Зерттеу нәтижелері
Картоп таяқшасының сандық және сапалық өзгерісін анықтау үшін Цесна
ұнының 1-ші сортынан қамыр дайындалды. Тәжірибе үлгісіне 8% шамамен
қышқылдылығы 24
о
С Lbm.casei 27KS, 34KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA
штамдарынан жасалған ашытқы қосылды. Оның метилен көгін қалыпқа келтіруіне
байланысты ферментативтік активтілігі 25 – 30 минут. Ашытқының 1г-да 2-3 млрд.
шамасында торша бары анықталды.
Бақылау үлгісіндегі қамырдың ашу ұзақтығы 5–5,5 сағатқа,
қышқылдылығы 2,0–2,4
о
, ал ашытқыны қосқанда осыған сәйкес қышқылдылық 3–
3,3
о
болса қамырдың ашып көтерілу ұзақтығы 3,5 сағатқа созылды. Ашытқының
Lbm.casei 27KS, 34KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарының тіршілігіне
әсерін картоп таяқшасының санының өзгерісі арқылы анықталды. Ол үшін
ашытылған қамырдан, ыстық және 1-тәуліктік наннан сынақ үлгісі алынып, ет
пептонды агарға отырғызылды. Нәтижелері төменде 1-кестеде көрсетілген.
1 кесте - Әр түрлі субстраттағы B.mesentericus саны (БТШ/г).
B.mesentericus-тің
культурасы бөлініп
алынған субстраттар
B.mesentericus-тің торша саны (БТШ/г)
Ашытқысыз
(бақылау)
Ашытқы қосқанда
(тәжірибе)
Ұн (B.mesentericus-1К)
Қамыр (B.mesentericus-2К)
Ыстық нан (B.mesentericus-3К)
1 тәуліктік нан B.mesentericus
2х10
2
= 0,1
4х10
7
= 0,3
4х10
2
= 0,2
3х10
3
= 0,3
2х10
1
= 0,2
4х10
3
= 0,1
3х10
1
= 0,1
2х10
1
= 0,3
Ашытқы қоспаған жағдайда торшасының саны ашыған қамырда ұнға
қарағанда 5 дәрежеге жоғары. Ашытқы қосқан жағдайда қамырда споралы
бактерия 1 грамдағы бірлік түзуші шоғыр санының (БТШ/г) 4х10
7
дәрежесінен
4х10
3
дәрежесіне дейін азайғандығы анықталды.
B.mesentericus пісірілген нанда жоғары температураға байланысты саны
кеміді. Нанды термостатта ылғал ортада 24 сағаттан кейін ауырып, B.mesentericus
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
124
саны 3х10
3
(БТШ/г) болды. Ал тәжірибе вариантында бақылау вариантына
қарағанда 100 сағат бойы картоп ауруымен ауырмағаны және споралы бактерия
санының көбеймегені байқалды.
Сүт қышқылы бактериялары әсерінен болатын жоғары қышқылдылық
споралы бактериялардың өсуіне кедергі келтіретіні және картоп ауруын тежейтіні
байқалды [6].
Ашытқы қосқанда қамырдың бастапқы қышқылдылығы 0,9-дан 1,4
о
С-қа дейін
жоғарылады.
Ұннан, қамырдан, наннан бөлініп алынған B.mesentericus – 1К, 2К, 3К
культурасына Lbm.casei 27KS, 34KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA
штамдарының антибиотикалық әсерінің нәтижесі 2-ші кестеде көрсетілген:
2 кесте – Сүт қышқылы бактериялары штамдарының B.mesentericus-қа антагонистік
әсері
B.mesentericus
культурасының
бөлініп алынған жерлері
Сүт қышқылы штамдарының
B.mesentericus өсу аймағын тежеу
диаметрі (мм)
27 KS
67MCA
47MCA
34KS
Ұн (B.mesentericus-1К)
Қамыр (B.mesentericus-2К)
1 тәуліктік нан (B.mesentericus-
3К)
11
10
10
10
13
11
11
13
14
20
19
17
Lbm.casei 27KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA - штамдарына қарағанда
B.mesentericus-тің өсуін тежеу аймағы Lbm.casei 34KS штамын қолданғанда 7-12 мм-
ге артық екені байқалды.
Сөйтіп, мезофильді сүт қышқылы бактериялары Lbm.casei 27KS, Lac.lactis
subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарының B.mesentericus торшаларының өсуінің
едәуір тежелетіні байқалды. Мұны B.mesentericus колониясының кешеуілдеп аз
мөлшерде өсуінен, микроб-антагонистерге сезімталдығынан, сол секілді ашыған
қамырдағы торша санының азаюынан көруге болады.
Нанды пісіруде жоғары температура нәтижесінде сүт қышқылы бактериясы
B.mesentericus торшаcына әсер етіп, оны толықтай дерлік жояды. Сақталып қалған
санаулы споралы бактериялар нанда көбеймейді және ауру тудырмайды.
Келесі
тәжірибеде
ұнның
өздігінен
өздігінен
пайда
болатын
микрофлорасының әсерін жою үшін сүт қышқылы бактериясының таза
культурасының антагонизм қасиетінің динамикасы зерттелді. Сүт қышқылы
бактериясының таза культуралары Lbm.casei 27KS, 34KS, Lac.lactis subsp.lactis
47MCA, 67MCA штамдарының ұннан бөлініп алынған B.mesentericus 1К, 2К, 3К
бактериясына әсері зерттелді.
Сүт қышқылы бактериялары сүт гидролизатында 48 сағат бойы өсірілді.
B.mesentericus культурасының биомассасы ет-пептонды сорпаны (ЕПС) 4 :1-ге
қатысындай мөлшерде бірнеше пробиркаға құйып дайындалды. Ұндағы көмірсу мен
белок мөлшері 60 және 15%-ке сәйкес. Әрбір пробиркаға 3 мл сұйық қоректік
орта қоспасы құйылып, оған 1мл (750 млн. торшасы бар) сүт қышқылы
бактериясын егеді. Бірінші пробиркаға 1мл B.mesentericus (100 млрд. торша)
сұйылтпасын қосады, ал қалғанына сәйкес сұйылтпаны қосады. Әр пробиркадағы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
125
қоректік орта мөлшері 5 мл. 1 мл қышқылы бактерияларының мөлшері 150 млн.
торша шамасында, ол қамырға 7% сүт қышқылы ашытқысын қосқанға сәйкес.
Бірінші пробиркада B.mesentericus-тың 20 млрд. торшасы болса, ал әрбір
қалғандарында - 10 еседен аз боп келеді. Бақылау варианты ретінде сүт қышқылы
бактериясын қоспаған сұйылтпаны қолданады. 5 сағат бойы 37
о
С-та өсірілді.
Қышқылдылық 1,8-2,2
о
С болса, рН 5,5-5,6.
B.mesentericus-ке пісіру температурасының әсерін білу үшін культурасы бар
пробиркалар 95
о
С-та 50 минут бойы қыздырылды. Сонан соң сұйылтпаны ет
пептонды агарға тіршілігін жоймаған торшаның санын анықтау үшін отырғызылды.
Сұйылтпа қоспасын 5 сағаттан соң және қыздырғаннан кейін
қышқылдылығын, рН-ын, сезімталдығының өзгерісін және қыздырғаннан кейінгі
колонияның пайда болу жағдайы анықталды.
Торша саны Ет пептонды агарға себу арқылы саналды. Тірі қалған
торшалардың сезімталдығын анықтау үшін колонияның пайда болу жылдамдығы
және ойыс әдісі қолданылды.
Антагонист микробы ретінде, 3 тәулік бойы сүт гидролизатында өсірілген,
қышқылдылығы 13.5
о
С, рН – 3,2.
Тәжірибе кезіндегі B.mesentericus-ке Lbm.casei 27KS, 34KS, Lac.lactis
subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарын 5 сағат бойы өсіруден, қыздырғаннан және 24
сағат термостатқа қойғаннан кейінгі антагонистік әсері 3-ші кестеде көрсетілген.
3 кесте - B.mesentericus-ке сүт қышқылы бактерияларының антагонистік әсері
Бақылау
варианты
Тәжірибе варианттары
МСА27 МСА67
27KS
34KS
5 сағат өсіргеннен кейін
1мл-дегі B.mesentericus-тің
торша санына (БТШ/г)
6х10
2
3х10
2
4х10
2
6х10
2
2х10
1
Колониялардың пайда болу
ұзақтығы (сағ)
15
24
26
27
38
Өсуді тежеу аймағы, мм
16
30
42
50
58
қыздырғаннан кейін
1мл-дегі B.mesentericus
торша саны (БТШ/г)
2,6х10
2
4х10
1
3х10
2
1х10
1
-
B.mesentericus
Колонияларының пайда болу
ұзақтығы (сағ)
37
43
41
40
49
24 сағат өсіргеннен кейін
1 мл-дегі B.mesentericus
торша саны (БТШ/г)
9х10
6
4х10
5
8х10
4
3х10
5
6х10
2
B.mesentericus
Колонияларының
пайда
болуы (сағ)
11
21
23
28
32
3-ші кестедегі сүт қышқылы бактерияларының Lbm.casei 27KS, 34KS,
Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарының B.mesentericus-ке антагонистік
әсеріне келер болсақ, бақылау вариантында тәжірибе вариантына қарағанда
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
126
споралы бактерия саны 5 сағатқа культивирленген соң да, қыздырғаннан кейін де 1-
2 дәрежеге жоғары болса, 24 сағат бойы культивирленгеннен кейін бақылау
вариантында 9х10
6
дәрежесінде споралы бактерия сақталса, Lbm.casei 27KS,
Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарын ашытқыға қолданғанда 8х10
4
-
4х10
5
дәрежесінде болса, Lbm.casei 34KS штамында 6х10
2
дәрежесінде картоп
таяқшасы сақталғандығы байқалды.
Сүт қышқылы бактерияларының антагонистік әсері B.mesentericus
культурасының санының азаюымен бірге, споралы бактериялар колонияларының
дамуының тежелуіне де байланысты.
B.mesentericus колониясының пайда болуы ет пептонды агарда 5 сағат
культивирленгенде бақылау вариантында
1)
15 сағат
2)
қыздырғаннан кейін 38 сағат,
3)
24 сағат культивирленгенде 11 сағат болса, сүт қышқылы бактерияларын
қолданғанда
1)
24–38 сағат
2)
37–49 сағат
3)
21–32 сағат
аралығында болатыны анықталды. Сүт қышқылы бактерияларының ішінде ең тиімді
нәтиже көрсеткені Lbm.casei 34KS штаммы.
Сонымен, сүт қышқылы бактерияларының картоп ауруын тудыратын
B.mesentericus-ке тигізетін әсерін зерттей отырып, картоп таяқшасын қамыр
дайындау кезінде тежеуге болатыны анықталды.
Мұны микроб-антагонист сүт қышқылы бактерияларының B.mesentericus
активтілігін төмендету, физиологиялық тіршілігін жоймаған микроорганизмдердің
сезімталдығының әлсіретуінен байқалған болатын. Қамыр ашытуда қолданған сүт
қышқылы бактериялары піскен нанда сақталмайды, ыстық температураға төзбей
өліп қалады.
Lbm.casei 27KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA штамдарына қарағанда
Lbm.casei-34KS штамын нан пісіруде қолдану тиімді екені анықталды.
Әдебиеттер тізімі
1
Spicher G. Die microflora des Sauerteiges: XXII. MitteUnterauch. und Forsch. - 1989.-
43. No.1. - P. 15-18.
2
Spicher G., Zur N. Frage der Bewertung von Sauerteig-Starter culturen, Sauerteigen
in Trocenform und sauerteighal tigen Fertigmehlen bzw. Fertigmehlkonzentraten anhand
mikrobiologischer Kenndaten. 5.Mitteilung. Verhalten der Mikroflora von starterkulturen
wahrend der Langerung //Getreibe Mehl und Brot. - 1987.- No.4. – P. 300-303.
3
Жубанова А.А., Дудикова Г.Н., Г.Ж.Абдиева. «Изучение контаминированности
зерна пшеницы из различных регионов Казахстана и других стран». Вестник КазГУ.
Серия биологическая. – Алматы, 2001.- №1.
4
Гриневич А.Г., Заборских Е.И., Каган Я.Р., Сергеева И.Я. Некоторые
протеолитические и антагонистические свойства местных штаммов мезофильных
молочнокислых стрептококков //В кн. Биология микроорганизмов и их
использование в народном хозяйстве. – Иркутск, 1976. – С. 103–119.
5
Мавлани М.И., Дмитриева Т.С. Бактерии-возбудители инфекции хлебопекарного
производства //Узбекск. биологич. журнал. – 1978. - №5 – С. 15-18.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
127
6
Ратникова И., Гаврилова Н., Толеген Ж. Изучение антибиотического комплекса
культуры Streptococcus lactis //Поиск. – Алматы, 2001. – №2. - С. 50 – 54.
Резюме
В статье даны результаты исследований антагонизма культур
молочнокислых бактерий (Lbm.casei 27KS, Lac.lactissubsp.lactis 47MCA, 67MCA,
Lbm.casei-34KS) к штаммам B.mesentericus при приготовлении хлеба из муки
первого сорта. Авторы пришли к выводу, что для выпечки хлеба из культур
молочнокислых бактерий наиболее перспективным оказался штамм Lbm.casei-34KS.
Summary
The article presents the results of studies antagonism of cultures of lactic acid
bacteria (Lbm.casei 27KS, Lac.lactis subsp.lactis 47MCA, 67MCA, Lbm.casei-34KS) to
B.mesentericus strains in the baking of bread from flour of first grade. The authors
concluded that from cultures of lactic acid bacteria strain proved to be the most
promising Lbm.casei-34KS for baking bread.
Қабылданған күні 18.11.2015 ж
ӘОЖ 543.26+551.509.328
Р.А. Даулбаева, Г.Б. Тулемисова
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212
E-mail: tulemisova62@mail.ru
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ АУАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН КӨПЖЫЛДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІН
ТАЛДАУ
Аңдатпа
Мақалада Атырау қаласының қоршаған орта компоненттерінің сапасын ұзақ
мерзімді мониторингтік зерттеу нәтижелерін талдау, атмосфераға ластаушы заттар
шығарындылар көздерінің сипаттамасы, стационарлық көздердің шығарындыларын
есепке алу туралы айтылады. Қаланың ауасының ластануына ірі өндіріс
орындарының қосатын үлесі анықталған.
Негізгі сөздер:
Атмосфералық ауа, қоршаған орта, тұрғындар денсаулығы, лас-
таушы заттар, ауа мониторингісі, өнеркәсіп орындары, бақылау станциялары
2011 жылы Республикалық ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы атмосфералық
ауаны қорғауға байланысты ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының» тапсырысы:
«Қоршаған ортаға және тұрғындар денсаулығына Атырау мұнай өңдеу зауыты және
басқа да өнеркәсіптік орындарының әсері туралы кешенді ғылыми-зерттеу»
тақырыбымен екінші кезеңдік жұмысбойынша қалалық қоршаған ортаны кешенді
меңгеру үшін экологиялық зерттеулер жасалған болатын. Олардың қатарына
жатқандар: Атырау қаласының қоршаған орта компоненттері сапасын ұзақ мерзімді
мониторингтік зерттеу нәтижелерін талдау, атмосфераға ластаушы заттар
шығарындылар көздерінің сипаттамасы, стационарлық көздердің шығарындыларын
есепке алу, толық ауқымды құрылымын тексеру және көлік ағынының
қарқындылығы, аспаптық әдістерді және математикалық модельдеу әдістерін
пайдалана отырып, Атырау қаласында ауаның ластану деңгейін зерттеу. Сонымен
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
128
қатар, ақпараттық жүйенің құрылымдық сұлбасы жасақталды. Ол ақпаратты жинау,
деректер базасын жасау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және ластану деңгейі туралы
ақпаратты пайдаланушының өтініші бойынша карталық формада, кестелер,
графиктер мен мәтін түрінде берілген.
РМК «Казгидромет» мәліметтері бойынша соңғы бес жыл ішінде Атырау қаласы ауа
бассейінде орташа жылдық Атмосфераның ластану индексі (АЛИ) 5 көрсеткіші
айтарлықтай артуы тіркелген (2 есе артық) Сонымен қатар, АЛИ 5 көрсеткіші
көктемгі, жазғы кездің маусым, шілде айларында ластаушы заттардың шамасының
өсуі байқалады, ең аз мәні қыс айларында орын алады. Мұндай өзгеріс түрлі
себептерге байланысты болуы мүмкін (желдің жылдамдығы, шаңды дауыл,
температура, өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыс жұмыстарының жазғы кезде өсуі).
Бұл одан әрі қосымша зерттеулерді талап етеді. 2010 жылы елді мекендер бойынша
атмосфералық беткі қабаттағы радиациялық гамма фонның орташа көрсеткіші
табиғи фонды мәнінен артық емес және 2009 жылмен салыстырғанда, радиациялық
фонның деңгейі айтарлықтай өзгерген жоқ.
Атырау қаласында орналасқан (SMKV) ККО Аджиптің автоматты ауаның
сапасын бақылау станцияларының бақылау қорытындысы бойынша 2010 жылы
қалалық атмосфераның беттік қабатындағы күкіртті сутегінің көрсеткіші
стандартты көрсеткіштерден кездейсоқ артуы байқалады. Қалалық атмосфераның
беттік қабатындағы азот диоксидінің көрсеткіші барлық автоматты станциялардың
өлшемі негізінде артуы байқалады, тек «Химпоселок», «Жилгородок» и
«Телекоммуникациондық
башня»
аймақтарында
орналасқан
автоматтық
станцияларын қоспағанда. Көрсеткіштің асып кетуі «Привокзальный» және
«Шағала» аймақтарындағы станцияларда байқалады. Зерттеу кезінде күкірт
диоксиді және көміртегі оксидінің көрсеткіші барлық автоматтық станцияларда
нормативтік параметрлер шегінде болды.
Атмосфералық ауадағы меркаптандар мен көмірсутектердің үлгілерін
зертханалық талдау арқылы жүзеге асыратын ЖШС «Ғылыми-талдау орталығы»
мәліметтері, олардың белгіленген стандартты көрсеткіштен артуы байқалмағанын
көрсетті. Кейде, «Шағала» (№103), «Восток» (№109), «Привокзальный» (№110),
«Әкімдік» (№112), «Авангард» (№113) және «Загородная» (№114) станциялар
маңында меркаптандар көрсеткіші ШРКм.р мәнінен сәл артуы байқалады. Сондай-
ақ, полиароматты көмірсутектердің (нафталин, фенантрен, антрацен және
бенз(а)пирен) әлсін-әлсін артық болуы байқалды.
ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының» автоматты станциялары ауа
мониторингісіне зерттеу кезінде, елді мекендер үшін белгіленген санитарлық-
гигеналық нормадан шекті шоғырлану концентрациясы барлық ластаушы
заттардың максималды бір реттік және орташа тәуліктік концентрациясы (ШРК)
артық еместігі анықталды. Алайда, ЖШС «АМӨЗ» мен ККО Аджиптің «Химпоселок»
районында орналасқан автоматты станцияларының деректерін салыстырғанда,
тамыз - қазан айларындағы алынғанкөрсеткіштерде елеулі айырмашылықтар бар
екенін көрсетті. Демек, аспаптармен жабдықталған станцияларды мұқият тексеру
мен атмосфералық ауаның жер беттілік қабатындағы ластаушы заттарға ұзақ
мерзімді бақылау жүргізу қажеттігі туындайды.
Экологиялық мониторинг саласындағы аккредиттелген мекемелердің ЖШС
«Мониторинг», КГКП «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талдама зертханасы»,
«Қазақ ғылыми –зерттеу геологиялық барлау мұнай институты», ЖШС
«Атыраугидрогеология», көпжылдық зерттеулері бойынша, 2006-2010 жылдар
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
129
кезеңінде, қалалық атмосфераның жер беттілік қабатындағы көмірсутектер, азот
диоксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутек, өлшенген қатты бөлшектер
концентрациялары бақылау жүргізілетін аймақтарда (АМӨЗ өнеркәсібінің алаңдары
аймағындағы қалалық ауа бассейінің негізгі ластаушы көздерінен жел жағында
орналасқан) қолайлы шегінде және белгіленген санитарлық-гигиеналық
талаптардан аспайтынын көрсетеді.
ЖШС «АМӨЗ» мен басқа да өнеркәсіп орындарының қоршаған ортаға және
Атырау қаласының тұрғындары денсаулығына тигізетін әсерлерін зерттеу
шеңберінде орталық қызметкерлерімен қала ауасының ластану деңгейін бағалау
үшін жұмыстар жүргізілді, атап айтсақ, басқаларын қосқанда, тұрақты
(стационарлық) көздерден атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын есепке
алу қамтылды.
Ауа шығарындыларын есепке алу Атырау қаласының ірі табиғи ресурстарын
пайдаланушыларды қамтыды, олардан ластанудың жалпы көлемі 95% асады
немесе жылына 26 991,3 тонна. Онда шығарындылардың жалпы көлемінің жылына
11 440,13 тоннасын (42,4%) Атырау мұнай құбырлары басқармасы АО
«КазТрансОйл» шығарындылары, жылына 6572,98 тонна (24,35%) шығарындылар
ЖШС «АМӨЗ» және жылына 5193,89 тонна (19,24%) – ЖШС «Атырау жылу электр
орталығы» құрайды. Есепке алу атмосфераны ластаушы 832 негізгі көздерді
қамтыды. Олар қалада немесе шекараға жақын территорияларда орналасқан 46 ең
ірі мекемелерге тиесілі.
Есепке алу кезінде Атырау қаласындағы мекемелердің атмосфераға
шығарып жатқан ластаушы заттары барлығы негізге алынды: тек 95 ингредиент, 22
топтық әсер, шаңның да әсерін қосқанда. Қаладағы өнеркәсіп орындарының барлық
ластаушы заттарды шығаруына қарай қауіптік класын 4-ке бөледі: 8 зат-1 қауіптік
класс, 22 - 2-ші класс, 22 - 3-ші класс, 15 - 4-ші классқа жатады.
Шығарындылардың жалпы көлемінің ең көп ластаушы түрлерге: көмірсутегі
С1-С5 және С6-С10 (43,4% және 17,2%), көміртегі тотығы (17,54%), азот диоксиді
(9,45%), күкірт диоксиді (7,85%).
Ең көп С1-С5 көмірсутегін шығарып отырған Атырау мұнай құбырлары
басқармасы АО «КазТрансОйл» (68,7%), ЖШС «АМӨЗ» (22,79%); С6-С10
көмірсутегін Атырау мұнай құбырлары басқармасы АО «КазТрансОйл» (68,62%),
ЖШС «АМӨЗ» (28,17%); көміртегі тотығын - ЖШС «Атырау жылу электр орталығы»
(46,08%), КТК (19,57%), азот диоксидін - ЖШС «Атырау жылу электр орталығы»
(73,2%); күкірт диоксидін – ЖШС «АМӨЗ» (52,54%), ал ЖШС «Атырау жылу электр
орталығы» (39,58%).
Бұдан басқа көлік ағынының құрылымы мен қарқындылығына толық
ауқымды зерттеу жүргізіліп, қорытындысы бойынша тәулік ішінде көлік ағыны
қарқындылығының өзгерісіне баға беріп және жол қиылысындағы көшелерде көлік
ағыны құрамының кеңістіктік өзгерістеріне талдау жүргізілді. Толық ауқымды түрде
құрылымын зерттеу мен көлік ағыны қарқындылығын төрт «қарбалас сағатқа»
бөлінді, ең алдымен бастапқы және соңғы жұмыс уақыты, оған қоса түскі үзілісте
кіреді, сонымен бірге қаладағы көлік жолдарындағы, қиылыстарындағы қозғалыс
қарқындылығы анықталды. Қалада көбіне Азаттық даңғылы (қаланың орталық
бөлігі, орталық көпірден Әуезова көшесіне дейін), Абай көшесі орталық көпір мен
Канцева көшесі қиылысында (бұл жер учаскесі Сатпаева көшесінің жалғасы,
бұларды Жайық өзені бөліп тұр) және Сатпаева көшесі (көпір мен Владимирский
көшесінің қиылысында). Осы жер учаскілерінде атмосфераға автокөліктерден
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
130
ластаушы заттар көп бөлінетіні байқалады. Қаланың орталығынан қашықтаған
сайын қозғалыс біршама азаяды.
Жалпы,
автокөліктерге
жүргізілген
зерттеулер
бойынша,
Атырау
қаласындағы көшелер мен қиылыстарда сағат ішінде 4000 бірлікке дейін баратын
автокөліктердің ұзақ кептелісі қалыптасады. Әрине, бұған себеп салыстырмалы
түрде қалада 5 көпірдің болуы, жүк тасымалдарының жаңа қарқынды құрылысы, бұл
автокөлік шығарындыларының айтарлықтай қысқаруына және қалалық қоршаған
ортаға теріс әсерді азайтуға әкеледі.
Сонымен, зерттеулер негізінде соңғы 5 жылда қалада кеңінен жүргізілген
жұмыстар бойынша көлік ағынын қаланың орталық бөлігінен азайту мен жолдағы
кептеліс мәселелері соңына дейін шешілген жоқ. Бұл ең алдымен, зерттеулер
жүргізілген уақытта жолдарды кеңейту жұмыстары аяқталған жоқ, Жайық өзені
арқылы өтетін көпірлерге, ірі кеңселер орналасқан жерлерге, қаладағы бизнес
орталық шеңберіндегі білім беру мекемелеріне баратын жолдар және де осыған қоса
қалада автокөліктер санының қарқынды ұлғаюымен байланысты болды. Атырау
қаласы
атмосфералық
ауасының
ластану деңгейінің
негізін
зерттеуде
математикалық модельдеуді пайдалана отырып, ластаушы заттардың нәтижелерін
жылжымалы және стационарлық көздерге жеке-жеке анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |