59. Торлы қабықтағы фотохимиялық әсерленістер. Торлы қабықтың биполярлы және ганглиозды клеткаларының функциялары. Уникальность 84,84% Торлы қабықта жарық сезгіш пигменттер орналасады. Олар жарық түскен кезде оңып
кетеді. Адамдар мен жануарлардың торлы қабығындағы таяқшаларында родопсин деп
аталатын, ал сауытшаларында йодопсин деген көру пигменттері болады. Сондай-ақ
сауытшалар құрамында жасыл түсті сіңіретін - хлоролаб және қызыл түсті сіңіретін –
эритролаб деп аталатын пигменттер бар.
Родопсин пигменті – ретиналь деген А витаминінің альдегиді мен опсин деген екі
нәруыздан тұрады. Жарық сәулесінің бір кванты әсерінен осы белоктардың өзгерісі пайда
болады. Мысалы, ретиналь редуктаза ферментінің көмегімен алғашқыда люмиродопсин
және метародопсин деген аралық заттарды түзе отыра, А витаминіне айналады.
Көзді қараңғылаған кезде родопсин құрастырылады, ал ағзаға А витамині жетіспесе
родопсиннің құрастырылуы бұзылады. Оның салдарынан адамда қараңғыда мүлдем көзі
қалатын «ақшам соқыр» деп аталатын ауру пайда болады.
Торлы қабықтағы фотохимиялық әсерленістер үнемді түрде өтеді. Себебі, қатты
жарқыраған жарық болсада таяқшадағы родопсиннің кішкене мөлшері ғана жұмсалады.
Яғни, аз ғана мөлшері ыдырайды.
Торлы қабықта биполярлы және ганглиозды деп аталатын жасушалар орналасқан. Олар
бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Себебі, көптеген жарық рецепторларынан қозу
толқыны бір ганглиозды жасушаға жинақталады. Ал, ол бірнеше биполярлы жасушалармен
байланысқан болады.Бір ғана ганглиозды жасушалардың бір ғана биполярлы
жасушалармен байланысуы тек торлы қабықтың ортаңғы бөлігінде ортаңғы шұңқыр
маңында жүзеге асады. Осылайша әрбір ганглиозды жасуша аксондары көру жүйесінің
126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
талшықтарын құрайды. Ал, ганглиозды жасушалармен байланысқан фоторецепторлар
қабылдағыштық өрісті құрайды.