Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық



Pdf көрінісі
бет32/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Негізгі ұғымдармектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп 
құжаттары. 
 
1. Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы. Мектеп жұмысын 
жоспарлау білім беру жүйесіндегі мемлекеттік құжаттарды, білім 
стандарттарын және тұжырымдарды озық іс– тәжірибелерді басшылыққа алу, 
мектеп жұмысын басқаруда демократиялық пен ізгілікке негіздеп құрудың 
үлгісі қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Жоспарлау – уақыт бойынша үрдістерді реттеу, үрдістердің 
арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру. 
Мектеп жұмысын жоспарлау - мектеп басшысының қабылдаған іс – 
әрекеттер мен шешімдер жиынтығы. 
Жоспарлау барлық басқару қызметтерінің табиғи байланысын 
қамтамасыз етеді. Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын дайындау) өзінің барлық 
іс-әрекеттерінің тиімділігін көтеруге бағытталған әрекеттер мен іс-
шаралардың негізгі түрлері ретінде анықталады.
Жоспарлау келесі бағыттарды белгілейді:
- жұмыстың жай-күйін жан-жақты әрі мақсатты есепке алу және іс-
әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне обьективті баға беру;
- алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаты мен міндеттерін 
анықтау;
- алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, 
құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын 
таңдау.
Жалпы менеджмент теориясында жоспарлау негізгі функциялар 
(жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) бірі болып табылады.
Жоспарлау басқару үрдісінің кезеңі, онда қызметтің мақсаты мен 
міндеттері, оған қажетті қаражат, құралдар анықталады, сонымен бірге нақты 
жағдайдағы ең тиімді әдіс - тәсілдер қолданылады. Орындаушыға дейін 
шешім қабылдау, сонымен қатар осы шешімді орындаушы тұлғасының 
ұстанымы мен сұраныстарына сәйкестендіру, сол шешімді орындауды 
материалдық-техникалық қамтамасыздандыру мүмкіндіктерін сипаттайды. 
Ұйымдастыру ұйымның құрылымын қалыптастыру кезеңі, оның 
бірқалыпты тиімді жұмыс жасауын барлық қажеттіліктермен қамтамасыз 
етеді. Ұйымның мақсатына жету үшін тиімді еңбек әрекетіне 
қызметкерлердің қызығушылықтарын ояту үрдісі ұйымдастыру болып 
табылады. 


63 
Мотивация іс әрекет, қызмет, оның мақсаты ұжым мүшелерінің 
жұмысын жандандыру, тиімді еңбекке, мақсатқа жетуге деген ынтасын 
тудыру. Бұл құрамына орындаушылар әрекеттінің тиімділігін бақылау
зерттеу, талдау, бағалау және диагностикалау енетін білім беру үрдісінің 
барысы және нәтижесі туралы мәліметтерді алу және өңдеу және осының 
негізінде басқарушылық шешім қабылдау үрдісі. 
Бақылау басқару қызметі, оның негізгі мақсаты жұмыс, еңбек 
нәтижесінің сапасын анықтау, сан жағынан бағалау және олардың есебін 
жүргізу. Іс-әрекеттің негізгі түрін және іс-шараларды нақты орындаушының 
белгіленуімен, орындау мерзімін ескере отырып, осы субъектінің бюджеттік 
уақытын пайдаланумен анықтау арқылы жүзеге асырылатын үрдіс. 
Бұл төрт функцияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар, олар 
коммуникация және шешім қабылдау үрдістерімен біріктірілген. Барлық іс-
әрекет салалары мамандарының арасында менеджменттің функционалдық 
құрылымын анықтаудың осындай үрдістік тұғыры қабылданған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет