Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ҽл-Фара6и. Ҽлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975.  
2. Ушинский К. Д. Педагогические соч. в 6-ти т. — Т. 2. — М., 1988. — С. 30 
3. Ҽ. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет. 
4. Сайт. сpm.kz Студентке арналған нұсқаулық 36 бет 
5. Сайт. сpm.kz Студентке арналған нұсқаулық 70 бет 
 
Аннотация.  В    научной   статье    рассматривается  положительные  и  способствующие  
факторы на обучения.  
Annotation.  In  the  scientific  article  is  considered  the  positive  and  promoting  factors  on 
training. 
 
 
ӘОЖ 338.1(574) 
У82 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ 
 
Утешова Г.А., Мусалиева Н. 
№24 Саттар Ерубаев лицей-мектебі, Шымкент қ. 
 
Соңғы  15  жылда  Қазақстан  ғылымының  алдында  қосымша  міндеттер  пайда  болды. 
Яғни,  отандық  ғылымның  жауапкершілігі  артты.  Кеңес  ҿкіметі  кезінде  осы  саладағы 
қазақстандық  ғалымдар  тек  ғылыми  ізденістермен  –  жаңа  технология  жасау,  оларды 
сынақтан  ҿткізу,  ҿндіріске  енгізу  сияқты  мҽселелермен  айналысатын,  ал  ҿндірістің  даму 
стратегиясын  жасауды  үкімет  ол  кезде  тек  мҽскеулік  ғалымдарға  тапсыратын.  Тҽуелсіз 
мемлекет  болғаннан  кейін,  біздің  үкіметіміз  ондай  маңызды  бағдарламалар  дайындауды 
Қазақстан  ғылымына  жүктейтін  болды.  Сол  себепті,  еліміз  экономикасының  стратегиялық 
бағыттары бойынша  Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға 
ҿз  салаларында  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру  жүктелді.  Жер  қойнауын 

43 
 
пайдаланушылар  мен  мемлекеттің,  қоғамның  мүдделерінің  кереғар  келетін  тұстары  да  аз 
емес, коммерциялық құпия іс жүзінде мемлекет мүдделеріне қарсы бағытталған ҽрекеттерді 
бүркемелеуші бетпердеге айналған десек қателеспейміз. Сондай-ақ бюджетке түсетін салық 
кҿлемін  белгілейтін  ҿнімнің  ҿзіндік  құны  да  жаңағы  айтылған  коммерциялық  құпияға  
жатқызылуда.  Сондай-ақ  мемлекет  пен  табиғат  ресурстарын  пайдаланушылардың  кен 
ҿндіру  жҽне  ҿңдеу  салаларындағы  қарым-қатынасын  нақты  реттейтін  заңнама  ҽлі 
жасалмаған.  Соның  кесірінен  табиғи  ресурстарымыз  тиімсіз  жұмсалынып,  еліміз  қыруар 
шығынға  батып  отыр.  Сондықтан  минералдық  шикізаттық  ресурстарды  тиімді  пайдалану 
үшін  ауқымды  ғылыми  ізденістер  жасалынып,  керекті  химиялық  ҿнімдерді  алудағы 
процестердің  физико-химиялық  негізін  терең  білу  қажет.  2002  жылдың  қарашасында 
қазақстандық-канадалық жоба бойынша аптасына 600 тонна қабыршақты күкірт шығаратын 
алғашқы  ҿндірістік  құрылғы  іске  қосылды.  2003  жылы  аптасына  2200  тонна  түйіршекті 
күкірт шығаратын құрылғының құрылысы аяқталды [1].  
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақ-
станның  ҽлеуметтік-экономикалық  жағынан  жоғары  дамыған  елдердің  қатарына  қосылуын 
қамтамасыз  етуге  жҽрдемдесетін  басым  салалардың  бірі  ретінде  белгіленген.  Республика 
кен-металлургия  кешенінің  басты  міндеті  ішкі  жҽне  сыртқы  рыноктардың  қажеттерін 
қанағаттандыратын бҽсекеге қабілетті ҿнімдер шығару болып табылады. 
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені ҽлемдік минералды шикізат балансында 
айтарлықтай  күшті  позицияға  ие,    ҽлемдік  минералды  шикізат  рыногының  дамуы  мен 
ұлғаюына  үлкен  ықпал  ете  алады.  Энергетика  жҽне  минералдық  ресурстар  министрлігі 
геология  жҽне  жер  қойнауын  игеру  комитетінің  ақпараттық-талдау  орталығының 
мҽліметтері  (2003  ж.)  бойынша  ҽлемдік  зерттелген  қор  жҿнінен  Қазақстанның  алар  үлесі 
мынадай: 
алтын  –  2,7%  (ҽлемде  8-орында),  күміс  –  16%,  мыс  7,1%,  марганец  –  30%  (2-орын), 
қорғасын  –  22%,  мырыш  –  15,2%,  барит  –  47,2% (1-орын),  темір  –  6%,  кобальт  –  3,9% (5-
орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).  
Минералды  шикізат  ҿнімдерін  ҿндіру  жҽне  алу  жҿнінен  республика  хром  бойынша 
екінші  орында,  титан  бойынша  –  екінші-үшінші,  мырыш  жҽне  қорғасын  бойынша  – 
алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында. 
Ҽлемдік мыс, титан, ферроқорытпа жҽне болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын 
рҿлі  аз  емес,  ал  Еуразиялық  субконтинентте  хром  бойынша  монополист,  темір,  марганец, 
алюминий  жҿнінен  ҿңірлік  рынокта  (ТМД  елдері,  бірінші  кезекте  Ресей)  айтарлықтай 
ықпалы бар [2]. 
Бұл  жетістіктер  ҿздігінен  келген  жоқ,  ол  ғалымдар  мен  инженерлік-техникалық 
қызметкерлердің  ерен  еңбегінің  жемісі  болды.  Кезінде  осы  сала  Қазақстан  ғылымының 
қарыштап дамуына зор ҽсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары ҽлемдік 
жетістіктерге қомақты үлес қосты. 
Ал  жекеменшікке  ҿтіп  кеткен  кҽсіпорындарға  келсек,  ҽрине,  нарықтық  экономикада 
мемлекет  кҽсіпорынның  шаруасына  араласпайды.  Ҽйтсе  де  үкімет  ҿз  меншігіндегі  кен 
орнын  кҽсіпорынға  пайдалануға  бергеннен  кейін,  сол  пайдалы  қазбаны  ҿндіру  мен  ҿңдеу 
барысында жеке қожайындардың мемлекет мүддесін бұзбауын қадағалап отыруы тиіс.  Бұл 
не деген сҿз?  
Біріншіден,  кен  орнын  пайдаланушылар  руданы  ҿндірген  кезде  үкімет  белгілеген 
норматив  бойынша,  руданы  барынша  толық  (тек  қана  бай  руданы  емес)  қазып  алулары 
керек. Екіншіден, руданы ҿңдеген кезде оның құрамында бар элементтерді  мейлінше толық 
бҿліп алу керек. Үшіншіден, металдардың ҿзіндік құнын шектен тыс жоғарылатпауы, сату 
бағасын тҿмендетпеуі тиіс. Тҿртіншіден, ҿндіріс үдерісінде қоршаған ортаны ластамауы, ал 
егер  оған  нұқсан  келтірсе,  сол  үшін  үкіметке  жеткілікті  мҿлшерде  тҿлем  тҿлеуі  тиіс. 
Бесінші, ҿндірісте істейтін жұмыскерлердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.  
Осы бағыттарда кҽсіпорынның жұмысын бақылайтын мемлекеттік органдар бар. Біздің 
жұмысымыз  жоғарыда  аталған  пункттер  бойынша  ҽлемдегі  осындай  ҿндірістердің  
кҿрсеткіштері  мен  ғылыми  жетістіктерін  назарға  ала  отырып,  ҿндірілетін  шикізаттардың 
ерекшеліктерін  ескеріп,  үкімет  органдары  нормативтерді  белгілеуі  үшін  қажетті 
материалдармен, ұсыныстармен қамтамасыз етуге саяды [2]. 
Бүгінгі  Қазақстандағы  кен-металлургия  жүйесіне келсек,  ол    екі  ірі  саладан  тұрады  – 
қара металлургия жҽне түсті металлургия: 

44 
 
– қара металлургия  темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, 
отқа тҿзімді ҿнімдер, металл сынықтарын қайта ҿңдеу ҿндірістері сияқты 12 саладан тұрады; 
– түсті металлургия  26 ҿнеркҽсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы жҽне 
сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын ҿңдеу сияқты 8 саладан 
тұрады.  
Қазақстанда  игеріліп  жатқан  кен  орындарының  барлығы  дерлік  кҿп  компонентті 
кендер күйінде. Кезінде олардан кен ҿндіруге лизензиялар берілгенде сол кен орындарында 
пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделіп, ескерілмеді 
жҽне лицензия оңды-солды бейберекет таратыла берген. Осынымыз жҿн бе, жҿн емес пе деп 
ойланбадық та. Мұндай жосықсыз тірліктің салдарынан кҿп ұзамай-ақ қолымызда шығынды 
ақтамайтын кен орындары ғана қалуы мүмкін [2].  
Пайдалы қазбалары бар кен орындарын игеруге лицензия беру рҽсімі бұлыңғыр күйде 
қалып 
келеді. 
Шетелдік 
фирмалардың 
басқаруына 
берілген 
кен-металлургия 
комбинаттарындағы  ұйымдастырушылық-технологиялық  саясаттың  жай-күйіне  келсек, 
оның  ҿндірілетін  кҿп  компонентті  шикізаттың  құрамындағы  пайдалы  заттарды  түгел 
қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін  ғана 
алуға  кҿбірек  кҿңіл  аударатынын  кҿреміз.  Ҽлемдік  тҽжірибеде  кен  орындарын  игеру 
ҽрқашан  кешенді    түрде,  құндылығы  бар  заттарды  түгел  ескеріп  жҽне  тауарлық  металдар 
құндылығын үлес бойынша бҿле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-
шарттарымыздың  ережелерін  қайта  қарауға  тиіспіз.  Құрамында  құнды  металы  бар 
қалдықтар  жеке  кҽсіпорындардың  жҽне  шетелдік  фирмалардың  меншігінде  емес, 
мемлекеттік монополияға жатқызылуы керек.  
Бұл  құбылыстың  екінші  жағын  еліміздің  қасіреті  деп  айтуға  болады.  Сол  толық 
пайдаланылмаған  шикізаттың  құрамында  кҿптеген  улы  заттар  да  бар,  оларды 
залалсыздандыру    ісі  де  дұрыс  шешілмеген.  Қазіргі  кен  пайдаланушылар  кеңестік  кезеңде 
жасалынған  жобалардың  кҿрсеткіштері  мен  қол  жеткізген  экологиялық  деңгейден  артқан 
кҿлемде  қоршаған  ортаны  ластауға  жол  беріп  отыр.  Оның  себебі  –  біздің  қоятын 
талаптарымыздың  тҿмендігі,  егер  америкалык,  еуропалық  компаниялар  ҿз  елінде  1  тонна 
күкірт қостотығын ауаға шығарғаны үшін 48-100 доллар тҿлем тҿлесе, біздің компаниялар 
небҽрі 7 цент тҿлейді. Тағы бір кілтипан, бұл корпорациялар жекеменшіктікі екені, оның сол 
кҽсіпорын тұрған жердегі ҽрбір тұрғынға тікелей шығын келтіріп жатқанын ескеретін бірде-
бір заң орны жоқ,  тиісті бақылаушы мемлекеттік органдар да араласпайды.   
Мемлекеттік  мүліктен  (кен  орындарынан)  алынатын  түсімдер  ғылыми  тұрғыдан 
негізделмеген,  олар  шенеуніктердің  еркінде,  қасымыздағы  Ресеймен  салыстырғанда  кҿп 
тҿмен.    Ҽрбір  металл  саласында  монополия  бар,  онымен  қоса  бұл  корпорациялар  (қаржы-
ҿнеркҽсіп  топтары)  аумақтағы  энергетика,  басқа  да  стратегиялық  шаруашылық 
бағыттарында  негізгі  қожайындар.  Соның  салдарынан  бұл  ҿңірлерде  шағын  жҽне  орта 
бизнес  баяу  дамуда.  Ҽсіресе  осы  саладағы  шағын  жҽне  орта  бизнестің  ҿздері  орындауы 
мүмкін жұмыстарға араласу мүмкіндігі болмай отыр.  
Қай  мемлекеттің  болмасын  ҿз  атын  ҽлемге  паш  ететіндей  бетке  ұстар  саласы  бар. 
Жапондықтар робот жасаудың ҿндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер 
байланыс құрал-жабдықтар шығару жҿнінен ҽлемге танымал. Белгілі бір ҿндіріс саласының 
ҽр  елде  ҿсіп  ҿркендеуі  кездейсоқ  емес.  Қазақстанның  индустриялық-инновациялық 
ҿркендеуі  де  ҿздігінен  туындамайтыны  анық.  Бұл  үшін  бұрын  нарықта  басым  орын  алған 
ҿндіріс  салаларын  дамыту,  осы  салаларды  қамтамасыз  ететін  ғылыми  күштер  мен  маман-
дарды сақтау, елде бар бҽсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Біздің ойымызша, 
жер  қойнауындағы  сирек  металдар  сол  бастаудың  қайнар  кҿзі  ретінде  пайдаланылуы  тиіс. 
Бұл  ойды  іске  асырсақ  халқымыздың  ҽл-ауқатын  жақсартуға,  еліміздің  ҿркендеуіне  үлкен 
үлес қосқан болар едік [3]. 
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында кен-металлургия кешені Қазақ-
станның  ҽлеуметтік-экономикалық  жағынан  жоғары  дамыған  елдердің  қатарына  қосылуын 
қамтамасыз  етуге  жҽрдемдесетін  басым  салалардың  бірі  ретінде  белгіленген.  Республика 
кен-металлургия  кешенінің  басты  міндеті  ішкі  жҽне  сыртқы  рыноктардың  қажеттерін 
қанағаттандыратын бҽсекеге қабілетті ҿнімдер шығару болып табылады. 
Қазақстанның минералдық-шикізаттық кешені ҽлемдік минералды шикізат балансында 
айтарлықтай  күшті  позицияға  ие,    ҽлемдік  минералды  шикізат  рыногының  дамуы  мен 
ұлғаюына  үлкен  ықпал  ете  алады.  Энергетика  жҽне  минералдық  ресурстар  министрлігі 

45 
 
геология  жҽне  жер  қойнауын  игеру  комитетінің  ақпараттық-талдау  орталығының 
мҽліметтері  (2003  ж.)  бойынша  ҽлемдік  зерттелген  қор  жҿнінен  Қазақстанның  алар  үлесі 
мынадай: 
алтын  –  2,7%  (ҽлемде  8-орында),  күміс  –  16%,  мыс  7,1%,  марганец  –  30%  (2-орын), 
қорғасын  –  22%,  мырыш  –  15,2%,  барит  –  47,2% (1-орын),  темір  –  6%,  кобальт  –  3,9% (5-
орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).  
Минералды  шикізат  ҿнімдерін  ҿндіру  жҽне  алу  жҿнінен  республика  хром  бойынша 
екінші  орында,  титан  бойынша  –  екінші-үшінші,  мырыш  жҽне  қорғасын  бойынша  – 
алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында. 
Ҽлемдік мыс, титан, ферроқорытпа жҽне болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын 
рҿлі  аз  емес,  ал  Еуразиялық  субконтинентте  хром  бойынша  монополист,  темір,  марганец, 
алюминий  жҿнінен  ҿңірлік  рынокта  (ТМД  елдері,  бірінші  кезекте  Ресей)  айтарлықтай 
ықпалы бар [4]. 
Бұл  жетістіктер  ҿздігінен  келген  жоқ,  ол  ғалымдар  мен  инженерлік-техникалық 
қызметкерлердің  ерен  еңбегінің  жемісі  болды.  Кезінде  осы  сала  Қазақстан  ғылымының 
қарыштап дамуына зор ҽсер етті. Отандық геология, кен ісі, металлургия салалары ҽлемдік 
жетістіктерге қомақты үлес қосты. 
Соңғы  15  жылда  Қазақстан  ғылымының  алдында  қосымша  міндеттер  пайда  болды. 
Яғни,  отандық  ғылымның  жауапкершілігі  артты.  Кеңес  ҿкіметі  кезінде  осы  саладағы 
қазақстандық  ғалымдар  тек  ғылыми  ізденістермен  –  жаңа  технология  жасау,  оларды 
сынақтан  ҿткізу,  ҿндіріске  енгізу  сияқты  мҽселелермен  айналысатын,  ал  ҿндірістің  даму 
стратегиясын  жасауды  үкімет  ол  кезде  тек  мҽскеулік  ғалымдарға  тапсыратын.  Тҽуелсіз 
мемлекет  болғаннан  кейін,  біздің  үкіметіміз  ондай  маңызды  бағдарламалар  дайындауды 
Қазақстан  ғылымына  жүктейтін  болды.  Сол  себепті,  еліміз  экономикасының  стратегиялық 
бағыттары бойынша  Президент Жарлығымен бірнеше ұлттық орталықтар құрылды, оларға 
ҿз  салаларында  мемлекеттік  бағдарламаларды  іске  асыру  жүктелді.  Сондай  құрылған 
орталықтың  бірі  –    ―Қазақстан  Республикасының  минералды  шикізатты  кешенді  ұқсату 
жҿніндегі  ұлттық  орталығы‖  РМК.  Бізге  тау-кен,  металлургия  бағыттары  бойынша 
бағдарламаны    орындау  жүктелді.  Ҽрине,  біз  бұл  міндетті  бұрынғы  істеп  жатқан 
жұмыстарымызға  қосымша  атқарып  жүрміз.  Мекеме  қазір  Орталық  Азиядағы  ірі  ғылыми 
кҽсіпорындардың бірі [1].  
Қазақстанда  игеріліп  жатқан  кен  орындарының  барлығы  дерлік  кҿп  компонентті 
кендер күйінде. Кезінде олардан кен ҿндіруге лизензиялар берілгенде сол кен орындарында 
пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделіп, ескерілмеді 
жҽне лицензия оңды-солды бейберекет таратыла берген. Осынымыз жҿн бе, жҿн емес пе деп 
ойланбадық та. Мұндай жосықсыз тірліктің салдарынан кҿп ұзамай-ақ қолымызда шығынды 
ақтамайтын кен орындары ғана қалуы мүмкін [2].  
Пайдалы қазбалары бар кен орындарын игеруге лицензия беру рҽсімі бұлыңғыр күйде 
қалып 
келеді. 
Шетелдік 
фирмалардың 
басқаруына 
берілген 
кен-металлургия 
комбинаттарындағы  ұйымдастырушылық-технологиялық  саясаттың  жай-күйіне  келсек, 
оның  ҿндірілетін  кҿп  компонентті  шикізаттың  құрамындағы  пайдалы  заттарды  түгел 
қамтуға емес, қайта жаңағы компаниялардың мүддесіне сай бір-екі негізгі компонентін  ғана 
алуға  кҿбірек  кҿңіл  аударатынын  кҿреміз.  Ҽлемдік  тҽжірибеде  кен  орындарын  игеру 
ҽрқашан  кешенді    түрде,  құндылығы  бар  заттарды  түгел  ескеріп  жҽне  тауарлық  металдар 
құндылығын үлес бойынша бҿле отырып жүргізіледі. Ендеше біз де заңдарымыз бен келісім-
шарттарымыздың  ережелерін  қайта  қарауға  тиіспіз.  Құрамында  құнды  металы  бар 
қалдықтар  жеке  кҽсіпорындардың  жҽне  шетелдік  фирмалардың  меншігінде  емес, 
мемлекеттік монополияға жатқызылуы керек.  
Қазақстан  Республикасының  ―Жер  қойнауы  жҽне  жер  қойнауын  пайдалану‖  туралы 
Заңы  аталмыш  операциялардың  жария  түрде  жүргізілуін  талап  ететініне  қарамастан, 
мемлекеттің  заңдары  мен  мүдделері  коммерциялық  құпияны  сақтау  желеуімен  жаппай 
бұзылуда.  Ал  мұның  ҿзі  кен  орындарының  бақылаусыз  қалып,  олардың  жыртқыштықпен 
жырымдалуына,  жер  қойнауындағы  қорлардың  рҽсуа  болуына,  минералды  шикізаттың 
шала-шарпы, бір жақты болуына ҽкеліп соғып отыр [4].  
Бұл  құбылыстың  екінші  жағын  еліміздің  қасіреті  деп  айтуға  болады.  Сол  толық 
пайдаланылмаған  шикізаттың  құрамында  кҿптеген  улы  заттар  да  бар,  оларды 
залалсыздандыру    ісі  де  дұрыс  шешілмеген.  Қазіргі  кен  пайдаланушылар  кеңестік  кезеңде 

46 
 
жасалынған  жобалардың  кҿрсеткіштері  мен  қол  жеткізген  экологиялық  деңгейден  артқан 
кҿлемде  қоршаған  ортаны  ластауға  жол  беріп  отыр.  Оның  себебі  –  біздің  қоятын 
талаптарымыздың  тҿмендігі,  егер  америкалык,  еуропалық  компаниялар  ҿз  елінде  1  тонна 
күкірт қостотығын ауаға шығарғаны үшін 48-100 доллар тҿлем тҿлесе, біздің компаниялар 
небҽрі 7 цент тҿлейді. Тағы бір кілтипан, бұл корпорациялар жекеменшіктікі екені, оның сол 
кҽсіпорын тұрған жердегі ҽрбір тұрғынға тікелей шығын келтіріп жатқанын ескеретін бірде-
бір заң орны жоқ,  тиісті бақылаушы мемлекеттік органдар да араласпайды [3].   
Ұлттық  орталық  сирек  металдар  рыногының  болашағы  туралы  зерттеулер  жүргізді. 
Талдаулар  сирек  металдар  ҿндірісінің  жҽне  олардың  қорларының  тез  ҿсіп  келе  жатқанын 
кҿрсетеді. Соңғы 10-15 жыл кҿлемінде сирек металдың негізгі қорының бірнеше есе ҿскені 
жҽне ҽлемде үлкен кен орындарының ашылғаны айқындалды.  Тіпті кейбір металдардың 100 
жылдық  қорлары  табылғанына  қарамастан,    металдар  рыногында  ауық-ауық  тапшылық 
сезіліп  тұрады.  Кҿптеген  сирек  металдардың  құны  бірнеше  есе  ҿсіп    отыр.  Соңғы  он  жыл 
шамасында германий, индий, галий, ванадийге деген  тапшылықтар  байқалды, осыған орай 
кейбіреуінің құны  ондаған  есеге  дейін  ҿсті.  Мысалы,  германий  металының  бір  килосының 
құны  350-ден  2000  АҚШ  долларына  дейін  жеткен.    Сонымен  бірге  Америка,  Жапония  се-
кілді елдер бұл металдарды ішкі пайдалануынан  бірнеше есе жоғары сатып алуда. 
Сирек  металдар  ҿндірісі  –  жаңа  технологиялардың  шикізат  қоры.  Бұларсыз  жаңа 
ҿндіріс  буындары  дамымайды.  Ҿндірісті  дамыту  бағытымызда  бұл  сала  басым  бағыт 
есебінде қаралуы керек. Айта кететін жҽйт, бұрын Қазақстан ҿндірісінде шығарылған, бірақ 
соңғы  кезде  нарықта  ҿз  секторын  жоғалтып  алған  металдарға  назар  аударған  жҿн.  Бұл 
металдар электроника, аэроғарыш, мҽшине жасау, т.б. салалардың негізін қалайды.  Бүгінде 
ашылып  жатқан  даму  институттарын  пайдалана  отырып  елімізде    ҿндіріс  саласын,  соның 
ішінде  сирек  металдар  ҿндірісін  жасауға  болар  еді.  Бұл  елімізде  дамыған  индустриялық 
металл  алу  ҿндірісін  кеңейту,  құрал-жабдықтарды,  тұрмыстық  заттар,  мҽшине  жасауға 
қажет балқымалар алуға мүмкіндік берер еді [1]. 
Басты  мҽселелердің  бірі  –  стратегиялық  сирек  металдар  ҿндірісін  дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасын жасау. Бүгінгі таңда бұл сала металлургия кластерін дамытудың 
негізгі бҿліктерінің бірі ретінде қаралып, мемлекет қолдауында болуы керек. 
Сирек  металдар  шикізаты  басқа  индустриялық  металл  ҿңдейтін  кҽсіпорындардың 
рудасының    құрамында  кездесетін  болғандықтан,  олардың  қызметіне  еріксіз  араласуға 
мҽжбүрміз.  Металдарды  ҿңдеу  барысында  кейбір  металдарды  босқа  шығын  қылмас  үшін 
экономикалық реттеу тетіктерін пайдалану керек. Пайдалы қазбаларды  кешенді пайдалану 
ережесін қатаң сақтау мҽселелері де қаралуы керек. 
Қай  мемлекеттің  болмасын  ҿз  атын  ҽлемге  паш  ететіндей  бетке  ұстар  саласы  бар. 
Жапондықтар робот жасаудың ҿндірісін мақтан етеді, немістер автомобиль жасауда, финдер 
байланыс құрал-жабдықтар шығару жҿнінен ҽлемге танымал. Белгілі бір ҿндіріс саласының 
ҽр  елде  ҿсіп  ҿркендеуі  кездейсоқ  емес.  Қазақстанның  индустриялық-инновациялық 
ҿркендеуі  де  ҿздігінен  туындамайтыны  анық.  Бұл  үшін  бұрын  нарықта  басым  орын  алған 
ҿндіріс  салаларын  дамыту,  осы  салаларды  қамтамасыз  ететін  ғылыми  күштер  мен  маман-
дарды сақтау, елде бар бҽсекеге қабілетті факторларды пайдалану қажет. Біздің ойымызша, 
жер  қойнауындағы  сирек  металдар  сол  бастаудың  қайнар  кҿзі  ретінде  пайдаланылуы  тиіс. 
Бұл  ойды  іске  асырсақ  халқымыздың  ҽл-ауқатын  жақсартуға,  еліміздің  ҿркендеуіне  үлкен 
үлес қосқан болар едік. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Ҽбдірҽсіл Ж. Егемен Қазақстан // 2006 ж., 7 шілде,  № 22. 
2 Есжанов М.М. Егемен Қазақстан // 2007 ж., 14 сҽуір, № 3. 
3 Егемен Қазақстан // 2002 ж., 3 қазан, № 47. 
4 Егемен Қазақстан // 2003 ж., 22 желтоқсан, № 55. 
 
Аннотация.  Работа  состоит  из  введения,  литературного  обзора,  экспериментальной 
части,  заключения  и  списка  использованной  литературы.  В  дипломной  работе 
рассматриваются  основные  физические  и  химические  свойства  серы  и  ее  соединений. 
Исследован  качественный  и  количественный  состав  соединений  серы.  Определены 
основные  химико-технологические  показатели  превращения  диоксида  серы  в  серный 
ангидрит:  степень  превращения,  константа  равновесия,  а  также  влияние  на  эти  показатели 

47 
 
температуры  и  давления.  Рассчитаны  значения  свободной  энергии  Гиббса  для  процессов 
окисления серы до серной кислоты. Определена зависимость свободной энергии Гиббса от 
температуры.  Показано,  что  с  повышением  температуры  значения  изобарного  потенциала 
уменьшаются.  
Annotation.  Work  consists  of  introduction,  literary  review,  experimental  part,  conclusions 
and  list  of  the  used  literature.  In  degree  work  are  considered  main  physical  and  chemical 
characteristic of the sulphur and her(its) join. Explored qualitative and quantitative composition of 
the joining the sulphur. The main chemist-technological factors of the conversion dioxide sulphurs 
are  determined  in  sulfuric  unhidrit:  degree  of  the  conversion,  constant  of  the  balance,  as  well  as 
influence  upon  these  factors  of  the  temperature  and  pressures.  Calculated  importance  of  the  free 
energy Gibbs for processes of the oxidation of the sulphur before chamois of the acid. The certain 
dependency  to  free  energy  Gibbs  from  the  temperature.  It  is  shown  that  with  increasing  of  the 
temperature of the importance изобарного potential decrease.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

48 
 
 
ФИЛОЛОГИЯ 
 
(ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ): 
ҚАЗАҚ, ОРЫС, ШЕТ ТІЛДЕРІ 
 
 
ӘОЖ 37.01 
А14 
 
РУХ ЕРКІНДІГІН ҚАСТЕР ТҦТҚАН ХАЛЫҚПЫЗ 
 
Абдықадырова Т.Р. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы ҿзінің егемендігі мен тҽуелсіздігі үшін күресіп келді. 
Ҿзінің ең жақсы қасиеттерінің:  қатер тҿнген сҽттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ 
басқа  халықтармен  бейбітшілік, келісім  мен  тату  кҿршілік жағдайында  тұруға  деген ынта-
ықыласының  арқасында  ол  тарих  тасқынының  астында  қалып  қоймай,  ҿзінің  дербестігін, 
тҽуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алды. 
Ең бастысы, тату-тҽтті ынтымағы жарасқан кҿп ұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер 
дегенде  —  білегін  сыбанып,  іске  дайын  тұрған  қайраткерлеріміз  бар.  Сан  ғасырлар  бойы 
талай теперішті кҿрсе де, жайсаң жанын, ҽсем ҽнін, күмбір             күйін, ҽдемі ҽдет-ғұрпын, 
таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз — осы. Рухы еркін халық 
қана ұлы істерді атқара алады,- деген ел басымыз.. 
Тарихи жҽне рухани сілкініс нҽтижесінде қазақ халқы да ҿзінің тарихи негізді ұлттық 
құндылықтарын  тануға,  ұлттық  тілін құрметтеуге,  жас ұрпақты  ұлттық    рухта  тҽрбиелеуге 
ҿзгеше құлшыныс танытуда. 
Ғасырлар  бойы  басқыншылық-шапқыншылық  соғыстарға,  отарлау  езгiсiне,  ҽдейi 
ұйымдастырылған  ашаршылық  пен  босқыншылықтарға,  саяси  қуғын-сүргiндерге  жҽне  т.б. 
озбырлықтарға  ұшыраса  да  осы  күнге  дейiн  негiзгi  халықтық-ұлттық  дiлiн  сақтаған  қазақ 
ұрпақтарының  ұлттық  рухта  тҽрбиеленуі  –  аса  зҽру  мҽселе  екендiгi  айқын  сезiледi.  Бұл 
орайда,  Қазақстан  Республикасының  Президентi  Н.Назарбаевтың  «Ғасырлар  тоғысында» 
(1996)  кiтабындағы  пiкiрiнiң  қазiргi  қазақ  жастарының  ұлттық  рухты  жоғары  ұстауға 
тиянақты  бағдар  болатыны  да  күмҽнсiз:  «Мен  ҿз  халқымның  кҿнбеске  кҿнiп,  шыдамасқа 
шыдай бiлетiн тҿзiмдiлiгiне қайран қаламын. Мҽңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып 
ҽкететiндей  талай  қилы  кезең  тұсында  қиналса  да  аман  қалыпты.  Қазақтар  талай  жерде 
тұтасымен  қырылып  кетуге  шақ  қалды.  Бiрақ  ҿмiрге  құштарлық,  азаттыққа  құштарлық 
қайтадан жығылған еңсенi кҿтерiп, тҽуекелге бел буғызды», деп жазды Елбасы [1, 268-269]. 
      Тҽуелсіздік  дегеніміз  –  елдің  егемендігі,  халықтың  бостандығы,  сана  еркіндігі. 
Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани  құндылықтары, 
рухы.  Бұл  бірнеше  ғасырлар  бойы  халықтың  армандаған  қасиетті  ұғымы.  Осы  қасиеттері 
оның ұлттық тілінде, тарихында мҽңгі қалады, мҽдени мұраларында кҿрініс тауып, мҽңгіге 
сақталады. 
―Ҿз  тарихын,  ҿз  философиясын  білмейінше  жҽне  оған  белгілі  бір  кҿзқараста 
болмайынша ешқандай да мҽдениеттің дамуы мүмкін емес‖,  – дейді кҿрнекті түркітанушы 
ғалым  Л.Н.Гумилев.  Шындығынды,  ҿз  елінің  тарихын,  философиясын  білу,  ұлттық 
құндылықтарын  зерттеу,  солар  арқылы  ұлттық  идеологияны  қалыптастыру,  жас  ұрпақты 
ұлттық рухта тҽрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің ертеңін ойлаған ҽрбір елдің, ердің 
басты  мұраты.  Еліміздің  сан  ғасырлық  дҽстүрін,  ата-баба  салтын,  тілін,  ділін,  дінін, 
мҽдениеті мен тарихын, ҽдебиеті мен ҿнерін ҿзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды 
ҽлемдік ҿркениет ҿрісіне қарай ҿрістете отырып, бүгінгі бҽсекеге бейім елу елдің қатарына 
қосылу талабына сай жаңарта дамыту мҽселесі күн тҽртібіне қойылып отыр. 

49 
 
―Ұлттың  дамып  ҿркендеуі  –  оның  ҽрбір  ҿкілінің  қаншалықты  жҽне  қалай 
тҽрбиелегеніне тікелей байланысты. Ұлттың ҽрбір ҿкілі ҿзіне сын кҿзбен қарамаса, ішкі жан 
дүниесі  нұрланбаса,  ол  ұлттың  дамуын  күту  бекершілік‖,  –  деп  ислам  ойшылы  ҽрі 
ағартушысы  Ф.Гүленнің  айтқанындай  отбасы,  бала  тҽрбиесінен  бастау  алатын  ұлттық 
идеяның ұдайы жетілуі, ұлттық рухани құндылықтармен толысуы адамзат үшін аса маңызды 
ҿлшемдер болып табылады. 
Ҿйткені,  қазақ  халқының  ұлттық  құндылықтарының  қалыптасып,  дамуына  кҿп  еңбек 
сіңірген  ұлт  зиялыларының,  тарихи  тұлғаларымыздың  ҽр  кезеңдегі  ҽр  саладағы  ұлттық 
мүддені  аңсаған  арман-тілектері,  ғылыми-танымдық,  тҽрбиелік,  зерттеушілік  еңбектері 
бүгіндері  тҽуелсіз  ой-сана  тұрғысынан  қайта  қаралып,  тарих  таразысына  қайта  салынып, 
жаңаша  кҿзқараспен  жүйелі  түрде  жазылып,  ұлттық  рухты  асқақтатып,  ұлттық  тілімізді 
байытып жатыр. 
ХХІ  ғасырдағы  тҽуелсіздік  осы    ежелден  келе  жатқан  ұлттық  идея  мен  ұлттық 
идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. 
Қай  кезеңде  де  ұлттық  рухтың  ең  ауыр  ҽрі  абыройлы  жүгін  алғы  шепте 
алғашқылардың  бірі  болып  кҿтеретін  де  ҽрқашан  кҿркем  ҽдебиет  пен  ұлттық  тілі  болған 
жҽне  бола  да  берері  сҿзсіз.  Сондықтан  тіл,  дін,  діл,  тарих,  ҽдебиет  пен  мҽдениет  сынды 
ұлттық  құндылықтар  сҿз  болған  жерде  ұлттық  идеяның  мен  мұндалары,  зерттелуі  де, 
насихатталуы да заңды. 
Ҿйткені,  қай  халықтың  болмасын  ҿзге  жұртқа  ұқсамайтын  бҿлек  болмыс-бітімін 
даралап, ҿзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – тарихы, ҽдебиеті мен мҽдениеті, рухы 
мен тілі. 
Ал,  «Ҽрбір  ұлт  –  ҿзінің  халқы  үшін  Ұлы.  Халықтың  мҽңгі  ғұмыры  –  оның  тілінде» 
(Ш.Айматов). 
Сҿз  тарихы  халықтың  \сол  тілді  қолданушылар\  тарихымен  ғана  емес,  оның  ой-сана, 
тарихымен  де  байланысты.  «Ойдың  тікелей  шындығы»  ретіндегі  тілдік  кҿрініс  ғасырлар 
бойғы  адамның  тану,  ұғыну,  қоршаған  ортаны  бағалауы  сияқты  ҽрекеттерді  тұтас  бойға 
жинақтаған  құбылыс  деуге  болады.    Тіл  -  халықтың  жҽне  оның  мҽдениетінің,  ҿзін-ҿзі 
кҿрсетуінің мҽнді тҽсілі. Ҽр бір тіл ҿз қалпында бағалы, себебі ол ҽлемді, дүниені тек ҿзіне 
ғана  тҽн  қайталанбас  тҽсілдермен  айшықтайды.  Жеке  адам  мен  халық  тағдыры,  олардың 
адамдық қасиеті туған тіл тағдырынан тыс емес, сонымен тікелей байланысты. 
Тілдің  қадір-қасиеті жҿнінде  ХХ  ғасырдың  басында  айтылған  Мағжан  Жұмабаевтың, 
Жүсіпбек  Аймауытовтың,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Мұхтар  Ҽуезов  жҽне  Ғабит 
Мүсіреповтердің ой-пікірлерін талдап кҿрелік. 
Тілдің адам ҿміріндегі, һҽм ұлт ҿміріндегі ұстаған орны жайында Мағжан былай дейді: 
«Тіл  -  адам  жанының  тілмашы.  Тілсіз  жүрек  түбіндегі  бағасыз  сезімдер,  жан  түкпіріндегі 
асыл ойлар жарық кҿрмей қор болып қалар еді... Адам тіл арқылы ғана жан сырын сыртқа 
шығарып,  басқалардың  жан  сырын  ұға  алады.  Ойлаған  ойын  сыртқа  шығарып,  басқаға 
ұқтыра  алса,  адамның  не  арманы  бар?  Жазушы,  ақын  деген  сҿз  –  ойлаған  ойын  ҽдемілеп 
жарыққа шығара алады деген сҿз. Тілі кем болса, адамның қор болғаны. Қысқасы, адамның 
толық  адам  аталуы  тілі  арқасында»,-дейді  Мағжан  Жұмабаев.  Ол  -  тіл  ҽрбір  адамға 
осылайша  қымбат  екендігін,  тілінен  айрылған  ұлттың  дүниеде  ұлт  болып  қала 
алмайтындығын,  ондай  ұлттың  құритындығын,  ұлттың  ұлт  болуы  үшін  ол  ұлттың  бірінші 
шарты  -  тілі  болу  керектігін,  ұлттың  тілі  кеми  бастауы,  сол  ұлттың  құри  бастайтындығын 
анықтаған.  Мағжан  ұлтқа  тілінен  басқа  қымбат  нҽрсе  болуға  тиіс  емес  дей  отырып:  «Бір 
ұлттың  тілінде  сол  ұлттың  сыры,  тарихы,  тұрмысы,  мінезі  айнадай  кҿрініп  тұрады.  Қазақ 
тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді 
тарихы,  сар  далада  үдере  кҿшкен  тұрмысы,  асықпайтын,  саспайтын  сабырлы  мінезі  –  бҽрі 
кҿрініп  тұр.  Қазақтың  сар  даласы  кең,  тілі  де  бай.  Осы  күнгі  түрік  тілдерінің  ішінде  қазақ 
тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ. Түрік тілімен сҿйлеймін деген  түрік балалары күндерде 
бір  күн  айналып,  қазақ  тіліне  келмекші.  Қазақ  тілін  қолданбақшы»,-  деп  қазақ  тілінің 
ерекшелігіне,  оның  орамдылығына,  бай  тіл  екендігіне,  сол  тілде  ұлттың  бүкіл  болымысы 
жатқандығына,  оның  болашағына  тоқталады.  Тілдің  адам  ҿміріндегі  орнын,  қоғамдағы 
міндетін ашып кҿрсетеді: 
Жарық кҿрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім 
Таза, терең, ҿткір күшті, кең тілім. 
Таралған түрік балаларын баурыңа, 

50 
 
Ақ  қолыңмен  тарта  аларсын  сен  тілім,  -  деп  қазақ  тілінің  келешекте  тҿрден  орын 
алатындығына кҽміл сенеді [6, 25].  
Қазақ  зиялыларының  ішінде  ұлт  руханиятының  қай  саласында  болмасын  халқымыз 
үшін  берекелі  еңбек  еткендердің  бірі  -  Мұхтар  Ҽуезов.  Мұхтар  Ҽуезов  кҿркем  ҽдебиет, 
ҽдебиеттану  ғылым  салаларында  ғана  емес  қазақтың  жазба  тілінің  бүгіні  мен  ертеңіне  кҿз 
тастап, тың пікірлер айтқан. Ол – қазақтың жазба тілі, ҽдеби тілі, ғылыми тіл, терминология  
мҽселелері  бойынша  ой  қозғаған  ғалым.  Оның  Абай  жҽне  тағы  басқа  да  ақын 
жазушылардың  тілі  жҿніндегі  пікірлерін  де  құнды  пікірлер  деп  қарастыруға  болады. 
Сонымен қатар ол - ұлттық мҽдениет пен ұлттық тілді қатар қарастырған, ол жайында келелі 
мҽселе кҿтерген. Мұхтар Ҽуезовты артына мол мұра қалдырған кҿркемсҿздің алыбы ретінде 
де, қазақ тілінің мҽдениеті мен дамып қалыптасуына үлкен ықпал еткен қайраткер-қаламгер 
ретінде де қарастыруымызға болады. Оның тіл мҽселесін кҿтерген алғашқы мақалаларының 
бірі - «Қайсысын қолданамыз?» мақаласы Сарыарқа газетінің 1917 жылғы қазан айының  9-
да,  ал  «Ғылым  тілі»  мақаласы  Абай  журналының  1918ж  7-санында  жариялаған.  Бұл 
мақалаларында  жиырма  жастағы  жас  дарын  сол  кездегі  қазақ  тілінің,  оның  мҽдениетінің 
кҿкейкесті мҽселелерін қозғайды. Мысалы, «Ғылым тілі мақаласында»: Қазіргі қазақ тілінде 
оқу  екі  ағысқа  бҿлініп  барады.  Бірі  –  мұсылмандарша  оқығандардың  жолы.  Ғылым  тілін 
арабшаға,  мұсылман  негізіне  тартады.  Мұсылманша  оқыған  мұғалім  Еуропаның  ғылыми 
тілін  білмейді,  орысша  оқыған  учитель  мұсылманшаны  білмейді.  Осыдан  ошақтың  үш 
бұтын үш жаққа қаратып отырғандық – ғажаптанарлық нҽрсе емес. Бірақ салыстырып, осы 
екі  жолдың  бірін  алып,  бҽріміздің  бетіміз  бір  жҿнге  сайып  келуі  мұқтаж.  Бұл  мұқтаждық 
ұғым бҽрімізге парыз,- деп жазады. Ұлы жазушы мҽдениет пен тілді тұтас алып қарастыра 
отырып:  «Ҿз  тілін  білмеген  адамдарды  мҽдениетті  адамдардың  қасына  қосуға  болмайды»- 
деп тілін білмеген, оның қыр-сырын жетік меңгермеген, адамдарды мҽдениетті адамдардың 
қатарына  қоспаған.  Қазақ  тілінің  табиғи  қасиетін  жойып  алмауға,  оның  қырының 
сынбауына,  оның  оралымсыз  болмауына  үлкен  еңбек  сіңіргендердің  қатарына  Ғабит 
Мүсіреповты  де  жатқызамыз.  Ғабит  Мүсіреповтың  бес  томдық  шығармалар  жинағы  мен 
мақалаларында  жҽне  де  басқа  еңбектерінде  тіл  туралы  толғанбаған  тұстары  кемде-кем 
екендігін  байқауға  болады.  Ғ.Мүсірепов:  «Біздің  ең  үлкен  трагедия,  басшыларымыз 
ҽдебиетімізді  ана  тілінде  оқи  алмайды,  орысша  аудармадан  оқиды  (онда  да  оқыса). 
Орысшасы арқылы бағалайды»,- деп басшылардың ана тілімізді білмейтініне, ҽдебиетіміздің 
табиғатын  түсінбейтініне  қынжылады.  Ғабит  Мүсірепов  -  ана  тіліміздің  келешегіне,  бүгіні 
тағдырына  арнайы  тоқталып,  ой  қозғаған,  түбегейлі  пікір  білдірген  жазушы.  Оның 
алпысыншы жылдардың басында жазылған  «Ҽдебиет тілі жайында» атты  мақаласында ол: 
«Соңғы  кезде  белді-белді  тіл  ғалымдарының  (І  Кеңесбаев,  Ғ.Мұсабаев,  Ҽ.Ҽбдірахманов, 
Т.Қордабаев)  орфография,  емле,  мҽселелеріне  тағы  да  бір  оралғандарын  мҽдениет 
жұртшылығы қатты ұнатып қалғандығына тоқтала отырып, кҿптеген кҿркем шығармаларда 
орын  алып,  ҿрбіп  бара  жатқан  келеңсіз  жайларды  талдап  кҿрсетеді.  Тіліміздің 
шұбарланбауын  қадағалау  керектігін  ҿзекті  мҽселе  етіп,  дер  кезінде  қозғайды.  «Тіл  –  аса 
қадірлеп  ұстайтын  байлығымыз.  Тілді  ешкімге  түрпілетпеуіміз  керек»,-  дейді.  Ғабит 
Мүсірепов. Ол ұлттық тілдің қадір қасиетіне тоқтала отырып, тіл майданында жүрген тілші 
ғалымдардың  тілге  мұқияттылықпен  қарап,  оның  терең  мағынасы  мен  маңызын  оқырман 
қауымға  сауатты  жеткізуіне  үлкен  мҽн  береді.    Кезінде  үлкен  қоғамдық  пікір  туғызған 
дүниенің  бірі  –  Ғ.  Мүсіреповтың:  «Авгейдің  ат  қорасынан  бастайық»  атты  мақаласы  еді 
(мақала 1976 жылы, 28 қарашада «Социалистік қазақстан» газетінде жарияланған). Мұнда ол 
негізгі ойын ана тіліміздің тарихи мҽнін ашып, бағалаудан бастайды. Ол: «Ана тілі дегеніміз 
– сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да 
танытатын,  сол  халықтың  мҽңгілігінің  мҽңгілік  мҽселесі.  Ана  тілін,  тек  ҿгей  ұлдары  ғана 
аяққа басады», - дейді [7,4].  
Ұлттық  тілдің  тағдырын  сҿз  еткенде  «Мемлекеттік  тіл»  қоғамдық  қозғалысының 
тҿрағасы, ақын Мұхтар  Шахановтың келелі ой пікіріне, ана тіліміздің жанашыры ретіндегі 
қайраткерлік іс-ҽрекетіне тоқталмай кетуге болмас. Оның:    
«Ҿз тіліңді жерсінбеудің, 
Ҿз анаңды менсінбеудің 
Арсыздығы қай дҽуірде болып еді тапқырлық? 
Ол - рухани мүгедектік ҽрі ұлттық сатқындық! 
Аз қайғы ма талабыңды түсінігің алдаса? 

51 
 
Мейлі он тіл, тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса 
Ҿз ұлтыңның тілі менен рухы 
Ой санаңа іргетас боп қалмаса»,- деп ҿз ана тіліңде ойлаудан, сҿйлеуден қалсаң, ұлттық 
рухыңнан  ажырайтыныңды,  ҿз  ана  тіліне  менсінбей,  жерсінбей  қарайтындардың 
талайларының тағдыры тҽлкектікпен аяқталатындығын ашып айтады. Ұлттың ең ұлы анасы 
тілі  екенін,  тілден  ажыраған  шақта  ұлттың  да  жойылатындығын  оның  «Тамырсыздану 
қаупінің тұжырымдамасы» атты шығармасында анық айтылған. Ана тіліне деген арсыздық 
пен  сатқындықтың,  рухани  мүгедектіктің,  ҿз  ана  тіліңнін  рухы  санаңда  қалмаса  жүз  тіл 
білгенімен орны толмас, зор қайғы екендігін ақын  терең толғанып жырлайды. 
Халықтың  түпсіз  даналығы,  ҿмірден  түйген  ҿнегелері,  этикалық  қағидалары, 
эстетикалық  талғамы,  тҽлім-тҽрбиесі  тілі  арқылы  сақталып,  тілі  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып жататындығын біз жақсы білеміз. Біздің тіліміздің байлығы мен құнарлылығы кез-
келген  халықтың  тіліндегі  шығармалармен  салыстырғанда  да  бұл  ерекшелігі  анық 
байқалады.  Бұл  тіл  -  ұлы  Абай  мен  Мұхтардың  сҿйлеген  тілі.  Ата-баба  құндылықтарын 
сақтап,  оларды  жете  біліп,  терең  меңгеру,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізе  білу  аға  ұрпақтың 
парызы. Даналардың даналығы тілі арқылы жеткізіледі. Сондықтан, ең қымбат байлығымыз 
– ана тіліміз.  
Ежелден  рух  еркіндігін  ерекше  қастер  тұтқан  халқымыздың  асыл  дҽстүрлерін  жаңа 
заманға жарасымды жалғастыруымыз қажет. 
 Белгілі  бір  ұлттың  мыңдаған  ғасырлар  бойы  бой  тұмардай  сақталып,  аялап  келген 
тарихы, бай ҽдеби мұралары, ұлттық құндылықтары да осы тіл, яғни сҿз ҿнері арқылы ғана 
ұрпақ санасына сіңеді.  
―Ҽдебиет-ұлт  ҿміріндегі  үйлесім,  ұлттың  болмысы  мен  ой-пікірінің,  рухани  ілімінің 
кҿркем  айнасы.  Ҽдебиет  болмағанда  даналық  ҿзінің  отырған  салтанатты  тағына  ие  бола 
алмас еді, философия бүгінгі күнге жетпес еді, шешендік ҿнер біздің қажеттілігімізге жауап 
бере алмас еді‖,  – деген ислам ойшылы ҽрі ағартушысы Ф.Гүленнің даналығына сүйенсек, 
ұлтымыздың алтын діңгегін, рухани тұғырын құрайтын ұлттық құндылықтарымыз – тіл, дін, 
діл жҽне ғасырлар бойы үздіксіз түзілген рухани-мҽдени байлығымыз т.б.   
Рухани-мҽдени  мұраны  игеру  –  халқының  тарихи  жадының  негізі,  онсыз  шынайы 
патриотизм  болмайды.  Ҽрбір  ұлттың  бет-бейнесі,  рухани  болмысы  болып  табылатын 
рухани-мҽдени мұрасын меңгермеген ұрпақ шын мҽніндегі мҽңгүрт, рухани мешеу болмағы 
мҽлім.  
Адамзаттың сан ғасырлық ақыл-ойы, парасат-пайымы, ҿмірлік тҽжірибесі жинақталған 
сҿз  ҿнерінің  ҽрбір  саласы  біздің  ұрпақ  үшін  ұшан-теңіз  байлық,  мол  мұра.  Тарихи 
мҽңгүрттіктен арылып,  жеткіншек ұрпақты ҿз елінің бай тарихымен, ежелгі жҽдігерлермен 
т.б. рухани жетістіктері мен ұлттық құндылықтарымен таныстырып, табыстырып, тҽрбиелеу 
үшін  мемлекеттік  тұрғыда  қабылданған  «Мҽдени  мұра»  бағдарламасының  стратегиялық 
ұстанымы айрықша маңызды. Ҽлемдік деңгейде кездесе қоймайтын мұндай маңызды жоба 
ҿзге  елге  де  ҿнеге  боларлық  шара.  Шынында  да,  ҿркениетті  ұлт,  ең  алдымен  тарихымен, 
мҽдениетімен,  ҽдебиетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы  тағдырымен,  халықтың  рухани  алтын 
қорына қосылған қомақты да қыруар ұлттық құндылықтарымен мақтана алады.  
Дүниенің алтыдан бір бҿлігін алып жатқан алып империя – Совет Одағы ыдырауының 
нҽтижесінде біздің тарихымызға, ҽдебиетімізге ала кҿзбен қарайтын шовинистік кҿзқарастар 
шегеріліп,  ұлттық  сана-сезімге  кеңінен  жол  ашылды.  Ұлттық  рух  кҿтеріліп,  ҿз 
құндылықтарымыздың қадірін біле бастадық 
Халқымыздың даңқты жауынгер жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Мен үш нҽрседен 
қорқамын. Біріншісі, ҿз сҽбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, немересіне ертегі айтып 
бере  алмаған  ата-ҽжеден,  үшіншісі,  екі  қазақтың  бір-бірімен  орысша  сҿйлесіп  тұрғанынан 
қорқамын»,-деген. Халықтың ұлттық қасиетінен айыратын осы үш қауіп қай-қай ұлттың да 
басына тҿнер қасірет. Батыр Бауыржанның ҿзін шошытып отырған бесік жырын білмейтін 
аналарымыздың,  ертегі  айта  алмайтын  ата-ҽжелеріміздің,  ҿз  ана  тілінен  жеріген  жат 
бауырлардың  т.б.    қазақтың  қасиетті  шаңырағының  керегесінің  киесіне  ұшырауы  ҽбден 
мүмкін.  Шынында  да  аты  –  Алаш,  сүйегі  –  ағаш,  шаңырағы  биік  киіз  –  туырлықты 
халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұлықтап жеткізуінде қарапайым қағида, ҿлмес ҿнеге жатыр.  
Халық бар жерде оның даналығын дҽріптер руханияты жүретін ақиқат. 
Халықтың  ұлттық  рухы  мен  ұлттық  тілі  ұлттық  санасы  мҽңгілік,рухын 
кҿтеретін,ұлттық идеяны ұлықтайық, ағайын. 

52 
 
Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін 
толтырып кен берген, мейірбан, ақ кҿңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын 
садаға ететін ер берген. 
Маған  ары  үшін  жанын  садаға  ететін  осындай  текті  халықымыз  бар,  оны  мені  ұлым 
деп, перзентім деп тҿбесіне кҿтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің 
пешенесіне  бұйырмаған  бақытты — толыққанды, тҽуелсіз мемлекет құрудың басында болу 
бақытын  бұйыртқан  халыққа  қызмет  етуден  артық  ештеңенің  керегі  жоқ,  осы  жолда  мен 
бойымдағы  бар  қайрат-қабілетімді,  білім-білігімді  аямай  жұмсаймын,  қандай  тҽуекелге  де 
барамын. 
Біз  —  қашанда  ҿткенге  салауат  айтып,  жарқын  болашақтан  жақсы  үміт  күткен 
халықпыз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет