Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

ҚОРЫТЫНДЫ 
    
Қазақстан  Республикасында  дипломатиялық  баспана  құқығы  институты 
жұмыс істемейді, яғни баспана құқығы тек қана жалпы тәртіпте жүзеге асырылады. 
Мысалы, жекелеп айтсақ, «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының 
заңына  сәйкес      (25  бап),  «шетелдіктерге  және  азаматтығы  жоқ  тұлғаларға 
Қазақстан  Республикасымен  саяси  баспана  беру  туралы  өтінішті  қанағаттандыру 
немесе  қабылдамай  тастау,  әрбір  нақты  жағдайда,  Қазақстан  Республикасының 
Президентімен  жүргізіледі».  Баспана  беру  ҚР  Президентінің  1996  жылғы  15 
шілдедегі  Жарлығына  сәйкес  және  ҚР  Сыртқы  Істер  Министрлігінің  1997  жылғы  3 
ақпандағы Ережесіне сәйкес жүргізіледі. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1
 
Босқындардың мәртебесі туралы Конвенция (Женева, 28 шілде 1951 ж.).  
2
 
Геноцидтік  қылмыстың  алдын  алу  және  сол  үшін  жаза  туралы  Конвенция  (9 
желтоқсан 1948 ж.) «Геноцидтік қылмыстың алдын алу және сол үшін жаза туралы 
Конвенцияға  Қазақстан  Республикасының  қосылуы  туралы»  ҚР  Заңы    29  маусым 
1998 жыл №244-1. 
3
 
Апартеидтің алдын алу және сол үшін жаза туралы Конвенция (30 қазан 1973 ж. ). 
4  Мамандандырылған  мекемелердің  артықшылықтары  мен  иммунитеттері  туралы 
БҰҰ Конвенциясы. 21 қараша 1947 ж. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
221 
 
5 Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық Конвенция
  
(Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.). 
6 Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция  (Рим,           
4  қараша  1950  ж.)  (өзг.  мен  тол.    21  қыркүйек  1970  ж.,  20  желтоқсан  1971 ж.,  1 
қаңтар 1990 ж., 6 қараша 1990 ж., 25 наурыз 1992 ж., 11 мамыр 1994 ж.). 
 
Резюме 
Статья  посвящена  осмыслению  международно-правовых проблем  беженцев 
для уточнения вопросов правового режима беженцев  и их правового статуса. 
 
Summary  
   
The article considers the international legal problems of refugees for clarification 
of the legal regime of refugees and their legal status. 
Қабылданған күні 09.11.2015 ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
222 
 
 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
 
 
ӘОЖ 37.018.12 
А.К. Месерова,  С.Қ. Нұрмұқашева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
nurmukasheva.s@mail.ru
 
 
АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР 
 
Андатпа 
Бұл  мақаладаата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  зерттеуші 
ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, бұл проблеманың психология ғылымында 
өзекті мәселе екенін көрсетіп, балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
әлеуметтік  жетім    тәрбиеленуші  балалармен  жұмыс  жүргізетін  психологтың  кейбір 
психологиялық жұмыстарының мазмұны баяндалады. 
Негізгі  сөздер: 
негативті,  эмоция,  агрессия,  арт-терапия,  тренинг,  психикалық 
қасиеттер, әдеуметтік жетімдер, коррекция, диагностика, делинквинті. 
 
 
КІРІСПЕ 
Соңғы  жылдары ата-ана  қомқорлығынсыз  қалған  балалар  саны  азайды  деп 
айтқанмен,  әліде  болса  олардың  бар  екені  жасырын  емес,  әсіресе  әлеуметтік 
жетімдер.  “Әлеуметтік  жетімдер”  дегеніміз  белгілі  бір  себептерге  байланысты  ата-
ана  құқығынан  айырылғандардың  балалары  және  тастанды  балалар.  Әлеуметтік 
жетімдер балалардың  ерекше категориясы болып саналады.  
Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы  Қазақстан 
Республикасының  2002  жылғы  8  тамыздағы  N  345  Заңындаата-анасының 
қамқорлығынсыз қалған бала  – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан 
айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды 
деп  жариялануына,  әрекетке  қабілетсіз  (әрекет  қабілеті  шектеулі)  деп  танылуына, 
ата-анасының  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  жазасын  өтеуіне,  ата- 
анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан 
жалтаруына,  оның  ішінде  ата-анасының  өз  баласын  тәрбиелеу  немесе  емдеу 
мекемелерінен  алудан  бас  тартуына  байланысты,  сондай-ақ  ата-анасы  қамқорлық 
жасамаған  өзге  де  жағдайларда  жалғызбасты  ата-анасының  немесе  екеуінің  де 
қамқорлығынсыз қалған бала деп көрсетілген [1]. 
Қазақстан  Республикасының  президенті Н.А.  Назарбаев «Қазақстан  жолы  - 
2050»  Мәңгілік  Ел  халыққа  жолдауында:  «Жетім  балалар  үйіндегі  тәрбиелініп 
жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық 
тәрбие» деп көрсеткен болатын [2].  
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  ұлттық  тәрбие  арқылы 
жеке  тұлға  ретінде  қалыптастырыпдамытуда  басты  мәселе  оларды  психологиялық 
тұрғыдан қамқорлыққа алу, әр баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп, олардың 
психикалық  ерекшеліктерін  ескеріп«тәрбиеші-мұғалім  мен  бала»,  «балалардың 
өзара» қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан реттеп, балалардың ұлттық сана 
сезімін, олардың бір-біріне деген бауырмалдық, жақсы көру, патриоттық сезімдерін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
223 
 
қалыптастыру  қажет әрі бұл психология ғылымының  көкейтесті мәселелерінің бірі 
болып отыр. Демек, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар психологтардың 
ең басты зерттеу нысаны болып, аталмыш балалардың  психикалық ерекшеліктерін 
ескере отырып, оларды жаңа отбасылық  өмірге дайындау қажет. 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Жетім  балаларды  зерттеуші  ғалым  І.Халитова  өзеңбегінде  ата-анасының 
қамқорлығынан айырылған балаларды «табиғи жетім» және «әлеуметтік жетім» деп 
бөліп олардың әрқайсына түсінік берген. Табиғи жетім әр түрлі себептермен әкесі не 
шешесі  қайтыс  болуы  салдарынан  олардың  бәрінің  қамқорлығынан  ада  болған 
балалар жатады. Бұдан басқа, тағы да сол табиғи себептермен әкесі мен шешесінен 
бірдей айырылған балаларды «тұлдыр жетім» деп, әкесі не шешесі қарамай тастап 
кеткен,  не  болмаса  заң  жолымен  ата-ана  құқығынан  ажыратылғаны  себепті 
мемлекет  қарауына  алынған  балаларды  «әлеуметтік  жетім»  дейді  [3].  Демек, 
ата-ананың  қамқорлығынан  тыс  қалған  балалардың  бір  тобы  «тұлдыр  жетімдер» 
болса, екіншісі «әлеуметтік жетімдер». 
Ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған«әлеуметтік  жетім»  балалар  бүгінде 
көбеймесе  олар  азамай  отыр.  Әкесі не шешесі  қарамай тастап кеткен,  не  болмаса 
заң  жолымен  ата-ана  құқығынан  ажыратылған  әлеуметтік  жетімдерді күнделікті өз 
тәжірибемізде  бақылаған  кезде,  оларда  рухани  және  адамгершілік  құндылықтар 
жеткіліксіз, тәртіптері қиын, әдептілік туралы түсініктері төмен, алкөп жағдайларда 
теріс.    Біздің  пікірімізше  бұндай  әлеуметтік  жетім  балалар  ата-ананың,  отбасының 
жылылық  сезімдерін  көрмегендер.  Мәселен,  бұндай  балаларға  тәнтеріспсихикалық 
қасиеттердің  бірі:  агрессия,  мінездегі  жат  қылықтар  немесе  делинквинтті  әректтер 
(қоғамға жат қылықтар жасауы) т.б.Олай болса балалар үйінде психологтың басты 
міндеттерінің  бірі  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды    жат 
қылықтардан  арылтып,  мінез-құлықтағы  агрессияны  жойып,  оларды  жаңа  ортаға, 
жанұяларға патронаттық тәрбиеге дайындау басты міндеттердің бірі. Балалар үйінің 
психологтары  тәрбиеленуші  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  әлеуметттік 
жетімдерді  жаңа  отбасылық  ортаға  дайындауда  балалардың  психикалық 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  олардың  мінез-құлқында  қалыптасып  қалған  жат 
қылықтардан арылту үшін алдымен олардың эмоционалдық көңіл-күйлерін анықтап 
барып  түзету  қажет.  Бұл  бағытта  біз  өз    тәжірейбемізде  балалардың  көңіл-күйін, 
сезімін, белсенділігін диагностикалауда С.А.Н,  М.Люшердің түрлі түсті тест әдістерін 
және Е.Уэссман  және Д. Рикстің эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалауәдістемесін 
пайдалана отырып анықтасақ, балалардың бойындағы  түрлі негативті мінез-құлық 
типін    айқындауда  эмоциялық  тестіні  өзгеде  методикаларды  пайдаланамыз
Зерттеудің  негізінде  балаларды  келеңсіз  психикалық  және  психологиялық 
жағдайлардан  арылту  мақсатында  түрлі  коррекциялық  жұмыстар  жүргізілуде. 
Мәселен,  жеткіншек  жастағы  тәрбиеленушілермен  жүргізілген  коррекциялық 
жұмыстарда  балалар  үшін  тиімді  әдістердің  бірі  тренинг  және  арт-терапиялар 
болды.    Мәселен,  «Өз  эмоцияңды  қалай  басқару  керек?»  деген  тақырыпта  шағын 
сұхбат  жүргізіп,  эмоцияны  реттейтін    «Сезім»,    «Түсіну»  т.б.  жаттығуларды 
пайдаланылсақ,  қарым-қатынасқа  түсу  барысында  көңіл–күйді,  эмоцияны  сезіне 
білуге  үйретуде  «Еркін  сурет»,  «Өкпелеу»  суретін  салу  әдістерімен  қатар 
«Кішкентай  бала  тәріздес»  сияқты  арт-терапиялық  ойындар  ұйымдастырамыз. 
Бұндай жұмыс кезінде бала өзінің сезімі мен ойын сөзбен емес, қандайда бір бейнені 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
224 
 
жасаумен  білдіртуге  мүмкіндік  туғызады.  Арт-терапия  процесінде  қоршаған 
ортаңмен қарым-қатынасқа түсуге ниеттену сезімі туындайды.  
Балалар  үйіндегі  тәрбиеленушілермен  жұмыс  жасау  барысында  психолог 
мамандар төмендегі шараларға назар аударса дер едік.  

 
жұмыс  барысында  психолог  міндетті    жүйелі  түрде  балалардың  психикалық 
ерекшеліктерін диагностикалау қажет; 

 
психолог диагностикалауда қолданылатын психологиялық-педагогикалық  
методикалардың мазмұнын, түрін, тәсілдерін толық игеру;  

 
жеке тұлғаға әсер ететін медициналық-психологиялық-педагогикалық,  
әлеуметтік жағдайларды анықтауға көңіл бөлу;  

 
балалар мен үлкендердің қарым-қатынастарының  дұрыстығына бағытталған  
әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттіліктерді  ұйымдастыру; 

 
 әлеуметтік жетімдердің отбасы жағдайын анықтау, балалардың мүддесін қорғау, 
олардың  отбасымен,  әртүрлі  қоғамдық  инстанцияларымен  қарым-қатынас 
жұмыстарын  ұйымдастыру.  Мұның  барлығы  әлеуметтік  психолог-педагогтың 
міндеті болып есептеледі. 
Психолог-педагог  диагностикалық жұмыстардың негізінде әр баланың өзіне 
тән психикалық ерекшеліктерін анықтаған жағдайда,ата-анасының қамқорлығынсыз 
қалған  балаларды  жақын  біліп,  өзіне  тарта  білгенде  ғана,  түрлі  коррекциялық 
жұмыстардың  негізінде  аталмыш  топтың  балаларының  бойына  ізгі  қасиеттерді 
қалыптастырады.  Бүгінде    ақпарат  құралдары  айтып,  көрсетіп  жатқандай  кейбір 
білім  ошақтарында  тәрбиеші-мұғалім  тарапынан  балаға  көрсетіліп  жатқан  келеңсіз 
жағдайлар  оның  ішінде  зорлық-зомбылық,  болмас  еді.  Олай  болса  балалар  үйінде 
балалардың  ар-намысына  тимеуге,  абыройларын,  ар-ождандарын  құрметеуге 
рухани-адамгершілік  пен  әдептілікке  баулу,  адамды  сүйю,  сыйлап,  құрметтеп, 
қадірлей білуге үйрету, қоғамның шынайы иесі болуға талаптандыру және қоғамдық 
ортаға жылдам бейімдеуге мүмкіндік болады  деп санаймыз. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қорыта  келгенде  айтрымыз,  балалар  үйінде  психолог  әр  баланың 
психологиясын  оның  психикалық  ерекшеліктерін,  тұлғалық  қалыптасатын 
кезеңдерінің  психологиялық  ерекшеліктерін  зерттеп  біліп,  зерттеуден  алынған 
мәліметтерді  тәрбиеленушілермен  үнемі  қарым-қатынаста  болатын    әр  ұстазға,  әр 
тәрбиешіге ескерту олармен бірлесіп педгогикалық-психологиялық шаралар жүргізу 
психологтың  кәсіби  міндеттерінің  біріне  айналуы  тиіс.  Психологтың  зерттеу 
жұмысында  тәрбиеленуші  әлеуметтік  жетім  баланың  психологиясы  туралы 
ұсынылған мәліметтері психологиялық тұрғыдан сауатты да,  дұрыс кәсіби біліктілік 
деңгейде  өткізілген жағдайда,  педагогикалық  ұжымға  ата-ананың қомқорлығынсыз 
қалған  балалармен  оқу-тәрбие  процесінде  педагогикалық  қарым-қатынасқа  түсу, 
балаларды  өзіне  жақынырақ  тарту,эмоционалдық  көңіл  күйлерін  тұрақтандырып 
дамуға мүмкіндік алады әрі ол оң нәтижелер берді деп санаймыз. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1    Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы  Қазақстан 
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы. 
2  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» Жолдауы, 17 қаңтар 2014 жыл  //BNews.kz «www.bnews.kz». 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
225 
 
3   Қабекенов  Ғ.У., Есебаева  Б.Ә.  Әлеуметтік педагогика тарихы.-  Алматы:  Мектеп, 
2011.-289 б. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  содержание  социально-психологической 
работы  психолога  в  детских  домах   с  детьми,  оставшимися  без  попечения 
родителей. 
 
Summary 
 
This article discusses the content of socio-psychological work of the psychologist 
in orphanages with children left without parental care. 
Қабылданған күні 09.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 84-1/-9 
А.Г. Габдижалел 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
a.gabdizhalel@mail.ru
 
 
ХАМИТ ЕРҒАЛИЕВ ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ИІРІМДЕР 
 
Аңдатпа 
Мақалада Хамит Ерғалиев дастандарындағы психологиялық иірімдер туралы 
баяндалады.  Кейіпкерінің  ішкі  сезім-толғаныстары  ақиық  ақын  Х.Ерғалиев 
дастандарынан  көрініс  табатыны  атақты  күйші  Құрманғазы  Сағырбаевқа  арнаған 
поэмасымен алып қаралған. 
Негізгі сөздер: 
Хамит Ерғалиев, психологизм, поэзия, көркем проза, аналитикалық 
принцип. 
 
КІРІСПЕ 
«Әдебиеттегі  психологизм  –  шығарманың  эстетикалық  әлемін  құрайтын 
кейіпкердің  ішкі  ойын,  толғанысын,  рухани  күйзелісін  терең  әрі  детальді  түрде 
бейнелеу», - деген сөз [1, 1594]. 
Көркем  прозадағы  психологизм  поэтикасы,  жазушылардың  рухани  – 
эстетикалық  құндылықтарын  жетілдіру  барысындағы  суреткерлік  ізденістері  мен 
кәсіби  шеберлігі  бүгінгі  күні  басқа  қырынан  зерттеліп  келеді.  Психологиялық 
прозаның  көркем  прозаның  басқа  түрінен  басты  айырмашылығы  –  адам  баласына 
тән жан құбылыстары, ішкі және тысқы сезім түзілістерін тереңдей зерттеп, ойға өң, 
көңілге күй түсіріп, толғай және толғана білуде болса керек. Бұл турасында көрнекті 
ресей  әдебиеттанушысы  Л.Гинзбург  «О  психологической  прозе»  атты 
монографиясында  психологиялық  романның  көркемдік  ерекшелігіне  тоериялық 
тұрғыдан мінездеме беріп, оның табиғатын қысқаша былай тұжырымдайды: 
«Әдеби психологизм әдетте кейіпкердің іс-әрекеті оның ойымен сәйкес келе 
бермейтіндігімен  ерекшеленеді.  Ал,  талдаудың  мақсаты  –  логиканы  іздеу  мен 
байланыстың  себебін  анықтау.  Психологиялық  романның  аналитикалық  талдауға 
тәуелділігі  бұрынғы  біржақтылықтан  гөрі  көпқырлылықты,  қарама-қайшылықты, 
алуан түрлі сапалылықты талап етеді...» [2, 286]. Көрнекті қаламгерлер М.Дулатов, 
С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин, Х.Есенжанов шығармаларында 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
226 
 
тарихи  оқиғалар,  адамзат  өміріндегі  кезеңдік  құбылыстарға  мән  берілсе, 
Ж.Аймауытов,  М.Жұмабайұлы,  М.Әуезов,  Ә.Кекілбаев,  Х.Ерғалиев  сынды 
суреткерлер жеке адам тағдырына, олардың ой-санасындағы өзгерістерге, сезімдік, 
эмоциялық,  психологиялық  құбылыстарға  терең  мән  береді.  Көркем  прозадағы 
психологизм мәселесін терең зерттеген ғалым, ф.ғ.д., Б.Майтанов: «...психологизм – 
психологиялық  әдебиет  ордасындағы  тұрақты  емшісі,  көркемдік  әлемінің  жұлын-
жүйесі», - дейді [3, 10]. 
Көркем  шығармадағы  психологизмнің  табиғатына  талдау  жасай  отырып,  ... 
«психологиялық  талдаудың  тәсілдері  сан  алуан.  Атап  айтсақ,  автордың  өз 
толғаныстары  немесе  кейіпкердің  өз-өзін  талдауы,  рухани  әлемді  бейнелеудің 
жанама тәсілдері - ым мен ишараттар, сыртқы қимыл көріністері т.б. бәрі автордың 
аналитикалық талдауы арқылы беріледі. Олардың ішінде кейіпкердің ішкі монологы, 
ішкі  сөзі  ерекше  орын  алады»,  -  дейді  Л.Гинзбург  [2,  33].  Демек,  автордың  өз 
толғаныстары, кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс 
көру  секілді  аналитикалық  принцип  арқылы  берілсе,  рухани  әлемді  бейнелеудің 
жанама  тәсілдері-сыртқы  қимыл  көріністері,  көркемдік  деталь,  заттық  әлем, 
психологиялық  орта  т.б.  динамикалық  принцип  ретінде  көрінетінін  ғалым 
Г.Пірәлиева өзінің монографиялық зерттеулерінде атап көрсетеді [4, 9]. 
Алайда  осынау  күрмеуі  қиын  күрделі  мәселенің  шешуі  қай  жазушының  өз 
кейіпкерінің  ішкі  өміріне,  рухани  әлеміне  қалай  енуі  арқылы  суреттеледі. Олардың 
өзіндік, стильдік ерекшеліктері айқындалады.  
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Хамит  Ерғалиев  тарихи  тақырыппен  қатар  өнер  әлеміне  де  қалам  тартты. 
Ақынның «Құрманғазы», «Күй дастан» атты дастандары - жалпы қазақ поэзиясының 
өнер тақырыбындағы құнды жәдігерлері. 
Ақынның  шоқтығы  биік  дастандарының  бірі  -  «Құрманғазы».  Күй  атасы 
атанған Құрманғазы бейнесін ақын өнеріне тән өзіндік әлемінде ашуы жаңашылдық, 
яғни  Құрманғазы  бейнесін  қарапайым  қоғамнан  тыс  асқақ  күйлерімен  қатар  алып 
сипаттаған. Күйшінің жұтаң өскен балалық шағын «Ақсақ киік» күйімен болашағына 
сапар шектіріп, кейіпкер атынан сөйлейді. 
Кел маған 
Қарғамай кел! 
Түнейік бір. 
Сен өлмей жүрегімде шошы да жүр! 
Бұйырсын жайлауыңа менің жаным, 
Кел, менің құшағыма күй болып кір! 
Атының ащы термен көзін жуып, 
Сағымнан жұтып қойса қайта туып, 
Үстінде құстай ұшып жадағайы 
Кетті ол көз ұшында күйді қуып.  
Автор  үлкен  шығарма  жазар  алдында  көп  ізденіп,  көп  толғанып,  үлкен 
әзірлік жасайды. Ол «Құрманғазы» дастанын жазу үшін де оның кім екендігін жете 
зерттеп,  көңіліне  тоқып,  санасына  құйып  алды  деуге  болады.  Құрманғазы  -  өзіне 
қарсы  соққан  дүлей  боранға  бой  бермеген,  қатал  заманның  заңына  қасқая  қарап 
тұрған,  қайсар  да  дарынды  адам.  Таусылмайтын  кектен,  буырқанған  ызадан  оның 
құдіретті күйлері туған. Сан тұлғаны шындық күйінде шынайы жеткізу үшін ақын көп 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
227 
 
ойланды,  көп  толғанды,  ұзақ  жыл  бойы  жан-жақты  зерттеп,  ойы  бір  арнаға 
тоғысқанда барып, шығармасын жазуға кірісті. 
Хамит  Ерғалиевтің  «Кұрманғазы»  дастаны-қазақ  әдебиеті  тарихында  өте 
жоғары бағаға ие болған дастандардың бірі. Автор дастанды оңай жаза алған жоқ. 
Себебі  күйші  өмір  сүрген  кезеңнен  мәлімет  аз  еді де,  халық  арасында, ол  жөнінде 
әңгімелер  әр  түрлі  болатын.  Тіпті  кейбіреулері  бір-біріне  қайшы  келіп  жататын. 
Алайда қаламгер Құрманғазы Сағырбаев өмірінен жақсы хабардар болған. Балалық 
шағынан күйші туралы көп естіген Хамит Ерғалиев «Жақсыдан шарапат» кітабында 
сол  кезді  еске  алады:  «Туып-өскен  жер  табаны  біздің  ауылға  Құрманғазының 
Азғырынан да, кейінгі қонысы Сахмадан да әлдеқайда жақын Қабылан дейтін күйші 
жаз айларының бірінде біздің үйдің қонағы болды. Кешкілікте малды жайлап болған 
соң  жиналған  қанаттас  ауыл  адамдары  есік-төрі  үлкен  кісілерден  ауыспаған  алты 
қанат үйдің іргесін айнала түргізіп сыртқа да тығыз орналасқан. Ел ағасының еркесі 
-  мен  ғана  аспалы  шамның  астында,  Құрекең  шәкірті  кәрі  Қабыланның  қарсы 
алдында  жаңағы  бала  Құрманша  жатып  алсам  керек.  Ол  сәттегі  менің  ұғымымда 
домбыра  ұстағанның  бәрі  дерлік  атын  ауызға  алмай  күй  шертпейтін  Құрманғазы  - 
осы  кісі.  Қабылан  Кұрекеңнің  қай  күйі  қандай  жағдайда  туғанын  ауызекі  айтып 
отырып  тартатын  кісі  екен.  Түннің  бір  уағына  созылған  қақтығыс-соқтығысы  мол 
тарих  пен  кеудеңе  тура  сөйлеп  сұғынатын  сиқырлы  саздарға  мен  де  көзімді  бір 
ашып, бір жұмып ұйып қалыппын»  - дей келіп, балалық шағындағы естеліктерімен 
тоқталып  қалмай,  одан  әрі  күйші  өміріне  тереңдей  ізденеді:  «Шайтани  аралында 
жерленді  деп  жүрген  Құрманғазы  зиратын  мен  1952  жылғы  сапарымда  қалмақша 
Күрлік,  қазақша  Албасты  төбе  деп  аталатын  биік  жотаның  басындағы  көне 
қорымнан тауып қайттым. Оған мені Құрекеңнің көзінің тірісінде көріп қалған Ыбыр 
аға  Досәлиев  бастап  апарып,  құлыптасын  көрсеткен».  Одан  әрі  күйші  зиратының 
қасындағы  үлкен  жолдан  өтіп  бара  жатқан  жолаушылардың  тоқтап,  аттан  түсіп, 
жаяулатып  жүретінін,  және  зират  басындағы  діңгекке  байлаулы  ақша  салынған 
түйіншектер көргенін айтады. Оның үстіне топырақ арасынан түрлі нәрселер - құран 
сүресі  жазылған  қағаздар,  ескі  ақшалар  тапқанын  да  әңгімелейді.  Міне,  осындай 
жағдайларды  басынан  өткеріп,  барлығын  ой  елегінен  өткізіп,  шындықты  шыңдай 
түскен  автор,  өте  құнды  шығарманы  халыққа  ұсынды.  Байқап  отырғанымыздай, 
кейіпкердің көңіл-күйі, ішкі толғанысы асқан шеберлікпен берілген. 
Шығарманың  арнауы, прологы мен  эпилогы  «Қозыбақ  сазы»,  «Ақсақ киік», 
«Ерегіс», «Келін жолы». «Тұтқын», «Сот алдында», «Қайран шешем», «Бұрқасын», 
«Айжан қыз», «Құтқару», «Ұстаз», «Абақтының алдында», «Қызыл қайың қонағы», 
«Жатақтағы  жақсы  кеш»,  «Арман  ағысы»,  «Шалғайдағы  шапқын»,  «Сарыарқаға 
сапар»,  «Көбік  шашқан»  деген  жеке-жеке  тараулардан  тұрады.  Олардың 
барлығында да күй атасы Құрманғазының бастан өткізген, өзі куә болған оқиғалар 
шынайы,  кейіпкерінің  көңіл-күй,  ішкі  сезім  иірімдерімен  үлкен  толғаныспен 
баяндалады. 
Дастан  барысында  халық  өкілі  Құрманғазы  бала  кезден  бастап,  өмірінің 
ақырына  дейін  қалың  бұқараның  басындағы  қиындықтың  бәрін  көреді.  Автор 
«Пролог  орнына»  тарауында  уақыт  тынысымен  таныстырса,  «Ақсақ  киік», 
«Қозыбақ»  тарауларында  алдағы  қилы  тағдырлар  мен  түрлі  тартыстарға  жол 
ашады. Бай малын бағып жүрген бала Құрманғазы «Ұзақ» күйін аңсары ауып, қурай 
ызыңына құлақ түріп, өз басының халін түсінгендей болады. Аяғына оқ тиіп, ақсаған 
киіктің де өз тағдырына ұқсастығын сезеді. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
228 
 
«Ерегес»,  «Келін  жолында»,  «Тұтқында»  тарауларында  оқиға  ширыға 
дамиды. Құрманғазы елді зар илеткен Әбубәкір Ақбаевтан өзінің сүйген жары Әуесті 
арашалап  алады.  Бірақ  Дөңбай  қажының  қарадойыр  тобы  Құрманғазының  үйін 
ойрандатып кетеді. Ал, Құрманғазының қатты күйінген ағасы Бейғазы қажының бір 
үйір қысырағын айдап әкетіп, кедейлерге береді. Дастанның одан әрі қарайғы оқиға 
желісінде  осы  қақтығыста  үстем  тап  өкілдерінің  кісі  өлтіргені  Құрманғазы  мен 
Бейғазының  қолға  түсуі,  Ақбаев  үйіндегі  сот  ширыққан  оқиға  желісімен  беріледі. 
Тағдыр талқысына шираған ағалы-інілі екеу соттан именбей, халықтың қолдауымен 
негізсіз  жаладан  босанып  шығады.  Өздерінің  жеңіліс  тапқанынан  өшіккен 
қанышерлер  Құрманғазыны  Астрахань  түрмесіне  айдайды.  Атақты  күйші  түрмеден 
қашып  шығып,  адай  елінде  атақты  Мамырайдың  Айжан  қызы  ауылында  боп,  ат 
мініп,  шапан  киіп  қайтады.  Енді  оқиға  қайта  өрши  түседі.  Келсе,  інгендей  боздап 
анасы жалғыз қалған, алты айлық ұлы менсүйікті жары Әуесті патша шабармандары 
алып кеткен. Осындай жағдайларды көп көрген Құрманғазы шын күреске ұмтылады. 
Осы тұста күйшінің «Қайран шешем» күйі дүниеге келеді. 
Содан  бала-шағасын  тұтқыннан  босатып  алған  Кұрманғазы  Жиделіден  хан 
ордасына  қарай  ығысады.  Бұл  жерде  ауқатты  адамдар  тұқымымыз  деп  бүркеншік 
жалған атпен жүреді. Мұның астарында үлкен сыр бар еді. Жас жігіт бұрын жеңіліс 
тапқан  көтеріліс  басшылары  Исатай  мен  Махамбеттің  ерлігін  елге  жария  етіп, 
халықты сұлтандармен күреске шақыратын «Кішкентай» деген күйін шығарып, өлең 
арнап, оларды елге жариялағаннан соң, үлкен думанда өзін сездіріп қойып, ұлықтар 
қолына түсіп, қайта қамауға алынады. 
Дастанда тараулар өзара тығыз байланыста дамиды. Қайрат, жігер қайтадан 
қамауға алынған күйшінің еңсесін баса алмайды, керісінше, кеудедегі ыза мен  ашу 
күй  болып  жатады.  Ақын  кейіпкерінің  бірбеткейлігін,  сөзге  беріктігін,  өжеттігін 
суреттеу  арқылы  оның  өз  маңындағы  адамдардан  ерекше  екенін  аша  түседі. 
Құрманғазы жауларының алдында жартастай биік тұр. 
Автор күйші портретін жасауда асыра сілтеп, орынсыз дәріптемейді. Адамға 
тән  қасиеттер  арқылы  ғана  оның  мүсінін  шебер  бейнелейді,  «сом  жігіт»,  «жебелі 
қара мұрты, қара сақай», «мұзбалақ, дөң қыраны», «ала көз, алпамсадай, қабақты 
жан»  деп  қана  бет  пішінін  суреттеген.  Күйші  тұлғасын  жасауда  ақын  адамдық 
қасиеттерден алыс кетпейді. Құрманғазы - құшағы ашық, елжіреп тұратын, қағылез, 
достыққа әзір, бауырмал жан. Ал керегінде қатал да бола алады.Айбарлы да сұсты, 
өнеріне  сай  қайраты  бар,  тұлғасына  батырлық,  ерлігіне  серілігі  сай  кесек  адамды 
көреміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет