Орфографиясы



Pdf көрінісі
бет15/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72
Байланысты:
46774b23911507b22245ade7fa6a4289

ауылшаруашылығы, атойсалды, бойұрды сияқты біріктіріліп жазылған форма
мазмұн межесіне жауап бере алмады. Кейін мазмұн межесін толық ашатын
біріккен күрделі атаулар қалдырылып, бірігуі күмәнді деген басқа күрделі атаулар
бөлек жазылатын формаға көшті. Одан барып емледе бірізділік болу керек деген
қағидамен, барлық күрделі атаулар бөлек таңбаланса, КС- ге қатысты мәселелер
шешілетін сияқты болды. Бірақ бұл тұрпат мазмұн межесіне тіпті қайшылық
әкелгендей болды. Сөйтіп, форма мазмұн деңгейіне бойлауға әкелді: сөздің
мағыналық жақтарына назар аудару басталды. Мысалы, бір кездері ажыратыла
беріліп келген қосауыз денотаттық атауы бүгінде бірге жазылады, яғни жазудағы


тұрпат межесі – босаралықсыз жазу. Тұтас интенсионалдық ұғым болған
қосауыз сөзі өзінің тіркес түріндегі тұрпат межесін “қанағат қылмай”, жаңа
форма іздейді: қос ауыз болып бөлек жазылу мазмұн межесін дәл бере алмайды.
Сөйлем түріңдегі (“оқ шығатын екі тесігі бар қару”) ұғым қос ауызды мылтық,
тіркесі түрінде формаға түсті, кейін дифференциалды сема атау дәрежесіне
жетіп, қосауыз универбке айналды: сөз босаралықсыз жазыла бастады.
Сонымен, тілдің даму жүйесінде БС- дер, алдымен семантикалық тұтастыққа
жетуі шарт болады. Бұған диахрония тұрғысынан да көз жеткізуге болады.
Бүгінде негіздері кірігу процесіне жан-жақты ұшыраған сексен, тоқсан
сан есімдері Орхон-Енисей ескерткіштері мәтінінде сегіз он, тоғыз он тіркесі
түрінде (57. 143), күндіз үстеуі күнтүз формасында беріледі (40. 273). Ал армян
жазуы қыпшақ ескерткіштер тілінен бұл күн, ол тур, білек жүзік, белдің бағы
тіркестерінен біріккен бүгін, отыр, біләзүк, белбағ универбтерін көруге болады
(58. 10, 89).
Аталған ескерткіштерден, сонымен қатар, Ұлухатун, Ұлуходжа, Махмуд
Қашқаридың “Китаб Диуани-лұғат ат- түрк” еңбегінен Жанбалық, Бешбалық,
Семізкенд сияқты бірігіп жазылған топонимикалық атауларды кездестіреміз
(57. 83,143). Орта түркі жазба мұралары М.Қашқаридың "Диуан-лүғат-ат-түрк”,
Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу біліг”, Рабғузидың “Қисса ул-анбия”, Саиф
Сараидың “Гу- листан-бит-турки” туындыларында енді адам аттарының біріккен
тұлғасы жиі кездесе бастайды (Күлбаршын, Бекбулат) және сегіз он, тоғыз он
сандарының дыбыстық коннотацияға жан-жақты ұшыраған сексен, тоқсан
формалары еркін қолданысқа түседі (57. 185,194). “Қазақ әдеби тілінің тарихи
көздері” атты монография авторлары “жаңа атты көргенде берілетін сый-сияпат”
мағынасындағы байғазы атауын БС деп тапқан. Бақ сөзі Орхон-Енисей
сскерткіштері мен М.Қашқари мен Ж.Баласағұнидың жоғарыда аталған
еңбегінде “қарау, көз салу” мағынасында жұмсалған екен. Осыдан келіп, бақ,
қазысы, байғазы формасы шығады деп көрсетіледі (57. 188). Бүгінде БС қата-
рынан табылып жүрген ышқыр, қызғыш сөздері XIII-XV ғ. жазба нұсқаларында
іч құр, қыз құш тұлғасында жүр. Қат негізі қазіргі казақ әдеби тілінде қарақат,
қызылқат атауларының бір сыңары қызметінде ғана жүргені болмаса, жеке сөз
формасында кездеспейді. Ал орта ғасыр ескерткіштерінде қаm, қатланды, яғни
жеміс, жемістенді сөздері кең қолданыс тапқан (57. 192). Л.В.Будаговтың
“Сравнительный словарь турецко-татарских наречий” еңбегінде кара ғат, саб
қар ғam (смородинник), қазр қат (смородина с зелеными ягодами), қызыл ғат,
жыр қызыл ғam (костяника), cap ғam (песчаный щипь) сияқты түрлері кездеседі
(59. 150).
XVІII-XIX ғасырлардағы ресми іс-қағаздар стилінде ақсақал, ғарызнама
сөздері универб формасын қабылдай бастайды (60. 141).
Сөйтіп, толық мағыналы лексикалық тұлғалардың бірігу үрдісі қарқынды
түрде жүрді дей алмасақ та, процестің басталуы нәтижелі еді. Осы тұста
ескеруді керек ететін бір жай бар. Ол – орта ғасыр ескерткіштеріндегі
қосымшаның негізден бөлек берілу үрдісі (61. 118). Алайда проф. Р.Сыздықова


бұл үрдістің бірізді емес екенін айтады, яғни қосымша бірде негізге қосылып
жазылса, бірде бөлек таңбаланған. Алғашқы қазақ газеттерінің тілінде де жалғау,
шылау, қосымшалардың бөлек, бірге жазылуында заңдылық байқалмайды. Ілік,
көмектес септігі бөлек берілсе, керісінше соң, ғой, ма, ме тағы басқа жалғаулық,
демеулік шылаулар бірге жазылған. Көп жағдайда көмекші етістік пен негізгі
етістіктің арасы ажыратылмаған (айтбаучеді, жүредекен) (62. 59-60).
Ал орта ғасыр жазбаларында БС-ге айналған бүгін, биыл композиттері –
бұл жыл, бұл күн деп бөлек тұлғаланған (62. 60). Және атшабар, қолғаб,
айырбас, ағайын (62. 100) қонағасы, дәріхана, мектепхана, кітапхана, атхана,
басмахана сияқты біріккен атауларын көруге болады.
Қадырғали Жалаиридің “Жами ат-тауарих” туындысында есімдіктер мен
сан есімдердің біріккен түрі көп кездеседі екен (63. 101), мұндағы қачан, қайсы
сөздері –қай шақ, қай сол тіркестерінен пайда болтан біріккен сөздер.
Бір жағынан, жазба тіл дамуында сөздердің әр түрлі таңбалануы
көпшілікке ортақ жазу нормасының қалыптаспағанына байланысты екені анық.
Бұған сауат ашқан көпшіліктің ресми- іс қағаздар, публицистика, көркем әде-
биет саласына қалам тартуы себеп болды. Орыс графикасы да бұл мерзімде
нормативті сипатта болғаны бар, әркім, жазумен айналысқан кез-келген көпшілік,
өзінше орфография жасап алды. Сөйте тұрғанмен, күрделі-құрама сөздердің
жазылуында белгілі принцип сақталып келгенін байқауға болады: бірге
жазылатын атау сөз сыңарлары ортақ мағына берсе және олар өзара үндесу
заңына бағынса құрама сөздер бірге таңбаланған. Проф. К.Ш.Хұсайынов “шын
мәніндегі күрделі сөз дербес элементгердің дауыс үндестігіне түсіп, өзара кірігуі,
бір бүтінге айналуынан туады. Сондықтан түркі тілдерінде күрделі сөз сирек кез-
деседі. Оның себебі түбірдегі дауыстылардың көп өзгеріске ұшырай
бермейтіндігі, тұрақтылығынан” (64. 172) дейді.
Қазақ тілінің дауыс үндестігі заңына бағынып, дыбыстық контаминацияға
жан-жақты ұшыраған құрама сөздер ғана сондықтан бірге тұлғаланатын еді:
қарлығаш, ағайын, жомарт, жүгірмек (62. 60). К.Ш.Хұсайынов негіздер
қосылуының фонетикалық үш тәсілін көрсетеді (64. 107): 1. Үндесу заңы
алғашқы сыңар ықпалымен болады. Мысалы сексен, тоқсан. 2. Үндесу заңы
екінші сыңар ықпалымен болады. Бұл процесс екінші сыңар мағынасының
үстемдік алу жағдайында жүреді (64. 109). 3. Жалпы фонетикплық
контаминация негізінде пайда болады: солай етіп >сөйтіп, білектің жүзігі >
білезік. Бұл бағытта проф. Ә.Жүнісбек: “эксперименттік бақылау дауысты
дыбыстардың көп өзгеріске ұшырай бермейтінін, өзгеріске түссе де, әр сипатта
келіп, буын түрінен, интонация мен фонетикалық қоршауға тәуелді болатынын,
ашық дауыстыларға қарағанда қысаң дауыстылар өзгеріске көп ұшырайтынын
көрсетті; екі- үш негізден тұратын күрделі сөздердің фонетикалық ерекшелігін
тексергенде өзгеріске тек дауыстылар ғана емес, барлық дыбыстар түсетіні
белгілі болды” (65. 60-65) дейді.


Ал жазба тіл өркендеп, функционалдық стиль тармақталған сайын құрама
атаулардың бірігуі фонетикалық фактор араласуынсыз жүре берді. Мұнда
таңбаның билатериалдық сипаты жатқанын көру қиын емес.
Проф. С.М.Исаев бұл бағытта “Қазақ тілі лексикасының дамуы, баюы
әртүрлі жолдармен болып отырды. Соның бірі тіліміздің ішкі мүмкіндіктерінің
негізінде дамуы” дейді (66. 183).
Сонымен, түркі жазба ескерткіштер мәтінінде болсын, жазу
нормаларының алғашкы тәжірибелерінде болсын, жалпы, сөздердің бөлек, бірге
таңбалануы тілдің ішкі мүмкіндіктерінен, ішкі құрылымынан шығып жататынын
көруге болады. Ол таңбаның екі жақты сипатына сәйкес келеді. Ал таңбаның
ассиметриялы екі жағы адам миының сол жақ жарты шары хабар қабылдаушы,
оң жақ жарты шары хабар беруші қызметінен келіп туындайды (45. 154- 173).
Сондықтан жазуда тілдік таңбалардың белгіленуі, фонеманың графемалануы, екі
жақты сипаттың – мазмұн межесі мен тұрпат межесінің – өзара үйлесуінен
шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет