құмарлы бір жолдан қайта алмай, жолықса ол зарлы, сөз жөндеп айта алмай
(Абай.)); құмарлық (Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол (Абай.)); құмарпаз (Мен аңшылыққа көn әуес me емеспін, ал құмарпаздар аң аулауға барайық деп қолқаласа, кет әрі де жасамаймын (Ә.Жылқышиев. Айтолқын.)); құмарпаздық, құмарту (Ғашықтаймын, құмартам (Қ. Аманжолов.)); құмартушылық. Сөйтіп, көпшілік қолданыстағы құмар сөзін барыс жалғаулы зат есімге
“ынтық, ынтызар, асық” мағынасында т і р к е с к е н оралымдардан табуға
болады екен. Сонда дербес мағынасы көмескіленбеген сөздің аффиксоид
қатарына өтуіне нендей тілдік факторлар негіз болады? Біздіңше, олар
төмендегідей: 1) барыс септік жалғауының жасырын тұруы; 2) "құмар" сөзінің
сигнификаттық, яғни ұғымдық мағынасы; ол белгілі бір затты атамайды,
субъектінің хал-күйінен хабардар етеді. Егер ол “ынтызарлық” ұғым бірнеше
денотатқа қатысты айтылса (араққа құмар, әнге құмар), оным танықтық бағыты
күшея түсіп, сөз жалпы мағынаға көше бастайды. Семантика тұрғысынан сөз
мағынасының кеңеюі дегеніміз – сөз мағынасын идеографиялық, стилистикалық,
эмоционалдық сипатта ашатын, дәлдейтін бірқатары дифференциалдық
семалардың көмескіленуі. 3) құмар сөзінің өзімен мағыналас -қой, -қор жұрнақтарына қарағанда әмбебаптық қабілеті басым. -Қор жұрнағы тек
жағымсыз ұғым береді де (араққор, дүниеқор, мансапқор,пайдақор, шайқор, ызақор, жемқор, жалақор, пәлеқор т.б.), -қой қосымшалы сөздер юморлық
сипат беріп, өте жағымсыз әсер қалдырмайды (жеңісқой, әуесқой, арызқой, жеңсікқой, сауыққой, сәнқой, даңққой, әзілқой, қалжыңқой). Ал құмар аталған
екі жұрнақтың да орнын ауыстыра алады: араққұмар, пайдақұмар, арызқұмар, сәнқұмар т.б. Әрі -қой, -қор жұрнақтары жалғана алмайтын сөздерге де
жалғана алады: атқұмар, әзілқұмар, әнқұмар, әңгімеқұмар, баққұмар, кітапқұмар, аңқұмар, сөзқұмар т.б. Бұл құбылыс құмар сөзінің бүтіндей
қосымша қатарына өтіп болмағанын және дербес мағынасынан толықтай
алшақтамағанын да көрсетеді.