты солай болуы керек сияқтыдай, еш
таңғалмаймыз, болмаса “бесіктен белі шықпай тақылдап” деп күндейміз, әйтеуір үлгі
тұтпаймыз. Керісінше балаларымызды әлі кішкентай көріп, сұрағына баланың
шүлдір тілімен жауап береміз, болмаса үлкеннің алдын кес-кестеме, үлкендер сөйлеп
отырғанда ортадан қосылма, сөзін бөлме, қарсы сөйлеме дейміз.
«Сөзден – сөз туады, сөйлемесең неден туады», «сөйлей-сөйлей шешен
боларсың» дейміз тағы. Әдеби тілді жалпы қолданысқа түсіруді баланың сөзіне шек
қоймаудан бастау керек. Кішкентай кезінде қарапайым сөйлеу тілін, ауызекі,
бейтарап сөйлеу тілін жетік меңгеріп алған бала, ересектеу шағында өзі-ақ тіліне, сөз
саптауына жоғарылау талап қоя біледі.
Ал бүгінгі қазақ жастарының тілі ше? Әрине, тілге шорқақ, тілдері шолақ.
Немесе әдеби тілде сөйлеу осы екен деп, бей-берекет сөйлеу басым. Бұл арада тіпті
лексика-фразеологиялық нормадан, синтаксистік нормадан ауытқу деген әңгіме жоқ.
Біз, оқытушылар, көбінде жас буынның тілін үйге берілген тақырыпты
сұрағанда, белгілі бір мәселеге байланысты пікірін тыңдағанда байқаймыз. Мұнда екі
түрлі жағдай бар: 1) студент не оқушы жазба мәтіннен оқығанын текстен көп
ауытқымай, сол қалпында баяндап беруге немесе біреудің жазылған сөзін сол қалпы
жаттап алуға тырысады. Соны өзіне міндет санайды, баяндау кітапта жазылғандай
шықса, жақсы сөйледім деп ойлайды. Кей тәжірибесіз, жас мұғалім де солай
қабылдап, жақсы бағалайды. Ал, шындығында, бұл дұрыс емес. Бұл - жаттап алған
біреудің сөзі, сенің өн бойыңнан қайта қорытылып, өтпеген сөз, кітаби сөз, жаттанды
сөз. Өз ішіңнен қайта қорытылып шыққан сөз жаттанды болмас еді. Ал жаттанды сөз
айтсаң, ол тыңдаушыңның құлағына кірмеді де, әсер ете алмадың де. Сондықтан пән
мұғалімі, оқытушы шәкірттің мәтінді ауызша аудиторияға жететіндей, жазба тілден
ауызша тілдің құрылымына өз сана-сезімі арқылы кодталған, ауызша әдеби тілдің
нормасын сақтаған сөзбен баяндап беруін талап етуі керек. 2) Бүгінгі жастар өзінің
шынайы пікірін өзге тілдің элементтеріне жүгірмей, сөйлеу тілін пайдаланбай, таза
әдеби тілде жаппай білдіре алмайды. Қала мектептерін бітірген оқушылар тіпті
сөйлемдерін әлі дұрыс құрап жаза алмайды. Сондықтан мектеп рефераттан гөрі, пікір
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
211
жаздыртуға, кітап, журнал-газеттерден көшірілмеген, өз ойы көрінетін шығарма
алуға тезірек көшу қажет.
Сонымен, қазақ тілінің өміршеңдігін қазақ тілінің ауызша әдеби нормасын
меңгерту және ауызекі тіл мен ауызша әдеби тілде өз ойын айқын жарыққа шығара
білуді күшейте, бекіте түседі деген қорытындыға келеміз.
Әдебиеттер:
1. Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. – Л., 1974. – 426 с.
2. Зиндер Л.Р., Маслов Ю.С. Л.В. Щерба – лингвист, теоретик и педагог. –
Л: Наука, 1982. – 103 c.
3. Щерба Л.В. Избранные работы по русскому языку. – М., 1957. – 189 с.
4. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. – М.,
1963. – 388 с.
5. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 13 том. – Алматы, 2011. – 368 б.
6. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б.
7. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы, 2010. – 369 б.
8. Амирова Т.А. Общелингвистические основания графемики / Автореф. дисс.
на соиск. уч. степени док. фил. наук., 1981. – 47 c.
***
Кудеринова К.Б.
Важность исследования разговорной речи
Статья посвящена исследованию казахской разговорной речи. Автор анализирует
языковые уровни спонтанной речи казахского языка. Сравнивает синтаксические и
морфологичесие структуры устной и письменной речи казахского языка.
Ключевые слова: Устная речь, фонетическая структура, разговорный язык,
синтаксическая структура, спонтанная речь, редукция.
Kudeerinova K.B.
The importance of the study of conversational speech
The article is devoted to the study of Kazakh speech. The author analyzes the
language levels of spontaneous speech of the Kazakh language. Compares syntactic and
morphological structure of spoken and written language of the Kazakh language.
Keywords: Speaking, the phonetic structure of the spoken language, the syntactic
structure of spontaneous speech.
***
ӘОЖ 82-1(574)
Мүтиев З.Ж. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Ашимова Р.С. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты
E-mail: rita_ashimova@mail.ru
ТАҚЫРЫП ПЕН ИДЕЯ, КӨРКЕМДІК-ШЕБЕРЛІК ӨРНЕКТЕРІ
(АҚЫН САТЫБАЛДЫ ДАУМОВ ПОЭЗИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Аңдатпа. Қазіргі қазақ поэзиясының дамуында өзіндік қолтаңбасы қалған
ақынның бірі Сатыбалды Даумов. Оның ұлт өлең сөзін жетілдірудегі, байытудағы
ақындық өнері әлі толықтай ашыла қойған жоқ. Ол ақындық шеберлігі
қалыптасқан, өзіне тән стиль табуда ізденісі бар суреткерлер санатынан орын
алады. Мақалада ақынның өз шығармаларында қазақтың сөздік лексиконын
пайдалану дағдысы мен көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдарын тудыру машығы әр
қырынан алынып қарастырылады.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
212
Тірек сөздер: Поэзия, әдебиеттану, шеберлік, табиғат лирикасы, туған жер,
баллада-толғау, шумақ, өрнек, сыншылдық көзқарас, көркемдеуіш құрал, әдеби тәсіл, өлең
мазмұны, қазақы ұғым, ұлттық болмыс, кейіптеу үлгілері, мәңгілік ел, сайын дала,
тақырып пен идея, ұлттық калорит, образды сурет, теңеу, сәулелі сөздер.
Өткен ғасырдың 70-80 жылдар поэзиясында өзіндік стилімен, дарагөй
талантымен танылған ақынның бірі - Сатыбалды Даумов. Оның қаламгерлік қарымы
тек қана журналистикада ғана емес, сонымен бірге көркем әдебиетте, оның ішінде
поэзияда да кеңінен танылды. Қазақ поэзиясының көкжиегіне өз өрнегін салған
ақын туындыларының көркемдік ерекшелігі мен шеберлік нәшін тану – бүгінгі ұлт
әдебиеттануында зәру мәселелердің қатарына кіреді.
С. Даумовтың ақындық шеберлігін нақтылай түсетін өлеңінің бірі –
«Басқұншақ көлі» деп аталыпты. Бұл туынды кішігірім баллада-толғау түрінде
жазылған. Мұнда да сол тақырып – туған жер болғанымен, ақынның сыншылдық
көзқарасы сақталған және ол көрініс туынды көркемдігіне, оның әдеби қуатын
арттыруға қызмет қып тұр. «Менің Космодромым» [1, 12 б.] өлеңіндегі әдеби тәсіл
бұл өлеңнің алғашқы екі шумағында өзгеше өрнек салып, із-бедерін айрықша
айқындай түседі. Мысалы:
Бергендей ерекше бір ағысқа ажар,
Жоқ мұнда «бұйра толқын арыстан жал»
Ақ шабақ ойнамайды айдыныда,
Тұрмайды қарауытып алыстан жер.
Қойса да о басында «көл» деп атын,
Жоқ мұнда бір жұтым су шөл қанатын
Су да емес, бал татыған балық та емес,
Ежелден жайған оның елге даңқын.
(«Басқұншақ көлі»)
Тарихи аты мәлім Басқұншақтың табиғатын осылайша жырға қосқан ақын
өлеңге нәр сыйлап, әр беру мақсатында кейіптеу тәсілін мейлінше мол қолданған.
Бұл таңдауы және орынды шыққан. Өлең мазмұнын байыта, көркемдеуіш құралға
айналған тіркестердің жақсы табылған элементі ретінде төмендегі шумақтарға
назар аударалық!
Кепкендей кенезесі жұртта қалып,
Жатады ол жаумай өткен бұлтқа налып.
Қарт Каспий кеткен ауып оңтүстікке
Бар суын Басқұншақтың ұрттап алып.
Немесе:
Безініп туысынан түбі бірге
Қашты екен теңіз неге түріп ірге?
Көз жасын сыға-сыға сарыққандай,
Шыдамай ағайынның күйігіне
Осы шумақтардағы Басқұншақтың бұлтқа налып ренжуі кенезесі кеуіп
шөлдеп, кеберуі, көлдің бар суын ұрттап алған қарт Каспийдің оңтүстікке ауып
кетуі келісті де әдемі жасалған кейіптеу үлгілері болса керек. Олардың санатын
соңғы шумақтағы кейіптеулер тіптен үдете түседі. Өйткені бұл кейіптеулерде
тұтасымен қазақы ұғым, ұлттық болмыс жатқанын аңғаруға болады. Туысына
ренжіген ағайынның ел іргесінен түре көшетін әдетіне сай мінезге құрылған
өлеңнің көркемдік – мазмұндық құндылығы да бірте-бірте сатылана биіктей түседі.
Не шара тағдырға нәр бұйыртпаған,
Өртепті көл өзегін күйікті арман.
Телегей су орнына өнген ақ тұз,
Мөп-мөлдір көз жасындай тұнып қалған.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
213
Кей ретте кейіптеумен қатар иық тіресе теңеулердің әсем түрлері көзге
шалынады. «Телегей су орнына өнген ақ тұздың мөп-мөлдір көз жасындай тұнып
қалуы» өлеңге үстеме әр бергендей. «Ақ төсін күміс күнге қақтаттырған», «Айдынын
шымылдықтай жауып тұру» сынды тіркестер қатары туынды қөркемдігін одан
әрмен байыта, қоюландыра түседі.
Сөз өнерінің заңғар теоретигі академик З. Қабдолов: «Кейіптеу – қазіргі әдеби
туындыларымызды құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл» [2, 306 б.]
– деп атап көрсетеді өз еңбегінде.
Әдебиетші ғалымның аталған қағидасына сай төменде берілген шумақтарда
ақын қазақы ұғым-түсінікке тым жақын образды сурет галереясын көз алдымызға
елестетіп өтеді. Мысалы:
Көл кейде салады еске ақ киізді
Айқара тастаған бір қырға жайып
***
Бурадай шөккен сорға жақын барып,
Тау Боғда етегінде жатыр қалғып.
***
Көл жонын жұлып жеген көп комбайн
Жатқандай қаспақ қырып қара жерден
***
Үйілген аққаладай тұнық қардан
Тау-тау тұз жатыр дерсің шығып қайдан!..
Ақын ізденісінен туған мұндай сәулелі сөздер сорабы ақын С.Даумовтың
позиясында мол ұшырасады. Қырға төселген ақ киіз, бурадай шөккен тау, қаспақ
қыру, көл жонған комбайн, үйілген аққала, аппақ нұр, торғын сағым,
шымылдықтай айдын т.б. теңеулі кейіптеулер бір ғана туындының бойын
баураған көркемдеуіш құралдары. Ақын бұл жырын «Басқұншақ - туған жердің бір
байлығы, Ырыс болып шарасында ұйып қалған» деп аяқтайды. Бұнда да сол
«шарасында ұю» ұлттық калорит болып тұр.
Туған жердің титтей бөлшегінен бастап айбынды үлкен қалаларын жырға
қосып, әр қырынан танытуды басты мақсат еткен ақынның кең байтақ Отанымыздың
қай тау-тасын, орман-көлін жырласа да шын көңілден, шын ниеттен ақтарыла
сөйлейді. Айталық, «Қыран қала» өлеңінде Алматы шаһарының сұлу келбетін жырға
қосса, «Туған жердің бөлшегі» туындысы «Нива» санаторийінің ұжымына арналған.
«Еділ» аталған өлеңде тарихи тәлім әсерлері бейнеленген. Ал «Сары әулие» немесе
«Сарыағаш» саздары аталған туындыны екі бөлім бірнеше бөлімшеден құралған
баллада десе де болғандай. Аталған шығармаларда Отанымыздың байлығы мен
көркею жолы, адамдардың шат өмір тұрмысы, күн өткен сайын заманымыздың
құлпырып, гүлдену, даму, жетілу бағдары басты мақсат етіп қойылған. Мәселен,
Кезінде көрік берген Астанаға,
Жарамай қалды көп үй баспанаға
Орнына Алматының
Аз-ақ жылда
Қалғандай орнап енді басқа қала [1, 21 б.].
(«Қыран қала»)
- деген жолдардан Алматының күннен-күнге көркеюі жыр етіліп, зәулім
сарайлардың пайда болуы, еңсесін көтерген елдің ертеңіне сенімділігі арта
түскендей. Әсем қаланың көркіне көз тоймайтындай келбетіне таңырқаумен, таңқалумен күн
кешкен ел-жұрт тілегі ақын толғанысымен бірлесе ән салғандай болады.
Сәнді үйлер жарысқандай қуып-қашып,
Барады тау бөктерлеп биікке асып
Ұмтылған шырқау көкке қыран қала
Тұр асқақ Алатаумен иықтасып.
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
214
- деп шабыттанып жырлайды ақын.
Елді, жерді сүюдің, оны аялап құрметтеудің әсем үлгісін қашанда өз жырына
әдемі арқау ете білетін ақынның «Қыран қаласы» тек бір ғана Алматы қаласы емес,
сонымен бірге еліміздің бас қаласы Астанаға да арналғандай десе де болғандай. Бір
кездегі еліміздің астанасы Алматыға көрсетілген үлкен құрмет белгісі бүгінгі ел
ордасы Астанаға арналса несі айып?!
Алматым!
Сел қаптасын, жер туласын,
Мызғымай мәңгі бақи сен тұрасың!
Ендеп те, бойлап та өскен саған қарап,
Елімнің көрсін әлем әр тұлғасын!
- деп ой түйіндейді ақын.
Ақынның осы «Қыран қала» өлеңімен танысқан белгілі ақын, журналист-
публицист, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек
Әшімжан былайша ой бөліседі: «Ол қаланы тұлғаландыру арқылы оған белгілі бір
дәрежеде мінез дарытқан-ды. Алматыны қыранға теңеген ақын қиялы Күнге
ұмтылған қырандай самғап, сонау бір биіктерде жүреді. Бұ өлеңде көзге ерекше
ұратыны шәр шаһарға деген махаббат. Ақын махаббаты!..» [3, 23 б.].
Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырын бастан кешкен халқымыздың ежелгі арманы
жалпы жұрттың амандығы мен тыныштығы, Отанымыздың гүлденуі мен жарқын
болашаққа, яки мәңгілік ел болып қалыптасуына бет бұруы дер едік.
Алайда мәңгілік ел идеясының берік іске асуында өткен тарихымызды, біз
өмір сүріп отырған қоғамның бейбіт ел болып қалыптасу-жаратылысын білудің
маңызы қашан да зор. Содан да болса керек:
Туған жерім!
Сен деп соққан жүрекпен
Ақының ем шаттығыңды жыр еткен
Тартылғандай шабытымның қайнары
Енді отырмын өз-өзімнен жүдеп мен
- деп жырлайды ақын «Сары әулие» немесе «Сарыағаш» саздары аталған
баллада-толғауында [1, 30 б.].
Қазақ халқы тәуелсіздік жолындағы күресте қаншалықты ауыр күндерді
бастан кешірді, сонау өткен ғасырлардағы бодандық шырмауын, одан бергі ұлт-
азаттық күрес, «ақ» пен «қызылдың» тұтқынындағы ел тағдыры, тың игеру
жылдарындағы зобалаң, атом мен космос дәуірінің зардаптары, қысқасы
Отанымыздың ұзақ тарихын арқау еткен ұзақ толғауында ақынның өзіндік
ізденісіне тән деректер ізі жатыр. Халқымыздың бастан кешкен үлкенді – кішілі
мұңлы тарихын автор рет-ретімен жүйелі баяндайды. Мәселен,
Жүрегіме күйік еккен,
Мұң еккен,
Жат үндердің біреуінен бірі өктем
Сол үндермен қоса бір зар жеткендей
«Еділді алды – елді алды!» деп шыр еткен.
Жерұйығым, талай көздің сұғы өткен,
Аман-есен шығып едің мың өрттен.
Кімдер мынау,
Саудаға сап өзіңді,
Атпақ болып жүрген сені жүректен?!
- деген жолдарға қарағанда, туындының кейбір тұстары ел ішінен іріткі
тудырып жүрген кейбір жікшілдердің арам пиғылды әрекеттерін әшкерелеуге
арналғандай. «Байтақ елден ырыс үркіп, бақ қашқан» заманды аңсап жүргендер
кімдер? – деген сұрақ қояды ақын. «Кең даламнан келімсекке қақпа ашқан, Тірілген
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
215
бе қайта апыр-ау, «ақ патшам»?! Ел тыныштығын бұзбақшы болған арандатушыларға
қарсы өктем үн қатады ақын:
Қайран далам,
Таптағандар төсіңді –
Қайран қалам –
Неге сонша есірді?!
Жетелетіп жібереміз кімге енді
Ақ Жайықты, Қара Ертісті, Есілді?!
Қайрайын деп қайрамаймын тісімді
Намыс, ыза барады өртеп ішімді
Өгей үндер құлағымды сарсытқан,
Қай-қайдағы жайларды еске түсірді
Ақын тебіренісінде қазақ қоғамының бастан кешкен зауалды ғұмыры,
талайлардың тәуелсіздік жолында мерт болған қанды трагедиясы жатыр.
Қазақтың сайын даласының төрінен орын алған «келімсектердің» ел тәуелсіздігіне
сызат түсірмек болған әрекеттерін ақын батыл айыптайды. Сөйте келе ата-
бабаларымыздың аруағы сыйлау керектігін шегелеп тұрып еске салады.
Есіме алдым
Ата-бабам аруағын,
Шарасыздан шайнап өткен бармағын
Есіме алдым,
Еңіреткен ерлердің
«Жайық үшін жандасуға» барғанын
- деп толғанады ақын. «Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасып» өткен
ерлердің ісін еске түсірудегі мақсат - ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен
талай ғасырлардан бергі халық арманы болған – тәуелсіздігіміздің баяндылығы
болса керек. Өткен тарихты білу арқылы, оның бағасын ардақтай, аялау керектігін
ақын одан әрі тарқата түседі.
Есіме алдым,
«Екі тарлан бөріңді»,
Қызғыш болып қорып өткен елімді
Шейіттердің бәрін түгел еске алдым,
Құл болғаннан артық көрген өлімді!...
Ел-жұртымыздың бастан кешкен трагедиялы халінің тарихын ақын С.
Даумов өз толғаныс жырында рет-ретімен хронологиялық жүйемен баяндап, еске
түсіріп отырады. Айталық, осыған дейінгі қазақтың бастан кешкен хикметін
төңкеріс дәуіріне дейінгі хроникамен тәптіштеп көрсетсе, жаңа заман орнап, социалистік
төңкерістің күшімен құрылған
Кеңес Одағының да қазақ халқын аса бір қатты
жарылқамағанын да автор өз көзқарасына сай айыптайды.
Ата жұртым,
Тұрған кезде күш тақта
«Ақ патшаның» салғаны аздай қыспаққа,
Есіме алдым
Кілең «қызыл патшаның»
Сені қалай шығарғанын ұшпаққа
- деп жырлайды ақын және осы сарынды одан әрі үдете, күрделендіре түседі.
Кеңестік дәуірдің кесел-апаты бірте-бірте айқындала, жария бола түседі.
Байтақтығың өз басыңа сор болып,
Қойын менен қонышыңа толды өлік
КАРЛАГ- тар мен АЛЖИР-лерден қайысқан
Бел омыртқан бітпеді ме шор болып?!
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
216
Қазақ елінің отызыншы-қырқыншы және елуінші жылдардағы опат
ойраны болғаны, репрессия құрбандары мен тұтқындар лагерлері -жоғарыда
аталған әлемге мәшһүр жағырапиялық атаулар боп құрылғаны да шындыққа
саяды. Циклді құрылымға негізделген туындыда қазақ елінің даму тарихында
бастан кешкен небір алапат жағдайлар қоғамдық өмірдің көңілсіз кесапаты ретінде
баяндалады. «КАРЛАГ-тар» мен «АЛЖИР»-лерден кейінгі апатты қауіп - «Тың игеру»
науқанының да біраз зауал төндіргенін ақын былайша жырлайды:
Жоқ, бітпеді!
Мұңыңа мұң қосылды
Айдай жүзің айғыз-айғыз осылды
«Тың дастанын» жазып сенің бетіңе
Тігетін жер таппай қалдым қосымды
Туырылған дала түгел құм қапты
Құмға белден жасыл шалғын, ну батты
Түрен түсіп жермен қоса көрге де,
Таппай қалдым әжем жатқан зиратты.
Әрдайым өлең-жырының идеялық мұратын дерек негізіне сай бейімдейтін
ақын С. Даумов бұл тоғауында тың игеруші атанып шұбырып келген жат
жұрттықтардың салған лаңын да оқырманына сөз ретімен сыздықтата жекізеді. Кең
даланың төсін таптаған келімсектердің кесірінен өз жерінде азшылыққа айналған
халықтың көз жасын, қайғысын өлең тілінде әсерлі жеткізе білген.
Көпке, апыр-ау, аз идім бе басымды?
Азшылығым бетке талай басылды
Көп көзінше жылауға да қаймығып,
Қаншама жыл жұттым ішке жасымды?!
Сонда ешкімге көрмеп едік сен десіп,
Булықтырып барады елді енді өксік!
Кең далам-ау,
Жиіледі зіл залаң,
Жараң сыздап жатырсың ба дөңбекшіп?!
- деп ой түйеді автор.
Ел тарихынан мәлім «Тың игерушілердің» соңын ала қазақ даласын тағы бір
алапат басты. Ол – атом дәуірінің үлкен сынақ алаңына айналған Қазақстандағы
полигондардың зілзаласы.
Еліміздің Батысы мен Шығысындағы сайын даланы тозақ отына айналдырған
атом бомбаларының жер асты және жер үсті жарылыстарынан келген кесепат осы
күнге дейін зардаптарын тигізуде. Ұрапақтан-ұрпаққа, алдыңғы буыннан кейінгі
буынға қанмен, тек пен түр қуалап әлі де қауіп төндіріп отырғаны да жасырын жай
емес, бүгінгі шындық. Осы зардапты көзімен көрген ақын өз толғанысында мәселенің
мәнісін төтесінен қоя жырлайды.
Айналайын, піл сауырлы алыбым,
Қалай сені сыздамасын жауырың?!
Арқаң арша болмады ма,
Арқалап
Жерде орнаған Ажал-Атом дәуірің!
Сауырыңда сау тамтығың аз бүгін
Қаңқалардай тауың-арса
Таз –қырың.
Асып түсті Шыңғыстау мен Нарыннан
Радиация тұмшалаған Азғырың!
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.
217
-деп жырлайды. Атом бомбасының астында қалған сайын даланың қасіретін
көзімен өз көріп қиналған ақын бар сырын жырмен өрнектеп жеткізеді. Ажал боп
төнген алапаттан қайғы шеккен халқымен бірге болуды көздейді. Көптен шет, сырт
қалуды қорлық көрген ақын өзінің перзенттік, азаматтық парызын адал атқаруды
негізгі борышы деп ұғынады. Содан да болса керек:
Енді сені қасапшыдай бөлшекетеп,
Имансыздар сау қоңыңды енші етпек.
Таразыға түсер болса тағдырың,
Қалай одан қала алармын мен шеттеп?!
-деп аһ ұра жырлайды. Ұдайы елімен, халқымен бірге болуды, не көрсе де
жұртымен бірге бөлісуді парыз санаған ақынның ой-толғанысында кіші Отанына
деген зор құрметі, шексіз махаббаты жатырғанын аңдауға болады.
Ақын С. Даумовтың табиғи талантын дөп таныған Қадыр Мырза Әлі өз
естелігінде: «Тіршіліктегі пенде ретінде айтарым, Сатыбалды жолдастық ретінде,
адамдық ретінде көптеген әсер қалдырды. Ол қазақ әдебиетіне тек кіріп шығу ғана келген
адам емес. Ол қазақ әдебиетіне өзіндік орнын қалдыра білді» [4, 46 б.] деп жазды.
Ендеше ақынның әдеби мұрасына әр қырынан барлау жүргізу – бүгінгі ұлт
әдебиеттануының зәру мәселелерінің бірі болмақ.
Әдебиеттер:
1. Даумов С. Толық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Жазушы, 2009. – 288 б.
2. Қабдолов З. Сөз өнері: оқулық-монография. – Алматы: Өлке, 2014. – 496 б.
3. Әш і м ж а н Ж. Құм басқан Қояндыны тасқа қашап... (Саяқ жүріп, сақа
жырлар қалдырған Сатыбалды Даумов туралы). Кітапта: Даумов С. Соңғы
парыз. – Алматы: Хантәңірі, 2016. – 286 б.
4. Мырза Әлі Қадыр. Ұмытпаңдар мені. Кітапта: Даумов С. Соңғы парыз. –
Алматы: Хантәңірі, 2016. – 286 б.
***
Мүтиев З.Ж., Ашимова Р.С.
Достарыңызбен бөлісу: |