құрама сөздерді ҚТОС-і бірге тұлғалауды ұсынады. Атап айтқанда:
аяққап,
шашқап, шынықап, кебежеқап, буынқап, кесеқап, сандыққап, көрпеқап,
талысқап, жүрекқап, орындыққап, тозаңқап, желінқап, керегеқап, қазанқап,
бүршаққап, теңқап. Бүлардың бірқатары құрал-жабдық бұйымның атауы болса,
бір қатары өсімдіктану терминдерін құрайды.
Қап сөзі тілімізде “қанар”,
“мешок” мағынасында жеке дара тұрып, актив қолданыла да алады. Ал “бір
нәрсені қаптап қоятын қорғаушы зат; бір заттың сыртқы жамылғышы деген
архисемасының актуалдануы анықтаушы сөздерге селбесуіне апарады.
“Психологическая структура значения определяется системой соотнесенности
слов в процессе их употребления в деятельности, а не в процессе их
сопоставления как единиц лексикона” (108. 11).
“Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты монография авторлары сөз
мағынасының жалпылануын “күрделі сөздің тірек компонентінің мағынасы ол
арқылы жасалған бірнеше күрделі сөзге ортақ болады да, олардың мағыналық
байланыстылығын туғызудан” басталып, “тірек комноненттің жиі қолданылуы
нәтижесінде мағынасының абстрактанып, қосымша қатарына өтуімен”
түсіндіреді (28. 97) Расында да,
қолғап, керегеқап, тозаңқап денотативтерін
лексикалық бір топқа жатқыза алмаймыз. Олардың әрқайсысы әр түрлі
мағыналық топтарға жатады. Бірақ олардың бір қатарға топтастырылуы
қап
сыңарының делексикаланып, бәріне ортақ “заттың сыртқы қабығы, қорғанышы”
деген мағынасынан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: