О значимости создания лингвострановедческого словаря в
укреплении туристского имиджа страны
Восточно- Казахстанский государственный университет
имени С. Аманжолова, Усть-Каменогорск.
Поступило в редакцию 04.02.16.
Sh. Kurmanbayeva
The importance of creating a dictionary in the strengthening of the
country’s tourist image
S. Аmanzholov East Kazakhstan
State University, Ust Kamenogorsk.
Received on 04.02.16.
В статье поднимается проблема потребности туристской
индустрии Казахстана в информатизации. Автор считает,
что создание лингвострановедческого словаря способствует
популяризации объектов природного и культурного наследия, как
фактора устойчивого развития страны.
The article raises the problem of the needs of Kazakhstan tourism
industry in the informatization. The author believes that the creation of
dictionary contributes to the promotion of natural and cultural heritage,
as a factor of sustainable development.
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
172
173
ӘОЖ 419.992.71.
С. Мағжан
ф.ғ.к., доцент м.а., Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті, Түркістан қ.
e-mail: magjan_saule70@mail.ru
«КҮЛУ» ПРОСОДИКАЛЫҚ АМАЛЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАРЫ
Мақалада «күлу» просодикалық бейвербалды элементінің
семантикалық типологиясы жайлы баяндалады.
Күлімдеудің үлкен бөлігі прагматикалық тұрғыдан меңгерілген
ишаралар ретінде көрініс табады, яғни аталған ұлт немесе аталған
мәдениеттің адамдары үшін үйреншікті және тұрақты бірліктерді
еске алайық. Олар салыстырмалы түрде ауызша сөйлесу процесінде
адамдар арқылы жиі-жиі қолданылады және стандартты түрде
түсіндіріледі, сол уақытта оған қарама-қарсы қойылған прагматикалық
тұрғыдан меңгерілмеген бірліктер коммуникативтік әрекетте өте
аз дәрежеде қолданылады және ишаралар ретінде таныла бермейді.
Прагматикалық тұрғыдан меңгерілген күлімдеулер дене тілінің
бейвербалды жүйесінің орталық бөлігіне, ал меңгерілмегендер – оның
шегіне орналасады немесе жалпы айтқанда қарастырылып отырған
бейвербалды тілдің лексиконының жолында табылады. Күлімдеудің
прагматикалық тұрғыдан меңгерілген ишараға қатысты екендігінің
маңызды көрсеткіші ондағы бекітілген атау түріндегі стандартты
тілдік белгілеудің бар болуы. Прагматикалық тұрғыдан меңгерілмеген
немесе нашар меңгерілген күлімдеулер жалпыға бірдей тілдік атауға
ие болмайтыны түсіндіріледі.
Кілтті сөздер: бейвербалды, таңба, паралингвистика, тұрыс
қалпы, мәдениет, семантика, коммуникант, этикет, паравербал,
экстравербал, арақашықтық, дене тілі, дауыс тоны, кинесика.
Паратіл туралы тіл білімінің бір элементі просодикалық амалдарға
дауысы дірілдеу, дауысын ақырын//қатты шығару, міңгірлеу, күлу, жылау,
қырылдау, қырылдай сөйлеу, сыбырлай сөйлеу, күрсіну, ышқыну, уһілеу,
демін ішіне тарту, демі дірілдеу, т.б. амалдарды жатқызамыз.
Соның ішінде
күлу просодикалық амалына тоқталып өтеміз.
Просодикалық амалдардың бір түрі ретінде қарастырылатын күлкінің
физиологиялық тұрғыдан оны ерін ұштары созылатын бет бұлшық еттерінің
әрекеті ретінде сипаттауға болады. Қазіргі таңдағы ірі теолог Ганс Урс
фон Бальтазар 1988 жылы жасаған өзінің соңғы дәрістерінің бірінде былай
деген: «Сәби тек анасының махаббатымен, күлімсіреуімен ғана есейеді. Бұл
кездесуде шексіз болмыстың көкжиегі ашылады».
Сәби жүзіндегі алғашқы күлкіні оның өмірге келгеніне 8-10 болған
күндері байқауға болады, алайда мұндай ерте кезеңде күлкінің дамуын
әрқашан қандай да бір қатаң анықталған стимулмен тіркестіру өте қиын:
көптеген бақылаулар көрсеткендей, сәбидің күлкісі алуан түрлі факторларға
реакция ретінде пайда болады. Оның арасында бұл кезеңнің өзінде күлімсіреу
адресатқа арналған белгі болып табылатындығын және сәбидің әрқашан да бір
нәрсеге қол жеткізгісі келетін немесе бір нәрседен қашып құтылғысы келетін
қалауын білдіретін таңба екендігін айғақтайтын мәліметтер де өте көп. Сәби
есейген сайын оның күлімдеуі барынша белгілі таңбаға айнала бастайды
және күлімдеу «ләззат алу, қуаныш, бақытты» білдіреді. Кең күлімдеу және
қарапайым күлімдеу осы позитивті мәндердің иелері болып табылады.
Күлімдеудің үлкен бөлігі прагматикалық тұрғыдан меңгерілген
ишаралар ретінде көрініс табады, яғни аталған ұлт немесе аталған
мәдениеттің адамдары үшін үйреншікті және тұрақты бірліктерді еске алайық.
Олар салыстырмалы түрде ауызша сөйлесу процесінде адамдар арқылы жиі-
жиі қолданылады және стандартты түрде түсіндіріледі, сол уақытта оған
қарама-қарсы қойылған прагматикалық тұрғыдан меңгерілмеген бірліктер
коммуникативтік әрекетте өте аз дәрежеде қолданылады және ишаралар
ретінде таныла бермейді. Прагматикалық тұрғыдан меңгерілген күлімдеулер
дене тілінің бейвербалды жүйесінің орталық бөлігіне, ал меңгерілмегендер
– оның шегіне орналасады немесе жалпы айтқанда қарастырылып отырған
бейвербалды тілдің лексиконының жолында табылады. Күлімдеудің
прагматикалық тұрғыдан меңгерілген ишараға қатысты екендігінің маңызды
көрсеткіші ондағы бекітілген атау түріндегі стандартты тілдік белгілеудің бар
болуы. Прагматикалық тұрғыдан меңгерілмеген немесе нашар меңгерілген
күлімдеулер жалпыға бірдей тілдік атауға ие болмайды (кейбір меңгерілген
күлімдеулердің стандарттық тілдік атаулары болмайтынын көрсетейік,
мәселен, төмендегі алынған «ауыздың бір бұрышымен күлімсіреу»).
Бұл жерде мұндай күлімсіреудің айтарлықтай маңызды әлеуметтік
және мәдени құбылыс болып табылатындығын айта кету керек, өйткені
бұл ишараның рөлі әрқашан да тұрақты түрде өсіп отырады. Және бірінші
кезекте бұл қазіргі қоғамдағы әлеуметтік және мәдени рәсімдердің мәнінің
және мөлшерінің артуымен байланысты. Мұнда ресми таныстыру –
танысу, іскерлік кездесулер, коммерциялық, дипломатиялық және саяси
келіссөздердің, рәсімделген іссапарлар мен қабылдаулардың жүргізулері,
банктерге, дүкендерге, заң кеңселеріне, медициналық және басқа да қоғамдық
мекемелерге бару және т.б. сияқты маңызды әлеуметтік қатынас жағдайлары
туралы әңгіме қозғалып жатыр. Адамның күлімсіреуі ең міндетті элемент
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
174
175
болып табыла жаздаған бүгінгі таңдағы жарнаманың қоғамдық рөлін де
атап көрсетейік. Осы және осыған ұқсас жағдайларда біз әртүрлі типтердегі,
түрлердегі және пішіндегі әлеуметтік күлімсіреулермен қақтығысып қалып
отырамыз. Көрініп тұрғандай, барлық мәдениет түрлерінде күлімдеулер
мекемеде және әлеуметтік өмір мен адамдардың қарым-қатынасының қолдау
табуы кезінде басты рөл ойнайды. Әрбір достық жүздесу және диалог бірінші
күлкіден, достықтан немесе жай жақсы қатынастан басталады, олар басқа
біреуде осындай сезім үшін жауапкершілік қасиетін тудырады. Біз шынайы
күлімсіреуді жақсы белгі ретінде жанымызға жақын қабылдай отырып,
жақсы көреміз.
Негізінен күлімдеулердің негізгі әлеуметтік белгісі және мотивациясы
– адресатқа жағымды әсер қалдыру, жекелей алғанда, оны тыныштандыру
және оған жақсы сезім көрсету. Көптеген күлкілер серіктес адамның бойында
жақсы көңіл-күй қалдырады немесе оны белгілі бір сезімге қанаттандырады,
Мысалы, Ол жақсы адам ба? Солай сияқты – барлық уақытта күлімсіреп
жүреді, жағымды нәрселерді айтады.
Коммуникативті мимикалық эмблемалық ишаралар ретінде
қолданыла отырып, күлімсіреулер өзінің семантикалық құрылымында
«мен сенің ... білгеніңді қалаймын» мәнді білдіруге жұмсалады. Кейбір
коммуникативтік күлімсіреулер сәлемдесу және қоштасу белгілері ретінде
қолданылады, адамдар оларды басқаларға қалыптасқан байланыс немесе
болашақтағы қатынас белгілі ретінде тарту етеді, мысалы, Ол бірнеше рет оның
қолын қысты және қоштасарда ғажап, бірақ барынша бақытсыз күлкісін
қалдырып кетті, ол мені таңғалдырды (Г. Л). Басқаша айтқанда, өзінің
бастапқы физиологиялық табиғаты жағынан, күлімсіреулер симптоматикалық
эмблема-белгілер болып табылады. Олар берілген бейвербалды тілдің шегінде
дара лексикалық мәнге ие болатын және коммуникативтік әрекет үстінде
субьектінің эмоционалдық жағдайын білдіріп, сөйлеуден шалғай көрініс табуға
қабілетті ишаралар болып табылады, мысалы, қуаныш, қайғыру, абыржу,
қайғылы сықақ күлімсіреулері және т.б. Симптоматикалық күлімсіреулер
сырттан сезім қабатына енеді, ол өзін жекелей алғанда, күлімсіреп тұрған адам
сол уақыт сәтінде бастан кешірген позитивті сезімдер туралы куәлік беретін
мимикалық сигнал ретінде көрсетеді. Адам өзінің ойларына және сезімдеріне,
тіпті өзі жалғыз қалғанда да жымия алады.
Негативті эмоцияның көрсеткіші вербалды немесе бейвербалды сөйлеу
әрекеттері сияқты қандай да бір амалдар жоқ жерде адамның физикалық немесе
психикалық дертіне куә боламыз немесе эмоцияның өзінің толық көрініс
таппауын көреміз. Ишаралаушы, жиі-жиі айтылғандай, өзінің сезімдерін
саналы түрде қымқырады немесе жасырады. Басынан өтіп жатқан қайғыны
көрсетпеуге қабілетті адамның қасиеті немесе қауіптің алдында сабыр сақтау
қасиеті, яғни сақтау (sic!) салқынқандылық, басқа адамдар тарапынан жағымды
қасиет ретінде бағаланады. Алайда адамдар бастарынан позитивті эмоциялар
күйін кешіп жатқан кезде жағдай басқаша: күлімсіремейтін, ауылдық немесе
томсырайған жүз, сол сияқты тас болып қатқан меңіреу көзқарас немесе
абсолютті суып қалған, қозғалыссыз тұрыс «жансыз адам» кейпінде көрініс
береді және бұл барлық бейвербалды көріністер теріс бағаланады. Қысқасы,
күлімсіреу сезімдері жүзінде көрініс таппайтын адамдар туралы да әңгіме
басқа. Достарына басқа адамдарға эмоционалды, сонымен қатар когнитивтік
тұрғыдан қолайлы ақпарат бермейтін адам әрқашан жағымды, ыңғайлы адам
бола бермейді. Коммуникативтік жағдай кезіндегі адамның бет-әлпетіне,
жекелей алғанда, күлімдеуіне бақылау жасау жалпы қарым-қатынастың ең
бір маңызды пішіндерінің бірінен саналады.
Сонымен, күлімсіреу пішіндерінде, басқа да симптоматикалық ишаралар
тәрізді екі қолданыс типтері – физиологиялық және симптоматикалық
түрлері болады, олар эмоция сезімдерін білдіру құралдары ретінде
қолданылады, ол – адресатқа саналы түрде кейбір ақпараттарды жеткізу.
Алайда соңғы қолданыс шеңберіндегі күлімсіреулер үшін, әсіресе әлеуметтік-
ақпараттық және этикеттік шеңбердегі күлімсіреу үшін айтарлықтай барынша
жоғары функционалды мәнге көптеген тілдік бірліктер ие болады, олар
жекелеп айтқанда, төмендегідей болып табылады: күлкісін жасыру, күлкісін
ұстау, күлкіден қашықтау, жүзінен күлкіні алып тастау. Елшілік бұл кезде
тұрып қойған еді. Хатшы есіктің жанына келді, жүзінен күлкі сезімін
өшірді және суық түрде «Қайырлы таң, Дакочи жолдас деді». (М. Алданов),
сонымен қатар біреуді күлімдеп қарсы алу, өзінен күлкінің тиегін ағыту,
Өзінен күлкінің тиегін ағытуы керек болды, бірақ ол егер тырысатын
болса, барынша әдемі күлуге болады (М. Алданов), біреуді күлкімен сыйлау
(немесе: тарту ету), ернін сәлемдік (немесе: қоштасу) күлкісіне икемдеу.
Келтірілген және соларға ұқсас мысалдармен келетін тілдік бірліктер
коммуникативтік ишаралар тәрізді күлімдеулер беттің саналы және
бақыланатын белгілері болып табылатындығын айғақтайды, әртүрлі өмірлік
жағдайлардағы адамдардың күлкіні түйсіну және оған бақылау жасау дәрежесі
әртүрлі бола тұрғанына қарамастан, ол осындай болып қалыптасады.
Белгілі болғандай, көптеген мәдениеттер бейвербалды, оның ішінде
эмоционалды қалыптағы айрықша әлеуметтік және мәдени үлгілерге немесе
көріністерге ие болып табылады. Нақты бір мәдениетке қатысты болып
табылатын адам оның сәйкес келетін көріністермен бекітілген ережелері мен
пішіндерін жақсы біледі және олармен келісе отырып әрекет етеді. Аталған
мәдениет өкілдерінің ұстамдары нормаларға айқын нұқсан келтіретін
жағдайда, онда бұл анықталған коммуникативтік міндетті орындау үшін
жасалады немесе санасыз түрде іске асырылады. Сол кезде нормативті
емес мінез-құлық не стандартты емес түсіндірмеге ие болады немесе басқа
адамдар тарапынан этикалық және эстетикалық бұрыс, физикалық және
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
176
177
психологиялық жағымсыз, сонымен қатар қоғамға теріс әсер ететін әрекет
ретінде айыпталады.
Американдық мәдениет, мәселен, адам жағымды әсерлерді бастан
кешірмей тұрса да, олардың жүздеріндегі күлкілерді жоғары бағалайтын және
мақұлдайтын құндылықтар жүйесі ретінде бүкіл әлемге белгілі. Көптеген
ұлттар, мәселен, мұндай бейвербалды мінез-құлықты жағымсыз теріс, шынайы
емес және жалған қасиет ретінде бағалап, американдықтарға қырын қарайды.
Мұндай мінез-құлықтың мақсаты американдықтың оған кездесуге келген
бейтаныс адамға немесе өз досына кездесудің қолайлы болғандығын, одан бір
қажетті нәрсе алғандығын көрсету және бұл адамдардың бәрі жақсы екен деп,
көңілі орнына түсуі үшін де қажетті. Американдық коммуникативтік күлкілер,
өз бағдары бойынша белсенді болып табылады, өйткені олардың көбісінің
семантикалық құрылымдық жағынан бір моральдық міндеттерді көрсетуші
бөлшектері бар болып табылады, ол: «мен сізге бір жақсы нәрсені көрсетуге
дайынмын» дегенді білдіреді. Ал, айталық, жапондық мәдениетті адресат
сенің жүзіңнен ешқандай да жаман сезімнің табын көре алмайтындай болса,
ол құрметті мінез-құлық болып есептеледі, жекелей алғанда, себебі ол сенің
бетіңдегі қайғы табынан ыңғайсызданып қалуы мүмкін, сондықтан сөйлеуші
адам жанына батқан мұң сезімін білдірмеу үшін де күлімсіреп отыруы керек.
Осылайша, егер американдық күлкінің ең бір негізгі міндеті және қызметі
қалыпты коммуникацияны жасау және жөнге қою болса, әлеуметтік жапон
күлкісі, сөз болып отырған mikonikoның басты қызметі – басқаның сезімдерін
қорғау, «сақтау». Mikoniko күлкісі этикеттің сан ғасырлық өңдеуінен өткен
қаншама замандардан бері келе жатқан өнімі болып табылады, ол американдық
мәдениет белгісіне қарағанда, барынша пассивті болып табылады, өйткені
онда «сіз үшін қолайсыз сезім тудырғым келмейді» деген жасқаншақ сезім
бұқпантайлап жатады. Бұдан бөлек, коммуникативтік мінез-құлықтың жапондық
этикеттік нормасына сәйкес, адресат үшін жанына бататын және қатты әсер
ететін ақпарат бұл жағдайда тыныштандыру белгісі болып табылмайды,
жапондықтардың өздері айтқандай, сыпайылық белгілі болып та табылады.
Күлімсіреу ишарасын семиотикалық тұрғыдан жүктелген тілдік бірлік
ретінде қарастырған барынша жеткілікті көптеген зерттеулер орын алған.
Чарльз Белл, ағылшын анатомы, физиолог және хирург, суретші,
адам жүзіндегі эмоция көріністеріне алғашқы болып қызығушылық
танытқандардың біреуі. Күлкіні зерттей отырып, Ч.Белл олардың көптеген
мыңдаған әртүрлі белгілерді – тыныш қайырымдылық күлкісінен және
төменгі еріннің қыбырсыз күлкісінен өз-өзіне сенімді атаққұмарлық немесе
өкіну күлкісіне дейінгі мағыналарды беретіні туралы тұжырымға келді [1].
Адам және жануарлардың бет-әлпетіндегі эмоциялар мен олардың
көрінісін зерттеумен сонымен қатар Чарльз Дарвин де айналысты. Өзінің
атақты кітабында (Дарвин 1872/1965) ол әдейі күлімсіреуге тоқталды және
адамдағы барынша айқын эмоциялар көз және мимика көрінісінде шығады
деп тұжырым жасады, ал мимикалық ишаралардың ішіндегі ең экспрессивті
болып табылатыны – күлкі.
Күлімсіреудің пайда болуы туралы Блертон-Джоунздың жұмысында
да айтылады (Блертон-Джоунз 1972), мұнда мектеп жасындағы балалардың
күлімсіреулеріне зерттеулер жасалған және балалардағы қарым-қатынас
барысындағы күлімсіреудің әлеуметтік мәнділігі тіркелген, сонымен қатар
бақылау нәтижелері алынған. Осында күлкінің маңызды функциясы –
тыныштандыру қызметі көрсетілген [2].
Р. Краут пен Р. Джонстон жануарлардағы күлкілер бір ұжымды
өмір сүріп жатқан бір биологиялық түр өкілдерімен өзара байланыстың
кернеулілігін жөндеуге арналған белгі ретінде қабылданады, сондықтан
«адамдар арасындағы күлкі де басқа адамды тыныштандыруға немесе сабыр
етуге шақырған жағдайда туындауы керек» деген ережеге сәйкес келеді [3].
З. Фрейд, алайда күлімсіреуді емшектегі баланың мимикасына теліген, ол
анасының омырауын еміп, тойғандығын білдірген белгі деп қабылдайды.
Бұлар, сонымен қатар Дж. ван Хофф пен С. Пройшофттың күлімсіреу мен
күлкінің әлеуметтік қызметтеріне арналған, еріннің пішіні мен орналасуының
маңызды рөлдерін көрсетіп берді, күлімсіреудің негізгі түрлерін орындау
кезіндегі ашылған ауыз бен ақсиған тістің қажеттілігін ұқтырды [4].
Симптоматикалық эмблема-күлкілер эмоция және олардың
беттегі көрінісі бойынша мықты маман, атақты психолог П. Экман мен
оның әріптестерінің көптеген еңбектеріне арқау болды. Олар жоғарыда
аталып көрсетілген басқа да ғалымдардың еңбектері сияқты антропология,
психология және физиология аймағында жатыр, бірақ лингвистика
аймағында емес [5].
Коммуникативті эмблема-күлкілер негізінен олардың интерактивті
және әлеуметтік қызметтерімен байланыста зерттелді. Осылайша, Краут,
Джонстон 1979 жылғы аталған еңбектерінде қуаныш сезімі мен оның күлкі
түріндегі көрініс арасындағы әуестік арақатынасты зерттеді. Авторлар табиғи
өмірлік жағдай – мекемелерде басқа адамдармен кездесу, театрларда және
басқа да қоғамдық орындарда адамдармен жүздесу, стадионда немесе спорт
аренасында сүйікті команданы қарсы алу және т.б. жағдайлар барысындағы
адамдардың мінез-құлықтарына бақылау жасады, олар қуаныш немесе бақыт
сезімінің ұйытқысы болып табылады, яғни ойын кезінде сәтті соққы жасаса
немесе сүйікті жанкүйерлік танытып жүрген команда гол соқса, сол кезде
қуаныш пен бақыттың тасқыны ойнап, адамға күлкі немесе күлімсіреу сезімін
сыйлайды. Бірақ жымиыстар коммуникативтік өзара байланыстар кезінде
әрқашан адамдардың жолсерігі бола білген, мәселен, таныс адамдарды
кездестіру кезінде, бір команданың жанкүйерімен қуанышты бөлісу кезінде
шаттыққа бөлену т.б. Мұндай күлімсіреулер кездесуден алған әсерді
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
178
179
білдіруге арналған ишаралар ретінде қарастырылады, олар алаңда болып
жатқан жағдайларды басқаларымен бөлісуге бағытталуы да мүмкін. Бірақ
осы кезде бір нәрсе түсініксіз болып қалады, бұл тек қана қуаныш күлкісі
ғана болып қала береді ме? Р. Краут пен Р. Джонстон бақыланып отырған
адамдарға зерттеліп отырған жағдай бірдей ме деген мәселеге жауап таба
алмағандықтарын жазады [3, 1551 б.]. Олардың барлығы қуаныш сезімдерін
бастарынан кешірді деген күннің өзінде, футбол немесе басқа ойындардағы
есептің әртүрлілігі олардың сезімдеріне әрқалай әсер етулер мүмкін.
Адамның эмоциясы және эмоционалдық мінез-құлқы аймағына қатысты
соңғы онжылдықтағы танымал эксперименттік зерттеулердің бірі Фернандес-
Долс, Руиз-Белданың мақаласында көрініс тапқан [6]. Онда Испаниядағы
жаздық Олимпиада ойындарында жеңіске қол жеткізген 22 спортшының
(14 әйел және 8 еркек) оларды алтын алқалармен марапаттау кезіндегі
бейвербалды мимикалық мінез-құлықтарының анализінің нәтижелері
сипатталған. Авторларды чемпиондардың жүздеріндегі күлімсіреу сезімдері
қызықтырған. Алдымен, бұл жеңімпаздар өздерінің толағай табыстарына
масаттанып, мимика арқылы сезімдерін сыртқа шығарады, ол, ең алдымен,
күлімсіреу сезімі арқылы көрініс табады деген болжам жасалған болатын.
Бірақ барлығы дәл сол жорамалдағыдай бола қоймады.
Марапаттау кезінде мінез-құлықтың үш кезеңі белгіленіп алынды
немесе бұларды эмоционалдық жағдайдың үш сатысы деп бағалауға негіз
бар – спортшылардың тұғыр алдындағы көңіл-күйлері (күту жағдайы),
марапаттау кезінде тұғырға шығуы (ресми адамдармен және бұқарамен өзара
коммуникативті байланыс жағдайы) және тұғырдан түсу және оны көтеріп
әкетудің алдында тумен бірге тұру және ұлттық әнұранның орындалуы
(алдыңғы күшті эмоционалдық кернеуден арылудың коммуникативті емес
жағдайы). Біз үшін маңыздысы авторлар келген қорытынды: (1) жеңістен
келген қуаныш пен бақыт күлкі түріне өзінен-өзі айналған жоқ; олар басынан
кешірген эмоциялар адамдардың жүздерінде күлкі сезімдері пайда болуы
үшін жеткіліксіз. Көптеген спортшылардың жүздерінде күлкі тек екінші
кезеңде ғана туындаған, оның ішінде де коммуникативтік өзара байланыс
жағдайында ғана пайда болған; (2) бірінші және үшінші кезеңде көпшілігі
тіпті де қуаныш және бақыт сезімдерін бастан кешіре алмаған немесе саналы
түрде оларды жасырған, өйткені көптеген жеңімпаздардың жүздерінде бұл
жағдайда күлкі сезімі байқалмаған (бірінші кезеңде тек 22 адамның төртеуінің
ғана күлгені байқалған, ал үшінші кезеңде бірде-біреуі күлмеген); (3) қуаныш
эмоциясының прототиптік көрінісі коммуникативтік және әлеуметтік
тапсырмалармен тікелей байланысты болып келеді.
Басқаша айтқанда, бастан кешіріп жатқан сезімдерді білдірудің
бейвербалды құралы ретіндегі күлкімен қатар басты түрде, адамдардың
коммуникативтік өзара байланысымен қатысты әлеуметтік сарындар тұрады.
Әртүрлі ишаралық тілдер және мәдениеттер тарапынан күлкіні зерттеу
күлкінің симптоматикалық қызметі когнитивті болып табылатынын көрсетеді
– «ол бір нәрсені ойлау» және эмоционалды аспект – «бұл күлімдеушіге
жағымды бір нәрсе», күлкі арқылы басты түрде коммуникативтік және
әлеуметтік құрамдастар түзіле бастайды, біздің көз жеткізгеніміз де осы.
Аталған тұжырымды, қысқаша айтқанда, нақты тиянақты тұжырым
ретінде емес, алдын ала жасалған болжам ретінде ғана қарастыру қажет.
Өйткені күлімсіреу-ишараларының лингвистикалық талдауы енді ғана
басталып келеді; әлі күнге дейін ол кинесика және лингвистика аймағындағы
негізгі желінің жағында қалып келеді. А. Вежбицкаяның бет-әлпетінің
семантикалық талдауы, жекелей алғанда, күлімсіреу-ишараларының
семантикалық инварианттарын іздестіру бойынша еңбектерінен басқа,
күлімсіреудің шынайы қолданылатын ишаралармен арақатынастары,
олардың инварианттары туралы күлімсіреу-ишараларының семиотикалық
талдаулары туралы бірде-бір еңбектер жоқ [7].
А. Вежбицкая зерттеулерінің қатарында күлімсіреу сөзіне түсіндірме
береді. Ол бұл үшін, ең алдымен, күлімсіреу ишара ретінде тұтас және
біртұтас нәрсе ретінде қарастырылады, ол бірліктер сыныбы емес, тек бір
ғана бірлік дейді. Осылайша, ғалым өзінің монографиясында бетінде былай
деп ой қорытқан: (күлімсіреу полисемантикалық бірлік болып табылмайды
(оның жекелеген мәндерінің тіркелген жиынтығы болмайды) және контекстен
тәуелсіз қалыптасқан мәндік инвариантқа ие болып табылады)». Және
әрі қарай жалғастырады: (яғни жалпақ тілмен айтқанда, ауыз бұрыштары
көтеріңкі болатын бет бұлшықетінің конфигурациясы, сонымен қатар
мұндай конфигурация діттеген жеріне жететін қозғалысты) келесі түрде
тұжырымдауға болады: «мен қазір бір жақсы нәрсені сезініп тұрмын» [7].
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Белл, Ч. Visible speech: The science of universal alphabetics. – London :
Simkin, 1844.
2 Блертон-Джоунз. Non-verbal communication in children. – 1972. – P. 271-296.
3 Краут, Джонстон. Social and emotional messages of smiling: an
ethological approach. 1979.
4 Пройшофт, Хофф. The social function of «smile» and «laughter»:
variation across primate species and societies. – 1997. – P. 171-190.
5 Экман П. Emotion in the human fase. – 1982.
6 Фернандес-Долс, Руиз Белда. Are smiles a sign of happiness? Gold-
medal winners at the Olympic games. – 1995.
7 Вежбицкая А. Emotion and facial expression: A semantic perspective.
– 1995. – с. 227-258.
Вестник ПГУ, ISSN: 1811-1823. Серия филологическая. №1. 2016
ПМУ Хабаршысы
180
181
06.01.16 баспаға түсті.
С. Магжан
Достарыңызбен бөлісу: |