№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата03.03.2017
өлшемі6,16 Mb.
#5570
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  нетрадиционные  методы  изобразительного 
искусства  детей  дошкольного  возраста.  В  целях  обучения  искусство  рисования 
применение  нетрадиционных  методов  у  детей,  развивает  интерес  к  искусству 
рисования. 
 
Summary 
In this  article examined  non-traditional methods  of fine Art  for the  children of pre-
school age. In drawing teaching to use non-traditional methods develop children`s interest 
in the fine Arts. 
 
Әдебиеттер 
1  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  мемлекеттік 
саясаттың басты мақсаты // Дала мен қала. – №5. – 8 ақпан. – 2008. 
2 Жұмабекова Ф.Н. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2012. 
3 Ниязбекова Ф., Сансызбайқызы М. Балабақшада баланы мектепке дайындау. 
– Алматы: Шартарап, 2000. 
4 Кошанова Д.А., Молдаханова А.Г. Біздің балабақша. – 2007. 
5 Болатбаев Қ.Қ. Бейнелеу өнеріне арналған дәптер. – Алматы: Атамұра, 2000. 
6 Швайко Г.С. Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары. – М.: Валдос, 2000. 
7  Артемова  Л.Р.  Мектепке  дейінгі  балаларға  арналған  қоршаған  ортадан 
дидактикалық ойындар. – М.: Просвещение, 1992. 
8 Ағарту ісінен – қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практикаға дейін. 
Құрастырған: Сұлтанова Г.С. – Атырау, 2007. 
9 Нүсіпбекова М.И. Бейнелеу өнері. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2002. 
 
 
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
97 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
ГАЗИЗ Жансерік Ерланұлы, 
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының 4 «Б» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЕРКОСАЕВА Арайлым Едігеқызы, 
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚҰМЫРСҚА 
 
Жұмысымның мақсаты: құмырсқа жәндігін зерттей отырып, оның қасиетін, 
ерекшеліктерін, пайдасын білу. 
 
Жұмысымның  міндеті:  құмырсқаны  зерттей  отырып,  адам  өміріне  және 
қоғамға  қандай  маңызы  барын  түсіну,  құмырсқаның  көбеюі,  өсуі,  қасиеттері  және 
ерекшеліктерін анықтау. 
Құмырсқа  (Formіcіdae)  –  жарғаққанаттылар  отрядының  бір  тұқымдасы. 
Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада 
ғана  кездеспейді.  Құмырсқаның  10  мыңдай  түрі  бар.  Олардың  көпшілік  түрлері 
тропиктік аймақтарда кездеседі. 
Денесі  бас,  көкірек  және  құрсақтан  тұрады.  Басы  үлкен,  жақтары  жақсы 
жетілген,  ауыз  аппараты  кеміргіш.  Көкірек  бөлімі жіңішке,  онда  үш  жұп  аяқтары 
жақсы  жетілген.  Көпшілік  түрлерінің  құрсақ  бөлімінде  шаншары  мен  улы  бездері 
жақсы  дамыған,  улы  бездерінен  бөлінетін  сұйықтық  –  құмырсқа  қышқылы деп 
аталады. 
Құмырсқалар,  көбіне  топтанып  (10-100  мың  дарасы  бірігіп),  арнайы  илеу 
жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық,  аналық,  «жұмысшы»  және  «жауынгер» 
құмырсқалар  болады.  Жыныстық  тұрғыдан  жетілмеген  топтары  –  «жұмысшы» 
құмырсқалар  деп  аталады.  Олар  илеудегі  дернәсілдерді,  аналық  құмырсқаларды 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
98 
қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. 
Аталық  құмырсқалар  шағылысып  болғаннан  кейін  өледі.  Аналық  құмырсқалар 
ұрықтанғаннан  кейін  қанаттарын  жойып,  тек  ұрпақ  жалғастырады,  олар  кейде  20 
жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі. 
 
Құмырсқалар 
Әрбір  илеудегі  құмырсқа  топтарының  бір-бірімен  қарым-қатынасы,  негізінен, 
өздерінен  бөлетін  ерекше  химиялық  заттар  –  феромондар арқылы  реттеледі. 
Олардың  иіс,  дәм  сезуі  өте  жақсы  жетілген.  Құмырсқалар  илеуін  қураған  өсімдік 
сабақтары  мен  жапырақтарының  қалдықтарынан  жасайды.  Тропиктік  аймақтарда 
илеу  жасамай  жеке  дара  тіршілік  ететін  құмырсқалардың  түрлері  де  бар.  Негізгі 
қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен 
тұқымдары,  шырындары.  Бір  илеудегі  құмырсқалар  тәулігіне  10  мыңнан  30  мыңға 
дейін жәндіктерді жояды. 
Құмырсқалардың  адам  денсаулығына  пайдасын  көп халықтар  ерте кездерден-
ақ  білген.  Аяғы  ауыратындар  кей  жағдайларда  құмырсқа  илеуіне  аяғын  салып, 
құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған «Бың 
Цау Гаң Му» кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. 
Құмырсқа  денесінде  70-тен  астам  микроэлемент,  20-дан  астам  амин  қышқылы, 
витаминдер бар. 
Қазіргі  кезде  Қытайда  құмырсқадан  аса  бағалы  азықтық,  дәрілік  қасиеті  бар 
препараттар  дайындалады.  Құмырсқаларға  жүргізілген  зерттеулер  нәтижесінде 
олардың  жұқпалы  аурулармен  ауырмайтындығы  анықталған.  Құмырсқадан 
алынатын  дәрілер  буын  ауруларын,  қант  диабетін емдеуде, қан қысымын  реттеуде 
қолданылады.  Оңтүстік  Азия  елдері,  Мексика  тұрғындары  құмырсқаны  тағам 
ретінде де пайдаланады. 
Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол 
иіс  бойынша  адаспай  табады.  Орманда  тіршілік  ететін  құмырсқалар  ағашқа 
өрмелегенде  де  бірінің  артынан  бірі  тізіліп  жорғалайды,  мұнда  да  құмырсқа 
қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. 
Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ – 
үй  құмырсқалары  (шымалдар),  орманда  көбірек  кездесетін  –  жирен  құмырсқалар, 
қара  құмырсқалар  т.б.  Құмырсқалар  пайдалы,  орманда  тіршілік  ететін  жирен 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
99 
құмырсқаларды  жыртқыштар  деуге  болады.  Ол  зиянды  жұлдызқұрттармен,  жауын 
құрттармен  және  жалаңаш  шырыштармен  қоректенеді.  Ағаштардағы  зиянды 
жәндіктерді құртып, пайда келтіреді. 
Бала  күнінде  құмырсқамен  ойнамаған  адам  кемде-кем  шығар.  Ерсілі-қарсылы 
зырылдап жүгірген құмырсқаларды тым болмаса сыртынан бақылаған боларсыз? Ұл 
балалар жағы қызылы  мен қарасын екі  тарапқа бөліп, төбелестіретін болса, қыздар 
жағы нанның қиқымын шашып, оны құмырсқалардың қалай тасып әкетіп жатқанын 
қызықтап,  мәз  болушы  едік.  Кейде  тіпті  нан  қиқымының  үлкенірегін  көтеріп, 
илеуіне  қарай  кетіп  бара  жатқан  құмырсқаны  «менікі»,  «менікі»  деп  меншіктеп, 
таласатынымызды қайтесіз?! 
Шіркін,  қу  тіршілік,  шашылған  нанның  қиқымы  көлемдірек  болса,  құмырсқа 
шіркін біресе оң, біресе сол жағына шығып, астына түсіп көріп әлек болушы еді. Ал 
қазір күнделікті күйбең тіршілігі үшін қарекеттенген адамдарды көрсем, еріксіз көз 
алдыма осы көрініс елестейді… 
Нан  қиқымын  тастасасаң,  алдымен  біреуі  көреді,  айналшықтап  кетпейді  сол 
жерден.  Сосын  қалай  екенін  білмеймін,  олар  көбейеді.  Сондағы  бала  түйсігім, 
оларды  бірлесе  егін  егіп  жатқан  диқандардай  көруші  еді.  Кейде  балалығым  ұстап, 
өзінен  үлкен  нанды  көтеріп  бара  жатқан  құмырсқаның  берекесін  алатынмын. 
Титыңдап әзер көтерген нәпақасынан айыратынмын. Тұра қашады. Бірақ олар қауіп 
сейілді-ау дегенде қайта келетін… 
Құмырсқалар өлгендерін жинап кететінін байқап пе едіңіз? Алғаш байқағанда 
заңдылық  деп  ойлайтынмын.  Өлген  құмырсқаны  алғаш  көргені  безек  қағып  кері 
қарай ұша жөнеледі, алдынан кезіккенге бас тигізіп, хабар береді, сосын ол да кілт 
бұрылып,  алдынан  кездескенге  хабар  беретін.  Өлікті  жалғыз  да,  жабылып  та  алып 
кеткен құмырсқаларды көріп таң-тамаша болатынмын… 
Жерден көтерілген кішкене төмпек, оның ортасында үңірейген тесік болатын. 
Құмырсқалар бірі кіріп, бірі шығып жататын ұяның аузы осы. Ішінде не бар екен деп 
ойлайтынмын.  Шіркін,  бір  көрер  ме  еді  деп  армандаушы  ем.  Сол  арманым 
орындалғанға ұқсайды…  
Суретке назар аударыңыз: 
1  –  Бұтақтар  мен  шөп  қиқымдарынан  жасалған  жабын.  Ауа  райының  тосын 
мінездерінен қорғайды. Жұмысшы құмырсқалар оны жаңартып, жөндеп отырады. 
2  –  Күн  сәулесімен  қыздырылатын  «Солярий»  –  қеңістік.  Илеуді 
мекендеушілер көктемде осында кеп жылынады. 
3 – Шығатын қақпаның бірі. Жауынгерлермен қорғалады. Ауа айналымы үшін 
де қолданылады. 
4  –  «Қорым».  Жұмысшы  құмырқалар  мұнда  өлген  бауырластары  мен 
қоқыстарды жинайды. 
5  –  Қыстау.  Жәндіктер  естері  кіресі-шығасылы  қалыпта  суықта  жан  сақтау 
үшін осында келеді. 
6 – «Нан қоймасы». Құмырсқалар бұл жерге астық жинайды. 
7 – Патша ордасы, мұнда күніне 1500 жұмыртқа салатын аналық тұрады. Оған 
жұмысшы құмырсқалар қызмет етеді. 
8 – Жұмыртқалар мен дернәсілдер орыны. 
9 – Жұмыртқадан шыққан кішкене құмырсқалардың қалыптасатын орны. 
10  –  «Ет  қамбасы»,  «пішеншілер»  құрт,  жұлдызқұрт,  шылаушан  секілділерді 
тасып жеткізетін орын. 
Жәндіктер  мен  жан-жануарлардың  ақыл-ойы  жоқ.  Солай  бола  тұра 
құмырсқалар осылай күн кешіреді екен… 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
100 
Құмырсқаларда  бал  береді.  Оларда  бал  жинау  кезінде  аралар  сияқты  жер 
кезіп, нектар жинайды. Бірақ құмырсқа балы қышқыл болады. 
 
Құмырсқаның илеуі 
Бал құмырсқалар Австралияда және Орталық Америкада кездеседі.  Құмырсқа 
балынан  салқын  сусындар,  емдік  дәрі-дәрмектер  жасалады.  Тіпті  сол  елдің 
тұрғындары  арнайы  илеулерін  қазып,  «тірі  бөшкені»  тауып  алып,  балын  жейді. 
Оларды  «тірі  бөшке»  деуінің  ерекшелігі,  олар  ара  сияқты  ұяда  емес,  өз  бойларына 
жинайды.  Сондықтан  бал  жинаған  кезде  құмырсқалар  торсықтай  болып  семіріп 
кетеді де, өте дәмді болады.  
 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
101 
 
Құмырсқалар  илеуін  мұртшалары  арқылы  иісті  сезе  отырып  адаспай  таба 
алады. Орман құмырсқаларының бір мұртшасында ғана 211 иіс сезгіш бүртік, 1720 
сезу  түктері  болады.  Мұндай  әр  түрлі  ішкі  сыртқы  әсерлерді  сезінетін  жүйке 
ұштарын рецепторлар деп атайды. Рецепторларының саны құмырсқаның қай түріне 
жататындығына қарай түрліше болады. 
 
Мұртшалары арқылы иісті сезе отырып, олар да өз туыстарын жерлейді. 2-2,5 
см тереңдікке көміп тастайды. Оларды жерлейтін жерге басқа құмырсқалар жеткізсе, 
одан әрі «көр қазушылар» көмеді екен. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
102 
Оларды осы иіс сезгіштік қасиеті тағы да сынай алу қасиетіне және бір-бірімен 
«феромон 
тілі» 
арқылы 
іс-әрекеттерімен 
бір-бірімен 
сөйлесе 
алады. 
Құмырсқалардың феромон тілінен басқа ыммен сөйлесу тілі де бар. Бұлай сөйлескен 
кезде құмырсқаның сыртқы дене пішіні әр түрлы қалыпқа келеді. 
 
«Агроном»  құмырсқалар  да  болады.  Оның  құдіреттілігі  сол,  олар  да 
егіншілікпен айналысады. Мысалы, олар ағаш топырақтарын түйірлеп, бөліп-бөліп, 
өз ұяларына жеткізеді де, арнайы даярланып қойған орынға үйеді. 
 
Жас жапырағы үйіндісі қызып, жылыжай пайда болады.  
Қорытынды  ұсыныстарым:  еңбекқор  құмырсқаны  бағалап,  адамдарды 
еңбекті  сүюге,  ұйымшылдыққа  шақырамын;  оның  көптеген  тигізетін  пайдасын, 
емдік  пайдасын  одан  әрі  зерттеп,  елімізде  түрлі  дайын  дәрі-дәрмектер  жасауын 
дамытса;  құмырсқаның  түрлерінің  ішінде  балды  құмырсқаларды  өз  жерімізге 
жерсіндіру жолдарын анықтап, зерттеп қараса. 
Құмырсқа  «патшалығының»  мызғымастығын  қамтамасыз  етіп  келе  жатқан 
қасиеттерінің  бір  себебі  –  алдында  айтып  кеткеніміздей,  бүкіл  құмырсқалардың 
тіршілік әлемі «патшаға» бағынатындығы. 
Миллиондаған  жылдар  өтсе  де,  құмырсқаның  қандай  түрі  болса  да,  өзгеріссіз 
қалған.  Оның  басты  себебі  –  бірлікте,  ынтымақта!  Олардың  өзара  бірігіп,  өмір 
сүруінде. 
Қорытындылай  келе,  мен  барлық  адамзат  құмырсқа  секілді  ынтымақта, 
бірлікте өмір сүрсе екен деймін. 
 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
103 
 
 
КАРИМКУЛОВА Аделя Қанатқызы, 
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 
«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
3 «Ә» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы, 
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы  
 
Жетекшісі: НУРИЕВА Кульмария Акимкановна, 
«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 
«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
бастауыш сынып мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы, 
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы  
 
 
 
ҚИЯРДЫҢ ПАЙДАСЫ 
 
Зерттеу жұмысының мақсаты: 
- Аса құнды мәдени өсімдіктердің бірі – қиярды күтіп, өсіру тәсілін зерттеу; 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
104 
- Қиярдың пайдасын және емдік қасиетін білу. 
 
Зерттеу  жұмысының  маңыздылығы:  қиярдың  әр  түрлі  ауру  түріне 
көмектесетінін анықтау арқылы оның адамға өте пайдалы екенін дәлелдеу. 
Зерттеу жұмысының барысы: қиярды күтіп, өсіру жолдары зерттелді. 
 
Көктемде қар еріп, күн жылынғанда адамдар бақша жұмыстарына кіріседі. Ең 
алдымен жерді  дайындау керек. Жер жылынғанда  жерді  босатып аударамыз, жерге 
тұқымды егеміз. 
Мен әрқашан анама көмектесіп, бақшада жүремін. Біз 3-ші  мамырда қиярдың 
тұқымын отырғыздық. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
105 
 
Біздің қиярға деп 40 дөңгелек (лунка) дайындадық. Отырғызған күннен бастап 
мен қиярдың өсуін бақылап, күн астында тұрған сумен суарып отырдым. 
 
Қияр  –  асқабақ  тұқымдасына  жататын  бір  жылдық  көкөніс  дақылы.  Қияр 
жарығы мол, ылғалды және жылы жерде жақсы өседі. Қиярды жақсы күтіп баптасаң, 
7-10 күннің ішінде жер бетіне 2 жапырақ болып шығады. 
Кейіннен  жапырақтарының  саны  күн  санап  көбейе  бастады.  Қиярдың 
жапырағы  5  қырлы,  түкті,  кезектесіп  орналасады.  Қиярдың  түбінің  топырағын  10 
күн сайын босатып отыру керек. Қиярдың сабағы жатаған немесе өрмелегіш болып 
келеді. Ұзындығы 1,5-2 метрге дейін жетеді. 
Қиярдың гүлі сары түсті болады. Кейде бос гүлдерде кездеседі. Ондай гүлдерді 
біз жұлып тастаймыз. Өйткені, ол гүлдерде жеміс болмайды. Қияр түйін салғаннан 
кейін сортына байланысты әртүлі болып өседі. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
106 
 
Жемісі  –  қияр.  Қиярды  үзіп  алысымен  де,  кейін  тұздалған  күйінде  де  жеуге 
болады. 
Қиярдың құрамында  95-96  пайыз  су,  4-5  пайыз  құрғақ  зат  бар.  Құрғақ  зат 
құрамында  25  пайыз  қант,  1  пайыз белок,  0,1  пайыз май,  С,  В  тобындағы 
витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар. 
 
Қиярдың дәрілік қасиеті. Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан 
мәлім. Мысалға, XVII ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс тілінде 
жарық көрген кітапта қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр шырынын 
судың орнына ішуге болады деп жазылған. 
 
Терінің  күйген  немесе  зақымдалған  жерін  қиярды  қою  арқылы  емдеген. 
Косметика  саласында  да  қияр  үлкен  орын  алған.  Қияр  көптеген  теріні  ағартатын 
кремдердің  құрамында  бар.  Сонымен  қатар,  қиярды  табиғи  күйінде  немесе  тұздап, 
тағамдарға пайдаланады. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
107 
 
Қиярдың пайдасы. Жазда сүйіп жейтін көкөністердің бірі – қиярдың пайдасы 
жайлы  біліп  жүрдім.  Бұл  көкөністе  ағзамыз қажет  ететін  пайдалы заттардың  көбісі 
жинақталған.  Олар: B1,  B2,  B3,  B5,  B6  дәрумендері,  фолий  қышқылы,  кальций, 
темір, магний, фосфор, калий мен мырыш. 
 
Ауыр  жұмыс  күнінен  шаршап,  үйге  әрең  жеттіңіз  бе? Кофены  қоя  тұрыңыз. 
Тоңазытқыштан  бір  балғын  қиярды  тазалап,  жеп  көріңіз.  Құрамындағы  В 
дәрумендер  топтамасы  мен  көмірсутектер  сізді  бірнеше  сағатқа  күш-қуатпен 
қамтамасыз етеді. 
Кішкене  әжім  мен  целлюлитке  қарсы  қымбат  кремдерді  алудың  қажеті  жоқ. 
Қиярдың  бір  тіліміміен  теріңізді  сүртуді  әдетке  айналдырсаңыз,  келешекте  бұл  сіз 
үшін қиын мәселе болмайды. Қияр құрамындағы фитохимиялық заттар теріні берік 
қылып, целлюлит пен әжімдерден сақтап қалады. 
Есіңізде  болсын!  Кешке  отырысқа  барып,  көп  қыдырып,  шаршадыңыз 
ба? Ұйқы  алдында  бір  қияр  жеп  алыңыз.  Ол  ағзаңызға  қажетті  мөлшерде қант, 
дәрумендер  мен  электролиттер береді.  Соның  арқасында  таңертең  көзіңіз  іспей, 
басыңыз ауырмай оянасыз. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
108 
 
Үйге  шаршап  келдіңіз  бе? Қиярды  текшелерге  бөліп,  қайнап  тұрған  суға  бір 
қайнатыңыз.  Осы  судың  буымен  дем  алсаңыз,  қиярдағы  пайдалы  заттар  бумен 
беріліп, бойыңызды сергітеді. 
 
Түскі  астан  кейін  қол  астыңызда  сағыз  табылмады  ма?  Қиярдың  бір  тілімін 
тіліңізбен  таңдайыңызға  жабыстырып,  осылайша  30  секунд  тұра  тұрыңыз. 
Осылайша ауыздағы жағымсыз иісті қоздыратын бактерияларды өлтіресіз.  
Қиярдың емдік қасиеттері: 
1. Қан қысымын ретке келтіреді, жүрек соғысын жақсартады; 
2. Адамның тісіне, шашының өсуіне әсерін тигізеді; 
3. Тыныс алуға және тұмауға көмектеседі; 
4. Жүйке жүйесін тыныштандырады.  
Зерттеу жұмысының қорытындысы: 
-  Қорыта  айтқанда,  қияр  –  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы  мол  дақылдардың 
бірі; 
- Зерттеу барысында қиярдың емдік қасиеттірі көп екендігін байқадым; 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
109 
 
-  Сонымен  қатар  оның  тек  қана тағам  ретінде  емес,  оның  жеке  бас  тазалығын 
сақтауда да пайдасының зор екендігін білдім. 
 
Әдебиеттер 
1 Менің алғашқы Энциклопедиям. 
2 Практикалық жұмыс. 
 
КЕМЕЛБЕКОВА Назерке Жеңісқызы, 
БӘКІРОВА Айжан Айтжанқызы, 
АБЛАКАТ Сапарғали Талапұлы, 
№80 мектеп-лицейінің 4 «Д» сынып оқушылары, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖАНАБАЕВА Бибикулия Сұлтанбековна, 
№80 мектеп-лицейі «Математика» пәнінің мұғалімі, Шымкент қаласы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
«МАТЕМАТИКА» ПӘНІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР 
 
Елбасымыздың  халыққа  жолдауында  жас  ұрпақты  оқытудағы  көптеген 
тиімділіктер  туралы  айтылған.  «Еліміздің  келешегі  жастардың  қолында,  ал 
жастардың тағдыры ұстаздың қолында», - деп Елбасымыз айтқандай, математиканы 
көпшілік  балалар  түсіне  бермейді,  онды  сабаққа  қызығушылығын  арттыру  оңай 
тілмен  түсіндіру  ұстаздың  шеберлігіне  байланысты.  Осынау  қиын  да  қызық  пәнді 
ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра отырып оқыту, меніңше, өте тиімді, әрі қызық. 
Математика  пәнін  оқытудың  жаңа  әдістемелік  жүйесі,  мектептерде  пәнді 
оқытып,  үйретудің  тиімді  жолдарының  бірі  –  оқушылардың  іс-әрекеттерін 
белсендіру  мен  білім  алуға  құштарлығын  арттыру.  Осы  тұрғыда  негізгі  мектепте 
оқытуды  ұйымдастыру  мәселесіне,  оқу-тәрбие  жұмысының  деңгейін  көтеруге  және 
оның беделін жоғарылатуға көңіл бөлу қарастырылған. 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
110 
Қазіргі  кезде  оқытудың  тиімді  әдістерін  зерттеп,  оны  іс  жүзінде  қолдануға 
ұсыну  күрделі  мәселелердің  біріне  айналды.  Оқушыларды  қоршаған  орта 
заттарымен,  құбылыстарымен  таныстыра  отырып  математикаға  қызығушылығын 
арттыру керек. Себебі  математика мектеп бағдарламасындағы ең керекті пәндердің 
бірі болып табылады. 
Негізгі  білім  беру  мекемелерінің  тәрбие  беру  мен  оқыту  әдістемелерінің 
түрлері  көп.  Соның  бір  түрі  –  математика  пәніне  этнопедагогика  элементтерін 
негізге отырып оқыту. 
Бүгінгі қазақ мектептерінің алдында тұрған басты міндет  – оқушының ұлттық 
сана-сезімін  оятып,  тәрбиелеп  қана  қоймай,  оның  бойына  халықтық  педагогиканы, 
ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тіл,  дін,  тәрбие,  ұлттық  салт-дәстүр,  үлгі-өнегені 
сіңірту. 
Ұлт  болашағы  бүгінгі  оқушыларымыздың  білім  мен  біліктілігіне,  санасы  мен 
тәрбиелілігіне  байланысты.  Халқымыз  «Сана  берсін!»  деген  тілекті  тегін  айтпаса 
керек.  Ал  ғұлама  ғалым  Әл-Фараби  балаға  ең  алдымен  тәрбие  берілуі  керектігі, 
онсыз  берілген  білім  оның  өміріне  зиян  келтіретіні  туралы  айтқан.  Олай  болса, 
тәрбиелей  отырып,  білім  алуға  мүмкіншілік  туғызу,  жағдай  жасау  негізгі  міндет 
болуы керек. 
Халықтық  педагогиканың  бір  саласы  –  ұлттық  ойындар.  Қазақ  халқының 
ұлттық ойын түрлерін өтетін тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген 
дәстүрлерімізді  қайта  жандандырып,  ұрпақтар  бойына  сіңіруге  үлкен  көмегін 
тигізеді.  Сонымен  бірге  оқушылар  халқымыздың  өткен  тарихына  ойлы  көз  тастап, 
қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді. 
Әр  жасөспірімнің  қалыптасып,  дамуына,  өздері  күнбе-күн  өмірден  сезінетін, 
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең 
негізгісі  –  қазақтың  халықтық  педагогикасы.  Қазақ  халқының  сан  ғасырлар  бойы 
жинақтаған  мол  тәжірибесін,  танымдық  мұрасын,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз-
ертегілері,  жұмбақ,  мақал-мәтелдер,  өлең-жырлары,  ұлттық  ойындары  –  ерекше 
тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. 
Халқымыздың  тілін,  тарихын,  ұлттық  дәстүрін,  ата  салтын  ұмыта  бастаған 
бүгінгі  ұрпақты  тәрбиелеуге  атсалысу  жалпы  ұлтымыздың  міндеті.  Математика 
пәнін  оқытуда  мазмұны  қазақ  халқының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  өмір  тәжірибесінен, 
салт-дәстүрінен,  шаруашылық  жүргізу  тәсілдерінен,  сондай-ақ  ұлттың  табиғи, 
экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді. 
Халқымыздың  асыл  қазынасын  тиімді  пайдалану,  оның  салт-дәстүрі  мен 
мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуі сөзсіз. Халықтық педагогикамен байланысты 
математика  пәнінің  есептері  мынадай  түрлерге  бөлінеді:  мақал-мәтелдер; 
жұмбақтар;  «Ойлан,  тап!»  отауы;  халық  есептері;  ертегі  есептер;  санамақтар; 
жаңылтпаштар; матемаикалық сиқырлар; тоғыз құмалақ ойыны. 
Халықтық  педагогика  мен  ұлттық  психология  тағылымдарын  пайдалана 
отырып,  математика-физика  пәндерінің  әр  тарауларынан  өткізілген  сабақ  түрлері 
оқушылардың  пәнге  қызығушылығын,  белсенділігін  арттырып,  тарауды  пысықтау 
кезеңін  сапалы  өткізуге,  материалды  толық  меңгеруге  көмектеседі.  Сонымен  бірге, 
оқушылардың  ойын  дамытып,  өзіндік  пікір  айтуға  үйретеді.  Оқушыларды  құрғақ 
жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді. 
Дәстүрлі  емес  сабақ  түрлерін  өткізу  мұғалімнің  берген  тапсырмасы  бойынша 
оқушылардың  үлкен  мақсатты  жұмысының  нәтижесі.  Оқушылардың  қосымша 
әдебиеттермен 
жұмыс 
істеуі, 
ізденістері, 
өз 
бетінше 
бақылаулары 
қорытындыланады.  Жекелеген  тақырыптарда  ұлттық  бұйым,  ұлттық  ұғымдарды 
пайдалануға болады. Мысалы, мынадай логикалық есептерді оқушыларды ойлануға 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
111 
үйрету  арқылы  ізденулеріне,  ұлттық  салт-дәстүрлерді  еске  түсіріп  отыру  үшін 
пайдалануға болады. 
Халықтық дәстүрлі ойындар: 
«Бәйге»  ойыны.  Бәйге  ойыны  ат  жарысы.  Оған  жүйрік,  бапталған  атпен 
шабандоздар қатысады. 
«Ақсүйек» ойыны. Оқулықпен жұмыс жасауға баулиды. 
«Ақ  серек,  көк  серек»  ойыны.  Оқушыларды  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
жаттықтырады. 
«Қазақша  күрес»  ойыны.  Бұл  ойында  «Білекті  бірді  жығар,  білімді  мыңды 
жығар» дегендей, білімдерін есеп шығару арқылы көрсетеді. 
«Сақина  салу  ойыны».  Бұл  ойынға  қатысушылар  екі-екіден  қатар  отырады. 
Ойын  бастаушы  адамның  қолында  сақина  болады.  Ол  сақинаны  қолдан  қолға, 
жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам 
мұны  қасындағы  көршісіне  білдірмей,  орнынан  шапшаң  тұру  керек.  Егер  ол  тұра 
алмай  қалса,  айып  төлейді.  Ал  біз  ойын  ретінде  білім  және  еңбек  туралы  мақал-
мәтелдер айтамыз. 
«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. 
Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып 
қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді. 
«Арқан  тарту».  Оқушылар  парта  бойынша  екі  топқа  бөлініп,  тақтада  жіпке 
ілінген тапсырмаларды кезек-кезек шығып орындайды. Әр шығарған есепке сәйкес 
жіпті өз тобы жағына қарай тартып отырады. Қай топқа жіптің көп бөлігі жетсе, сол 
топ жеңімпаз аталады. 
Бала  ойынмен  өседі.  Осыны  жақсы  түсінген  бабаларымыз  ұлттық  ойынның 
небір  түрлерін  ойлап  тапқан.  Асық  ату  ойыны  –  көне  заманнан  қазірге  дейін 
жалғасын тауып келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын түрімен әсіресе ауыл балаларының 
барлығы жақсы таныс. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  мақсатында  сабақта  оларға 
физикалық  ертегі  немесе  әңгіме  құрастыру  олардың  ойлау  қабілеттерін  шыңдай 
түсетіні  анық.  Бұл  оқушылардың  сөзік  қорын  молайтуға,  өз  бетімен  дербес  жұмыс 
істеу дағдысын дамытуға көп септігін тигізеді. 
Бір тал кессең, (он тал ек). 
Жеті рет өлшеп, (бір рет кес). 
Жігіт сегіз қырлы, (бір сырлы). 
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал). 
Ұлға 30 үйден, (қызға 40 үйден) тыю. 
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді). 
Білімді мыңды жығады, (білекті бірді жығады). 
Санға қатысты мақал-мәтелдер: 
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал). 
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады). 
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас). 
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына). 
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ). 
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын). 
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды). 
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз). 
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді). 
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі). 
11. Қырық кісі бір жақ, (қыңыр кісі бір жақ). 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
112 
12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі – ұйқы, бірі – күлкі). 
13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар). 
14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады). 
15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара). 
16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан). 
17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп, ана болмас). 
18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз). 
19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз). 
20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді). 
Жұмбақтар (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты): 
1. Доп емес, дөңгелек емес, 
Ұқсас бірақ, достарым. 
Фигура ол ең негізгі, 
Дәл жауапты қостадым (Шеңбер). 
2. Бүтін сан, бөлшек сандар, 
Барлығы да бар онда. 
Бұл қандай сан, айтыңдаршы, 
Оң, теріс сан бәрі осында (Рационал сандар). 
3. Нәрселерді санағанда, 
Керек ол бізге ауадай. 
Айтыңдаршы, бұл қандай сан, 
Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан). 
4. Оң сандарға қол шатырдай, 
Қалпақ болған беделі. 
Квадраттасаң егер оны, 
Жоғалтпассың сен оны (Квадрат түбір). 
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, 
Ұзындығы жазулы тұр бойында (Сызғыш). 
6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден, 
Құралған фигура бар қарапайым. 
Салу үшін сен оны сызғыш ізде, 
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым (Түзу). 
7. Егіз туған қос жүйрік, 
Жарыса шауып терлейді. 
Бірін-бірі көрмейді, 
Дамылсыз қанша шапса да, 
Бір мәреге келмейді (Параллель түзулер). 
8. Бірдей санда бірнеше рет, 
Көбейтуден тұрады. 
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады (Дәреже). 
9. Біз санбыз, 
Сызықпыз бөлінген. 
Математиканы ұқпас адамға, 
Құбжық болып көрінген. 
Дұрыс, бұрыс, аралас, 
Ондық болып бөлінген (Бөлшек сан). 
10. Математикалық таңба ол, 
Білімің болса ашарсың. 
Теріс сан болса астында, 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
113 
Мағынасы жоқ деп қашасың (Квадрат теңдеу). 
11. Нүктеден 2 сәуледен құралған, 
Айтшы бұл не екенін? (Бұрыш). 
12. Екі бұрыш ежелден, 
Көрші болған ең тату. 
Бірін-бірі толықтырған, 
Жазыңқыға бар жақын (Сыбайлас бұрыш). 
13. Екі түзу қатар жүріп, 
Үшіншісін қияды. 
Сонда шыққан бұрыштарды, 
Кімдер айтып жияды (Айқыш, тұтас, сәйкес). 
14. Басқа кисең бөрік, 
Сәнді сұлу көрік (Конус). 
15. Айқасқан екі таяқ, 
Тұрады жоқты сұрап (х). 
Санға қатысты жұмбақтар: 
1. Бір, үш, бес, он, 
Жиырма, елу, 
Жүз, екі жүз, мың бар. 
Әрқайсысының құны бар (Теңгелер). 
2. 100 мүйізі бар 
Үстінде киізі бар (Киіз үй). 
3. Қос құлақты 100 тісті, 
Жүзінен бірақ іс түсті (Ара). 
4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар, 
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар. 
Бұлбұлды жолға салып айдағанда, 
Салатын неше түрлі жорғасы бар (Домбыра). 
5. 64 бөлмеде, 
32 тұрғын бар. 
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар. 
Ханы үшін де, жаны үшін де, 
Бермейді олар намысын (Шахмат). 
6. Бір ағаштың он екі бұтағы бар, 
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар. 
Жапырақтың бір жағы ақ, 
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап? (Жыл, ай, тәулік, күн мен түн). 
7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты, 
Сөйтсе де, тікұшақтың көшірмесі сияқты (Инелік). 
8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар, 
Төрт сылдырмағы бар, 
Бір шыбыртқысы бар (Сиыр). 
9. Аяғы біреу, қолы жоқ, 
Шиыр-шиыр жолы көп (Қалам). 
10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде, 
Бірін-бірі көрмейді (Көз). 
11. Таңертең төрт аяқты, 
Түсте екі аяқты, 
Кешке үш аяқты (Адамның қартаю кезеңі). 

№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015         ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
114 
12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін (Қолғап). 
13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі (Домбыра). 
14. Тоғыз белбеу, қос жібек, 
Екі мұрын бір шүмек (Домбыра). 
15. Қарнында бір көлдің балығы бар, 
Немесе жандының алыбы бар (Кит). 
16. Жүз төрт түйме, он бір ине (Есепшот). 
17. Торы тай, табанында төрт ай (Таға). 
18. Басында таяғы бар, 
Төрт аяғы бар, 
Сегіз тұяғы бар, 
Иегінде сақалы бар (Ешкі). 
19. Ақ шапан үстінен, 
Алты ай бойы шешпейді, 
Қара шапан үстінен, 
Алты ай бойы түспейді (Қыс пен жаз). 
Математиканы  ежелгі  гректер  ойлап  тапқан  дейді.  Себебі  Пифагор  кестесін 
түзген – солар. 
Дегенмен біз де ешкімнен кем емеспіз. Мал баққан қазақ болсақ та, біздің де өз 
есебіміз,  өз  математикамыз  болған.  Ал  мал  баққанымызға  ешқашан 
намыстанбаймыз. Себебі біз тұлпардай текті, сұңқардай еркін самғайтын халықтың 
ұрпақтарымыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет