ДЗЮДО КҮРЕСІ
Мақсатым: Дзюдо күресін үйрену; салауатты өмір салтын таңдау, дені сау,
қоғамға пайдалы азамат болып өсу; патриоттық сезімімді ояту, спортпен шұғылдану.
Міндетім: спорт денсаулық кепілі екенін дәлелдеу.
Ғылыми жаңалығым: Дзюдо бүкіл дененің толықтай иілуін қамтамасыз
еткендіктен, адамзат денсаулығына пайда екенін еліме көрсету; мектеп балаларына
балуандар мектеп жасынан басталатынын насихаттау.
Дзюдо қолдану тәсілдері. Дзюдо мен қазақ күресінде жеңісті жарыс ережесі
бойынша лақтыру әдістерінің амплитудалық орындау мен жауырынына түсіру
сапасына қарай бағалайды. Сондықтан бұл күрескерлер әдіс-тәсілдерін осы сапалы
көрсеткіштеріне лайық орындауға күш салады.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
159
Дзюдо жарыстарында түрегеп тұрып орындайтын әдістердің көбісі
амплитудалық лақтыруларға жатады. Ең жиі қолданылатын әдістер топтары
«Арқалап алып лақтыру», содан кейін «Санмен аяқ сыртынан қағып түсіру» және
«Санмен аяқ ортадан қағып түсіру» кешендерінен басталады. Іс-тәжірибелік дзюдо
бүкіл дененің толықтай иілуін қамтамасыз етеді.
Дзюдоның техникасын оқып-үйрену дұрыс құлауды («укэми») білуден
басталады.
Тәжірбиелі күрескерлер тік тұрып, дайындық әрекеттерінде тәсілдердің кең
ауқымына, қарсыластың шабуыл әрекеттеріне қарсы қорғану мен қарсы шабуыл
тәсілдер нұсқаларын жетік меңгереді. Дзюдо бойынша бүкіл дененің толықтай
иілуін қамтамасыз етеді.
Жарақат алмаудың маңызды тетіктерінің бірі – «татамиде» қолмен
амортизациялық алдын-ала соққы болып табылады. Алға қарай құлау кезінде
қолдың иілген бөлігі алға қарай бұрылады. Арқамен құлау кезінде шынтақ түзеліп,
денеден 45-60 градусқа алшақтайды. Бүйірмен құлауда бір қолдың шынтағы түзеліп,
екінші қол корпустан бөлініп, жоғары көтеріледі. Барлық жағдайларда шынтақ
татамиге бағытталып, ал саусақтар бір-біріне нығыздалған күйінде сақталуы тиіс.
Алға қарай құлаған кезде қорғанып құлаудың екінші нұсқасы бар. Қолды
шынтақтан сәл бүгеді, саусақтарды ашады. Басты шалқайтады және бұрады. Одан
кейін, саусақтар «татамиге» тиген кезде, біртіндеп алдымен кеуде, одан кейін қарын,
ең соңында жамбас жерге тиеді.
Арқамен құлаған кезде, иекті кеуде тигізіп, тізелерді де барынша бүгіп құлау
керек. Бір қырмен құлаған кезде де иек кеудеге тигізіледі, аяқ бүгіліп, тізелердің
арасы ашылады.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
160
Тұрыс. Кез-келген техникалық тәсілдің негізі тұрыс немесе «сиcэй» болып
табылады. Дененің қалыпты тұрысында («сиcэй хонтай») – аяқ иықтың деңгейінде
болады, дененің салмағы аяқтың ұшына түседі, тізе мен иық бос ұсталады.
Қорғаныс жағдайында («сиго хонтай») аяқтың арасы алшақ болады, салмақ
ортаға түседі, тізе бүгіліп, дене алға қарай сәл еңкейеді.
Дзюдода, сондай-ақ, қозғалу техникасы немесе «синтай» үлкен рөл атқарады.
Негізгі тұрыс – «цуги-аси» – табанмен жұмсақ қозғалуға негізделеді. Табандардың
арасындағы ара қашықтық өзгермеуі тиіс.
Мамандардың айтуынша, нағыз дзюдо дұрыс ұстасу әдісінен («кумиката»)
басталады. Дзюдошының күртешесі самбошынікіне қарағанда, эластикалық
материалдан тілігеді. Белбеуге арналған тесігі болмайды. Егер самбошының
күртешесінен ұстаған кезде, оны өзіңе қарай тарту оңай екенін байқауға болады.
Ұстап алу. Осы әдісті дзюдошыға қарсы қолданған кезде, ең алдымен күртеше
созылады, ал қарсыласты құлату үшін, «бос аралық» толық аяқталуы керек.
Дзюдо техникасының тағы бір маңызды элементтері бұрылу және айналу
әдістері («тайсабаки») мен қарсыласты құлату әдістері («кудзуси»).
Дзюдо техникасы үш бөлімге бөлінеді: лақтыру техникасы (нагэ-вадза),
қапсыру техникасы («катамэ-вадза») және осал жерлерге соққы беру техникасы
(«атэми-вадза»).
Дзюдодағы лақтыру тәсілдерін аяқтан шалу, жұлқа тарту, т.б. әдістермен қоса
орындауға болады. Олар екіге жіктеледі: тік тұрып жасалатын әдістер («тати-вадза»)
және құлап бара жатып жасалатын әдістер («сутэми-вадза»).
Тік тұрып жасалатын лақтыру тәсілдері де бірнеше топқа жіктеледі: қолмен
жасалатын тәсілдер («тэ-вадза»), жамбас буынымен жасалатын тәсілдер («коси-
вадза») және аяқпен жасалатын тәсілдер («асивадза»).
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
161
Құлап барып жасалатын тәсілдер: арқамен құлап бара жатып жасалатын
лақтыру тәсілдері («масутэми-вадза») және бір қырмен құлап бара жатып, жасалатын
лақтыру тәсілдері («ёко-сутэми-вадза»).
Қапсыру техникасы («катамэ-вадза»): қапсыра құшақтау («осаэкоми-вадза»),
қылғындыру («симэ-вадза») және жанға батыру тәсілдері («кансэцу-вадза»).
Дененің сал нүктелеріне соққы беру техникасы («атэми-вадза») үшке бөлінеді:
қолмен соққылау («удэ-атэ»), аяқпен тебу («аси-атэ») және баспен соғу («атама-
атэ»).
Спорттық дзюдода соққы беруге тыйым салынған. Сондай-ақ қолмен аяқтан
қапсырып ұстау, көзді шұқу, жақты ауырту, қылғындыру сияқты әдістерге де тыйым
салынған. Партердегі күресте тек шынтаққа ғана ауырту тәсілдері рұқсат етілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
арналған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерінің бірі – балалық шақтан
бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы
мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек деп айтып өтті.
Дзюдо шығу тарихы. Дзюдо – жапондық жауынгерлік өнердің бір түрі.
Бүгінде бүкіл әлемге тараған бұл күрес жапон тілінен аударғанда «Жұмсақ жол»
дегенді білдіреді. Бұл өнердің авторы – Күншығыс елінің даңқты ағартушысы
Дзигоро Кано.
Аталмыш жаңалықтың мақсаты – өзін өзі қорғауда дене қимылдарына аяқ-қол
әрекеттерін қосып, партерде қарсыластың тепе-теңдігіне тежеу қойып, нәтижесінде
тырп еткізбей қою.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
162
Жапон күресі – дзюдо өзінің ұлттық ерекшелігін сақтаған, төрткүл дүниеге кең
таралған жекпе-жек түрі екенін бәріміз білеміз. Жаттығулар контактілі жекпе-жек
түрі – дзю-до күресі, жартылай контактілі (соққылы) жаттығулар каратэ-до, таэквон-
до, таиланд боксы, жекпе-жек техникалық соққысы түрінде оңтүстік-шығыста ең көп
таралған.
Ұлттық намысты, ата-бабадан мұра қымбат дүниені қастерлей білуді жапондар
дзюдо мен сумоны дамыту арқылы бүкіл дүниеге үлгі қылып отыр. Дзюдо – бұл
халықтың терең тарихының, ұлттық болмысының жемісі, ғасырлар бойы екшеліп,
жүйеленіп, қуаттанған жекпе-жек түрі. Осы күрестің негізін қалаған Дзигаро
Каноның мына сөзі талайды ойландырса керек: «Дзюдо дегеніміз – өмір салты әрі
жан сезімі, дзюдо дегеніміз – ақыл-ой мен шығармашылық… Қара белбеу –
балуандықтың шыңы, бірақ жан-дүниенің асқар биігі емес».
Кано іргетасын бекіткен Кодакан академиясы – әлемдік дзюдоның орталығы
әрі алтын қазығы. Дзюдо – жекпе-жектің әлемдегі ең танымал түрі және
айналысушылардың саны бойынша көш бастап тұрған спорттың бірі.
Дүниежүзі бойынша «татами» үстіндегі «бұралаң жолды» игерумен 28 млн.
астам адам айналысады екен. Әрине, ең көп дзюдошы осы күрестің отаны –
Жапонияда тіркелген. Онда «дзюдогиді» (дзюдомен айналысуға арналған киім)
үстерінен тастамайтын сегіз млн.-ға жуық адамды кездестіруге болады.
Ал о баста, Кодокан храмындағы алғашқы дзюдо мектебін ашқан да осы
күрестің негізін қалаушы Дзигоро Каноның небәрі тоғыз шәкірті болған екен. Содан
бері жаһан бойынша дзюдошылардың саны үш миллионға ұлғайған! Бұл спорт
әуесқойларының қатарында АҚШ-тың бұрынғы Президенті Теодор Рузвельт,
үндінің ұлы ақыны және ойшылы Рабиндранат Тагор болған көрінеді.
Дзюдо – бұл жапон күрес өнері, қарусыз спорттық әрі философиялық жекпе-
жек. Оны жапон күрес өнерінің шебері Дзигоро Каноның «дзюдзюцу» негізінде ХІХ
ғасыр соңында құрған, ол сондай-ақ, жарыстарды өткізу мен жаттығулар тәртібі мен
принциптерін қалыптастырған.
Дзюдо 1882 жылы Кодокан дзюдо мектебін Кано тұңғыш ашқан сәттен бастап
пайда болды деп есептеледі. Жапониядағы қалыптасқан топтастыру бойынша дзюдо
заманауи күрес өнеріне жатады.
Бокс, каратэ және басқа да ұру стиліндегі жекпе-жектен ерекшелігі дзюдо
негізінде тік тұру мен партерде де лақтырулар, ұстау мен тұншықтыру, күрес
тәсілдерінің қолданылатындығында. Соққылар мен басқа да зақым келтіретін
тәсілдер «кат» формасында ғана қаралады. Басқа күрес түрлерінен (грек-рим күресі,
еркін күрес) дзюдо тәсілдерді орындауда физикалық күштің мейлінше аз
қолданылуы мен рұқсат етілген техникалық іс-қимылдардың алуандылығымен
айрықшаланады.
Маңызды бөлігі философиялық тұрғыдан құралатындықтан дзюдо екі басты
принціпке сүйенеді. Жетістікке жету үшін бір-біріне көмек пен түсіністік, сондай-ақ,
дене мен жанның тиімді пайдаланылуы. Дзюдомен айналысатындар алдына дене
тәрбиесін шыңдауды, қол күресіне дайындалуды және сананың жетілдірілуін, ал ол
өз кезегінде тәртіпті, қажырлықты, өзіне өзі ие болуды, этикетті сақтауды, жетістік
пен оған жету жолындағы күш-жігер қатынасын ұғынуды талап етеді.
Сонымен қатар, дзюдо басқа да, айталық, адамгершілік, аңғарымпаздық,
жадында ұстау және қиялдау сияқты жағымды қасиеттердің қалыптасуына ықпал
етеді.
Қазіргі таңда дәстүрлі дзюдо (Кодокан дзюдо және оған жақын басқа да дзюдо
мектептер) және халықаралық деңгейде жарыстар өткізілетін әрі Олимпиадалық
ойын бағдарламасына кіретін спорттық дзюдо секілді түрлері бар. Халықаралық
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
163
дзюдо федерациясы (IJF) дамытып жүрген спорттық дзюдода сайыстық құрамдас
бөлігіне назар аударылады. Ал, дәстүрлі дзюдода өзін-өзі қорғау мен
философиясына қосымша көңіл бөлінеді.
Дзюдоның еліміздегі алатын орны. Қазақ күресінен құнар алған, боз кілемде
аяғынан нық тұрып, иығын тең ұстайтын Алаш баласы күрестің кез келген түріне
жылдам сіңісіп кетіп жатады. Дегенмен, Күншығыс елі ойлап тапқан дзюдоның
қанатын кеңге жайғанына ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, отандастарымыз жеңіске
жетер жолды таба алмай келеді.
Бұл спорт түрінің елімізде пайда болғанына ширек ғасыр өтіпті. Осы уақыт
ішінде Максим Раков қана бір мәрте әлемді мойындатты. Бірақ жас татамишілердің
шеберлігіне қарап, бұл олқылықтың орны толар күн алыс еместей көрінеді.
Бұл сөзімізге дәлел ретінде жақында Алматы төрінде өткен әлем кубогының
кезекті сынында жалпы командалық есепте татамишілеріміздің топ жарғанын айтуға
болады. Осы орайда, ел абыройын әлемдік аренада асқақтатуды мақсат санайтын
қызылордалық Жанар Жанзұнова да бар.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екенін бәріміз білеміз. Лондон
олипиадасында дзюдо күресінен ел намысын қорғаған саңлақтарымыздың да
барғаны белгілі. Олимпиадаға осал балуан бармайды. Бәрі де – іріктеуден,
сұрыптаудан өткен тәжірибелі балуандар. Бәрі де – өз елдері айрықша үміт артып
отырған үздіктер. Сондықтан ешқайсысы да намысты қолдан бермеуге тырысады.
Олимпиада ойындарында бақ сынайтын 20 балуанның ешқайсысы да кілемге
«жеңілемін» деп шықпайды. Қай-қайсымен болсын оларды бөле-жармай, бәрімен де
мұқият күресу керек.
Әкем 2002 жылы Дәулет Тұрлыханов ағамыздың мектебіне жетектеп әкелді.
Содан бері грек-рим күресімен айналысып, шеберлігімді шыңдап жүрмін. Бірден
грек-рим күресіне келдім. Әр спортшының арманы – Олимпиада чемпионы болу.
Менің де асқақ арманым – осы. Ел сенімін ақтасам деймін. Балуан бабамыздың
аруағы қолдап, асқақ арманыма жетсем деймін.
Біздің елде дзюдо күресі қарқынды түрде дамып келеді. Республика бойынша
дзюдо үйірмесіне барып, татамиде тер төгіп жүрген жас балалар саны көбеюде.
Дзюдоның деңгейі өсіп, таланттар бой көтеріп, жастар қаулап өсуде. Әлем чемпионы
атанып, күміспен де күптелді. Бәрі де көңіл бөлгеннен. Алдыңғы буын ағалардың
жоғары жетістіктері де жастарға үлгі болуда. Спортпен айналысқан адамның
денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың –
жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналыссақ та адамның
қабілетіне байланысты болады.
Қорытынды. Оқушылардың дзюдоға деген қызығушылықтарын байқаймыз.
Дзюдо күресінде алдыға және артқа лақтыру нәтижелерінің сапасы жақсарған.
Оқушылардың дзюдо сабағына қатысуы, әдістерді игерудегі шеберліктері жақсы.
Ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында спортты мағынасына қарай
жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді
дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Ондағы негізгі идея қызметкерлерді салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі
мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты,
білімді, дені сау жастар.
Біздер – еліміздің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты
тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға
барлық жағынан дайын болуымыз керек. Дзюдо күресі еліміздегі ең танымал спорт
түріне айналдыру керек. Дзюдо спорты үнемі дайындықты қажет етеді. Осы
мақсатқа жету үшін жұмыла жұмыс істеп, дзюдоға көбірек көңіл бөлінсе.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
164
САДУАҚАС Мади Газиевич,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясының 3 «Б» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: АЛТАЕВА Күлайхан Майрашқызы,
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы
арнаулы гимназиясы «Денешынықтыру» пәнінің мұғалімі, Алмалыбақ ауылы,
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ
Мақсатым: оқушылар бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді
қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау; тоғызқұмалақ қазақтың
ұлттық зияткерлік ойын екенін дәлелдеу.
Міндетім: оқушылардың қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ арқылы есепке
қызығушылығын арттыру.
Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде тоғызқұмалақ қанатын
кеңге жайып, танымал ойын болып дамуда. Қазақстан Республикасының
тоғызқұмалақ ойынынан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап
өткізіліп келеді. 1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл
ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары
қатысып
үлгерді.
Тоғызқұмалақ
әуесқой
ойыншыларының
еліміздегі
Федерациясы 2001 жылы құрылды.
Басты мақсат – адамға үйлесімді тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл-
ойын шыңдап, ми қызметін дамыту. Қоғам алдындағы тоғызқұмалақ өткен
ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
165
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып
келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғызқұмалақ федерациясының ықпалы зор болып
отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде
үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Тоғызқұмалақ ойыны үстінде
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын
тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір
қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған
ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін
– қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
Отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Қостаушы қазаны (0)
9
9
9
9
9
9
9
9
9
Бастаушы қазаны (0)
Отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар
мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады. Жүріс ойыншылар тарапынан
кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың
келісімімен анықталады.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына
қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп
таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса,
қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды
құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол
отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3
құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
166
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9
құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9
құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
Отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9
9
9
–
10
10
10
10
10
(0)
9
9
9
9
9
9
1
10
10
(10)
Отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады. Жүріс
жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге
болмайды.
Тұздық алу ережесі. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір
рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – «тұзды үй», қазіргі
тілде – тұздық деп атайды.
Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына
таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3
құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге
айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ,
міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы
белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен,
төмендегі диаграммаға қарайық.
Отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
–
10
10
1
11
11
11
11
11
(0)
10
10
10
10
10
10
2
11
1
(12)
Отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
167
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы,
соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп,
осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне
айналады. Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы
жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын
барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
«Атсырау» ережесі. Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының
отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе
тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан
ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай
да кездеседі.
Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып,
жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы
бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып
алады. Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын
таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9
отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы
құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше
жағдай туындайды.
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін
жүргізеді. Қостаушы ұтты.
Егер атсырау жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар
амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі
қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса
да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
Тоғызқұмалақ ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих.
Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі
болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді
дүниеге келтірген.
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын
зияткерлік ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша
ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың
дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген
бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы
ретінде қолданған. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кезектескен бетте жерде
кішкентай шұңқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай қойған. Барлық құмалақты
салатын шұңқырды – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды отау деп
атаған.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендеу маңызды
шаралардың бірі болып саналады. Тоғықұмалақ ойынын қазіргі заманның жастарына
үйретуді негізгі мақсат еткен басты себебім, тоғықұмалақ зияткерлік ойынға жатады.
Тоғықұмалақ ойынын дамытуға себеп болған тағы бір жайт, ХХІ ғасырдың
талаптарына сай ұлтымыздың болашағы жас ұрпаққа тоғызқұмалақ үйрету –
олардың бойында сабырлықты, төзімділікті, ойшылдықты, есептегіштік пен
үнемшілдік қасиеттерін қалыптастыру екені анық. Бұл қасиеттер дамыған елдер
қатарына қосылатын мемлекеттің өкілімін деген әр азаматтың бойынан табылу
керек. Тоғызқұмалақтың ойынын ертеде орда деп атаған.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
168
Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы,
Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қарашай-Шеркессия елдерінде
ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап
отырған көптеген жанашырлары бар.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып
жатыр. Мәселен, Моңғолияда мектептерде тоғызқұмалақтан олимпиада өтеді екен.
Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ,
көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркессияда, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның
бірнеше елдерінде тоғызқұмалақ ойналып жатыр деген деректер бар. Оның
тоғызқұмалақтан ерекшелігі отау саны (32 отау) көп те, бірақ құмалақ саны аз (64
құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың
қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар
өткізеді екен.
Белгілі тоғызқұмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын,
Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. Қазіргі таңда республикада оның жеке
қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге
қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы
жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың
ішінде «Таңғажайып тоғызқұмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан
мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау
тұрарлық. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің
жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына
қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп тартамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың
отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластарың тақ санды құмалағы бар
отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудың
құмалақтары ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ
қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса
немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Отаудағы жалғыз құмалақ
көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып
жүруге болмайды. Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет
қарсыластың отауын ұтып алуға да болады.
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ
таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын
қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында
қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып,
жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы
бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады.
Егер атсырау жағдайына қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар
амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі
қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса
да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
Тоғызқұмалақ ойынындағы жүріс жасау бағыты дәстүрлі дүниетанымдық
негіздерден туындаған. Мәселен, Қ. Сапарбеков: «Қазақ атқа мінгенде үзеңгіге сол
аяғын салып, оң аяғын ердің оң жағына асырып түсіреді. Былайша айтқанда, оң
жағына бағыт ұстайды. Сол секілді тоғызқұмалақшылар да құмалағын жүріс кезінде
оң жағындағы отауларға салып отырады», - дейді. Қазақстан тәуелсіздін алған
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
169
жылдан бері тоғызқұмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде тоғызқұмалақ
федерациясының ықпалы зор болып отыр.
Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде
үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. Тарихшы және
архиолог ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, тоғызқұмалаққа ұқсас ойынның
тақтасы бұдан үш мың жылдай бұрын да қолданылған екен. Оған калах, манкала
аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Тіпті осы күндерде де
жайылымдарда, тау бөктерлерінде тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасы
Қазақстанның түкпір- түкпірлерінде жиі кездеседі.
Ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының
ақыл-ой спорты – тоғызқұмалақ ойыны аласапыран заманның әлегінен ұмыт бола
жаздап, ХХ ғасырдың 70-жылдарында ғана қайта жанданып, жаңа даму жолына
түсті. Енді еліміз егемендік алған соң, ата-бабадан қалған ұлттық мұраны қолға
алып, шахмат, дойбы секілді олимпиадалық ойындармен теңестірмесек, онда
келешек ұрпақ алдында парызымызды өтей алмай, ұятты боларымыз анық.
Сондықтан осынау ұлттық ойынды оқушыларға математика сабағында қолдана
жүрсек, жас ұрпақ бойына білім мен қатар тәрбиені де береріміз хақ.
Тоғызқұмалақ ойыны халық педагогикасының бір саласы, әрі тәрбие құралы.
Тоғызқұмалақ ойыны жас жеткіншектердің бойында әр түрлі әдеп-ғұрып,
қасиеттерді қалыптастырады. Бұл ойын ақыл-ой өрісінің дамуына, терең ойлай
білуге тәрбиелейді. Сонымен бірге тәртіптілікке, мәдениеттілікке, төзімділікке,
сабырлылыққа, көп еңбектенуге, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге, тез арада
дұрыс шешім қабылдауға, жігер-намысын шыңдауға және әдептілік пен ізгілікке
тәрбиелейді.
Тоғызқұмалақ ойынының негізі математикалық есептеуге негізделген.
Матеметика пәнін оқыту барысында «тақ» және «жұп» сандар тақырыбын өту
кезінде, осы ұлттық ойынын ойнау ержесін түсіндіріп кетуге болады. Тоғызқұмалақ
ойыны «жұп» сандар мен «тақ» сандардың «айқасы» ретінде көрсетіледі. Ойын
тоғызқұмалақ тақтасында өтеді. Ол тақтада әр ойыншыда 9 отаудан, 1 қазандықтан
болады, әр отауда 9 құмалақтан болатындықтан ойын басында әр ойыншыда 81
құмалақтан (9х9=81) болады.
Екі ойыншыда 162 құмалақ болады. Бұл ойында екі ойыншы кезек-кезек жүріс
жасап ойнайды. Жүрісті кез-келген өз отауынан бастап солдан оңға қарай, 1
құмалақтан салып жүреді. Сөйтіп құмалақ қарсыластың отауына түссе және сол
отаудағы құмалақ саны «жұп» болса, сол отаудың құмалағын өз қазандығына салып
құмалақ жинайды.
Қай ойыншы 82 құмалақты бірінші жинаса сол жеңіске жетеді, ойын
тоқтатылады. Тоғызқұмалақ ойыны отаулардағы құмалақ санының «жұп» немесе
«тақ» болуына байланысты болғандықтан, оқушылар «жұп» және «тақ» сандарды
айыра біліп және өз отауларындағы құмалақ сандарын әр уақытта «жұп» қылып
отыруға тырысады.
Қорыта келе, қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,
балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде
дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып,
дамытып отырған.
Қазақ халқының ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты,
шапшаңдықты, тағы басқа қуаты молдылығын, білек күші мен дененің сомдалып,
шынығуын қажет етеді.
№№1-4(69-72), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015 ISSN 2307-0188
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century
___________________________________________________________________
170
Достарыңызбен бөлісу: |