131
Гельде электр өрісінің əсерімен ДНҚ-ның молекулалары əртүрлі
жылдамдықпен қозғалады. Егер ДНҚ-ның молекулаларында молекула-
лық салмағы жəне нұсқасы бірдей болса, сонда төмендеу заряды бар
молекулалар қос заряд болатын полюске баяулау қозғалады, ал ұлғаю
заряды бар молекулалар жылдамырақ көшеді.
3.6-суретте көрсетілгендей, неғұрлым молекула кіші болса,
соғұрлым гельде оның миграциялану жылдамдығы артады. Гельдің
құрылымына байланысты ондағы үлкен молекулалар кіші молекула-
лармен салыстырғанда еркін қозғалмайды. Электрофорез тоқтағанда
бөлінген ДНҚ бөлiктерін авторадиография көмегімен (егер ДНҚ
изотоптармен белгіленсе) немесе гельде ДНҚ-мен байланысатын
флуоресцентті бояғыштармен сəйкестендіреді.
Сонымен, электрофорез əдісімен əртүрлі мүшелерінің алынған
тұтас клеткаларан мен ядролардан бөлінген ДНҚ бөлiктерінің мөл-
шерін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: