Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Мектептің жұмысын жоспарлаудың түрлері:мектепішілік



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
2. Мектептің жұмысын жоспарлаудың түрлері:мектепішілік 
жоспар, педагогикалық және әдістемелік кеңес, пәндік бірлестік 
(кафедралардың) жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ 
жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарлары.  
 Мектептегі ең маңызды жоспардың түрі мектептің жылдық жұмыс 
жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып саналады. Ол 
мектеп іс-әрекетінің барлық жақтарын қамтиды, олардың бірлігін, ішкі және 
сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігін есепке алады. Мектеп 
жұмысының 
нәтижелілігі 
көбінесе 
жылдық 
жоспардың 
терең 
ойластырылуына, негізді және мақсатты бағыттылығына байланысты.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары төмендегі қағидалар негізінде 
құрастырылады:
а) Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және 
экономикалық 
шарттарын, педагогикалық 
үрдістің 
психологиялық-
педагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп 
алғанда сол мектеп дамуының бағыттары мен болашағын ескере отырып, 
құрастырылуы тиіс. Жоспар педагогикалық тұрғыдан мақсатқа бағытталған 
болуы қажет.
б) Жоспардың тиімділігі қойылған мақсатқа жету үшін іс-әрекеттің, 
нақты шаралардың қажетті және жеткілікті түрінен тұратынын көрсетеді. Бұл 
қағида жоспардың нақты болуына, мектеп ұжымы іс-әрекетінің тиімді 
жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды бөліктерінің 
арақатынасын мақсатты қамтамасыз етуге бағытталады.
в) Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шаралар жүргізу 
қажеттігі, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, оны өткізуге кім жауапты 
екендігі, оның мерзімі, шараны өткізу орны мен уақыты нақты көрсетілуі 
қажет. Белгілі бір міндеттерді табысты шешу үшін жасалатын нақты 
шарттар ескерілуі тиіс. Нақтылық қағидасын іске асыру жоспардың 
тиянақтылығын қамтамасыз етеді.


64 
г) Жоспардың болашағы. Мектеп іс-әрекетінің жуықтағы ғана емес 
болашақтағы мақсаты мен міндеттерін қарастыруды талап етеді. Жоспарда 
мектеп алдында туындайтын келер жылғы оқу-тәрбие міндеттері де ескерілуі 
тиіс.
д) Мектеп ұжымы іс-әрекетінің өзіндік ерекшеліктерін ескеру 
қағидасы. Жоспарда сол педагогикалық және оқушылар ұжымының 
ерекшеліктері, нақты жағдайлары, сонымен қатар мектеп атқаратын 
қызметтерінің шарттары ескерілуі қажет. Іс-шараны өткізуге қатысатын 
оқушылар ұжымының, әрбір орындаушының жас және басқа да 
ерекшеліктері ескерілген жөн.
е) Ұжымдық қағидасы жоспарды талқылауға және құруға мектеп 
мұғалімдерін, 
тәрбиешілерін, 
басқа 
қызметкерлерін 
қатыстыруды 
қарастырады. Жалпымектептік жоспар ұжымның әрбір мүшесінің жеке 
жауапкершілігімен ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы тиіс.
Жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындау алгоритмін 
төмендегідей көрсетуге болады:
- Жоспарлау мәселесі бойынша нормативті құжаттарды, сонымен бірге 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді және жаңа педагогикалық 
технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді зерттеу.
- Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие үрдісі туралы жинақталған 
ақпараттарды жан-жақты талдау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген 
қателіктерді айқындау, мектеп ұжымы іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерді 
анықтау.
- Мектепті дамытудың негізгі болашағын, сонымен бірге аладағы 
жылдағы маңызды мақсаты мен міндеттерін анықтау.
- Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен 
құралдарды анықтау және қол жеткізілген оң нәтижелерді дамыту. Мақсатқа 
жетудің тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу.
- Негізгі, жалпымектептік маңызы бар іс-шараларды, сонымен қатар 
сыныптарда, сыныптар топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды 
анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын құрастыру.
- Жоспардың жұмыс нұсқасын ұжымдық талқылау. Келіп түскен 
ұсыныстарды ескеріп, қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- Жалпымектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын құру және 
бекіту.
Мектептің өткен жылдағы жұмысын талдаудың көптеген тәсілдері бар. 
Ю.А.Конаржевскийдің пікірінше, талдау мектеп іс-әрекетінің төмендегі 
блоктары бойынша ақпараттардын тұруы тиіс:
- мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
- мектептегі әдістемелік жұмыстың деңгейі;
- сапалы оқыту, педагогикалық ұжымның өзінің деңгейін көтеру
бойынша жұмыстарын құру;
- мектеп ұжымының оқушылар ата-анасымен жұмыстарының жағдайы; 


65 

қоғамдық оқушылар ұйымдарына олардың жұмыстарының 
нәтижелерін жақсарту үшін педагогикалық көмек көрсету;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі; 
- оқушылардың сабаққа қатысу жағдайы; 
- оқушылардың білім, білік, дағды деңгейі; 
- жалпыға міндетті оқуды жүзеге асыру бойынша ұжымның іс-әрекеті. 
Мектеп жұмысын талқылауда оқушылардың тәрбиелілік және 
білімділік деңгейін, сондай-ақ жалпыға міндетті орта білім алу туралы 
талапты орындалуын бірінші кезекке қою қажет. Ал басқа блоктар олардың 
негізгі үшеуі бойынша қажетті нәтижелерге жетуге қаншалықты әсерлі әрі 
тиімді әсер етуі тұрғысынан қарастырылады. Мысалы, мектептегі әдістемелік 
жұмыс, оқушылар ата-анасымен жұмыстар негізгі мақсат емес, олар 
педагогикалық үрдістің жоғары нәтижелеріне қол жеткізудің құралдары 
болуы тиіс екендігін естен шығармаған абзал. Бұл нәтижелер оқушылардың 
тәрбиелілігі мен білімділігінің деңгейін көрсетеді.
Жалпымектептік жоспардың негізгі бөлімі мектепте өткізілуге тиісті іс-
шаралардан тұрады. Белгіленген шаралар бірнеше тарауларға бөлінеді:
- ұжымның жалпыға міндетті орта білім алуды жүзеге асыру бойынша 
іс-әрекеті. Онда бекітілген мектеп маңайында (ықшамаудан) тұратын мектеп 
жасындағы балаларды толық тіркеу шаралары көрсетіледі. Жеткілікті түрде 
қамтамасыз етілмеген және жағдай нашар, сондай-ақ толық емес отбасының 
және қамқорлыққа алынған, балаларды мектепке қабылдау мәселесіне баса 
көңіл бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп 
жасындағы барлық балаларды оқуға қабылдау бойынша жұмыстарға 
араластыруға бағытталған іс-шараларды да қарастыру қажет;
- ұжымның оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын көтеру бойынша іс-
әрекеті жалпымектептің жылдық жоспарының өзегі болып саналады.
Тарауда сабақ пен басқа оқытуды ұйымдастыру формаларын жетілдіру 
шаралары жоспарланады. Мұнда оқушылардың білім сапасын, олардың 
тәжірибелік біліктілігі мен дағдысын арттыруға, оқушылар біліміндегі 
кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шаралар қарастырылады. Мектептегі 
оқу үрдісіне техникалық оқу құралдарын, компьютерлік техниканы ендіру 
жұмыстары жоспарланады. Бұл тарауда сыныпқа көшу және мектеп бітіру 
емтихандарын ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Оқушылардың 
білімін кеңейту және теерңдету бойынша сыныптан тыс жұмыстар 
қарастырылады: факультативтер, пәндік үйірмелер, қосымша сабақтар 
жұмыстарын ұйымдастыру; пәндік кештер, дәрістер мен әңгіме-сұхбаттар, 
байқаулар, пәндік олимпиадалар және т.б.; 
- ұжымның тәрбие жұмысының сапасын көтеру бойынша іс-әрекеттері. 
Бұл тарауда тәрбие келесі бағыттарда жоспарланады:
а) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін және ізгілікті дүниетанымын 
дамыту. Адамгершілік тәрбие, мінез-құлық мәдениетіне қатыстыру, 
оқушылардың жас ерекшелік топтарында саналы тәртіптілігін қалыптастыру 


66 
(оқырмандар 
конференциясын, 
дәрістер, 
әңгімелесу, 
байқаулар, 
пікірталастар, бюллетендер шығару және т.б.).
б) құқықтық тәрбие және оқушылар арасында заң бұзушылықты 
болдырмау, сонымен қатар патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар 
қарастырылады.
в) 
оқушылардың 
эстетикалық 
мәдениетін 
арттыру 
және 
шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында дәрістер, өнер сүйгіштер 
клубын құру, музыка, театр, ертеңгіліктер мен кештер өткізу, көрмелер 
ұйымдастыру, өнер мекемелеріне бару, әр түрлі үйірмелер мен студиялар 
ұйымдастыру (әдеби көркем шығармашылығы, вокальдық, би, қолданбалы 
өнер және т.б.), байқаулар мен жарыстар өткізу жоспарланады.
г) дене шынықтыру-спорт жұмыстарын өткізу: спорттық секциялар 
құру, туристік саяхаттар, жарысар, спорттық кештер мен мерекелер, сонымен 
бірге дене шынықтыру мәдениеті бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерді 
(спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттық алаңдарды 
жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. 
д) сауықтыру жұмыстары бойынша, соның ішінде, оқушылардың 
жынысы мен жасын ескере отырып, жалпы мектептік деңгейде және 
сыныптар 
бойынша 
санитарлық-гигиеналық 
тәрбие, 
оқушылардың 
ауруларының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары 
қарастырылады.
е) оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында жоспарда еңбек 
мерекелері мен басқа да іс-шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар және 
т.б.) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы 
ұйымдастырылады. Мұнда оқушыларға экономикалық тәрбие беру, іскерлік 
қасиеттері мен қазіргі заман адамының басқа да тұлғалық қасиеттерін 
бойынша жұмыстар көрсетіледі. 
ж) оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары жоспарланады: 
тәжірибелік жұмыстар, экологиялық аймақ пен соқтық құру, жануарлар мен 
өсімдіктер күтімі, табиғатты қорғау бойынша жұмыстар, экологиялық 
мейрамдар, жарыстар өткізу және т.б. 
и) оқушылардың ата-аналарымен жұмыста көрінетін отбасы тәрбиесіне 
байланысты мәселелер де бар. Ата-аналармен кездесу өткізу, олар үшін ақыл-
кеңес беруді ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын өткізу, ата-аналар 
комитеті жұмысына көмек көрсету, ата-аналарды мектептегі, сыныптағы 
тәрбие жұмыстарына араластыру жұмыстары қарастырылады.
- ұжымның педагогикалық кадрлармен жұмысы бойынша іс-әрекеті 
мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған 
жұмыстар жүйесі қарастырылады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби
біліктілігі мен дағдысын диагностикалау жоспарланады, ол озат 
педагогикалық тәжірибені, сондай-ақ тәрбие мен оқыту әдістемесі 
саласындағы сұраныстар мен тапсырыстарды анықтауға мүмкіндік береді. 
Жоспарда оқушылардың, сонымен бірге циклдік әдістемелік бірлестіктер, 
әдістемелік кеңес, әдістемелік кабинет іс-әрекеттері, мектеп мұғалімдерінің 


67 
психологиялық-педагогикалық мәселелерін зерттеу, мұғалімдер мен 
тәрбиешілер үшін педагогикалық оқулар, конференциялар, семинарлар, 
арнайы курстар өткізу мәселелерікөрсетіледі. Жоспарда тәжірибесі аз 
мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, педагогтардың өздігінен білім алуы 
және олардың педагогикалық шығармашылығын ынталандыру, озат 
педагогикалық тәжірибені талдап қорытындылау және тарату (ашық 
сабақтар, әдістемелік көрмелер өткізу, шығармашылық есеп беру, 
шығармашылық педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін 
құру және т.б.) көрініс табады. Әдістемелік кеңес пен әдістемелік 
бірлестіктер жұмысының жоспары осы тараудың құрамды бөлігі болып 
табылады.
- ұжымның педагогикалық кеңес мәжілістерін өткізу бойынша іс-
әрекеті. Мәжіліс тақырыбы педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жалпы 
мазмұнынан бастау алуы, педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәселелерге 
талдау жасау, ұжымдық шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс-
әрекетінің жалпы мақсатына жетуге жағдай жасауы қажет. Педагогикалық 
кеңес мәжілісінің тақырыбында мектептегі оқу-тәрбие үрдісін, ұжымның 
ұйымдастырушылық-педагогикалық 
іс-әрекетін 
жетілдіру, 
мектептің 
педагогика ғылымымен байланыс, педагогика ғылымының жаңа жтістіктерін 
практикаға ендіру және т.б. мәселелер көрініс табады. Педагогикалық 
кеңестің әрбір мәжілісінде өткен мәжілістерде қабылданған шешімдердің 
барысы туралы ақпараттар тыңдалады.
- ұжымның мектепішілік бақылауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеті 
мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын және нәтижелілігін бақылауды 
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қарастырады. Осы тааруда 
мектептің басқа да бөлімдерінің (шаруашылық қызмет, мектеп кітапханасы, 
медицицналық қызмет көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру) іс-
әрекеттерін бақылау мәселелері де қарастырылады.
- ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс бойынша іс-
әрекетінде педагогикалық кадрларды орналастыру, мектеп әкімшілігі мен 
барлық 
педагогикалық 
ұжым 
жұмыстарының 
тәртібі, 
мектеп 
қызметкерлерінің қызметтерін бөлу, жалпымектептік кештер, мерекелер, 
салтанатты іс-шаралар, әрекеттік және басқа да жиналыстар (мектеп 
директоры немесе орынбасары жиналыстары, өндірістік жиындар
жиналыстар және т.б.) өткізу кестесін ұйымдастыру көрсетіледі.
- ұжымның мектептің оқу-материалдық базасын орнықтыру бойынша 
іс-әрекетін мектеп ғимаратында және басқа орындарда кезекті немесе күрделі 
жөңдеуден өткізуді дайындау, ғимаратты өзгерту және қосымша 
құрылыстарды іске асыру, еңбекке тәрбиелеудің материалдық-техникалық 
басзасын кеңейту, оқу бөлмелерін көрнекілік құралдармен, компьютерлік 
техникамен жабдықтау, мектеп кітапханасының кітаптар қорын толықтыру, 
спорттық құрал-жабдықтар мен жиһаздарды жаңарту және толықтыру 
бойынша жұмыстар, ұзартылған күн топтары жұмыстарын және балалар 
ойындарын ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар құру, мектеп асханасы 


68 
үшін, шарушылық қызметтерді сәйкес материалдармен, құралдарымен, 
арнайы киімдермен қамтамасыз ету, снитарлық-гигиеналық талапқа сай 
мектеп алаңын жабдықтау, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі жұмыстары 
құрайды.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны міне осындай. 
Нақты мектептің ерекшілігіне байланысты жоспар мазмұны өзгертіледі, бірақ 
барлық уақытта аналитикалық бөлімге (нормативтік және нұсқаулық 
ақпараттарды ескере отырып, мектептің өткен жылғы іс-әрекетінің 
нәтижелерін талдау) ие, ол мектептің жоспарланған уақытқа арналған 
маңызды міндеттері және қойылған мақсатқа қол жеткізуге алып келетін іс-
шаралары көрсетілетін негізгі бөлімі бар.
Жалпы мектептің жоспарын дайындау, безендіру (сыртқы түрі) 
түсіндірме мәтін (жоспардың мәтіндік түрі) түрінде болуы мүмкін. Бұл 
мәтінде жоспардың негізгі бөлігін құрайтын барлық іс-шаралар сипатталады. 
Бұл жоспар жоспар-графикпен (жылдық жоспарды жоспар-график түрінде де 
безендіруге рұқсат етілген) толықтырылуы мүмкін. Жоспар-графиктің ең 
қарапайым түрі үш графадан тұратын кесте түрінде болады: іс-шаралар 
тақырыбы, оны ұйымдастыру мен өткізуге жауаптылар, іс-шараны өткізу 
күні мен уақыты. Жоспар-графиктің басқа нұсқаларында мақсат графасы 
(мақсат бағыты), жоспардың осы пунктінің орындалу барысын басқылау 
графасы (өткізілген іс-шараға қысқаша талдау немесе бағалау).
Жалпы мектептің жылдық жұмыс жоспарынан басқа барлық мектеп 
ұжымы, жеке педагогтар іс-әрекеті басқа жоспарлармен беріледі. Онда 
мектептің стратегиялық мақсатын және оған жету жолдарын белгілейтін 
жұмыстың болашақ жоспары көрсетіледі. Болашақ жоспары бес жылға 
құрастырылады және осы уақыт аралығында негізгі проблемалық міндеттерді 
шешуге бағытталған. Онда демографиялық ретпен болжамдар ескеріледі, ол 
жыл сайынғы оқушылар контингентін жоспарлау үшін маңызды, 
педагогикалық ұжым құрамын табиғи жаңартуды қарастырады. Бұл 
жоспарда да аналитикалық бөлім бар, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын 
жетілдіру бойынша перспективалық міндеттерді ұсынады. Болашақ 
жоспардағы бөлімдер атаулары жылдық жоспардыкіне сай келуі мүмкін. 
Болашақ жоспарда қойылған міндеттер, оларды жүзеге асыру деңгейлері 
жылдық жоспарды құрастыруда ескеріледі.
Мұғалімнің сыныптар бойынша бөлінген оқу пәнінің мазмұнын 
оқытудың күнтізбелік жоспары, сондай-ақ әрбір сабаққа сабақ жоспары 
болады. Тәрбиешілер мен сынып жетекшілер тәрбие жұмысының жоспарын 
құрастырады. Факультативтер, үйірмлер және секциялар жұмысының 
жоспарлары құрастыралды. Жалпымектептік және сыныптық ата-аналар 
комитетінің, оқушылардың қоғамдық ұйымдарының, өзін-өзі бсақару 
органдарының іс-әрекеттері олардың жұмыс жоспарларына сәйкес 
жүргізіледі. Мектеп кітапханасының жұмыс жоспары құрастырылады.
Мектеп жетекшілерінің ағымдық жұмыстарының күнделікті және 
апталық жұмыс жоспарларын құрастыру қабылданған. Олар ерікті формада 


69 
құрастырылуы 
тиіс. Кейбір 
мектептерде 
циклограмма құрастыру 
қабылданған (мектептегі өткізілетін шаралардың апталық кестесі). Мектеп 
қызметтерінің белгілі бір шартарын өзгерту, жаңа жағдаяттардың туындауы 
алдын ала білінбейді, әрекет ететін жоспарға түзетулер енгізуді толық 
айғақтайды.
Сондықтан мектеп және жеке мұғалімдер, тәрбиешілер іс-әрекетінде 
жұмыс жоспарының алуан түрлілігі маңызды рөл атқарады, оның негізгісі 
жалпы мектептің жылдық жоспары болып табылады. Бұл жоспарлардың 
бірде-біреуі жеке бөлінген іс-шаралардың жай тізімі емес, олар 
педагогикалық негізделген шаралар жүйесінен тұрады. Барлық жоспарлар 
өзара байланысты және мектептің маңызды мақсаттарына қол жеткізуге 
апаратын міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет