135
Əдебиеттер
1. У. Клаг, М. Каммингс, 2007. – Основы
генетики, Техносфера. –
896 б.
2. Е.А. Калашникова, Е.З. Кочиева, О.Ю. Миронова.
Практикум по
сельскохозяйственной биотехнологии. – М., КолосС, 2006, 144 б.
136
4-ТАРАУ. ГЕНЕТИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ƏДІСТЕРІ
Генетикалық инженерия деп in vitro жагдайында функциялық
пəрменді генетикалық құрылымдарды (реккомбинантты ДНҚ-
ны) құрастыруды жəне оларды тірі клеткаларға енгізуді түсінеді.
«Генетикалық инженерия» жəне «ген инженериясы» терминдері сино-
ним ретінде каралғанмен, олардың мағынасы бірдей емес: генетикалық
инженерия
генетикамен байланысқан, ал ген инженериясының тек
генге ғана қатысы бар.
Рекомбинантты ДНҚ (рДНҚ) дегеніміз – əртекті
ДНҚ-лардан
құралған (табиғи немесе синтетикалық ДНҚ фрагменттерін жалғас-
тыру арқылы) жəне клеткаларда репликациялана алатын генетикалық
құрылым. Бұл арадан біз үш терминнің де
жалпы анықтамасы бір
бағытта екендігін байқауымыз керек,
нақты тұрғыдан олардың
мақсаттары бірдей жəне қазіргі биотехнологияның негізгі, əрі болашағы
зор əдісі болып саналалы.
Ген инженериясы мыңадай кезеңдерден тұрады:
1) генді (ДНҚ фрагментін) алу;
2) рекомбинантты ДНК молекуласын құрастыру;
3) реципиент клеткасына рекомбинантты ДНҚ молекуласын енгізу;
4) қажет рекомбинантты ДНҚ молекулалары бар клондарды
(бактериялық клеткаларды) ортадан табу.
Достарыңызбен бөлісу: