БҚму хабаршы №4-2016ж


 ноября 2016 г. в ЗКГУ им. М. Утемисова прошла международная



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

23 ноября 2016 г. в ЗКГУ им. М. Утемисова прошла международная 
научно-практическая конференция «25 лет  Независимости Республики 
Казахстан и перспективы Евразийской интеграции» 
На 
пленарном 
заседании 
выступили с докладами: 
1. Тасмагамбетов 
Асет 
Сембаевич  –  д.и.н.,  профессор,  1-й 
проректор  ЗКГУ  им.  М.  Утемисова  – 
«Тәуелсіздік 
жылдарындағы 
Қазақстанның  даму  жолдары»  (РК, 
г.Уральск)  
2. Байниязов 
Рустам 
Сулейманович 
– 
д.ю.н., 
профессор 
Поволжского  института  Всероссийского 
государственного  университета  юстиции 
– 
«Межэтническое 
и 
межконфессиональное  многообразие  современного  Казахстана:  социальный  образ, 
нравственная сила и государственное единство» (РФ, г. Саратов) 
3. Мергалиева  Лилия  Игоревна  –  д.э.н.,  профессор  ЗКГУ  им.  М.Утемисова  – 
«Экономический  прагматизм  в  современных  условиях  развития  евразийской 
интеграции» (РК, г. Уральск) 
4. Москвин  Илья  Юрьевич  –  к.и.н.,  пресс-секретарь  Ассамблеи  народов 
Оренбургской области, эксперт АНО "Содружество народов Евразии"  – «Казахстан 
– 
Россия: 
приграничное 
сотрудничество, 
гуманитарный 
аспект 
(пример 
Оренбуржья)» (РФ, г. Оренбург) 
5. Жумина  Асия  Тулеубаевна,  руководитель  экспертно-аналитического  отдела 
КГУ  "Коғамдық  келісім"  аппарата  акима  ЗКО  –  «Роль  АНК  в  укреплении 
общенационального единства» (РК, г. Уральск) 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
341 
6. Цатхланова 
Тамара 
Тавиновна 
– 
д.э.н., 
профессор 
Калмыцкого 
государственного  университета  –  «Туризм  как  фактор  сотрудничества  России  и 
Казахстана» (г.Элиста, РФ) 
7. Базарбаев Амангельды Аскарович – генеральный директор Фонда поддержки 
научных 
исследований 
"Мастерская 
евразийских 
идей" 
– 
«Гуманитарное 
сотрудничество России и Казахстана: к драйверам развития ЕАЭС» (РФ, г. Саратов) 
8. Погодин  Сергей  Михайлович  –  к.и.н.,  председатель  правления  ОО  «Центр 
русской  культуры»  –  «Роль  этнокультурных  объединений  Западно-Казахстанской 
области в укреплении казахстанской идентичности» (РК, г.Уральск) 
В  работе  конференции  приняли  участие  представители  целого    ряда  казахстанских 
вузов,  расположенных  в  Уральске,  Астане,  Алматы,  Кустанае,  Петропавловске,  а  также 
учёные из Российской Федерации: из Оренбурга, Омска, Саратова и Элисты.  
Повестка  дня  конференции  была  очень  насыщенной  –  на  пленарное  и  на 
секционные заседания были заявлены 52 научных доклада.  
Работа конференции прошла по оснавным направлениям: 
1. Достижения  Республики  Казахстан  за  годы    независимости,  реализация  в 
Казахстане  евразийской  идеи,  укрепление  казахстанской  идентичности,  единства  и 
межнационального согласия; 
2. Перспективные  экономические  модели,  бизнес-проекты,  гармонизация 
правовых  систем  и  антикоррупционная  политика  в  контексте  модернизации 
Казахстана и развития ЕАЭС;      
Материалы конференции были изданы в сборнике научных работ. 
*** 
 
2016 жылы қараша айының 24-і күні М.Өтемісов атындағы Батыс 
Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазіргі әдебиеттану, тілтану 
мәселелері және жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев шығармашылығы» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтікізілді 
  
Конференция 
«Талант 
тұғыры» 
атты 
бейнефильммен 
ашылды. 
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Орал қаласының әкімі Төреғалиев Нариман 
Төреғалиұлы, 
 
белгілі 
жазушы, 
қоғам 
қайраткері  Құлкенов  Мереке  Әбдешұлы,  еңбек 
ардагері, 
жазушының 
студент 
кездегі 
кураторы 
Меруерт 
Жолдықайырқызы 
Жолдықайыровалар  алғашқы  болып  сөз  алып, 
қаламгерді мерейлі 60 жасымен құттықтады. 
М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ  ректоры, 
академик 
Асхат 
Сәлімұлы 
Иманғалиев 
конференцияны  аша  отырып,  кіріспе  сөзінде 
қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілі,  жазушы-
драматург, 
мерейтой 
иесі 
Рахымжан 
Қасымғалиұлы  Отарбаевты  құттықтай  келе, 
университеттің  ғылыми  Кеңесінің  шешімімен 
білім 
ордасының 
түлегі, 
мерейтой 
иесі, 
жазушы-драматург 
Р.Қ.Отарбаевқа 
«М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  құрметті 
профессоры»  академиялық  атағы  берілгенін 
жариялап, 
жазушы-қаламгер 
иығына 
профессорлық  мантия  жауып,  арнайы  куәлік 
табыс етті.  
 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
342 
Пленарлық  мәжілісте  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  «Құрмет» 
орденінің  иегері,  М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  құрметті  профессоры,  ақын 
Ақұштап  Бақтыгерейқызы  Бақтыгереева  «Рахымжан  –  өзіндік  мінез,  өзіндік 
қолтаңбасы  бар  қаламгер»,  «Махамбет»  гуманитарлық  зерттеулер  институтының 
директоры, п.ғ.д., профессор Абат Сатыбайұлы Қыдыршаев «Рахымжан Отарбаев – 
текті  сөздің  зергері»,  ф.ғ.к.,  доцент  Рита  Бекжанқызы  Сұлтанғалиева  «Рахымжан 
Отарбаев  драматургиясы:  тарихи  драма,  тарихи  тұлға,  көркемдік  шешім  және 
жаңашыл  көзқарас»,  БҚО,  Сырым  ауданы,  жалпы  білім  беретін  Бұлан  орта  мектеп-
балабақша  кешенінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  Ләйлі  Науайқызы 
Мақсотова  «Жазушы  Р.Отарбаев  шығармаларының  оқушының  сөйлеу  мәдениетін 
дамытудағы  орны»  тақырыптарында  ғылым-тәжірибелік  баяндамалар  жасады. 
Қазақстан  Жазушылар  одағының  мүшесі,  ақын  Амангелді  Ғұбайдоллаұлы  Шахин 
жазушыға арнаған «Оралыңа оралып тұр сағынтып» атты өлең-жырын ұсынды.  
Конференция  барысында 
студент 
Еркеназ 
Қалижан 
жазушы 
Рахымжан 
ағаға 
арнаған 
өлеңін 
– 
төл 
туындысын  оқыса,  филология 
факультетінің 
студенттері 
Еркебұлан Ғилманов, Мейрамбек 
Орынғалиев, Асланбек Шығыров, 
БҚО,  Сырым  ауданы,  ЖББО 
Бұлан 
мектеп-балабақша 
кешенінің 
оқушылары 
Ғаділжан  Базарбаев,  Гүлден 
Сағидоқас, Инабат Русланқызы жазушы-драматург Р.Отарбаевтың шығармаларынан 
үзінділерді мәнерлеп оқыды. 
Пленарлық  мәжіліс  соңында  қазақ әдебиетінің  көрнекті  жазушысы,  Қазақстан 
Республикасының  еңбек  сіңірген  қайраткері,  «Парасат»  орденінің  иегері,  мерейтой 
иесі  Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев сөз алып, университет ректоратына алғыс 
айтып, оқырмандар сауалдарына жауап берді.  
Конференция  барысында  «Жазушы-драматург  Рахымжан  Отарбаевтың 
шығармашылық  шеберханасы  және  әдебиеттану,  тілтану  мәселелері»,  «Қазіргі 
қоғамдағы  және  білім  беру  саласындағы  сөйлеу  мәдениеті:  теориясы,  тәжірибесі, 
оқыту  технологиясы  және  тәрбиелік  мәні»  атты  секциялық  мәжілістері 
ұйымдастырылды.  Профессор  Абат  Сатыбайұлы  Қыдыршаевтың  «Кәсіби  іскер 
маманның ауызша  сөйлеу  арқылы  әсер  ету моделі»  атты  шеберлік класы  (мастер-
класс)  өткізілді.  Конференция  түйіні  ретінде  БҚО  Қазақ  драма  театрының 
ұйымдастыруымен  жазушы  –  драматург  Рахымжан  Отарбаевтың  «Жәңгір  хан» 
драмасы  қойылды.  Конференция  қорытындысында  жинақталған  материалдар 
негізінде арнайы ғылыми жинақ жарық көретіні айтылды. 
 
