саяжай, әуежай жаңа атауларындағы “жайдың”
жаға, сая, әуе сөздерімен
тіркесетін тіпті реті жоқ сияқты. Негізінде, бұл сөз – көп мағыналы, ҚТТС-інің
көрсетуі бойынша, он бес омонимдік қатар құрған тұлға (ҚҚТС, 3т. 514-б.).
Бәріне ортақ жалпы мағынасы – белгілі бір орын, мекен-тұрақ, дәлірек айтсақ,
жалпы кеңістіктің көлемі белгісіз бір нүктесі. Мысалы:
Ызғарлы аяз жан иесінің
бәрін де жауратып, жүдеу тарттырып, жылы жайды іздеткендей (Әуезов
М. Қараш-қараш.).
Осыған қарайлас жай тапты (“мекен тепті; жерленді”);
жаны жай тапты ("рақатқа бөленді, көңілі орнықты”);
жайына қалды
(“ескерілмеді”);
жайына кетті (“өз алдына жүрді”)
деген сияқты
фразеологиялық тіркестер де бар. Сонымен қатар
жай бірнеше сөз формаларға
негіз болған:
жайбарақат, жайғау (шаруаны жөн-жөніне келтіріп істеу),
жайғасу, жайдақ, жайдарылану, жайдары, жай-жағдай, жай-күй, жайлау,
жайлы. Бұдан
жай тұлғасының сөзжасамдық, сөзтудырушылық ауқымы кең
екені аңғарылды.
Жай белгілі бір мекен орын мағынасын беруде өзі анықтайтын,
нақтылайтын атаумен тіркесе отырып, стандарт мағына, яғни көп денотатқа
ортақ мағына береді. Сөйтіп, қазіргі қазақ тіліндегі
әуежай, егінжай, еружай,
жағажай, жылыжай, кемежай, қонақжай, қонысжай, қоражай, малжай,
мекенжай, панажай, саяжай, тұрақжай, орынжай КС-дері бірігіп жазылу
формасына ие болды. Бір жағынан, бұл процестің тездетуіне тіліміздегі “шаруаға
бейім”, “қонаққұмар” мағынасындағы
қонақжай, шаруажай сөздерінің болуы
да себеп болған сияқты.
Қыстың қар-сызы шаруажай адамды тым риза ете
қоймады (Қыдырханов У. Шаңқай.).
Бір мезеттен кейін
буы бұрқыраған таба
нанды қонақжай үй иесі асыға- үсіге дастарқанға турап жатты (Көпішев Қ.
Ер жүрек.).
Достарыңызбен бөлісу: