Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
1
1996 жылдан бастап шығады
Основан в 1996 году
ISSN 2077-0197
Куәлік №3631-Ж
Свидетельство №3631-Ж
№ 4(39), Желтоқсан, 2015
№ 4(39), Декабрь, 2015
ISSN 2077-0197
Жылына 4 рет шығады
Выходит 4 раза в год
Ғылыми журнал
Халел Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
ХАБАРШЫСЫ
ВЕСТНИК
Атырауского государственного университета
имени Халела Досмухамедова
Научный журнал
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
2
Атырау
Х.Досмұхамедов
атындағы
АтМУ баспасы
Атырау
Издательство АтГУ
имени
Х. Досмухамедова
Редакциялық-баспа кеңесі ● Редакционно-издательский совет
Бас редакторы • Главный редактор
Мамраев Б.Б. - филология ғылымдарының докторы, профессор
Бас редактор орынбасары • Заместитель главного редактора
Жаутиков Б.А. - техника ғылымдарының докторы, профессор
Жауапты хатшы • Ответственный секретарь
Сүндетұлы Қ. – тарих ғылымдарының кандидаты
Редакциялық алқа • Редакционная коллегия
Гуманитарлық сериясы бойынша
Серия гуманитарных наук
- Таңатарова Ж.Т. - тарих ғылымдарының докторы
- Ахмет А.Қ. - тарих ғылымдарының докторы
- Барсай Б.Т. - педагогика ғылымдарының докторы
- Кольцов П.М. - тарих ғылымдарының докторы (Ресей)
- DrAbraham Altonayan
– PhD (Ұлыбритания)
- Бекмаханова Н.Е. - тарих ғылымдарының докторы (Ресей)
- Мухамбетжанова А.У. - педагогика ғылымдарының докторы
- Аманжолова Д.А. - тарих ғылымдарының докторы (Ресей)
- Любичанковский С.В. - тарих ғылымдарының докторы (Ресей)
- Жүсіп Қ.Ө. - филология ғылымдарының докторы
- Орлова Л.В. – социология ғылымдарының докторы (Ресей)
- Балтогаева Ж.Е. – филология ғылымдарының кандидаты
- Хайржанова А.Х. - филология ғылымдарының кандидаты
Жаратылыстану сериясы бойынша
Серия естественных наук
- Тырков А.Г. - химия ғылымдарының докторы (Ресей)
- Кенжегулов Б.З. - техника ғылымдарының докторы
- Шамбилова Г.К. - химия ғылымдарының докторы
- Ганбаров Х.Г. - биология ғылымдарының докторы (Азербайджан)
- Насиров Р.Н. - химия ғылымдарының докторы
- Таубаев Б.Ж.- ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы
- Сағындықова С.З. - биология ғылымдарының докторы
- Sally Cutler - PhD (Ұлыбритания)
- Дүйсеғалиев М.Ж. - ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы
- Каражигитова Т.А. - педагогика ғылымдарының докторы
- Есенаманова М.С. - техника ғылымдарының кандидаты
- Головко Н.В. - педагогика ғылымдарының кандидаты (Украина)
- Махатова В.Е. – техника ғылымдарының кандидаты
© Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова, 2015
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
3
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР
ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНО-ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ
УДК 334
Б.Б. Мамраев
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова
Республика Казахстан, 060011, г.Атырау, пр.Студенческий, 212
В СИСТЕМЕ КООРДИНАТ ОЭСР
Оценивая пройденный за годы независимости путь, мы вправе гордиться
достигнутым, но не имеем права останавливаться.
В Послании народу Казахстана Президент Нурсултан Назарбаев еще раз
акцентировал внимание на беспрекословном исполнении государством своих со-
циальных обязательств. Повышение зарплат работникам сферы здравоохранения и
образования – одно из них. Несомненно, такая поддержка вызывает чувство
благодарности, но вместе с тем повышает ответственность врачей и
преподавателей перед обществом.
Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова в своем
современном статусе находится с 1994 года. Образно говоря, мы вместе со страной
прошли практически весь путь становления независимости. В канун праздничной
даты хотелось бы заострить внимание на роли вузов в устойчивом развитии
государства.
Достижения дня сегодняшнего не были бы возможны без обозначенных два
десятилетия назад потенциальных точек роста. Система образования претерпела
колоссальные изменения, не всегда безболезненные, без чего в принципе
невозможно обновление. Важно, что был принят комплексный план преображения,
который включал высокие цели, достижение которых гарантировало стремительное
движение вперед, будь то реализованные президентские программы по
строительству детских садов и школ, модернизация систем среднего, специального
и высшего образования, а также изменение подходов к функционированию высшей
научной школы. Программами, нацеленными в будущее, стали президентская
стипендия «Болашак» и задача по интеграции в международное образовательное
пространство.
Как известно, Казахстан первым из стран Центрально-Азиатского региона
присоединился к Болонскому процессу, определившему основной вектор
модернизации. К слову, специалисты комиссии Организации экономического
сотрудничества и развития (ОЭСР) посетили Атырауский государственный
университет имени Х.Досмухамедова. В рамках полевых исследований эксперты
ОЭСР обратили внимание на такие вопросы, как доступ к высшему образованию,
качество и соответствие потребностям рынка труда, управление и финансирование,
а также интеграция образования, науки и инноваций и интернационализация. Эти
исследования ведутся в рамках проекта «Обзор политики в области высшего
образования». Эксперты ОЭСР свободно общались со студентами, профессурой и
сотрудниками университета, отметили, что АГУ имени Х.Досмухамедова открыт
социуму.
Актуальная задача, которую предстоит решить на пути в европейскую
образовательную среду, – освоение иностранных языков. Что мы для этого делаем?
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
4
Преподаватели вуза прошли обучение в вузах Британии и сегодня ведут такие
дисциплины, как экология, химия, биология, информатика и математика на
английском языке. Завтра наши выпускники-учителя будут преподавать в Назарбаев
Интеллектуальной школе химико-биологического направления. Это одно из
подтверждений того, что Государственная программа развития системы
образования до 2020 года – действенный документ.
Важным импульсом дальнейшего развития стали визиты Главы государства
Нурсултана Назарбаева в Великобританию и Францию, в ходе которых, в частности,
представители образовательных ведомств обсудили вопросы взаимодействия. Наш
вуз подписал договоры о сотрудничестве с четырьмя университетами Британии и
Франции.
На форуме казахстанских и французских университетов мной была озвучена
проблема реализации научной деятельности в высшей школе. В докладе
«Университетская наука: реализация исследовательских амбиций или путь к
устойчивому развитию» было заострено внимание на роли университета в
обществе, которая неимоверно возросла. С течением времени формы обучения
менялись, трансформировались, приобретая наиболее отвечающие требованиям
времени очертания.
Сегодня человек должен уметь сам добывать необходимые знания. Но для
этого нужно знать методологию и методику, цели и задачи науки, в чем ему должен
помочь сориентироваться именно профессор высшей школы. Сегодня мы готовим не
просто молодых специалистов, мы готовим будущих работодателей. Открывая
предприятия в сфере малого и среднего бизнеса, они будут создавать рабочие
места. Вот как изменилась роль высшего образования. То есть, научив человека
добывать знания, мы научим его добывать себе хлеб.
Приведу
в
пример
сотрудничество
с
региональной
палатой
предпринимателей, совместно с которой на базе университета отрыта школа
предпринимателей. Состоялось открытие HR-клуба, проект которого реализован
совместно с KIMEP. Для внедрения практических методов в процесс обучения и
развития научно-исследовательской деятельности у нас также создана учебно-
криминалистическая лаборатория. Современное оборудование позволяет проводить
ряд исследований: дактилоскопические, трассологические, одорологические и
габитоскопические – с использованием компьютерной программы «Фоторобот».
В свете Болонского процесса возрастает роль менеджмента в казахстанских
вузах. От этого зависит, насколько гладко пройдет процесс интеграции в мировую
науку. К примеру, тесное сотрудничество нашего вуза с Калмыцким
государственным университетом дало результат: федеральное министерство
образования решило профинансировать реализацию проекта «Международная
академическая мобильность». Если раньше только мы направляли своих
магистрантов к ним, то теперь состоится полноценный обмен студентами,
магистрантами и преподавателями.
Другая важная задача – увеличение доли финансирования университетской
науки бизнесом. Сделать это можно за счет коммерческих научных исследований.
Например, мы можем проводить анализ воды по четырем параметрам в
токсикологической лаборатории. Сегодня у нас действует три учебно-
исследовательских научных центра по биотехнологиям, экологии, археологии, а
также лаборатории – по социологическим исследованиям, педагогике и психологии,
метрологии. То есть нам есть что предложить рынку. В связи с этим актуальным
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
5
становится развитие университетской науки, которая могла бы приносить
стабильный доход и повысить конкурентоспособность вуза.
В интересах коммерциализации нашей деятельности нужно дать
возможность сконцентрироваться на научной работе и ее практических аспектах
прежде всего тем, кто реально разрабатывает новые направления, в частности, в
естественно-научном секторе. Изменения в мире происходят слишком быстро, мы
должны успевать соответствовать духу и требованиям времени. Настало время
повысить рентабельность университетской науки и изменить систему менеджмента
университетов. Решение этих взаимосвязанных задач позволит усилить роль вузов в
устойчивом развитии государства.
Дата приема 05.12.2015 г
ӘОЖ 94(47)
С.Құсниденов
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212
САЯСИ БОЛЖАМДАУ
Аңдатпа
Мақалада саяси болжамдау проблемасына анықтама оның обьектісі, мәні,
типтері, түрлері, кезеңдері, маңызы, элементтеріне түсінік беріледі.
Негізгі сөздер:
саясат, стратегия, тактика, болжамдау, саяси болжау, бағдарлама,
бағдар, жоспарлау, жобалау.
КІРІСПЕ
Қоғамды, адамды, мемлекетті басқару үшін олардың болашағын болжай білу
керек. Саяси іс қимылдың стратегиясы мен тактикасын анықтау, саяси
болжамдаусыз мүмкін емес. Саяси болжамдаудың нәтижесінде саяси жүйенің, оның
элеметтерінің даму бағыттары анықталып, ондағы өзгерістердің қай бағытта, қашан
орындалатындығы көрсетіледі. Олай болса саяси болжамдау даму үшін керек.
Сондықтын саяси болжамдаудың теориялық және практикалық мәні бар.
Мақала осындай актуальді мәселені талдауға арналған.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адамзат тарихында болжамдаудың екі түрі белгілі. Біріншісі - ешбір ғылымға
негізделмеген жеке адамдардың қиялынан туған, қияли болжамдау. Екіншісі-қоғам
дамуының өткенін ескере отырып болашақ даму мүмкіншіліктерін жан-жақты
қарастырған-ғылыми болжамдау.
Мысалы, қияли социализмнің өкілдері: Т. Мордың, Т. Кампанелланың, Сен-
Симонның, Ш. Фурьенің, Р. Оуэннің болжамдарын - біріншісіне жатқызуға болады.
Маркстың, Лениннің, Назарбаевтың т.б. саяси болжамдарын екіншісіне жатқызуға
болады. Қалай болғанда да саяси тәжірибеде болжамдаудың үлкен маңызы бар
екенін көреміз. Кез-келген болжам адамдарды алға ұмтылдырады. Сол межеге
жетуге талаптандырады.
Мысалы, халықтар ғасырлар бойы коммунизм орнайды деп, әсіресе Кеңес
халқы, Н.С. Хрущевтың жеке алған бір елде коммунизм болады деген желікпе
сөзінен үлкен үміт күтті. Болған қиыншылықтарды уақытша деп есептеді. Бірақ 80-і
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
6
жылдардың аяғында күткен коммунизімі орнаған жоқ, елімізде социализмнің өзі
жойылып, Одақ тарады, оның орнына тәуелсіз мемлекеттер пайда болды, оларда
дағдарыс қалыптасты. М.С.Горбачевтың қайта құруынан ештеңе шыққан жоқ. Оның
тоталитарлық жүйе туралы «әрі қарай бұлайша өмір сүруге болмайды» дегені дұрыс
еді, бірақ «қалай өмір сүру керек?» деген мәселені көрсете алмады. Содан абдырау
басталды, ел тығырыққа тірелді. Екінші сөзбен айтқанда Горбачевтың қайта құруы
демократиялық демагогия болып шықты. Антикоммунизм өкілі А. Ципконың сөзімен
айтқанда: «демократиялық» демагогия «коммунистік» демагогиядан қаупі кем емес
[1]. Осындай жағдайда Қазақстанның Президенті «2030 Стратегисын» ұсынды. Онда
саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуымыздың негізгі бағыттары көрсетіліп,
2030 ж. бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жету межесі алға міндет етіп қойылды.
Әрине бұл стратегияны қиял деушілер де табылды. Бірақ бұл межеге біз мезгілінен
бұрын жеттік. Өмір бұл меженің қиял емес, ғылымға негізделгенін көрсетті. Бұл
стратегияның ғылыми болжамдау екендігі дәлелденді. Қазір «2050 Стратегиясы»
қабылданып, соны іске асыру мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Онда бәсекеге
қабілетті 30 елдің қатарына жету міндеттері қойылған. Ол міндеттердің
орындалатынына да мен шүбә келтірмеймін. Себебі ондағы көрсетілген межелер
аспаннан алынған емес, ел дамуының материялдық, ресурстық, қаржылық т.б.
шынайы мүмкіншіліктерден туындаған.
Саяси болжамның орындалуы немесе орындалмауы көптеген объективтік
және субъективтік жағдайларға байланысты.
Саяси болжам жалпы болжам ретінде – білімнің барынша қиын берілетін
түрі. Себебі осы білімнің нысаны, әдеттегідей, әзірге орын алмаған оқиға немесе
құбылыс болып табылатындығымен байланысты. Орын алған құбылысты, оқиғаны,
процесті сипаттау мен түсіндіру анағұрлым оңай екендігі түсінікті. Ал болмаған
оқиғалар туралы саясаткер болашақта болатын нәрсені егжей-тегжейіне дейін
болжап біле алмайды. Бірақ мұны саяси процестің қозғалысына, бағытына қарай
жасауға болады. Саяси басшы қатардағы адамдардан өзінің көрегенділігімен, қоғам
дамуының
тенденцияларын,
бағыттарын
байқағыштығымен,
қабылданған
шешімдердің қандай нәтижеге жеткізетін болжамдаушылығымен ерекшеленеді.
Сондай басшылардың болжамдары ғана табысқа жеткізеді. Жалпы алғанда ғылыми
болжам жасауда мистикалық ешнәрсе жоқ, ол бізді қызықтыратын құбылыстардың,
процестердің, мәні туралы және олардың онан арғы дамуының тенденциялары
туралы белгілі болған білімдерге негізделген белгісіздік туралы білім болып
табылады.
Саяси болжамдаудың өзіндік негіздері бар. Олар: онтологиялық,
гнеосологиялық және психологиялық негіздер [2].
Онтологиялық дегеніміз - болжанатын құбылыстар мен процестердің
өзгерістерінің барлық жиынтығы емес, олардың заңдылықтарын, даму
тенденциясын, негізгі себептерін зерттеу болып табылады.
Гнеосологиялық негізі - сананың болжаушылық қызметінде. Адамның
деңгейінде басып озушы білім табиғи және қоғамдық процестерден асып түсу
қабілеті ретінде, сондай-ақ өзінің қызметінің нәтижелері мен оны алға қойған
мақсаттарына сәйкес жоспарлау ретінде көрінеді. Осыған байланысты болжам
болашақтың идеалды гипотетикалық ықтимал үлгісі болып табылады.
Саяси болжам жоспарлаумен, жобалаумен, басқарумен, шешім қабылдаумен
тікелей байланысты.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
7
Саяси болжамдау - саяси іс-қимылдың ел дамуының негізгі бағытының, оның
стратегия мен тактикасының негізгі жобасы. Кез-келген саяси бағдарлама саяси
институттардың,партиялардың, қоғамдық ұйымдардың жұмыстарының жинақталған
болжамдарынан тұрады. Бағдарламаның ғылыми және практикалық құндылығы,
ондағы болжамның дұрыстығымен, шындыққа сәйкес келуімен анықталады.
Егер бағдарлама шындыққа сәйкес келмейтін утопиялық ойларға негізделсе,
ондай бағдарлама орындалмайды.
Әрине, болашақты болжауға негізделген кез-келген жобада тек шындық
көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар болашақ қоғам өмірін, оның әр салаларын
болжау арқылы қарастырылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда онда қиялдың
элементтері болады. Бірақ оның болуы жобаны жағымсыз бағалауға негіз бола
алмайды.
Болжамдау - белгілі бір зерттеудің әдістемелік және ғылыми әдісіне сүйенген
көпжақты үрдіс. Ол әдістерге: жүйелік талдау, салыстырмалы, статистикалық,
социологиялық т.б. әдістер жатады.
Болжам жасау үрдісі түрлі кезеңдермен сипатталады: объектіні анықтау,
зерттеудің мақсатын, әдістерін белгілеу,объектінің өзгеруіне әсер ететін
материалдарды жинау, нормативтік болжам, болжам моделінің дұрыстығын
бағалау,шешім қабылдауға ұсыныстар беру т.б. [3].
Жасалған болжам көп функциялды болып есептеледі. Алдымен оның
эвристикалық мүмкіншіліктері болады: саяси шешімнің жаңа жолдары мен
мақсаттарын ашады, саяси іс-қимылдың жаңа варианттары мен моделдерін
іздестіреді, шығармашылық ойларға бастайды т.б.
Саяси болжам бұрын белгісіз теңденцияларды, резервтерді, мүмкіншіліктерді
көрсеткендіктен оның жүйелік-талдаушылық функциясы болады. Себебі болжамның
дұрыс-бұрыстығы қоғамның саяси жүйесіне, оның институттарына,саясаттың
субъектілерінің жұмысының тиімділігіне т.б. әсер етеді.
Саяси болжамдау - бұл саяси жүйенің мүмкін жағдайы мен оның жекелеген
элементтері туралы, өткені мен қазіргісі туралы белгілі болған білімдердің негізінде
болашақтағы саяси жағдай мен саясат туралы, сондай-ақ оларға қол жеткізудің
ықтимал жолдары мен мерзімдері туралы ғылыми түрде негізделген пайымдау.
Саяси болжамдаудың объектісі, пәні, мақсаты болады. Оның объектісі
(нысаны)-саясат, ал, пәні-саяси оқиғалардың, құбылыстардың, үрдістердің болуы
мүмкін жағдайларын тану болып табылады. Соған байланысты, болжамдау ішкі
саяси және сыртқы саяси болжамдау болып бөлінеді. Ішкі саяси болжамдау, бір
жағынан, нақты саяси оқиғаларды бағалаумен, екінші жағынан, қоғамның саяси
институттарының өзінің қызметіндегі саяси процестерді бағалаумен байланысты ішкі
саясаттың барлық саласын қамтиды.
Сыртқы саяси болжамдау халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат
сапасына, жағдайына, оның даму тенденциясы мен факторларын бағалауға қатысты
болады. Мұнда ең алдымен, мемлекеттердің қарым-қатынасына басты назар
аударылады.
Саяси болжамдауда қоғам дамуының объективті заңдарын ашу, ондағы
басым тенденцияларды көрсету жеткіліксіз, бұл объективті жағдайлар, субъективтік
жағдайлармен толықтырылады немесе жоққа шығарылады.
Саяси болжамдауда көбінесе субъект объективтік даму заңдылықтарын
басшылыққа алады, соған байланысты іс-әрекет жасайды. Бірақ саяси іс-әрекет
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 4(39), 2015
8
әрдайым белгілі бір дәрежеде субъективті сипатта болады және көбіне объективті
қажеттілікпен толықтай сай келе бермейді.
Саяси болжамдаудың алдарына қойған мақсатына қарай бірнеше типтері
болады. Олар: бейтарап, конструктивті, нормативті, ізденушілік, өзін-өзі
ұйымдастырушы (жағымды), жағымсыз, өзгермелі, дәлелді, толықтық, қашықтық,
ішкі және сыртқы болжамдау. Алдын-алу мерзімі бойынша болжамдау: шапщаң,
оперативті, қысқа мерзімді, орта мерзімді,ұзақ мерзімді және алыс мерзімді болып
бөлінеді. Әрине бір мақаланың көлемінде бұлардың әр қайсысына тоқталуға
мүмкіншілік жоқ. Сондықтан оладың кейбіреуіне тоқталуды жөн көрдік.
Мысалы, саяси болжамдаудың проблемалық мақсатты болжамдау,яғни
ізденушілік және нормативті болжамдаулар. Ізденушілік болжам-бұл болашақтағы
кейбір саяси құбылыс,процесс,оқиғаның болуы мүмкін жағдайын анықтау.
Нормативті болжам-бұл берілген нормалардың,мұраттардың,мақсаттардың
негізінде саяси болжамдау нысанының қалаулы жағдайына жетудің жолдары мен
құралдарын анықтау.
Мысалы, КСРО-дағы тоталитарлық жүйе кезінде алға қойған мақсатқа
жетудің проблемалары мен құралдарын анықтауға мүмкіндік болмады. Саяси
болжамдар жасау партия органдарының авантюристік шешімдері арқылы жасалды.
Сондықтан саяси болжамдар орындалмады, аяқсыз қалды. Оның дәлелі жеке алған
бір елде коммунизмнің орнайтындығы, кемелденген социализмнің қалыптасқандағы,
ұлт мәселесінің шешілгендігі, біртұтас Кеңес халқының қалыптасқандығы т.б.
тұжырымдамалары.
Достарыңызбен бөлісу: |