 
 
*** 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
343 
Есімі өлкеге, Жайық жұртына ғана емес, республикаға мәшһүр  ұлағатты 
ұстаз,  сөйлеу  өнерінің    зергер  ұстасы,  қазақ  әдебиетінің  шынайы  жанашыры, 
«Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  үздігі»,  «ҚР  Білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері», 
«Тіл  жанашыры»  төсбелгілерінің,  «ҚР  Тәуелсіздігіне  –10  жыл»,  «Ерен  ерлігі  үшін», 
«Қадыр  Мырза  Әлі»  атындағы  медальдардың  иегері,  М.Өтемісов  атындағы 
Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  профессоры,  филология 
ғылымдарының  кандидаты,  доцент,  әдебиеттанушы,  ғалым  Серікқали 
Ғабдешұлы 
Шарабасовтың 
туылғанына 
70 
жыл 
толуына 
арналған 
«Ұмытылмас есім: ұстаз, ғалым, тұлға» тақырыбында республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференциясы өтті  
Конференция  «Сөз  сардары  –  нар 
тұлға»  атты  ғалым-ұстаз  өміріне  арналған 
бейнефильммен 
ашылып, 
 
сахнаға  
конференция 
трибунасының 
құрметті 
төралқасы  таныстырылды.  Конференцияға 
құрметті шақырулы қонақтар, Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетінің 
қазақ  әдебиеті  және  әдебиет  теориясы 
кафедрасының  профессоры,  филология 
ғылымдарының  докторы,  Бисенғали 
Зинол-Ғабден 
Қабиұлы, 
ақын, 
Халықаралық 
«Алаш» 
әдеби 
сыйлығының, 
«Құрмет» 
орденінің 
иегері,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 
қайраткері, 
М.Өтемісов 
атындағы 
БҚМУ-дың 
Құрметті 
профессоры 
Бақтыгереева 
Ақұштап 
Бақтыгерейқызы 
және 
профессор-
оқытушылар, 
магистранттар 
мен 
студенттер, ғалым-ұстаздың жан-жары Әспет апай мен балалары қатысты. Шешендік 
өнердің  озық  үлгісіндей,  ділмар  ұстаз  Серікқали  Шарабасовты  еске  алуға  келген 
қонақтар  ғалым-ұстаздың  жасаған  игі  істерін  еске  түсіріп,  ғылым  мен  әдебиетте 
сіңірген еңбегін бағалап, сөз сөйледі. 
«Адамның  адамшылығы  –  жақсы  ұстаздан»  -  деп,    ұлы  Абай  айтқандай, 
Серікққали Шарабасов Ғабдешұлы  - әр шәкірттің жүрегіне ерекше жылулық нұрын 
себетін  аяулы  тұлға  бейнесімен  есте  қалған  ұстаз.  Ғалым-ұстаз  қазақ  әдебиеттану 
ғылымының  өзекті  мәселелерімен  айналысып  ғылыми  еңбектер  де  жазған  болатын. 
Сол еңбектер топтастырылып кітап болып басылып шықты. Кітаптың тұсаукесері де 
конференцияда аталып өтті.  
Конференция  соңында  ғалым-ұстаздың  жан-жары  Әспет  апай  ұйымдастыру 
алқасына алғысын айтып, көп естеліктерін еске түсіріп, конференцияны қорытындылады. 
«Үлкенмен, кішімен де араласып, 
Жүретін даңғылында дара басып 
Айып па айбыны асып тұрса егер де 
Жайықта Серікқали Шарабасов. 
Күн сайын тиістісіз түлеуге, аға, 
Керек қой «Шілпіктерге» тіреу дара. 
...Қайыққа көппен бірге сыймай тұғын 
Жайықта Шарабасов біреу ғана», - деп, өскелең ұрпақты азаматтық мінезімен, 
еңбекқор  қасиетімен,  сергек  болмысымен  өмірлік  үлгі  алатын  ғалым-ұстаз,тұлға 
ретінде 
қалыптастырған 
Серікққали 
Шарабасовты 
еске 
алуға 
арналған 
республикалық ғылыми-конференция өз мәресене жетті. 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
344 
*** 
 
8 желтоқсан күні «VII Маxамбет оқулары» ғылыми-тәжірибелік 
конференциясыболып өтті 
Маxамбет 
мұрасынан 
төгілер 
өнеге 
мол. 
Ұлттық 
құндылықтарды 
насиxаттау 
мақсатында 
баһадүр 
бабамызға 
арналған 
алуан 
жиындар 
баршылық.  Бірегейі  күні  бүгін 
оздырылды.  Ол  –  «VII  Маxамбет 
оқулары» 
ғылыми-тәжірибелік 
конференциясы.  
8  желтоқсан  күні,  руxани 
байлық 
бақшасы 
М.Өтемісов 
атындағы 
БҚМУ-да 
өткізілген 
көлемді 
отырыс 
бірқатар 
баяндамашылардан  құралды.  Қазақ  филологиясы  кафедрасының  ұйымдастыруымен 
түрлі 
ғылыми 
тұлғалар, 
университет 
пен 
мектеп 
мұғалімдері, 
магистранттар 
шақырту  алған  болатын.  Бума 
бағдарламаға сай конференция 
өкілдері  түгелдей  қатысып, 
тақырыпқа  сай  сөз  тарқатты. 
Шара  бастау  алмастан  бұрын 
университет 
проректоры 
Ә.С.Тасмағамбетов  алғы  сөзін 
арнап, ректордың құттықтауын 
жолдады.  Алғашқы  баяндама 
иесі 
п.ғ.д., 
профессор, 
"Маxамбет"  ГЗИ  директоры 
А.С.Қыдыршаев  "Маxамбет  -  арымас  Алаш  арысы,  бұлқынған  асау  намысы" 
тақырыбында ой өрбітті. Кейіпкеріміздің бөлек болмысына, оның қазақ поэзиясында 
қырын  боп  тұруына  әсер  еткен  бағзы  заманның  Доспамбет,  Шалкиіз,  Асан  қайғы 
сынды  дуалы  ауыздылардың    ықпалы  екендігін  айтты.  Ежелгі  синкретті  өнерді 
меңгеруі  Махамбеттің  даралануына  алып  келгендігін  баяндай  келе,  сөз  зергері 
Р.Отарбаевтың  тұлға  туралы  пікірін  де  тілге  тиек  етті.  Көрнекті  ақын 
Ж.Молдағалиевтің  дарабозға  арналған  «Қабір  басында»  өлеңінен  үзінді  келтіріп, 
Р.Ниязбек  атты  ақын  ағамыздың  200  жырдан  тұратын  «Махамбет  майданы» 
кітабынан  ақпарат  берді.  «Махамбет»  ГЗИ-дың  есігі  қашан  да  ашық  екендігінен 
хабардар етіп, тың жаңалықтардың әлі де ашылу қажеттігін түсіндірді.  
Кезек  ф.ғ.д.,  аға  оқытушы  Қ.Ғ.  Аронов  ұстазға  келіп,  «Махамбет 
шығармаларындағы  теңеулер  қолданысы»  атты  баяндамасы  оқылды.  Баяндаманың 
негізі  –  батырдың  ақындығы.  Өлеңдер  жүйесі  мен  ондағы  көркемдеуіш  құралдар 
қарастырылды.  Түрлі  теңеулерді  жіктеп,  үзінділер  келтірді.Түйдек-түйдек  теңеулері 
таңдай  қақтыратын  тармақтарын  мысалдармен  тізбектеді.  Махамбет  поэзиясын 
биіктетіп  тұрған  лирикалық,  эллегиялық  сипат  басым  екендігін  жеткізіп,  жоғары 
пафос,  романтизмге  толы  туындыларының  жасалуы  осы  өзге  айрықша  теңеулердің 
арқасы екендігін баса айтты.  
Ғылыми-тәжірибелік  жиын  ф.ғ.д.,  аға  оқытушы    Ғ.Қ.Хасановтың  «Құлмат 
Өмірәлиевтің Махамбет зерттеулеріне қосқан үлесі» атты баяндамасымен жалғасты. 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
345 
Ақын  шығармашылығын  өз  көзімен  де  саралап,  туындылар  түгелдей  дерлік 
Махамбеттікі  болып  санала  ма,  жоқ  па  деген  сауалдарға  жауап  ізделінген. 
Ақжайықтың ақ шағаласы атанған, ақын А.Бақтыгерееваға сөз ұсынылды. Жанашыр 
апамыз    тұлға  болмысына  тәнті  болып,  оған  бас  иетіндегін  білдірді.  Махамбет 
Өтемісұлы 
жайында 
туындаған 
пікірлердің 
бірауыздылыққа, 
зерттеулердің 
бірізділікке 
түспей 
келе 
жатқанына 
қынжылды. 
Әр 
қазақтың 
баласы 
махамбеттанушы болса деп тілек білдірді.   Сондай-ақ,  магистрант А.Жамбылқызы 
Исатай Кенжалиевтың баба өміріне сай зерттеулері туралы баяндады. Тұлға жайында 
сыр шертетін «Махамбет Өтемісұлы» еңбегіне сипаттама берді. Ал, осы оқу орнынан 
түлеген,  бүгінгі  таңда  мектеп  мұғалімі  Н.Бекболатова  тақырып  төңірегінде  жақсы 
дайындығын көрсетті. Өзіндік тұлғалық болмыстың баспалдағы Махамбет өлеңдерін 
оқып,  ерліктерін  сезіну  деп  санайтындығын  жеткізді.  Ақын  поэзиясындағы 
ұлтжандылық қасиеттің есіп тұрғандығын байқата, мектеп оқу жүйесінде аруақты ер 
атында  үйірме  бар  екендігін  хабарлады.  Батыр  мирастарын  меңгертуді  мақсатында 
жұмыстанып,  дәстүрлі  және  қазіргі  жаңа  оқуту  әдісі  арқылы  игертіліп  жүргендігін 
жеткізді.  Қорытынды  бөлімде  шара  модераторы  А.С.Қыдыршаев  қалың  том-том  еңбек-
зерттеулердің  кішкене  кесегі  қозғалғанын  айтып,  түйін  сөз  БҚМУ  ғылыми  жұмыстар 
проректоры, профессор  Ғ.И.Имашевқа берілді. Қатысушыларға алғыс айтылып, «Махамбет 
оқуларының» аудиториясы жыл сайын арта түсуін тілейтіндігін білдірді. 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
346 
 
БІЗДІҢ МЕРЕЙТОЙ 
НАШИ ЮБИЛЯРЫ 
OUR  JUBILEES 
 
 
Жұмағазиева  Шәнда Жұмағазықызы 
 
Жұмағазиева Шәнда – тыл ардагері. Ұлы Отан соғысы 
жылдары «жалған» аэродромдардың құрылысына үлесін қосқан. 
Окоп қазып, жаралыларға көмек көрсеткен. 
Жұмағазиева  Шәндә  1926  жылы  Бөкей  Ордасы 
ауданында  дүниеге  келген.  Осы  ауданның  М.Горький 
атындағы орта мектебін бітірді. 
Ол  жас  кезінен  домбыра  тартумен  айналысып, 
балалардың  1943ж.  облыстық  домбырашылар  сайысына 
қатысып,  Алматыға  Республикалық  фестивальға  жолдама 
алады.  
Онда  өзінің  сүйікті  күйі  «Адайды»  орындап, 
әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды. Бұл әділқазылар 
құрамында  музыка  өнерінің  шоқ  жұлдыздары:  Дина 
Нұрпейісова,  Ахмет  Жұбанов,  Қанабек  Байсейітов,  Күләш  Байсейітова,  Шара 
Жиенқұловалар болды.   
Мектепті  бітірген  соң  Шәнда  Жұмағазықызы  А.С.Пушкин  атындағы  Орал 
педагогикалық  институты,  филология  факультетіне  оқуға  түсіп,  бір  жыл  оқып, 
Алматыдағы  музыкалық  училищеге  оқуға  түсуге  кетеді.  Алматыдағы  бұл  училище 
тұңғыш  Қазақ  консерваториясына  айналып,  Шәнда  Жұмағазықызы  консерваторияға 
түседі.  Бірақ  орбасы  жағдайына  байланысты  консерваторияны  бітіре  алмайды. 
Кейіннен оқуын ҚазМУ-де жалғастырады да, 1948 жылы оқуын бітіреді.  
1948  жылы  ҚазССР  оқу  министрлігінің  жолдамасымен  Орал  педагогикалық 
институтына оқытушы болып орналасады да, 1996 жылы зейнеткерлік демалысқа шығады.  
Шәнда  Жұмағазықызы  жартығасырлық  ғұмырын  ұстаздық  қызметке  арнады. 
Сапалы, үздік педагогикалық кадр даярлауда Шәнда апайдың еңбегіне баға жетпейді. 
Шәнда Жұмағазықызы қазір зейнеткерлік демалыста. 
 
Құрметті Шәнда Жұмағазықызы! 
 
Сізді  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті  қазақ 
филологиясы  кафедрасының  ұжымы  90  жылдық  мерейтойыңызбен  шын  жүректен 
құттықтайды.  
Сіз  -  өмірде  өзінің  өнегелі  өмірімен,  жұртқа  жасаған  жақсылығымен,  адал 
еңбегімен өзгелерге үлгі, ғибрат боларлық абзал адамсыз.  
 
Сіз  ана  тіліміздің,  туған  әдебиетіміздің  болашағы  үшін  аянбай  күрестіңіз, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің білікті мамандарын даярлауды өмірлік мақсат етіп 
қойдыңыз.  Жүздеген  жастардың  бойына  білім  нәрін  егіп,  үлкен  өмірге 
аттандырдыңыз.  Шәкірттерге  білім  берумен  қатар  қоғамдық,  ғылыми  және  тәрбие 
жұмысына саналы ғұмырыңызды арнадыңыз.  
«Ұстаздық – ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың 
басшысын  да,  данасын  да,  ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де,  кеншісін  де  ұстаз 
өсіреді» дейді. Сіз талай ұрпақты үлкен өмірге аттандырған бақытты ұстазсыз. 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
347 
Өмір керуенінде өзінің уақытын аямай, шәкіртінің бақытын аялай білген Сіз 
ұстаз  бақытын  адал  еңбегіңізбен  таптыңыз.  Сіз  бар  өмірін  бала  тәрбиесіне  арнаған 
аяулы  ұстазсыз,  мыңдаған  шәкірттеріңіздің  жүрегіне  сөз  өнерінің  құдіретін  ұялата 
білген білгір мамансыз. 
Құрметті  Шәнда  апай!  Сізге  зор  денсаулық,  ұзақ  ғұмыр,  қажымас  қайрат 
тілейміз! Мерейжасыңыз құтты болсын! 
 
  
Ізгі тілекпен: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың  
қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы 
 
*** 
 
Болатова
 Қанжан Беймұханқызы 
 
Қанжан  Беймұханқызы  Болатова  1946  жылы  қазан 
айының  7  жұлдызында  Орал  облысы  Камень  ауданы  I-
Шежін ауылында дүниеге келген. 
1964 жылыII-Шежін орта мектебін үздік аяқтап, сол 
жылы  А.С.Пушкин  атындағы  Орал  педагогикалық 
институтының  жаратылыстану-география  факультетіне 
оқуға 
түседі. 
1969 
жылы 
аталмыш 
институтты 
«география-биология»  мамандығы  бойынша  тәмамдап, 
Қазақ 
ССР 
Ағарту 
министрлігінің 
жолдауымен 
Жаратылыстану-география 
факультетінің 
«Зоология» 
кафедрасына оқытушы ретінде қызметке қалдырылды.  
Қанжан 
Беймұханқызы 
ұзақ 
жылдар 
бойы 
Солтүстік  Каспий  маңы  өлкесінің  жануарлар  биоалуантүрлілігі  мен  оларды  қорғау 
проблемалары, сондай ақ мектепте және жоғары оқу орындарында биология пәндерін 
оқыту  әдістемесін  жетілдіру  бағытында  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп 
келеді. 
Зерттеу 
нәтижелері 
халықаралық, 
республикалық, 
аймақтық 
конференцияларда  баяндалып,  көптеген  халықаралық,  республикалық,  аймақтық 
басылымдарда  80-ге  жуық  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік  еңбектері  жарық 
көрген.  Соның  ішінде  «Батыс  Қазақстан  облысының  жануарлар  әлемі»,  «Батыс 
Қазақстанның  сирек  кездесетін  жануарлары»,  «Омыртқасыздар  зоологиясынан  оқу-
дала  сараманы»,  «Эволюциялық  ілім»  тәрізді  оқу  және  оқу-әдістемелік  құралдары 
үлкен сұранысқа ие. 
Қанжан  Беймұханқызыстуденттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  және  30-
дан  астам  диплом  жұмыстарына  жетекшілік  жасайды.  Аймақтық  және  облыстық 
деңгейдегі  ғылыми  конференциялар  ұйымдастыру  алқасының  мүшесі  ретінде 
көптеген ұйымдастырушылық қызмет атқарады.  
Қанжан  Беймұханқызы«Адам  және  жануарлар  зоологиясы,  анатомиясы  және 
физиологиясы» кафедрасының меңгерушісі (1999-2003жж.), Педагогикалық институт 
директорының  орынбасары  (2005-2007жж.)  болып  қызмет  атқарған.  Екі  мәрте 
Ленинград  қаласындағы  Герцен  атындағы  пединститутында  (1979ж.,  1987ж.)  және 
«Экология» мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПИ-дан 
2003 жылы біліктілікті артыру курсынан өткен. 
Қанжан  Беймұханқызы  «Еңбек  ардагері»  медалімен,  ҚР  Білім  министрлігінің 
«Құрмет  грамотасымен»  (1992ж.),  ҚР  Білім  министрлігінің  «Отличник  Образования 
РК» төсбелгісімен (1995ж.), «Ы. Алтынсарин» белгісімен (2007ж.)  марапатталған. 
Қазіргі таңда Қанжан Беймуханқызы «Биология және экология» кафедрасында 
аға оқытушылық қызметін атқарып келеді. 

 
 
 
 
 
 
 
              БҚМУ  
Хабаршысы  №4-2016ж.  
 
 
348 
Құрметті Қанжан Беймұханқызы! 
 
Сізді  М.  Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің 
ұжымы жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 
70 жасқа 
толған мерейтойыңызбен 
шын жүректен құттықтайды. 
Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. 
Ұстаз  –  ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім-тәрбие 
беру,  жақсы  қасиеттерді  бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта  бағыт-бағдар  беруде 
ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
 
Бала  бойына  ата-анадан  кейінгі  ақыл-ой,  адамгершілік,  әдептілік,  ар-ұят, 
ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Ұстаз. 
Ендеше  өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын,  шәкіртінің 
жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп 
жүретін ұстаз жандардың бірегейі-Сізсіз! 
Шәкірттеріне  аса  мейірімді,  сөзіне  берік,  шыншыл  мінезді,  жүрегі  батыр, 
өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір 
Қанжан  Беймұханқызы  еңбекте  де  қажыр-қайратыңыздың  арқасында  талай  абырой 
биігінен  көрініп,  ұрпағыңызға  үлгі  болар  абзал  жан  ретінде  өзіңізді  танытып-ақ 
жүрсіз. 
Сізге  денсаулығыңыз  қуатты,  ғұмырыңыз  ұзағынан,  көрер  қуанышыңыз 
молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.
 
   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет