Қ-71 Қуантаев Н



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,08 Mb.
#5986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
құртқыларың келді, бізді... бөтен ұлттарды  қуғыларың 
келді.  Солай  ғой...  Басыңды  шайқама,  бәріңнің  ойың 
сол.  Қолдарыңнан  келсе,  басымызды  кесіп  алудан 
тайынбайсыңдар...  Жә.  Сонымен  сендердің  алаңға 
шығып  митинг    ұйымдастырған  әрекеттерің,  өкіметке 
қарсы  сөйлеген  сөздерің  саяси  бағыт  алып  отыр, 
ал  бұл  тұрғыдағы    қылмыстық  істер  оңайшылықпен 
жабылмайды,  осыны  есіңе  сақта.  Сондықтан  сен  осы 
іспен  ғана  құтылғаныңа  қуан.  Іс  жүргізу  қағаздарына  
қол    қойып,  қарсылық  білдірмесең,  заң  тарапынан 
жеңілдік көрсетеміз, бір-ақ жыл аласың. Мүмкін шартты 
түрде.  Онда  сот  залынан    бірден  бостандыққа,  далаға 
шығып жүре бересің.  Пожалуйста, қайда барам десең, 
өз еркіңде, оқуыңды жалғастырам дейсің бе... Ал түзу 
ақылды  тыңдамай,  осылай  қырсығып  отыра  берсең, 
басқаша сөйлесуге тура келеді. 
Жирен  мұртын  тістелеп  қойып,  көк  көз  майор  осы  
нұсқада көп ақыл-кеңес айтты. Тергеу барысында бірінші 
рет  өңі  жылынып,  шешіле  сөйлегені  еді.  Хақназар 
манадан  бері  айтылып  жатқан  сөздің  бірін  естіп,  бірін 
естімей отырған. Көңілі басқада еді. Ұрсуды да, ұруды 
да  көріп,  шала  ұйқы,  әлсіз  тамақпен  өткен  бес-алты 
күннің ішінде жүдеңкіреп қалған да еді.
–  Отырыңдар,  жігіттер,  –  деп  майор  бір  кезде  екі 
жігітті ертіп әкелді.
Қабырғадағы  орындыққа  алдымен  осы  екеуін, 
содан кейін Хақназарды отырғызып, қазір куә адамдар 
келіп, осы үшеуіңнің араңнан қылмыскерді табады деп, 
ешқайсысының  сөйлемеуін  талап  етіп,  бөлмеге  егде 
тартқан, толық әйелді кіргізді.
–  Ал,  жолдас  куәгер,  мына  отырған  үш  кісінің 
арасынан  он  сегізінші  желтоқсан  күні  Брежнев 
алаңында 
өткен 
бүлікке 
қатысқан, 
қатысып 
қоймай, Звягинцевті... то есть халық жасақшысын ұрып, 
жерге  құлатып,  қолын  сындырған  қылмыскерді  тауып, 
көрсетіп беріңіз. Бұлардың ішінде жоқ болса, жоқ деп 
оныңызды айтыңыз. Кәне.
–  Айтпақшы,  тұра  тұрыңыз,  тұра  тұрыңыз... 

31
ҚАРАӨЗЕК
–    деді  майор  іле-шала.  –  Өтірік  куәлік  берген 
адам  заң  жүзінде  жауап  береді,  білесіз  ғой  оны, 
так, так, онда мына жерге қол қоя қойыңыз. Міне, дұрыс 
болды...  Ал  енді  қараңыз  мына  кісілерге.  Қайсысын 
көрдіңіз алаңда?
Егде әйел бір сәт аңтарылып, бұларға қарап қалды да, 
оң жақта, терезеге тақау отырған Хақназарды нұсқады:
– Міне, мына жас жігітті... көрдім...
– Қай күні көрдіңіз? – деп сұрады тергеуші.
– Қай күні дейсіз бе? – деп сәл тосылып қалды куәгер, 
одан кейін қол орамалымен бетін, көзін сүрте бастады. – 
Дәл енді есімде жоқ...
–  Жарайды,  –  деді  тергеуші,  әлгі  әйел  мен 
бұлардың  ортасында  талтайып  Хақназарға  қарап 
тұр  еді,  –  бірақ  сіз  бұл  жас  жігіттің  қолына 
қызыл  шүперек  байлаған  халық  жасақшысын  ұрып, 
қолын сындырғанын растайсыз ғой.
–  Иә,  растаймын,  –  деді  әйел.  Күреңітіп  кеткен 
Хақназарды көріп, жүзін бұрып әкеткен.
– Тамаша... Так, енді мына жерге қол қойыңыз, дұр-
рес. Мына жерге де.
Қалай  десе  де,  тергеуші  өз  ісінің  маманы  болып 
шықты.  Осылай  тағы  бір  куәні  –  отыз  жастар 
шамасындағы дударбас жігітті әкеліп, ол шұқып тұрып 
Хақназарды  көрсеткен  соң,  көңілі  жайланған  болуы 
керек,  қолын  қайта-қайта  уқалап,  қағаздарын  реттеп 
жазуына кірісіп кетті.
Істің қалай бет алғанын түсінген Хақназар ең соңғы 
амалға көшіп еді:
– Жолдас тергеуші, – деген. – Бұл куәлар не десе, о 
десін, менің бұлтартпас алибиім бар: өзімнің куәлерім – 
қасымда болған жолдастарым бар. Солар бәрін көрген, 
бәрін растап береді.
Тұқшиып  жазу  жазып  отырған  майор  басын  қалт 
көтерді. Езуінде мысқыл тұрған.
–  Сен,  Шығаев,  алаңға  жалғыз  өзім  бардым  деп 
едің ғой, есіңде ме? Хаттамаға солай түскен, солай деп 
көрсеткесің. Ендігі уәжің жүрмейді.
– Бәрібір сотта мен өз куәлерімді шақыртам, – деді 
Хақназар.

32
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
– Жарайды,  –  деді  анау қолындағы қаламсабын қоя 
салып. – Мә, қағаз, болған уақиғаның хаттамасы, толтыр 
қайтадан, жаз аттарын...
Екі  күн  өткен  соң  Хақназарды  қайта  шақыртқан. 
Соңғы үмітін үзбеген бұның алдына:
–  Мә,  оқы  мынаны!  –  деп  тергеуші  сау  еткізіп  бес-
алты бет қағазды тастай салған.
Оқыды.  Қайран  қалған.  Одан  соң  ыза  болды. 
Соңында  түңілді.  Іші  алай-түлей  болып,  жер-жаһанға 
сыймай, қатты түңілген еді. «Болары болды деген осы» 
деп еді өзіне өзі, машинеге тиеп, прокурорға алып бара 
жатқан  кезде.  Қалалық  прокурор  мұны  қабылдаған  да 
жоқ, қылмыстық ісін тез шолып шығып, түрмеге қамауға 
санкция  беріпті.  Бұл  кезде  Хақназар,  үш  күннен  соң 
көрге  де  үйренеді  деген  рас  шығар,  үш  сағат  өтпей-
ақ  өз  тағдырына  мойын  ұсынғандай  еді.  Түс  пен  өңнің 
арасында  жүрсе  де,  автозакқа
*
  отырғаны,  темір  торлы 
есіктері  сарт-сұрт  жабылып,  түпсіз  шыңырау,  қараңғы 
үңгірдей суық түрмеге кіргені – бәрі есінде еді.
Сенген жолдастары алаңға барғамыз жоқ, Хақназарды 
көргеміз жоқ деп танып шығыпты.
5.
Көшпелі  жұртта  абақты  болған  ба,  бәрі  отырықшы 
жұрттан  келген  ғой,  абақты,  түрме,  зындан  деген. 
Ғасырлар  бойы  қамау  мен  айдаудың  түр-түрін  көрген, 
соған  орай  ащы  да  болса,  орыстың  дәл  айтылған,  «от 
тюрьмы и от сумы не зарекайся» деген мақалы қайнаған 
өмірдің  өзінен  алынған  еді.  Қазақшасы  «түрме  мен 
қайыршылық айтып келмейді» дегенге келсе керек.
Империяның  отарында  жатқан  жұрт  та  түрменің 
дәмін бір кісідей білетін.
Іле  Алатаудың  кең  қолтығында,  Найзақара  мен 
Теміршыңның  теріскейінде,  ықылымнан  қалған  көне 
қоныстың тұсына, қолтықтағы ат шаптырым жазаңға ХІХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  Верный  бекінісі  салына 
бастап,  кейінірек  сол  ғасырдың  соңына  таман  қазіргі 
Алматы түрмесінің де іргетасы қаланып еді. Отырықшы, 
*  Тұтқындарды таситын арнаулы автофургон.

33
ҚАРАӨЗЕК
белгілі  жұрттың  шежірелі  тарихтағы  Бастилия, 
Матросская тишина, Бутырка, Таганка, Лефортово сияқты 
атағы жер жарған түрмелеріндей болмаса да, ғасырдан 
астам  ғұмыры  бар  Алматы  абақтысының  да  көргені  аз 
емес. Мұның да жер асты суық зындандарында арғыны 
қоя  тұрып,  XX  ғасырдағы  16-ның,  29-дың,  37-нің,  51-
дің  саяси  тұтқындары  көздері  бозарып  айдауды  күтіп 
жатқан дейді.
Алғаш  камераға  кіргенде  не  істерін  білмегені  рас. 
Темір төсек жамбасына батып, екі күн карантинде жатқан 
ол первоходтың
*
 бір камерасына кіргенде қайдан, қайтіп 
орын аларын біле алмай, аңырып қалды. Камера ішін тер 
мен қолаңса исі басып тұр еді.
–  Кел  бері,  –  деген  аңтарылып  тұрған  бұған  төргі 
бұрышта  малдасын  құрып  отырған  біреу,  кейін  білді 
камераға жауапты жігіт осы екен. –  Қай баппен түстің?
– Ол не демонстрация? – деді содан соң бұл жағдайын 
айтқанда.
Хақназар болған жайды қысқа қайырған.
–  М-м..  да,  –  деді  әлгі  жігіт.  –  Жарайды,  ана 
бұрыштағы  орын  сенікі,  жайғасып  жата  бер,  тұра  тұр, 
– деген содан соң мұны еңкейтіп, құлағына сыбырлай, – 
фанера бар ма?
– Ол не?
– Ақшаң бар ма деймін өзіңмен бірге?
– Жоқ, – деді Хақназар.
Рас  жоқ  еді.  Автозактың  айдауылдары  да,  СИЗО
**
 
қызметкерлері де әбден тексеріп, тіпті «стаканчиктің»
***
 
жанында тыр жалаңаш шешіндіріп, отырғызып, тұрғызып 
әбден итін шығарып еді, қайдан болсын ақша.
–  Жарайды,  бара  бер,  –  деді  анау  бұйырып. 
Хақназарға тиген шконкада әр жерінен тесіліп, ішіндегі 
мақтасы шығып, буылтық-буылтық болып жаман матрац 
жатыр екен. Бірақ оған қарайтын уақыт жоқ еді, шала 
ұйқылы, әбден қажыған ол үстіндегі курткасын жастық 
қылып, жантая кетті.
*  Түрмеге алғаш түскен, әлі сотталмаған тұтқындардың жататын корпусы. - ор.
**  тергеу изоляторы. - ор.(аббрев.). - түрменің ресми аты.
***  тұтқын тізесін де бүге алмай, қақиып тік тұратын, тар, табыт секілді қабырғадағы 
ағаш қоршау. - (жарг.).

34
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Сен  былай  істе,  –  деген  ертеңіне  түрменің 
төбесіндегі даланға шығып, таза ауа жұтып келген соң 
Адик (камераға «карап отырған» жігіттің аты Адик екен). 
–  Әуелі  төсек-орныңды  жөндеуің  керек,  ретке  келуің 
керек.  Одан  соң  қарныңның  қамын  ойлауың  қажет. 
Солай емес пе?
– Солай.
–  Так  вот.  Балапан  басына,  тұрымтай  тұсына 
дегендей,  мұндай  жерде  әркім  өз  қамын,  өз 
семейкасының
*
 
қамын 
ойлауы 
керек. 
Сенің
семейкаң  аналар  болады,  –  деді  Адик  Хақңазардың 
қасында  жататын  үш-төрт    жігітті  нұсқап.  – 
Солармен  бірге  жүресің,  бірге  тамақтанасың. 
Қайғы-мұңың  ортақ  болады,  камера  тәртібін,  мұндағы 
жүріс-тұрысты солардан сұрап ал дұрыстап. Мен айтты 
де.
СИЗО-да  құр  матрац  ғана  болады  екен,  көрпе, 
көрпе  қап,  одеял,  жастық  дегенді  сырттан  алдыруың 
керек екен... Сырттың мәнісі мынау: бұларды күзететін 
түрме сақшылары – тұтқын тілімен айтсақ, «дубактар»  
арқылы киім-кешек, азық-түлік сияқты керек-жарақты 
алдырады  екенсің...  Әрине,  ақшасына.  Азғана  айлығы 
бар дубактар осындай мезірет жасап, «калым» табатын 
көрінеді.  Қызыл  армияда,  оның  ішінде  ішкі  әскерде 
қызмет  етіп  келген  жас  жігіттер,  өзге  жерден  жұмыс 
таба алмай ма, әлде мұндағы жұмыс жеңіл көріне ме, 
әйтеуір СИЗО-ға келіп орналасады екен. Көздегендері 
– оңай ақша табу ғой. Тұтқындарға шай, темекі, оңтайы 
келсе,  кейде  тыйым  салынған  дүниелерді  (мәселен, 
арақ,  есірткі  шөптері)  де  жасырын  сатып,  күнкөрістік 
әжептәуір  ақша  табатын  көрінеді.  Бұлар  арқылы 
сырттағы  ағайын-туыстан  ақша  да  алдыруға  болады 
екен.  Тек  оның  тең  жартысын,    кейде  үштен  бірін, 
енді  келісіп,  көндіруіне  байланысты,      сол  дубактар 
алып қалады екен. Ал түрмеде өз қолында ақша болса, 
жағдайың жаман емес деген сөз. Камерадағы ел-жұртқа 
да,  семейкадағы  жігіттерге  де  қадірің  болады  екен. 
*  шаңырақ.  -  ор.  -  Бұл  жерде:  төрт-бес  тұтқын  бас  біріктіріп,  бірге  тамақ  ішетін 
тұтқындар тобын айтып отыр.

35
ҚАРАӨЗЕК
Мұны  Хақназар  бірте-бірте  ұға  бастаған.  Тіпті  әуелде 
дубактармен  қалай  сәйлесудің,  олардың  тілін  қалай 
табудың да амалын білмеуші еді.
Дубактың  да  түр-түрі  бар.  Шахта,  құрылыс  сияқты 
ауыр  жұмыстан  қашып,  қолына  дубинка
*
  ұстап  алып, 
теңселіп  уақыт  өткізгеннен  басқа  қиын  ештеңесі  жоқ, 
осындай  қызметке  тұрған  дубактардың  көбі  жеңілдің 
астымен ақша табу үшін келетін дедік. Десе де, белгілі 
бір  идея  үшін  жұмыс  істеуге  келетіндері  де  болса 
керек, бірақ олар да уақыт өте келе өзгелердің қатарын 
толтырар еді. Үйткені, аяққа тартса басқа, басқа сүйресе, 
аяққа  жетпейтін  шолақ  айлық  өзгелер  сияқты  «калым» 
жасауға  еріксіз  итермелейтін.  Әрине,  тыйым  салынған 
дүниені сатып (мысалы, есірткіні), кумға ұсталып қалған 
дубактардың жағдайы жақсы болмас еді, ондайлардың 
көбі  істі  болып,  күзеткен  түрмесінде  өзі  отырып 
жататын.  Сондықтан  болса  керек,  дубактар  бірінен-
бірі қуыстанып жүретін. «Сауда жұмыстарын» бөтен көз 
жоқта тындырар еді.
Алматыда тымқұрса алыс жамағайыны жоқ Хақназар 
курстастарына еріксіз жалынуға мәжбүр болды. Үйткені 
бір  жағынан  төсек-орын  мен  киім-кешексіз,  азық-
түліксіз күн көру қиынырақ болса, екіншіден, тағдырдың 
жазуымен,  қатар  жатқан  адамдармен  де  бірдемені 
бөлісіп жеу керек еді. Айналып келгенде, амалсыз бірге 
оқыған  жолдастарына  жүгінуіне  тура  келген.  Онша 
сеніңкіремей отыр еді: бірақ көлеңке түскенде көрінбей, 
тергеу  кезінде  сатып  кеткен  жолдастары  бұл  жұмыста 
меселін қайтармапты. Мүмкін осылай кінәларын жуғысы 
келген  шығар.  Не  болса  да,  төрт  бүктелген,  ені  екі  елі 
маляваны
**
  таныс  дубак  арқылы  беріп  жіберіп  еді, 
кешікпей  жауап  та,  оған  қоса  сұраған  дүниелері  де 
келді.  Азын-аулақ  ақша  салып  жіберіпті.  Хақназар  өзі 
мән бермесе де, Адик оны қомсынған еді. «Такие крысы 
обязаны хлопатать за тебя. Грев должны носить!»
***
 деген. 
Амал  жоқ,  Адик  емеурін  білдірген  соң  іс  былықпай 
*  жарты құлаш, резеңке таяқ. - ор.
**  Хат. - (жарг.).
***  Ол көртышқандар сенің қамыңды ойлап, ақша мен тамақ әкеліп берулері керек. 
- ор.

36
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
тұрғанда  өз  бастарыңды  таза  алып  қалам  десеңдер, 
бәленше ақша салыңдар деп, қайтадан хат жазған.
6.
«Абақты  қатар-қатар  болады  екен,  ішіне  жаман-
жақсы толады екен» деген өлеңді кім айтқанын Хақназар 
есіне түсіре алмады. Тыстағы дүниеден биіктігі үш құлаш 
дуалмен, тікенек сымның әлденеше қатарымен бөлінген 
абақты өмірі сырт адам үшін белгісіз екені де рас.
Электрдің  қуатын  барынша  жейтін  жердің  біреуі 
–  СИЗО.  Мұнда  күндіз-түні  жарық  сөнбеуі  керек. 
Тұтқындарға  берілетін  үш  уақ  тамақ  та  қазынаның 
мойнында.  Көбінесе  сұлыдан  қайнатылған  ботқа  болса 
да,  (тұтқындар  өздері  «параша»  дейді)  әйтеуір  жоқтан 
бар.  Нан  күнде  келеді,  оған  өкпе  жоқ.  Анда-санда  ет, 
картошка  сияқты  жылы-жұмсақ  та  тиіп  қалатыны  бар. 
Қалай алса да, тұтқындар аштан өлмейтін еді, дегенмен 
үйден  келген,  дүкеннен  алған  тамақтың  орны  бөлек 
қой,  сондықтан  тұтқындар  сырттан  –  үйден  тамақ 
алдырғанды  тәуір  көретін.  Әрине,  шамасы  келсе. 
Ақшасы болса. Алдыратын тамақ сүрленген ет, колбаса, 
консерві, пияз, сарымсақ, ірімшік секілді бұзылмайтын 
азықтар болушы еді. Одан соң, әрине, темекі жарықтық. 
Өзің  шекпесең  де,  камерадағы  жігіттерге  сыйлайсың, 
әйтпесе,  дубактарға  бересің.  Бірақ  Хақназар  өзі  де 
шегуші  еді,  сол  себепті  жағдай  болса,  көбірек  сигарет 
алдырғанды теріс көрмейтін.
Тұтқындар  біріне-бірі  көп  сыр  аша  қоймайтын,  кім 
біледі,  араларында  кумның  жасырын  агенті  –  наседка 
отыруы  да  ықтимал  ғой.  Біреудің  ішіне  біреу  кіріп 
шыққан  ба.  Әйткенмен  Хақназарға,  әуелгі  күдік  пен 
күмән сейілсе керек, Адик те, камерадағы басқа беделді 
тұтқындар да теріс қабақ  танытқан жоқ. Қалай болар 
екен  деп  СИЗО-ға  қобалжып  келген  Хақназардың  да 
күн  өткен  сайын  еті  үйрене  бастаған.  Әсіресе  соңғы 
келген  ақшаның  біразын  ортақ  кассаға  қосқаным  деп 
Адикке бергелі бері өзін еркін сезінетін болды.  Мұның 
қылмыстық  ісінің  жай-жапсарын  сұрап,  тергеу  үстінде 

37
ҚАРАӨЗЕК
алай де, былай де деп заң білетін, тісқаққан тұтқыңдар 
ақыл да қосушы еді. Ондайда көбіне үндемей отыратын 
Адик,  мен  білсем,  қалай  бұлтарса  да,  Хақназардың 
хәлі  мүшкіл,  үйткені  бұл  өкіметтің  кәріне  ілігіп  отыр, 
сондықтан  осы  бастан  өзін  зонаға  дайындауы  керек 
дейді.  Бұл  сөзді  естісе,  Хақназардың  жүрегі  зырқ  ете 
қалады.  Түн  баласы  дөңбекшіп  шығар  еді.  Уайымның 
үстіне  қараңғыда  ұйқтап  үйренгендіктен,  шақырайып 
тұрған электр жарығына қалыптасу да қиын болды.
Түтін сіңіп, ыс шалған, тер иісі мен қолаңса кеудені 
қапқан, ауасы тар камераға да, есік түбіндегі пятаққа
*
 
отыруға да еті үйренді. Шмон
**
 кезінде дубактар алып 
кетпеу үшін ақша, шай, заточка секілді тыйым салынған 
дүниелерді қуыс-қуысқа қалай жасыруды да біліп алды. 
(Заточка дегеніміз – нан турау, мата кесу секілді қажетті 
нәрсе  үшін  қолдан  жасалған  пышақ.  Ол  көбінесе 
шконкадан жұлынып алған ұсақ темірден жасалушы еді. 
Хатаның
***
 қуыс-қуысын тінткілеп жүріп, кабур
****
 қазуды 
да  үйренген.  Көрші  хатадан  әлдеқаңдай  керекті  зат 
алғың  келсе,  осы  кабурлар  арқылы  суырып  алу  үшін 
«еж»
*****
 жасалады.
Онымен  жұмыс  істеуді,  кейін  «конь»  жасап,  оны 
сүйретуді де меңгерген. «Конь» дегеніміз – тарқатылған 
жүн  шұлықтан  немесе  жіптен  есілген  шылбыр.  Оның 
бір  ұшында,  –  «стрела»  деп  аталады,  –    сым  темірден 
жасалған,  имек,  үшкір,  жарты  қарыс  «найза»  болады. 
Бұл  жоғарғы  немесе  төменгі  хатадан  әлдебір  жүкті 
түрменің  терезесі  арқылы  алу  үшін  пайдаланылатын 
құрал.  Мәселен,  жүкті  –    нығыздалып  толтырылған, 
құлағы бар кешерді
******
 – астыдағы хаталардың біріне 
жеткізу  үшін  оның  құлағына  жебесін  іліп,  «коньды» 
жалпақ,  темір  жалюзі  бар  терезенің  торы  арқылы 
саумалдап  өткізіп  төмен  түсіресің,  сосын  төмендегі 
*  Унитаз. - (жарг.).
**  Тінту жүргізу. - (жарг.).
***  Камера. - (жарг.).
****  Көршілерімен сөйлесу үшін тұтқындардың камераның қабырғасы мен еденіне, 
төбесіне қазып салған тесігі. - (жарг.).
*****  Бір камерадан екіншісіне тесіктен әлдебір затты алу үшін жасалған құрал. - 
(жарг.).
******  Тұтқын дорбасы. - (жарг.). 

38
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
хатаның  нөмірін  айтып,  дауыстап  шақырасың,  өз 
кезегінде  олар  да  әлгі  жүкті  тезірек  іліп  алып,  ары 
қарай төмен түсіруге тиіс. Бұл жасалған жұмыс тұтқын 
тілінде «жол салу» деп аталады. Ал жүк түсірген адамды 
«коневой» дейді. Кез келген түрмеде осындай «жолдар» 
болады. Түрме күзетшілері сыртында жүріп, мұны көріп 
қалса,  жұлып  тастайды.  Бірақ  «кілтін  ойлаған  түрме 
қызметкеріне қарағанда, тұтқындар өзінің темір торлы 
терезесіне көбірек алаңдайды» деп Стендаль жазып па 
еді,  сол  сияқты,  күзетшілер  салынған  жолды,  жолмен 
өткен жүкті, не болмаса жүк тартқан «коньды» қашанғы 
қуалап жүрсін, бәрібір қойдыра алмас еді.
Анда-санда  дубактардың  рақымы  түсіп  бір  сағат 
тұрып    қалмаса,      әйтпесе    жарты    сағатқа  шығып, 
прогулочный  дворик  –  ауа  жұтар  далаңда  ғана  еркін 
тыныс алып, бой жазатын тұтқын халық қалған уақытын 
тар камерада өткізер еді. Бір орында жата-жата жамбас 
тесілген соң қан тарасын деп еріксіз қою шай ішер еді. 
Шифер ішетіндер де бар. Ыстық, қара шайды ішіп алған 
адамның  бойына  қан  жүгіріп,  лықылдап  тұрған  басы 
жазылар еді, қолқаны қапқан сасық ауаны ұмытып, көңілі 
көтеріліп, арқа-жарқа болып қалатын еді... Үйткені тар 
жерде үйелеп жатқан адамның деніне күш, бойына қуат 
беретін  –  осы  ыстық  шай  ғана.  Содан  болар,  шайдың 
қадірі түрмеде ерекше.
«Қонаққа  бару»  деген  бар.  «Қонақтың»  мәнісі  – 
күзетшілерден  рұқсат  алып,  бір  хатадан  екінші  хатаға 
бірер  сағатқа  барып  қайту.  Әлбетте,  дубакқа  немесе, 
корпуснойға
*
  ақысын  төлеп  қана  барасың.  Оның 
өзінде,  егер  корпуснойдың  көңілі  түссе.  Бұл  процесс 
көбіне түнде жасалады. ДПНСИ
**
 кең болса, көңіл күйі 
жақсы болса, ақысын аямай төлесең, бірер сағатқа ғана 
емес,  бір  түнге,  таң  атқанша  қалаған  хатаңа  барып, 
таныстарыңмен  әңгіме-дүкен  құрып  қайтуға  болады. 
Түн баласы осындай қонақтар жүріп жатады. Көбіне-көп 
ақшасы мол положенецтер
***
 қаңғып жүруші еді. Адик 
*  Түрме корпусының кезекшісі. - ор.
**  Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі. - ор.(аббрев.).
***  Түрмедегі немесе оның бір корпусындағы тұтқындардың өзара қарым-қатынасын 
қарап отыратын беделді тұтқын. - (жаргон).

39
ҚАРАӨЗЕК
те  көрші-қолаңға  шығып  келуге  әуес  еді.  Барған  үйі 
сыйлап жіберетін болуы керек, келген соң аузынан арақ 
иісі мүңкіп тұратын. Қонаққа  баруға  рұқсат еткенімен 
корпуснойдың  өздері  қыпылдап  жүреді.  Оперативтік 
бөлім  сезіп  қалса,  дубактардың  ешқайсысына  жақсы 
болмайды, тіпті ДПНСИ-дің өзі олармен байланыспауға 
тырысады. Тұтқын тілінде «кум», «кумовья» деп аталатын 
бұл бөлімнің түрменің  ішінде тергеу, тексеру жүргізуге 
қақысы бар. Әр постқа бөлінген әрбір камерада өз агенті 
болатын. Оның кім екенін тұтқындар көбіне-көп білмей 
өтеді. Сол кум, егер «қонаққа» жағдай жасаған дубакты 
біліп қалса, тиісті, қатаң шара қолдана алады.
Опербөлім  –  қожайынның    (түрме  бастығының) 
сенімді  өкілдері.  Олар  қожайынға  түрмедегі  шыққан 
дауыстан жүрген дыбысқа шейін – бәрін айтып отырады.
7.
Хақназар  отырған  кезде  Миша  Лычкин  деген  кум 
болды.  Нағыз  жандармерия  еді.  Өзі  дзю-додан  спорт 
шебері,  Воронеж  жоғарғы  милиция  мектебін  қызыл 
дипломмен  бітірген  бұл  жігіт  түрмеге  алғаш  келгеннен 
бері  «біздің  Миша»  аталып,  білгір  қызметкер  ретінде 
көзге түсіп еді. Темір есікті еппен ашып, жымын білдірмей 
жетіп  келетіндіктен  Мысық  деген  ат  алды.  Түрмеде 
істейтін әйелдер де ешкіммен жүз шайыспайтын, арақ-
темекіге әуестігі жоқ, тік келіп, тік кететін, орта бойлы, 
сымбатты    осы  бір  жас  жігітті  жек  көрмес  еді.  Неге 
екені  белгісіз,  сол  Мишадан  тұтқындар  да,  дубактар 
да іштей сескеніп тұратын. Өзі осы жұмыс үшін жара-
тылғандай  еді.  Бірде-бір  дубакқа  зекіп  көрген  емес, 
бірде-бір  тұтқынды нұқып көрген емес, әйткенмен қай-
қайсысы  болса  да,  өздерінің  үстінен  қатталып  жатқан 
компромат
*
  бар екеніне күмән келтірмес еді. Карьерист 
деген осындай бола ма, ел ұйқтап жатса да, түннің бір 
уағында  қолына  папкасын  ұстап,  жылмиып  Лычкин 
жүреді. Тым-тырыс тұрған продолда тұрып-тұрып, мына 
хатаны  аш  та,  тұтқындарды    шығарып  отырғыз  деп 
*  Әшкере қылатын материал. - ор.(қысқарған сөз).

40
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
бұйрық  береді,  сүйтеді  де,  өзі  корпуснойды  жұмсап, 
камера тұтқындарының  карточкасын алдырады. Санай 
келсе, бір тұтқын қонақта болып шығады... Сүйтіп иісшіл 
кум  қонақ  шығарған  камераның  дәл  үстінен  түсер  еді. 
Осы  тәсілдің  арқасында  дубактардың  түгелге  жуығы  
Лычкиннің  қармағына  ілінген  еді.  Әлде  наседканың
*
 
көмегімен    торға  түсіре  ме,  кім  білсін,  әйтеуір  түрме 
тұрғындары  Мысықтың  алдында  жазықты  болмаған  
дубакты  естімепті.  Сүйтіп  жүргенде  Хақназардың 
да  бір  рет  Миша-кумның  алдына  барғаны  бар.  Екеуі 
ұзақ  «сырласқан».  Сыбайластарың  кім,  достарыңмен 
араларыңда не әңгіме болды деп қайта-қайта сұрағаны,  
кең  камераға  ауыстырып,  жағдайыңды  жасаймын  деп 
алдаусыратқаны    есінде  қалыпты.  Әсіресе  кабинетінен 
шығып  бара жатқанында естіген «нацист болып шықсаң, 
лагерьде  шірітіп  өлтірем  сені»    деген  ызбарлы  үні  әлі 
құлағынан кетпейді. Сол Лычкин кейін, жеті жыл өткен 
соң түрме бастығы болыпты  деп естіген.
Кумға ұсталмау  үшін дубактар калымды аса сақтықпен 
жасайтын. Мәселен, арақ сату қылмыс  саналады. Бірақ 
оңтайы  келсе,  бағасы  түрмеде  бес  есе,  он  есе  өсіп 
кететін саудадан дубактар қашпас еді. Ол үшін сенімді 
«клиентімен» түнде оңашада сөйлесетін.
Десе  де,  офицерлердің  калымының  жанында  
дубактікі тышқанның ойыны еді.  Аты изолятор болса да, 
сырттағы адаммен бірер сағат жүздестіру, қап-қабымен 
азық-түлік  кіргізу  сияқты  жұмыстар  қожайынның 
рұқсатымен  ғана  жүргізілер  еді.  Ішінде  телевизоры 
бар екі адамдық, төрт адамдық «люкс» хаталар болады. 
Ақшалы  тұтқындарды  соған  жатқызып,  апта  сайынғы 
жамбаспұлын  қожайынның  өзі    шытырлатып  санап 
алатын көрінеді. Тізе берсе, мұндай алыс-берістер жетіп 
артылады.  Оның  біразын  төрт  ай  СИЗО-да  отырған 
Хақназар да көріп еді. Осыған қарап отырып, «тюрьма 
–  золотое дно» – «түрме – алтын астау» деген сөздің рас 
екеніне көзі жеткен.
«Алтын  астаудан»  жем  жеп,  түгі  жылтырап  жүрген  
офицерлердің  бірі  –  капитан  Үсенов.  Естуінше,  бұл 
*  Тұтқындар арасындағы опербөлімнің жасырын агенті. - (жарг.).

41
ҚАРАӨЗЕК
Үсеновтің әкесі  де ғұмыр  бойы түрмеде қызмет істеген 
кісі  екен.  ДПНСИ  болып  жүргенінде,  жүректен  кетіп, 
сүйегі  осы  абақтыдан    шыққан  деседі...  Үзілмей  келе 
жатқан осындай «қаракөктің» тұқымы – капитан Үсенов 
продолда    келе  жатыр  десе,  тұтқының  да,  дубагың 
да  дір  ете  қалушы  еді.  Аузынан  жалын  атқан,  еңсегей 
бойлы,  осы  бір  адамның  сұсы  алабөтен  еді.  Қашан 
көрсең,  қабағынан  қар  жауып,  сызданып  жүреді. 
Солқылдаған жас бозбала күнінен осында жұмыс істеп  
келе  жатқан,  түрменің  қуыс-қуысын  бес  саусағындай 
білетін сол капитан кеспелтекпен аямай сабағанда кісінің 
жанын суырып алушы еді. Тұтқындар  қолына түспеуге 
тырысатын.  Сондай  қатыгездігінен  болар,  бір  ауыз 
қазақша білмейтін қазақ Үсенов көп жылдар бойы режим  
бөлімінің  бастығы  болды.  Режим  дегеніміз  –  түрменің 
тәртібіне қарайтын, тұтқындардың күн кестесіне жауап  
беретін,  таза  ауаға  деп  далаға  шығаратын,  тағы  басқа 
осындай  жұмысты  атқаратын  бөлім.  Бұларға  жазықты 
болып қалсаң, әй-шайға қарамай карцерге  жаба салады. 
Карцер  –  астыңа  төсеніш  берілмейтін,  күндіз 
шконкалары  ашылмайтын,  тастай  суық,  тар  камера. 
Айыпты    болған  тұтқындар  осыған  түседі.  Дубактар 
келіссе, үш уақ баландаға
*
 ғана рұқсат берілетін, суық 
карцерге  түспеу  үшін  ақша  беріп  те  құтылуға  болады. 
Карцердің  де,  басқа  кемераның  да  тәртібін  ғана  емес, 
терезе  торын  да  аман-сау  ма  деп  күнде  тексеріп 
отыратын,  секем    алса,  бүкіл  камераға  шмон  жасап, 
астын-үстіне шығаратын –  осы режимниктер. Егер темір 
істік,  біз,  пышақ  сияқты  дүниелер  тауып  алса,  хатаға 
жауап беретін тұтқыннан сұрау алынады. Қаны бойына 
тарамай тұрған  кезде Үсеновтің өзі көріп қалса,  сабап 
алуы  да  ықтимал.  Терісіне  сыймай  ашуланғанда,  оның 
үстіне  ішінде  «жүз  грамм»  болса,    тұтқын  түгілі,  өзінің 
қоластындағы  дубакты  ұрып  жіберуден  тайынбайтын 
сол  Үсенов  өз  жігіттері  әлгіндей  қылмысы  мүңкіген 
сауда  жасап жатса, көрмегенсіп өтіп кетуші еді. Менің  
құзғындарым да бұйырған несібесінен құр қалмасын деп 
ойлайтын болуы керек.
*  Түрме ботқасы. - (жарг.).

42
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
8.
Таңның  атысы,  күннің  батысы  тар  жерде  сарғайып 
отыратын тұтқын үшін қуанышты шақтың бірі – төбедегі 
даланға шығып, таза ауа жұтып  қайту еді. Әр камераның 
тұрғынын  жеке  даланға  кіргізіп,  дубактар  сыртынан 
жауып кетеді. Әжептәуір кең жерде тұтқындар ары-бері 
жүріп, секіріп, бір жырғап қалушы еді. Хақназар да таза 
ауаға құмар еді. Әсіресе тордың үстіндегі ашық аспанға 
қарап тұрғанды ұнататын.
Даланға  шығып  «қыдырып»  қайтуды  қанша  жақсы 
көрсе  де,  подвалдағы  моншаны  көп  елдің  суқаны 
сүймейтін.  Бірақ  амал  жоқ,  кірлеп,  биттеп  кетпеу  үшін 
еріксіз  баруға  тура  келеді.  Моншасы  –  ыстық  судан 
шыққан буы ғана бар, кең, алакөлеңке бөлмедегі әшейін 
үлкен душ.
Кісі  көп,  ауасы  тар  камерадан  гөрі  санчасть 
(санитарлық  бөлім)  деп  аталатын  түрме  ауруханасында 
жату – барлық тұтқынның арманы. Аурухана болғанда, 
бұл да сол корпуста тұрған, тура сол сияқты камералар. 
Темір тор, шойын есік – айырма жоқ. Бірақ ауруханаға 
жатып  шығу  –  тұтқын  үшін  тың  серпіліс,  үлкен  тыныс, 
үйткені  дікіңдеген  режимниктер  мұнда  көп  келмейді, 
сәл  еркіңдік  бар,  кісі  аз,  ауасы  кең.    Таза.  Дәрігерлер 
денсаулығыңды  қарайды  дегендей.  Бірақ  санитарлық 
бөлімге түсу үшін, әлбетте, сырқат болуың керек. Дүние 
кімнің  көкейін  теспеген,  ең  ақыры  мұнда  да  аяқ-қолы 
сап-сау, тепсе темір үзетін жігіттер кездесетін...
Сүйтсе де, тұтқын халық үшін түрме мен лагерьдегі 
ең кадірлі адам – дәрігер еді.
Санчастьтың  бастығы,  жасы  жерортасынан  асқан 
подполковник  Куравлев  деген  кісі  болды.  Өзі  сәл 
жаңғалақтау еді.
–  Әй,  Сидоренко!  –  деп  ол  продолды 
басына  көтеріп  айғай  салады,  кісіге  жақындап 
кетсе,  үстінен  жуа  мен  спирттің,    темекі  мен 
қолаңсаның иісі мүңк ете қалатын, қашан көрсең, көзінің 
асты көлкілдеп ісіп тұратын арық стоматологқа.
Тыңдап тұрмын, Петр Ильич...

43
ҚАРАӨЗЕК
–  Өй,  қараң  қалғыр,  акт  қағазын  толтыр  деп 
ем  ғой  саған!  Әлі  жүрсің  бе  сенделіп?  Жұмыс  аяғы 
бітсе  екен,  жүз  грамға  жетсем  екен  деп  жүрсің 
ғой,  –  деп  жарықшақ  дауысты  Куравлев  сөзінің  соңын 
орыстың ең күшті боқтығымен бітіреді.
Десе де, сырт көзге аңғалдау, алаңғасарлау көрінетін 
бұл  шал  ғұмырының  жартысын  түрме  қызметінде 
өткізгендіктен  қылмыскер  жұрттың  психологиясын 
бір  кісідей  білетін.  «Бүкірді  көр  ғана  түзейді»  деп 
бекер айтпаған ғой... әй, бұларда опа жоқ» дер еді жас 
медиктерге шай ішіп отырған бір сәтте.
Бір  күні  аяқасты  іші  бұрап,  асқазаны  батып, 
бебеулеген  Хақназарды  первоход  дәрігерінің  көңілі 
түсіп, санчастьқа жатқызған. Сүйтіп, палатасында шахмат 
ойнап отырған мұны көріп қалған Куравлев «кәне, жүрші 
сен» деп кабинетіне алып келді. «Э, парень, ты молодец, 
небось  мастера  выполнил  когда-то?»
*
  деген  сосын  бір 
партияны ұтарын ұтып алса да, арты не болар екен деп 
именіңкіреп  отырған  Хақназарға.  Мұның  турнирлерге 
қатыспаған шахматшы екенін біліп, басын шайқап қойды: 
«заманында біршама ойнаған біз сенен ұтылып отырсақ, 
сен, бала, бос тақым болмадың, онда».  Келесі партияны 
өзі жеңіп алса да, Куравлев ойынға қанбай қалдым, тағы 
ойналық деп, үшінші партияның тастарын тізе бастаған. 
Хақназардың  тағы  ойнауына  тура  келді.  «Санчастьта 
қанша  жатасың?»  деп  сұраған  Куравлев  ойын  үстінде. 
«Қай  жерің ауырып түстің» демейді.
– Білмедім, оны дәрігерлер шешеді ғой...
– Мен шешетін болам, дәрігеріңе сүйтіп айт, – деген 
ақбас подполковник.
Шахмат десе, ішкен асын жерге қоятын ол Хақназар 
жазылса да, жібермей, он күн ұстап,  армансыз ойнады. 
Кезінде теориялық даярлығы күшті болса да, турнирге 
қатысып,  тәжірибе  жинамаған  Хақназар,  дегенмен 
ойнаған партияларының жалпы санын есептегенде, сақа 
ойыншыдан  ұтылып  қалып  еді.  «Ну,  бывай  декабрист» 
деген  санчастьтың  бастығы  бұл  әбден  «емделіп», 
бұрынғы корпусына қайтар кезде.
*  Өй, жігітім, жарайсың, шеберлікті орындаған шығарсың бір кезде?  (ор.)

44
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  «Сотың  тез  болып,  этапқа»
*
  кетіп  қалмасаң,  өзіме 
алдырып, тағы ойнармын».
Өзі өз болып тұтқындарды емдеп жатқанын көрмесе 
де, сол Куравлевтің наркомандарға айрықша қарайтынын 
сан  байқаған.  Сүйтсе,  мамандығы  невропатолог  болған 
соң  ба,  шал  бұларды  тексеріп,  зерттеп  жүреді  екен. 
«Инеге отырып, қанын әдейі өзі бұзған соң адам шіркін 
ібілістің құлы емес пе, емделіп кетуі қиын-ау...» деп бас 
шайқап отыратын.
9.
Сот жазғытұрым басталған.
Сотқа барар кезде тұтқын қауымы үсті-басын реттеп, 
сақал-мұртын алып, жөнге келіп барып шығатын. Жүрегі 
лоблып,  көңілі  қобалжып,  сол  күні  ерте  тұрып,  әбден 
жуынған.  Жаны  бір,  мұңы  ортақ  серіктері  камерадағы 
жібі  түзу,  біркиер  киімді  үстіне  жауып,  қалжыңдап, 
қолпаштап шығарып салды.
Күн жаймашуақ еді. Алакеуім шақ. Автозактың темір 
торлы  терезесінен  қалаға  қарап  отырған  Хақназардың 
көңілінде сергек сезім ұялаған. Жазғытұрғы жұпар иісті 
иіскеп, жол бойындағы, бүр жара бастаған тал-тоғайға, 
таныс  көшелерге,  ондағы  ел-жұртқа,  сықылықтап 
күліп  тұрған  қыздарға,  өзіне  жетеқабыл  үлкен  сөмкені 
арқалап,  мектепке  кетіп  бара  жатқан  бүлдіршіндерге 
қарап, бір жасап қалды. Бір сәт дүниенің бәрін ұмытып, 
өзін елге, ауылға бара жатқаңдай сезініп кетті. Айдауыл 
милитса таңғы пойыздан күтіп алып, енді станса басынан 
ауылға апара жатқан ағалары сияқты...
Әйтсе де, көңілде түйткіл тұрған.
Сот үйі – тозығы жетіңкіреген, Сталин заманынан келе 
жатқан екі қабатты сары ғимарат екен. Есік алдында тірі 
пенде жоқ. Еденнің ескі тақтайын сықырлата, айдауылы 
бар, бұл бар, сот залына кірген.
Бір уақытта «Встать, суд идет!» деп саңқ  ете қалған 
дауыстан жүрегі су етіп, көңілі алабұртып кетті.
Сот деген бұған бір қол жетпес, киелі ұғым сияқты 
*  Сотталып, колонияларға жол жүру.

45
ҚАРАӨЗЕК
көрінуші  еді,  олай  емес  екен.  Кең  бөлменің  ішінде, 
мына бетте екі жағында екі сақшы, қолында кісені бар 
бұл тұрса, қарама-қарсы прокурордың орынбасары, оң 
жақ  бетте  судья  әйел,  тағы  бір  бес-алты  адам,  содан 
соң  қолынан  түк  келмейтін    мұның  адвокаты  отырды. 
Бар болғаны осы-ақ.  Шешесіне хабар барған еді, өзі де 
хат  жазған,  колхоз  бастығы  жұмыстан  босатпай  жатса 
керек, әйтпесе құстай ұшып жететін еді-ау...
Осы  кезде  емешегін  созып  көптен  күттірген  сот 
процесі де басталып кеткен еді.
Жирен  шаш  судья  әйелдің  беташар  қысқа  сөзінен 
соң  айыптаушы  жақ  міндетіне  кіріскен.  Прокурордың 
орынбасары қазақтың жігіті екен, қолындағы он шақты 
бет  айыптау  қорытындысын    ары-бері  аударыстырып 
тұрды  да,  «қһа»  деп    жөткірініп  алып,  зулата  оқи 
жөнелді. 
Бәрі  де  таныс,  тергеу  кезінде  қайталай-қайталай 
әбден жауыр болған эпизодтар. 
– Жәбірленушіні шақырыңыз, – деді сот бір уақытта.
– Жәбірленуші Звягинцев, – деді ол кірген соң, – сол, 
18-желтоқсан күні өзіңіздің басыңыздан өткен оқиғаны 
бастан-аяқ айтып беріңізші.
Ашаң  жүзді  сары  жігіт  –    Звягинцев  әуелі  анықтап 
алайыншы,  сол  ма,    сол  емес  пе  дегендей,  қарап  алды 
да, сөзге кірісті:
–  1986  жылы,  17,  18    желтоқсан  күндері  Отаныма 
борышымды  өтеп,  Алматыдағы  Брежнев  алаңында  өз 
қызметімді  атқарып  жүргем.  Өздеріңіз  білесіздер,  сол 
күні  экстремистік,  бүлікші  топтар  белгілі  бір  мақсатқа 
жету үшін сол жерде қоғамдық тәртіпсіздікке жол берді 
ғой... Мен адал қызметімді көрсеттім ол кезде. 
Звягинцев,  әлде  жаттап  алған  ба,  газет  оқығандай, 
мүдірмей сөйлейді екен.
–  ...содан  шамамен  сағат  он  екі,  отызда 
алаңның  Фурманов  көшесі  жағынан  бір  жігіт 
жүгіріп  келді.  Қызмет  орнымда  тұрғандығымнан 
менің  қолымда  дубинка  болды.  Әлгі  адам  келді 
де  менің  дубинкама  жармасты.  Мен  «тәртіп 
бұзбаңыз,  азамат»  деп  кеудесінен  ақырын  итеріп 

46
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
қойдым.  Сол  кезде    ол  мені  күрес  тәсіліне  салам  деп, 
құлатып  жіберді.  Соның  кесірінен  сол  қолым  сынып 
кетті. Ол дубинкамды алып, алаңдағы топқа кіріп кетті. 
Мені милиция мәшинесімен ауруханаға жеткізді.
–  Жолдас  Звягинцев,  сізді  соққыға  жыққан, 
қолыңызды сындырған қылмыскерді тани аласыз ба? – 
деп сұрады  судья.
– Иә.
–  Осында  отыр  ма,  көрсете  аласыз  ба?  –  деді 
судья  әйел  тағы  да  дәл  бір  бала  бақшаның  баласымен 
жасырынбақ ойнап отырғандай.
– Иә, ол мына кісі.
– Жақсы, отырыңыз. Куәгер бар ма?
– Бар, – деді әлдекім.
– Шақырыңыз!
–  Азамат  судья,  маған  сөйлеуге  рұқсат  па?  –  деді 
Хақназар орнынан тұрып.
– Отырыңыз. Сізге де кезек келеді, – деді судья.
–  Куәгер  Рыжова,  18-желтоқсанда  сіз  не  көрдіңіз, 
жасырмай айтыңыз, – деген содан асықпай кірген жуан 
әйелге.
–Шамасы сағат күндіз он бір жарым еді. Фурманов 
көшесін бойлап, орталық музей жақтан біреулер жүгіріп 
келе жатты.
– Қанша адам жүгіріп келді?
– Он, он бес адам болар. Міне, сол топ жүгіріп келді 
де,  алаңдағы  топқа  қосылды.  Олардың  соңына  таман 
келе жатқан біреуді жасақшылар ұстап қалды.
–  Халық  жасақшысы  деңіз,  –  деп  түзетті 
прокуратураның сауатты қызметкері.
–  Иә,  халық  жасақшылары.  Мен  ол  кезде  өзімнің 
үйімнің балконынан, Сәтпаев пен Фурманов көшелерінің 
қиылысындағы,  күншығыс  беттегі,  «Океан»  дүкенінің 
үстіндегі  үйден  қарап  тұрғам.  Звягинцевті,  то  есть 
жәбірленушіні мына кісі ұрып жатты, – деп жуан әйел 
Хақназарды көрсетгі.
– Шығаевты деңіз, – деді судья. – Бұл шамамен қай 
жерде еді?
– Сол жерде, әлгі халық жасақшысы осы Шығаевты 

47
ҚАРАӨЗЕК
тоқтатты  ғой.  Шығаев  оны  қалай  ұрып  жыққанын 
білмеймін,  әйтеуір  көзді  ашып-жұмғанша  Звягинцевті 
кұлатып кетті.
–  Қолын  сындырып  кетті,  –    деп  түзетті  сосын.  – 
Мұның  бәрі тез, екі-үш минутта өткен оқиға еді.
–  Сұрақ  қоюға  бола  ма,  жолдас  судья?  –  деген  осы 
жерде Хақназар тағы.
– Иә,  қойыңыз.
–  Сіз,  –  деді  Рыжоваға  қарап,  –  менің  сол  кезде 
қандай киімде болғанымды айта аласыз ба?
– Қандай киімде дейсіз бе? – Куәгер сасып қалды. – 
Ол есімде жоқ.
– Қалайша?! –  деді прокурор орнынан тұрып, – тергеу 
кезінде  бәрін  айтып  беріпсіз  ғой,  қара  куртка,    көк 
кроссовка киген деп. – Мен протест жасаймын, жолдас 
судья, – деді Хақназардың адвокаты осы кезде. – Куәгер 
ұмытып отырса, прокурор әдейі есіне түсіріп отыр.
Судья үндеген жоқ.
– Жолдас Рыжова, өзіңіз есіңізге түсіріп көріңізші, – 
деді бар болғаны.
–Иә, енді есіме түсті, бұл жігіттің үстінде қара куртка, 
аяғында көк кроссовка болатын. 
– Сіз қанша метрден көріп тұрдыңыз? – деп сұрады 
адвокат.
– Сол ...шамамен жүз метр болар. 
–  Ал  сіз  тергеу  хаттамаларыңда  екі  жүз  деп 
көрсетіпсіз, – деді адвокат.
– Иә, есімнен шығып кетіп отыр, кешіріңіз... екі жүз 
метр.
–  Екі  жүз  метрдей  аралықтан  бір  көрген  адамының  
түр-түсін есіне сақтай ала ма бұл кісі,  киген киімінің өзін 
ұмытып отыр ғой.
– Адам екі жүз метрден көргенін есінде сақтай алады, 
оны  арнаулы  дәрігерлік  комиссияның  өзі  солай  деп 
шешкен, міне, анықтама қағазы, істің  ішінде тіркелген, 
–  деді пурокурордың орынбасары.
– Жақсы, – деді судья. –  Келесі куәгерді шақырыңыз, 
тезірек!
Екінші      куәгер  –    көзі    жыпылықтап,    қозғалақтай 

48
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
беретін  жас  жігіт  –  болған  оқиғаны    Рыжованың 
айтқанына ұқсатып баяндап шықты.
–  Шығаев  жәбірленушіні  ұрып  жатқанда  сіз  қай 
жерде тұрдыңыз? – деп сұрады адвокат.
– Сол күні  СХИ жақтан сағат 11-12-лерде Фурманов 
пен  Сәтпаевтың  бұрышына,  алаңның  шетіне  бірнеше 
автоколонна  келіп  тоқтады,  мен  де  солардың  артынан 
іле-шала келдім. Ленин көшесінің бойында тұратын ата-
енемнің үйінен келе жатқан едім. Сол кезде Фурмановтың 
бойымен  тау  жақтан  бір  топ  жігіт  жүгіріп  келді  де, 
шынжырша шұбатылып тұрған шекара әскерінің сабын 
бұзып, алаңдағы топқа кіріп кетті. Ішінде осы айыпкер 
бар.  Жәбірленушіні  құлатып,  ұрғанын  өз  көзіммен 
көрдім.
Судьяның,  адвокаттың  қосымша  қойған  сұрақтары 
мен  куәгердің  оған  берген  жауабы  да  осы  төңіректе 
болды.
Сот процесі ет асым уақытқа созылып, енді аяқталар 
мезгілде, Хақназар сөз сұрап:
–  Қылмыстық  ісім    дұрыс  жүргізілмеді  деп 
есептеймін.  Үйткені  куәгерлер  өтірік  айтып  отыр. 
Менің сол кезде киген киімімді, оқиға болған уақытты  
шатастыра  берулерінің  өзі  соны  көрсетіп  тұрған  жоқ  
па. Азамат судья, менің ешқандай  кінәм жоқ, қылмыскер 
емеспін,  бұлардың  айтқандары    рас  болса,  баяғыда 
мойындайтын ем ғой… – деген  еді, жауап берген ешкім 
болмады. 
Іле  сот  мүшелері  өзара  кеңесіп  келеміз  деп  шығып 
кетті.
Олар  келгенше  Хақназардың  дегбірі  кеткен.  Жүрегі 
атқақтап,  ауызынан  шығып  кете  жаздап    еді.  Дүниеде 
өз тағдырыңның  қалай шешілерін  білмей, тағатсыздана 
күткеннен ауыр ештеңе жоқ шығар!
Қанша  уақыт  өткені  есінде  жоқ,  әйтеуір  арқасынан 
суық  тер  бұрқ  ете  қалғанда,  еденді  ойып  жіберердей 
болып,    тепсіне  басып    кірген  судья  «Заңымыздың 
атынан  сөйлеймін!»  деп  бастап,  «ауыл  шаруашылық 
институтының  екінші  курс  студенті,  ұлты  қазақ,  совет 
азаматы Хақназар Шығайұлы Шығаевты Қазақ ССР-інің 

49
ҚАРАӨЗЕК
Қылмыстық  кодексінің    94-інші  және  65-інші  баптары 
бойынша  алты  жылға  бас  бостандығынан  айырып, 
күшейтілген    режимдегі  еңбекпен  түзеу  колониясына 
жөнелтуге» үкім шығарған еді.
10.
Түс  көріпті.  Бұрынғы,  бастырылып  жатқанында 
көретұғын  атыс-шабыс,  қырғын  төбелес  емес.  Жақсы, 
жайлы  түс.  Бірақ  несімен  жақсы,  несімен  жайлы  екені 
есінде  қалмапты.  Тіпті  не  көргені  есінде  жоқ.  Әйтеуір 
тарыққан жаны жадырап, шаршаған тәні балбырап, дем 
алып  қалғанын  ғана  біледі.  Сергек  оянған.  Күні  бойы 
көңіл күйі көтеріңкі жүрді.
Этапқа  дайындалып  жатқан  кезі  еді.  Сотталғандар 
мен  транзитниктер
*
  жататын  камера  тұтқын  үшін 
тұрақты жатар  орын болмаған соң іші аса таза, жинақы 
болмайды.  Және  мұңдағы  тұтқындар  да  бірімен  бірі 
онша жұғыса қоймаушы еді. Хақназар пешенеге жазғанға 
көніп, алдағы өмірді бір Алланың өзіне табыстап, киім-
кешегін түгендеп, лагерьге баруға әзірленіп жатты. Тас-
түйін болып алған.
Келесі  күні  таң  бозынан  дубактар  темір  есікті  тарс-
тұрс еткізіп ұрып, елді оятып алды да, кормушканы  шиқ 
еткізе ашып: 
–Шығаев осында ма? – деп сұрады.
– Осында.
– Этапқа дайындал!
Әйткенмен  құлақ  естісе  де,  көз  көрмеген,  бөтен 
дүниеге  барасың  дегенде,  жүйке  шіркін  шыдамайды 
екен. Хақназар дорбасын бір ұстап, курткасын  бір ұстап, 
жанын қоярға жер таба алмай қалды.
–  Сабырыңды  жоғалтпа,  жігітім,  –  деген  сыртынан 
байқап тұрған кәрі ходак
**
, – Лагерь де – адам тіршілік 
ететін  жер,  аузың  мен  қолыңа  ие  болып,    таза  жүріп-
тұрсаң, өлмейсің! 
Бұларды 
Маңғышлақтағы 
зонаға 
жөнелтетіні 
*  Бір колониядан екіншісіне жол жүріп бара жатқан тұтқындар. - ор.
**  Бірнеше рет сотталған қылмыскер. - (жарг.).

50
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
автозактан  түсіп,  темір  жол  вокзалының  түкпірінде 
тұрған  столыпинкаға
*
  отырғызғанда  ғана  белгілі 
болды.  Этапты  күзететін  ішкі  әскердің  офицерлері 
мен солдаттары зекіп, нұқып, үстілерін  әбден тексеріп  
кіргізген.
Таңғы  ауаны  жаңғырықтыра,  абалай  үрген  иттер 
жұлқынып, жеп қоярдай болып түр.
Автозак  артқы    есігін    вагонға    қарата  тоқтаған.  
Жамбасында  «Макаров»  пистолетінің    қайыс  қабы 
ілінген, еңгезердей капитан:
– Слезай  по одному! Шаг влево, шаг вправо – считается  
попыткой  побега,  стреляем  без  предупреждения!
**
  –  
деп айғай салған. 
Осы кезде ғана бұлар өздерінің ауыз да аша алмайтын  
шын тұтқын екенін сезінген.
Солдаттар  вагонға  артыла  алмай  кідіріп  қалған 
бұларды резеңке таяғымен ұрып, темір тақалы егігімен 
теуіп,  малша  айдап  бірақ  кіргізді.  Бесін  ауғанша  күн 
астында  қаңтарылып  тұрған    тұтқындардың  вагоны 
зорға дегенде пойызға  тіркелген.
Жолда  екі  уақ  тамақтандырады  екен.  Бірақ  күзет 
тобының  офицері  екінші  күні-ақ  тамақты  сұйылтып 
жіберді.  Екі  түнеп,  үшінші  күні  жолда  келе  жатқанда 
түскі  асқа  қақталған  сосиска  таратылды.  Мұндайдың 
неше  атасын  көріп,  әбден  көксоқта  болған  ходактар 
татып алмаған. Лагерь тамағын ішіп көрмеген Хақназар 
сияқтылар  әлгі  сосискаларды  соғып  алды.  Сүт  пісірім 
уақыт өтпей шөл қысып, тілдері аузына сыймай кеткен. 
Көз қарауытып, шөл шыдатпаған соң бұлар:
– Су, су! – деп ұлардай шуласын.
–  Су  жоқ.  Жақын  стансаға  дейін  су  жоқ! 
Тұтқындар келесі стансаны күткен.
–  Су,  ағатайлар-ай,  су  беріңіздерші!  –  деген  пойыз 
тағы  да  бір  шағын  стансаға  кішкене  аялдап,  жылжи 
жүріп кеткен соң.
Жауап жоқ.
*  Тұтқын таситын пойыз вагоны. - ор.
**  Бір-бірден түсіңдер! Солға не оңға бір қадам жасағандарды қашқын деп есептеп, 
ескертусіз атамыз! - ор.

51
ҚАРАӨЗЕК
Карта ойыны мен әңгімеден жалыққан соң, екі қолы 
алдына  сыймаған  офицерлер  қақталған  сосиска  беріп, 
адамның қиналғанын көріп мәз болады екен.
Хақназар ауыр шөлден қаталап кеткен кісінің жанын 
қоярға  жер  таппай,  қалай  қиналатынын  алғаш  рет  сол 
кезде біліп еді.
11.
Қазақстандағы  «еңбекпен  түзеу»  лагерьлерінің  ең 
жаманы,  ең  ауыры  Маңғышлақтағы  зона  дейді.  Рас 
екен.  Оны  да  көзімен  көрді.  Ауырлығы  –  мый  айналар 
аптап  ыстықта  басыңа  қалқа  болатын  тұлдыры  жоқ 
карьерлерде жұмыс істеу еді.
Мұның  бәрі,  әрине,  кейін.  Қазір  бұлар  лагерьдің 
карантин  корпусындағы  тар  камераға  тағы  да  қойша 
қамалып еді.
«Әңгіме-дүкен құруға» бір-бірлеп әкетіп жатты. Үлкен 
бір сын сағат осы кезде басталғанын бәрі де біліп отырған. 
Этапта  –  жол  бойында-ақ  түгелін  естіген  еді:  лагерьге 
келіп  түсісімен  колонияның  әкімшілігі  тұтқындарды 
жеке-жеке  шақыртып,  СВП
*
-ге  қызмет  етуге  үгіттейді 
екен.  Сөзге,  алдауға  көнбесең,  тепкінің  астына  алады. 
Ол  кезде  сенімен  резеңке  таяқ  та,  керзі  етік  те,  жуан 
жұдырық  та  қоян-қолтық  сөйлесетін  болады.  Не  сілең 
қатқанша  әбден  таяқ  жейсің,  не  білегіңе  қызыл  шыт 
байлап алып, лагерь әкімшілігіне жәрдемдесесің. Екінің 
бірі. Егер қызмет етуге көніп қойсаң, онда ішкі зонадағы 
елге  жолау  жоқ.  Тек  әкімшіліктің  қанатының  астында 
ғана күн көруге мәжбүр боласың.
Кезек Хақназарға жеткен.
Көзі  тұздай,  қалың  ерінді  офицер  маңдай  терін 
сүрткіштеп, ыстықтап отыр екен. Әуелі аты-жөнін сұрап 
алып, қаланып тұрған папканың ішінен іздеп қылмыстық 
ісін тапты. Ақтарып отырып, ысқырып жіберген:
–  65-бап: жаппай тәртіпсіздік жасағандар.
– Що за статья?!»
**
 – деген содан соң ажырайып.
*  Ішкі тәртіп кеңесі. - ор.(аббрев.).
**  Қандай бап?! - ор.

52
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Хақназар үндемеді.
–  Үндемейсің,  ә,  иттің  баласы,  жап-жас  болып 
өкіметке қарсы шыққасың ба? Сенен сұрап тұрмын ғой?!
– Жоқ,  – деді еріксіз Хақназар.
–  Түкке  түсінбейтін  мақұлық  деп  отырсың  ғой 
мені?  Алматыдағы  бүлікті  естімеген  деп  отырсың  ғой?! 
Білем  бәрін!  Сендердің  бізге  қарсы  шығып,  өкіметті 
құлатпақшы болғандарыңды да жақсы білем.
– Мүмкін сен наркоман шығарсың? – деген артынша. 
– Кәне, кел бері! Кел деймін саған! Түр жеңіңді, білегіңді 
көрейін, инеге отырған қу шығарсың мүмкін?
Мал  қарағандай  білегін  сипалап,  тамырына  үңіліп 
тұрып алды. Содан соң бұрыла бере жақтан солқ еткізе 
ұрып қап, Хақназарды етпетінен түсірген.
– Тұр!
Тұрғызып алып, сөздің басын жіберсін:
–  Сені,  сүмелек,  итке  тастап,  сүйегіңді  шашып 
жіберсем де, ешкім қой дей алмайды. Ешкім заңсыз деп 
айта алмайды, үйткені сен, – сұқ саусағын кезеген, – сен 
құлсың.  Тем  более  политический  заключенный!  Резать 
вас всех  надо
*
!
Сол күні әбден таяқ жеді.
Бұл атышулы «сындыру» процесі, «обработка»  еді. 
СВП-ге  көнбегендер  ішкі  зонаға  жіберіледі.  Бұдан 
кейін  әкімшілік  тиіспейді.  Аз  болса  да,  өзіне  –  СВП-
ге қызмет істейтін адамды жиып алғанына шүкіршілік 
қылады.
Бұл  кезде  ішкі  зонадағы    қалың  ел  карантиндегі  
жағдайдың  бәрін  біліп  отырады.  Бір  кезде  өздерінің 
басынан  өткен  нәрсе  ғой.  Бері  шыққан  «ағайындарды» 
салулы  төсек,  салқын    үйін  сайлап,  үлкен  құрметпен 
қарсы  алады.  Ас-суын  беріп,  бірер  күн  болса  да, 
жағдайын жасап, көңіліне қарауға тырысады.
Денесі күп болып ісіп кеткен Хақназар қатты қиналып 
еді. Барактағылар әртүрлі ем-дом жасап, ісікке бірдемені 
басып  жатса  да,  қос  бүйрегі  сыздап  шыдатпады.  Тіпті 
кіші дәретінен қан кеткен.
«Бүйректі  сақтау    керек,  жігітім»  деді  мұны  көрген 
*  Оның үстіне, саяси тұтқынсың! Сендердің бәріңді сою керек!

53
ҚАРАӨЗЕК
Мұқан деген біреу. Өзі әлденендей май жағып емдеген  
болды.  Содан  соң  «санчастьқа  қаралғаның  жөн»  деп 
қоярда-қоймай сонда алып барды.
– Валя, мынау карантиннен шыққан жігіт. Бүйрегіне 
зақым келген-ау деймін, қарашы, – деді темір тордың ар 
жағында жүрген толық әйелге.
–  Сен  қайда    қарап  жүрсің,  өзің  емдемей?  –  деді  
әйел.
– Жоқ, мынаны сен қарамасаң, болмайын деп тұр.
ДПНК
*
-ның  офицерінен  рұқсат  алып,  бұлар  арғы 
беттегі аурухана аумағына өтті.
Электр  шәйнекке  су  қайнатып,  кабинетінде  шай 
демдеп    жүрген  Валя  шолтиған,  сирек  сары    шашын 
сипап отырды да:
– Жеке  карточкаң  қайда, толтырылып па еді? –  деді 
Хақназарға қарап.
–  Ой,  Валя,  қағазсыз-ақ  жұмыс  істеуге  болатын 
шығар, – деді күліп Мұқан.
– Жоқ, болмайды. Тәртіпке бағыну керек! 
Ақыры ДПНК архивінен жеке ісін алдырып алды.
– Да ты оказывается декабрист?! – Істі оқып отырған 
Валя    санына    шоқ  түскендей  баж  ете  қалған.  –  Нет, 
лечить таких калбитов я не буду!
**
Дәрігердің  мына  оқыс  қылығына  әуелі  таңырқап 
қалған Мұқан артынша күліп жіберген:
– Ой, Валячка, шабыңнан түрткен ешкім жоқ, сонша 
тулағаның  не...  Қой  еңді,  бүйректен  қан  кетіп  жатыр, 
обал ғой бұған.
– Айттым мен саған, мұндай басұрманды емдемеймін 
деп. Қарамаймын дегесін, қарамаймын? Болды!
–  Ва-ля...  –  деді  Мұқан  дәрігер  әйелдің  қасына 
келіп, – Үйтіп ойлауға болмайды, бұл да – адам баласы, 
«политкаторжан» деп кеудесінен итеру – адамгершілікке 
жат. Көмектес енді, ақысын береміз...
– Слушай
***
, Мұқан, сен өзіңнің маған қарыз екеніңді 
ұмытып қалдың-ау деймін.
– Жә, мен шайымды ішем, бөгет жасамаңдар. Болды! 
– деген содан соң, осымен сөз бітті дегендей.
*  Колония бастығының кезекші көмекшісі. - ор.
**  Желтоқсандық екенсің ғой?! Мұндай мақлұқтарды емдемеймін! - ор.
***  Тыңда. - ор.

54
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Мыйы  жоқ  қатын,  –  деді  Мұқан  бұлар 
зонаға  сүйретіліп  қайтып  келе  жатқандарында. 
– Дура!
12.
Шыжыған ыстықта, аңызақ желде жүріп карьердегі 
ауыр  жұмысқа  жегілген  Хақназар  екі-үш  ай  өтпей-
ақ  өзінің  Маңғышлақтағы  колониядан  басқа  жаққа 
ауысатынын естіді.
–  Кешірерсіз,  азамат  бастық,  қайда  ауысады  екем? 
–  деген  сұраққа  карточкаларды  ақтарып  отырған 
прапорщик иығын қиқаң еткізіп, жауап бермеген.
Сонымен  тағы  да  жол  жүретін  болды.  Жарасы 
жазылып,  енді-енді  лагерь  өміріне  үйреніп  келе 
жатқанда қиын болды бұл.
Тағы екі-үш күн этапта жүріп, арып-ашып, жолсоқты 
болып Қостанай  түрмесіне келіп түскен.
Бұл түрмеде отырғанда басынан бір оқиға өтіп еді.
Транзит камерасында жатқан мұны түннің бір уағында 
біреу жұлқылап оятты.
– Сені бастық шақырып тұр.
Қараса, есік ашылып, жас дубак бұған қарап тұр.
– Жүр менімен бірге, – деді ол бұйырып. – Жо, жоқ, 
кешеріңді таста, бірер сағаттан соң қайтып келесің!
Не болып қалды екен деген оймен:
–  Қайда  апара  жатырсыз,  бастық?  –  деген 
баспалдақпен  жоғары      шығып  бара жатқандарында.
– Блатнойларға
*
, – деді анау. – Сені көргілері келіп 
отыр.
Хақназар не үшін шақыртты екен деп ойлап та үлгерген 
жоқ, түпкірдегі камераға әкеліп кіргізіп жіберген.
Төрт  адамдық  шағын  камераның  кіреберіс  аузында 
электр  пеші,  төр  жақта  телевизор  тұр  екен.  Екі  қабат 
төсектің үстінде біреу жатыр, қалған үшеуі карта ойнап 
отыр.
–  Тунгус,  екі  сағаттан  соң  алып  кетем,  –  деді  есікті 
жауып жатқан дубак.
*  Беделді қылмыскерлер. - (жарг.).

55
ҚАРАӨЗЕК
–  Жақсы,  жақсы,  рахмет,  Владик,  –  деді  қырықтар 
шамасындағы төртпақ жігіт.
–  Ал  кел,  төрлет,  жігітім,  –  деген  іле  бұған  қарап. 
–  Қорықпа,  сені  шай  ішуге,  қонақ  етуге  шақырдық, 
транзитте не бар дейсің.
Үстіңгі төсекте жатқан кісі сүйретіліп жерге түскенше 
Тунгус  Хақназарды  жаңағы  екеудің  ортасына  әкеліп 
отырғызды.
–  Чифир  қайнатып  жіберші,  Серега,  –  деді  сосын 
жерге түскен бұйрабас жігітке.
Тунгус  пен  Серегадан  басқа  екі  жігіттің,  қою  қара 
сақал-мұрты  бар,  ұзын  бойлысының  аты  (әрине,  лақап 
аты) – Вахо, қартаңдау көк көзінің есімі – Жиган екен. 
Соңғы екеуін Тунгус «в законе»
*
 деп таныстырған.
–  Қандай  ойын  білуші  едің?  –  деді  бұған  Сергей 
картаны көрсетіп.
– Жоқ, карта ойнамаушы ем.
Чифир келіп, үстел үстіне әртүрлі тағам қойылғанда 
әңгіме басталған. Хақназардың Маңғышлақтан келгенін 
естіп, оңдағы таныстарын сұрап жатты.
–  Ал  еңді  айтшы,  –  деген  Вахо  біраздан  соң,  –  сен 
қыстыгүнгі  Алматыдағы  бүлікке  қатысқан  екенсің, 
бізге  келіп  жатқан  алып-қашты  әңгіме  көп,  қайсынікі 
бұрыс,    кімдікі  жөн,    шайтан  білер...  –  темекісін 
тұтатып, көк түтінді бұрқ еткізді. – ...Сен қысылма, осы 
уақиғаны тура сол күйінде айтып берші бізге.
Не  айтушы  еді,  өзі  де  жөнді  ештеңе  білмейді 
ғой,  уақиғаның  жуан  ортасында  жүрген  жоқ, 
демонстранттармен  бірге  шыққан  жоқ,  шет  жағасын 
көргені  болмаса,  не  өткенін  білмейді.  Әйтеуір  үзіп-
жұлып бірдеңе айтып берген.
– Ой, сен өзің түк көрмепсің ғой, – деді әңгімені бар 
ынтасымен тыңдап отырған Тунгус. Көңілі толмай қалса 
керек. –  Біз сенен көп нәрсені естиміз бе десек...
Манадан  бергі  төрде  жантайып  отырған  Жиган,  – 
тегі,  ішіндегі  ең  беделдісі  осы  болса  керек,  –    әжімді 
жүзін сипап қойып:
*  Вор в законе - орыстардың қылмыс дүниесіндегі өз «заңы» бойынша ең беделді 
саналатын қылмыскері. - ор.

56
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
– И-иә... – деп қойды. Содан соң:
– Қонақты құр жібермейік, – деп төменіректе отырған 
Сергейге иек қаққан.
Анау түсіндім дегендей бас изеді де, бірер минуттың 
ішінде  «Беломор»  темекісінің  ішіне  әлденені  толтырып 
әкеле қойды. Хақназар талай көрген, бірақ өзі әлі татып 
көрмеген нәрсе еді.
«Беломордың»  жалғыз  талына  тығыз,  мол  етіп 
толтырылған  наша  тұтатылып  қолдан-қолға  көшті. 
Әрқайсысы  бір  сорып  қойып,  қасындағы  көршісіне  
береді екен.
–  Каторгада
*
  саяси  қылмыскерлер  қазір  сирек 
ұшырасады ғой, – деді Жиган. – Бұлардың көбісі  КГБ*-
ның назарында болады. 
– Сондықтан бұлармен көп жұғыса бермеу керек, – 
деді  Вахо жымиып. Нашаның түтінін ішіне жұтып, демін 
шығармай, көзін жұмып отырды. 
Кезек өзіне келгенде Хақназар шекпеймін деп  айтуға 
батылы бармай, «әй, не болса да, көрейін, осыдан өліп 
қалмаспын» деп, нашаны сорып қалып, көмейлете жұтып 
жіберген еді, тамағын тіліп өтіп, ал келіп жөтелсін. Бірақ 
аналар көрмеген қалып  танытқан.
–  ...Мен  Красноярск  лагерінде  отырғанымда  бір 
диссидент  болды,  –    деп  жаңа  әңгіме  бастады  Жиган. 
–  ...Баяғы    троцкистерге  қарағандай  оны  да  лагерь 
әкімшілігі қатты ұстайтын. Сол  бір күні жоқ болып кетті 
де,  екі  ай  ма,  үш  ай  ма,  уақыт  өткесін  қайтып  келді. 
Өзі  үндемейтін  байғұс    мүлде  момақан  болып  оралды. 
Лагерь  бастықтары  да  өзіне  жақсы  қарап,  жүргені-
тұрғанына шейін аңдып,  сүйтіп  жүрді. Әлгі байғұс түні 
бойы ұйықтай алмайды, ұйықтап кеткеннің  өзінде басын 
ұстап ойбайлап шығады екен. Сүйтсек, басының  ішіне 
магниті  бар бір прибор салып жіберген екен. Солай деп 
естідік.  КГБ  медицинасы  үшін  «подопытный  кролик»
**
 
болып шыққан ғой сонда. Енді, байғұс басын ұстап зар 
илегенде, төбе құйқаң шымырлайды. 
–  Қой  мүмкін  емес  шығар,  бастың  ішінде  қалай 
тұрады ол прибор? – деді Вахо.
–  Оның  несі  таң.  Төбе  қақпағын    ашып,  тырнақтай 
*  Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті. - ор.(аббрев.).
**  Тәжірибе жасайтын қоян. - ор.

57
ҚАРАӨЗЕК
ғана аппаратты жапсыра салған екен. Басының тігісін де 
көрдік қой...
Әңгіме  тыңдап  отырған  жұрт  таңдай  қағып,  бас 
шайқаған. 
– Ол не үшін керек болған тәжірибе екен?
– Кім біледі, – деді ойланып қалған  Жиган. – Бұл КГБ 
кісі баласымен қалай ойнаймын десе, өзі біледі ғой...
Бір кезде салдыр-күлдір етіп есік ашылды да, бұлар 
еріксіз  сөздерін тыя қойды. Ар жақтан Владик  дубактың 
басы көрінді:
– Уақыт бітті, Тунгус, екі жарым сағат өтті. 
– Міне, міне, қазір, – деді Тунгус. 
Хақназар қайтуға жинала бастағанда Жиган: 
– Сен расында нацист шығарсың. Бірақ жадыңа тұт, 
жігітім, түрме мен лагерьде ұлтқа жіктелу, нәсілге бөліну 
деген ешқашан болған  емес. Осыны ұмытпа! – деген.
Нашаның уытынан басы айналып, құлағы шуылдаған 
Хақназар транзиттегі камерасында көпке дейін ұйықтай 
алмай жатты.
13.
Қостанайдың    лагерінде  тазалық  бар  екен.  Алғаш 
түскенде осыны байқаған. 
Бара салып  адам баласын жұмыспен «түзеу» жүйесінің 
еңбек торысы саналатын мұжықтар
*
 тобын  көбейткен 
еді. 
Сүйтіп, лагерьдегі күндер де жылжып өтіп  жатты.
Жаңа  колонияға  келіп  түскеніне  екі  ай  өтпей,  хат 
арқылы хабар үзбей отырған шешесі артынып-тартынып 
жеткен. Күздің қарасуығы келіп, жауын жауып тұрған 
беймаза  кез  еді.  Қостанайдың  жапырағы  сарғайып, 
саудырап түсіп жатқан қайыңы мен терегінің де сұрқы 
кетіп, ызғырық аяз күннен-күнге қатайып бара жатқан. 
Колония  тұрғындарының  бушлат  киіп,  енді  тезірек 
жылы аяқ киім берілсе екен деп тықыршып жүрген кезі 
еді.
*  Бұл жерде: ұры мен қарақшының «заңы» бойынша, ғұмырын қылмысқа арнамаған, 
қатардағы жан. - ор.

58
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
Алыстан  келген  шешемен  кездесуге  екі  күн  уақыт 
беріліп, арнаулы бөлме бөлініпті.
Айдауыл сыртта қалып, бөлмеге асығыс кіріп келген 
Хақназарды анадай жерде шоқиып отырған шешесі:
– Балам-ау! Тірімісің, қарғам-ау!!  – деп жүгіріп келіп, 
бас салды.
Құшақтап ұзақ тұрған шешесін:
– Жақсы, мама, отырайық енді, – деп төсекке әрең 
отырғызды.
Көзінің  жасын  сүртіп  қойып,  қайран  шеше  қайта-
қайта  айналып-толғана  береді.  Әлі  жас,  қайратты 
көрінгенімен,  жүдеңкіреп  қалғаны  байқалады.  Көзінің 
астына қаракөлеңке түсіп, мандайындағы әжім көбейген 
секілді.
– Балам-ау, жүдеп кетіпсің ғой, алтыным-ау, қиналып 
жүрсің-ау деймін?..
– Жоға, мама-ау, бәрі жақсы, тамақ тоқ, киім бүтін. 
Үйреніп қалдым қазір.
–  Шашыңды  тақырлап  тастапты  ғой,  –  деген 
Хақназардың басын сипап отырып.
– Енді... тәртіп солай. Бәрі тақырбас жүреді.
Сұмдық-ай, қатты ұстайды ғой бұлар адамды!..
Шешесі  қол  орамалымен  көзін  сүртіп,  тағы  үнсіз 
жылап алды. Хақназар көңілін бассыншы деп біраз үнсіз 
отырды. Уәзипа (шешесінің аты Уәзипа еді) сәлден соң 
өзіне келіп:
–  Ойбүу!..  –  деген,  –  ұмытып  кетіппін  ғой...  Қазір, 
балам...  Үйдің  дәмін  шығарып  қоймай,  не  қара  басып 
қалған мені...
«Тоқ» шәйнек, ыдыс-аяқ, бәрі өзінде бар екен, ДПНК-
дан плита алғызып, ас қамына кіріскен.
–Бастықтарыңның  жеке  сыбағасын  бағана,  келген 
бетте-ақ беріп қойғам, – деді күйбеңдеп жүрген Уәзипа.
–  Бекер  әуре  болғасың,  –  деді  Хақназар  қазы  мен 
жентті, сары май мен бауырсақты соғып отырып.
–  Үйбәй-ау,  қызықсың,  балам.  Осы  күні  бастықтың 
аузын алып қоймаса, қиын ғой...
– Өй, онсыз да свидание беруге тиіс қой бұлар!
–  Пәлі, ұлым-ау.. Өзіңе көз қырларын салып жүрсін 
деген ғой менікі... 

59
ҚАРАӨЗЕК
Хақназар үнсіз күлген.
– ...Әрі ауылдан келген атым бар, буынған-түйінген 
сөмкем  көп,  көріп  тұр,  ұят  емес  пе,  ауылдың  дәмін 
татыру деген бар, дәметеді ғой қайткенмен...
Етті  кешке  асайын,  оған  дейін  қуырдақ  қуырып 
жіберейін  деп  Уәзипа  тез,  апыл-ғұпыл  ас  қамына 
кіріскен. Ет піскенше деп, шай ішіп отырған кезде елдің 
жаңалығын айтып жатты. 
– ...Қамысбектің әлгі сары қызы күйеуге тиіп  кетті, 
шулап  жүріп  оны  ұзаттық.  Мына  Қараөткел  жаққа 
шықты.  ...Көрші  атаң  жазғытұрым  қайтыс  болған.  Тың 
жүрген  сияқты  еді,  үш  күн  ауырды  да,  көз  жұмды 
марқұм...  Сол..  Айтпақшы,  ұмытып  кетіппін  ғой,  класс 
жетекші апайың –  Нұрсипат  менен сәлем айт деген еді, 
қарыз болмасын, соны айтайын...
Шай  ішіп  болғанша  Хақназар  ауылдың  біршама 
жаңалығына қанып қалды.
Кешкісін ет жеп, сорпа ішіп болған соң басынан өткен 
жайды шешесіне асықпай айтып берген. Сөзін бөлмей, 
ойлана қарап отырған Уәзипа:
–  Құлыным-ау,  бір  зауал  кез  бопты  ғой  өзіңе,  бір 
зауал кез бопты ғой, – дей берген. Кеудесі қақ айрыла 
«у-уүһ!» деп күрсінген.
– Жесір қатынның сөзін кім тыңдаған, – деді төмен 
қарап көзіне жас алған Уәзипа, – қолдан келер қайран 
жоқ!  Көктемегір  әлгі  қалқоз  бастықтан  әрең  сұранып, 
Алматыға, өзіңе бір барайыншы деп отырғанымда сенен 
хат  келді,  келмей  тұра  тұр,  сотым  болып  кетті  деген. 
Шыбын  жанымды  қайда  қоярымды  білмедім,  балам. 
Көрмеген нәрсем ғой бұл. Заңды кім білген... Көмектесер 
ағайын-туыстың түрі анау. Бетіңе қарап, жаны ашып, құр 
тамсанғанынан басқа  жәрдем жоқ... Ух!...
Хақназар «жарайды, мама, айта бермеңіз енді» десе 
де, бір шешіліп кеткен Уәзипа ойдағы-қырдағы әңгіменің 
бәрін тізіп шыққан.
–  Алты  жыл  деген  көп  қой,  құлыным,  –  деген  үнсіз 
егіліп. – Ештеңе етпес, балам, ізденем әлі, – деген сосын 
оқыс қатайып. – Түбіне дейін ізденем. 
Уәзипа жас күнінде өжет болған деседі, мойыл қара 
көзінің оты әлі де жоғалмаған. 

60
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Хақан,  –  деген  қайтатын  күні  (ұлын  Хақан  деуші 
еді),  –    ештеңені  уайым  етпе.  Бұзық  іске  араласпай, 
тыныш  жүр.  Бәрі  оңынан  шешіледі  әлі.  Атаң  үйреткен 
дұғаны ішіңнен айтып қойып, әкең  қайтыс болған күнді 
есіңе алып жүр.
– Хатыңды күтем, – деген. – Аман бол, қарғам!
Шешемен  қоштасып  зонаға  кіріп  бара  жатқанында 
тамағына тас тығылып, көзінен ыстық жас ытып шыққан 
еді. 
14.
Күндер өтіп жатты.
Бір өңкей сұрқай, ауыр күндер.
Бұл  кезде  Хақназар  лагерь  тіршілігіне  үйреніп, 
тісқақты болып қалған еді.
Сүйтіп  жүрген  күндердің  бірінде  хат  келген.  Хатты 
жазған  «әскери  борышын  өтеп  жүрген  құрылыс 
жауынгері», бала күнінен бірге өскен досы Құрмаш екен. 
«Әдірісті Уәзипа апайдан алдым» депті. Соған қарағанда 
мұның шешесіне де хат жазған болды ғой.
Досының хатын оқып, қатты толқыған. Өзі әскерде 
жүрсе де, мұны жұбатып отыр.
Құлын-тайдай  тебісіп  бірге  өскен  құрдасы  емес  пе, 
«Өзім  барып,  шекеңе  тыртық  салып  бермесем,  тыныш 
жүрмейтін болдың ғой» депті бір жерінде. Бес жасында 
осы  Құрмаш  ойнап  жүріп,    Хақназардың  сол  жақ 
шекесіне  шөлмектің  сынығын  қадап  қойыпты.  Содан 
тыртық  қалған  еді.  Құрмаштың  еске  түсіріп  отырғаны 
сол.
Он бір жасына дейін тентектеу болып өскен еді ол. 
Шәп  етіп  біреумен  жағаласа  кеткенімен  тез  қайтатын, 
тіпті бүгін төбелескен баласымен ертесінде күліп, ойнап 
жүрер  еді.  Әйтсе  де,  көрші  өскендіктен  бе,  Хақназар 
біреумен ілінісе қалса, бұны жақтап шыға келуші еді. Бойы 
тапал  болса  да,  алыс-жұлыста  ешкімге  дес  бермейтін. 
Үш оқитын ба, төрт оқитын ба жылы, үлкен балалардың 
кеу-кеулеуімен  жекпе-жекке  түсіп,  көйлегінің  дал-дұлы 
шығып,  жыртылған  Хақназар  «Енді  үйге  не  деп  барам, 

61
ҚАРАӨЗЕК
мамам  ұрсады  ғой»  деп  жыларман  болып  тұрғанда, 
«Мә,  менікін  киіп  ал»  деп  өз  көйлегін  шешіп  беретін 
де  осы  Құрмаш  еді.  Хақназар  тартыншақтағанымен 
қоймай  кигізген.  «Мен  апамнан  қорықпаймын,  ол  тіпті 
көйлегімнің қайда кеткенін де білмей қалады» деген.
Хақназардың  әкесі  жеті-сегіз  жасында  мәшине 
апатынан қаза тапса, Құрмаштың шешесі  бұлар ес білмей 
тұрғанда толғақ үстінде көз жұмған екен. Көзін тырнап 
ашқаннан әкесінің шешесі – апасының бауырында өскен 
Құрмаш ерке болды. Бесінші сыныпты бітіретін жылы сол 
апасы қайтыс болып, әкесі қайта үйленіп, бұлар алыстағы 
малды ауылға көшіп кетті де, алтыншы сыныпты Құрмаш 
интернатта тұрып оқыды. Жарым көңіл болып бірін-бірі 
бауыр тартты ма, кім білсін, әйтеуір екеуі тез түсінісуші 
еді.
«Интернатты не қыласың» деп Хақназар зорлағандай 
етіп үйіне әкелсе де, Құрмаш бір жеті тұрар-тұрмастан 
интернатына  қайта  кеткен.  Әйткенмен  ара-тұра  келіп, 
қонып тұратын.
Сүйтіп,  екеуі  жұптары  жазылмай,  бірге  ер  жеткен. 
Тойға да бірге барды, топқа да бірге кірді.
Домбырашы  еді.  Бұл  өнерін  әкесінің  немере  ағасы 
Бөжейден үйреніпті. Қырдағы ескі  қыстауда тұратын ол 
кісі ағаштан түйін түйген ұста еді. Құрмаш интернаттан 
қашып,  сол  кісінің  үйінде  жүретін.  Талабын  байқаса 
керек, Бөжекең Құрмашқа домбырашылық өнерден бар 
білгенін  ерінбей  үйретіпті.  Хақназардың  өзі  де  талай 
көрген. Жетпісті алқымдап қалған, қалың қасты, қызыл 
шырайлы шал өзімен-өзі домбыра тартып отыратын. Он 
жасынан ұста шалдың соңынан қалмаған Құрмаш бертін 
келе қалқоздағы музыка мектебінде де оқыды.
«Домбырамды сағынып жүрмін» депті өзі де хатында. 
«Әттең, мына жерде жағдай жоқ, әйтпесе біреуін өзім-ақ 
шауып жасап алар ем... Кейде түсімде домбыра тартып 
жатып  оянам...»  Сол  күні  жауап  хат  жазуға  мұршасы 
келмеді.  Жұмыстан  соң  шаршап  келіп,  тұяқ  серіппей 
ұйқтап еді, түс көріпті. Түсінде, бала кезі дейді, Құрмаш 
екеуі Бөкен өзенінің жағасында қармақ салыпты. Құрмаш 
қармағын қазыққа байлап қойып, домбыра тартып отыр 

62
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
екен.  Кенет...  бұлар  отырған  жардың  шеті  қопарылып 
құлап  бара  жатады.  «Ойбай!»  деп  екеуі  жар  шетінен 
ұстай алыпты. Мұның айғайлайын десе, үні шықпайды. 
«Хақан!»  дейді  біреу,  қараса,  төменде  Құрмаш  ілініп 
тұр. Жаңағы өзен жоқ, терең шыңырау екен дейді. Бұл 
қалай болып кетті деп бұл қорқып үлгерген жоқ: а-а-а! 
деп Құрмаш құлап бара жатыр екен. «Құрмаш!» деп айғай 
салыпты.
...Дауысы қатты шығып кетсе керек: 
–  Өй,  Шығаев,  төсектің  басын  ұстап  бақырып 
жатырсың  ғой,  түсіңде  біреу  қылқындырып  жатыр-ау 
шамасы, – деп біреулер күліп жатыр екен.
15.
Хақназар  жүрген  төртінші  отряд  есік  пен  терезе, 
үстел мен орындық  дайындайтын ағаш  шеберханасында 
жұмыс істеуші еді.
Отрядта  әртүрлі  адамдар  болды.  Бірі  босанып,  бірі 
ауысып жатса да, отряд құрамы негізінен тұрақты еді.
Өмірбек  деген  ұзын  бойлы,  қарасұр  кісі  болды. 
Сотталардан бұрын үлкен қаланың түбіндегі бір ауылда 
шопыр  болып  істепті.  Сүйтіп  жүргенде  таныс  біреу 
«Өмеке,  қорамдағы  сиырды  қаладағы  үйіме  жеткізіп 
берші,  ақысын  төлеймін»  деген  соң  көлденең  табыс 
көкейді  теспей  тұра  ма,  сұраған  бағасына  келісіп,  екі 
кештің  арасында  қалаға  зуылдатып  келе  жатқанында 
мілитса  тоқтатып,  мәшине  бортындағы  төрт  сиырды 
ұрлық  малы  деп,  сол  жерде  актілеп,  қамап  тастайды. 
Ақыр  соңында  мал  ұрлығымен  айналысатын  сыбайлас 
топтың қызметінде жүрді, қылмысқа қатысы бар деп екі 
жыл кескен...
Алпысты  алқымдап  қалған,  өзі  аурушаң  Өмекең 
«әкеңнің  аузын...  бәрінен  бұрын  қыз-келіннен  ұят 
болды  ғой»  деп  отырар  еді.  Бір  жолы  хәлін  сұрауға 
алыстан кемпірі де келіп еді. «Кемпіріңіз жас қой» деп 
күлген  сонда  көріп  қалған  біреулер.  Екінші  алған  әйелі 
екен.  Өмірбек  шалға  лагерь  өмірі  жеңіл  тиген  жок, 
Оңашада «бәрінен бұрын боғыңмен жасты балалардың 

63
ҚАРАӨЗЕК
балағаттайтыны көңілге жаман батады екен» деп отырар 
еді.
Өмірбекті  отряд  бастығы  кейде  өз  үйінің  жұмысын 
істетуге  алып  кететін.  «Нәшәндіктің  көңілінен 
шығатындай  бір  дүние  жасап  беру  керек.  Мүмкін  ол 
кісі  мерзімімнен  бұрын  шығарар,  ә,  қалай  ойлайсың, 
Хақназар» дейтін. Бірақ оған жетпеді: босанарға үш-төрт 
ай қалғанда аяқасты жүректен қайтыс болып кетті. 
Он  саусағынан  өнер  тамған  нағыз  ағаш  шебері 
Володья    Верещагин    еді.  Мінезін    кісі  түсінбейтін: 
кейде  көңілденіп  әңгіме  айтып,  қолына  не  түссе,  соны 
айналасындағыларға  сыйлай  салып,  бәрімен  жақсы 
болып жүреді де, кей күні қабағынан қар жауып, адамды 
жау көріп, терісіне сыймай әрең отырады .
Бірақ өз ісіне мығым еді. 
Володья кезекті бір кикілжіңде, өзі ұрттап алған да 
болса керек,  әйелін сабаймын деп жүріп, өлтіріп алып, 
лагерьден бірақ шыққан. Бір күні тайғақ іске араласып, 
«абыройлы  азаматтармен»  бәске  карта  ойнап,  оңбай 
ұтылған.  Ақырында  ұтылған  ақшасын  түгел  қайтарып 
бере  алмай  бейшара  –  «қыздар»
*
  бригадасынан  орын 
теуіп еді...
Алексей Васильевич Хвостов – штангенциркульдің 
не екенін білмейтін, ағаш ісінен хабары жоқ, қолына 
балта  ұстап  көрмеген  кісі  еді.  Ішкі  Ресейдің  бір 
қаласында  қаржы  махинациясына  араласып  (өзі  сол 
саланың  маманы,  әжептәуір  үлкен  қызметте  істеген 
кісі  екен),  «еңбекпен  түзелуге»  колонияға  жолдама 
алыпты.
Ақылға да, айлаға да шырақ жаққан, әр түрлі саладан 
хабары бар кісі еді.
–  1917  жылы  Петерборда  төңкеріс  жасаған 
пролетариат  көсемінің  шынында  қандай  адам 
болғанын  білемісің?  –  дейді  бір  күні  шай  ішіп 
отырып.
– Жоқ.
–  Ол  атаң  Германияның  арнаулы  барлау  қызметінің 
*  Бұл  жерде:  ұры  мен  қарақшының  «заңы»  бойынша  еркек  емес  деп  жарияланған 
адамдар.

64
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
ақшасымен  большевик  партиясын  жемдеп,  надан 
әскерді алдап түсіріп, Ресейді сатқан авантюрист қой, – 
дейді төбеден жай түсіріп.
–  Жаңа экономикалық саясат – НЭП – совет өкіметіне 
не үшін керек болғанын білесің бе? – дейді тағы бірде 
отырып.
– Жоқ.
–  Өкіметтің  тақыр  қазынасын  толтыру  үшін. 
Мәселен,  халықтан  астықты,  етті  бір  сомнан 
сатып  алып,  өздеріне  қайта  бес  сомнан  сатып,  
екі арадан түскен төрт сомға чекистерді асыраған.
Алексей  Васильевичтің  оңашада  ғана  айтатын  бұл 
сөздері ертегідей естілуші еді.
Лагерьдегі өзгеше топ – орысша айтқанда, «воровской 
мир»,  «преступный  мир»  аталатын  каста.  Бұлар  еркін 
өмірдегідей  мұнда  да  жұмыс  істемейді,  колония 
бастығының – қожайынның табанын жалауға бар, сый-
сияпатын беруге даяр, бірақ жұмыс істегісі келмейді. Ар 
көреді. Арын емес, «вор намысын кірлеткісі» келмейді.
Тар  жер,  темір  қоршауда  алшаң  басып  жүретін 
бұлардан елдің бері сескенер еді.
Вася  деген  болды,  бар  ғұмыры  осы  колонияларда 
өтіп  келе  жатқан.  Зонаға  алғаш  келсе  де,  басынан  сөз 
асырмаған бір боксшы жігіт сонымен байланысып қалды. 
Вася  алпамсадай  жігітке  шамасы  келмейтінін  біліп, 
кіжініп, қорқытып кеткен. Жұрт осымен басылған шығар 
деп ойлады. Жарты жыл өтті ме, өтпеді ме, кілтшілердің 
будкасынан  әлгі  боксердің  көзі  аққан,  қолы  сынған, 
басы үйтілген, қарыны жарылған, қойшы, әйтеуір адам 
көргісіз  мәйіті  табылды.  Бүтін  колония  тік  тұрып,  кісі 
өлтірген қылмыскерлерді іздейді. Боксшы жігітті біреуі 
пышақпен,  біреуі  ара  темірмен,  біреуі  балтамен,  біреуі 
отверткамен  қинап  өлтірген  бірнеше  кісі  екені  белгілі 
сияқты  еді.  Жарты  жылдан  соң  Васяның  жалғыз  өзі 
өлтіргені  елге  мәлім  болды.  Қылмысының  артын  жабу 
үшін мәйітті «ерінбей өрнектеген» екен.
Колонияларда  «воровской  закон»  –  қылмыскерлер 
заңы  үстемдік  ететін.  Бұл  «заң»  бойынша,  жүгенсіздік 
болмау  үшін  зонада  ұрлық  жасауға  тыйым  салынатын. 

65
ҚАРАӨЗЕК
Хақназар  тіпті  еркіндікте  жүрсе  қалтасын  оп-оңай 
тазалап  кететін  қалта  қаққыш  ұрының  сүйекке  сінген 
әдетін «ұмытып», бір қорап сигаретін жымқырып кеткен 
әлдекімді  ұстап  алып  «вора  поймали,  вора  поймали!»
*
 
деп  жарты  дүниеге  жар  салып  жүргенін  де  өз  көзімен 
көріп еді. Күлесің бе, жылайсың ба: дайын трагикомедия.
–  Адамзаттың  бойындағы  арам  без  –  осы  бір 
ұры-қарақшы  қауымы  есте  жоқ  ескі  заманнан  келе 
жатыр  ғой,  –  дейтін  Хвостов  жеке  отырғанда.  –  Бірақ 
Сталиннің дәуірінде ерекше күшке ие болыпты. Сталин 
бұларды  «халықтың  досы»  деп  әспенсітіп,  лагерьлерде 
кенеусіз есіртіп жіберген ғой... Сол кезде қонған атақ, 
тапқан абырой әлі сақталып тұр. Бұл иттердің тұқымын 
тұздай  құртпаса,  заманнан  заман  озған  сайын  түлеп, 
құлпырып отырады емес пе.
 
    
 
 
 
 
        
Советтің еңбекпен түзеу колониясында Хақназар бес 
жылын өткізіп, алтыншысына аяқ басқан еді.
*  *  *
...Лагерьдің  айыптылар  изоляторында  жатып,  басы-
нан  өткен  осы  уақиғаларды  Колянға  айтып  отырған 
болатын.
–  Майын  тамызып  айтады  екенсің,  –  деді  Колян 
таңдайын қағып.
Бұлар  тағы  бір  «косякты
**
»  толтырып  жіберіп, 
енді  тұтата  бергенде  продолдан  аяқ  дыбысы  естіліп,  
артынша бұлардың есігі салдыр-күлдір етіп шалқасынан 
ашылған-ды.
– Шығаев, шық бері! – деген дауыс шықты іле-шала.
Соңынан  ерген  Хақназарды  прапорщик  оперативтік 
бөлімнің бастығы подполковник Москаленконың алдына 
алып келді.
–  Отыр,  декабрист,  –  деді  подполковник  бұған 
орындық  ұсынып.  –  Сен  бара  бер,  –  деген  содан  соң 
прапорщикке.
*  Ұрыны ұстадық, ұрыны ұстадық! - ор.
**  Бұл жерде: наша дайындау деген мағынада. - ор.

66
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
–  Мәселе  былай,  –  деген  Москаленко  орнына 
жайғасқан  соң.  —  Сен,  Шығаев,  біз  білеміз,  тәртібің 
жақсы, 
еңбек 
күнінді 
уақтылы 
орындайсың, 
ешқандай  іске  басың  шалынған  жоқ.  Сол  себепті, 
мен  бар,  лагерь  бастығы  бар,  саған  жақсы  деген 
мінездеме беріп отырмыз.
–  Не  үшін,  азамат  бастық?  –  деген  Хақназар  түкке 
түсінбей.
–  Мәселе  былай,  –  деген  Москаленко  аласа 
креслосына 
сыймай 
отырғандай 
қайта-қайта 
қозғалақтап.  –  Жоғарғы  Кеңестің  86-шы  жылғы 
декабрь  оқиғасын  қайта  қарайтын  комиссиясының 
шешімімен былтырдан бері декабристер ақталып жатыр 
ғой. Биылғы шешімінде сенің де фамилияң бар екен.
Хақназар өз құлағына өзі сенбеген.
–  Так  что,  қуан,  бүгіннен  бастап  бостандыққа 
шығасың. Бізге ГУИТУ
*
-ден бұйрық келді.
–  Бірақ,  –  деді  сұқ  саусағын  шошайтып.  – 
Жақсы  мінездемесі  болса  ғана,  ерте  босатылады. 
Бізге хабар кеше келсе де, мен, міне,  жақсы мінездемеңді 
жазып, сенің қамыңды ойлап отырмын.
– Рас па, азамат бастық?! – Хақназар орнынан тұрып 
кетті.
– Рас, әрине, – деді Москаленко.
Анау  баста  отырған  подполковниктің  қасына  екі-ақ 
аттап жетіп барған.
–  Көп  рахмет,  азамат  бастық,  көп  рахмет,  –  дей 
беріпті сосын.
*    *    *
Апыр-ау, бостандық деген осы екен ғой!!
Жарықтық, қадірін кім білген?!
Көкек айының басы еді. Сарыарқаның сары аязының 
беті  қайта  бастаған.  Әйткенмен,  шыңылтыр  ауада  әлі 
де  ызғар  бар.  Ойдым-ойдым  орман  мен  кең  даладағы 
қалың қардың мұрты да бұзылмай, әлі сіресіп тұр. Тек 
мәшинелер  ары-бері  ағылып  жатқан  автотрассаның 
қары ғана ескі тулақтай тесіліп, еріп жатыр екен.
*  Еңбекпен түзеу мекемесінің бас басқармасы. - ор.(аббрев.).

67
ҚАРАӨЗЕК
Алты  жылға  кесілген  Хақназардың  бар  болғаны 
сегіз  жарым  айы  қалған  еді.  Куанышты  хабар,  кешігіп 
жеткен: жас ғұмырдың бес жыл, үш жарым айы айдауда 
өтіпті.  Бірақ,  шынын  айтқанда,  Хақназардың  дәл  сол 
уақытта мұны ойлауға мұршасы да жоқ еді. Жолға қалай 
дайындалғаны есінде жоқ. Қалай киінгені, зонадан қалай 
шыққаны да есінде қалмапты. Әйтеуір қуанышына ортақ 
болып жатқан тілеулес серіктерімен асығыс қоштасқаны 
ғана есінде екен.
Колониядан шығып, тас жолға бет алғанда тұла бойы 
жеңілдеп, ұшып кеткелі тұрғандай сезінген өзін.
...Дүние қандай кең еді!..
                                                   

68
Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ
1.
ұйрық-жалы  төгілген,  есік  пен 
төрдей  қоңыр  аттың  жүрісі 
жақсы  екен.  Аршынды  аяңы 
иесіне  жакқанын  сезгендей, 
анда-санда  бір  осқырынып 
қойып, 
көк 
шалғынды 
омырауымен 
қақ 
жарып, 
екпіндете 
жүріп 
келеді. 
Нағашысының  жүрісті,  белді 
ат  деп  мақтап  бергеніндей-ақ 
екен.
Күншығыстан 
өркеш-
өркеш 
болып 
суырылып 
шығып, 
терістік-батысқа 
қарай  сілемдене  созылған 
Қалбатау  көгілдірленіп  көз 
ұшында  тұр.  Таудың  бер  жағы 
– адырлы белес, оның өзі бері 
қарай  жонданып  келіп  кең, 
ойпаң  жазыққа  айналады. 
Хақназардың  түстік  жақтан 
беттеп  келе  жатқан  жері  осы 
жазықта иреңдеп ағып жатқан, 
жағасы 
қамысты, 
қопалы 
Бөкен  өзені.  Колхоздың  жері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет