Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазақстан  экономикасының  дамуындағы  басым  міндеттердің  бірі  ғылыми 
және  жоғары  технологиялық  өндірісті  құру  болып  табылады.  Осы  мақсаттың 
еліміздің  индустриалды  -  инновациялық  даму  бағдарламасында  басты  орынға 
қойылуы, технологиялар - даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның 
өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.  
Қазақстанның  технологиялық  дамуының  қазіргі  деңгейі,  көп  жағдайда 
осының  алдындағы  КСРО  құрамында  дамығандығымен  және  тәуелсіздікті  алғаннан 
кейінгі  алғашқы  онжылдықтағы  экономиканың  дағдарысты  күшімен  анықталады. 
Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс 
түрлері  бойынша  аяқтаушы  циклдың  жоқтығына,  өндірістің  негізінен  ескірген 
техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған 
және  жекелеген  дамушы  елдердің  деңгейінен  артта  қалуына  алып  келді  және осы 
ретте  технологиялық  әртектілігімен  сипатталынады.  Тәуелсіз  Қазақстанның  өмір 
сүруінің  алғашқы  он  жылындағы  міндетін,  жалпы  мағынада,  нарықтық 
экономиканың  институционалдық  негізін  орнату  стратегиясы  ретінде  сипаттауға 
болады. 
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі 
жолын  көрсетеді.  Оның  біріншісі  шетелден  алдыңғы  қатардағы  технологиялар  мен 
ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту.  
Көрсетілген  міндеттер  инновациялық  жобаларды  басқару  тетіктері, 
венчурлық,  лизингтік  және  франчайзингтік  компаниялардың  инновациялық  іс-
әрекеттерін жетілдіру жұмыстарына ұсыныстар айқындалды. 
  
Әдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  -2030»  стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2014 жыл, 12 желтоқсан //http:www.akorda.kz/ 
2  «2003-2015  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының  индустриялық- 
инновациялық даму Стратегиясы». 
3 Абдреймова А.Н. Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму 
жолындағы жобалық менеджменттің алатын орны Астана, 2010 ж. 
4 ҚР статистика агенттігінің (www.stat.gov.kz) деректері 
5  Шамрай  Ю.Инновации  и  повышение  конкурентоссобности  национальной 
экономики: современный подход  Проблемы теории и практики управления.- 2009.- 
№2. - С. 67-74. 
6  Қазақстан  Республикасы  Статистика  агентігінің  өнеркәсіп  көрсеткіштері.// 
http:stat.kz/digital/Pages/drfault.aspx 
 
Резюме 
 
В  статье  показано,  что  главными  предпосылками  перехода  к  экономике 
инноваций  является   развитие  человеческого  капитала  и  инноваций,  повышение 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
204 
 
уровня  деловой  среды  и  высокого  уровня  конкурентоспособности  на  изменчивом 
рынке. 
Summary 
 
The  main  preconditions  for  the  transition  to  the  innovation  economy  is  the 
development of human capital and innovations, improving the business environment and 
a high level of competitiveness in a changing market. 
Қабылданған күні 05.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 343 
Э.И. Куккузова, Н.А. Қобдабаева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті,  
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
el_07@mail.ru
 
 
АСА ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ 
 
Аңдатпа 
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы 
қорғалады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  II  бөлімі  осы  мәселеге 
тікелей  арналған.  Конституцияның  1-бабында  «ең  қымбат  қазына  -  адам  және 
адамның  өмірі,  кұқықтары  мен  бостандықтары»,  -  деп  жарияланған.  Осыған  орай, 
Қазақстан  Республикасындағы  барлық  құқық  салалары,  оның  ішінде  Қылмыстық  
құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының 
Кылмыстық  кодексінің  2-бабында  адам  мен  азаматтың  кұқықтары,  бостандықтары 
мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. 
Адам өлтіру, 
соның ішінде аса қатыгездік тәсілімен адам өлтіру сұрағын қарастырғалы отырмыз.  
Негізгі  сөздер: 
қылмыс,  құқықбұзушылық,  адам  өмірі,  бостандығы,  адам  өлтіру, 
аса қатыгездік, санкция, бап, кодекс. 
   
КІРІСПЕ 
Адам өміріне қарсы қылмыстың қылмыстық жазалануы және оның алдын алу 
Римдік  құқықтан  өзінің  бастауын  алады,  адам  өмірін  абайсызда  қию  жөнінде  сөз 
болмай, бір жағынан бұзақылық, адамды улау туралы, және көптеген қылмыстарды 
ашып көрсетіп   кеткен. 
Адам  өлтіру  –  қылмыс  жасалғаннан  кейін  қылмысты  қарау  кезінде 
қиыншылықтар тудыратын қылмыс.  
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Мақсатымыз  жеке  адамдарға  қарсы  қылмыстық  бұзушылықты    қарастыра 
отырып,  адам  өміріне  қарсы,  соның  ішінде  аса  қатыгездікпен  адам  өлтіру  
қылмыстық  құқық  бұзушылығын  қарастыру,  маңызын  ашып  жан-жақты  зерттеу 
болып табылады.  
Қазақ ССР-нің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық   
анықтамасы  берілмеген  еді.  Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  Қылмыстық 
кодексінде  тұңғыш  рет  адам  өлтірудің  заңдық  түсінігі  берілген.  2014  жылғы 
Қылмыстық кодексінде «Кісі  өлтіру, яғни  басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» 
деп Қылмыстық  кодекстің 99-бабында тура көрсетілген. Адам өмірі нәрестенің туған 
сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
205 
 
өкпесінің  жұмыс  істеген  уақытынан  басталады.  Бұл  құбылыс  нәрестенің  алғашқы 
айқынынан,  дыбыс  беруінен  басталады.  Өлім  адам  өмірінің  соңғы  сәті  болып 
табылады.  Өлім  клиникалық  және  биологиялық  болып  екіге  бөлінеді.  Тыныс  алуы 
мен  қанның айналысы  тоқтағаннан  кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім 
сатысы  басталады.  Адам  денесінің    салқындауына    байланысты    бұл    кезең    10  
немесе  одан  да  көбірек  минутқа созылады.  Өлудің  соңғы кезеңі – биологиялық  
өлім,  орталық  нерв  жүйесі  қызметінің  істен  шығуына  байланысты  мидың  өлуі 
басталады.  Адамның  басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға 
жалғасқанымен,  мидің  өлуі  адам  өмірінің  соңғы  сәті – биологиялық  өлім [1]. 
Қазақстан Республикасында Жаңа қылмыстық кодексі бойынша өмірге қарсы 
қылмыстарға мыналар жатады: 
Адам өлтіру қылмыстық кодекстің 99-бабында; жаңа туған сәбиді анасының 
өлтіруі  бұл  қылмыстың  кодексінің  100-бабында;  жан  күйзелісі  жағдайында  болған 
адам  өлтіру  қылмыстық  кодексінің  101-бабында;  қажетті  қорғаныс  шегінің  шығу 
кезінде  жасалған  кісі  өлтіру  қылмыстық  кодексі  102-бабында;  қылмыс  жасаған 
адамды ұстау үшін қажетті шараларды шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қылмыстық 
кодекстің  100-бабында;  абайсызда  кісі  өлтіру  104-бабында;  өзін  өзі  өлтіруге  дейін 
жеткізу қылмыстық кодекстің 105-бабында орын алған. 
Адам өлтіру жеке адамға қарсы қылмыстың ең ауыры, қылмыстық кодексінің                  
99- бабының 1-бөлігі, адам өлтіру дегеніміз: басқа адамға құқыққа қарсы қасақана 
қаза келтіруде анықтама береді. Адам өлтіру обьектісі – адамның өмірі, ол адамның 
азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне, жасына, әлеуметтік жағдайына, 
немен  айналысатына  байланысты  денсаулық  ахуалына,  біліміне  байланысты  емес. 
Қылмыстық заң жәбірлеушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруде, оның келісімімен 
қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады [2]. 
Қылмыстың объективтік жағы: Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де 
жасалуы  мүмкін.  Адам  өмірімен  күш  қолданып  жарақаттау, тұншықтыру уландыру, 
тағы басқа, психикалық ықпал жасап та қорқытып үрейлендіріп, жалған жала жабу, 
осыдан айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз - өлімге араша 
тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы 
өлтіру  тәсілдері  әртүрлі  кейбір  жағдайларда  тәсіл  адам  өлтірудің  сараланған  түрін 
құрайды. 
Қылмыстың  субъективтік  жағы  кінәнің  қасақана  жасалуымен  сипатталады. 
Республиканың  жаңа  Қылмыстық  кодексі  бойынша  абайсызда  адам  өліміне  алып 
келген  іс-әрекет  адам  өлтіруге  жатпайды,  адам  өміріне  қарсы  жасалған  басқа 
қылмыстарға жатады. 
Адам  өлтірудің  субъектісі:  жасы  14-толған  есі  дұрыс  адам  жатады.  Адам 
өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады. 
Сот  практикасы  адам  өлтірудің  бұл  түріне  төбелестің  және  жанжалдың,  өш  алу, 
қызғану  сезімдерінің  нәтижесінде,  сондай-ақ  жәбірленушінің  өтініші  бойынша  оған 
жаны  ашып  жасаған  іс-әрекетті  жатқызады.  Адам  өлтірудің  50%  -  тен  астамы 
Қылмыстық  кодекстің  99-бабының  1-бөлімі  бойынша  сараланады,  сондықтан  оның 
неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне тоқталып кетейік. 
 
Аса қатыгездікті мынадай мән-жайлар сипаттап береді: 
 
- Өлтіру тәсілі, жәбірленушінің денесіне көптеген жарақат салу, көму, ас-су 
бермеу, уландырып, қинау, қышқылмен күйдіру тағы басқа сол сияқты. 
 
- Өлтірер алдында немесе өлтіргенде садистік қылық көрсету: қинау, зорлау, 
жанын күйзелту. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
206 
 
 
- Жәбірленушінің жақындарының көзінше өлтіру, оларды күйзелту [3]. 
 
Аса  қатыгездікті  нысандары  болу  үшін  айыпкер  өлтірер  алдында  немесе 
өлтіріп жатқан кезде жәбірленушіні қинайды, жанын күйзелтеді, не алдын ала әдейі 
қинап өлтіреді. Қинап өлтіру бұл аса қатыгездіктің белгісі,  ол әрекетті Қылмыстық 
кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің д) тармағымен саралауға негіз болады. 
Бұған мысал ретінде, шынайы болған оқиғаны алып көрелік. 
2014 жылдың  қараша айында ОҚО, Шұбарсу ауылында қанды оқиға болды. 
Өзінің  3  жасар  туысқан  інісін  айуандықпен  өлтірген  20  жастағы  Евгений  Бойкоға 
қатысты  сот  үкімі  шықты.  Ол  жиенін  екі  күн  бойы  қинап,  азаптап  өлтірген.  Одан 
кейін  денені  айдалаға  апарып  көміп  тастайды.  Тергеу  барысында  анықталған  бұл 
қылмысты айыпталушы толық мойындады. 
Жалғызілікті  Евгений  Бойко  3  жасар  жиені  Максимді  Шымкентте  тұратын 
анасынан  бірнеше  күнге  сұрап  алып,  қала  сыртындағы  үйіне  алып  келіпті.  Бұған 
дейін  де  бірнеше  рет  осылайша  қыдырытуға  алып  кетіп  жүрген  інісінен  әпкесі  еш 
күдіктенбеген. Алайда бұл жолы жағдай қайғылы аяқталды. 
Тасбауыр  Евгений  әуелі  жиенінің  аяқ-қолын  сыммен  буып,  қинаған. 
Мұнысымен  қоймай,  шешіндіріп,  ыстық  пешке  отырғызып,  азаптаған.  Сот 
қылмыскерді  18  жылға  қатаң  режимдегі  түрмеге  қамау  туралы  үкім  шығарды  [4]. 
Бұл  жерде  қылмыс  айуандықпен  қинау  тәсілдерімен  жасалған.  Апасының  еш 
күдіктенбейтініне көз жеткізіп, бірнеше күнге сұрап алып, үйіне апарған. Бұл жерде 
қылмыс  құрамы  жағынан  күрделі  болып  келеді.  Жасы  кәмелетке  толмаған  балаға 
қарсы  қылмыс  жасалып,  аса  қатыгездікпен  адам  өлтіру  бабымен  қылмыстық  іс 
қозғалған. 
Жәбірленушіні оның жақындарының көз алдында өлтіру де аса қатыгездікке 
жатқызылған. Себебі, айыпкер өз әрекетімен жәбірленушінің жақыңдарына күйзеліс 
тудырады, олардын жанын ауыртады. 
Осындай  жағдайда  айыпкердің  субьективтік  қатынасы  жәбірленушіні 
өлтіруге  ғана  емес,  оның  өлтірілуіне  айғақ  болған  жақындарын  да  күйзелтуге 
бағытталған  тікелей  ниетпен  айқындалады.  Жақын  адамдарға  тек  туыстық 
қатынастағы адамдар ғана емес, басқадай қарым-қатынастар арқылы жақындасқан 
адамдар да жатады, некеге отырмаған ерлі зайыптылар, әлі үйленбеген қалындық 
пен күйеу бала, асырап алғандар, қамқорына алғандар тағы басқалары сияқты. Аса 
қатыгездікпен  өлтіргенде,  айыпкер  өзінің  іс-әрекетінде  аса  қатыгездік  сипат  бар 
екендігін  түсінуге,  соны  қалауға  немесе  оған  саналы  түрде  жол  беруге  тиіс. 
Жоғарыда  айтылғандай,  аса  қатыгездік  тек  обьективтік  әрекеттермен  ғана  емес, 
сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен де сипаталады. 
Аса  қатыгездік  жасаудың  себептері  әр  түрлі  болады:  кек,  қызғаныш,  бас 
пайда, тағы басқа, олар қылмысты  Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің ә) 
тармағы  бойынша  саралауға  әсер  етпейді.  Адам  өлтірудің  бұл  түрінде  айыпкердің 
нақты бір адамды өлтіруге тікелей ниет болғандығы. Басқа адамдарды өлтіру немесе 
олардың денсаулығына зақым келтіру жанама ниет болып саналады. Егер көптеген 
адамдардың  өміріне  қауіпті  тәсілмен  бір  адамды  өлтіру  көптеген  адамның  өліміне 
алып келсе, айыпкердің әрекетін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің а, е) 
тармағы  және  Қылмыстық  кодекстің  денсаулыққа  зақым  келтіргендік  үшін 
жауаптылық көзделген тиісті бабы бойынша сараланады [5]. 
Кез  келген  қылмыс  –  ауыр  қылмыс.  Бірақ  бұл  жағдайда  заң  аса 
қатыгездікпен өлтіруді көрсетіп отыр. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
207 
 
Жәбірленушіні  аса  қатыгездікпен  өлтіру  дегеніміз  –  айыптының  айуандық  
әрекеттерге  баруы,  адамгершілік  шегінен  шығуы. 
Қазақстан  Республикасының  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1994  жылғы                              
23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін 
жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында былай 
делінген: «Қасақана өлтіруді аса қатыгездікпен жасалған ретінде сипаттайтын мән-
жайларға  баға  бергенде  аса  қатыгездік  тек  объективтік  әрекеттермен  ғана  емес, 
сонымен  қатар  айыптының  өз  іс-әрекетіне  психикалық  қатынасымен  де 
сипатталатынын  ескеру  қажет» [3]. 
«Бұл  жағдайда  айыпкердің  субъективтік  қатынасы  жәбірленушіні  өлтіруге 
ғана емес, оның өлтірілуіне айғақ болған жақындарын да  күйзелтуге  бағытталған  
тікелей  ниетпен  сипатталады». 
Мұндайда соттар жәбірленушіні өлтірген кезде оның жақындарының болған 
–  болмағанын  анықтаумен  қатар,  ол  адамдардың  жәбірленушіге  жақын  екендігін 
айыптының білген – білмегендігін де анықтауы тиіс.  
Өзара  жақын  қатынастағы  бірнеше  адамды,  олардың  көздерінше  кезекпен 
өлтіру  де  аса  қатыгездікпен  өлтіру  деп  қаралады,  себебі  жақын  адамының  өлімін 
көргенде жәбірленушілердің әрқайсысы жан күйзелісіне ұшырайды [6]. 
Аса  қатыгездікпен  өлтіргенде  айыпкер  өзінің  іс-әрекетінде  аса  қатыгездік 
сипат бар екендігін түйсінуге, соны қалауға немесе оған  саналы түрде жол беруге 
тиіс. Жоғарыда аталғандай, аса қатыгездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, 
сонымен  қатар  айыпкердің  психикалық  қатынасымен  де  сипатталады.  Бірақ  «аса 
қатыгездік»  түсінігі  медициналық  емес,  құқықтық.  Адам  өлтірудің  бұл  саралушы 
нышанының  бар-жоғын қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға 
сүйене отырып тергеу және сот органдары анықтайды. Адам өлтірудің нақты тәсілін 
қолданғанда  жәбірленушінің  өлім  алдында  ерекше  күйзелісте  болған-болмағанын 
дәрігер – сарапшы анықтайды. 
Өлі  денені  жойып  жіберу  немесе  оны  мүшелеп  тастау  барлық    уақытта 
бірдей  қатыгездік  әрекетке  жата  бермейді.  Егер  мұндай    әрекет  қылмыстың  ізін 
жасыру  үшін  жасалса  немесе  адамды  оның  етін  жеу  үшін  өлтірсе  (каннабализм), 
онда  аса қатыгездіктің нышаны болмайды [7]. 
2014  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Жаңа  Қылмыстық  кодексі  –  бұл 
Қазақстандық  қылмыстық-құқықтық  доктринаның  және  заң  шығарушылықтың 
тәжірибесінің үлкен жетістігі болып табылады. 
Бұл  нормативтік  акті  Қазақстандық  қоғамның  жағдайын,  қылмыстылықтың 
беталыстары  мен  сипаттамаларын,  криминалистік  құбылыстардың  алдын  алуға 
барынша  құқықтық  алғышарттар  ұсыныстарын  ескереді.  Бірақ,  белгілі  болғандай, 
нақты  идеалды  заңдар  жоқ.  Бұл жағдайда  жаңа  Қылмыстық  кодекс тағы  да  соңғы 
болып  есептелмейді.  Онда  жетілдірілуге  жататын  белгілі  бір  пробелдер  бар, 
жетістіксіз  нормалар  да  кездесіп  қалады. 
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы нормалар жеке адамның игіліктерін, 
атап айтқанда, өмірін, денсаулығын, жеке адамның ар-намысын, еркіндігін және т.б. 
қорғауды  өзіне  мақсат  тұтады.  Мұнда  жеке  адамға  ғана  емес,  сонымен  қатар 
қоғамға да ең қымбат қазына болып табылатын игіліктердің жиынтығы туралы сөз 
болып  отыр.  Қылмыстық  кодекстің  маңызды  міндеттерінің  бірі  ретінде  адамның 
құқықтары  мен  бостандықтарын  қылмыстық  қол-сұғушылықтан  қорғау  танылған. 
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  Ерекше  бөлімінің  бірінші  тарауы 
«Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
208 
 
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінде заң шығарушы квалификациялық 
құрамдарды  құрастыру  кезінде  көптеген  бағалайтын  категориялар  санын 
қолданады.  Қылмыстық-құқықтық  теория  былай  деп  берілген:  квалификациялық 
құрамдардағы бағалау белгілері шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Өйткені, 
қылмыстық  жазалардың  дифференциясының  жағдайы  ретінде  қолданылатын, 
құрамды белгілер  қажет.   
Адам  өлтіру  негізінен  әрекет  арқылы  жүзеге  асырылады.  Адам  өлтірудің 
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің  оқпен атылатын және суық қарудың, өзге 
заттарды  пайдаланумен,  уландыру,  жарылыс  жасау,  басқа  да  әдістерді  қолдануы 
арқылы адам өмірінен айырылады.  
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында болуы мүмкін. Бұл негізінен 
мынадай  жағдайда  болуы  мүмкін.  Кінәлі  адам  біреуді  өмірден  айыру  мақсатымен 
өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған тікелей міндетті бола 
тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін туғызады және өлімге жолбереді. 
Республикамыздың бұл қылмысты, әсіресе ауырлататын жағдайда жасалған 
адам  өлтіргені  үшін  неғұрлым  қатаң  санкция  белгілесе  де,  біздің  ойымызша  ол 
жеткілікті  емес.  Осыған  орай  шығарылған  заңдар,  бұл  қылмысқа  орай 
ауырлататын  жағдайда  адам  өлтіру  әрекетін  дұрыс  саралау  үшін  қаулылар 
қабылданып,  студенттерге,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлеріне  адам 
өлтіру,  жалпы  адамзатқа  қарсы  қылмыстарды  дұрыс  түсініп,  саралауға,  заңи 
тұрғыдан бағалауға  үйрететін  әдебиеттер көптеп  шыққанымен оның ішінде біздің 
отандастырымыз шығарған әдебиеттер санаулы ғана. 
Көптеген  шет  мемлекеттерде  (Болгария,  Румыния,  Франция  және  т.б.) 
мұндай қылмыс түрі қылмыстық кодекстерінде жауаптылықты ауырлататын жағдай 
ретінде  енгізілген.  Тіптен  ғалым  Н.С.  Таганцевтің  ерте  замандағы  елдердің 
қасақана  адам  өлтіру  жайында  зерттеген  еңбектерінен  бұл  қылмыс  Египет, 
Үндістан,  Қытай,  Рим,  Иудей  елдерінің  заңнамаларында  ең  ауыр  қылмыс  деп 
танылғанын  білуге  болады.  Ата  –  анасын  өлтірген  адам,  басқа  адамды  өмірінен 
айыру  қолынан оңай келеді, бұл қоғамға  қауіпті  адам екендігін айқын көрсетеді. 
Сондай  –  ақ  кішкентай  балаларды,  оларды  періште  деп  те  атауға  болады,  бұл 
адам өлтіру мүлдем кешірімсіз әрекет деп санаймыз.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1
 
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы, 2000.  – 520 б. 
2
 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы, 2014.  
3
 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексіне  түсінік.-  Алматы:ЖШС 
«Баспа», 2001. – 704 б. 
4
 
 Бектаев Н. Жиенін айуандықпен өлтірген жігіт сотталды. [Электрондық ресурс]. 
2015.   
http://kz.otyrar.kz
 (01.07.2015).     
5
 
Рамазанов Н. Адам өлтіру //Егемен Қазақстан.- 2003. – 3 б. 
6   Сұлтанбеков Ғ. Адам өлтіру //Егемен Қазақстан. 12 мамыр 2001. – 10-13 бб. 
7   Алауханов Е. ҚР Қылмыстық құқығы. Оқулық. – Алматы, 2010. – 456 б. 
 
Резюме 
В  данной  статье  раскрываются  понятие  и  виды  преступлений  против  жизни 
человека. Особое внимание уделяется убийствам с особой жестокостью. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
209 
 
Summary 
This article describes the concept and types of crimes against human life.   The 
particular attention is paid to murder with special cruelty. 
Қабылданған күні 06.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 338.001.36 
 
Д.Б. Қабдиев, Э.М. Адиетова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті,  
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: Adiet_Elm79@mail.ru 
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ–ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ  
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 
 
Аңдатпа 
Индустриалды – инновациялық, экономикалық дамудың заманауи кезеңінде 
жалпы Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының басты 
ерекшелігі  –  өнім  сапасын  арттыру  және  отандық  өнеркәсіптік  өндірістің 
бәсекеқабілеттілігін арттыру айқындалады. 
Негізгі  сөздер: 
инновациялық  белсенділік,  ұлттық  инновациялық  жүйе, 
Дүниежүзілік  сауда  ұйымы,  экономикалық  даму,  ынтымақтастық  ұйым,  құрылыс 
индустриясы, стратегиялық бағдарлама. 
 
КІРІСПЕ 
Елде  дамыған  кәсіпкерлік  сектор  мен  қоғамның  инновацияларды  қабылдау 
мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары 
кіріс  әкелетіні  туралы  шетелдердің  тәжірибесінен  тұжырым  жасауға  болады.  Жаңа 
ғылыми  басылымдарға,  бұйымдарға,  технологияларға,  қызметтерге,  кадрлар 
біліктілігіне,  басқару  әдістеріне  шоғырландырылған  инновация  экономикалық 
дамыған  елдердің  бәрінде  де  бәсекеге  қабілеттіліктің  басты  факторы  болып 
табылады. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  инновациялық  белсенділік  деңгейі  4,3%-ды 
құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – 
шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды. 
Ресей  Федерациясымен  және  Беларусь  Республикасымен  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістіктің  құрылуына  байланысты  күшейіп  келе  жатқан  бәсеке, 
сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың 
келешектегі жолы – инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді. 
Қазақстан  мен  шетелдердің  ғылыми-технологиялық  және  инновациялық 
қызметін салыстырмалы түрде талдау елдегі инновацияларды қолдау мен енгізудің 
ұлттық жүйесі қалыптасу сатысында екенін көрсетті, әлемнің ұлттық инновациялық 
жүйелері  табысты  жұмыс  істеп  тұрған  алдыңғы  қатарлы  елдерінен  біршама  артта 
қалуымызды  сол  арқылы  түсіндіруге  болады.  Технологиялық  тұрғыдан  дамыған 
елдердің  көпшілігі  (АҚШ,  Еуропалық  одақ  елдері,  Оңтүстік  Корея  және  Жапония) 
ғылым  мен  инновациялар  саласындағы  көшбасшылыққа  бір  онжылдықта  ғана  қол 
жеткізе  қойған  жоқ  және  олардың  мейлінше  дәйекті  әрі  ұзақ  тарихы  бар.  Әдетте, 
әлемдегі  инновациялық  экономикалардың  қалыптаса  бастауын  Екінші  дүниежүзілік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
210 
 
соғыстан  кейінгі  кезеңге  жатқызады.  Осыған  байланысты  Қазақстанның 
осыншалықты қысқа уақыт аралығында инновациялық дамуының нәтижелерін қатаң 
бағалау мейлінше ұтымсыз болып саналады [1]. 
Қазіргі 
уақытта 
Қазақстан 
ресурсқа 
бағдарланған 
экономикадан 
инновациялық даму үлгісіндегі экономикаға көшудің бастапқы сатысында ғана тұр, 
оны шартты түрде 2 кезеңге бөлуге болады. 
І  кезең  2003  жылы  Индустриялық-инновациялық  даму  стратегиясы 
қабылданғанда басталды. Ұлттық инновациялық жүйенің институционалдық базасы 
мен  негізгі  элементтерінің  қалыптасуы  соның  нәтижесі  болып  табылады. 
       
ІІ  кезең  2010  жылы  Қазақстан  Республикасын  үдемелі  индустриялық-
инновациялық  дамыту  жөніндегі  2010–2014  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарлама  қабылданып,  инновациялық  экономиканы  жеделдетіп  құрудың 
экономикалық  бағдарымен  белгіленген.  Бұл  кезең  инновациялық  қызметті 
заңнамалық және қаржылық ынталандырудың күшеюімен сипатталады. 
Венчурлік  қорлар,  салалық  конструкторлық  бюролар  құру  жөніндегі  жұмыс 
жалғасуда,  коммерцияландыру кеңселері  ашылуда,  өңірлік технопарктерде  бизнес-
инкубациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет