Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиетер тізімі



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
Пайдаланылған әдебиетер тізімі: 
1.
 
Сабыркүл Асанова «Сымбат, қазақтың ұлттық киімдері» Атамұра Алматы, 1995 
2.
 
Нүрпейісов Ҽ.Р. «Қазақ халқының ою-ҿнері» 
3.
 
Энциклопедия  «Қазақтың ою-ҿрнектері» 
4.
 
Козлова  Т.  В.  «Основа  теорий  проектирования  костюма»  Москва:Легпромбытиздат 
1981 г. 
5.
 
Орлова Л. В. «Азбука моды» издательство «просвещения» 1988 г. 
6.
 
Маханов Н.Э. «История Казахстана», «Народы и культуры». 2004г. 
 
Аннотация.  Об  умении  оипользования  казахского  орнамента  в  одежде.  Значение 
орнаментов.  О необходимости  приобщения молодежи к источникам истории и культуры. 
Аnotation.The article is about the of use of Kazakh ornament in the clothes, what ornament 
mean. About necessity to contact with people to the sources of our  history and culture.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

16 
 
ӘОЖ 373 
И 15 
 
БАСТАУЫШ САТЫДАҒЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Ибрагимова Ж.Б. 
А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі, Тараз қ. 
 
Жас ұрпақ -  ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Ҽрбір ұстаздың міндеті мектеп оқушыларын 
отансүйгіштікке,  ақыл-ойын  жан-жақты  дамытуға,  ұмтылуға  тҽрбиелеу.  «Қыран-түлегіне 
қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз-шҽкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың дана сҿзі 
ұстаз 
арқылы 
дарыған 
талаппен 
ұрпақтың 
алысқа 
ұшатынын 
меңзеген. 
        Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, ҽлемдік білім 
беру  кеңістігінде  енуге  батыл  қадамдар  жасалынуда.  Білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 
оларды  технологиялық-педагогикалық  тұрғыдан жетілдіру  қажеттігі  туындауда.  Білім  беру 
деңгейіндегі  озық  технологияларды  пайдаланудың  мақсатүйрете  жүріп,  үйрену. 
Білім  беру  саласында  озық  технологиялардың  енуі  мұғалімнің  ойлану  стилін, 
оқтыуҽдістемесін  ҿзгертеді.  Бастауыш  саты-бұл  оқушы  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды 
дамитын  құнды,  қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан  бастауыш  мектеп-оқушыны  тұлға  етіп 
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 
Президенттің  жолдауында:  «Ұлттың  бҽсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім 
деңгейімен  айқындалады»  -  деген  байламы  жеке  адамның  құндылығын  арттыру,  оны 
дайындайтын  ұстаз  жауапкершілігінің  артуы,  тынымсыз  еңбек,  сапалы  нҽтиже  деген 
ұғыммен егіз.[1] 
Тҽуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық 
моделіне  ҿту  оқыту  мен  тҽрбиелеудің  соңғы  ҽдіс-тҽсілдерін,  жаңа  инновациялық 
педагогикалық  технологияны    игерген,  психологиялық-педагогикалық  диагностиканы 
қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  бұрынғы  ескі  сүрлеуден  тез  арада 
арылуға  қабілетті  жҽне  нақты  тҽжірибелік  іс-ҽрекет  үстінде  ҿзіндік  даңғыл  жол  салуға 
икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. 
Қазіргі  таңда  сапалы  білім  беру  мҽселесі  қоғамды  толғандырып  отыр.  Себебі, 
қарыштап  дамып  келе  жатқан  технологиялық  прогресс  кезеңінде  ҿскелең  ұрпақтың  білім 
деңгейі  замануи талапқа сай болуы қажет. «Неге оқыту керек?», «қалай оқыту керек?», «не 
үшін  оқыту  керек?»,  -  деген  сұрақтарға  жауап  іздеген  ғалымдар  оқыту  үдерісін 
«технологиялық»  жолмен  жүргізуге  ҽрекет  жасады.  Оқытуды  нҽтижесінде  кепілдемесі  бар 
ҿндірістік  технологиялық  процеске  айналдыру,  осыған  байланысты  педагогикалық 
технологиялар  бағыты  пайда  болды.  Педагогикалық  ҽдебиеттерде  «технология»  түсінігі  ҽр 
түрлі  сҿз  тіркестерінде  қолданылады:  педагогикалық  технология,  ақпараттық  технология, 
компютерлік  технология,  білім  беру  технологиясы,  тҽрбиелеу  технологиясы,  біртұтас 
педагогикалық  процесті  жүзеге  асырудың  технологиясы,  оқытудың  дҽстүрлі  технологиясы 
жҽне т.б олардың даму динамикасы сол құбылыстың эволюциясында кҿрініс табады. [2]  
Педагогикалық технология ұғымы ғылымға бірнеше жылдар бойы ене бастады. Қазіргі 
оқыту  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологиялар  кеңінен  енуде.Оқушыны  пҽнге 
қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тҽрбиелейтін, қоғамдық кҿзқарастарын қалыптастыра 
алатын,  ҿзіндік  пікірі  бар,  қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі  қарама-қайшылықтарды  түсіне 
білетін,  еркін   сҿйлеп,  ҿз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ұрпақ  тҽрбиелеуде  сабақтың  
маңызы зор. 
Жаңа  педагогикалық  технологияны  пайдалануды  кҿптеген  педагог-психологтар  оқу 
үдерісінде  баланың  ҿз  бетінше  ақыл-ойының  дамытуы  деп  қарастырады.  Баланың  білімді 
саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда 
оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топ пен ынтымақтастықта қызмет ету 
арқылы  белсенді  түрде  оқу  үдерісіне  араласады,  бір-бірін  тексеру,  талдау  арқылы  білім 
алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады. [3]  
Бастауыш  сынып  оқушыларын  дҽстүрлі  оқыту  кезінде  ҿз  бетінше  шешім 
қабылдамайды, мҽселенің шешу жолдары да іздестірілмейді, білім дайын түрде беріледі. Бұл 

17 
 
қазіргі  кездегі  нарықтық  жағдайдағы  қажеттілікті  қанағаттандырмайды.  Сондықтан, 
педагогикалық технологияның түрлері, оған қойылатын талаптар нақты болуы қажет. 
Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейіне  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 
педагогикалық  технологияны  ендіруді    міндеттейді.  Сондықтан  оқу-тҽрбие  үрдісіне  жаңа 
инновациялық  ҽдіс-тҽсілдерді  енгізу  оқушылардың  білімге  деген  қызығушылығын,  
талпынысын арттырып, ҿз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.  
Оқу тҽрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады: 
І. Жаңа идеяны іздеу 
Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру 
ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру 
ІІІ. Жаңалықтарды енгізу 
Оқу - тҽрбие үрдісінде жаңа инновациялық ҽдіс-тҽсілдерді пайдалану  
IV. Жаңалықтарды бекіту 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  оқыту  формасын,  ҽдістерін, 
технологияларын  таңдауда  кҿпнұсқалық  қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің 
педагогтарына  ҿзіне  оңтайлы  нұсқаны  тиімділігіне  қарай  пайдалану  мұғалімнен  үлкен 
шеберлікті  талап  етеді.  Мұғалім  инновациялық  технологияның  тиімділігін,  ҽдіс-тҽсілдерін 
жетік меңгеруі қажет. 
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. 
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын  арттыру: 
•  Ҽр сабақта интерактивті ҽдістерін қолдану; 
•  Ҽр бір оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру; 
•  Қажетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; 
•  Инновациялық  технологияларды  сынау  арқылы  тиімділігін  арттыру,  мектеп 
жағдайына бейімдеу; 
Бастауыш  сынып  мұғалімдері  ҿз  сабақтарында  оқушылардың  тілін  дамытуда,  ҿздік 
жұмыс жасау, ҿз дағдыларын қалыптастыруда ҿз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда. 
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері ҿзгеріп отырады. Бірақ, 
ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. 
Инновациялық технологиялар: 
•  Жобалау технологиясы; 
•  Саралап даралап оқыту;  
•  Дамыта оқыту технологиясы;  
•  Модульдік оқыту технологиясы;  
•  Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;  
•  Сатылай комплексті талдау; 
•  Деңгейлеп оқыту технологиясы;  
Инновациялық технология нҽтижелері: 
1.
 
Сабақта оқушылардың барлығын қамтуға мүмкіндік туды. 
2.
 
Оқушыларды ізденіске баулып, ҿз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 
3.
 
Ҽр бір оқушының деңгейін анықтай аласың. 
4.
 
Түрлі ҽдіс-тҽсілдерді пайдалану сабақтың нақты мҽнін терең ашуға кҿмектеседі. 
5.
 
Оқушылардың  қабілеттері,  сҿз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы,  шығармашылық 
белсенділігі артады.  
6.
 
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, ҿзіне деген  кҽсіби 
сенімін қалыптастырады. 
Педагогикалық  үдерісте  жаңа  технологияларды  енгізіп,  интерактивті  оқытуды 
пайдалану  мұғалімдерді  шеберлік  жағынан  шыңдайтындығына  дау  тудырмайды.  Қазіргі 
білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 
маман болуы мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кҽсіптік 
құзыреттілігін,  рухани  азаматтық  жҽне  де  басқа  кҿптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 
ҽсерін  тигізеді,  ҿзін-ҿзі  дамытып,  оқу-тҽрбие  үлгісін  тиімді  ұйымдастыруына 
кҿмектеседі.Сабақта  қолданылатын  ҽдістер  кҿмегімен  жеке  тұлға  ретінде  жан-жақты 
дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі.  
Педагогикалық технологияларды талдау барысында мына факторлар ескерілуі керек: 

 
Таңдалып отырған технология сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай болуы; 

 
Тиімділігі, жүйелілігін, бірізділігін жҽне басқа жақтары.[4] 

18 
 
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның ҿлшемі тек 
сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) ҿлшенбейді, оның критерийі  - функционалдық 
сауаттылық.  Бұл  мҽселелерді  шешуде  жаңа  технологиялардың  атқаратын  орны  бҿлек. 
Болашақта  ҿркениетті  елдердің  жоғары  технологиясын  меңгерту,  дүниежүзілік  білім 
кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты.  
Ҽр  бір  мұғалім  сабағын  түрлендіріп,  қазіргі  жаhандану  саясатына  сҽйкес  жаңа 
технологияны ҿз ыңғайына, пҽніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс 
нҽтижесі.  Сондықтан,  орыстың   ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің  ―Мұғалім  –  ҿзінің 
білімін  үздіксіз   кҿтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның 
мұғалімдігі  де  жойылады‖  –  деген.  Бұл «Ұстаз»  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын   салып  жол 
тартқан  кҿкірегі  ояу,  кҿзі  ашық  ҽрбір  адамға  берілген  елеулі  ескерту.   Сабақты  тартымды 
ҿткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  ҽр  сабағымызды  түрлендіріп  отыру 
шарт.Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,ҽртүрлі технологияның элементтерін 
пайдалану қажет. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы «Қазақстан жолы -  2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» 2014 ж. 17 қаңтар. 
2.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы, 2010жыл. 
3.
 
Бұзаубақова Қ.Ж. «Жаңа педагогикалық технология». Тараз, ТарМУ, 2003ж. 
4.
 
Нағымжанова  Қ.М.  Оқыту  технологияларын  таңдау  жҽне  мұғалімнің  кҽсіби-
педагогикалық 
мҽдениеті. 
Ж.К. 
Аубакирова. 
Педагогикалық 
қарым-қатынастың 
психологиялық-педагогикалық  негіздері.    //  «С.  Аманжолов  оқулары  -  2005»  атты 
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Ҿскемен 2005. - 538 б.  
 
Аннотация.  В  данной  статье  рассматривается  важность  инновационных  технологий 
для повышения качества образования на начальном этапе. 
Annotation. In this article importance of innovative technologies is examined for upgrading 
of education on the initial stage. 
 
 
ӘОЖ 92:95/959 
 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҦРЫЛУ ТАРИХЫ 
 
Идрисова Г.Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ. 
                                             
  VII  ғасырдың  басында  Батыс  Түрік  қағанаты  құлағаннан  кейін  түркештердің  кҿсемі 
Ҿжелі  /Үгіл/  бытыраған  елінің  басын  қосып,  Тарих  сахнасына  Түркеш  қағанатының 
шаңырағын  кҿтерді.  Түркеш  қағандығы  құрылысымен  тұс-тұстан  анталаған  жаулармен 
арпалыса жүріп, тарихта ҿз ҿркениетінің ізін қалдырды. 
Күні  кешеге  дейін  ерте  Орта  ғасыр  тарихын  зерттеушілердің  еңбектерінде  бүгінгі 
Қазақстан  аумағында  түрік  халықтары  құрған  үлкенді-  кішілі  мемлекеттік  құрылымдарды 
бір-біріне  пҽлендей  қатысы  болмаған,  ел  билеу  дҽстүрі  қалыптаспаған,  жабайылардың 
кезекті бір қиратушылық соғыстарының себебі мен салдары деп қарауға бейім тұрғандығын 
жасыра алмаймыз.\6.14-бет\.        
 Қазақ  халқының  мыңдаған  жылдарден  бері  үзілмей  жалғасып  келген  этникалық 
тарихы, оның жалпы түркілік негіздері, рухани-мҽдени тұтастығы, қандас туыстығы жҿнінде 
енді-енді жүйелі сҿз бола бастады. 
Тағы бір жағынан, осы бір іс бастағалы бері тарихшылар мен тілші, ақын-жазушылар 
арасында бір-бірінен мүлде алшақ, кереғар, тіпті ақылға сыймастай қияли ауытқулар белең 
алып,  енді  ғана  жаңаша  қалыптаса  бастаған  ұлттық–тарихи  санаға  кері  ҽсерін  тигізіп 
жатқаны да бүгінгі күнің ащы шындығы.\1.551-бет\. 
 Түрік  тарихшысы  Баһаддин  Ҿгелдің  «Бүгінгі  түрік  тарихшылдығы»  қалай  да 
деректемелерді сүзе қарасыруы, сол дерек кҿздеріне сүйене отырып, бір синтездеу барысын 

19 
 
бастан  кешуде,  деректерді  жүйелемей  тұрып,  ауқымды  теологиялық  пайымдаулар  жасауға 
болмайтынын білуге тиіспіз.\6.14-бет\. 
 Бүгінге  дейін,  оқулықтар  мен  басылымдарда  мүлдем  орныққан  Қазақ  хандығы  1465-
1466жылдары Шу-Қозыбасы ҿңірінде құрылған дейтін қорытынды пікір. 
 Бұлжымас ақиқаттай кҿрініп келген осы пікірдің де шикілігі бары кейбір тарихшылар 
жағынан айтылып қалып жүрсе де, нақты дҽлел-айғаққа апарар оңтайлы ғылыми ҽдіс-тҽсіл 
табыла  қоймаған  еді.  Оның  бір  себебі–қазақ  тарихын  қатып-семген  таптық-ҽлеуметтік 
формациялар  баспалдағымен,  Еуропалық  ҿлшемдерге  салып  қарастыруда  жатқандығы 
белгілі бола бастағандығында. 
  Қазақтың  Мемлекеттік  тарихы–қазақ  ұлтының  этникалық,  мҽдени-рухани  ҿмір-
тіршілігінің тарихы. Сондықтан осы соңғы уакыттарда ҽлемдік ауқымды орын ала  бастаған 
«тарихқа  ҿркениеттік  тҽсіл»  арқылы  ғана  айқындауға  болатыны  белгілі  бола  бастайды. 
Ҿйткені,  ұлттар  мен  мемлекеттер  тарихы  тек  ҿліспей  беріспейтін  таптық  күрестер, 
мемлекеттер  арасындағы  соғыстар  тарихы ғана емес  еді.  Ол алдымен  ҿркениеттер  тарихы, 
ҽрі  ҿркениеттер  арасындағы  қақтығысы  мен  келісімдерінің  тарихы  болатын.  Бұл  адамзат 
ақыл-ойының ХХ-ХХІ ғасырларда жеткен жетістігі деуге болады.[5] 
Орыс тарихшысы Н.Я.Данилевский ол туралы: Бір тұтас ҽлемдік тарих деген жоқ, тек 
жекелеген ҿркениеттер тарихы ғана бар деген қорытынды жасайды. Бұл тұжырымға келісер 
болсақ ҽлемдік тарихты кеңестік пен уақыт сарабына жіктей отырып, алдымен мҽдениеттер 
мен  ҿркениеттердің  бір-біріне  тигізген  ықпал  ҽсерлерін  айқындауға  баса  назар  аударғанда 
тура келеді. 
Қазақ тарихын «ҿркениеттік тҽсілмен» зерделеу дегеніміз-жалпы түркілік 
«Дала  ҿркениеті»  аясында,  қазақ  халқына  тҽн  этникалық  ерекшеліктері  пайда  болған 
тұрмыс-тіршілігін,  отбасылық  ҿмірін,  елдік  дҽстүр-салтын,  мемлекет-ел-отан    жҿніндегі 
ұғымдары  кҿрнекіленген  отбасы–ҽске  –қаға  –хан  ордасы  үштігінің  мызғымастығы  мен 
қасиеттілігін-  «бір  билеуші-бір  тҽңір»  сенімін  орнықтырған  дүние  танымы  мен  діндік 
нанымдарын тұтастай алып қарастыру болмақ.\3.182-183-бет\. 
Қазақ хандығының қалыптасуының мынандай жалпыға ортақ заңдылықтары бар: 
-
 
«қандай  да  бір  этно  топтар  бірлесіп  ұлт,  ел  болып  қалыптасу  деген  аса  күрделі  де 
ұзақ  процесс.  Этностың,  табиғаттың  туындысы  десек,  ұлт-халық  дегеніміз  –ғасырларға 
жалғасқан қоғам ҿмірінің туындысы.» Ғасырлар бойы бірлесіп ҿмір салты, мінез-құлқының 
бастап басқадай ҿзгешеліктері ұйып қалыптасқан қауым атаулы ұлт немесе халық атына ие 
бола алады. 
Ақ Орданың шаңырағын кҿтерген қазақ ұлтының пайда болуы мен қалыптасу тарихын 
сондықтан да тарих тұңғиығынан тарата келе : «қазақ даласындағы мемлекеттік тым ҽріден 
атап айтқанда,сақ дҽуірінен басталды.» Сол кезден бастап Монғол дҽуіріне дейін бұл далада 
он  екі  мемлекет  салтанат  құрды.  Бірақ  аталғандардың  ҽрқайсысы  тайпалық  одақ 
сипатындағы мемлекет құрылымдары болады»-деп түйіндейді.   
Ақ  Ордадан  бҿлініп  ҿз  алдына  шаңырақ  кҿтерген  қазақ  хандығы  тұсындағы  ру  – 
ұлыстардың  қоныстану  жағдайына  қарай  қалыптаса  бастаған  үш  жүздік  жүйе  ғана  біздің 
шежірелеріміздің назарына ілікті.  
Орыс,  қазақ  тарихшыларымыздың  біразының  пікірінше,  «үш  жүз»  қазақ  хандығы 
шаңырақ кҿтерген бұрынырақ жҽне 1456 жылдан кейінгі хандардың ҽскери – ҽкімшілік жҽне 
шаруашылық  қажеттілігіне  қарай  ру  –  тайпалардың  ҿріс  –  қонысы  ҽрі  туыстық  аралас  – 
құраластығына қарай орналастырылуынан пайда болған жаңа ҽлеуметтік құрылым. 
Тарихи тұрғыдан бағдарланғанда түрік халықтарының ертедегі сақ, хұн, үйсін, қаңлы, 
түрік  мемлекеттігі  заманнан  бері  ел  билеумен  ҽскери  жүйенің  қажеттілігі  бойынша  Сол  – 
Орта  –  Оң  қанатқа,  яғни  ортаға  бҿліп  орналастыру  дҽстүрінің  қазақ  хандығы  тұсында 
жаңаша жетілдірілген формасы. 
Алдымызға  кҿлденеңінен  қойып  отырған  мҽселелерінің  түйіні  –  Қазақ  хандығы 
тарихын бұрынғыша Керей мен Жҽнібек сұлтандардың кҿшіне байланыстырған 1456 – 1466 
жылдардан  бастай  бермей,  оны  Жошы  хан  шаңырағын  кҿтерген  Ақ  Ордадан  бастасақ 
қайтеді дейтін жаңа ой, тың бастамадан ҿрбиді. 
Ақ Орданы алғаш рет тҿрт құбылысы түгел мемлекет ретінде қарастыра отырып, қазақ 
мемлекеті, қазақ ат-атауы Жҽнібек пен Керей кҿшінің туындысы делінетін концепциядан бас 
тарту арқылы оның 240 жыл (1225 – 1465 ж.) салтанат құрған дербес мемлекет болғандығын 
жан-жақтылы дҽлелдейді. Мҽселенің ең қиыны – оқулықтар, тарихтар қайта жазылуы керек. 

20 
 
Бірақ,  тарихи  –  ғылыми  шындық  бҽрі  бір  солай  етуге  мҽжбүрлер.  Мҽселенің  одан  да 
маңыздысы  –  Ақ  Орданың  қазақтың  алғашқы  кемел  мемлекеті  болғандығын  жария  ету 
болмақ.  Оған  дҽлел  ретінде  –  Ақ  Орданың  едҽуір  тұрақты  аумақты  тұтастығы,  бір  текті 
этникалық  кұрамы  сондай-ақ,  ел  билеген  хандардың  (Орыс  хан  ҽулеті)  династиялық 
жалғастығы  сақталғандығы  нанымды  баяндалған.  Мұндағы  шешуші  фактор,  бұған  дейін 
Моғолстан,  Ҽбілхайыр  хандығы  жҽне  Ноғайлы  хандығы  аумағында  бҿлініп  –  жарылып 
қалған түбі бір, тілі, салт – дҽстүрі бір туысқан қазақ рулары: үйсін, дулат, қаңлы, қыпшақ, 
жалайыр,  қоңырат,  найман,  арғын,  алшын,  керей,  ҽлім  бірлестігіндегі  Кіші  жүздердің  Ақ 
Орда шаңырағы астына берік топтасуы болғандығы дейміз. Ақ Ордадан бҿлініп ҿз алдына 
шаңырақ  кҿтерген  қазақ  хандығы  тұсындағы  ру-ұлыстардың  қоныстану  жағдайына  қарай 
қалыптаса бастаған үш жүздік жүйе ғана біздің шежірелеріміздің назарына ілікті.  
Ақ  Орданың  ресми  астанасы  Сығанақ  қаласы  болғандығы  оның  кіндігі  жалғасып 
жатқан қазақ жүздерінің біртұтас, тіл, мҽдениетінің қалыптасуына тҿтенше ықпал жасағаны 
баса  кҿрсетіледі.  Біз  осынау  тарихи  шындықты  мойындай  отырып,  «дала  ҿркениетіндегі» 
астана – орда – мемлекет ұғым – түсініктеріне қосымша анықтама бере кету пайдалы. 
       Орыс,  қазақ  тарихшыларымыздың  біразының  пікірінше,  «үш  жүз»  қазақ  хандығы 
шаңырақ кҿтерген бұрынырақ жҽне 1456 жылдан кейінгі хандардың ҽскери – ҽкімшілік жҽне 
шаруашылық  қажеттілігіне  қарай  ру–тайпалардың  ҿріс-қонысы  ҽрі  туыстық  аралас  – 
құраластығына қарай орналастырылуынан пайда болған жаңа ҽлеуметтік құрылым. 
Тарихи тұрғыдан бағдарланғанда түрік халықтарының ертедегі сақ, хұн, үйсін, қаңлы, 
түрік  мемлекеттігі  заманнан  бері  ел  билеумен  ҽскери  жүйенің  қажеттілігі  бойынша  Сол  – 
Орта  –  Оң  қанатқа,  яғни  ортаға  бҿліп  орналастыру  дҽстүрінің  қазақ  хандығы  тұсында 
жаңаша  жетілдірілген  формасы.  Қазақ  халқымен  «жүз»  ұғымы  тығыз  байланысты.  Жүз 
ұғымының  пайда  болуы  туралы  түрлі  пікірлер  бар.  Жаңадан  қалыптасқан  қазақ  халқы 
Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі 
шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш 
жүзге  бҿлінді.  «Жүз»  дегеніміз  –  тайпалар  одағының  аумақтық  ірі  бірлестігі.  Қазақ  халқы 
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады. 
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу 
(Іле, Шу, Талас ҿзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы 
Дулат,  Албан,  Суан,  Сары  үйсін,  Сырғалы,  Ысты,  Ошақты,  Шапырашты,  Шанышқылы, 
Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады. 
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат 
сияқты  тайпалар  енген.  Бұл  тайпалардың  мекендеген  ҿңірлері  Орталық  жҽне  Шығыс 
Қазақстан,  Ертіс,  Есіл,  Нұра,  Тобыл-Сарысу  ҿзендерінің  бойы,  Алтай  Тарбағатай  таулары, 
Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. 
Кіші  жүзді Жанарыс  деп  атайды.  Оның  құрамына  Табын,  Адай,  Шҿмекей, 
Жағалбайлы,  Алшын,  Шекті,  Тҿртқара,  Тама,  Серкеш  т.б.  тайпалары  жатады.  Олардың 
мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария жҽне Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, 
Ырғыз,  Тобыл  ҿзендерінің  бойы.  «Билеушінің  (қағанның)  шаңырағы  қай  жерде  кҿтеріліп, 
үйі  тігілсе,  дҽл  сол  жер  Орда  –  астана  болып  саналушы  еді.  Ҿйткені  түріктер  үшін  ең 
маңызды  нҽрсе  қала  емес,  мемлекеттің  символы  болған  Қаған  мен  оның  үйі  тігілген  жер 
болса  керек-ті.  Османлы  мемлекетінде  де  осыған  жақын  ұғым-түсініктер  сақталғанын 
кҿреміз».  Қазақ  тілінің  де  қалыптасуы  -  ұзақ  глоттогенездік  байланыстың  нҽтижесі. 
Қазақстан жерін қола дҽуірінде мекендеген тайпалардың қай тілде сҿйлегені жҿнінде нақты 
дерек жоқ. Кҿне түркі жазуын зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, сақ қорғандарынан 
табылған  жазулар  кҿне  түркі  руникалық  ҽліпбимен  тҿркіндес.  Түркі  тілі  Орталық  Азияға 
кейініректе  келген  тіл  емес.  Бұл  тілдің  арғы  тҿркіні  Оңтүстік-батыс  Азиядағы  б.з.д.  4—3-
мыңжылдықта  ҿмір  сүрген  шумерліктердің  тілімен  үндесіп  жатыр.  Тілші  ғалымдардың 
пікірінше,  алғашқы  шумер  тілінің  ескерткіштерінде  кҿне  түркі  тіліне  тҽн  кҿптеген 
лексикалық сҽйкестіктер бар.\7.232-бет\. 
  Демек,  бұл  уҽждің  жұртты  иландыра  алар  қисыны  келіп  тұр  деуге  ҽбден  болады. 
«Дала ҿркениетінің» туындысы болған Ақ Орда мемлекетінің қамалды астанасының болу – 
болмауы  ол  мемлекеттің  дҽреже  деңгейін  бірден-бір  себеп  бола  алмайды  деп  қараймыз. 
Соңғы  мыңжылдықтарда  түріктер  құрған  үлкенді-кішілі  қағанаттардың  тарихын  кҿз 
алдыңызға  келтірсеңіз.  Ақ  Орда  мемлекетінің  қалай  ҿмірге  келгенін,  мемлекеттік 
құрылымы, атрибуттары қандай болғанын түсіну қиынға соқпайды./2/. 

21 
 
«Қазақ»  -  атауының  пайда  болу,  қалыптасу  тарихына  арналған  пайымдаулары  бұған 
дейін  жҿнді-жҿнсіз  дау  –  дамайға  түсіп  келген  осынау  «жұмбақтың»  шешуін  тауып 
бергендей болды. Ол былай дейді: «қазақтың» этимологиясы «кҿшпенділер мағынасындағы 
«қай  –  сақ»  ат  –  атауында  жатыр.  Қазақ  семантикасы  «қашақ»  (беглец)  ұғымынан  пайда 
болды»  делініп  қатып-семіп  қалған  танымдық  ұстанымның  тоңын  жібіте  алсақ,  бір  жылға 
соның  ҿзі-ақ  жеткілікті  сияқты.  Ол  үшін  жаңа  деректемелерді  іздестіру  қажеттілігін 
сыртында,  ҽуелі  ҿз  тарихшыларымыздың  ұлтына  деген  бір  кішкентай  ғана  жанашырлығы 
байқалса, соның ҿзі кҿп істерге ұйытқы болар еді». Ендігі жерде қанша қиын болса, тарихи 
зерттеуде қалыптасқан орыстық – еуропалық методологиядан, қасаң қағидалардан бас тарту 
керек  екенін,
  ҿзіміз-ҿзіміздің  рухани-мҽдени  ҿркениетіміздің  қайнарынан  сусындауға 
ниеттенуге  үйренуіміз  керек.  Мың  жылдан  бері  түріктер  ислам  құндылықтарымен  біте 
қайнасып  кеткенін,  дҽл  сол  сияқты  Ақ  Орданың  алғашқы  қазақ  хандығы  болып  қайта 
түлеуінің  рухани  –  мҽдени  қайнар  кҿзі  ислам  дінінің  Дешті  –  Қыпшаққа  біржола 
орнығуынан  бастау  аларын  танып-білуіміз  қажет.  «Тарихқа  ҿркениеттік  арқылы  баруды 
бағдар  тұтсақ,  «формациялық»  догмадан  құтылып,  нағыз  түркілік  исламдық  ҿркениет 
жолымен  қайта  қауышар  едік.  «Түрік  тарихы  (ҽрине  қазақ  тарихы)  түрік  қауымдары  мен 
түрік  ұлтының  біртұтас  ҿмір  хикаясы  болып  табылады.  Мемлекеттер  құлап,  жаңасы 
құрылып жата береді. Ал, мызғымай жалғаса берері – түрік ұлты мен түрік қауымдары жҽне 
олардың  санасында  сақталар  қастерлі  ұғым  –  түсініктер  болса  керек.  Түрік  мемлекетінің 
ұйытқысы «отбасы – шаңырақ», «шаңырақ шайқалып қирамаса, бұл ұғым – түсініктер одан 
ҽрі жалғасып отырады».\1.551-бет\. 
Бүгінгі  Тҽуелсіз  Қазақстанның  «отбасы  –  шаңырағының»  жай  –  күйі  сіздер  мен 
біздерді  толғандырарлықтай,  анталаған  бҿгде  діндер  мен  жат  мҽдениеттер  қоршауында 
қалтылдап тұрғандай үрей тудырады. Біз қияли, бұлдыр бағдарламалар кҿпіріне ұлты – ұлт, 
мемлекетті  -  мемлекет  етіп  аман  сақтап  келген  «отбасы  –шаңырағымызды»  тастап  бере 
алмаймыз. Мұны ҽрбір тарихшы, ҽрбір қазақ азаматы ұмытпауы керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет