Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4(39), 2015



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата03.03.2017
өлшемі6,15 Mb.
#5651
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 
Дүниежүзілік Банк рейтингісіне сәйкес инновациялылық көрсеткіші бойынша 
Қазақстан  қазіргі  уақытта  Марокко  (91),  Филиппины  (90),  Кения  (89),  Мавритания 
(95) және Ангола (96) сияқты елдермен қатар 92 орында. 
Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  Бәсекеге  қабілеттілік  туралы  2011–
2012  жылдарға  арналған  жаһандық  есебіне  сәйкес  инновациялылықтың  және 
инновацияларды бизнесте пайдаланудың біріктірілген факторы бойынша Қазақстан 
Бангладеш  (113),  Монғолия  (112),  Мали  (116)  сияқты  елдердің  арасында  114 
орынды иеленген. 
Бұл ретте соңғы жылдары Қазақстанның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға жұмсаған шығыстары орта есеппен жалпы ішкі өнімнің 
0,21 %-ын құрады, ал бұл көрсеткіш Финляндияда елдегі жалпы ішкі өнімнің 3,49%-
ын,  Кореяда –  3,64%-ын,  АҚШ-та –  2,6%-ын,  Қытайда  –  1,44%-ын,  Экономикалық 
даму  және  ынтымақтастық  ұйымы  (ЭДЫҰ)  елдерінде  орта  есеппен  –  2,24%-ын 
құрайды [2]. 
Тұтастай  алғанда,  бүгінгі  күні  Қазақстандағы  инновациялық  қызметтің 
қомақты  бөлігін  мемлекет  тікелей  ынталандырады  және  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  көпшілігі  мемлекеттік  зертханаларда  жүргізіледі.  Қазақстан 
Республикасы  Статистика  агенттігінің  деректері  бойынша  2010  жылы  ғылыми-
зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстардағы  жеке  сектордың  үлесі 
36,6%-ды  ғана  құрады,  ал  Жапонияда  (78,5%),  Қытайда  (73,3%)  және  АҚШ-та 
(72,6%) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының қомақты 
бөлігін жеке сектор жүзеге асырады. 
Атырау  облысы  бойынша  инновациялық  белсенді  кәсіпорынның  саны  2010 
жылы  9  бірлікті  (2006  жылы  –  22  бірлік,  2009  жылы  –  8  бірлік),  2013  жылы  16 
бірлікті  құрап  отыр.  Белсенділік  деңгейі  2,9%-дан,  3,7%-ға  дейін  артты. 
Инновациялық  технологияға  жұмсалатын  шығын  4,7  есеге  артып,  422,6  млн.тг 
құрады. 
Алайда  инновациялық  өнім  өсіміне  қарамастан  республика  бойынша  төмен 
деңгейде.  Ал  меншіктік  инновациялық  өнім  өндірісімен  ешкім  айналыспайды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
211 
 
Кәсіпорында  ғылыми  –  зерттеу,  жобалық-  конструкторлық  бөлімшелер  саны  10 
бірліктен 15 бірлікке дейін артты. 
2013  жыл  қорытындысы  бойынша  Республика  шегінде  аймақта  13 
зерттеулер және жұмыстар сатылды. 19 зерттеу жұмыстары алынды, оның ішіне  2-
уі шетелден. 
Ғылыми  техникалық  жұмыстар  көлемі  3,3  млрд.тгнемесе  алдыңғы  жылмен 
салыстырғанда 25 % артты. 
Атырау Бизнес  – инкубаторы қызмет көрсетеді. Мұнда 25 жоба өз қызметін 
жүзеге асырып отыр. 
Индустриализация  картасы  бойынша  45  млрд.тг.  23  жоба  жүзеге  асырып 
отыр. Жаңа 1,9 мың жұмыс орны пайда болады. 
Бүгінгі күнде Атырау облысы бойынша қоржынымызда құны 30 млрд. Теңге 
болатын 37 жоба бар. Олардың екеуі жүзеге асырылып, 14-і орындалып жатыр, ал 
қалған 21 қаралып жатыр. 4 ЖШС формасындағы басқарма компаниялар құрылды: 
«КаспийСалт»,  «КС  Транс-Сервис»,  «Атырау»,  «Курмангазы».  Техникалық  және 
азық-түлік  тұзын  шығаратын  кәсіпорындар  қаржыландыру  болмағандықтан 
құрылысы тоқтатылып қалды. Кен орындарын қолдану саласы бойынша 3 жоба бар: 
Индер  ауданындағы  «Джаман-Индер»  құрылысы  топырағын  өңдеу,  Жылой 
ауданындағы  «Көк  –Арна»  участогындегі  құмды  шикізатты  өңдеу,  Қызылқоға 
ауданындағы  «Тоғай» материалдарын өңдеу. 
Атырау  облысының  экономикасы  қалыптасқан  жағдайларға  байланысты 
анық  шикізаттық  бағытқа  ие.  Мұнай-газ  өндіру  саласы  өнеркәсіптік  өндіріс 
құрылымында  үстемдік  етуші  жағдайда  және  шамамен  91%-ды  құрайды. 
Индустриалдық-инновациялық  даму  стратегиясының  және  кейіннен  Үдемелі 
индустриалды-инновациялық  даму  мемлекеттік  бағдарламасының  қабылдануына 
байланысты,  өңірдің  экономикасында  тау-кен  өнеркәсібі  мен  өңдеу  өнеркәсібі 
салаларында  сәйкессіздігінің  болмашы  төмендеуіне  беталысы  анықталды.  Жақын 
болашақта  Қашаған  кен  орнының  іске  қосылатынын  ескерсек,  мұнай-газ 
секторының ролі әлдеқайда артады. 
Сонымен  қатар,  біріктірілген  газ  химиялық  кешенді  іске  қосу,  Атырау  МӨЗ  қайта 
жаңғырту  жобасы  және  басқа  да  жобалар  қалыптасқан  сәйкессіздікті  ұстап, 
экономиканың  шикізаттық  емес  саласының  өндірістік  көлемін  арттыруға  мүмкіндік 
береді. Бұған алғышарттар бар: 
Облыстың өнеркәсіптік  саясатын 7  аудан  және 2  қала  (1  облыстық маңызы бар, 1 
аудандық  маңызы  бар),  үлесіне  өндірілетін  өнеркәсіптік  өнімнің  жалпы  көлемінен 
98%  келетін,  яғни  шешуші    өндірістік  қуаттар  орналасқан,  14  ірі  және  34  орта 
өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптастырады.  
Республикалық тауарлық өндірісте облыстың меншікті салмағы 24,3% -ды құрайды. 
2014  жылы  өнеркәсіп  өнімінің  көлемі  қолданыстағы  бағамен  3376,8  млрд.  теңгені 
құрады, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі- 108,1%. Индербор кентінде  қуаты 
жылына 3,5 млн. дана гипс блоктарын шығаратын «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС  
гипс блоктарын дайындау бойынша  цех пайдалануға берілді. 40 жаңа жұмыс орны 
ашылды. 
Өнеркәсіп  өндірісінің  жалпы  көлеміндегі  үлес  салмағы  108,5%  құрайтын  тау-кен 
өнеркәсібінде  3126 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді [3]. 
2010-2014  жылдарға  арналған  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 
мемлекеттік  бағдарлама  шеңберінде  жалпы  құны  1346,0  млрд.  теңге  11 
инвестициялық жоба іске асырылады [4]. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
212 
 
2013-жылы  7  жобаны жүзеге  асыру  жоспарланған,  бірінші жартыжылдықта 
оның  1  жобасы  -  «Шеврон  МунайГаз  Инк»  компаниясының  құбыр  арматурасын 
өндіретін  зауытыіске  қосылды.  Жобаның  құны  –  6  млрд.  теңге.  Өндірістік  қуаты 
жылына 30 000 дана. 75 жаңа жұмыс орны ашылды. 
2013-жылдың 2-жартыжылдығында тағы 6 жоба іске қосылады. «Тұз» ЖШС 
гипохлорит натрий өндіретін зауыты, жоба құны 450 млн. теңге. Қуаты жылына 30 
мың  тонна.  Ашылатын  жұмыс  орындарының  саны  -  80.  Құрылыс-дәнекерлеу 
жұмыстары аяқталды, енді қондырғыларды орнатып, іске қосу ғана қалды. 
«Розметов» ШҚ-ның ешкі сүтін өндіру мен ешкі шаруашылығы өндірісі. Жоба 
құны  -  300  млн.  теңге.  Қуаты  жылына  -  81  тонна  сүт,  21,6  тонна  йогурт,  15,3 
тоннаірімшік,  4  тонна  ет.  Ашылатын  жұмыс  орындарының  саны  -  35.  Италияда 
шығарылатын сүт сауу құрылғылары мен жануарларға жем-шөп беру мен суарудың 
электронды  және  автоматтандырылған  қондырғыларын  сатып  алуға  келісім 
жасалған. 
«Эко-Техникс»  ЖШС-нің  мұнай  шламын  қайта  өңдеуге  арналған  өндірісті 
жаңғырту. Жоба құны - 508 млн. теңге, қуаты - 10 мың тонна мұнай шламы, 24 жаңа 
жұмыс  орны  ашылады.  Бүгінде  гидроизоляция  жұмыстары  толығымен  аяқталған. 
Жолдарға тас тақтайшалар төселе бастады. 
«Жігермұнайсервис»  ЖШС-нің  өндірісін  (сервистік  қызмет  көрсету, 
телеметрика  жүйесін  қолдану  арқылы  бүйірлеп  бұрғылауды  жөндеу  және 
техникалық сүйемелдеу)жаңғырту. Жоба құны - 900 млн. теңге, қуаты жылына - 15 
скважина. Жаңа жұмыс орындары - 14. 
«Селбаев» ЖК-нің газ-бетон блоктары өндірісі. Жоба құны  - 40 млн. теңге, 
қуаты  тәулігіне  -  30  текше.  Жаңа  жұмыс  орындары  -  12.  Құрылыс-дәнекерлеу 
жұмыстары аяқталып, қондырғылар орнатылды, нысан іске қосылуға дайын. 
«Первомайск  БК»  ЖШС-нің  сүт  және  сүт  өнімдерін  өндіретін  тауарлық  сүт 
фермасының құрылысы. Жоба құны - 2036 млн. теңге. Қуаты - 1500 тонна сүт және 
сүт  өнімдері.  Жаңа  жұмыс  орындары  -  42.  Бүгінде  әкімшілік-тұрмыстық  корпустың 
құрылыс-дәнекерлеу жұмыстары мен қажетті инфрақұрылымдар аяқталуға жақын. 
Астананың Жаңа Университеті ашылу салтанаты және Елбасының қатысуымен 
индустриялық объектілердің тұсаукесері бойынша Телекөпір өткізу шеңберінде Атырау 
облысынан  «Брандо»  ЖШС  бір  пайдаланатын  шприцтер  шығаратын  зауыт 
таныстырылып,  іске  қосылды.  Сонымен  қатар,  Индер  ауданында  –  құрғақ  құрылыс 
қоспаларын шығаратын зауыт, «Биас Тек» ЖШС, Атырау қаласында  - газтурбиналық 
жабдықтарды  жөндеу  және  сервистік  қызмет  көрсету  зауыты,  «Казтурборемонт» 
ЖШС,  тұрғын  үй  құрылысы  үшін  жеңілдетілген  панелдер  шығаратын  зауыт, 
«Констракшн KZ» ЖШС іске қосылды. 
2010  жылдың  екінші  жартыжылдығында  үш  жоба  жүзеге  асырылды: 
«Металлпродукт»  ЖШС-і  Жылыой  ауданында  металл  жаймаларды  шығаратын 
комбинат,  «Жайық  Агро»  КМК  Атырау  қаласында  жылыжай  және  көкөніс  сақтау 
қоймасының  құрылысы,  Атырау  Жылу  Электр  Орталығының  4-ші  кезегін  кеңейту 
құрылысы. 
Одан  басқа,  Атырау  мұнай  өңдеу  зауытын  жетілдіру  және  газ  химиялық 
кешеннің құрылысы сияқты сметалық құны 1310,6 млрд. теңге екі ірі жобаның іске 
асырылуы басталды.  
Үдемелі  индустриялық–инновациялық  даму  бағдарламасын  іске  асыру 
мақсатында  облыс  әкімдігінің  2009  жылғы  29  қыркүйектегі  №217  қаулысымен 
үдемелі  индустриялық–инновациялық  даму  жөніндегі  Үйлестіру  кеңесі  құрылды, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
213 
 
мәжілістерінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы қарастырылып, шешімдер 
қабылдайды. 
Облыс  аумағында  4  машина  жасау  компаниясы    жұмыс  жасайды: 
«Атыраунефтемаш»  ЖШС,  «Қарашұңғыл»  ЖШС,  «Доссормұнаймаш»  ЖШС-мен, 
«КазТурбоРемонт» ЖШС.  
Құрылыс  индустриясын  және  құрылыс  материалдарының  өндірісін  дамыту 
жөніндегі салалық бағдарламанын іске асыру шеңберінде қолданыстағы өндірістерді 
жетілдіру  және  ішкі  сұранысты  қамтамасыз  етуге  және  экспорттық  мүмкіндіктерді 
кеңейтуге  бағытталған жаңа өндірістерді салу жоспарлануда. 
Қазіргі күні облыстың жеңіл өнеркәсібінде кәсіпорындардың 90%-дан астамы 
шағын  және  орта  бизнес  субектілері,  сонымен  бірге  сала  кәсіпорындарының  90%-
ына жуығы жұмыс қуаты 20-30%-ды құрайтын ескірген жабдықтармен қамтылған. 
Сала  дамуының  беталысы  жалпы  облыстық  өнеркәсіп  көлеміндегі  үлесінің 
төмендеуі,  жұмыс  орындарының  қысқартылуымен,  отандық  тауар  өндірушілердің 
шетелдік  өндірушілермен  ішкі  нарықтан  ығыстырылып  шығаруымен  сипатталады, 
бұл апатты сипат алуда. 
Фармацевтикалық өнеркәсіпте 14,9 млрд. теңге өнім өндірілді, НКИ 146,1%-
ды құрады. Республикалық өндіріс көлемінің үлесі 2008 жылмен салыстырғанда екі 
есеге өсіп, 0,2%-ды құрады. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Саладағы  бар  проблемалар  отандық  өндірілген  өнімнің  түр-түрінің  «тар» 
ассортиментімен, өндірілген өнімнің халықаралық стандарттарға (GMP и ISO 13485) 
сәйкес еместігімен және саланың дамуын реттейтін нормативтік-құқықтық базаның 
кемел еместігімен байланысты. 
Саланың  дамуы  үшін  мемлекеттік  қолдаудағы  секторлық  және  жобалық 
шаралар  көрсетіледі,  оның  ішінде    дәрілік  қаражаттарды  мемлекеттік  сатып  алу, 
білікті  кадрлар  ресурстарымен  қамтамасыз  ету,  техникалық  регламентін  жасақтау 
және енгізу, тікелей инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау [5]. 
Қойылған  мақсаттарға  сәйкес  2010–2020  жылдарға  арналған  Қазақстанның 
индустрияландыру картасын әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасымен және 
инфрақұрылымның  дамуымен  бірге  өндірістік  қуаттарды  оңтайлы  орналастыру 
схемасы қосылады [6]. 
Жақын келешекте ғылым және инновацияны дамыту саласында өңірлік қолдаудың 
негізгі бағыттары: 
- жоғары технологиялар өнімдерінің экспортына бағдарланған, ғылымды қажет 
ететін, қор жинақтаушы және экологиялық таза өндірістерді әзірлеуге бағытталған 
зерттеулерді дамыту; 
- ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесу 
болып табылады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстан  -  2030»  стратегиясы 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 
2014 жыл, 12 желтоқсан //http:www.akorda.kz/. 
2  Аубакиров  Я.  Индустриально–инновационная  программа  веление  времени  
Материалы  международной  научно-практической  конференции  “Теоретические  и 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
214 
 
практические  аспекты  индустриально–инновационного  развития  Республики 
Казахстан”.- Алматы. КазНУ имени Аль-Фараби, 2012.- Ч.2.- С. 249-255. 
3.  Қазақстан  Республикасы  Статистика  агентігінің  өнеркәсіп  көрсеткіштері 
//http:stat.kz/digital/Pages/drfault.aspx. 
4. Абдреймова А.Н. Қазақстан Республикасының индустриалды–инновациялық даму 
жолындағы жобалық менеджменттің алатын орны. Астана, 2010 ж. 
5. ҚР статистика агенттігінің (www.stat.gov.kz) деректері. 
6.  Основные  направления  развития  и  размещения  производительных    сил 
Казахстана на период до 2020 года..под.ред А Есентугелова.-Алматы 2002 -656 с. 
 
Резюме 
 
В статье показано, что важнейшими приоритетами в области индустриально-
инновационного  и  экономического  развития  является  признание  приоритетного 
значения  инновационной  деятельности  для  повышения  эффективности  уровня 
технологического  развития  общественного  производства,  конкурентоспособности 
наукоемкой продукции, качества жизни населения и экономической безопасности. 
 
Summary 
 
The  article  shows  that  the  most  important  priorities  in  the  field  of  industrial, 
innovative and economical development of the country is the recognition of the priority 
values of innovative activity to improve the efficiency level of technological development 
of social production and the competitiveness of high-tech products, the quality of life and 
economic security. 
Қабылданған күні 09.11.2015 ж 
 
 
ӘОЖ 341.43 
 
Н.А. Қобдабаева, Э.И. Куккузова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік Университеті,  
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212 
E-mail: 
nurgul_1981@mail.ru

el_07@mail.ru
 
 
 БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   
 
Аңдатпа 
Босқындар  проблемасы  көкейтесті  проблемалардың  бірі  болып  табылады, 
оның айналасында көптеген жылдардан бері мемлекеттердің саяси, экономикалық, 
ұлттық  және  басқа  мүдделерімен  байланысты  шиеленіскен  және  сөнбейтін  күрес 
жүруде. 
Негізгі сөздер: 
босқындар құқығы, босқын, халықаралық шарттардың нормалары, 
халықаралық-құқықтық тәсілдеме негіздері. 
 
КІРІСПЕ   
Үлкен  монографиялық  ғылыми  еңбектің  авторлары  Гай  С.,  Гудвин–Гилл 
айтқандай  «босқын»  термині  қатаң  термин  болып  табылады,  яғни  оның  мазмұны 
жалпы  халықаралық  құқық  қағидаларына  сәйкес  анықталады.  Күнделікті 
қолданыста ол мейлінше кең және барынша шектелген, ол өзі шыдауға мүмкін емес 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
215 
 
деп  тапқан  табиғи  немесе  жеке  сипаттағы  жағдайлардан  қорғануға  ұмтылып 
қашатындардың  бәрін  белгілейтін  термин.  Адам  қайда  қашып  барады  —  маңызды 
емес:  әңгіме  еріксіздіктен  және  қауіптен  қашу  туралы.  Қашудың  себептері  де  өте 
көп  болуы  мүмкін:  бұл  құлдық,  еркіндік  пен  өмірге  қауіптің  төнуі,  қуғындалу, 
кедейшілік,  соғыс  немесе  азаматтық  қақтығыстар, табиғи  апаттар, жер  сілкінісі,  су 
тасқыны,  құрғақшылық,  аштық  және  т.б.  «Босқын»  сөзінің  қорытындыланған  мәні 
мүдделі тұлғаға көмек көрсету мүмкін және керек, қажет болған жағдайда қашуды 
тудырған  себептен  және  оның  салдарынын  қорғау.  Сондықтан  босқындар 
категориясынан  көбінесе  әділ  соттан  қашқан  «қашқындар»  алып  тасталады  — 
жалпы,  саяси  аспектісіз  заңды  бұзғаны  үшін  қылмыстық  қудалаудан  сақтанушы 
тұлға [1]. 
   
 «Босқын»  ұғымының  салалық  (халықаралық-құқықтық)  мазмұны  одан  да 
көбірек  шектелген.  Мысалы,  оған  «экономикалық  босқындар»  (бұл  терминнің  өзі 
әдетте  қолданылмайды)  енгізілмейді.  Олардың  проблемаларының  шешімі,  мүмкін, 
халақаралық көмек пен даму аясына жатады және басқа мемлекет территориясында 
шектеусіз уақыт ішінде қорғану баспана институтымен байланысты емес. 
    
«Босқын»  ұғымының  шекарасын  анықтау  ауыр  жағдайға  душар  болған 
адамдардың  қажетсінуін  тез  қамтамасыз  етуге  кедергі  келтіретін  казуистика  мен 
семантикадағы  лайықсыз  жаттығу  сияқты  көрінеді.  Соған  қарамастан,  мемлекет 
босқын  мәртебесі  мен  баспананы  немесе  сол  жерде  қорғануды  кімнің  қолдана 
алатынын  айқындау  кезінде  барынша  шектейтін  критерийлерге  көндіреді.  Дүлей 
апат құрбандарына қатысты ерекше қажеттіліктің болу фактісі жеткілікті негіз бола 
алады,  бірақ  адамнан  келген  жағдайлар  мен  апаттар  құрбандарына  қатысты 
қосымша факторлардың болуы талап етіледі. Сонымен, босқындар категориясының 
кез  –  келген  анықтамалары  мен  сипаттамаларын  құрудың  мақсаты  —  көмек  пен 
қорғау көрсетуді жеңілдету мен негіздеу; одан өзге, егер тұлғаның жағдайы қажетті 
критерийлерге сәйкес келетін болса, онда оның сәйкес құқықтар мен жеңілдіктерге 
үміткер бола алатындығын куәландырады. Сондықтан, халықаралық құқыққа сәйкес 
босқындар  категориясының  сипаттамасын  анықтай  отырып,  дәстүрлі  бөлінетін 
қайнар  көздерді  – шарттар  мен  мемлекеттер тәжірибесін  – талдау керек,  сонымен 
қатар  босқындар  проблемаларын  шешу  үшін  халықаралық  қауымдастықпен 
құрылған әр түрлі ұйымдардың процедуралары мен тәжірибелеріне де көңіл аудару 
қажет.  
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
    
«Босқын»  ұғымының  анықтамасы  халықаралық  құқықта  екі  негізгі 
құжаттарда  бар:  1951  жылғы  БҰҰ  «Босқындар  мәртебесі  туралы»  конвенциясында 
және соның босқындар мәртебесіне қатысты 1967 жылғы Хаттамасында.  
Бұл актілердің арасында бірнеше айырмашылықтар бар, жекелеп айтқанда, 
1951  жылғы  БҰҰ  Конвенциясы  уақыт  бойынша  және  географиялық  шектеулерді 
қарастырады,  яғни  ол  Еуропада  орналасқан  елдерге  қатысты  қолданылады  және 
1951  жылдың  1  қаңтарына  дейін  өткен  уақиғалар  нәтижесінде  босқынға 
айналғандарға  қатысты  болады.  Ал  1967  жылдың  Хаттамасына  келетін  болсақ,  ол 
жоғарыда айтылған шектеулерді жояды және онсыз-ақ мемлекеттерге қатысты және 
нәтижесінде  босқындар  проблемасы  пайда  болған  немесе  пайда  болатын  кез  – 
келген  жағдайға,  мейлі  ол  бұрын  болсын  немесе  келешекте  болатын  болса  да  
қолданылады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
216 
 
Осыған  байланысты  мемлекеттердің  жоғарыда  көрсетілген  құжаттарға 
қатысуын  ескеру  қажет.  Қазақстан  Республикасы  екі  құжаттың  да  қатысушысы 
болғандықтан,  Қазақстан  Республикасының  Конституциясының  4  бабының  3  т. 
сәйкес  бұл  актілер  Республика  территориясында  тікелей  әрекет  етеді  және  ішкі 
заңдар  оған  қарама  қайшы  болса,  онда  ішкі  заңдардың  нормалары  емес 
халықаралық шарттардың нормалары қолданылады. 
    
«Босқындарға»  анықтама  беру  әрекеті  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  құрылмай 
тұрғанда  да  жасалынған,  атап  айтсақ,  Ұлттар  Лигасы  қамқорлығымен  жасалған 
шарттар мен келісімдер [2].  
Онда атаулы «топтық тәсілдеме» қолданылды. Бұл кездегі қажетті шарттар 
келесідей болды:  
а)  тұлға өзі туылған жерден тыста болуы керек 
б) осы мемелекеттің қорғанысын пайдаланбауы керек.  
   
Мысалы,  «орыс  босқындары»  1926  жылы  «Советтік  Социалистік  Одақтар 
Республикалары үкіметінің қорғанын пайдаланбайтын немесе енді пайдаланбайтын 
және  басқадай  азаматтық  алмаған,  орыс  ата-текті  кез-келген  адам»  ретінде 
анықталды. «Армян босқындары» ұғымының да мазмұны тура осыған ұқсас болды. 
Көрсетілген анықтамалар орыс және армян босқындарының жеке басының куәлігін 
беруге  қатысты  1926  жылдың  12  мамырындағы  Келісімде  болды.  Бұл  жағдайда 
тұлғаның  туған  жерінен  тыс  жерде  болуы  тікелей  талап  етілген  жоқ,  бірақ  ол 
ұйғарылған  еді,  өйткені  келісімнің  мақсаты  жүруді  және  көшіп-қонуды  қамтамасыз 
ету үшін жеке басының куәлігін беру болды. Егер жеке басының куәлігін алған адам 
өзінің  ата-тегіне  оралатын  болса,  онда  Жеке  басының  куәлігі  өзінің  күшін  жояды. 
Нәтижесінде  мұндай  тәсілдеме  Германиядан  қашқан  адамдар  туралы  1936  жылғы 
келісімдерде қолданылды. 
    
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  соң  «босқын»  ұғымының  анықтамасының 
мейлінше  айқын  критерийлері  тұжырымдалды.  Бұл  туралы  Босқындар  істері 
бойынша  Халықаралық  Ұйымның  (БХҰ)  жарғысы  және  кейінірек  қабылданған 
Босқындар  істері  бойынша  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Жоғарғы  Комиссарының 
Жарғысы  (БЖКБ  БҰҰ)  және  БҰҰ  1951  жылғы  босқындар  мәртебесі  туралы 
Конвенциясы көрнекі куәландырады. 
    
БХҰ Жарғысы көмек көрсетілуі қажет адамдар категориясын көрсете отырып, 
алдыңғы  құжаттардың  ережелерін  көрсетті.  Мысалы,  «босқындар»  қатарына 
ұлтшылдық,  фашистік  немесе  квислингтік  режимдердің  құрбандары;  еврейлік  ата-
текті кейбір тұлғалар; ұлтшыл қуғыншылықтың құрбаны болған шетелдіктер немесе 
азаматтығы  жоқ  тұлғалар  жатқызылды;  сонымен  қатар,  нәсілі,  діні,  ұлты  немесе 
саяси көзқарасы белгілері бойынша екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі 
босқындар деп танылған тұлғалар жатқызылды. Одан өзге, БХҰ Жарғысы босқындар 
қатарына  бұрын  азаматы  болған  және  тұрған  мемлекеттің  қорғанысын  қолдана 
алмайтын немесе қолданғысы келмейтін тұлғаларды да кіргізді [3]. 
    
Босқындар  істері  бойынша  БҰҰ  Жоғарғы  Комиссарының  Басқармасын 
босқындармен айналысатын негізгі мекеме рөлінде БХҰ алмастырды. Осы кезеңнен 
бастап  халықаралық-құқықтық  тәсілдеме  негіздерінде  «босқындар»  ұғымы  БҰҰ, 
БЖКБ Жарғысы және мемлекетаралық шарттар құжаттарында бекітіле бастады. 
    
Жарғы  алғаш  рет  ертерек  бекітілген  әр  түрлі  шарттар  мен  келісімдерге 
сәйкес босқын болып табылатындарды БЖКБ құзыретіне бағындырды. Одан өзге, ол 
1951  жылдың  1  қаңтарына  дейін  болған  жағдайлар  нәтижесінде  өзінің  ата-тегінен 
сыртта  жүрген  (босқын  азаматы  болып  табылатын  елдің,  ал  азаматтығы  болмаған 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
217 
 
жағдайда – оның бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінің елі) және «қудалау құрбаны 
болудың толық негізделген қаупіне байланысты» оның қорғауын қолдана алмайтын 
немесе қолданғысы келмейтін босқын болып қалғандарға көрсетеді. Оларға кезінде 
босқындар  мәртебесін  беруге  негіз  болған  жағдайлардың  енді  жоқ  екеніне 
қарамастан,  қуғындалуға  бұрын  ұшыраған,  қайта  алмайтын  тұлғалар  да  жатады. 
Жарғы саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір 
әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің 
негізделген  қаупі  төнуі  себепті  өзі  азаматы  болып  табылатын  елден  тыс  жерде 
тұруға  мәжбүр  болған  және  осындай  қауіп  салдарынан  өз  елінің  қорғауын 
пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе 
осындай  қауіп  салдарынан  өзінің  бұрынғы  кәдуілгі  тұрғылықты  елінен  тыс  жерде 
тұрып  жатқан,  оған  қайтып  орала  алмайтын  немесе  қайтып  оралғысы  келмейтін 
азаматтығы жоқ адамдарға да таралады.   
   
 Бұл  анықтама  қолданылу  аясы  бойынша  әмбебап,  өйткені  қандай  да  бір 
уақыт  бойынша  немесе  географиялық  шектеулер  жоқ.  Ол  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  қорғауына  және  көмегіне  кімнің  құқығы  бар  екенін  анықтау  кезінде 
маңызды тірек нүктесі болып табылады, өйткені өзінің мемлекеті тарапынан қорғау 
болмаған жағдай босқындарды кәдімгі шетелдіктерден  айрықшалайды. 
    
Айтылғандардан  көріп  отырғанымыздай,  Жарғы  «босқын»  ұғымының 
анықтамасына  екі  жақты  тәсілдеме  болжайды.  Бір  жағынан,  ол  босқындардың 
топтары  мен  категорияларына  таралады  (жоғарыда  айтылып  кеткен,  «топтық 
тәсілдеме»),  екінші  жағынан  –  жеке  тұлғаларға  (жеке  тәсілдеме),  әрбір  нақты 
жағдайдағы  субъективті  және  объективті  кезеңдердің  бағалануы  керек  болған 
кезде. 
    
Осы  анықтама  1951  жылғы  БҰҰ  –  ның  босқындар  мәртебесі  туралы 
Конвенциясында  және  босқындар  мәртебесіне  қатысты  1967  жылғы  Хаттамада 
айтылды.   
    
Конвенцияның  1  бабында  «босқын»  терминіне  жалпы  анықтама  берілген: 
бұлар «1951 жылдың 1 қаңтарына дейін болған жағдайлар нәтижесінде және саяси 
сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік 
топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген 
қаупі  төнуі  себепті өзі  азаматы  болып табылатын  елден  тыс  жерде тұруға  мәжбүр 
болған  және  осындай  қауіп  салдарынан  өз  елінің  қорғауын  пайдалана  алмайтын 
немесе  қорғауын  пайдаланғысы  келмейтін  шетелдіктер  немесе  осындай  қауіп 
салдарынан  өзінің  бұрынғы  кәдуілгі  тұрғылықты  елінен  тыс  жерде  тұрып  жатқан, 
оған  қайтып  орала  алмайтын  немесе  қайтып  оралғысы  келмейтін  азаматтығы  жоқ 
тұлға» [4]. 
    
Конвенция  ережелерін  1951  жылдың  1  қаңтарына  дейін  орын  алған 
уақиғалар  нәтижесінде  босқындарға  айналған  тұлғалар  ғана  пайдалана  алады. 
Дегенмен  одан  ары  босқындар  тек  қана  екінші  дүниежүзілік  соғыс  нәтижесі  емес, 
оның салдарлары да болып табылды. 
    
Осыған  байланысты  көрсетілген  шектеулерді  болдырмайтын  қосымша 
құжаттарды  қабылдау  қажеттігі  туындады.  Осындай  құжат  болып  босқындар 
мәртебесіне  қатысты  қабылданған  1967  жылғы  Хаттама  табылды.  Хаттама 
Конвенция әрекетін «жаңа босқындарға» таратты, яғни Конвенциядағы анықтамаға 
сәйкес  келе  отырып,  1951  жылдың  1  қаңтарынан  кейін  болған  уақиғалар 
нәтижесінде босқынға айналған тұлғаларға да таратты.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
218 
 
    
БЖКБ мандатына жататын және халықаралық қауымдастықтың қорғауы мен 
көмегіне  құқығы  бар  босқындар  қатарына  тек  қана  белгілі  бір  мотивтер  бойынша 
қудалаудан  толық  негізді  қауіптенетін  жеке  тәртіпте  анықтауға  болатындар  ғана 
емес  («Жарғыға  сәйкес  босқындар»),  сонымен  қатар  өзінің  ата-тегі  мемлекетінің 
қорғауынсыз  қалғанын  анықтауға  немесе  болжауға  болатын  тұлғалардың  үлкен 
топтары да жатады (оларды қазір «жер аударған» тұлғалар немесе БЖКБ «уәкілдігі 
шеңберіне  кіретіндер»  деп  те  атайды).  Әрбір  жағдайдағы  өте  маңызды  мәселе 
әңгіме  болып  отырған  тұлғалардың  мемлекетаралық  шекаралардан  өтуі  және  осы 
топтың  қашуын  осы  елдегі  қақтығыстармен  немесе  радикалды  саяси,  әлеуметтік 
немесе  экономикалық  өзгерістермен  байланыстыруға  болатындай  болуы  керек. 
Адамның негізгі құқығы қатерде қалған жағдайда онда өзекті фактор болып зорлық 
немесе  тәуекел,  немесе  зорлық  қаупі  табылады,  бірақ  тек  қана  белгілі  бір 
жағдайларда;  таза  экономикалық  мотивпен  орын  ауыстырушылар,  өзінің  пайдасы 
үшін немесе қылмыстық ниетпен жер ауыстырушылар БЖКБ мандатының қорғауына 
түспейді. 
    
Одан  өзге,  БЖКБ  өз  елінің  ішінде  орын  ауыстырушы  тұлғаларға  да  көмек 
көрсете  алады  және  қайтқан  босқындар  мен  «ел  сыртына  орын  ауыстырған 
тұлғалардың»    ақталуына  және  қайта  бірігуіне  ықпал  ете  алады.  Кейбір 
жағдайларда  БЖКБ  ел  ішінде  орын  ауыстырғандарды  қорғай  алатынын,  бірақ 
мұндай  қызмет  үшін  құқықтық  база  соншалықты  айқын  анықталмағанын  соңғы 
уақыттардың  тәжірибесі  көрсетеді.  Бұрын  ел  ішінде  орын  ауыстырған  тұлғаларды 
қорғау  мен  көмек  көрсету  ерекше  жағдайларда  болатын,  бірақ  қазір  мұндай 
операциялар бірте – бірте көбірек жүргізілуде. Мұндай әрекеттердің БЖКБ-ның рөлі 
мен міндетін анықтау үшін және ресурстарды бөлуде үлкен маңызы бар, бірақ олар 
босқындардың халықаралық – құқықтық мәртебесі туралы сұрақтарға нақты жауап 
беруде шектеулі мәнге ие болады.  
    
Осы  аядағы  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың  тәжірибесі 
«босқын»  ұғымының  мағызын  жалпы  халықаралық  құқықта  толықтырады  және 
байытады.  Дегенмен  бұл  жерде  кемшіліктер  де  бар.  «Өзінің  шыққан  мемлекетінің 
қорғауын  ала  алмаған  немесе  оны  пайдалану  қабілеті  жоқтар»  категориясына 
жататын тұлғалар жағдайы көп сұрақтар туғызады.  
    
Одан  басқа,  «босқын»  терминінің  анық  емес  мазмұны  тура  осыған  ұқсас 
бірдей  емес  құқықтық  салдарға  әкелуі  мүмкін,  осыдан  мемлекеттердің  келесідей 
сұрақтарға қатысты міндеттемелері қандай да бір нақты категорияның мәртебесіне 
тәуелді болады: жер аударудан бас тарту (non-refoulement), шекара арқылы өткізу, 
уақытша  баспана  беру  және  мемлекетке  кіргеннен  кейінгі  арыз  берушілерге 
мемлекеттің  қатынасы.  Көптеген  мемлекеттерде  Жарғымен  қарастырылған  БЖКБ 
міндеттемесі  мемлекеттердің  1951  жылғы  Конвенциямен  немесе  1967  жылғы 
Хаттамаға 
немесе 
регионалдық 
келісімдерге 
сәйкес 
міндеттемелерімен 
толықтырылады. Дегенмен бұл механизм тиімділігі жеткіліксіз, өйткені мемлекеттер 
міндеттемелері мен БЖКБ міндеттемелері арасында келіспеушілік бар. 
    
«Босқын» анықтамасы, сонымен қатар, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі    N С-
1/14-96  ТМД-ның  Экономикалық  Сотының  шешімінде  де  бар,  оған  сәйкес  тұлға 
босқын деп таныла алады, егер келесі критерийлерді қанағаттандыратын болса:  
    1)  тұлға,  баспана  берген  елдің  азаматы  болып  табылмайды  (қабылдаушы  
мемлекеттің);  
    2) тұлға басқа мемлекет территориясында орналасқан өзінің тұрақты тұрғылықты 
жерін тастауға мәжбүрлі (жөнелтуші мемлекет);  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
219 
 
    3)  тұлғаның  мемлекетті  тастауға  мәжбүрлі  болу  себебі  ─  жасалынған  зорлық 
немесе  басқа нысандағы  қудалау  немесе  тұлғаның  өзіне  ғана  емес  сонымен  қатар 
оның жанұясының мүшелеріне де қатысты нәсілдік немесе ұлттық жағдайына, діни 
нанымына,  тіліне,  саяси  көзқарасына  және  белгілі  бір  әлеуметтік  топқа  жатуына 
байланысты қудалау.   
    4) зорлық пен қудалаушылық жасаудың арасында байланыс бар, өйткені қарулы 
және ұлтаралық қақтығыстарға ілінудің нақты қаупі бар.  
    
Бейбітшілікке,  адамзатқа  қарсы  немесе  басқа  да  қасақана  қылмыстық 
әрекеттер жасаған тұлға босқын деп мойындалмайды.  
Сонымен,  халықаралық  регламенттеуді  қорытындылай  отырып,  өзінің  елін 
төменде  көрсетілген  себептер  бойынша  тастап  кеткен  тұлғаларды  босқындар  деп 
атай аламыз:  
а) сыртқы басқыншылық, оккупация, шетелдік үстемдіктің басқа да нысандары;  
б)  олардың  өмір  сүруінің  материалдық  негізіне  зиян  келтіретін  табиғи  апатты 
құбылыстар;  
в) қандай да бір әлеуметтік топқа жатқаны, саяси және діни көзқарасы болғаны 
үшін қуғын – сүргінге ұшырауының негізделген қатері. 
Өздерінің  құқықтары  бойынша  босқындар  елде  тұрақты  тұратын 
шетелдіктермен  теңестіріледі.  Одан  өзге,  босқындар  өздері  тұратын  мемлекеттің 
азаматтарымен  теңдей  еңбектері  үшін  сыйақыны  алуға  құқығы  бар.  Босқындарға 
олардың  мемлекеттік  шекараны  кесіп  өтуіне  мүмкіндік  беретін  құжаттар  беріле 
алады.  
1951 жылғы БҰҰ Конвенциясы мен 1967 жылғы Хаттаманың қарастырылған 
халықаралық құжаттарында шетелдіктер иммиграция және натурализация бойынша 
Қызметке  баспана  беру  туралы  өтініш  жазады  деп  айтылған.  Бас  тарту  туралы 
шешім соңғы шешім болып табылады және шағым беруге жатпайды, бірақ бастапқы 
берілген өтініш бойынша бас тартуға негіз болған кедергілерді болдырмайтын қажет 
құжаттарды қоса берумен, тағы да бір өтініш жазуға болады. Бұл құжаттардан өзге 
Африкалық  Бірлік  Ұйымының  шеңберінде  1969  жылы  қабылданған  Африкадағы 
босқындар  проблемасының  ерекше  аспектілеріне  қатысты  регионалдық  Конвенция 
жұмыс істейді [5]. 
    
Қазақстан  Республикасында  Ресей  Федерациясындағыдай  арнайы  заңның 
жоқ екенін айта кету керек. Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңына сәйкес, 
босқындар  ұғымы  мен  олардың  құқықтық  мәртебесі  Қазақстан  Республикасының 
1997  жылғы  13  желтоқсанындағы  «Халықтың  көші  –  қоны  туралы»  Заңында 
анықталған.  Көрсетілген  заңға  сәйкес  (1  бап)    босқындар  –  шетелдіктер,  бұлар 
саяси  сенімдері,  нәсілдік,  діни  наным,  азаматтық,  ұлттық  белгілері,  белгілі  бір 
әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің 
негізделген  қаупі  төнуі  себепті  өзі  азаматы  болып  табылатын  елден  тыс  жерде 
тұруға  мәжбүр  болған  және  осындай  қауіп  салдарынан  өз  елінің  қорғауын 
пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе 
осындай  қауіп  салдарынан  өзінің  бұрынғы  кәдуілгі  тұрғылықты  елінен  тыс  жерде 
тұрып  жатқан,  оған  қайтып  орала  алмайтын  немесе  қайтып  оралғысы  келмейтін 
тұлға. 
    
Босқын  режимімен  баспананың  құқықтық  институты  байланыстырылады. 
Баспана  құқығы  өз  мемлекетінде  саяси  көзқарасы,  қоғамдық  қызметі  үшін 
қудаланудан  қорғануға  мәжбүрлі болып,  басқа  елдерден  баспана  іздеу құқығының 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4(39), 2015 
220 
 
әрбір  адамға  берілетінімен  қорытындыланады.  Мұндай  ереже,  әдетте, 
Конституцияларда, елдің басқа заңдарында жазылады.  
    
Ізгілікті  әрекет  бола  отырып,  адамға  баспана  беру  достық  емес  әрекет  
ретінде  қарастырыла  алмайды.  Баспана  құқығы  -  бұл  мемлекеттің  саяси  қызметі 
үшін  өз  елінде  қудалауға  ұшыраған  шетелдік  азаматты  өз  территориясына  кіруге 
және  тұруға  рұқсат  беру  және  бұл  азаматты  оны  қудалаған  мемлекетке  бермеу 
құқығы.   
    
Баспана  екі  нысанда  болады:  территориалдық  –  бұл  азаматқа  басқа 
территорияда  баспана  беру;  дипломатиялық  –  жеке  тұлғаларға  шетелдік 
мемлекеттердің  дипломатиялық  немесе  консулдық  өкілдіктері  территориясында 
баспана беру. 
    
Территориялық  баспана  туралы  1967  жылы  БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясымен 
Декларация  қабылданды, ол  бойынша:  «Әрбір  адам  қуғындалудан  басқа  елдерден 
баспана  іздеуге  және  сол  баспананы  пайдалануға  құқығы  бар.  Бұл  құқық,  шын 
мәнінде,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  мақсаттары  мен  қағидаларына  қарама-
қайшылықта  болатын  әрекеттер  мен  саяси  емес  қылмыстар  жасауға  негізделген 
қуғындалу  жағдайында  қолданыла  алмайды.  Адам  құқықтары  туралы  жалпыға 
бірдей  Декларацияның  14  бабына  сілтеме  жасауға  негізі  бар  тұлғаларға 
мемлекеттердің  баспана  беруі  бейбітшіл  және  қайырымды  әрекет  болып 
табылатынын  және  басқа  ешқандай  мемлекетпен  достық  емес  әрекет  ретінде 
қарастырыла  алмайтынын  тани  отырып  әрбір  адам  кез–келген  елді  тастап  кете 
алады, оның ішінде өзінің елін де. 
    
Дипломатиялық  баспана  Латын  Америкасы  елдерінде  таралған.  1976  жылы 
БҰҰ-ның  Бас  Ассамблеясының  XXII  сессиясында  қабылданған  территориялық 
баспана туралы Декларацияға сәйкес мемлекеттер кімге баспана беру керек екенін 
өздері  шешеді.  Декларацияның  1  бабына  сәйкес,  отаршылдыққа  қарсы  күресуші 
тұлғалар да баспана құқығын пайдалануы керек [6].  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет