БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45

Құрмалас сөйлем 
Екі жай сөйлем 
аяқталған күрделі ой 
аражігіне үтір қойылады 
Жалғаулықты 
Жалғаулықсыз 
Салалас 
Сабақтас 
Аралас 
Сөз  тіркестері,  күрделі  сөз,  тұрақты  тіркестерді  қатыстырып  «Мейірімділік» 
тақырыбы бойынша шағын ойтолғау жаздыру. 
«Топтастыру»  немесе  кластер»  әдісі  болып  табылады.  Бұл  –  идеялар  мен 
ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.  
Негізгі  тақырып  немесе  тірек  сөз  парақтың  ортасына  жазылады  да,  одан 
туындайтын  тақырыпшалар  оның  жан-жағына  жазылады.  Оқушылар  оларды  бір-
біріне 
сызықтармен 
қосып, 
өзара 
байланыстары 
туралы 
әңгімелейді. 
Тақырыпшалардың  байланыстары  туралы  сұрақтар  құрастырылып,  оларға  жауап 
іздеген  де  тиімді.  Әдетте,  кластер  оқушының  жеке  орындауынан  басталып,  одан 
кейін  жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады. Мысалы, «Құрмалас 
сөйлем» тақырыбы бойынша мынандай кластер құрастыруға болады: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Білемін. Үйрендім. Білгім келеді» немесе маркировка. Бұл кесте үш бөліктен 
тұрады. Бұл әдісті төмендегі тәртіп бойынша қолдануға болады: 
1. Сыныпты бірнеше топқа бөлесіз. 
2. «Сөз тіркесі туралы не білесіз?», «Ол туралы тағы не білгіңіз келеді?» деген 
сұрақтар  арқылы  оқушыларға  кестенің  бірінші  және  екінші  бағандарын  толтыртып, 
оны өзара топта талқылатыңыз. 
3. Әр топ ең озық деген ойларын ортаға салады. 
4.  Сөз  тіркесі  туралы  мәліметті  әр  оқушыға  таратып  бересіз.  Мәліметпен 
танысып  болғаннан  кейін,  оны  өз  топтарында  талқылқылайды.  Кестенің  үшінші 
бағанын сабақтың соңында толтырады.    
Білемін 
Үйрендім 
Білгім келеді 
 
 
 
 
Интербелсенді 
әдістің 
ерекшеліктерін 
ескерсек, 
құрастырылған 
тапсырмаларды  орындау  оқушыларға  оқытылып  отырған  тілдік  материалдың 
практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді. 
Қазіргі әлем бойынша индустриялық қоғамнан интербелсенді қатынас жасауға, 
оны  жүзеге  асыратын  ақпараттық  қоғамға  көшу  үдерісі  жүріп  жатқанда, 
интербелсенді  әдістерді  тиімді  қолдана  білсек,  оқушыларымызды  жаңа  ғасырдың 
бәсекеге қабілетті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматы етіп даярлай аламыз. 
Қорыта  айтқанда,  синтаксисті  оқытуда  интербелсенді  әдістерді  тиімді 
қолданғанда күтілетін нәтиже ретінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  туады.  Сондай-ақ,  оқушылардың  сабақтағы  түрлі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
195 
мәселелерді  шешуге  жаппай  жұмылуын  қамтамасыз  ете  отырып,  оларды  болашақта 
қоғамдық-саяси мәселелерді шешуге қатысатын белсенді тұлға етіп тәрбиелейді. 
 
Әдебиеттер: 
 
1. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  /  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 
жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. – Астана, 2010. 
2. 
Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. – М., 1981. – 186 с. 
3. 
Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. 
Метод.пособие.  – М., Высшая школа, 1991. – 207 с. 
4. 
Вайндорф-Сысоева  М.Е.,  Крившенко  Л.П.  Педагогика.  –  М.:    Юрайт  – 
Издат, 2005. – 239 с. 
5. 
Бадмаев  Б.Ц.  Методика  преподавания  психологии.  –  М.:  Гуманит.  изд. 
центр ВЛАДОС, 1999. –  304 с.  
6. 
Селевко  Г.К.  Современные  образовательные  технологии.  –  М.:  Народное 
образование, 1998. – 256 с. 
7. 
Буланова М.В. 
Педагогические технологии. – М., МарТ, 2004. 
– 336 с. 
8. 
Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика пәнінің негіздері. – Алматы: Қазақ 
университеті, 2005. – 223 с. 
9. 
Чернилевский  Д.В.  Дидактические  технологии  в  высшей  школе.  –  М., 
ЮНИТИ, 2002. – 437 с. 
10. 
Әлімов  А.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелелері.  – 
Алматы, 2013. – 448 б. 
 
*** 
Текесбаева Г.М. 
Пути использования интерактивных методов в обучении синтаксиса 
 
В  статье  автор  говорит  о  путях  использования  интерактивных  методов  в 
процессе  обучения  синтаксиса.  Ожидаемым  результатом  при  эффективном 
использовании  интерактивных  методов  в  обучении  синтаксиса  является 
формирование коммуникативной компетенции учащихся.  
Ключевые  слова:  Синтаксис,  словосочетание,  сложное  предложение, 
интерактивные методы, устно, письменно, методика, обучение. 
 
Tekesbayeva G.M. 
Ways to use interactive methods in the sdudy of syntax 
 
The  author  suggests  ways  of  using  interactive  methods  in  teaching  syntax.  The 
expected  result  of  the  effective  use  of  interactive  methods  of  learning  the  syntax  is  the 
formation of the communicative competence of students. 
Keywords:  Syntax,  word-combination,  complex  sentence,  interactive  methods,  oral, 
written, method, teaching. 
*** 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
196 
ӘОЖ 78.071.2 
Алимбаева Г.Б. – аға оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
E-mail: Gulzadabak@mail.ru 
 
БОЛАШАҚ ДИРИЖЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Аңдатпа. Мақалада студент жастардың дирижерлік техниканы меңгерудің 
мәселелері 
қарастырылады. 
Болашақ 
дирижерлердің 
өзіндік 
жұмысын 
ұйымдастырудың әдістемесі талданған. 
Тірек  сөздер:  Жоғары  оқу  орны,  студент  жастар,  оқыту  үдерісі,  дирижер, 
дирижерлік  техника, өзіндік жұмыс. 
 
Оркестрдің музыкалық шығарманы сәтті орындауында дирижердің үлкен рөлі 
бар.Дирижерлау    (франц.  diriger  –  бағыттау,  басқару)  –  музыкалық-орындаушылық 
өнердің ең бір күрделі түрі; музыканттар ұжымын (оркестр) музыкалық шығарманы 
үйренужәнеолардың 
көпшілік 
алдында 
орындау 
үдерісінде 
басқару. 
Дирижерорындаушылықтың  ансамбльдік  үндестілігін  және  техникалық  жетілуін 
қамтамасыз  етеді,  орындаушылар  ұжымына  өзіндік  көркемдік  ниетін,  шығарманың  
өзіндік түсінігін беруге ұмтылады. 
Диржерлық  өнер  ең  алдымен  дене  мүшелерінің  қимылын  дұрыс  сақтап,  оны 
дұрыс  пайдаланудан  басталады.  Дирижердың  тұрғысы  сыпайы,  сырт  тұлғасы 
сымбатты  болуы  тиіс.  Ол  оркестр  алдында  тұрғанда,  оған  тек  орындаушылар  ғана 
емес,  сондай-ақ  тыңдаушылар  да  назар  аударады.  Мұндай  жағдайда  кеуде  сәл 
көтеріңкі, бас тік ұсталып, көз қиығы бір жаққа аударылады, қол бос ұсталып, төмен 
түсірілуі  керек.  Кеуденің  қозғалысы  да  дирижердың  еркін  қимылдауына  ешқандай 
кедергі жасамауы тиіс. 
Дайындық  немесе  концерт  кезінде  оркестр  алдында  дирижер  бетін  ұжымға 
қаратып  тұрады.Оның  аяғының  астында  арнайы  жасалған  тұғыр  (подмост)  болуы 
қажет.  Дирижердың  осылайша  орналасуы  оның  оркестрмен  өзара  тығыз  қарым-
қатынаста  болуы  үшін  өте  маңызды.  Дирижер  шығармаға  жетекшілік  етер  алдында 
орындаушылардың  әзірлігін  шолып,  тексереді.  Осыдан  кейін  барып,  дирижер 
дирижерлық негізгі қалыпқа көшіп, қолын көтереді. 
Дирижерлау  үдерісінде  оның  екі  қолы  мен  бет  қимылдарының  (мимика)  ролі 
өте  зор.  Дирижеросы  екі  қолы  мен  бет  қимылдары  арқылы  оркестр  мүшелерінің 
назарын аударып, шығарманың мазмұны мен қуатын  орындаушыларға ұғындырады.  
Қол  қимылдары  арқылы  дирижер  негізгі  практикалық  әдістерін  жүзеге  асырады.  
Дирижердың  екі  қолы    –  музыкалық  шығармалардың  ішкі  астарын,  мазмұнын 
кеңінен  талдап,  баяндап  беретін  құралы.Қол  негізінде  қоспа,буын  (кисть),  білек, 
шынтақ  және  иық  бөлімдерінен  тұрады.  Сонымен  бірге  дирижер  әр  уақытта 
оркестрге  музыканың  қандай  сипатта  орындалатынын  және  ішкі  сезімін  өзінің  бет 
бейнесімен  білдіреді.Ендеше,терең  мағыналы  философиялық  үлкен  ойды  білдіретін 
күй немесе шығармаларды дирижерлық жасағанда дирижер терең ойлы көзқараста болуы 
тиіс.Керісінше,  көңілді,  шабытты  күйлерді  ойнатқанда  соған  сәйкес  көңіл  күйде  болады, 
яғни  орындалатын  шығарманың    характері  мен  дирижердың  мимикасы  қабысып  жатса, 
онда ол тыңдаушыға да, оркестрге де жақсы әсер қалдырады.  
Дирижер  көзқарасымен  оркестрді  өзіне  қаратады.  Сөйтіп,  «негізгі  қалып» 
немесе  «байқаңыздар»  қимылымен  ойнаушыларды  келесі  әрекетке  әзірлеп, 
дайындайды. Бірақ, «байқаңыздар» – қимылы тым ұзаққа созылмауы керек, тәжірибесі аз 
жас жетекшілер мұны әр уақытта есіне сақтаулары керек. Себебі, бұл қимыл тым ұзаққа 
созылса,  ол  мағынасын  жоғалтады,  ұжым  назарын  еріксіз  басқа  жаққа  аударады. 
Сондықтан, ол аз болса да уақыт тұрғысынан ұтымды, айқын, анық берілуі тиіс.       

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
197 
Дирижерлық өнер музыкалық орындаушылықтың дербес түрі ретінде шамамен 
19  ғ.  қалыптасты,  бірақ  оны  тарихы  ежелгі  уақыттан  басталғанын  археологиялық 
қазбалардан алынған жәдігерлер көрсетіп отыр. 
Дирижерлық  өнерде  өзінің  тарихи  даму  шағында,  оның  қазіргідей  үлгісі 
қалыптасқанынша бірнеше кезеңдер өтті. Солардың бірқатары: 
а)  орындаушылықтағы    дыбыс  ырғағын  қолдың  немесе  аяқтың  көмегімен 
соғып санау арқылы басқару; 
б) дыбыстың биіктігін және ұзақтығын дене қимылдары  арқылы көрсету; 
в) аспапта ойнау арқылы басқару және т.б. 
Қазіргі  кезде  дирижерларды  даярлау  кәсіптік  деңгейге  қойылып  отыр.  Қазіргі 
дирижерлық    дирижердан  музыкалық–теориялық  даярлықты,  музыкалық  әдебиет 
аясында  кең,  әрі  терең  білімді,жоғарымузыкалық  қабілеттілікті,  яғни  арнайы 
жаттықтырылған  есту,  жақсы  музыкалық  есте  сақтауды,  ырғақ,  ритм  сезімдерін, 
жинақы зейінді талап етеді. 
Дирижерда белсенді мақсатты бағытталған ерік қажетті шарт болып табылады. 
Дирижер  психолог,  әрі  белгілі  бір  ұйымдастырушылық  қабілетке  ие  педагог-
тәрбиеші болу керек. 
Болашақ  дирижер  маман  дирижерлық  техниканы  меңгеруге  тиісті  -  бұл 
орындаушының  санасына  әсер  етудің  маңызды  құралы  болып  табылады.  Осыдан 
келіп  дирижерлық    техниканы  меңгерудің  қиындығы  және  ол  үшін  қажетті 
қабілеттердіңболуын  талап  етіледі.  Дирижерлық  техника  орындаушының  санасына 
әсер ету құралы ретінде тілдің функциясын орындайды
Дирижерлық  әрекетке  профессор  А.В.  Петровскийдің  мынадай  пікірінің 
тікелей  қатысы бар: « Қол  сермеу, мимика, тұрысты, көздің бағытын және сонымен 
бірге  ара  қашықтықты  да  пайдалану  арқылы  байланысорнатып,  қарым-қатынасқа 
сөзсіз–ақ  түсуге  болады.  Мұндай  мәндік  қарым-қатынас  эмоционалдық  күйді, 
сезімді, көңіл–күйді бергенде жүзеге асырылады» [1, 27 б.]. 
Мәселен көп жыл бойы дирижерлық  міндетті атқарған Г.Вуд [2] дирижерлық 
техниканың төмендегідей деңгейлерін анықтаған: 
-  бірінші деңгей - орындау ансамбліне жетекшілік; 
-  екінші деңгей - орындаудың ырғақ,ритм жағына жетекшілік; 
-  үшінші деңгей - айтылуының (интинирования)сипатын анықтау; 
-  төртінші деңгей - музыка өрнегінің динамикалық дамуын беру; 
-  бесінші деңгей-музыкалық қозғалыстың образдылығын көрсету; 
-  алтыншы  деңгей  -  музыкалық  бейненің  сипатын  және  оның  эмоционалдық-
мәндік мазмұнын көрсету; 
-  жетінші деңгей - орындаушыларға әсер. 
Дирижер өнері – қиын, әрі жауапты өнер. Демек, осы өнермен шұғылданушы 
жастар өздерінің мақсатына жету үшін ұдайы еңбек етіп, өз бетімен ізденулері керек. 
Олар  бұл  өнерді  тек  қана  оқытушылар  басшылығымен  меңгеріп  қоймай,  сонымен 
бірге  өзіндік  жұмыс  арқылы  да  меңгереді.  Себебі  дирижерлық  өнерді  ойдағыдай 
жақсы меңгеру үшін, ең алдымен соған сәйкес қабілеттері мен дарындылығы болуы 
керек, сол таңдаған өнердің мазмұн-мағынасы, құрылымы және әдістері туралы анық 
түсінігі болуы қажет; өнерді игерудегі талапқа сай әдістемелік оқыту жүйесі болу керек; өз 
бетімен  дайындық  оқу  жұмысының  кезеңі  кәсіби  дағдыны  игеруге  және  белгілі  бір 
қабілеттерді  дамытуға  жағдай  жасауы  керек.  Осылардың  бәрі  бірінен  кейін  бірі  орналасып 
және  өзара  тығыз  байланыста  болады.  Осы  жүйенің  бір  буыны  болмаған  жағдайда  немесе 
әлсіздігі байқалса, талаптанушының кәсіби деңгейінде өз көрінісін табады. 
Сонымен  қатар  дирижарғаоның  негізгі  міндеттерін  атқаруда  бірден-бір 
көмекшісі  болып,  үздіксіз  жұмыс  жасайтын  дене  құрылысы  (дирижерлық  аппарат) 
жағынан  да  көп  талап  қойылады.  Мысалы,  дирижерлық  техниканың  сәйкесті 
тәсілдерін орындау үшін әртүрлі қозғалыстарды жеңіл орындайтын жақсы жаттыққан 
қолдың  қажеттігі  бар.  Дирижер  әрдайым  спортпен,  гимнастикамен  жүйелі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
198 
айналысып, денелік жаттығуларды орындап отыру қажет, себебі бұл мамандық үлкен 
шыдамдылықты,дененің және қолдың  жақсы жаттыққандығын талап етеді. 
Оркестрдің  жетекшілері  бастапқы  кездеөздерін  қолайсыз  жағдайда ұстаулары 
мүмкін.  Мұның  себебі:  біріншіден,  қол  буындарын  бос  ұстамағандықтан  болса, 
екіншіден,  басқару  үдерісіне  қатысы  жоқ  дене  мүшелерін  орынсыз  қолданудан 
болады.  Міне,  осындай  ұсақ,  бірақ  жас  дирижерға  біраз  қиыншылық  тудыратын 
кемістіктерден сақтандыру үшін келесідей бірнеше жаттығуларды меңгеруге болады: 
-  бірінші  жаттығу  -  бір  қалыпта,  түрегеліп  тік  тұрғаннан  кейін,  қолды  жоғары 
көтеріп, кеуде тұсында ұстау керек; иықтың бұлшық еттері бос, еркін болсын; қолды сағат 
тілінің бағытымен төмен сермегенде, ол өз салмағымен еркін түсетін болуы керек; 
-  екінші  жаттығу-бұл  жаттығуды  орындау  үшін  үстіне  кітап  қойылған  стол 
жанына келіңіз; столдың биіктігі белден аспауы керек; қолды кеуденің тұсына дейін 
көтеріп, одан кейін өзінің салмағымен кітап үстіне түсіру керек; қолдың басы аз ғана 
жұмылады; қол кітап үстіне түскенде дыбыс шығады; 
осы  жаттығудан 
біз  денемізді  қаншалықты  еркін  ұстайтынымызды 
байқаймыз;егер қолдың бұлшық еттері бос болса, дыбыс анық және ашық шығады, ал 
қатты болса онда, керісінше, дыбыс әлсіз болады; 
-  үшінші  жаттығу  -  бұл  да  екінші  жаттығуда  берілген  қимылдар  арқылы 
көрсетіледі;  бірақ  стол  үстінде  енді    кітап  болмайды;  ол    қимыл    –  қозғалыстар 
бейнелеу арқылы жүзеге асады. 
-  төртінші  жаттығу-екі  қол  алға  қарай  созылып,  шынтақ  жартылай  иіледі; 
саусақтар  еркін  ашылады;  бұдан  кейін  қолдың  қоспасын  жайлап  иіп,  саусақтарды 
жоғары-төмен қимылдату керек және т.б.  
Бұл жаттығулардың мақсаты  – қолдарды емін-еркін бос ұстау, кеудеден белге 
дейінгі  қол  қимылын  игеру  болып  табылады.  Тәжірибе  жүзінде  студент  әртүрлі 
орындау белгілерін және т.б. жағдайларды көрсету үшін  үлкен немесе кішірек көлем 
қол  қимылдарын  қолданады.  Оқыту  үдересіндегі  дирижерлауды  (аспаптың 
көмегімен)  жүйелі  бір  іс-әрекет  деп  атауға  болатын  болса,  студенттің  үйдегі 
дирижерлау  дайындығын  тек  қимыл  ретінде  қарастыруға  болады.  Елес-ойдағы 
орындаушылықты  дирижерлауды  нақты  қимыл  іс-әрекет  етіп  жасау  үшін  ерекше 
оқыту  әдісі  керек,олар  музыкалық  ойлау  қабілетінің  белсенділігі,  музыкалық  ой-
сезімі  негізінің  динамикалық  түрде  күшею  әсерін  сезіну  және  басқа  да  дирижерлық 
маңызды қасиеттердің дамуына үлес қосқан болар еді.    
Дирижерлық өнерді жаңа бастаған үйренушіге дирижерлық нұсқаның түрлерін 
меңгеруіне  тура  келеді.  Әр  өлшемдегі  дирижерлық  көрсеткіш  белгілерін  жеңіл 
түсініп,  тез  игеру  үшін  ең  алдымен  оның  жай,  қарапайым  үлгісімен  танысып  алған 
жөн. Одан кейін барып музыкалық шығарманың мазмұны мен сипатына байланысты 
түрлі  өлшемде  жүретін  пластикалық  дирижерлық  көрсеткіштерге  көшуге  болады. 
Шығарманы  сапалы,  жоғары  дәрежеде  орындау  үшін  техникалық  әдістерге  қоса  әртүрлі 
бейнелеу қимылдарын да пайдалану керек. 
Дирижерлық ету кезінде дыбыс шығарудың үш түрлі көрсету әдістері болады, 
атап  айтқанда:  легато  (байланыстыра),  нонлегато  (байланыстырмай,  үзіп),  стаккато 
(секірте,қысқа).  Бұл  айтылғандардың  әрқайсысы  жеке-жеке  ерекше  музыкалық 
белгілермен көрсетіледі. 
Қазіргі  жоғары  оқу  орындарында  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруда  кредиттік 
жүйе  студенттердің  ѳзіндік  жұмысын  жаңаша  жүргізуді  талап  етеді,  ѳйткені  жаңа 
оқыту  жүйесінде  ѳзіндік  жұмыстың  алатын  орны  ерекше.  Елімізде  білікті  мамандар 
даярлайтын  жоғары  оқу  орындарының  барлығы  кредиттік  оқыту  жүйеге  енгенін 
ескеріп,    ѳздігінен  білім  алып,  оны  үзбей  жетілдіруді  қажет  ететін  талаптың  пайда 
болғанын,  яғни  жаңа  кезеңге  икемделген  студенттің  ѳздік  жұмысын  ғылыми-
педагогикалық  тұрғыдан  зерттеу  міндеті  пайда  болып  отыр.  Жаңа  талаптарға  сай 
жоғары оқу орындарының оқу жоспарына енгізілген пәндерді игерудегі уақыттың 70 
пайызы  студенттің  ѳзіндк  жұмысына  беріледі.  Оның  50  пайызы  оқытушының 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
199 
қатысуымен  және  жетекшілігімен  жүргізілетін  ѳзіндік  жұмысқа  бѳлінген.Кредиттік 
оқу  жүйесінің  2/3  бөлігі  студенттің  өздігінен  жасайтын  жұмысынан  тұрады,  яғни 
білімнің негізін студент өз бетінше іздену, білуге деген қызығушылыққа, танымдық 
белсенділікке  сүйене  отырып  қалыптастырады.  Мысалы  «Жалпы  дирижерлау» 
пәнінің оқу жұмыс бағдарламасынатоқталуға болады. 
Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкесті  қарастырылып  жатқан 
таңдау курсының оқу жұмыс бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады: пәннің оқу 
жұмыс  бағдарламасының  мақсаты  мен  міндеттері;  студенттің  пәнді  меңгеруінің 
бағдарламасы; пән бойынша тапсырмаларды орындаудың және оны тапсыру кестесі; 
жеке  дәрістер  мен  практикалық  сабақтардың  жоспары; пәнді  меңгеруге  байланысты 
әдістемелік  ұсынбалар;  практикалық  сабақтарды  орындауға  байланысты  пәндік 
түсініктемелер  және  әдістемелік  ұсынбалар;  студенттің  өзіндік  жұмысының 
жадығаттары:  үй  тапсырмаларының  мәтіндерінің  жиынтығы,  әрбір  тақырып 
бойынша  өзін-өзі  қадағалаудың  жадығаттары,  жұмыстың  түрлерін  орындауға 
байланысты  тапсырмалар,  аннотация  және  үй  тапсырмаларын  орындауға  қажетті 
әдебиеттердің  тізімі,  пән  бойынша  алған  білімдерін  практикада  қолдануға 
байланысты  әдістемелік  ұсынбалар,  студенттің  білімін  қадағалауға  және  бағалауға 
қажетті жадығаттар (жазбаша тексеру тапсырмалары). 
«Жалпы  дирижерлау»  пәнінің  оқу  жұмыс  бағдарламасының  мақсаты  – 
дирижерлық  білімді  меңгерту  және  дирижерлық  орындаушылық  әрекеттің  қажетті 
дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және кәсіби қабілеттерін дамыту.  
Студенттердің 
өздік 
жұмысы 
тапсырмаларын 
орындауда 
музыкалық 
шығармаларды талдаудың келесідей кестесі ұсынылады: 
1.  Талдаудың  басы  –  өнер  шығармасы  туралы  мәлеметтерді  негізгі  ретімен 
орналастыру:  жасалған  уақыты,  аты,  авторлығы,  шығарманың  стилі.    Музыкалық 
шығарманың  сыртқы  сипаттамасының  берілуі:  сюжеті,  композициялық  типі, 
композиция ритмі; 
2.  Талдау,  құрылымды  анықтау–шығарманың  жарқындық  және  бейнелеу 
ерекшеліктерін сипаттау; 
3.  Синтез,  арақатынасты  анықтау  –  шығарманың  негізгі  эмоционалдық  түсін 
анықтау және талдау. 
4.  Деңгейі–шығарманың  көркемдік  образының  сипаттары  зерттеледі,өнер 
шығармасындағы  өзара  әрекеттің  деңгейлері,  өзара  әсердің  күші  және  типтері 
талданады.  Өзіндік  жұмыс  әрбір  дирижер  музыкант  орындаушының  әрекетіндегі 
шешуші  буын  болып  табылады.  Бірақ  дирижерды  даярлау  үдерісінде,  ол  ерекше 
маңызды  мәнге  ие.  Көп  жылдық  практика  дирижерлық  бойынша  студенттердің 
өзіндік  жұмысы  қиыншылықтармен  жүретінін  байқатып  отыр.  Әдетте,  себепті 
дирижер өзінің «аспабынсыз» жұмыс істеуімен түсіндіреді. Шынында да, музыкалық 
шығарманың  орындалу  барысында  дирижер–жетекші  қол  сермеу  «тілін»  пайдалана 
отырып, 
орындаушылармен 
қарым-қатынасқа 
түсіп, 
олардың 
музыкалық 
түсініктеріне әсер етеді. Егерде басқаруға келетін студенттің алдында орындаушылар 
болмаса,онда күрделі, әрі ерекше қарым–қатынас құралдарын тиімді қалай дамытуға 
болады?  Әрине,  дирижердың  өзіндік  жұмыс  кезінде  жағдайы  қолайсыз,  бірақ 
шеберлікке  жетуге  «аспаптың»  болмауы  басты  себеп  болмайды.Сонымен  бірге 
студент  сәйкесті  қабілетке  және  сапаларға  ие  бола  отырып,  дирижерлық  өнердің 
ерекшеліктерін  жақсы  білуі  шарт.  Сондықтан  оқытушының  көмегімен  және  жеке 
өзіндік жұмыспен студент өнердің бұл түрінің мазмұны, құрылымы және құралдары, 
мақсатын  жақсы  білуі  керек.  Студент  оқытушымен  бірге  өзіндік  жұмыста  меңгеріп 
жатқан өнердің талаптарына сай оқыту әдістемесін қолдану қажет. Бұл негіздемелер 
бір-бірімен  бірізділікті  байланыста.  Бұл  тізбекте  қандай  да  бір  буынның  болмауы 
немесе әлсіздігі студенттің кәсіптік деңгейіне теріс әсер етеді [3, 49 б.]. 
Студенттің  дирижерлыққа  үйренудегі  өзіндік  жұмысының  сипаты  және 
бағытталғандығы  дирижерлық  өнердің  ерекшелігімен  шартталады.  Дирижерлық 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
200 
мамандық  көп  жақты  болып  келеді,  сондықтан  оқытушы  мен  студент  дирижерлық 
өнерді  меңгеру  үшін  әртүрлі  формалар  мен  әдістерді  қолдану  керек.  Олардың  мазмұны 
дирижерлыққа оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолдануды меңзейді. 
Партитурамен  (оркестрге  арналған  ноталық  жазба)  өзіндік  жұмыс  үдерісінде 
студент тек қана нота мәтінін оқып біліп және талдап қоймай, сонымен бірге алдағы 
репетициялық  жұмыстың  формаларын  және  әдістерін  ойластырып,  қажет  болған 
жағдайда  оларды  өзгертуге  даяр  болу  керек.  Сонымен  бірге  студент  оқытушымен 
кеңесе  отырып    қол  сермеу  бағытында  партитураны  меңгеру  қажет.  Музыкалық 
образды  көрсету  үшін  қол  сермеу  формаларын  іздестіріп,  шығарманың  күрделі 
түрлерін  техникалық  басқарудың  тәсілдерін  табуы  тиіс.  Студенттердің  дирижерлық 
орындаушылыққа деген ынтасы оның мәнін әртүрлі түсінуі өздік жұмыстың әртүрлі 
формалары  мен  әдістерін  тиімді  қолдануға  итермелейді.  Студент  оқытушымен 
бірлесе отырып дирижерлық техниканы, яғни қол сермеудіңсипаттамалық формасын 
және  оларды  орындаудың  тәсілін,  қолды  сермеудің  әртүрлі  жағдайда  болуын, 
дирижерлық мәнерін және т.б. дирижерлықорындаудың шеберлігін  меңгереді. 
Біздің  пікірімізше,  өзіндік  жұмыста  орындаушылықты  басқарудың  барлық 
формаларын,  қол  сермеудің  бүкіл  түрлерін  қолдануға  болады.  Мұның  бәрі 
дирижердың  техникасын  байытады,  өзінің  орындаушылыққа  қатысты  ойларын 
орындаушыларға 
жарқын 
түрде 
жеткізуге 
көмектеседі. 
Студент 
ең 
алдыменкөркемдік  –  мәнерлі  дирижерлық  жасағанда  орындаушыларға  өзінің 
ұмтылыстарын  сенімді  түрде  бере  алады.  Орындаушылар  құрғақ  тактілік  қол 
сермеуге  қарағанда  дирижердың  мәнерлі  қол  сермеуінен,  оның  ұмтылысын  жақсырақ 
түсінеді. Жас дирижер өзінің техникасының мүмкіндігін барынша дамытып қана қоймай, 
сонымен  бірге  өзінің  қабілеттерін  де  дамытып  отыруы  қажет.  Ол  үшін  барынша мәнерлі 
дирижерлық әрекет жасауға ұмтылыс жасағаны абзал. 
Ең  алдымен  оқыту  мақсаттарын  көздейтін  өзіндік  жұмыста  сараң  қол  сермеу 
ұсынылмайды,  керісінше  дирижерлық  шеберліктің  қыр-сырын  меңгеріп  жатқан 
студент орындаудың бүкіл детальдарын және нәзіктігін қол сермеу арқылы барынша 
толық көрсетуге тырысуы тиіс. 
Өзіндік  жұмыста  орындаушылық  және  ерекше  дирижерлық  дағдыларды  жан-
жақты  дамытуда,  студент  міндеттерді  барынша  күрделендіре  түсу  керек.  Студент 
музыкалық  фразаның  бүкіл  элементтерін  жарқын  беру  үшінмануалдық  құралдарды 
іздесе,  сонда  ол  оның  мазмұнын  терең  түсініп,  оған  тән  ерекшеліктерді  байқайтын 
болады.  Музыкалық  материалға  осындай  қарым-қатынас  жасағанда  ғана  дирижер 
орындауды әсерлі қыла алады [4, 8 б.].  
Өзіндік жұмыстың бастапқы кезеңінде студент дирижерлық өнерді меңгеруде 
қол сермеудің барынша жарқындығына, орындылығына назар аударып, оның қиялын 
шектейтін және орындаушылық ұсыныстарын жеткізуге кесел келтіретін шарттармен 
өзін шектемеу қажет. 
Практикалық  жеке  сабақтағы  студенттің  ѳзіндік  жұмысы  -  бұл  оқыту 
үдерісіндегі  жекелік,  ѳздігінен  білімді  меңгеру  түрі  болып  табылады.  Кредиттік 
оқыту  жүйесінде  дәріс  беруді  ұйымдастыруда  зерттеу  мынадай  қорытынды  жасауға 
мұмкіндік  берді:  оқыту  үдерісінде  қолданатын  дәрістің  кез  келген  түрінде 
оқытушылар  мен  студенттердің  арасында  ѳзара  белсенді  қарым  -  қатынас  әдісін 
қолданса, ѳзіндік жұмыстың тиімділігі  арта түседі; әртүрлі дәріс кезіндегі студенттің 
ѳзіндік  жұмысының  тұқ  етері  -  аз  уақыт  ішінде  жаңа  тақырыпты  студентке  сапалы 
меңгерту   болып табылады. Ол үшін дәріс  оқитын  оқытушы  бірінші курстан бастап  
сабақтарда  дәріс  жадығаттарын    тез  меңгертуге  кѳмектесетін  әдіс-тәсілдердің  жүйесіне 
үйретеді:  тірек-сызба  жасау,  кілт  сѳздерді  бөліп  шығару,  қысқаша  аннотация  немесе 
тұжырымдама  жазу,  жадығаттардың  тезисін  даярлау.    Қорыта  келгенде,  әртүрлі  дәрістің 
сипаты  оқытушылар  мен  студенттерді  ѳзара  белсенді  қарым  -қатынасқа  қоятын  тиімді 
әдіс - тәсілдерді қолданып, іске асыру деп айтуға болады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
201 
Дәстүрлі  музыкалық  өнер  мамандықтарына  арналған  пәндер  бойынша 
студенттердің  оқыту  үдерісі  кезіндегі  ѳзіндік  жұмыс  түрлерінің  мақсаты,  міндеті, 
қызметі,  қолданылатын әдіс-тәсілдері  теориялық  тұрғыдан  талданып,  оны әртүрлі  оқыту 
формаларында  жүзеге  асыру  ұсынылды.  Теориялық  талдау  арқылы  студенттің  ѳзіндік 
жұмысының  бағыттары  анықталып,  кредиттік  оқыту  жүйесіне  негізделген  аудиториялық 
және аудиториядан тыс ѳзіндік жұмыс түрлерінің мазмұны айқындалды. 
Дәріс  барысындағы  студенттің  ѳзіндік  жұмысын  ұйымдастыру  арқылы 
қалыптасатын  білімі,  іскерлігіне  және  дағдысына  талдау  жасалынып,  дәрістегі 
оқытушы  мен  студенттің,  студент  пен  студенттің  субъект-субъектілік  өзара  қарым-
қатынасын  жүзеге  асыратын  белсенді  оқыту  түрлері  қолданылды;  практикалық 
сабақта  студенттің  жүзеге  асыратын  ѳзіндік  жұмыс  түрлері  айқындалды; 
Студенттердің өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауда оқу жадығаттарымен жұмыс 
жасаудағы  ѳзіндік  жұмыстарға  негізделген  әдіс-тәсілдері  таңдалынады.  Педагогикалық 
әдебиеттерді қарастыру арқылы «студенттің өзіндік жұмысы», «дәрістегі ѳзіндік жұмыс», 
«аудиториядан  тыс  орындалатын  ѳзіндік  жұмыс»  ұғымдары  дирижерлік  мамандыққа 
байланысты толықтырылды. 
Болашақ  дирижердың  әрекетінің  ерекшелігіне  қарай  ѳзіндік  жұмысын 
ұйымдастырудың 
мотивациялық, 
мазмұндық, 
іс-әрекеттік, 
бағалаушылық 
компоненттер  негізінде  ѳлшемдері мен  кѳрсеткіштері,  деңгейлерін арнайы  қарастырудың 
қажеттілігі бар.Жоғары оқу орындарының студенттеріне ѳзіндік жұмысты ұйымдастыруда 
оқытушы  мен  студенттердің  ѳзара  белсенді  оқыту  әдістері  тиімді  нәтиже  береді  деп 
танылып, барлық оқыту формаларында  қолдану қажеттігі айқындалды. 
Жоғары оқу орнында қолданылатын кредиттік оқыту жүйесінде дирижерларды 
дайындау  ерекшелігіне  сәйкесті  ѳзіндік  жұмыстарды    ұйымдастыру,  оны  әртүрлі 
оқыту  формаларында  тиімді  қолдану  арқылы  болашақ  дирижерларды  дайындаудың 
сапасын арттыруға болатындығын практикалық жұмыстыңнәтижесі көрсетті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет