61
C) Тасқа айналған орман Спесимен
D) Джексон өзендері
E) Электрик орманы
Мәтін №2
Ырымшыл халқымызда баланы «қырқынан» (туғанына қырық күн
толған
күн) шығарғаннан кейін оның иткөйлегіне тәтті түйіп, иттің мойнына байлап
жіберетін дәстүр бар. Итті балалар қуып жетіп, мойнындағы «иткөйлекті»
шешіп алып, тәттісін бөліп жейді. Ал көйлекті баласы жоқ келіншектер ырым
қылып алады. Иткөйлек ырымының шығуы иттің
мойнына байланғандықтан
ғана емес, баламыз көп болсын деген ырыммен (ит жеті қазынаның бірі деп
есептейтін халықтың сенімі бойынша, ит өз иесінің үйінде баланың көп болуын
тілейді екен) астасып жатыр.Осы жерде «қырқы» деген сөзге мән беру керек.
Қайтыс болған адамның да «қырқы» беріледі. Бірақ баланы «қырқынан
шығарылды» деп, өлген адамға «қырқы берілді» деп айтады. Мұны
шатастырып алуға болмайды.
Ойын-тойларда, айт мерекесінде, тағы басқа салт-дәстүрлер
кезінде
берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәде – ойын-тойдың гүлі,
оның сұрауға әркімнің де еркі бар. Кәде жоралғылары өте көп. Той кәделері
(жол-жоралары):
тойбастар, шашу, мүше сұрау, тәбәрік, т.б. Құдалық кәделері
мен ырымдары: жаушы жіберу, алдынан өту, қалың мал беру, құда түсу, өлі-
тірі, батааяқ, той малы, есікашар, атбайлар, тойбастар, құйрық-бауыр, құда
тарту, көрімдік,
отқа құяр, түйемұрындық, қосақбас, құда аттандырар. Күйеу
жолы мен кәделері: ұрын бару,
есік көру, ентікпе, көрімдік, күйеу табақ,
қалыңдық ойнау, қызқашар, тағы басқа лар. Құда-күйеу келгенде: сүтақы,
атбайлар,
босаға аттар, күйеу табақ, жеңгетай, отау жабар,
қол ұстатар, шаш
сипатар, ит ырылдатар, кемпір өлді, бақан салар.
Осыған байланысты
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» дейді қазақ мақалы.
Достарыңызбен бөлісу: