Орфографиясы


 БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ



Pdf көрінісі
бет16/72
Дата12.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#61061
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
2. БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ОРФОГРАММАСЫ
Сөздердің бөлек, бірге таңбалануы – адамның психофизиологиялық
табиғатына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі”(Ф.Соссюр) ерекше құбылыс. Кейде
сөздердің бөлек, бірге таңбалануын этностық ерекшелікке балайтын көзқарастар
да табылады. “Проблема”национальная специфика словосложения” включает в
себя самые разнообразные вопросы, от мировоззренческих до вопросов конкрет-
ной словообразовательной техники” (67. 153).
Тіпті неміс оқымыстысы Л.Вейсгербер неміс тілінде сөздерді біріктірудің
өнімді тәсіл болуын ұлттық ойлаудың абстракті сипатының күштілігіне
теңгереді. Дискретті емес бірлікті көру, бейнелеу адам санасының
жоғарылауынан, ой тұтастығы мен ұғым бірлігінен, жалпылық пен
абстрактіліктен өрбитіні рас. Алайда тіл мен ұлтты бұл тұрғыда байланыстыруға
тіптен болмайды. “Сөз жоқ, сөздерді біріктіру тілдің өзіне ғана тән айрықша
белгісін көрсететін және оны басқа тіл табиғатынан ерекшелей алатын тілдің
ұлттық сипаты болып табылады” (67. 11).
2.1. Біріккен сөз және оның құрылымдық мағыналық 
ерекшеліктері туралы
БС проблемасы тіл-тілдің қайсысында болмасын күрделі мәселеге
айналып отыр. А.А.Реформатскийдің 1937 жылы “орфографияның ешбір
проблемасы сөздердің бірге, бөлек, дефиспен жазу мәселесіндей қиындық
тудырмайды” (68. 76) деген сөзін бүгін де қайталауға болады. Дегенмен, орыс,
батыс европа тіл біліміндегі зерттеулерге барлау жасап, БС- дердің шығу тегі,
өздеріне тән белгілері туралы айтылған көзқарастарға азды-көпті тоқталып өту
қажет.


Тілдің зерттелетін ауқьмы тереңдеп, оның микроқалтарыстарына дейін сөз
болып жатқан бүгінгі орыс тіл білімінің өзінде орфографияның бұл өзекті
мәселесі әлі қүнге дейін шешімін таба қойған жоқ. 60-80 жылдардың арасында
бұл салада бірнеше іргелі зерттеулер жүргізіліп, еңбектер жарық көрді (69).
Алайда осы зерттеулердегі пікірлерді саралау барысында байқағанымыз -
кұрама сөздердің орфографиясы туралы пікір, ғылыми ұстанымдар әлі де болса
бір жерден танылып, бір арнаға сая қоймайтыны.
Орыс орфографиясында сөздердің бір-бірінен ажыратыла таңбалануы
XVII ғасырдың аяғына қарай ғана түпкілікті шешілді, дейді А.Н.Гвоздев (70.
104). Олай болтын, "сөзді қабаттастырып айту арқылы сөз жасау – жаңа сөз
туғызудың ең ескі және бірден бір тәсілі” (71. 157) болуы да сондықтан. Және
осы тұста КС-дердің жасалу жолы да айқын көрініп тұр.
КС пайда болу процесін көрсеткеңде орыс тіл білімінде мынадай схема-
қайшы ұсынылады. КС сөйлемдегі алатын орнынан келіп шығады – КС-дердің
табиғатын түсіндіру үшін оны синтаксистік сөз тіркестерінен оқшау алып ажы-
ратып қарау керек (72). Және осы схема арқылы КС болмасын айқындап береді:
ең алдымен, КС пайда болу үшін оның сыңарлары зат немесе құбылысты
тусіндіру мақсатында, сөйлемде қатар келуі керек. Екіншіден, олар анықтауыш
-анықталғыш, толықтауыш-толықталғыш, пысықтауыш- пысықталғыш
қатынаста тұруы тиіс. Үшіншіден, олар деректі және дерексіз заттың, мөлшер,
мезгіл, көлем, сын, сан атауларының қажетін тұрақты, қайталап айтқанда,
"тұрақты контекс” (73. 200) құрап, өтеп тұруы қажет. Осы тұрақтылық негізінде
“үлкен және кіші деңгейде “қолтықтасқан ” сөз тіркестері” (74.144) тіл тезінде
өнделіп, мүжіліп кеміп, өзгереді. Сөйтеді де, ол ұғымымызда бар бір ғана зат, я
құбылысқа атау болып қалыптасады. “Сөйлемнен тыс, тек соған керекті
құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да,
тілдің номинативті кұралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды,
процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді” (75. 3).
Енді ол – белгілі бір денотатқа атау болғаннан кейін сыңарлары
арасындағы синтаксистік байланыс (анықтайтын–анықталатын, толықтайтын –
толықталатын, пысықтайтын – пысықталатын) әлсірей бастайды. Сөйлемнен сөз
тіркесі, сөз тіркесінен КС, одан БС, БС-ден сөз, сөзден түбір, түбірден морфема,
морфемадан дыбыс пайда болу ретімен енді синтаксистік байланыс орнына
мағыналық байланыс орнайды. Жоғарыдағы авторлардың КС-ді синтаксистік сөз
тіркесінен ажыратып алу керек, оларды « салыстыру дегеннің өзі артық дегендері
– КС сыңарлары арасында ешқандай синтаксистік қатынас қалмауы керек деген
сөз.
Орыс тіліндегі БС-дің өзіндік ерекшеліктеріне келетін болсақ,
әдебиеттерде ең бірінші ауызға алынатыны – БС- дің о, е, и ұластырғыш
дауыстылармен келуі (76); екінші, табыс септігіндегі зат есім мен есімшенің
бірігуі арқылы (серусодержащий) және зат есім мен сын есімнің кері бай-
ланыста бірігуі арқылы (металлоорганический, резусположителъный,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет