126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
өтеді.Нейронның проксимальды денесінен бір аксон шығып биполярлы, горизонтальды
нейрондардың дендриттерімен синапс түзеді.
Фоторецепторлы нейрондардың сыртқы сегментінде мыңға жуық жалпақ қапшық
түріндегі-дискілері болады. Фоторецепторлы мұндай дискілер таяқша нейрондарда
плазматикалық мембранадан бөлек орналасқан. Тұйық дискілердің параметрі 15нм
(қалыңдығы),
ені-1
нм;әрбір
дискінің
арасындағы
кеңістіктері—15
нм-дей.
Таяқша нейрондардың құрамындағы родопсин—опсин белогі мен «А» витамині
ретинальдан тұрады.Ал адамда колба тәрізді нейрондардың саны 6-7 млн. Бұлар заттың
күндізгі кездегі түсін анықтайды. Құрамындағы пигмент иодопсин жарықта белок пен
ретинальға ыдырайды.
63.Көру арқылы бейнені қалыптастыру. Көздің қозғалысы және бинокулярьді көру.
Бинокулярлық көруді анықтауға арналған аппараттық емес әдістер бар. Қозғалысты
анықтау әдісі: науқас көзімен жақын орналасқан затты, мысалы, қарындашқа көз тігеді.
Одан кейін бір көзді алақанмен жабады. Көп жағдайда бұл көз сыртқа қарай ауытқиды. Егер
сіз жабылған көзді ашсаңыз, онда бинокулярлы көруді жүзеге асыру үшін ол қарсы бағытта
орнына келу қозғалысын жасайды.
Соколов әдісі (алақандағы «тесік»). Диаметрі 3 см болатын қағаз парағынан түтікті
домалақтап , бір көздің алдына қойылады. Алақанды екінші көздің алдына, түтіктің
дистальды ұшына жақын орналастырады. Бинокулярлы көру кезінде суреттер біріктіріліп,
науқас алақандағы «тесікті» көреді. Қарындашты оқуға арналған әдіс. Қарындаш оқырман
мұрнының алдында бірнеше сантиметрге тік күйде орналастырылған. Басын айналдырмай
оқу, бинокулярлы көрудің көмегімен ғана мүмкін, өйткені бір көзге әріптер көрінбейді,
екінші көзге көрінеді және керісінше.
Кішкентай балаларға арналған призмалық әдіс. Бинокулярлы көру қабілеті болған кезде
призманы бір көзге қою, осы көздің орнына келу қозғалысын тудырады, бұл кескінді
орталық торлы шұңқырға жібереді және екі жақты көруді жояды. Призмасы бар үлгілер
келесі түрде жүзеге асырылады: балаға бірінші назар аударатын зат көрсетіледі. 10-12
призма диоптриясынан тұратын призманы бір көздің алдына қояды да, тез алып тастайды.
Содан кейін дәл солай екінші көзге де жасайды. Бинокулярлы көру болған кезде, екі көз де
призманы алып тастағаннан кейін, орнына келу қозғалысын жасайды. Бинокулярлы көру
болмаған кезде орнына келу қозғалысы пайда болмайды немесе оны тек бір жетекші көз
орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: