Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
 
 
 
Қазақстан  мұнай  мен  газды  өңдейтін  аймақтардан  Ресейдің  құбыр 
жүйелеріне  тасымалдаудың,  көмірсутектердің  өңделінетін  көлемдерінің  экспортын 
қамтамасыз  етуге  қабілетті  салыстырмалы  дамыған  инфрақұрылымға  ие  болып 
табылады. Экспорттық мұнай құбырларының жалпы өткізгіштік қабілеттілігі жылына 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
194 
 
310,0  млн.  баррельден  астамын,  экспорттық  газ  құбырларының  -  жылына  5  млрд. 
м
3
 құрады.  
   Қазіргі  нарықтық  экономикада  Қазақстанның  көмірсутек  қорлары  негізінде 
мұнай  газ  тасымалдау  мәселесін  шешу  негізгі  даму  бағыттарының  бірі  болып 
табылады.  Мұнай-газ  шикізатын  тиімді  пайдаланып  және  оның  экспортын    өсіру 
мақсатында  Қазақстанда  экспорттың  еркін  жылжуын  және  тасымалдау 
инфрақұрылымын дамыту қажет [2]. 
 
Қазақстанда  мұнай  өңдеу  қарқыны  шетел  инвестициялары  есебінен  артып 
отыр.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  тәуелсіз  Қазақстанның  бәсекеге  қабілетті  50 
елдің  қатарынан  лайықты  орын  алуы  үшін  әр  өңірдің  қарқынды  дамуы  қажеттігін 
ұдайы айтып келеді. Ал бәсекеге қабілеттілік сапалы отандық өнімдер өндірумен де 
қалыптасады.  Осы  орайда,  мұнайлы  Атырауда  да  үдемелі  индустриялық-
инновациялық  даму  бағдарламасы  экономиканың  әр  саласында  жаңа  жобалардың 
өркен  жаюына  тың  серпін  берді.  Осы  бағдарламаның  аясында  2010  жылы  31 
миллиард  485  миллион  теңгені  құраған  7  ірі  жоба  іске  қосылып,  бәсекегеқабілетті 
сапалы  өнім  шығаруға  бетбұрыс  жасалды.  Жобалардың  маңыздылығына 
тоқталғанда, құрылыс индустриясының қарышты қадаммен дамуына оң ықпал еткен 
екі  зауыттың  іске  қосылуын  айтуға  болады.  Мәселен,  «Констракшн  KZ» 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұрғын үй құрылысына кеңінен пайдаланылатын 
жеңіл панель шығаруды жолға қойды. Қазір тұтынушы үшін әрі сапалы, әрі бағасы 
көңілге қонымды жеңіл панель шығаратын кәсіпорынның өніміне қызығушылық арта 
түсті. Бұл күндері аталған кәсіпорын 247,1 миллион теңгенің өнімін шығарып, 50-ге 
жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 
Атырау  экономикасының  дамуындағы  жетекші  сала  –  мұнай-газ 
өнеркәсібіндегі  кәсіпорындардың  тапсырысын  орындауға  жол  ашқан  жобалардың 
шоғыры 2011 жылы іске қосылды. Бұлардың арасында «Флоусерв Казахстан» ЖШС 
насос  қондырғыларын  жөндейтін  сервистік  орталығын,  «Новус  Силинг  Каспиан» 
ЖШС  әр  түрлі  нығыздағыш  прокладкалар  шығару  цехын  іске  қосты.  Ал 
«Қарашүңгіл»  серіктстігі  Жылыой  ауданында  тік  қазандар  шығаратын  цехтың 
жұмысын жандандырды. «Рауан Налко» серіктестігі химиялық реагенттер шығаруды 
қолға  алды.  Қазір  бұл  өндіріс  орындары  мұнай  саласындағы  кәсіпорындардың 
тапсырысын тұрақты орындап келеді. Жалпы, алдыңғы жылы Атырау облысында 11 
миллиард  360  миллион  теңгеге  бағаланған  13  жоба  іске  асырылды.  Бұларда  1003 
тұрақты  жұмыс  орындары  ашылып,  барлығына  осы  өңірдің  тұрғындары  жұмысқа 
орналастырылды. 
 
Қазақстан Республикасы көмірсутек шикізатының қорлары бойынша әлемдегі 
бірінші  ондыққа  кіретін,  мұнайды  үлкен  көлемде  өңдейтін  елдердің  біреуі  болып 
табылады. (9 орын) республиканың істегі және әлеуетті мұнайгазды мазмұндайтын 
райондарының  жалпы  алаңы  1700  мың  км
2
  немесе  жалпы  аумақтың  62%-дан 
астамын құрайды [3]. 
   Қазақстанның  мемлекеттік  балансында  212  мұнайгаз  кен  орындары 
саналады,  олардың  көбісі,  республиканың  батыс  бөлігінде  орналасқан,  олардың 
ішінде  7,9  млрд.  баррельден  астам  шығарылатын  қорлары  бар.  Теңіз  сияқты,  газ 
қоры  1,3  трлн.  м
3
  және  конденсаты  51  млрд.  баррель  (700  млн.  тонна)  құрайтын 
Қарашығанақ мұнайгаз конденсаттық кен орны сияқты алып кен орындары бар (1-
кесте).  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
195 
 
Кесте 1 - Қазақстан Республикасының ең ірі өңделінетін мұнай кен орындары 
 
Кен орындары 
Өңдеудегі жарғылық үлесі, % 
Теңіз 
31,1 
Өзен 
20,8 
Қарашығанақ 
10,5 
Қаламқас 
6,8 
Жетібай 
6,1 
Жаңажол 
5,0 
Қаражанбас 
4,1 
Құмкөл 
3,8 
Басқалары 
11,5 
  
 
Қазақстандағы  мұнай-газ  саласының  дамуы  көліктік  қызметтерді  де 
дамытады.  Оның  ішінде  мұнай  құбырлары  көліктерінің  құрылысына  инвестицияны 
қажет етіп отыр.  
Мұнай  құбырлары  көліктерінің  құрылысына  инвестиция  салу  саласы  көптеген 
ғалымдардың  еңбектерінде  зерттеліп  келеді.  Инвестициялық  жобаларды 
қаржыландырудың бағыттары төмендегідей: 
-
 
 Атырау-Самара бағытындағы мұнай құбыры бойынша тасымалдаулар мөлшерін 
жылына 50 млн. тоннаға дейін арттыру; 
-
 
 мұнай  құбырларына  толықтай  зерттеу  жүргізіп,  мұнай  құбырлары 
тасымалдарына жөңдеу жұмыстарын жүргізу; 
-
 
 Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытып, мұнай құбыры арқылы тасымалдау 
қызметін  қызметін автоматтандыру; 
-
 
 телекоммуникация жүйесін модернизациялау мен дамыту; 
-
 
 мұнайды тасымалдаудың энерго- және еңбек сыйымдылығын төмендету. 
   Бұл жобаларды жүзеге асыруда қаржылық тәуекел де жоғарылайды.  
 
Қазақстанның  көмірсутекті  шикізаты  қорларының  бағамдық  әлеуеті  шекті 
жоғары. Нақ сол, 80-90 жылдары мұнай саласы аясында туындаған және бүгінгі күні 
күшейтіліп  келе  жатқан  сол  ажитоаждың  мысалы  бола  алады.  Ірі  мұнайгаздылық 
құрылымының  болуы  шетел  серіктестерден  ертеректе  болмаған  коммерциялық 
қызығушылықтарын  алдын-ала  анықтады  және  шетел  инвестициялары  тарту, 
сондай-ақ,  жаңа  экспорттық  бағыттарды  ұйымдастыру  туралы  сұрақтар  бас 
тақырыпқа қойылды [4]. 
 
Қазақстан  облыстары  бойынша  шикі  мұнай  мен  газды  өңдеу  құрылымы 
келесідей бейнеде көрінеді (1-сурет). 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
196 
 
Мұнай
Маңғыстау 
30%
Ақтөбе 9%
Қызылорда 
17%
Атырау 
44%
 
Газ
Атырау
44%
Батыс 
Қазақстан
41%
Маңғыстау
12%
Ақтөбе
3%
 
Сурет 1 - Мұнай мен газды өңдеу 
 
 
Қазақстанда анағұрлым үлкен әлеуеттерге Каспий теңізі қайраңы және оның 
жағалауындағы  аймақтар  ие.  Жағрафиялық  зерттеулердің  нәтижесімен,  шамамен 
100  мың  шаршы  километр  алаңында  тек  қана  мұнайдың  12  млрд.  тоннасының 
болжамдық қорларымен 90 құрылым жайылдырылмады. 
 
Қазіргі уақытта, қазақстандық мұнай экспортының жағрафиялық бағыттары 
келесідей  бейнеде  көрінеді.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  солтүстікке,  Ресейге  –  бұл 
әлі 
күнге 
дейін 
мұнай 
құбырларының 
бірнеше 
жіптерін 
кіріктіретін 
байланыстырушылық  маршруттардың  жалғыз  біреуі  ғана.    Әрекет  етіп  жатқан 
ескірген  мұнайқұбырлары  Ресейге    және  ары  қарай  транзитпен  батысқа  мұнайды 
тасымалдауға жол береді [5]. 
 
Мұнай  экспортын  «Атырау-Самара»  мұнай  құбыры  арқылы  тасымалдау 
«ҚазТрансОйл»  АҚ  арқылы  жүзеге  асырылады.  «Транснефть»  компаниясының 
мамандары  мұнай  құбырларының  19  маршруты  бойынша  азербайжан  және  қазақ 
мұнайын  батыс  европа  нарығына  тасымалдау  бойынша  экономикалық  есептеулер 
жүргізді.  Каспий  мұнайын  барлық  бағыттар  бойынша  тасымалдау  есептемелері 
негізінде  азербайжан  мұнайы  үшін  Баку-Новороссийск  маршруттары  жетекші 
орынды алып отыр. Ал экономикалық бағыты бойынша Баку-Джейхан маршруттары 
тиімдірек. Қазақстан мұнайын тасымалдау тарифтері қазақ мұнайын Самараға және 
әрі қарай Ресейлүк мұнай құбырларының жүйесі арқылы Роттердамға жеткізу тиімді 
болып  отыр.  Баку-Джейхан  мұнай  құбырлары  бойынша  мұнай  өндеуге  3,3  млрд 
доллар  қаржы  салынды.    Ал  Баку-Джейхан-Генуя  маршруты  бойынша  мұнай 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
197 
 
құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау үлкен қаржыны және инвестицияны талап 
етеді.  
 
Үшінші әлеуетті жоба  – қуаттылығы жылына 50 млн. тонна мұнайға дейінгі 
Аравия 
теңізіне 
шығумен 
Қазақстан-Түркіменстан-Афганистан-Пәкістан 
трансазиялық  мұнай  құбыры  болып  табылады.  Дүниежүзілік  банктің  жүргізілген 
зерттеулеріне  сәйкес,  Аравия  теңізіне  анағұрлым  тиімді,  әлеуетті  және  ірі 
нарықтарға кіру есебінде Афганистан мен Пәкістан арқылы Орталық Азиядан құбыр 
экспорттың  дәстүрлі  балтық және  қара  теңіз  жолдарымен  салыстырғанда мұнайды 
өндірушілер  үшін  анағұрлым  жоғары  табысты  қамтамасыз  ететінін  көрсетті.  Осы 
зерттеудің  нәтижелеріне  сәйкес,  батыс  сібір  мұнайы  үшін  таза  пайда  шамамен  бір 
тоннаға 14 доллардан ұлғаяды, Батыс Қазақстан өндірушілері үшін – оны Қара теңіз 
арқылы  тасымалдаумен  салыстырғанда  бір  тоннаға  7  доллардан  ұлғаяды.  Одан 
басқа,  Аравия теңізіндегі  терминалға  Иран  арқылы  шығу  Парсы  шығанағына  дейін 
тасымалдау  кезіндегі  ирандық  мұнаймен  бәсекеге  ұшырамауға  қол  жеткізуші  еді. 
Одан  басқа,  берілген  маршрут  белгілі  бір  саяси  артықшылықтарға  қол  жеткізеді  – 
Афганистандағы  саяси  тұрақтану  сияқты,  сондай-ақ,  осы  аймақтың  экономикалық 
дамуына  әрекеттесе  отырып,  ал  соның  нәтижесінде,  Орталық  Азия  мемлекеттері 
үшін өте өзекті болып келетін «оңтүстік қатерді» алып тастауға көмектеседі. Осыған 
қарамастан, берілген жобаны тәжірибелі іске асыру әлі күнге дейін үлкен сұрақта. 
Афганистан мен Пәкістан арқылы маршрут Афганистандағы саяси тұрақтануға дейін 
және  афган  халқының,  сондай-ақ,  берілген  мұнай  құбырын  соғуға  қатысатын 
мемлекеттің,  компаниялардың  және  несие  берушілердің  қолдауына  ие  болатын 
үкіметтің  қалыптасуына  дейін  жалғаса  алмайды.  Одан  бөлек,  Үндістан  мен 
Пәкістанның  өзара  қатынастарының  тұрақсыздығы  берілген  мұнай  құбырын  соғуға 
кері әсер етуі мүмкін [6]. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
  Қорытындылай  келе,  Елбасының  алға  қойған  мақсат  –  міндеттерін  назарға 
ала  отырып,  өткен  жылдар  ішіндегі  өнеркәсіп,  көлік  инфрақұрылымы  мен  ірі 
стратегиялық  объектілері  іске  қосылғанын  ескере  отырып,  бұл  -  автомобиль  және 
темір  жол  магистральдары,  құбыр  жолдары,  логистикалық  орталықтар, 
терминалдар,  әуежайлар,  вокзалдар,  порттар  және  т.б.  өңірлік  және  жаһандық 
шаруашылық байланыстар жүйесіне кірікті. 
 Инфрақұрылым жасау, сонымен қатар, табыстылық заңына бағынуға тиіс – 
деп Елбасы сөзімен қорытындылаймын. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1
 
Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 
саяси бағыты
» Жолдауы. 14.12.2012 ж (Алтыншы міндет).- 4-5 бб.  
2
 
Челекбай А.Д. Проблемы по выводу казахстанской нефти на мировой нефтяной 
рынок.  Ж  «Каржы-Каражат»  (Финансы  Казахстана).-  Астана:  ТОО  «Финансы», 
2013.- №2.  
3
 
Қазақстанның  статистикалық  жылнамасы.  –  Алматы:  ҚР  Статистика  бойынша 
Агенттігі, 2014.- 560 б.  
4
 
Башарова  Г.М.  Перспективы  развития  нефтепроводного  транспорта  в  РК. 
Алматы: Казақ мемлекеттік аграрлық университеті, 2013. – 309 б.  
5
 
Конаев Э.Н., Надиров Н.К. Трубопроводный транспорт Казахстана и перспективы 
его развития //Нефть и газ, 2013.- №2.- С. 73-81.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
198 
 
6
 
Токаев  К.К.  Внешняя  политика  Казахстана  в  условиях  глобализации.-  Алматы, 
2014.-С.24  
 
Резюме 
 
В  статье  рассмотрены  вопросы  добычи  углеводородов  и  важность  и 
перспективность 
развития 
трубопроводного 
транспорта. 
Казахстан 
при 
планировании  маршрутов  экспорта  углеводородов  опирается  на  политику 
многовекторности  и  максимальной  эффективности  использования  трубопроводных 
систем.  Увеличение  объемов  добычи  нефти  и  газа  ведет  к  необходимости 
опережающего развития нефтегазотранспортной инфраструктуры. 
 
Summary 
 
In connection with the production of hydrocarbons, and taking into account the 
importance  and  prospects  of  development  of  pipeline  transport,  Kazakhstan  in  the 
planning of hydrocarbon export routes is based on the multi-vector policy and tries to use 
of  pipeline  systems  effectively.  The  increase  in  oil  and  gas  production  leads  to  the 
necessity of advancing the development of oil and gas transportation infrastructure. 
Қабылданған күні 02.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 330.34:001.895  
 
С.М. Джолмаганбетова, А.Ж. Мукашева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,  
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
murat---79@mail.ru
 
 
ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫН ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМЫТУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНГІЗУ 
 
Аңдатпа 
Қазақстан  экономикасының  өнеркәсіптік  –  инновациялық  дамуына  қатысты 
соңғы  жылдары  жүргізіліп  отырған  саясаты  қажетті  нәтижесін  бермеуде.  Өндіріліп 
жатқан  өнімдердің  инновациялық  құрылымдары  өте  төмен  деңгейде  болып  қала 
береді.  Олардың  бәсекеге  қабілеттілігі  де  төмен  деңгейде.  Бұл  кәсіпкерлік  орта, 
білім  беру  жүйесі,  заңнама  жүйесі,  мемлекеттік  басқару  және  т.б.  жүйелерде 
өнеркәсіптік  –  инновациялық  даму  саясатының  жеткіліксіз  институционалдық 
өзгерістермен жүзеге  асырылып жатқандығын  көрсетеді.  Инновацияға  бағытталған 
экономикаға  көшудің  басты  алғышарттары,  адам  капиталының  дамуына  және 
инновация  деңгейінің  артуына,  іскерлік  ортаның  жаңаруы  мен  нарықтағы  жоғары 
деңгейлі бәсекеге қабілеттілікке әкелетін өзгерістер екені дәлелденген. 
Негізгі  сөздер: 
ғылыми  -  технологиялық  жаһандану,  жаһандық  метатехнология, 
инновациялық белсенділік, ұлттық инновациялық жүйе, Дүниежүзілік сауда ұйымы, 
экономикалық  даму,  ынтымақтастық  ұйым,  құрылыс  индустриясы,  стратегиялық 
бағдарлама, инновациялық жоба, венчур, лизинг, франчайзинг. 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
199 
 
КІРІСПЕ 
Индустриалдық  дамыған  мемлекеттерде  экономиканың  нақтылы  секторы 
кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді 
жандандыру  мәселелеріне үлкен  көңіл  бөлінуде.  Сонымен қатар,  кез-келген  елдегі 
инновациялық  белсенділіктің  негізгі  қозғаушы  күші  -  жоғарғы  технологиялармен 
қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.  
 
Ғылыми  -  технологиялық  жаһанданудың  негізгі  бағыттары  мемлекетаралық 
ақпараттық  алмасуды  қамтамасыз  ететін  технологияларды  игеру;  технологиялық 
және 
әлеуметтік 
инновацияларды 
интеграциялайтын 
жаһандық 
метатехнологияларды  жасап  шығару,  санаткерлік  ресурстардың  халықаралық 
мобильдігін 
жеделдету; 
әлемдік 
ғылыми-технологиялық 
дамуда 
ішінара 
халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік 
ресурстарын  жинақтайтын  интернет-технологиялар  мен  компанияларды  дамыту; 
әлемдік  деңгейде  ғылыми-технологиялық  кешенді  реттеу  барысында  трансұлттық 
корпорациялар  мен  мемлекеттік  құрылымдардың  өзара  әрекеттесуін  жүзеге  асыру 
болып  табылады.  Әрине,  нновациялық  әлеуетті  дамыту  мен  сақтаудың  қажетті, 
басты  талабы  ғылым  екені  мәлім.  Бұл  ретте  инновациялық  қызметті  жүзеге 
асырудағы  маңызды  элемент  ғылыми  өнімнің  коммерциялануы  болып  табылады. 
Ғылыми  қызмет  жаңа  техникалық  жобаларда,  технологияларда,  тәжірибелік-
конструторлық  жұмыстарда  жүзеге  асырылады.  Бұл  құрылымдарға  технопарктер, 
инновациялық-технологиялық  орталықтар,  бизнес  инкубаторлары,  санаткерлік 
меншік  шағын  инновациялық  кәсіпорындар,  өнімді  лицензияландыру  мен 
сертификаттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу 
қызметтері  жатады.  Инновация  дамуының  басты  реттеушісі  нормативтік  құқықтық 
актілерді жетілдіру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады [1]. 
 
Елімізде  сондай-ақ  технологиялық  парктер  желісі  жұмыс  істей  бастады, 
венчурлық  қорлар  құрылып,  олар  тәуекелшілігі  жоғары  жобаларды  іске  асыра 
бастады,  горизонталды  жазықтықты  қамтитын  кластерлер  жүйесі  жасалды.  Салық 
кодексінің, инновациялық қызметті қолдау заңының жаңа нұсқасы қабылданды.  
 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
 
Осылайша  бүгінгі  таңда  Стратегияның  заңнамалық  негіздерді,  даму 
институттарын, 
тиімді 
жобалар 
мен 
кәсіби 
мамандарды 
дайындауды 
қалыптастырудан тұратын бірінші кезеңі аяқталып, ғылым мен техниканың әлемдік 
жетістіктерін  қолдану,  ғылыми-инновациялық  инфрақұрылымдар  мен  инновацияны 
қаржыландыру  жүйесін  қалыптастыру  негізінде  экономика  ошактарын  құруға 
бағытталған  екінші  кезеңі  басталды  деуге  болады.  Дегенмен,  2008  жылы  елімізде 
инновациялық  қызмет  деңгейі  4,8%-ды,  ғылыми  сыйымдылық  деңгейі  0,21%-ды 
құрады. Бұл көрсеткішткіштер өнеркәсіптік инновациялық қызметтің белсенділігінің, 
ғылыми  сыйымдылық  деңгейінің  төмендгін  көрсетеді.  Мысалы,  соңғы  көрсеткіш 
технологиясы  дамыған  елдерде  2,5-3%-ға  тең.  Бұндай  артта  қалушылықты  жеңу 
үшін  мемлекеттік  инновациялық  саясатқа  инновациялық  дамудың  әлемдік 
тәжірибесін,  қазақстандық  экономиканың  әлеуметтік-экономикалық  және  ғылыми-
техникалық  ерекшеліктерін,  оның  инновациялық  әлеуетін  терең  талдауға 
негізделген кешенді және жүйелі сипат беру қажет [2].  
Қазіргі  кезеңде  әлемдік  экономикалық  жүйенің  қарқынды  дамуы  ғылымды 
қажетсінетін  өнімдер  мен  оны  өндіретін  технологияларды  тиімді  құру  және 
пайдалануға  байланысты.  Ол  үшін  негізделген  ғылыми–зерттеулер  жүргізу  қажет 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
200 
 
және  олардың нәтижелерін шұғыл  түрде  өндіріске  енгізу  үлкен жетістік.  Сонымен, 
ғылымда  жаңа  технологиялық  бағыттар  пайда  болады.  Осылардың  бәрін  дұрыс 
бағытқа  салу,  тиімді  пайдаланып  нақтылы  нәтижеге  жету  үшін  арнайы 
инфрақұрылым қажет. 
Инновациялық  инфрақұрылым  –  экономикалық  принцип  негізінде 
шаруашылық  субъектілерінің  инновациялық  процестерін  қамтамасыз  ететін 
ұйымдастырушылық – экономикалық институттар кешені. 
Инновациялық  инфрақұрылым  –  ғылыми  идеяның  өндірісте  қолдау  тауып, 
нақты  өнім,  қызмет,  жұмыс  түрінде  көрініс  табуына  дейінгі  барлық  кезеңдерді 
қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен 
қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады. 
Инновациялық 
инфрақұрылымның 
экономикалық 
маңызы 
елдің 
экономикалық  даму  стратегиясын  айқындаумен,  қосылған  құны  жоғары  өнімдер 
өндірумен,  шағын  инновациялық  кәсіпкерлікті  жандандырумен  және  басқалармен 
анықталады.  
Бәсекеге  қабілеттілік  мәселелерін  шешу  үшін  Қазақстанда  көп  деңгейлі 
инновациялық  инфрақұрылымның  қалыптасуы  қарастырылған.  Оған  мыналар 
жатады: 
-  білім-инновациялық  кешендер    –  жоғары  оқу  орындары,  ғылыми–зерттеу 
институттары,  ғылыми  орталықтар,  оқытатын  компаниялар.  Бұлардың  бәрі  білікті 
кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады; 
-  бизнес-технологиялық  кешендер  –  жаңа  ғылыми  пікірлерді  өндіріске  енгізу  мен 
жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады; 
- қолдаушы кешендер.  
Инновациялық  инфрақұрылымды  қалыптастыру  үшін  жоғарыда  келтірілген 
жағдайлар  міндетті  түрде  қажет.    Олардың  барлығының  жиынтығы  аймақтық 
инновация жүйесін құрайды.  
Бүгінгі таңда Қазақстанның инновациялық дамудағы проблемаларының бірі - 
ғылыми-зерттеулердің  аяқталмауы,  олардың  өндірістен  оқшаулануы  болып  отыр. 
Жасалған  қолданбалы  жұмыстар  коммерцияланбағандықтан,  өндіріске  енгізуде 
жалғасын  таппауда.  Қазақстанның  2015  жылға  арналған  технологиялық 
бағдарламасында  айтылғандай,  республикадағы  өндірістік  кәсіпорындар  ғылыми-
зерттеу  және  конструкторлық-тәжірибе  жұмыстарымен  дербес  айналысуға 
ұмытылмайды  және  ҒЗТКЖ  өнімдерін  сатып  алуға  акша  салуға  тырыспайды, 
салыстырмалы  түрде  бұл  тиісті  өндірісті  жаңғыртумен      айналысатын   
кәсіпорындарға   да   тән [3]. 
Статистикалық  деректерге  сүйенсек,  Қазақстанда  кәсіпорындардың 
инновациялық  белсенділік  деңгейлері  соңғы  2008-2011  жылдары  4%  деңгейінен 
аспай отыр, бұл ЕО елдеріне қарағанда едәуір төмен. Салыстырар болсақ: АҚШ-тағы 
кәсіпорындардың  инновациялық  белсенділік  деңгейі  -  50%,  Түркияда  -  33%, 
Венгрияда - 47%, Эстонияда  — 36%, ал Ресейде — 9,1%-ды құрап отыр. Отандык 
кәсіпорындардың  инновациялық  белсенділігінің  объективті  себептері,  ең  алдымен, 
ондағы  негізгі  құралдардың  тозуы  Статистикалық деректерге  сүйенсек,  зерттеулер 
мен әзірлемелерге қажетті негізгі құралдардың тозуы 2008-2011 жылдары — 31%-
ды,  ал  жаңару  коэффициентінің  дәрежесі  —  11%-ды  құраған.  Ал,  кейбір  жеке 
салаларда олардың үлесі 50%-ға жеткен. Тағы бір себеп - кәсіпорындардың нарық 
қажеттілігін толық білмеуі және нарыққа сай өнімдер шығара алмауы. Мұның мәні - 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
201 
 
отандык  кәсіпорындардың  нарықты  зерттеуге  бөлінетін  қаражаттарының 
мардымсыздығымен байланысты [4]. 
Кәсіпорындардың  инновациялық  белсенділігін  көтеруді  тежейтін  негізгі 
факторларға: 
-
 
инвестициялау мен несие берудің қолайсыз шарттары; 
-
 
тапсырыс   берушілердін   төлем   қабілеттілігінің жеткіліксіздігі; 
-
 
жаңалықтар құныңың жоғары болуы; 
-
 
меншікті қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі; 
-
 
мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың жеткіліксіз болуы жатады. 
Елде  дамыған  кәсіпкерлік  сектор  мен  қоғамның  инновацияларды  қабылдау 
мәдениеті болған жағдайда ғана ұлттық инновациялық жүйе тиімді болып, жоғары 
кіріс  әкелетіні  туралы  шетелдердің  тәжірибесінен  тұжырым  жасауға  болады.  Жаңа 
ғылыми  басылымдарға,  бұйымдарға,  технологияларға,  қызметтерге,  кадрлар 
біліктілігіне,  басқару  әдістеріне  шоғырландырылған  инновация  экономикалық 
дамыған  елдердің  бәрінде  де  бәсекеге  қабілеттіліктің  басты  факторы  болып 
табылады. 
Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  инновациялық  белсенділік  деңгейі  4,3%-ды 
құрайды, ал Германияда бұл көрсеткіш – 80%-ды, АҚШ-та, Швецияда, Францияда – 
шамамен 50%-ды, Ресейде – 9,1%-ды құрайды. 
Ресей  Федерациясымен  және  Беларусь  Республикасымен  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістіктің  құрылуына  байланысты  күшейіп  келе  жатқан  бәсеке, 
сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі ниеті дамудың 
келешектегі жолы – инновациялық экономикаға жеделдетіп өтуді айқындап берді. 
Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  Бәсекеге  қабілеттілік  туралы  2011  – 
2012  жылдарға  арналған  жаһандық  есебіне  сәйкес  инновациялылықтың  және 
инновацияларды бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан 
Бангладеш  (113),  Монғолия  (112),  Мали  (116)  сияқты  елдердің  арасында  114 
орынды иеленген. 
Бұл ретте соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға жұмсаған шығыстары орта есеппен жалпы ішкі өнімнің 
0,21%-ын құрады, ал бұл көрсеткіш Финляндияда елдегі жалпы ішкі өнімнің 3,49%-
ын,  Кореяда –  3,64%-ын,  АҚШ-та –  2,6%-ын,  Қытайда  –  1,44%-ын,  Экономикалық 
даму  және  ынтымақтастық  ұйымы  (ЭДЫҰ)  елдерінде  орта  есеппен  –  2,24%-ын 
құрайды. 
Тұтастай  алғанда,  бүгінгі  күні  Қазақстандағы  инновациялық  қызметтің 
қомақты  бөлігін  мемлекет  тікелей  ынталандырады  және  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  көпшілігі  мемлекеттік  зертханаларда  жүргізіледі.  Қазақстан 
Республикасы  Статистика  агенттігінің  деректері  бойынша  2010  жылы  ғылыми-
зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстардағы  жеке  сектордың  үлесі 
36,6%-ды  ғана  құрады,  ал  Жапонияда  (78,5%),  Қытайда  (73,3%)  және  АҚШ-та 
(72,6%) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының қомақты 
бөлігін жеке сектор жүзеге асырады. 
Атырау  облысы  бойынша  инновациялық  белсенді  кәсіпорынның  саны  2010 
жылы  9  бірлікті  (2006  жылы  –  22  бірлік,  2009  жылы  –  8  бірлік),  2013  жылы  16 
бірлікті  құрап  отыр.  Белсенділік  деңгейі  2,9%-дан,  3,7%-ға  дейін  артты. 
Инновациялық  технологияға  жұмсалатын  шығын  4,7  есеге  артып,  422,6  млн.тг 
құрады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
202 
 
Алайда  инновациялық  өнім  өсіміне  қарамастан  республика  бойынша  төмен 
деңгейде.  Ал  меншіктік  инновациялық  өнім  өндірісімен  ешкім  айналыспайды. 
Кәсіпорында  ғылыми  –  зерттеу,  жобалық-  конструкторлық  бөлімшелер  саны  10 
бірліктен 15 бірлікке дейін артты. 
2014  жыл  қорытындысы  бойынша  Республика  шегінде  аймақта  13 
зерттеулер және жұмыстар сатылды. 19 зерттеу жұмыстары алынды, оның ішіне  2-
уі шетелден. 
Ғылыми  техникалық  жұмыстар  көлемі  3,3  млрд.тгнемесе  алдыңғы  жылмен 
салыстырғанда 25% артты. 
Атырау Бизнес  – инкубаторы қызмет көрсетеді. Мұнда 25 жоба өз қызметін 
жүзеге асырып отыр. 
Атырау  облысының  ғылыми  –  потенциалы  5  ғылыми  зерттеу 
институттарымен ұсынылады және 2 базалық ЖОО бар. 
1.
 
Атырау мұнай және газ институты
2.
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
3.
 
«КазМұнайгаз» ғылыми – зерттеу жобалық институты
4.
 
Атырау облысының геотехникалық орталығы; 
5.
 
Балық шаруашылығының ғылыми - өндірістік орталығы (Атырау филиалы); 
6.
 
Ауылшаруашылығы  Оңтүстік  –  Батыс  ғылыми  -өндірістік  орталығы  (Атырау 
филиалы); 
7.
 
КазНИГРИ Атырау филиалы. 
Индустриализация  картасы  бойынша  45  млрд.тг.  23  жоба  жүзеге  асырып 
отыр. Жаңа 1,9 мың жұмыс орны пайда болады. 
Бүгінгі күнде Атырау облысы бойынша қоржынымызда құны 30 млрд. Теңге 
болатын 37 жоба бар. Олардың екеуі жүзеге асырылып, 14-і орындалып жатыр, ал 
қалған 21 қаралып жатыр.  
Құрылыс  индустриясының  жіктегішіне  сәйкес  2011  жылы  5,2  млрд.  теңге 
сомасына металл емес минералды өнім шығарылды немесе НКИ 95,8% құрады [6]. 
Саланың  дамуына  кедергі  келтіретін  негізгі  мәселелерінің  ішінде  аса 
маңыздылары 
мекемелердің 
негізгі 
қорларын 
жаңартуға 
және 
жаңа 
технологияларды дамытуды  инвестициялауға мүмкіндік бермейтін  жоғарғы энергия 
жұмсағыштың  пайдалылығының  төмендігі,  жұмысшы  және  инженер  кадрларды 
даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері. 
Құрылыс  индустриясын  және  құрылыс  материалдарының  өндірісін  дамыту 
жөніндегі салалық бағдарламанын іске асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді 
жетілдіру  және  ішкі  сұранысты  қамтамасыз  етуге  және  экспорттық  мүмкіндіктерді 
кеңейтуге  бағытталған жаңа өндірістерді салу жоспарлануда. 
Қазіргі  күні  облыстың  жеңіл  өнеркәсібінде  кәсіпорындардың  90  %-дан 
астамы шағын және орта бизнес субектілері, сонымен бірге сала кәсіпорындарының 
90%-ына  жуығы  жұмыс  қуаты  20-30  %-ды  құрайтын  ескірген  жабдықтармен 
қамтылған. 
Қойылған  мақсаттарға  сәйкес  2010–2020  жылдарға  арналған  Қазақстанның 
индустриаландыру картасын әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен және 
инфрақұрылымның  дамуымен  бірге  өндірістік  қуаттарды  оңтайлы  орналастыру 
схемасы қосылады. 
Жақын  келешекте  ғылым  және  инновацияны  дамыту  саласында  өңірлік 
қолдаудың негізгі бағыттары: 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
203 
 
-  жоғары  технологиялар  өнімдерінің  экспортына  бағдарланған,  ғылымды  қажет 
ететін, қор жинақтаушы және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған 
зерттеулерді дамыту; 
- ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу болып 
табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет