шығып кетсең, көресің деп, дікіңдеп тұрған кісілерге
көрінбей, Хақназар бар, үш-төрт жігіт бірінші қабаттағы
қыздардың бөлмесінің терезесінен секіріп түсіп, тура
алаңға қарай тартқан.
Брежнев алаңы – көсіліп жатқан бір кең сауыр.
Күншығыс басынан еңіске қарай шалт құлап, Фурманов
көшесі құлдай түсіп жатыр. Сол көшемен өрлеп,
алаңға таяй бергеңде көрді. Көлік атаулыны қаңтарып
қойып анау баста тұрған ЦК-ның үйінен осы жерге,
«Береке» гастрономына шейін сіресіп қалың әскер тұр
екен. Милиция, өрт сөндірушілер, шекара әскерінің
курсанттары, ішкі әскер – бәрі тұр. Тура кинодағыдай.
Самсаған сары қол.
Бұлар таяқ тастам жерге тақап қалғанда байқады: арғы
шеттен лықси төгіліп кеу-кеулеп келе жатқан көп жұрт
іргесін бұзбай, иін тіресе, сап түзеген қалың әскердің
қатарын сөгіп шыға алмай тұр екен. Бір уақытта, бұйрық
берілсе керек, қолында биік қалқаны, резеңке таяғы
бар әскер елді сабай бастаған. Айғай-шу, бақырған
дауыс естілді. Бұлар сияқты сырттан қызықтауға келген
ел мынаны көріп, аңырып қалды. Кенет сапты бұзып,
бір топ жігіт атып шықты. Олардың соңынан арттағы
қалың жұрт та бері қарай төгілген. Осы кезде бағанадан
ештеңеге араласпай тұрған курсанттар қоршауды
жарып шыққандарды тепкілеуге кірісті. Айнала астаң-
20
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
кестең болып кеткен. Әсіресе қыздардың шыңғырған
дауысынан құлақ тұнады. Сапты жарып шыққан жаңағы
топтың арасынан қазақтың бір жас қызы ылдиға, бұл
кезде гастрономды жағалап келе жатқан Хақназардың
тобына қарай жанұшыра жүгірген. Бұларға жеткенше
екі аттамдай ғана жер қалған еді, үлгертпеді. Тасырлата
жүгіріп, қуып жеткен бір әскер тобықтан теуіп қалып,
қызды жалп еткізді. Аяғы көктен келіп, оңбай құлаған
бейшара қыздың басы дүңк етіп бордюрге тиіп, қызыл
қан бұрқ ете қалды. Оған қараған әскер жоқ, уыстап
тұрып шашынан ұстап алып, лақ тартқандай өрге қарай
сүйрелей жөнелген. Қыздың артынан келіп қалған екі-
үш қазақ жігітін де бұл кезде қолында сапер күрегі бар
бір топ солдат алдынан шығып, қаумалап ұстап алған
еді. Қыздың шыңғырған дауысын естіп біреуі оған
тұра ұмтылды, бірақ қайдан жетіп келгені белгісіз,
бір ұзын милиционер әлгіні шіреніп тұрып іштен теуіп
қалды. «Алла!» деп ана жігіт бұратыла құлаған. Мынау
енді тепкілей бастады. Бұл кезде Хақназар да қарап
тұра беруге шыдамаған еді. Қызды сүйреп бара жатқан
пропорщикті қуып жеткен. Қоя бер деп ананың қолынан
ұстаған еді, өңкиген жуан неме қолын қағып жіберіп
«пошел ты на.., овца!
*
деп боқтап жібергені. Қаны
басына шапқан Хақназар лып етіп оңға шығып, көз
ілеспес жылдамдықпен прапорщикті иек тұстан салып
қалды. Анау буыны ұстамай, сылқ етіп құлаған. Келесі
сәтте Хақназар жерде жатқан қызды қолтығынан ұстап,
тұрғызып алды. Еліктің лағындай ғана кішкентай қыз.
«Жүре аласың ба» деп сұрап еді, қыз болар-болмас бас
изеген. «Ал енді қашайық» деп жүгіргенше болған жоқ,
көзі жарқ ете қалып, етпетінен түскенін біледі.
Есін жиғанда, өне бойы сырқырап ауырып жатыр
екен. Екі солдат екі аяғының басынан ұстап алып, қара
жермен дырылдатып сүйреп келеді. Әй-шайға қаратқан
жоқ, бас-аяғын сілке ұстай көтеріп, қап лақтырғаңдай
үстіне брезент жабылған жүк машинесіне тастай салды.
Көк ала қойдай қылып әбден тепкілесе керек, белі шым
ете қалып, еріксіз ыңырсыған. Бортта кейбіреуінің қолы
* Кет бар.., саулық қой! - ор.
21
ҚАРАӨЗЕК
байлаулы, кейбірі шалажансар ғана, қан-жоса болып
өзі сияқты жас жігіттер жатыр. Қыздар да бар сияқты.
Кеспелтек таяқ ұстаған бірнеше солдат баса шығып,
үстеріне отырған.
Бір уақытта адам тиеген көлік әлдебір жерге келіп
тоқтады. Артқы бортты ашқанда көрді, қаптаған солдат
пен милиционер. Милиция бөлімінің қорасы болса
керек. Көп ұзамай-ақ бұларды бір-бірлеп жұлқып түсіре
бастаған. Одан кейін біріне бірі қарама-қарсы, екі қатар
болып тұрған топ солдаттың ортасынан өткізді. Оның
мәнісі: машина тұрған жерден бастап, КПЗ-ның
*
темір
торлы есігіне дейінгі аралық – шамамең жүз қадамдай
жер, жүгіріп өтуің керек, ал екі жақта тұрған әскер сен
«қарақшыға» жеткенше резеңке таяқпен бас-көз демей
сабайды. Тура патша заманындағы экзекуция.
Алдыңғылардың таяқты ауырсынып ботадай
боздағанын көрген кейінгілер артқа серпілген.
Офицерлер айғайлап, тепкілесе де, аттап баспай қойды.
Сол кезде, мұндай ақылды болар ма, анадай жерде
арпылдап, жұлқынып тұрған көп итті босаттырған.
Талауға түскен жігіттер еріксіз қолымен басын жауып,
жонарқасын таяққа төсеп, тұра жүгірді. Аласа бойлы,
бір бала жігіт жүгіріп бара жатып құлап қалып еді, қуып
жеткен овчарка иті жалма-жан жұлмалай бастаған.
Әлгінің «ағатайлар-ай, әкетіңдерші мынаны, ағатайлар-
ай!» деп құлындаған дауысы құраққа жетсе де, ешкім
міз бақпаған.
– Иә, жігіттер, бұл бір жосын нәрсе болды, – деді
шашы тікірейген отыздардағы қара жігіт, бәрі қамауға
түсіп, темір есік тарс етіп жабылғанда, – тіпті ес
жиғызбады ғой, әкеңді...
Рас, ес жидырмады. Осының бәрі қас пен көздің
арасында өтіп еді. Хақназарға түс сияқты көрінген. Тіпті
өз көзіне сенбей отыр еді: бір ауыз сөзге келмей, итше
сабағанды кім көрген.
Біреу ыңырсыды. Шөке түсіп отырған бұрыштағы
жігіт екен. «Оң қолы шығып кетіпті, не істеу керек,
жігіттер?» деді қасында отырған біреу. «Есікті қағып,
* Алдын ала қамау камерасы. – (ор.аббревиатура).
22
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
айтайық ана иттерге, скорый шақырсын» деді тағы біреу.
Әлгі «ес жиғызбады ғой» деген қара жігіт кісілердің
арасымен өтіп барып, темір есікті қаққан.
– Чё, чё надо?! – деп ар жақтан біреу айғай салды.
– Адам өлгелі жатыр, дәрігер керек!
2.
Кешікпей-ақ тергеу, тексеру басталған.
– Фамилия?! – деді, мұны солдаттар тінтіп болған
соң, жазу жазып отырған, басы қазандай, семіз майор.
– Шығаев.
– Атың?
–
Хақназар.
–
Туған жылың?
– 1968.
– Қайда оқисың?
– СХИ-да
*
.
– Факультетің?
– Экономика. 2-курс.
– Так, – деді майор, енді байқа, жауапты
жұмысқа кірісеміз дегендей, шалқайып отырып.
– Площадьқа не іздеп шықтың? Нені көксеп бардың?
Біреулердің айтуымен бардың ба, айтса, кім барайық
деген? Біреу жіберді ме әлде? Жіберсе, кім ол?
– Өзім бардым.
– Өзім... Өзің атаңның басын іздеп бардың ба ол
жерге?
– Енді... әскер жиылған соң, не істеп жатқанын білгім
келді.
– Қарай гөр мынаның сөзін. Әскердің не істеп
жатқанын білгісі келді. Өкіметке қарсы шыққан
хулигандарды тоқтату үшін келген ол әскер. Сен соны
білесің бе?.. Сенен сұрап тұрмын ғой, ей, малғұн?!
– Жоқ...
– Қасыңда кімдер болды?
– Ешкім болған жоқ, жалғыз бардым.
– Автобустың терезесін шағып, машиналарды
өртепсің ғой площадьта.
* Ауыл шаруашылық институты. - ор.(аббрев.)
23
ҚАРАӨЗЕК
– Кім?
– Сен.
– Мен алаңда болғам жоқ. Тек Фурманов көшесімен
өрлеп, алаңға енді жете бергенімде әскерлер ұстап
әкетті.
– Сен, немене-ей, – деді семіз майор көзі шатынап,
быртиған саусағының арасына қыстырған қаламын үстел
үстіне тастай салып, – кіммен қылжақтасып отырсың?
Алаңда мәшинені төңкеріп, от қойып жүргеніңді, совет
өкіметіне қарсы сөз айтқаныңды біз білмейді деп
отырсың ба, а?!
– Давай, көп басты қатырмай мына протоколды
толтыр, – деді бір уақытта әлдеқайдан бір қағазды
суырып алып, – Есіңде болсын: істеген ісіңді мойыныңа
алсаң, бұл жерде көп ұстамай, үйіңе қайтарамыз.
– Мен ештеңе істегем жоқ, нені мойныма алам? –
деді Хақназар.
– Сен, бала, ештеңені түсінгің келмейді ғой деймін.
Әлде түрмеден бір-ақ шыққың келіп отыр ма, оныңды
айт, көрген куәларды тауып, істеген ісіңді мойныңа іліп
береміз. Онда уже қиын болады, айтпады деме.
Ақыры, алаңға бара жатқан жолда ұсталып қалдым,
ештеңе істегем жоқ, ештеңе бүлдіргем жоқ деп
хаттаманы толтырып, көк көз майордан тағы қаншама
сөз естіп, камерасына қайтып келген.
Бұл кезде ымырт үйіріліп, қараңғы түсе бастап еді.
Хақназар отырған камерадағы бес-алты жігіттің
ішінде бағанағы, шашы тікірейген қара жігіт те отыр еді.
Өзінің айтуынша, ол таңертеңгісін плакат, транспорант
ұстаған бір топ жастарды көріп қалып, соларға ілесіп,
алаңға келіпті. «Бұл өзі бір алай-дүлей боп кетті ғой», деді
ол бұлардың алғашқы тергеуі бітіп, өздерінше бір тыныс
тапқан сәтте. – «Отпускіде едім, шыққаныма осы екі-үш-
ақ күн болған. Өзім мына Алматының түбінде, Өжетте
тұрам, кеше осы қаладағы әпекемнің үйіне қонып қалып
ем. Содан, таңертең Брежневский площадьпен өтіп бара
жатсам, Сәтпаевты бойлап, мына Сейфуллин жақтан бір
топ жастар келе жатыр. Қолдарында плакат. Қарасам,
24
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
«Каждой республике – свой руководитель»
*
деп жазып
қойыпты. Бұнысы несі деп, қастарына бармаймын ба?
«Жігітім, жүр бізбен бірге, қазақтығыңды осындайда
көрсетпесең, қашан көрсетесің» деді бір жуан қазақ
кісі. Қараймын: бастықсымақ адам сияқты. «Қонаев
ақсақалды алып тастады ғой» дейді жай-жапсарды
сұраған менімен қатарласып келе жатып. – «Ол кісіге
обал болды енді... Өзің білесің, Ульяновскі дей ме,
әйтеуір Ресейден Колбин деген біреуді әкеп қойды ғой.
Оған мына жастар қарсы, иә, біз қарсымыз. Үйбай-
ау, елді жиырма жыл билеген ақсақалды алып тастап,
қайдағы біреуді әкеп қоя салатын Қазақстан ойыншық
емес қой, солай емес пе? Құдайға шүкір, өзімізді өзіміз
билеуге шамамыз жетеді. Бірінші хатшылыққа бір қазақ
табылмады деген не сұмдық?! Тіпті, мақұл, қазақ болмаса
да, осы Қазақстанда қызмет істеп келе жатқан өзіміздің
бір орыс жоқ па? Бұл қалай, өзің айтшы». Шынымен-
ақ, ол кісінің айтқаны дұрыс қой: өзімізді өзіміз билей
алмасақ, несіне республика болып отырмыз, а, жігіттер?
Содан, қаным қызып мен де алаңға келдім. Көп тұрдық.
Біреулер сөз сөйлеп жатты. Сендер болдыңдар ма
площадьта? Болмадым дейсің бе? ... Ә, сен болдың ба?
Көрдің бе сол кезде ақ бөкебай таққан, ана ұзын бойлы
жігіттің сөйлегенін. Пай-пай, қаныңды қыздырып, алпыс
екі тамырыңды солқылдатып жібереді, е, сөйлегенде...
Расында, айтшы өздерің, қазақша мектептер мен
детсадтардың жабылып жатқаны, жұмысшы қазақ
жастарына үй берілмейтіні рас қой. Қазақ байғұс мына
поршеньда ма, АЗТМ
**
-де ме, кез келген бір зауытта
танауынан су кетіп он жыл жұмыс істейді, сондағы тигені
– жатақхананың қуықтай бір бөлмесі. Бала-шағасымен
улап-шулап аядай бір бөлмеде өлмес күнін көріп жатады.
Ал сонау Ресейден келген біреу именно сол зауыттың
біреуіне орналасса, айналасы екі-үш жылдың ішінде
трехкомнатная квартира алып шыға келеді. Сұмдық қой.
Одан да зорғы қиянатты көріп жүрміз, айта берсең...
Бүгін соның бәрі ішке сыймай, бомба құсап атылды-ау
деймін».
* Әр республикаға - өз басшысы. - ор.
** Алматы ауыр машина жасау зауыты. - ор.(аббрев.)
25
ҚАРАӨЗЕК
Қара жігіт жадырай күлген. Айтпақшы, таныспаппыз
ғой, кемедегінің жаны бір, таныса, білісе отыралық,
жігіттер, деп, камерадағы бес-алты қазақ баласын
өзіне үйіріп алды. Аты Алдоңғар екен. «Күлеміз-ау»
деді Алдоңғар бір кезде, маңдайын уқалап отырып,
– «Мыналар, менттерді айтам, бүйректен сирақ
шығарып, түймедейді түйедей қылып, бізге бір-бір
статья ілейін деп отыр-ау осы. Хулиганканы ілмекші
шығар сол. Иә, күлетін нәрсе емес. Мықты болыңдар,
жігіттер. Ақыры таяқтың дәмін таттық қой, ұрса да,
қорқытса да, ештеңені мойынға алмаңдар. Біріңді бірің
көрсетпеңдер. ...Қап, темекі жоқ, ә, ешкімде ... Иттер
не заявка жоқ, не доказательство жоқ, бізді үстіп қамап
отыра бере ме?»
«Әй, дегенмен, сол кісі тегін емес» деген Алдоңғар
бір уақытта әлдеқайда қарап отырып. – Тегін кісі емес.
Не спецслужбаның адамы, не жастардың аңғырттығын
пайдаланғысы келген біреу. Не болса да, елді аранға
жығу үшін жүрген бір алаяқ. Әлгі маған алғаш жолыққан
үлкен кісіні айтам».
Бұлардың ішіндегі жасы үлкені осы Алдоңғар ғана.
Хақназарға оның осы әңгімесі, қарлығыңқы дауысы
камерадағының бәріне күш беріп тұрғандай көрініп
кетті. Бір күннің ішінде-ақ таяқты да, тергеуді де
көріп, кеудесі басылып қалған, енді КПЗ-ның сыз
еденінде отырып, ертеңгі күннің не болатынын ойлап,
елегізген жап-жас жігіттерге шынында да жасы үлкен
Алдоңғардың бірге болуы әжептәуір ес еді.
3.
Бәрінен де, жас болса да, самай шашын ақ шалған,
қабағы бір ашылмайтын, еңсегей бойлы қарасұр қазақ
жігітінің қайқайып тұрып кеудеден ұрғаны жанға батқан.
Оны да қойшы, алабөтен иянаты сүйектен өтіп кетіп еді:
– Ты, сосунок, мразь поганая, ты что, прешь против
советской власти? А?! Вот, такие все как ты, мамбеты, все
не можете понять, что именно русские вас одели, обули,
накормили... Какого черта искали на площади? Хотели
26
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
власть свергнуть, мирных людей избивать, вандализм
устроить? У тебя спрашиваю, ей?!
*
Үстінде формасы жоқ болса да, шені үлкен офицер
екені аңдалған. Өзі ұлы нәсілдің тіліне судай екен.
Тергеу бөлмесіндегі аз уақыттың ішінде мұның әбден
есін шығарып еді.
– А что у тебя глаза-то покрасневшие, не то солому
куришь, да? Наркоман недорезанный!
**
Содан соң семіз майордың құлағына әлдене деп
сыбырлады да, жылдам басып шығып кетті.
– Ал, Шығаев, – деген көк көз тергеуші өз
тілінде, үстелді тықылдатып отырып. – Кешеден
бері «түк көргем жоқ, түк істегем жоқ» деп бет
бақтырмайсың. Айттым мен саған мойында деп. Өзің
мойындасаң, жеңілге түседі деп. Енді өз обалың өзіңе.
Быртық қолымен алдында жатқан көк папканы ашып,
ішінен бір парақ қағазды алып шықты.
– Міне, халық жасақшысының арызы. Сен оның
қолын сындырыпсың алаңда, сосын...
– Қалай, қалай?! – деді жүрегі су ете қалған Хақназар
өз құлағына өзі сенбей.
– Отыр. Отыр дедім ғой саған! Міне, былай
деп жазылған арызда, так... так, «...сағат он екі
отызда алаңның Фурманов көшесі жағында менің
қолымдағы дубинканы бір жас қазақ жігіті бұрап тұрып
тартып алды. Мен әкел дубинкамды деп едім. Ол мені
құлатып, сол қолымды сыңдырып жіберді. Мен ол жігітті
көрсем, тани аламын» дейді.
– Ал енді сол жігіттің дәл мен екенімді қайдан біле
қойдыңыздар?
– Алдыңгүні ГУВД-дан фотограф келіп бәріңді
түсірді емес пе, сол шығарған суреттің ішінен сені анық
танып отыр.
– Өтірік! – Мынадай бассыздыққа не айтарын
* Сен, аузынан емшек табы кетпеген арам жәндік, сен немене совет өкіметіне қарсы
атылып шыққасың? А?! Мына сен сияқтылар өзін киіндіріп, аузын асқа жеткізген
орыстар екенін ұмытып кетеді... Алаңда қай атаңның басын іздедің? Өкіметті
құлатқыларың келді ғой, жай жүрген халықты ұрып, ойларыңа келгенді істемекші
болдыңдар ғой? Сенен сұрап тұрмын, ей?! - ор.
** Көзің қызарып тұр ғой, мүмкін шөп шегетін шығарсың? Саудасы біткен нашақор!
- ор.
27
ҚАРАӨЗЕК
білмей, Хақназар булығып қалған. – Жала!! Қайда ол кісі,
пожалуйста, беттестіріңіздер.
– Саспа, беттестіреміз, – деді майор орнынан тұрып
жатып. Асықпай, есікті ашты да әлдекімді шақырған.
Іле-шала кірген, сол қолы ақ бинтпен оралған орта
бойлы сары жігіт бұған бір қарады да, анандай жерге
барып отырды.
– Так, – деді майор орынына отырып, темекісін
тұтатып жатып. – Так, жолдас Звягинцев, қараңызшы,
мына жігіт сізге таныс па, қайдан көрдіңіз, есіңізге
түсіріңіз...
Сары жігіт бұған тесіле қарағанымен, үндемеді.
– Алаңда көрдіңіз бе бұл жігітті? Сізден сұрап тұрмын,
Звягинцев, – деді майор даусын қатайтыңқырап.
– Иә, көрдім... Осы... Осы жігіт менің қолымды
сындырған, дубинкамды тартып алған.
Хақназардың тынысы бітіп қалған. Орнынан бір
тұрып, бір отырып «жала жауып тұр, өтірік!» дей бергені
есінде. Кеудесінің түпкірінде булығып жатқан қорлық
пен нала, ашу мен ыза бұрқ етіп сыртқа қайнап шығып,
қолындағы кісенін жұлқи берген.
– Дұрыстап қарап алыңыз, – деп отырды бұл кезде
майор. – Танысаңыз, таныдым, осы кісі деп, мына жерге
жазыңыз!
Хақназар тамағының құрғап кеткенін сезді.
– Қалайша, жолдас бастық...
– Азамат бастық! – деп түзетті майор.
– Азамат бастық... аға, өтірік айтып тұр ғой бұл кісі!
Сіз дұрыстап қараңызшы маған, шатасып отырсыз ғой.
Сіз анықтап қараңызшы!
Қолына қалам мен қағазды алған Звягинцевтің қасына
айғайды салып, жетіп барғанын біледі. Дәл осы кезде
екі сержант кіріп келіп, бұлқынғанына қарамай қолынан
сүйрелеп алып кетіп еді.
«Япыр-ау» деп ойлады камерада отырып. – «Соншалық
арсыз болар ма еді мына Звягинцев дегенің. Әлде...
расында қолын сындырған мен екен деп шатасып отыр
ма... Жоқ, мүмкін емес. Көз алдында, жарықта қолын
сыңдырып қойған кісінің түр-түсін маған ұқсатуы
28
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
қисынсыз ғой. Әлде... Әлде... милицияның мені қорқыту
үшін жалдаған кісісі ме... Қалай бұл енді...» Камерада
бір өзі ғана отыр еді, шыдай алмай тұрып кетті. Ыза
болып, бетон қабырғаны теуіп-теуіп жіберді. Осыншама
қадалып, жала жабады деп үш ұйқтаса, түсіне кірмеп
еді. Айтқан сөзге сенбейтін неғылған жандар өзі?... Не
айтқаныңа, не жазғаныңа қарамайтын, тіпті алдында
адам отыр екен-ау деп жөндеп сөйлеспейтін, өңкей бір
кекірейген қатыгез адам. Бұндай сұмдыққа кез болам
деп кім ойлаған?!»
«Оқуым не болып жатыр екен? Міне, төрт күн болды,
оқудағылар үшін қайда жүргенім белгісіз... А, иә,
айтпақшы, сол күні жатақханадан бірге шығып, алаңға
барған жігіттер бар емес пе, солар түсіндіретін шығар
бірдеңе деп... Не деп түсіндіреді? Милиция тепкілеп-
тепкілеп тезегін шығарып, мәшинесіне тиеп алып кетті
деп түсіндірмек пе? Жоқ, олардан ондай сөз шықпайды-
ау. Мүмкін өздері де ұсталып қалған шығар... Қазір бір
жерде мен сияқты көздері бозарып отырған болар...
Жоқ, әкетсе, оларды мені тиеген машинемен әкетер еді
ғой, соған қарағанда, қолға түспей қашып құтылуы да
мүмкін-ау, ә... Сонда, мен сорлы ғана қолға түсіп қалғам
ба?!. Апыр-ай, ә, қалай ұрынып қалдым. Нем бар еді
сол қызды құтқарам деп, жайыма жүрмей... Әй, осы
ақымақтығым түбіме жетеді ғой. Жетедің не, жетіп
тынды емес пе ақыр соңында... Рас... құдай сақтасын!
Қалай құтылам мына пәледен. Не бір туыс-туған жоқ
мұңда жөн білетін, артымнан іздеп келетін. Курстас
жігіттердің қолынан келе ме мына иттермен сөйлесу...
Әй, құдайым-ай!... Нем бар еді сол құрғыр площадьқа
барам деп! Өлмесе өме қапсын, біріңді-бірің жарып
өлтіресіңдер ме, ұрып өлтіресіңдер ме, маған бәрібір
деп табанды жалтырату керек еді. Әуел баста. Енді
отырған отырысым мынау. Шелек жалаған тұтылдының
керін келтіріп. Жала шелегіңді енді, мыйсыз, ақымақ!..
Дүние-ай, шешем естісе не болады. Сенгенім сен
едің ғой, құлыным, мұндай іске ұрынып қалғаның не,
талай айттым емес пе, тыныш жүр, тек жүр деп, енді
қайттік, деп назаланса, жаным шырқырап кетеді ғой...
29
ҚАРАӨЗЕК
Әупірімдеп түскен оқуымнан шығарып жіберсе, күнім
не болмақ. Оқуы тұрсын, шынында да соттап жіберсе,
не істеймін. Қап!... Япыр-ау, мұндай да болады екен-ау...
Он сегізімде түрмеге кетсем, қалған өмірім не болмақ?
Түнек қой, түнек!!... Оу-у, қырсық құдайым-ай!..»
Хақназар өзін-өзі жеп жібере жаздаған. Ұшы-қиыры
жоқ, түпсіз уайым еңсесін басып, басы солқылдап қоя
берді. Ернін тістелеп, қолын қолына ұрып, ары-бері
тоқтаусыз жүре берді, жүре берді...
4.
– Так, Шығаев, сенімен тәжікелесіп тұратын уақытым
жоқ. Онсыз да алтын уақытым осы сенің ісіңмен кетіп,
босқа ысырап болып жатыр, – деген ертесінде көк көз
майор. Тергеу процесін «жеріне жеткізіп» қалған кезі еді.
– Сен, кешегідей үйтіп... жұлқынып, қарсыласқаныңды
қой. Бастықтың өзі саған тісін қайрап отыр, істеген
ісін неге мойнына алмайды деп. Сондықтан көп басты
катырмай қолыңмен істегеніңді... – шегіп болған
темекісінің тұқылын күл салғышқа мыжғылап, бықсытып
барып өшірде де, оның үстіне мипаздап тұрып түкірді,
– ...қолыңмен істегеніңді андағы жуан мойныңмен
көтер. Мен саған өзім ғой деп айтып отырмын. Егер
жасақшыны ұрғаныңды мойындамасаң, қылмысты
іздеу тобы бар, біздің тергеу бөлімі бар, саған «мокрое
дело» – кісі өлімін ілеміз... Одан құтыла алмайсың,
даю честное слово офицера!
*
Ал мына қылмысың түк
емес, көп болса, үш жыл, әйтпесе бір-ақ жыл береді.
Сен сөзіме. Маған оңай тиіп отыр дейсің бе, осының
бәрі. Сендерге біз қадалып отырғамыз жоқ, сендермен
айналысып отырған мына біз – милиция қызметкерлері
емес, ана..., – сұқ саусағын шошайтып төбені көрсетті,
– ...ана жақтағы үлкен кісілер. Өзің ойлашы, бала
емессің, өкіметке қарсы шықсаң, оныңды қай өкімет
кешіреді, а? Ешкім кешірмейді. Тарихтағы декабристер
сияқты болдыңдар сендер, е-хе-хе. Біріншінің өзі
патша сияқты ғой, сендер жергілікті патшаға, совет
* Офицерлік сөзім! - ор.
30
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
өкіметіне қарсы таяқ алып шықтыңдар. Совет өкіметін
Достарыңызбен бөлісу: |