№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015


ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ!



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ! 
«Ұлттық  арнада  жаңа  жобаның  тұсаукесері!  Жаһандық  өркениет,  төрткүл 
дүние  тынысы,  «Қазақстан»  Ұлттық  арнасының  әлемге  саяхаты  әр  жексенбі  сайын 
«Жиһанкез»  бағдарламасында!»  –  2012-ші  жылдың  9-шы  қыркүйек  айынан  бастап 
«Қазақстан» 
телеарнасының 
эфирінен 
осындай 
әлқиссамен 
«Жиһанкез» 
бағдарламасы эфирге шыққан болатын. 
Сол  кезге  дейін  қазақ  телевизиясының  тарихында  саяхат  жайында  қазақ 
тілінде,  өзге  тілдерден  қазақшаға  аударылған  телебағдарламаларды  қоспағанда, 
болған  емес.  «Атың  барда  жер  таны,  желіп  жүріп»  деген  қазақ  даналығын  алға 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
72 
тартып,  көрермендерге  телесаяхат  ұсынған  бағдарлама  жол  тартты.  Аутсорсинг 
негізінде жасалған бұл телеөнімнің рейтингісі бірден шарықтап кетті. 
Шет  елдер  мәдениетін,  салт-дәстүрін,  таным-түсінігін,  демалыс  орындарымен 
көрермендерді  таныстыру,  көпшілік  ойлағандай  оңай  жұмыс  емес.  Кей  кездері  бір 
елге жету үшін бір тәулік бойы ұшақпен ұшып, ары қарай бірнеше сағат автобуспен 
жүріп,  сосын  тағы  бірнеше  сағат  кемемен  немесе  тікұшақпен  баруға  тура  келеді. 
Айшылық  жолды  артқа  тастаған  соң,  жатып  бой  жазуға  уақыт  болмайды.  Қысқа 
уақыттың ішінде барған елді барынша жан-жақты түсіріп, қазақстандық көрерменге 
неғұрлым  көп  ақпарат,  әдемі  кадрлар  алуға  тырысамыз.  Мемлекеттік  телеарналар 
үшін бұл тектес бағдарламаны түсіру мүмкін емес. Қомақты қаржыны талап ететін 
қымбат  жобаны  «DAMU  MEDIA  GROUP»  медиа  компаниясы  қолға  алды.  Сөйтіп 
2013-ші  жылдан  бері  камера  объективіне  40-тан  астам  елдің  200-ге  тарта  қаласы 
түсті. Олардың қатарында 6 құрлықтың 3-еуі бар. Жоспарда енді Оңтүстік Америка, 
Солтүстік Америка мен Антарктида бар. 
Әр  ел  –  бір  әлем.  Әрқайсысының  өз  қалыптасқан  ұстанымы  мен  түсінігі  бар. 
«Жиһанкез» бағдарламасы үйлерінің ішін алтынмен жалатып, алтын  табақшадан ас 
ішетін  ел  тұрғындарымен  де,  ішерге  ас  таппай,  бір  үзім  нанға  жарымай  отырған 
халық өкілдерімен де кездесті. 
Бағдарламаны  жасамас  бұрын  қазақ  телевизиясына  не  жетіспейді,  қандай 
телеөнімдер қажет, қоғам не қалайды деген сұрақтарға жауап іздедім. Телевизиялық 
контентті  зерттей  келе,  телесаяхат  бағыты  бекітіліп,  сол  бағыт  бойынша  жұмысқа 
кірістім.  Мемлекеттік  телеарнада  күнделікті  қорытынды  жаңалықтар  жүргізіп 
жүрген  студиядан  бас  тартып,  жеке  телестудия  ашу  арқылы  бірнеше  адамның 
қызметі  мен  міндеті  бір  өзіме  артылды.  Сол  сәттен  бастап,  журналистік 
шығармашылықпен  қатар  продюсер  де,  әкімші  де,  режиссер  де  өзім  болдым. 
Медиаменеджментті  меңгеріп,  бизнес  жүргізу  жайында  сансыз  әдебиетті  ақтарып, 
тәжірибелі мамандармен ақылдасып, үлкен бизнеске қадам бастым. 
Алдымен  демеуші  іздестірілді.  Ондаған  туристік  компания  есігін  жас  жігітке 
сенімсіздік  білдіріп,  қарсы  алдымнан  тарс  жапты.  Дегенмен  көп  ұзамай  бизнес 
әріптес  табылды.  Табылған  операторлар  да,  жарық  қоюшылар  мен  режиссер  де 
«Жиһанкез»  бағдарламасын  түсіруге  кірісіп  кетті.  Эфирге  шыққан  алғашқы 
бағдарламамыз Түркия болды... 
Екі  жылдай  уақыт  бойы  «Жиһанкез»  бағдарламасы  «Қазақстан»  ұлттық 
арнасының эфирінен шығып тұрды. Әлеуметтік желілерде жылы лебіздер білдіріліп, 
мені  бағдарлама жүргізушісі ретінде жаттап қалған көрермендер көшеде көре сала: 
«Айналайын,  жиһанкезсің  бе?!»  -  деп  сұрақ  астына  алып  жатты.  Бұл  –  телеарна 
контені сапасының артуына қосылған үлес деп білдім. 
Араға  біраз  үзіліс  салып,  басқа  демеушілермен  қызметтесіп,  телесаяхат 
«Хабар» арнасынан жалғасын тапты. «Хабар» Агенттігінің эфирінен жаңа форматта 
шыққан  бағдарлама  «Тур  де  Хабар»  деп  аталып  кетті.  Демеуші  қолдауымен  4  ай 
бойы кемемен жарты әлемді шарладық. 
Елизавета  патшайымның  есімі  берілген  92400  тонна  тартатын  «Queen 
Elizabeth»  круиздік  лайнерімен  саяхатқа  тек  ауқатты  адамдар  ғана  шыға  алады. 
Капитан Chris Wells басқарған кеменің үлкендігі футбол алаңындай, ұзындығы – 294 
метр,  ені  –  32,3  м.  Қабаттарының  саны  –  12.  Сыйымдылығы  –  2092  адам.  Мұхит 
лайнерінің ішін көрген адамға ол жер байлық пен жетістіктің мекені іспеттес.  Ішкі 
әрлеуінің  әр  сантиметрі  «алтын  ғасырдағы»  ақсүйектер  өмірінен  хабар  беріп 
тұрғандай.  Лайнер  ішінде  қажеттіліктің  барлығы  бар:  бассейн,  би  алаңы,  фитнес 
орталығы,  бай  кітапхана,  әлемнің  үздік  мейрамханаларының  бірі,  сирек  өсімдіктер 
өсетін бақ. Тарихи «Титаниктің» көшірмесі дерсіз. Осындай кемемен жарты әлемді 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
73 
тамашалап,  бағдарламаға  түсіруімізге  жұмыс  тобына  жұмсалған  қаражат  көлемі  – 
55 000  АҚШ  доллары.  Коммерциялық  арна  түгілі,  мемлекеттік  арналар  мұндай 
шығынды  көтере  алмайтыны  сөзсіз.  Яғни,  қазақстандықтар  үшін  ондай  лайнерден 
хабар тарату мүмкін емес дүние болып қалар еді, ол ауқымды жобаны жеке студия 
қолға алып, жүзеге асырмағанда. 
Телеарна  басшылығы  аутсорсинг  қызметкері  үшін  әлеуметтік  төлемдер 
жасамайды, жұмыс орны, пайдаланатын техникасы мен еңбек демалысына да ақша 
шығарудың  қажеті  жоқ.  Жеке  студиялар  қызметі  мемлекеттік  телеарналар  үшін 
сондығымен  өте  пайдалы.  Телеөнімге  қанша  ұсынса  да,  өзі  біледі.  Телевизиялық 
аутсорсинг  компаниялардың  неғұрлым  көп  болғаны,  соғұрлым  бәсекенің  артып, 
бағдарламалар  сапасының  жоғарлауына  септігін  тигізеді.  Ал  сапа  жоғары  болса, 
оған төленетін ақы да, өз өндірісін ақтап шыға алатыны сөзсіз. 
Ұлттық  бизнес-рейтинг  2013-2014  жылғы  бизнес  рейтингті  саралай  келе,  
«DAMU  MEDIA  GROUP»  компаниясына  «Сала  көшбасшысы  2015»  үздіктерінің 
қатарына  енді.  Мемлекет  бюджетіне  міндетті  төлемдер  мен  салықты  төлеу 
мәліметтерінің  негізінде  Қазақстан  бойынша  түрлі  шағын  бизнес  мекемелерінің 
арасында  жүргізілген  рейтингілеу  жұмысы  нәтижесінде,  екі  бағалау  өлшемі 
бойынша  «DAMU  MEDIA  GROUP»  компаниясы  алдыңғы  қатарға  шығып,  алтын 
және қола белгілеріне ие болды. 
Біздің  телестудиядан  осы  күнге  дейін  телеарналар  эфиріне  20-ға  жуық  түрлі 
телетуынды жол тартты. Алға қойылған жоспарлар да аз емес. Оларды жүзеге асыру 
үшін әр сәт талмай еңбек ету керек. Ізденіс, шабыт, кәсіпқойлық пен жаңашылдық. 
Бүгінгі қазақ телевизиясына керегі – осылар. 
 
Әдебиеттер 
1 J’son & Partners Consulting. Сайт. 
2 Қазақ Телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: ҚазАқпарат, 2009. – 1 т.: – 640 
б. – ISBN №978-601-03-0070-5. 
3 http://kk.wikipedia.org/wiki/. 
4  Исабеков  Б.Н.  Аймақтық  деңгейде  инновациялық  зерттеулер  //  «Астананың 
өркендеуі  –  өңірлердің  өркендеуі»  ғылыми-практикалық  конференцияның 
материалдары – Өскемен, 2011. – 41 б. 
5 Исабеков Б.Н..Governmental support of entrepreneurship and ways of performing 
development  program  //  Институт  экономических  исследований.  Экономика, 
финансы, инструменты. – Астана, 2011. – №2. – 91 с. 
6  Исабеков  Б.Н.  Парасатты  экономика:  дағдарыс  пен  серпіліс  //  Л.Н.  Гумилев 
атындағы ЕҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. – Астана, 2010. – №1. – 243 б. 
7  Исабеков  Б.Н.  Қазақстан  Республикасында  кәсіпкерліктің  инновациялық 
түрлерін  жетілдірудің  нарықтық  механизмдері.  Оқу  құралы.  –  Түркістан:  Тұран, 
2009. – 298 б. 
8  Исабеков  Б.Н.  Дағдарыс  жағдайында  отандық  өндірісті  ұйымдастыру 
мәселелері // А. Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. – 2009. – №2. – 186 б. 
9  Сқабылұлы  А.  Мемтапсырыстан  кем  емес...  «аутсорсинг»  деген  «аусыл» 
бар... – http://www.qazaquni.kz/?p=33218. – 06.02.2015. 
10  Кенжебай  М.  Қазақ  телевизиясы:  халықты  басқарудың  оңай  құралы?...  // 
http://abai.kz. – 22.01.2015. 
11 i-news.kz/news/2015/05/16/8017019. 
 
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
74 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ, 
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР 
КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ШАХИЕВА Роза Ахмедовна, 
Ж. Нұрлыбаев атындағы №15 жалпы орта мектебі 
«География» пәнінің мұғалімі, «Абад» ауылы, Аязхан Қалыбеков ауыл округі, 
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ДАЛА ЗОНАСЫ 
 
Сабақтың тақырыбы: «Дала зонасы». 
Сыныбы: 8 сынып. 
 
Сабақтың  мақсаты:  -  Қазақстан  аумағындағы  дала  зонасы  туралы  толық 
мағлұмат беру; - сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; - 
оқушылардың  ойлау  қабілетін,  сөйлеу  шеберлігін  дамыту;  -  оқушыларды  өздігінен 
білім алуға, айналадағы ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
75 
 
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. 
Сабақтың  әдісі:  Салыстыру,  баяндау,  Сэнквейн  әдісі,  Венн  диаграммасы, 
Суреттеу, РАФТ. 
 
Сабақтың  көрнекілігі:  Қазақстанның  физикалық  картасы,  табиғат 
зоналарының картасы, атлас, слайд, қима қағаздар. 
Ұйымдастыру формасы: Жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс. 
 
Сабақтың барысы: 
І.  Ұйымдастыру  бөлімі:  Оқушылардың  сабаққа  ынтасын  аудару;  сыныпта 
ынтымақтастық ахуалын орнату, оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
76 
 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
А) Оқушыларға сұрақтар беру арқылы үй тапсырмасын сұрау. 
1. Табиғат зонасы қандай белгілермен ерекшеленеді? 
2. Орманды дала зонасында қандай жануарлар мекендейді? 
3.  Орманды  дала  зонасының  топырақтары  шаруашылықтың  қандай  түрін 
дамытуға қолайлы? 
4.  Орманды  дала  зонасы  –  игерілген  аймақтардың  бірі.  Осыған  орай  қандай 
экологиялық проблемалар туындайды
 
Ә) Географиялық диктант арқылы үй тапсырмасын бекіту. 
1. Қазақстанда орманды дала зонасы ... мен ... аз ғана бөлігін алып жатыр. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
77 
2. Орманды дала зонасында жылдық жауын-шашын ..., оның көбі ... жауады. 
3. Өзендері түгелдей дерлік ... қоректенеді. 
4. Орманды дала зонасының солтүстік бөлігінде ... қабаттың қалыңдығы 75 см-
ге жетеді, оның құрамында ... жуығы шірінді болады. 
5. Бұл зонада дәнді дақылдар егіледі. Олар ..., ..., т.б. 
 
ІІІ.  Жаңа  сабақ:  Тақырыппен  толық  танысып  болған  соң,  әр  топқа  жеке 
тапсырма беру. 
Яғни постер жасап, оны қорғау. 
 
І топ. Дала зонасының климаты жайында. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
78 
 
ІІ  топ.  Орманды  дала  зона  мен  дала  зонасының  ұқсастықтары  мен 
айырмашылығы туралы. 
 
ІІІ топ. Дала зонасының өсімдіктері мен жануарлары жайында. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
79 
 
 
ІV. Бекіту: Сергіту сәті. Әр топ белгілі бір тақырыпқа арнап ән орындайды. 
 
 
 
Кейінгі  бөлімде  «Суреттер  сөйлейді»  әдісі  бойынша,  оқушылар  берілген 
суретке қарап, түсінік береді. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
80 
 
Венн диаграммасы бойынша сабақ бекітіледі. 
Сэнквейн әдісі бойынша «Бес жолды өлең құрастыру». 
 
Берілген шумақтарды оқушылар өздері толықтырады. 
... толған, 
... болған. 
... келемін, 
... сенемін. 
V. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушылар бағаланады. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
81 
VІ. Үйге тапсырма: Дала зонасы тақырыбын оқып түсінігін айту.  
 
 
ШАХИЕВА Роза Ахмедовна, 
Ж. Нұрлыбаев атындағы №15 жалпы орта мектебі 
«География» пәнінің мұғалімі, жоғары санатты ұстаз, 
«Абад» ауылы, Аязхан Қалыбеков ауыл округі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ 
(Қысқа мерзімді сабақ жоспары) 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
82 
Білімділік мәні: Орталық Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық-
географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, өнеркәсібі, ауыл 
шаруашылығы,  көлік  кешендері  туралы  қосымша  деректерді,  картаны,  оқулық 
текстін  пайдалана  отырып,  оқушылардың  өз  бетімен  жұмыс  жасау  дағдысын 
қалыптастыру. 
 
Дамытушылық  мәні:  Оқулықтағы  сурет,  сызба-схема,  атласты,  кестелерді 
пайдаланып,  қосымша  деректермен  сарамандық  жұмыс,  тест  орындау  арқылы  өз 
бетімен ізденуге дағдыландыра отырып, оқушы ойын, қабілетін дамыту. 
 
Тәрбиелік  мәні:  Ұжымдық,  жұптық  жұмыс  арқылы  ұйымшылдық  пен 
шығармашылық ізденіске баулу. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
83 
Сабақтың  түрі:  Білім,  іскерлік  пен  дағдыны  қолдану,  дамыту  мен  бекіту 
сабағы. 
 
Сабақтың  әдісі:  Кембридж  әдістері  бойынша,  танымдық  іс-әрекетті 
ұйымдастыру, иллюстративті (бейнелі), репродуктивті-жартылай ізденушілік, сұрақ-
жауап, баяндау, пікір айту, шығармашылықпен жұмыс жасау; сабақтың мақсатымен 
таныстыру; оқушыларды топқа бөлу; сосын ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру; 
оқушыларды жеке және топ ара бағалау; үйге тапсырма беру. 
І.  «Миға  шабуыл»  стратегиясы  арқылы  өтілген  тақырыптар  бойынша  сұрақ 
жауап өткізу. 
Тест сұрақтары: 
1. Орталық Қазақстан неше облыспен шектеседі? 
а) 9 
ә) 10 
б) 4 
2. Орталық Қазақстанда халықтың сирек қоныстанған ауданы? 
а) Солтүстігі 
ә) Батысы 
б) Шығысы 
3. Орталық Қазақстан қандай пайдалы қазбаға бай? 
а) мұнай-газ, көмір 
ә) көмір, мыс, маргенец 
б) хром, никель 
4.  Қорғасын-мырыш  өндіретін  кәсіпорын  қандай  өндіріс  бірлестігіне 
топтасқан? 
а) Сарыарқа-полиметал 
ә) Атасу-Аят 
б) Теміртау-Қарағанды 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
84 
5.  Орталық  Қазақстан  экономикалық  ауданының  солтүстігі  қандай  мал 
шаруашылығын дамытуға қолайлы? 
 
а) етті-сүтті ірі қара мен жылқы 
ә) қой шаруашылығы 
б) түйе шаруашылығы 
 
І  топ.  Салыстырыңыз.  Оқулық  мәтінін  және  картаны  (62  және  123  сурет) 
пайдаланып, Жезқазған және Балқаш өнеркәсіп топтарында қандай металл түрлерін 
балқытатынын  анықтаңыз  (негізгісінің  астын  сызыңыздар).  Олар  түсті  металдың 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
85 
қандай тобына жатады? Комбинаттары қандай шикізат  базасының негізінде жұмыс 
істеуде? 
Негізгі  салалардың  дамуына  қандай  салалар  көмектесуде?  Жұмыстың 
қорытындысын кестеге жазыңыздар. 
 
ІІ  топ.  «Жүйрік  ой».  2004  жылғы  дерек  бойынша  Орталық  Қазақстанның 
өнеркәсіп өнімдерінің жеке түрлерін шығаруы бойынша үлесі қандай? (Қосымшаны 
пайдаланыңыз).  Жауаптарыңызды  өздеріңіздің  есептеріңіз  бойынша  дұрыстығын 
пайызбен тексеріңіз. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
86 
Қандай өндірістерді Орталық Қазақстанның мамандану саласына жатқызамыз? 
Ол үшін мамандану коэффицентінің формасын пайдаланып, есептеңіздер. Нәтижесін 
төмендегі кестеге жазыңыздар. (Кесте, оқулық, ІІ бөлім, 141 бет). 
ІІІ топ. Дәлелдеңіз. Картаны қолданып (122 сурет), Орталық Қазақстанның ауа 
бассейні қандай өндіріс орындарының әсерінен ластанып жатқанын анықтаңыз. 
 
 
 
Орталық Қазақстан тақырыбына  эссе. Оқушыға білім берудің негізгі көзі – 
«Жеті модульге жеті қадам жасадым»  деген ұстаныммен шектелмеуі тиіс. Сабақты 
оқытуда  барлық  модульдер  мен  «Блум  таксономиясы  да»  сабақтаса  қолданылып, 
олардың  ішінде  негізінен  бір  модуль  ерекше  көрініс  табуы  тиіс.  Бұны  біз  өзіміз 
тізбектеген сабақтар топтамасының жоспарын құруда анықтадық. 
 
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
87 
Мен  құрастырған  арнайы  тізбектелген  сабақтар  топтамасында  қолданылған, 
менің пікірімше, тиімді саналғаны – «оқу мен  оқытуды бағалау» модулі. 
«Дәстүрлі оқытуда» мұғалім сабақ барысын, тақырып мазмұнын өзі түсіндіріп, 
нақтылау  үшін  оқушыларға  «Ереже  дәптерлеріне»  түртіп  алуды  бұйыратын.  Кейін 
қалыпты жүйеленген тақырыпты талдатып, берілген қырық бес минутты әдеттегідей 
өткізетін. Бұл арқылы:  «Мен оқушыға толық  білімді,  яғни теорияны меңгерттім»,  - 
деп  шешіп,  әрі  қарай  келесі  тақырыптарды  түсіндіруге  жол  салып  жүре  беретін. 
Яғни, теория меңгерілгенімен тәжірибе қалып қоятын. 
Ал  жеті  модульді  бірімен-бірін  сабақтастыра  оқытатын  сабақ  барысы  тек 
теорияны  меңгертіп  қана  қоймай,  оны  тәжірибеде  тиімді  пайдаланудың  жолдарын 
көрсетеді. 
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды 
да  салмақты  бөлігі  болып  табылады.  Сол  себепті  оқушылар  өзін-өзі  бағалау,  бірін-
бірі  бағалау,  топтық  бағалауда  оқу  үдерісінің  белсенді  қатысушысы  бола  алады. 
Өйткені,  дәстүрлі  бағалау  процесінде  мұғалім  оқушыға  жауап  бергені  үшін  немесе 
сабақ  оқымағаны  үшін  баға  қояды.  Сонда  оқушы  қаншалықты  әділ  баға  алғанын 
білмей қалады, күмәнмен қарайды. 
Бағалаудың  жаңа  әдісінде  оқушы  бағаны  қандай  критерийлер  бойынша 
алғанын,  келесі  сабақтарда  қандай  критерийлерге  көңіл  бөлу  керектігін  ұғынады. 
Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. 
Бағалау  –  оқыту  нәтижесін  анықтау  үшін  қолданылатын  тәсіл  –  оқушының 
берілген  тақырыпты  меңгерудегі  кемшіліктерін  жоюда,  оның  үлгерімінің  нәтижелі 
болуына ықпал ететін фактор. 
Мұғалімнің  оқушыларды  бағалауы  –  ол  оның  білімін  топтау,  белгілі  бір 
шаблонмен  салыстыру.  Мұғалімнің  іс-әрекеттеріне  қарай,  шеберлігіне  қарай 
оқушыларды  бағалауда  бірнеше  әдістерін  қолдана  алады:  жеке,  жұптық,  топтық, 
жиынтық,  қателер  талдауын,  салыстырмалы  түрде,  өздерін-өздері,  кері  байланыс, 
т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді. 
Оқыту  үшін  бағалау  мен  оқуды  бағалау  модулі  бағдарламаның  басқа 
модульдерімен  тығыз  байланысқан.  Бұл  модульді  пайдаланғанда  барлық  жаңа 
тәсілдердің  мазмұнын  дұрыс  игеру  керек,  орынды  пайдалану  керек.  Оқыту  үшін 
бағалау  мен  оқуды  бағалау  модулі  оқушылардың  білім  деңгейін  анықтауға,  алдағы 
жұмыстарды  қалай  жоспарлау  керектігін,  алға  қойған  мақсатқа  жету  алгоритмін 
құру керек. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет