Научный журнал


О содержании концептов «этнос» и «национальный характер»



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата03.03.2017
өлшемі4,64 Mb.
#5604
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

О содержании концептов «этнос» и «национальный характер» 
Академия Кайнар, Алматы.
Поступило в редакцию 15.02.16.
F. T. Sametova
On the concept of «ethnos» and «national character» 
Kainar Academy, Almaty.
Received on 15.02.16.
В статье освещаются исследования ученых о формировании 
понятий этнос и национальный характер, делаются выводы о том, 
что  концепты  «этнос»  и  «национальный  характер»  находятся 
в  отношениях  корреляции:  условия  формирования  этноса  как 
исторически  сложившейся  общности  людей,  объединенных 
территорией,  культурой  в  широком  смысле  слова,  языком, 
детерминируют его специфические психологические черты, которые 
обнаруживаются как типичные для данной общности в каждом 
отдельно взятом его представителе. 
The concept of «ethnos» and «national character» are correlated: the 
conditions of formation of ethnicity as a historical community of people 
united by the territory and culture in the broadest sense, and language, 
determine its specific psychological traits that are shown as typical for a 
given community in each individual representative. 
ӘОЖ 818.992 71
Д. Қ. Сартбаева
1
, М. Б. Шайхыстамова
2
 
1
ф.ғ.к., доцент; 
2
PhD докторанты, Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университеті, Түркiстан қ.
e-mail: 83_malika@mail.ru
XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН 
ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада ғалым Б. Кенжебайұлының зерттеу еңбектерiндегi 
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетін зерттеудің кейбір мәселелері 
жайында сөз етiлдi.
Кiлтті  сөздер:  Б.Кенжебайұлы,  қазақ  хандығы,  дәуір,  түрік 
халықтары, Алтын Орда, жырау, поэзия. 
Қазақ  әдебиетінің  бастау  бұлақтарын  анықтау,  тарихын  кезеңдерге 
бөлу жолындағы ізденістерде қазақ әдебиеттану ғылымы ұзақ жолдардан 
өтті. Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай қазақ әдебиетінің өткендегі 
даму жолдарын зерттеп, дәуірлерге бөліп, ғылыми жүйеге түсіруге ұмтылған 
еңбектер көріне бастады. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) 
қазақ әдебиетін ғылыми тұрғыдан тұтастай алып, теориялық, тарихи тұрғыдан 
зерттеудің  жолдарын  алғаш  рет  жүйелеген  еңбек  болды.  Мұнда  жалпы 
әдебиетті ауыз әдебиеті және жазба әдебиет деп екіге бөліп, ары қарай тағы 
да іштей түрлерге, жанрларға жіктеген. Қазақтың жазба әдебиетінің тарихын 
«діндар дәуір», «ділмар дәуір», «сындар дәуір» аталған кезеңдерге бөлген. 
Діндар дәуірге араб, парсы үлгісіндегі діни бағыттағы әдебиетті, ділмар 
дәуірге орыс әдебиетінен өнеге ала бастаған кезден бергіні, сындар дәуірге 
Абайдан кейінгі кезді жатқызған. Мұнда әдебиеттің тарихын кезеңдерге 
бөлуге алғаш рет әрекет жасалынып, ғылыми ұстаным ретінде хронология 
емес, әдебиеттің негізгі бағыты, мазмұны, сыйпаты алынғандығы көрінеді. 
Сөйтіп, А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышында» тұңғыш рет қазақ 
әдебиетінің тарихын кезеңдерге бөліп, оны дәуірлеудің өзіндік принциптері 
ұсынылды. Осы мәселеге орай, профессор Бейсенбай Кенжебайұлы арнайы 
мақала жазып, қазақ әдебиетінің тарихын төмендегіше дәуірлеуді ұсынды:
«Бірінші – қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. Яғни, ХVІІІ ғасырдың 
ақырына дейінгі әдебиет.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
228
229
Екінші – ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет.
Үшінші – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет.
Төртінші –ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы әдебиет.
Бесінші – Кеңес әдебиеті» [1].
Б. Кенжебайұлының бұл дәуірлеуінде бұрынғыларға қарағанда, көп 
ілгерілеу бар. Соның ең бастысы – қазақ әдебиетінің тарихын ХV ғасырдан, 
яғни қазақ хандығы құрылған кезден бастау керек деген ұсынысы. Бейсекеңнің 
ұлт бар жерде оның әдебиеті де бар деген ұстанымды басшылыққа алып, 
қазақ әдебиетінің тарихы қазақ хандығы тарих сахнасына шыққан кезден 
басталады деуі сол тұстағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін үлкен жаңалық, 
үлкен ілгерілеу болды.
Б. Кенжебайұлы Мұхтар Әуезов айтқан біртіндеп ілгерілеу саясатын 
методологиялық басшылыққа алғандай. «Қазақ әдебиетінің тарихы ХVІІІ 
ғасырдан  басталады»  деген  пікір  барлық  жерге  бірдей  өтіп,  мектепте 
де,  жоғарғы  оқу  орындарында  да  әбден  орнығып,  бағдарламаларға, 
оқулықтарда тасқа ойып қашалғандай етіліп жазылып әбден қалыптасқан 
сәтте кеңес идеологиясының қырын қарайтынын біле тұра қазақ хандығы 
тұсындағы әдебиет мәселесін батыл көтерді. Алдыңғы екі буын білімпаздар, 
қаламгерлерді  сипап  кеткен  кеңес  машинасы  оталып  тұрған  сәтте  
Б.  Кенжебайұлының  қырқыншы  (1941)  жылдар  беделінде  «Социалистік 
Қазақстан» газеті бетінде «Қазақ әдебиетінің тарихы туралы» [1] мәселе 
көтеріп, мақала жазуы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» жинағына «Қазақ әдебиетін 
дәуірлеу мәселелері» деген атпен проблемалық екі көлемді мақала «Қазақ 
әдебиетінің тарихы туралы», «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» [2, 35 б.] 
жариялауы асқан батырлық болатын.
Топтастырылып жарияланған екі мақала әдебиет тарихы жайындағы 
ғылыми ойды көп ілгері оздырды деуге болады. Әрине, ғылыми жұртшылық 
ғалымның хандық дәуір әдебиеті жайында айтқан пікірін қабылдауға дайын 
емес еді. Әйтпесе мақалада хандық дәуір әдебиетінің көп мәселесі шешімін 
тапқан болатын. Ал, дәуірлеу мәселесіне келсек, бүгінгі көзқараспен қарап, 
қазақ  жазба  әдебиеті  тарихын  ХV  ғасырдан  бастапты  ғой  деп  көңіліміз 
қоңылтақсуы мүмкін. Бірақ «қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» аталатын 
империя  шымбайына  бататын  тұтас  дәуірді  тұлғалап  атын  айқайлатып 
ғылымға енгізу, ең бастысы ол кезең әдеби мұрасын «қазақ жазба әдебиетінің» 
қазынасы ретінде қарастыру үлкен жетістік, ғылымдағы төңкеріске бара-бар 
рухани ілгерілеу еді.
Ғалым 1943 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге жіктеу туралы» – 
аталатын мақаласында бірінші тармаққа «Бұрынды-соңды ауыз әдебиетіміз» 
– деп аталып, екінші буынға «Ертедегі жазба әдебиетіміз (бұған ертедегі 
жазу-сызу  нұсқаларынан  бастап,  ХV  ғасырдың  ортасына  дейінгі  жазба 
әдебиетіміз) жатады» [3, 14 б.] – деп тағы да ілгерілеу жасапты. Өкініші мақала 
жарияланбаған. Мәселе кейін қайта қойылды. Сол себепті ғалымның бұл 
еңбегіне біз кейінірек қайыра ораламыз. (Еңбек жүйелі болу үшін де осылай 
етуді жөн көрдік). Алайда, алдын-ала айтып өтетін жайт - осы екі мақала өзінің 
мәселе қоюымен, халық әдебиеті мен жазба әдебиеті жігін ажыратуымен, 
жазба әдебиет нұсқаларын соқталауымен, ол кезең поэзиясы жанрын анықтау, 
өлеңдік  құрылысына  байсалды  пікір айтумен Бейсембай  Кенжебайұлын 
«Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» аталатын жарқын дәуір, жақсы кезең 
әдеби мұрасынан алғашқы және үздік зерттеушісі ретінде көрсетті. Алда да 
Б. Кенжебайұлын «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» зерттеушісі ретінде 
қарастырғанда сүйенеріміз, негізінен, осы екі еңбек болады.
Алтын  Орда  –  түрік  халықтары  ынтымақ-бірлігінің  соңғы  көрінісі. 
Қоғамдасқан қауым, гүлденген мәдениет бесігі. Біртіндеп ру-ұлысқа, тіпті 
шағын  топтарға  жіктеліп  бөлінуді  бастан  кешеді.  Түрік  халықтарының 
қаншасыншы мәрте ыдырауы екенін бір құдай білсін. Алтын Орда дәуірінде 
жасалған мәдени мұраларға зер салған кісі олардағы тілдік, салт-дәстүрлік 
жіктелісті аңғаруы мүмкін. «Ежелгі әдебиет пен таза қазақ әдебиеті арасын 
жалғастырып  жатқан  «алтын  көпір»  секілді».  Алтын  Орда  дәуірінде 
туған  әдеби  ескерткіштер  жалпы  түркологияда  бірсыпыра  зерттелген. 
Қазақ әдебиетінде осындай құнарлы дәуір әдебиетін ұлттық әдебиеттану 
ғылымында  профессор  Б.  Кенжебайұлы  бастап  зерттеп,  шәкірті  Алма 
Қыраубаеваға аманат еткендей еді. Дәуір әдебиеті ескерткіштерін профессор 
Алма Қыраубаева табысты зерттеп, бірсыпыра еңбек беріп кеткені көңіл 
қуантады.
Алтын Орда дәуріне сабақтас кезең – Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет. 
ХV ғасырдан бірсыпыра туыс халықтардың жеке отау тігіп бөлініп шығуы 
басталады.  Қазақ  хандығы  –  «қазақ»  аталатын  халық  тағдырындағы  бір 
шешуші  кезең.  Ұлттық  мәдениеттің  қалыптасу  кезеңі.  Мәдениетіміздің 
бұл кезеңіне қатысты тарихи жазба, шежіре, ақын, жыраулар мұрасы бар. 
Фольклорға айналып кеткен қаншама туындылар бар. Ол бай материалдарға 
қарап отырып қазақ жұртының сол кезеңдегі мекен-жайы, өмір-тіршілігі, ой 
өрісі, тіршілік философиясын тануға болады.
Профессор Б. Кенжебайұлы табан тіреп зерттеген дәуір – қазақ хандығы 
тұсындағы әдебиет тарихы. Б. Кенжебайұлы бұл кезең әдебиетін қаншалық 
және қай дәрежеде зерттеді деген сұраққа жауап іздейміз.
Ежелгі  әдебиетті  проблема  ретінде  аренаға  алып  шыққаны  секілді  
Б.  Кенжебайұлы  ең  алдымен,  қазақ  хандығы  тұсындағы  әдебиетті  күн 
тәртібіне мәселе ретінде тұңғыш көтерген ізашар оқымысты:
Күні бүгінге дейін Б. Кенжебайұлы бұл дәуір әдебиетін мәселе ретінде 
көтеруші ретінде ғана қалып келеді. Ал біздің ойымызша, Б. Кенжебайұлы 
мәселе қоюшы ғана емес, ол қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің нақтылы 
зерттеушісі. Оған ғалымның «Едіге батыр» жыры туралы [4, 119-132 б.], «Қазақ 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
230
231
әдебиетінің тарихы туралы» [1], «Абылай» [5], «Қазақ хандығы тұсындағы 
әдебиет» [2] секілді зерттеу мақалалары, тарихи очерк кітабы дәлел.
Әрбір дәуірдің әдеби процесін анықтау үшін ол кезеңнің тарихи сипатын 
жете білу шарт. Әсіресе ерте дәуірді зерттегенде әр кезеңнің тарихи сипатын 
алға тарта отыру жөн-ақ. Әдебиетші Б. Кенжебайұлы ұстанған бір шарт 
осындай.
Хандық дәуір әдебиетін зерттеуде де ол осы жолды ұстанған. Қазақ 
хандығы  кезіндегі  тарихи  жағдайды  ыждағаттай  зерттеуді  алғы  мақсат 
тұтқан.  Олай  ету  заңды  да.  1)  Б.  Кенжебайұлы  зерттеген  қырқыншы 
жылдарға дейін қазақ хандығы қазақ зерттеушілері тарапынан өз дәрежесінде 
зерттелмеген; 2) Дәуірдің тарихи келбетін анық танымай тұрып, оның онсыз 
да бұлдыр әдебиетін тану, бұлдыр сағым арасынан ажыратып алу қиынның 
қиыны. Осындай себептермен Б. Кенжебайұлы қазақ хандығы тұсындағы 
әдеби процесті зерттемес бұрын сол дәуірді тарихшы ретінде қарастыра 
бастады. «Абылай» аталатын кітап жазғанда да, «Едіге батыр» жыры туралы 
зерттегенде де, «Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет» жөнінде толғанғанда 
да ол алдымен тарихи деректерге зер салып, дәуір ерекшеліктерін ашуға 
ден қойды.
Жәнібек пен Керей бастап қазақ руының 1465 жылы Алтын Ордадан 
бөлініп Шу өзені мен қара Ертіс аралығына келіп қоныс тебуінен олардың 
хандық  болып  құрылуы,  сырт  елдермен  жасаған  қарым-қатынстары, 
халықтың ақсүйек, қарашы, құл секілді әлеуметтік жіктерге бөлінгеніне 
дейін анық жазады. Керей, Бұрындық, Қасым, Шығай, Тәуекел, Есім, Жәңгір, 
Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Абылай... дегендей хандық жүйені тарих тілімен 
жүйе-жүйесімен келіп, олардың қазақ халқына сіңірген еңбегін баяндап 
береді. Мемлекеттік құрылымы, сыртқы, ішкі саясаты, шаруашылық қалпы 
жадығатталады.
Хандар  жөнінде  көп  дерек  келтіріп,  бай  мәліметпен  сөйлейді.  Көп 
материалды оқып игергендіктен қазақ хандығы жөнінде білімді сөйлейді. 
«Абылай да қазақтың бұрынғы бірсыпыра хандары сияқты қазақ халқының өз 
алдына ерікті мемлекет болып тұруы жолында күреседі. Ақырында, қазақ бір 
мықты мемлекетке бағынбай, өз алдына мемлекет болып тұра алмайтынына 
көзі жеткен соң қай жағына, кімге бағыну халыққа қолайлы болады деп, 
біресе Қытайды байқап, біресе Орыс патшалығын байқап, олармен кезектесіп 
келісім жасап, көп толғанып жүреді.
С. Мұқанов бір мақаласында Абылайдың осылай жүруін ол предательдік 
етіп жүрді дейді. Бұл жала. Абылай предательдік етіп жүрмеді, әлгі айтқан 
оймен жүрді» [5, 15 б.] – дейді.
Қырқыншы жылдары қазақтың азаматтық тарихы әлі жүйелі жазылмаған 
қазақ әдебиеті тарихи материалдары жөнді жиналмаған, шығармашылық 
тұлғалары түгелденбеген еді. Сонда да, Б. Кенжебайұлы хандық дәуірдің 
Сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жырау сынды үш ұлы тұлғасы жайында 
материал тауып, олар жайында тың пайымдаулар жасайды.
Аталған  ақын,  жыраулар  бұрын  тарихта  болмаған  (әсіресе  Сыпыра 
жырау, Асан ата), халық қиялдан шығарған аңыз адамдар ретінде айтылар 
еді. Б. Кенжебайұлы аталған зерттеуімен, олардың тарихта болған нақты 
адамдар екенін анықтады.
Сыпыра  жырау,  Асан  ата  бұрын  батырлар  жырында,  әйтпесе  аңыз 
әңгімелерде абыз, аңыз кейіпкерлер ретінде танылған еді. Б. Кенжебайұлы 
өз зерттеуімен оларды тарих аренасына алып шықты.
«Сыпыра  жырауды  алсақ,  оның  тек  аты  ғана  сақталған.  Сыпыра 
жыраудың аты «Едіге батыр» жыры мен «Ер Тарғын» жырында ғана аталады. 
Ол – «Едіге батыр» жырында да, «Ер Тарғын» жырында да әрі ақын, әрі 
ақылшы болып көрсетіледі» [6, 16 б.] – дейді. Өмірі, шығармалары жайында 
жарытымды дерек жоқ.
«Асанқайғы жөнінде де осылай» [6, 17 б.]. Ол жөнінде де мардымды 
дерек жоқ.
Деректің жоқтығына қарап, кейбіреулер оларды тарихта болмаған дейді. 
Бейсекең ондай келеңсіз пікірге қарсы.
Сыпыра жырау жөнінде:
«Сөз жоқ, Сыпыра жырау тарихта болған адам, тарихта болғанда қазақ 
хандығының  алғашқы  кезінде,  хан  ордасында,  ханның  ақыны,  ақылгөйі 
болған адам...» [6, 17 б] - дейді.
Асанқайғы жөнінде:
«Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуы солай деймін.
Бұл сөзге анық қанық емес едім,
Естігенім, тақсырау, солай деймін.
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан ордадан шыққан күнде,
Асан ата қайғырып айтыпты жыр – деген ел аузындағы сақталған өлеңді 
келтіріп, одан мынадай түйін түйеді.
«Бұл жыр:
1) Асанқайғының қазақ екенін;
2) тарихта болған адам екенін, болғанда ноғайлы елінің бөлінуі және 
қазақ хандығының құрылу кезінде болғанын;
3)  ноғайлы  елінің  Орманбет  хан  өлген  соң,  1456  жыл  шамасында 
бөлінгенін, қазақ хандығының жоғарыда көрсетілген 1456 жыл шамасында 
құрылғанын айқын дәлелдейді» [6, 18 б.].
Қырқыншы жылдары ғалым жоқтан бар жасағандай, тарих қойнауында 
сақталып  қалған  бірді-екілі  деректі  там-тұмдап  аренаға  алып  шығып, 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
232
233
одан  қазақ  әдебиеті  тарихын  байытарлық  қорытынды  жасайды.  «Біз 
әдебиетіміздің тарихы туралы сөз қылғанда: шығармалары жоқ екен деп, 
әдебиет мұраларында аттары аталатын ақындарымызды, қара басы туралы 
дерек жоқ екен деп, Асанқайғының атына байланысты әдебиет мұраларын 
ескермей, аттап кете алмаймыз. Оларды әдебиетіміздің тарихына енгіземіз, 
тексереміз» [6, 19 б.] – дейді.
Қырқыншы  жылдардың  биігінен  қарағанда,  бұл  –  көреген  пікір, 
жазба  әдебиетін,  тарихын  ең  болмағанда  ХV  ғасыр  деңгейіне  көтерсем, 
ілгерілетсем, тереңдетсем деген әзіз жүрек үні, тарих қопарған, арғы-бергі 
жазбаларды  оқыған  білімпаздың  сөзі.  «Жазба  әдебиетінің  тарихы ХVІІІ 
ғасырдан басталады» - деп қасарыспай-ақ, сол қырқыншы жылдары, жалған 
намысшылдықты  қойып,  Б.  Кенжебайұлы  айтқан  осындай  жетелі  пікір 
жетегіне ергенде қаншама шаруа жүзеге асқан болар еді.
3  том,  6  кітаптық  «Қазақ  әдебиеті  тарихы»,  «Ежелгі  әдебиет» 
мұрасынсыз, тіпті ХV ғасырға ниет қылмай, ХVІІІ ғасырдан бастап жарық 
көрді. Енді М. Мағауин, Ж. Тілепбергенов, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев, 
С. Дәуітов секілді ғалымдар кезінде Б. Кенжебайұлы сілтеген өңірге қарай 
жылжып, тиянақты зерттеу жүргізу үстінде.
Өзі айтқандай, ғалым одан әрі Асанқайғы және Бұқар жырау өмірі, 
шығармашылық тағдырына тоқталады. Екі тарау, екі жүйе материалдар өз 
уақытындағы мейлінше тың дүниелер.
Асанқайғыны  аңыз  кейіпкерден  нақты  тарихи  адамға  айналдырып 
өмірінен  дерек  тауып,  әдеби  мұрасын  сөз  еткен  тұңғыш  зерттеу  –  осы  
Б. Кенжебайұлы еңбегі. Зерттеуші бұл еңбегінде қазақ хандығы тарихынан 
Асанқайғы  толғауының  тақырыбын  туғызды,  Асанқайғы  толғаулары 
табиғаты  арқылы  қазақ  хандығының  жай-күйіне  барлау  жасайды.  Олай 
ету әрі логикалық жағынан қисынды, әрі әдебиетті талдау тәсілі ретінде 
оңтайлы. Өйткені хандық кезеңде өмір сүрген ақын не айтса да ханға қарата 
айтады. Ол қарапайым көптің бірі емес, ханның идеологы. Б.Кенжебайұлы 
ақынның бұл мінезін «Асанқайғы тек ақын емес, сонымен қатар, ақыл-ой 
кемеңгері. Ол ханға тек жай толғау айтып қана қоймайды, сонымен қатар 
заманын, ханның қылығын, саясатын сынап, оған ақыл айтып, кеңес береді»  
[6, 20 б.] – деп айқындайды.
Ақынның «Құйрығы жоқ, жалы жоқ, Құлан қайтіп күн көрер?», әйтпесе 
«Мұнан соң қилы-қилы заман болар. Заман азып, заң тозып, жаман болар» – 
деп басталатын шерлі толғауларын замана рхымен сабақтастырып түсіндіреді. 
Ақыры, ғалым өз ойын «Асанқайғы, Асанқайғының шығармалары өз тұсының 
айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының тұрмысын, салтын, мұңын, тілегін 
көрсетеді. Асанқайғы – заманының ақыны, ақыл-ой кемеңгері. Ол қазақ 
халқының қамын қайғырды, болашағын болжады, ол қазақ халқының тыныш 
еркін, бақытты тұрмысын көкседі. Асанқайғы бізге осы жағынан қадірлі, 
осы себептен де ол біздің әдебиетіміздің тарихынан құрметті орын алады» 
[6, 22 б.] – деп қорытады.
Асанқайғы өмірі, һәм шығармашылығы жөнінде айтылған бұл пікірлер 
қырқыншы жылдар межесінен қарағанда батыл байламдар, ілгерішіл ой 
қорыту болатын. Әрбір пікір өзіне дейін айтылған ойлармен салыстырып 
барып бағаланады десек, Б. Кенжебайұлының қырқыншы жылдары айтқан 
ой-пікірлері өз уақытындағы тың, аса құнды пікірлер.
Келесі тарау – Бұқар жырауға арналған. Бұқар Б. Кенжебайұлына дейін 
де зерттелген, кейін де бірсыпыра қарастырылды. Алда да зерттелер. Өйткені 
«Бұхар шын мәнісінде жыраулық поэзияның ең соңғы көрнекті өкілі» (М. 
Мағауин) [7, 129 б.].
Бейсембай Кенжебайұлы Бұқар жырау мұрасын поэтикалық сыр-сипаты 
тұрғысынан жарқыратып ашуды мұрат тұтпаған. Ол, алдымен жырауды 
«Бұқар жырау сарай ақыны еді» – деген пікірден аршып алды. Хан ордасында 
болғанымен халық қамын жегенін, ханға қарап (беттеп) сөйлегенімен халық 
мұң-мұқтажын айтқанын ашып көрсетті. Одан кейін ғалым Бұқар жырау 
мұрасын тақырыбына орай топтастырды. Бұқар жырау шығармаларын:
1) өз тұсындағы қазақ халқының күй-жайы;
2) қазақ халқының өзара ынтымақ-бірлік табуы;
3) бейбіт өмір сүруі;
4) Асанқайғы жұмбағын шешуі;
5)  дәуірге  баға  беруші,  алдағыны  болжаушы  секілді  тақырыптарды 
жіктеп шығарды.
Бұқар секілді ұлы жырау мұрасын таптық тұрғыдан қарап жүрген сәтте 
Б.Кенжебайұлының оны шыққан тегіне, табына қарамай халық қамқоры, 
әдеби  мұрасын  халық  қазынасы  ретінде  бағалауы  уақытындағы  үлкен 
жетістік болатын.
Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  зерттеуге  арнаған  еңбегінде  
Б. Кенжебайұлы актуальды тағы екі мәселені қозғады. Оның бірі – «ақын», 
«жырау», «жыршы» шығармашылық тұлғасына байланысты. Бұл проблемада 
Б. Кенжебайұлы өзіне дейінгі академик – жазушы Сәбит Мұқанов, академик 
Қ.Жұмалиев тарапынан айтылған пікірлерді сынады. Ақын, жыршы, жырау-
тұлғалары  бір  емес.  Бейсекең  айтқандай,  олардың  әрқайсысын  әртүрлі 
дәуір, қилы кезең, әлеуметтік қажеттілік тарих сахнасына алып шыққан, 
өз қызметтерін атқарған олар уақытқа орай өзгеріп отырған. Сол сияқты  
Б. Кенжебайұлы қырқыншы жылдары «Қара өлең», «жыр», «толғау» секілді 
өлең өлшемдері жөнінде де пікір қозғайды. Абайға дейінгі қазақ өлең өлшемі 
екі-ақ түрлі деген пікірге қарсы шықты.
Абайға дейінгі өлең өлшемі кем дегенде үш түрлі болуға тиісті деп, 
жоғарыда айтқан «қара өлең», «жыр», «толғау» жөнінде толғанысты пікір 
айтты.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
234
235
«Өлеңнің өлшемі түрлі халық өміріне, халықтың тұрмыс-салтына нық 
байланысты» - дейді ғалым. Қазақ халқының қазақ хандығы тұсындағы өмір 
салтын алсақ, мұның екі түрлі өзгешілігі:
1) ол көшпелі болды; қазақ даласының ол шетімен бұл шетіне үдере 
көшіп жүрді. Көшерімді жел білсін, қонарымды сай білсін дегеннің кебінде 
болды;
2) халық өмірінде жаугершілік күшті болды: аттаныс, жорық, соғыс, 
шабыс есепсіз көп болды.
Халықтың осы тұрмыс салтына лайық соларды суреттеуге, үдере көшкен 
елді сұрапыл соғыс, жорық шабуылдарда сол күйінде бұлжытпай суреттеуге, 
жырлауға көбінше қолайлы өлең-өлшемі, өлең түрі жырмен толғауы еді  
[6, 32 б.] деді. Ғалым пікірін елеусіздеу айтқанымен әдебиетке өте тың пікір, 
жаңа ой әкеліп отыр. Демек, қазақ хандығы тұсындағы шығармашылық 
тұлға – жырау, оның жанры толғау, сол тұстағы шығармашылық тұлға – 
ақын (жыршы), оның жанры жыр дегенді айтып отыр. Ғалымның бұл пікірі 
де көп ілгерілеушілік.
Ақырында,  ғалым  қазақ  хандығы  тұсындағы  әдебиеттің  негізгі 
ерекшеліктерін былай қорытты: Бірінші қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет 
атадан балаға ауысып көбіне ауызша жетті. Бірақ, ауыз әдебиеті емес, «бұл 
әдебиет мұралары қазақ хандығы тұсында шыққан, кімнің атына байланысты 
болса, сол шығарған шығармалар, тек олар ауызда сақталып келгендіктен 
ептеп өзгертілген деп білуіміз керек» [6, 34 б.], халық көшпенді өмір салтына 
орай хандық дәуір әдебиетінің «бәрі дерлік жыр, толғау, тақпақ. Дегенмен, 
осы жыр, толғау, тақпақ жанрлардың өзінен де сол заманның суреті, рухы 
байқалады»,  орта  ғасырлардағы  әдебиетте  діни  сарын  араласып,  бағыт 
туғызып отырушы еді, жаугершілік заман әдебиеті одан ада, көшпелі тұрмыс, 
қиын жағдай оған мұрша бермеген. Хандық дәуір поэзиясы – «халық мұңы, 
қайғылар  жыры».  «Қазақ  хандығы  тұсындағы  әдебиет  үстірт  қарағанда 
сарай–орда әдебиеті сияқты. Бірақ, асылында олай емес. Қазақтың қазақ 
хандығы тұсындағы әдебиеті сарай-орда әдебиеті емес, халық әдебиеті»  
[6, 34-35 б.].
Ойланып оқыған, үңіліп зерттеген кісіге ғалым тарапынан айтылған 
бұл ойлар, жасалған бұл қорытындылар өте маңызды. Шолу-тезис түрінде 
айтылса да бір дәуір әдебиетінің ең маңызды–маңызды мәселелерін қозғап, 
түйіп айтып беріп отыр.
Біз  де  Б.  Кенжебайұлының  қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетіне 
қатысын қорытындылайық.
1)  Б.  Кенжебайұлы  қазақ  хандығы  дәуірі  әдебиеті  деген  терминді 
әдебиетке енгізді.
2)  Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетті  (қазақ  әдебиетін)  зерттеу 
мәселесін күн тәртібіне көтерді.
3) Ол дәуірдің тарихи келбетін ашты.
4) Ол дәуірдің рухани мұрасын фольклор емес, дербес шығармашылық 
екені, оның жазба әдебиет үлгісі ретінде танылуы, мойындалуы қажеттігін 
айтты.
5) Сыпыра, Асан тұлғаларын аңыздық сипаттан реалды қалыпқа алып 
шықты, тарихи тұлға ретінде танытты.
6)  Қазақ  хандығы  тұсындағы  әдебиеттің  тақырыптық  ерекшелігі, 
поэтикалық рухы жайында толғанды.
7) Жанрлық ерекшелігін ашты.
8) Өлең өлшеміне ой жүгіртті.
Осының баршасы, Б.Кенжебайұлын қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ 
әдебиетін  әдеби  проблема  ретінде  қозғаушы  көшбасшы  ғана  емес,  сол 
дәуірдің  әдеби  сыр-сипатын  нақты  зерттеген,  шама-шарқынша  ашқан 
зерттеуші ретінде мойындатады.
Бәрін бірдей бір кісі зерттеп тауысуы шарт та, мүмкін де емес. Осындай 
күрделі кезең әдебиетін зерттеуді Б. Кенжебайұлы бастап, М. Мағауиндей 
дарынды шәкіртерін шұғылдандырып баулыды. Ол айрықша жеміс берді. 
«Қобыз сарыны», «Алдаспан» секілді маңызды, кәделі еңбектер өмірге келді, 
әдебиетіміз қазына байлыққа кенелді.
Қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиет-күрделі  әдебиет.  Ешбір  халық 
әдебиетіне ұқсамайтын әдебиет. Тектестікке байланысты қарақалпақ, ноғай 
әдебиетімен  ғана  ортақтасатын  сәттеріміз  бар.  Бұл  жөнінде  қарақалпақ 
әдебиетшісі  К.  Мәмбетов  қазақ  ғалымы,  профессор  Б.  Кенжебайұлына 
арнайы хат жазып, теңдік сұраған. Б. Кенжебайұлы қазақ хандығы дәуірінің 
кейбір тұлғаларының ортақ жерін баяндап, олардың да зерттеуі қажеттігін 
айтыпты [8]. Қазақ оқымыстысынан бата алған К. Мәмбетов ұзамай өз елінде 
«ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қарақалпақ әдебиеті» [9] – аталатын зерттеуін 
жариялады.  Кейін  ол  кенеулі  еңбекке  айналып,  «Әййемги  қарақалпақ 
әдебиаты» - деген монографияға ұласты.
Қырқыншы жылдары қазақтың азаматтық тарихы әлі жүйелі жазылмаған 
қазақ әдебиеті тарихи материалдары жөнді жиналмаған, шығармашылық 
тұлғалары түгелденбеген еді. Сонда да, Б. Кенжебайұлы хандық дәуірдің 
Сыпыра жырау, Асанқайғы, Бұқар жырау сынды үш ұлы шығармашылық 
тұлғасы жайында материал тауып, олар жайында тың пайымдаулар жасайды.
Аталған  ақын,  жыраулар  бұрын  тарихта  болмаған  (әсіресе  Сыпыра 
жырау, Асан ата), халық қиялдан шығарған аңыз адамдар ретінде айтылар 
еді. Б. Кенжебайұлы аталған зерттеуімен, олардың тарихта болған нақты 
адамдар екенін анықтады.
Алтын орда, қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті мәселелерімен бұл 
күнде бір Мұхтар Мағауин, әйтпесе Алма Қыраубаева ғана айналыспайды. 
Олар  Бейсембай  Кенжебайұлы  ізіне  ілесе  шығып,  алғаш  зерттегендер. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
236
237
Кезінде  қарсы  болғанымен,  кейін  Қазақстан  Ғылым  академиясы  
М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ғалымдары да бұл 
мәселені дұрыс түсініп, қосыла зерттесті. Ә. Дербісәлин, М. Жармұхамедов, 
Ө.  Күмісбаев  секілді  зерттеушілер  еңбегін  осы  бағытта  қабылдауымыз 
керек. Ж.Тілеповтың «Қазақ поэзиясының тарихилығы», «Елім деп еңіреген 
ерлер жыры» секілді зерттеулер сол Б.Кенжебайұлы салған ізді әрі апарған 
еңбектер.
Демек,  бұл  күнде  қазақ  хандығы  дәуіріндегі  әдебиетін  зерттеуде 
профессор  Б.  Кенжебайұлы  дәстүрі  халықаралық  деңгейдегі  ізденіс  деп 
қорытындылаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1  Кенжебаев,  Б.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы  туралы  //  Социалистік 
Қазақстан. – 1941. – № 139.
Кенжебаев, Б. Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлу мәселесі // 
Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелері. – Алматы : ҚБМБ, 1941. – Б. 3-10.
3 ҚРМОА – 1739, Опись № 1, 15-іс.
Кенжебаев, Б. Едіге батыр // Әдебиет және искусство. – 1940. – № 7, 8.
Кенжебаев, Б. Абылай. – Алматы : ҚМББ, 1943. – 21 б.
Кенжебаев, Б. Асау жүрек. – Алматы : Жазушы, 1975. – 168 б.
Мағауин, М. Алдаспан. – Алматы : Атамұра, 2006. – 312 б. – ISBN 
9965-34-386-1. 
8 Үй архиві. Арнайы бума (хаттар).
Мәмбетов, К. XVІ-XVІІ ғасырдағы Қарақалпақ әдебиеті. – Әмудария. 
– 1974. – № 1.
13.01.16 баспаға түсті.
Д. Қ. Сартбаева, М. Б. Шайхыстамова 
Некоторые проблемы изучения казахской литературы XV-XVII вв.
Международный казахско-турецкий университет 
имени К. А. Ясауи, г. Түркiстан.
Поступило в редакцию 13.01.16.
D. K. Sartbaeva, M. B. Shaikhystamova 
Some problems of research of Kazakh literature of the XV-XVII centuries
А. Yesevi International Kazakh-Turkish University, Turkestan.
Received on 13.01.16.
В статье рассматриваются некоторые проблемы связанные с 
исследованием казахской литературы XV-XVIII вв. в научных трудах 
ученого и писателя Б. Кенжебаева.
The article considers some problems of research of Kazakh literature 
of the XV-XVIII centuries in B. Kenzhebayev’s works.
ӘОЖ 81:002
А. Қ. Таусоғарова
филол.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.
e-mail: aiauzhan@mail.ru
ГАЗЕТ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ 
ЭТНОСТЕРЕОТИПТЕРІНІҢ КОНТЕНТ-ТАЛДАУЫ 
Мақалада Қазақстандағы жалпыұлттық республикалық газет 
«Егемен Қазақстан» және саяси-қоғамдық тәуелсіз газет «Қазақия» 
материалдарындағы этникалық стреотиптерге контент-талдау 
жасалады. 
Этностереотиптердің сандық көрсеткіштеріне сапалық талдау 
жасау барысында «Егемен Қазақстан» және «Қазақия» газеттері 
жарияланымдарында көрініс берген этностереотиптердің көпұлтты 
мемлекеттегі ұлттардың этникалық сәйкестілігінің сақталуына, 
этниканы топтастыруға, этниканың ортаға бейімделуіне, бастысы, 
қоғамда этникааралық үйлесімді қарым-қатынастың орнығуына оң 
ықпал ететіні анықталды. 
Кілтті  сөздер:  этностереотип,  БАҚ  жарияланымдары, 
контент-талдау, сандық көрсеткіштер, этникалық лексемалар.
Этникалық  сәйкестіліктің  сақталуына,  этниканы  топтастыруға, 
этниканың  ортаға  бейімделуіне,  бастысы,  этникааралық  қарым-
қатынастардың үйлесімді дамуына қызмет ететін этникалық стереотиптердің 
қоғамдық  санада  және  тұлғалар  сана-сезімінде  қалыптасуында  БАҚ-та 
жарияланатын этникалық ақпараттардың рөлі зор. 
Бұл орайда көпұлтты мемелекеттер қатарында табылатын Қазақстан 
Республикасындағы  этникааралық  қарым-қатынастар  үшін  маңызды 
этностереотиптерді  зерттеуге  арналған  жақын  шетелдік  психология 
ғылымы бойынша Л. С. Назырованың еңбегі [1] тек Шығыс Қазақстандағы 
тұрғындардың өзіндік тілдік санасындағы этностереотиптерді қарастырумен 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
238
239
шектеледі де, бастысы, масс-медиадағы этностереотиптер және олардың 
тілдік  құралдары  мен  Қазақстандағы  ұлт  өкілдері  тілдік  санасындағы 
көріністері, ұлтаралық қарым-қатынасқа оң/теріс ықпалдары зерттелмейді. 
Ж. Б. Абильдинованың [2] «Языковые средства экспликации этнических 
стереотипов  русских,  казахов  и  немцев  (на  материале  русскоязычных 
анекдотов)»  кандидаттық  диссертациясында  орыс  тілді  анекдоттардағы 
этностереотиптер  зерттеледі.  Ал  отандық  зерттеушілердің  еңбектері 
масс-медиадағы  этностереотиптерді  негізгі  зерттеу  нысаны  ретінде 
қарастырмайды. Р. Карымсакова, Ж. Амирова [3] авторлығында жарық көрген 
шағын көлемдегі еңбектер этностереотиптерден гөрі, ұлтаралық қарым-
қатынастардың БАҚ-та жариялану мәселелеріне арналған.
Көптеген  этностардың  басы  қосылған  Қазақстан  масс-медиасында 
көрініс  тапқан  этностереотиптердің  сандық  және  сапалық  жағынан 
тыңғылықты зерттелмеуі осы тақырып аясында ғылыми ізденістерге жол 
ашып отыр. 
Менталитет, мінез, ақыл-ой т.б. көптеген типтік қасиеттер тұрғысында 
белгілі  бір  этникалық  қауымдастыққа  байланысты  көпшілік  санасында 
туындайтын  бірдей  ассоциациялар  мен  біршама  тұрақты  стандартты 
түсініктер  ретінде  қарастырылатын  этникалық  стереотиптердің  өмір 
сүруінің формасы – тіл. Бұл тұрғыда ассоциативтік эксперименттер мен 
сұрастырымдар үдерісінде белгілі болып жататын этникалық стереотиптер 
зерттеулер нәтижелері тұжырымдары ретінде тілдік тұрғыдан рәсімделгенде 
бірыңғай анықтауыш мүшелер мен этнонимнің предикативтік қатынасы 
түрінде  берілетінін  көреміз:  «американцы  –  предприимчивы,  способны, 
материалистичны, честолюбивы, прогрессивны; англичане – спортивны, 
способны, соблюдают условности, любят традиции, консервативны; евреи 
– умны, корыстолюбивы, предприимчивы, скупы, способны; итальянцы – 
артистичны, импульсивны, страстны, вспыльчивы, музыкальны; ирландцы – 
драчливы, вспыльчивы, остроумны, честны, очень религиозны и т. д.» [4, 21].
Осы  орайда  «Егемен  Қазақстан»  және  «Қазақия»  газеттері 
жарияланымдарының  этникалық  мазмұндық-мағыналық  бағыттылығын 
анықтау үшін «мәтіннің және басқа да ақпарат көздерінің өзіндік мазмұндық 
сипаттамаларын анықтау және бағалау әдісі», «әлеуметтік болмыс қасиеттері 
мен жай-күйі туралы, оның ішінде, жарияланым мәтінінің дереккөзі туралы 
мәтін  мазмұнын  талдау  арқылы  қорытындылар  (тұжырымдар)  жасауға 
мүмкіндік беретін зерттеу техникасы» я «мәтін түріндегі ақпаратты сандық 
көрсеткіштерге ауыстыру» тұрғысынан анықталатын контент-талдау (англ. 
content analysis, нем. Content-Analyse, фр. analyse du contenu - мазмұн, мән) [5, 129] 
қолданылады да, этникалық тақырыптардағы жарияланымдар және олардағы 
этникалық лексемалар, этностереотиптер мен авто-, гетеростеротиптердің 
лексика-семантикалық, сондай-ақ тілдік ерекшеліктері зерттеледі.
Сөйтіп,  контент-талдауға  «Егемен  Қазақстан»  жалпыұлттық 
республикалық газеті мен «Қазақия» тәуелсіз, қоғамдық-саяси газеттерінің 
2015  жылдың  қаңтарынан  осы  жылдың  маусым  айлары  арасындағы 
сандарындағы  «Елдер  мен  халықтар  туралы,  сондай-ақ  ұлттық  немесе 
этникалық  салт-дәстүрлер  мен  ұлттық  этникалық  құндылықтар  туралы, 
оның ішінде, этникааралық қарым-қатынастар, этникалық саясат, сондай-ақ 
қазіргі қоғам өмірінің барлық салалары тұрғысындағы (экономика, спорт, 
медицина,  педагогика  т.б.)  аталмыш  этниканың  әлеуеті  (жетістіктері, 
кемшіліктері, ерекше қасиеттері, дағдылары)» [6, 44] туралы этникалық 
ақпараттар ішінен тек этникалық менталитет, халықтың өзіне тән мінез-
құлық  қасиеттері  туралы,  сондай-ақ  саяси-әлеуметтік  т.б.  мәселелерді 
қарастыруға арналғанымен, мазмұнында этникалық стереотиптерге орын 
берілген этникалық ақпараттар ғана алынды. 
Жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде титулды 
ұлт – қазақ халқының тарихы, мәдениеті және ондағы көшбасшы тұлғалар, 
ұлттық құндылықтарға арналған айдарлармен (рубрика) бірге, қазақстандық 
патриотизмге үндейтін «Менің елім – Қазақстан», «Мәңгілік ел» идеясы, 
«Біздің Отанымыз – бірліктің берекелі бесігі» т.б. рубрикалар, Қазақстан 
халықтары  ассамбелясы,  түрлі  этномәдени  бірлестіктер  мен  орталықтар 
мәліметтері мен түрлі этностар туралы жарияланымдарға орын берілген. 
«Қазақия»  тәуелсіз,  қоғамдық-саяси  газетінде  де  қоғам  өмірінің  түрлі 
салалары (ел экономикасы, әлеумет, тарих т.б.) бойынша ақпараттармен бірге, 
этникалық жарияланымдарға арналған «ұлттық мүдде» айдары (рубрикасы) 
бар. Осындай сан салалы тақырыптарды қамтитын аталмыш газеттердегі тек 
этникалық стереотиптер көрініс беретін этникалық ақпараттарға құрылған 
жарияланымдардың сандық үлесі 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – «Егемен Қазақстан», «Қазақия» газеттеріндегі этностреотиптер 
көрініс тапқан жарияланымдардың сандық көрсеткіші 
Масс-медиа
басылымдарының
атауы және газеттің
сипаттамасы
Барлық
саны
01.2015 ж. – 
06. 2015 ж.
Тікелей 
этностереотиптерге
құрылған 
жарияланымдар
Этностереотиптер
жанама 
қамтылатын
жарияланымдар 
Титулды 
ұлт (қазақ) 
туралы
этностереотипті
жарияланымдар 
саны
Түрлі этностар 
туралы 
этностереотипті
жарияланымдар 
саны
«Егемен Қазақстан»
газеті, жалпыұлттық
республикалық  газет, 
қазақ  тілінде  күн  сайын 
шығады;  таралымы  -  135 
мың шамасында. 
121
9
10
14
5

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
240
241
Қазақия газеті -
таралымы – 17777
дана;  қоғамдық-саяси 
апталық  газет,  тәуелсіз 
газет,  ре спубликаға, 
сонымен қатар алыс және 
шетелдерге  де  тарай 
алады,  орыс  және  қазақ 
тілдерінде шығады.
26
3
8
11
-
Этностереотиптер  жанама  қамтылатын  жарияланымдар  (Саяси-
әлеуметтік  т.б.  мәселелерді  қарастыруға  арналғанымен,  мазмұнында 
этникалық стереотиптерге орын берілген) 
Титулды ұлт – қазақ халқының этникалық менталитеті, халықтың өзіне 
тән  мінез-құлық  қасиеттері  туралы  этностереотипті  жарияланымдардың 
«Егемен Қазақстан» газетіндегі саны – 5, «Қазақия» газетіндегі саны – 11.
Түрлі  этностардың  менталитеті,  халықтың  өзіне  тән  мінез-құлық 
қасиеттері туралы этностереотипті жарияланымдардың «Егемен Қазақстан» 
газетіндегі саны – 14. 
«Қазақия»  газетінде  титулды  ұлт  (қазақ)  туралы  этностереотипті 
жарияланымдарға орын берілгенімен, тікелей түрлі этностардың менталитеті, 
халықтың  өзіне  тән  мінез-құлық  қасиеттеріне  арналған  этностереотипті 
жарияланымдар көрініс бермейді. 
«Егемен  Қазақстан»  газетіндегі  этникалық  менталитет,  халықтың 
өзіне тән мінез-құлық қасиеттері туралы, яғни тікелей этностреотиптерге 
құрылған жарияланымдар: 1. Ж. Шәмші. Итке төрден төсек салатындар 
(Егемен Қазақстан, 13.01. 2015, № 6, 16-бет); 2. Т. Нұрахметұлы. Қазақ десе, 
көз алдыма Абай атам келеді (Егемен Қазақстан, 14.01. 2015, № 7, 3-бет); 
3.  М.  Магомедова.  Қазақ  жеріне  ұзатылғаныма  еш  өкінбеймін  (Егемен 
Қазақстан, 27.01. 2015, № 16, 2-бет); 4. Е. Смайыл. Туғанбайдың түріктері 
(Егемен Қазақстан, 28.01. 2015, № 17, 11-бет); 5. Д. Бауыржанұлы. Еңбекті 
еншілеген ел (Егемен Қазақстан, 04.04. 2015, № 65, 9-бет); 6. Д. Анаш. Зілзала 
зардабын тартқан армяндар (Егемен Қазақстан, 23.04. 2015, № 74, 5-бет); 
7. Д. Бауыржанұлы. Көршінің ісі керемет (Егемен Қазақстан, 16.05. 2015, 
№ 90, 7-бет); 8. А. Төлеуханқызы. Могиканның соңғы тұяқтары (Егемен 
Қазақстан, 19.05. 2015, № 91, 9-бет); 9. Н. Кенжеғараев. Абай іздеген ел 
(Егемен Қазақстан, 27.05. 2015, № 97, 9-бет).
«Қазақия» газетіндегі нақты этникалық менталитет, халықтың өзіне тән 
мінез-құлық қасиеттері туралы, яғни тікелей этностреотиптерге құрылған 
жарияланымдар саны – 3. Олар: Дос Көшім. Біз – қырсық халықпыз! (04.06. 
2015); Эльдар Жумагазиев Какой ты,  современный казах? Қазақия, 05.01. 
2015; Сайлау Байбосын Қазақ және құлдық сана, Қазақия, 16.04.2015. 
«Қазақия»  газетіндегі  саяси-әлеуметтік  мәселелерді  қарастыруға 
арналғанымен,  мазмұнында  жағымды  және  жағымсыз  этникалық 
стереотиптерге орын берілген, яғни этностереотиптер жанама қамтылатын 
мақалалар  саны  –  7;  Олар:  1)  Өмірзақ  Ақжігіт:  Өкіметке  қазақ  керек 
емес — Герольд Бельгер, (09.02.2015); 2) Жұмамұрат Шәмші. Жеңіс деп 
желпілдетпейікші…(08.05.2015);  3)  С.Ерғали  Жайық  оқиғасы  ел  іргесін 
бекітті,16.04.2015; 4) Басқа елдің тәуелсіздігі үшін күресу, (23.01.2015); 5) 
Дина Имамбаева Жемқорлық қайдан жабысты, қалай жұқты?, (02.04.2015); 
6)  Аристократизм  –  парасаттылыққа  ұмтылыс,14.05.2015;  7)  Әбдірашит 
Бәкірұлы. Қазақтың ұлттық намысы қашан оянады?, 10.03.2015.
Егемен  Қазақстан  газетіндегі  саяси-әлеуметтік  т.б.  мәселелерді 
қарастыруға арналғанымен, мазмұнында этникалық стереотиптерге орын 
берілген,  яғни  этностереотиптер  жанама  қамтылатын  жарияланымдар 
жарияланымдар: 1. Б. Тайжан. Корей жұрты (Егемен Қазақстан, 30.01. 2015, 
№ 19, 2-бет); 2. Ж. Шөпегүл. Дәнекер: Қазақтың шаңырағын шалқытқан 
башқұрт қызы (Егемен Қазақстан, 12.02. 2015, № 28, 3-бет); 3. Қ. Түменбай. 
«Орыс»  Қасымбек  (Егемен  Қазақстан,  18.02.  2015,  №  32,  13-бет);  4.  
О. Жүнісұлы. Аға досым – Лю Чан (Егемен Қазақстан, 25.02. 2015, № 37, 11-
бет); 5. Ә. Қаңтарбай. Көш тізгінін сенімге берген дұрыс (Егемен Қазақстан, 
06.03. 2015, № 44, 3-бет); 6. Қ. Ескендір. Талайды тәнті еткен түрік елі (Егемен 
Қазақстан, 02.04. 2015, № 59, 7-бет); 7. Ж. Түймебаев. Қазақстан-Түркия: 
түбі бір туысқан елдер (Егемен Қазақстан, 15.04. 2015, № 68, 12-бет); 8.  
Л. Қажымова. Жомарттық пен мейірімділік (Егемен Қазақстан, 23.04. 2015, 
№ 74, 9-бет); 9. Т. Сүйінбай. Қазақ – елдегі этноспен қазақша сөйлессін... 
(Егемен Қазақстан, 23.04. 2015, № 74, 11-бет); 10. Е. Сұлтанов. Татулығы 
жарасқан үлгілі отбасы (Егемен Қазақстан, 01.05. 2015, № 81, 9-бет).
 
Кесте 2 – «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 ж. қаңтар – маусым айларындағы 
басылымдарында көрініс тапқан этностереотиптер 
Этникалар /
территориялық
бірліктегі халықтар
атаулары
Этникалық стереотиптер
Қазақ
автостереотип
Гетеростереотип
Үмітшіл;  кемеңгерлік  және 
әулиелік  қасиеттерге  сенім 
артады; негізі – тәуекелшіл емес; 
қанағатшыл;  көнбіс;  көнтері;  он 
ойланып, бір кесетін халық; қазақ 
еріншектік
Б а у ы р м а л ,   ж а қ с ы л ы қ т ы 
ұмытпайды, үлкенді сыйлау қасиеті 
тән, ізгілікті, басқа ұлттарға құрмет 
көрсетеді; ұйымшыл; бір-біріне қол 
ұшын беретін бауырмал 
Түрік
мұсылман халық
Қайс ар,  қамқор,  мейрімді, 
еңбекқор, пысық, іскер
Орыс
-
Бірбеткей,  бірақ  ретті  жерінде 
иіледі;  жомарт;  барды  ұқсата 
білетін іскер
Неміс
Алдын ала ойлайды; іскер

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
242
243
Қытай
Еңбекқор; төзімді; үнемшіл; отбасы 
құндылығын бағалайтын халық
Кәріс
Б а у ы р м а л ,   ж а қ с ы л ы қ т ы 
ұмытпайды,  үлкенді  сыйлау 
қасиеті тән, ізгілікті, 
Еңбекқор
Еврей
Зиялы; парасатты; пайымды
Мейірімді; жомарт
Эстон
Ұлтжанды; табанды; күрескер
Сөйтіп,  Егемен  Қазақстан  газетіне  жүргізілген  контент-талдаудың 
сандық көрсеткіштеріне қарағанда, этникалық сәйкестіліктің сақталуына, 
этниканы  топтастыруға,  этниканың  ортаға  бейімделуіне,  бастысы, 
этникааралық  қарым-қатынастардың  үйлесімді  дамуына  қызмет  ететін 
этникалық  стереотиптер  көрініс  тапқан  жарияланымдар  басқа  да  тарих, 
экономика, спорт, мәдениет, қоғам мәселелері тақырыптарына арналған 
жарияланымдарға қатынасында 15,7 пайызды құрайды.
Қазақия газетінде бұл мәселе бойынша көрсеткіш 42,3 пайызды құрайды. 
Қазақия газетінде этникалық менталитет, халықтың өзіне тән мінез-құлық 
қасиеттері туралы арнайы жарияланымдар тек титулды ұлт қазақ халқына 
арналады. 
Кесте 3 – Қазақия газетінде көрініс тапқан этностереотиптер 
Этникалар
атаулары
Автостереотиптер
Жағымды
Жағымсыз
Қазақ
Қиындыққа төзімді, бұйығы 
қазақтар,  күрескер  халық, 
рухты, түрікшіл, бауырмал, 
қазақ  жаны  зұлымдыққа, 
жамандық  атаулыға  қарсы, 
жаңалыққа  құмар,  жаңа 
ж а ғ д а й ғ а   к ө н г і ш ,   т е з 
бейімделгіш,  тез  шешім 
қабылдағыш, тәуекелге бел 
буа  алады  еркіндік  сүйгіш 
рухта,  табиғаты  таза
біреуді тегіне қарап кемсітуді, 
бөлектеуді білмейді
жалтақ  қазақ,  кең  қолтық 
қазақ,  жалған  намысқойлық, 
шын  намыссыздық,  басқаға 
қызыққыш, еліктегіш, басқаның 
ығына  жығылғыштық,  құл 
мінез (жiгерсiздiк, бөтенге бас 
ұрғышпыз,  бiреудiң  көңiлiн 
тапқыштық,  көнбіс,  кеңпейіл, 
кейде асыра кеңпейіл, келеңсіз; 
дархан,  дарақы),  қырсық, 
мәселені  тамыр-таныстық 
а р қ ы л ы   ш е ш у г е   б е й і м , 
мақтаншақ.
Кесте 4 – Қазақия газетіндегі өзге ұлттар туралы гетеростереотиптер
Этникалар
атаулары
Гетеростереотиптер
Жағымды
Жағымсыз
Орыс
-
орыстың  шовинистік 
көзқарасы
Неміс
Адамгершілікті,  аяушылықты 
түсінетін  халық,  еңбекқор, 
жинақылық я ұқыптылық
-
кавказдықтар  -
Жеңіл  пайда  іздеушілер, 
құзырлы  органдармен 
сыбайластыққа  бейім, 
ақшалы,  әлімжеттікке 
бейім
Егемен  Қазақстан  газеті  бойынша  контент-талдаудың  нәтижелері: 
тікелей  және  28жанама  этникалық  стереотиптерге  құрылған  барлық  19 
жарияланым – 15,7 %, оның ішінде, титулды ұлт – қазақ халқына қатысты 
этникалық стереотипке құрылған 14 жарияланым 73,6 пайызды, ал өзге 
этностарға  арналған  5  жарияланым  26,4  пайызды  құрайды.  «Егемен 
Қазақстан»  газетінде  титулды  және  өзге  этностарға  қатысты  жағымсыз 
автостереотиптер де, жағымсыз гетеростереотиптерде орын алмаған. Тек 
«ит жетектеген ағылшындар» деген этностреотип аталмыш ұлттың тілдік 
санадағы  типтік  образы  болып  табылады,  және  олардың  сүйікті  ісінің 
қазақтар мәдениетіне қарама-қайшылығы этникааралық қарым-қатынаста 
емес, мәдениаралық қатынастар үдерісінде эмпатия (өзге мәдени ерекшелікке 
түсіністікпен қарау) үшін қызмет етеді деп ойлаймыз. Аталмыш газетте 
этностереотиптерге  құрылған  этникалық  ақпараттардың  сандық  және 
сапалық талдаулары Егемен Қазақстан газетінің титулды және өзге ұлттар 
этникалық сәйкестілігінің сақталуына, этника өкілдерінің өзара топтасуына, 
этникалардың  ортаға  бейімделуіне,  бастысы,  этникааралық  қарым-
қатынастардың үйлесімді дамуына оң ықпал етеді деп қорытуға болады. 
Қазақия газеті газеті бойынша контент-талдаудың нәтижелері: тікелей 
және жанама этникалық стереотиптерге құрылған барлық 11 жарияланым 
42,3  %  және  олар  негізінен  титулды  ұлт  –  қазақ  халқына  қатысты 
этникалық  стереотипке  құрылған.  Көпұлтты  Қазақстандағы  масс-медиа 
басылымдарының  бірі  болып  табылатын  «Қазақия»  апталық  газетінің 
басылымында орын алған этностереотиптердің сандық қатынасында басым 
үлесті  осы  елдің  титулды  ұлты  –  қазақ  халқы  туралы  автостреотиптер 
алады,  оның  ішінде,  жағымсыз  этностереотиптердің  саны  жағымдыға 
қарағанда  басымдау.  Басқа  3  халық  туралы  жағымды  және  жағымсыз 
гетеростеротиптердің сандық үлесі өзара шамалас.

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
244
245
Аталмыш екі газетте орын алған қазақ егемендігі, қазақ элитасы, қазақ 
тектілігі, қазақтың ұлттық намысы, қазақ хандығы, қазақ этнонимі, қазақ 
тарихы, қазақтың асыл арыстары, қазақ зиялылары, қазақ автономиясы, 
қазақ  даласындағы  Ұлы  аштық  қырғыны  сияқты  түрлі  этникалық  кілт 
сөздер  мен  этникалық  лексемалар  қатысқан  қазақ  халқының  тарихы, 
мәдениеті, ғылымы, экономикасы, таихи тұлғалары т.б. туралы этникалық 
ақпараттар  аталмыш  этникалық  ұлттық  тұтасып-бірігуінде,  халықтың 
өзін  этникалық  сәйкестендіруінде  маңызды  бағдар  болса,  басылым 
беттерінде  кездесетін  орыспиғылды  шенеуніктер,  орыстілділер,  шала 
қазақтар сияқты тіркестер осы үдеріске теріс ықпал етуі мүмкін. Қазақия 
басылымында осы елдегі титулды ұлт қазақтар туралы жағымды / жағымсыз 
автостереотиптер үлесінің жоғары көрсеткішке ие болып, ал басқа халықтар 
туралы этникалық ақпараттар үлесінің мүлдем төмен әрі жағымды және 
жағымсыз  гетеростереотиптер  санының  өзара  шамаластығы,  ал  Егемен 
Қазақстан газетінде Қазақстанды мекен ететін этностар туралы жағымсыз 
этностереотиптердің орын алмауы елдегі үйлесімді этникааралық қарым-
қатынастың кепілі деп ойлаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
Назырова, Л. С. Особенности национальных стереотипов русских 
и казахов: На примере Республики Казахстан: Дис. . канд. психол. наук: 
19.00.05 / Л. С. Назырова. – М., 2001. – 242 с.
Абильдинова, Ж. Б. «Языковые средства экспликации этнических 
стереотипов  русских,  казахов  и  немцев  (на  материале  русскоязычных 
анекдотов)»: дисс. на соискание ученой степени кандидата филологических 
наук. – Тобольск, 2011. – 142 с. 
3  Карымсакова,  Р.,  Амирова,  Ж.  Соблюдение  принципов 
политкорректности  при  освещении  в  средствах  массовой  информации 
межэтнических  и  межконфессиональных  отношений:  Методология 
мониторинга  публикаций  СМИ  по  проблемам  межэтнической  и 
межконфессиональной розни // Политкорректность в СМИ Казахстана. – 
Алматы, 2010. – 11-73 бб.
Кон, И. С. Психология предрассудка: О социально-психологических 
корнях этнических предубеждений // «Новый мир». – № 9. – 1966. – С. 19-27.
5  Сүлейменова,  Э.  Д.  ж.б.  Әлеуметтік  лингвистика  терминдерінің 
сөздігі. Словарь социолингвистических терминов / Шәймерденова Н. Ж., 
Смағұлова Ж. С., Ақанова Д. Х. – Астана: «Арман-ПВ» баспасы, 2008. – 392 б.
Малькова, В. Освещение этничности в СМИ в свете конфликтологии 
// в кн.: Прикладная конфликтология для журналистов. – М. : Права человека, 
2006. – 158 с. – Б. 42-67.
27.01.16 баспаға түсті.
А. К. Таусогарова
Контент-анализ этностереотипов в газетных публикациях
Казахский национальный университет 
имени аль-Фараби, г. Алматы. 
Поступило в редакцию 27.01.16.
A. K. Tausogarova
Content-analysis of ethnostereotypes in mass media publications
al-Farabi Kazakh National University, Almaty.
Received on 27.01.16.
В данной статье проводится контент-анализ этностереотипов 
на материале общенациональной республиканской газеты «Егемен 
Казахстан»  и  общественно-политической  независимой  газеты 
«Казахия».
В процессе качественного анализа количественных показателей 
этностереотипов, отражающихся в публикациях газеты «Егемен 
Казахстан» и «Казахия», определяется их положительное влияние на 
сохранение и защиту этнической идентичности, на этноинтеграцию 
и этническую адаптацию, главное, на установление гармоничного 
межэтнического отношения в многонациональном обществе. 
In this article the content analysis of ethnostereotypes on the material 
of the national republican newspaper «Egemen Kazakhstan» and political 
independent newspaper «Kazakhiya» is carried out.
In the course of the qualitative analysis of quantitative indices of the 
ethnostereotypes which are reflected in the publications of the newspapers 
«Egemen  Kazakhstan»  and  «Kazakhiya»  their  positive  influence  on 
preservation and protection of ethnic identity, on ethnointegration and 
ethnic adaptation, and particularly, on establishment of the harmonious 
interethnic relations in multinational society is defined. 

Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823.                                                  Серия филологическая. №1. 2016 
ПМУ Хабаршысы                                                      
246
247
УДК 81. 1 
А. К. Трушев
1
, Б. Б. Кабышев
2
1
студент, 
2
профессор, д.фил.н., Павлодарский государственный университет 
имени С. Торайгырова, г. Павлодар
e-mail: trushev56@mail.ru
ЛИТЕРАТУРНЫЙ ЯЗЫК ПОЭТОВ ХV-ХVІІ ВЕКОВ
В статье рассматривается литературный язык поэтов ХV-
ХVІІ  веков.  Описываются  языковые  особенности  поэтов  того 
времени, таких как Асан Кайгы, Казтуган, Шалкииз и т.д. Научное 
исследование указывает на вклад в литературу и в литературный 
язык казахского языка поэтов тех времен. Сопоставляются разные 
взгляды ученых по теме развития казахского литературного языка. 
Ключевые  слова:  история  литературного  языка,  языковые 
особенности поэтов, устная форма литературного языка.
В  эпоху  культурно-духовной  жизни  казахского  народа  в  основу 
языкапоэзии, которая тянется со времен образования казахского народа 
и только образовавшегосяязыка, легла устно развитая литературная речь. 
Его использовали как художественную литературу, ввиде поэзии, так же 
для  проведенияустных  споров  в  отраслях  власти,  ханских  приказах  и  в 
документах, связанных с заграничными отношениями.
Ряд  казахстанских  ученных  не  поддерживает,  что  в  это  время 
существовал литературный язык, поскольку литературный язык показал себя 
лишь в 18 веке, начиная с Бухаржырау. По их мнению, у существовавших 
в  то  время  казахских  жырау  не  было  своих  жанровых  характеристик  и 
стилистических  особенностей.  В  основном  встречались  дидактически-
бытовые опыты, существовавшие в фольклоре, такие, как «арнау»,«қоштасу», 
«өсиет», которые бытовали с давних времен.
Однако,ученый Р. Сыздыксчитает, что в этот период существовал устно 
развитый литературный язык [1, 112]. К такому выводу автора подтолкнула 
книга  «XV-XVIIIғасырдағы  қазақ  поэзиясы»  (1982),  «Ертедегі  әдебиет 
нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «Акберген» (1972) и дополнительные 
материалы,  напечатанные  в  других  сборниках.  В  эти  сборники  входят 
творения Асанкайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Сыпыра жырау,которые 
передавались из уст в уста. 
Если  говорить  о  писменности,  то  в  этой  отрасли  существует 
ряд  исследований  и  разные  мнения.  Такие  ученые,  как  А.  Маргулан,  
К. Жунисбаев, Е. Масанов, Т. Кордабаев, Р. Сыздык обсуждали творчество, 
написанное языком древней писменности казахов, автором которого является 
Кадыргали Касымулы, родом из племени жалайыр. Совместно с этим были 
версии о текстах официальных бумаг, написанных российским правителям 
или друг-другу и административных указов правивших в это время казахских 
ханов, султанов и тарханов.
По мнению Р. Сыздык, статус литературного языка на протяжений всех 
веков нельзя определить, опираясь лишь на писменность. Социальный груз, 
художественные нормы вытесняют развитие и категорию языка, который 
служил  обществу  в  определенную  эпоху  времени.  Исходя  из  этого,  мы 
находим, что язык памятников является литературным языком.
Из-за  того,  что  в  этот  период  версии  литературного  языка 
распространялись устно, их текствовые варианты не были одинаковыми. 
Например, в произведений Асан Кайгы «Ақ тонынды жамандап, Атлас қайдан 
табарсың» слово атлас является элементом последнего века. Совместно с 
этим, в произведениях жырау частно встречаются арабско-персидские слова 
такие как «ақы, ғаріп, мәрмәр, пейіл, мақсұт, пір, надан, хатим ету, ғалым, 
әзиз». И это является результатом смеси языков в последних веках.
Соответствующие элементы для своей эпохи, лексико-грамматические 
нормы  и  структуры  художественной  композиции  сохранили  жырау 
Доспамбет и Шобан, жившие в XVI веке. А так жесовременники Асана кайгы 
Казтуган и Шалкииз. А язык жырауов, живших в XVII веке, очень близок 
к  последним  векам.  Если  смотреть  с  точки  зрения  нынешнего  времени, 
тогда  частныхспособовбыло  меньше.  И  все  же,  присутствуют  слова  и 
словосочетания, значение которых является смутным и сложным. Например 
предложение «Қара ұнымы сұлтандайын жүрістің» является непонятным.
Или  же  не  известно,  что  означает  эпитет  «салп-салпыншақ»  в 
предложений «Салп-салпыншақ анау үш өзен». Последнее слово Шалкииза 
в  предложений  «Тал  мойныма  қол  артсаң,  күліктен  бек  ұнармын».  
В произведениях Доспамбета «Көмбідей ару жаларға. Кірмембес ауыр қолға 
бас болып» и Шобана «Аббар кешіп, шет қонған, Балаңқылар батпаған. 
Сырғаласқан жауды сықтарға. Ісірібі тоқтасқан» являются незнакомыми 
элементами для нынешнего казахского языка.
Исследователь К. Омиралиев считает, что элементы таковых вариантов 
ногайского цикла не древние, корни являются родственными с инотюркскими 
языками.  Р.  Сыздык  говорит,  что  нужно  по  отдельности  рассматривать 
слова, которые имеют неизвестные или особые значения и грамматические 
особенности. Значит, если ряд этих слов на ногайском языке, а остальная 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет